Қазақстан Жапониямен қарым - қатынасы



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Жапониямен қарым-қатынасы
Қазақстан Жапониямен қарым-қатынастың стратегиялық сипаты бар деген
пікірді ұстанады. Сондықтан 1994 жылғы сәуірде Президент Н.Назарбаев
Токиода сапарда болды. Жапонияның императорымен, осы елдің Үкіметінің және
Парламентінің басшылығымен кездесулердің нәтижесінде Бірлескен мәлімдемеге
қол қойылды. Бұл құжат шын мәнінде екі елдің өзара қарым-қатынасының
құқықтық негізі болып табылады.
Тараптар нарықтық экономикаға балама жоқ, бұл жол "Қазақстан
Республикасының гүлденуіне әкеледі" деп ортақ түсінікке тоқтады.
Қазақстандық тарап ауқымды жекешелендіруді жүзеге асыруға және экономикада
шынайы нарықтық қатынастар орнатуға өзінің бекем бел байлап отырғандығын
мәлімдеді. Жапония тарабы біздің елімізде экономикалық реформалардың
басталуын жоғары бағалап, қазақстандық басшылықтың қолға алуымен жүзеге
асырылып жатқан прогрессивті қайта құруларға жәрдемдесу ниетін сөз етті.
Тараптарсауда, энергетика, минералдық ресурстар және ауыл шаруашылығы
сияқты салаларда теңдік пен өзара тиімділік негізінде екі жақты
қатынастарды одан әрі дамытудың қажеттілігіне назар аударды. Қазақстандық
тарап инвестиция саласындағы заңнаманы жетілдіруді қоса алғанда, шетелдік
инвестицияларға қолайлы жағдайлар туғызуға өзінің мүдделілігін қуаттады.
Ғылыми-техникалық, мәдени, білім беру, туризм, спорт және басқа да
салалардағы ынтымақтастыққа жәрдемдесуге екі жақты ұмтылыс білдірілді,
мұның екі ел халықтары арасында өзара сенім білдіруді тереңдету үшін маңызы
зор.
БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің ықтимал тұрақты мүшесі ретінде Жапонияны
қолдаған Қазақстанның принципті позициясы Токиода жоғары бағаланды.
1997 жылғы шілдеде болған, болашақ Премьер-Министр К.Обути бастаған
өкілетті жапоңдық делегацияның Қазақстанға сапары екі жақты ынтымақтастықты
одан әрі дамытуға жәрдемдесті, К.Обути ол кезде Парламенттің төменгі
палатасының депутаты және Жапонияның Либеральдық-демократиялық партиясының
экономикалық реформалар жөніндегі арнайы комитетінің төрағасы болатын.
Жапония Премьер-Министрі Р. Хасимотоның 1997 жылғы сөзіндегі
"Еуразиялық дипломатия" тұжырамдамасында Орталық Азия аймағына қатысты
саясат үш бағытқа бөлінетіндігі атап көрсетілді, олар мыналар: сенім
білдіру мен өзара түсіністікті тереңдету үшін саяси диалогты жүргізу;
экономикалық ынтымақтастық және табиғи ресурстарды игеру саласындағы
ынтымақтастық; ядролық қаруды таратпау, демократия және тұрақтылық арқылы
аймақта бейбітшілік орнату.
Күншығыс елі өздерінде "Жібек жолы мемлекеттері" терминін енгізіп,
аймақтың саяси-географиялық топонимикасы ресми атау алды. Орталық Азия
аймағы Жапонияның сыртқы саясатының басымдық берілетін бағыттарының бірі
болып табылатындығы мәлімденді.
1999 жылғы 5-8 желтоқсанда Н.Назарбаев Токиоға сапарлап келді, оның
нәтижесі бойынша Бірлескен декларация қабылданды. Бұл құжатта Қазақстан
Жапонияның стратегиялық әріптесі ретінде сипатталады.
Жапониямен қарым-қатынаста экономикалық ынтымақтастық алдыңғы қатарға
шықты. Токио біздің еліміздің ірі кредиторына айналды, Осы ел соңғы жылдары
басынан кешіріп отырған экономикалық проблемаларға және экономикалық
өсімнің төмендігіне қарамастан Жапония экономикасы әлемдегі жетекші
орындардың бірінде тұр (аналитиктердің болжамы бойынша XXI ғасырдың алғашқы
онжылдығында ішкі жалпы өнімнің орташа жылдық өсімі 1 пайыздан аспайтын
болады).
Жапонияның дәулеті Азиядағы және бүкіл әлемдегі эко-номикалық ахуалға
елеулі түрде ықпал етеді. 2010 жылы са-тып алу қабілеттілігінің тепе-
теңдігі негізінде есептелген, ха-лықтың жан басына шаққандағы ішкі жалпы
өнім 34 мың дол-ларды құрайды деп болжамдануда. Таяу болашақта Жапония
әлемдегі бай елдердің бірі болып қала бермек.
Біздің елдеріміздің арасындағы экономикалық ынтымақ-тастық сауда, заем
және экономикалық көмек сияқты үш ба-ғыт бойынша жүзеге асырылуда. Жапония
түрлі қорлардың желісі бойынша әлеуметтік-экономикалық дамуға арналған
гранттар, жеңілдікті заем және кредиттер түріндегі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ҚХР Жапонияның сыртқы саясатында
Азия-Тынық мұхиты аймағындағы Жапонияның ролі
Қазақстан Республикасының Жапониямен экономикалық және географиялық қарым-қатынасы
Қазақстанның сыртқы саясатындағы Жапония рөлі
Қытайға Жапониядан капитал шығару
Қазақстан мен Жапония қарым-қатынастары
ІІ-ші дүниежүзілік соғыс қарсаңындағы Маньчжуриядағы Жапон империализмінің отарлау саясаты
Қазақстан облыстарының алыс шетелдер мен экономикалық байланысы
Орыс Қиыр Шығысындағы Жапонияның интервенциясы
Чан Кайши дипломатиясы
Пәндер