ЖАПОНИЯ - ҒЫЛЫМ МЕН БІЛІМІ
ЖАПОНИЯ – ҒЫЛЫМ МЕН БІЛІМІ
Жапония... Осы сөзді естігенде талай адамды ұшқыр қиялы сонау
күншығыста орналасқан таңы ерте ататын, жан-жағын теңіз қоршаған елге
жетелей жөнелген болар. Көлік пен электронды техниканың небір ғажайып
түрлерін шығарып, бүкіл әлемді Жапония экономикасының кереметі деп таң
қалдырған елде бір болып қайтуды кім армандамайды дейсіз. Қазақтың талай
елгезек қара домалақ баласы Жеріміз де кең, табиғи байлығымыз да
жеткілікті, неге біз де сол елдей бола алмаймыз деп толғанып, қиял әлемін
кезіп кеткен болар. Әсіресе, егемендікке қолымыз жетіп, тізгініміз өз
қолымызға тиген сәттен бастап-ақ ұлттық сана-сезіміміздің лаулап жануымен
бірге сол қиял да ерекше ұшқырлана түскендей еді.
Жасыратыны жоқ, кез-келген шетелдік, соның ішінде жапондықтар да,
біздің елдегі экономикалық жағдайдың ғылымды жақсылап дамытуға мүмкіндік
бермейтінін, соның салдарынан көптеген талантты жастардың ғылымнан кетіп
жатқандарын жақсы біледі. Басқаларын қайдам, жапондықтар бұған үлкен
алаңдаушылық білдіретіндерін де жасырмайды. Кешегі күні ғана ғылымның
арқасында күрт дамуды бастан кешкен бұл ел адамдары ғылымның құлдырауы неге
әкеп соғатынын жақсы біледі. Ал әлі де болса ғылымнан Күдер үзе қоймаған
ғалымдарды көрсе қолдай, ғылыми жұмыстарын жүзеге асыруға жан-жақты
көмектесуге дайын. Мысалы, бір Киото университетінің өзіне әртүрлі уақытқа
бірталай. қазақ ғалымдары келіп қайтты немесе жапон ғалымдарымен бірлесіп
ғылыми зерттеулер жасауда. Бір сөзбен айтқанда Жапонияға барған
қазақстандықтар қатарында студенттен бастап академикке дейін болды. Мысалы
үлкен ғалым академик Өмірзақ Сұлтанғазин, физика-математика ғылымдарының
докторы, профессор Зейнетолла Енсепов, философия докторы жас ғалым Серік
Елубаев, болашақ ғалым Тайыр Закарин және т.б. Қазақстан ғалымдарының
Жапонияда болуы жапондықтардың Қазақ еліне, оның ғылымына үлкен назар
аударатынын көрсетсе керек. Сол секілді біздің ел басшылары да бұл елге
ерекше көңіл бөле бастады. Еліміздің вице-президенті Ерік Мағзұмұлы
Асанбаев маусым айында Сасакава қорының шақыруымен Жапон еліне келіп,
үкімет басшыларымен, кәсіпкерлермен және ғалымдармен көптеген кездесулер
өткізді. Сол кездесулер нәтижесінде Ерік ағамыз жапон-дықтар іскер, ісі мен
сөзіне адал деген ойды түйіндеп, бізге бұл елмен байланысты тереңдетіңдер
деп айтқан сөзі көкейімізге қона кетті. Осы елде атақты аншіміз Роза
Рымбаева да өзінің әсем даусымен қазақ әндерін шырқап, қазақ халқының
мәртебесін бір көтеріп тастады.
Менің осы елге келуіме себепкер болған Киото университеті
ауылшаруашылық факультетінің профессоры Норио Ишидасан (сан — жапонша мырза
деген сөз) осыдан 4 жыл бұрын Жапонияның Қазақстанды зерттеу туралы
ассоциациясын құрған болатын. Қазір оған Жапонияның әртүрлі
университеттерінде қызмет істейтін ауылшаруашылық және экология саласының
20-дан астам ғалымдары мүше болып отыр. Ишидасанның ұйымдастыруымен жапон
ғалымдары топ-топ болып Қазақстанға әлденеше рет келді. Қазақ
ауылшаруашылық академиясы мен Ұлттық Ғылым академиясы ғалымдарымен бірге
Арал теңізі, Балқаш көлі және Сырдария мен Іле өзендері аймағындағы
экологиялық жағдайларды зерттеп, онда су қорларын ауыл шаруашылығында
тиімді пай-далану жолдарын анықтауда. Осы жерде бір айта кететін мәселе,
Ишидасан Арал теңізінің тағдырына үлкен ден қойып, ол туралы видеофильм
түсіріп, Жапон жұртшылығының назарын алғаш аударғандардың бірі болды. Қазір
ол кісі ғасырымыздың үлкен жарасы аталған мәселені жан-жақты зерттеп,
дәйекті ғылыми тұжырымдарға негізделген жоба жасау үстінде. Ол жобаны
жүзеге асыруға Жапон үкіметі үлкен қаржы бермекші.
Бұл жерде кез-келген адамның көкейінде олар неге соншама бізге
жанашырлық көрсетіп отыр, түбінде көздеген мақсаты не деген жауабы оңай
табыла қоймайтын заңды сұрақ туатыны сөзсіз. Әрине, олардың ойында анау
айтқандай тыңшылық, зиянкестік әрекеттің жатпағаны анық. Мұның астарында ең
алдымен Жапон елінің экономикалық қуаты, соған байланысты ғалымдарының
әлемдік деңгейдегі ғылым мәселелерін шешуге талпынысы жатса керек. Жапония
әлемдегі ең бай мемлекеттердің бірі екені белгілі. Мысалы, 1991 жылы
Жапонияның Ұлттық өнімдер көлемі (ӨК) әлемдік ҰӨК-нің 15,6 процентін құрап,
АҚШ-тан (26,3 процент) кейінгі екінші ел болған. 1981 жылдан бастап
автомобиль өнеркәсібі бойынша бұл ел әлемнің көш бастаушысы. Мысалы, жыл
сайын дүние жүзі автомобиль өндірісінің 28,4 процентін жапондық өнімдер
құрайды. Тойота, Ниссан Хонда, Митсубиси, Мазда, Сузуки, Субару секілді
автомобиль маркаларын әлемнің кез-келген түпкірінен табуға болады. Ал
Жапонияның электрон өнеркәсібінің алыптры Сони, Шарп, Панасоник, Тошиба,
Хитачи Қазақстанда да кеңінен таныс. Осы сияқты әр саланың мықты
корпорациялары мен компаниялары қаптап жатыр. Сонау көне замандардан бастап-
ақ олардың ғылымы керемет дамып келген деп айту қиын. Ерте дәуірлерде бүкіл
материктен оқшауланып, жеке дамып келген бұл халықтың негізгі мақсаты
өзіндік мәдениетін, салт-дәстүрін дамыту болган секілді. Тарихи
ескерткіштерге бай Киото, Нара, осы заманғы Иокогама, Токио, Осака
қалаларын аралап, музей, храм мен шрәиндарын тамашалап жүрген сәтте осыны
байқадым. Сол сияқты жапон мәдениетіне ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz