ИРАН ИСЛАМ РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚАЗАҚСТАНМЕН БАЙЛАНЫСЫ



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
ЭКОНОМИКАСЫ. Ел экономикасының негізгі мұнай және мұнай мен газ өңдеу
өнеркәсіптері. Мемлекеттік кірістің 13 және экспорттың 90%-ына жуығы осы
салалардан алынады. Елде жыл сайын 180 млн тоннаға жуық мұнай, 58 млрд м3
газ (қоры 14 трл. м3 шамасында) өндіріледі. Экономиканың басқа салалары да
дамыған, бірақ сыртқы экономикалық байланыстардың нашарлығынан және қаржы
жетіспеушілігінен толық қуатымен жұмыс істей алмауда. Өнеркәсіпке қажетті
құрал-саймандар 90%-ға дейін шеттен әкелінеді Ауыл шаруашылығы нашар
дамыған. Тұрғындар үшін бидай, күріш, қант, өсімдік майы, т.б. шеттен (жыл
сайын 2 млрд АҚШ долларына) әкелінеді. Соңғы жылдары туризм дами бастады.
Ұлттық байлықтың 36%-ы өнеркәсіптен, 22%-ы ауыл шаруашылығынан, қалғаны
қызмет көрсету секторынан тұрады. Мұнай экспортынан жыл сайын 16,3 млрд АҚШ
доллары шамасында. Елдегі басты проблеманың бірі – жұмыссыздық (3,5 млн
адам. Мұнайдан басқа экспортқа кейбір өнеркәсіп тауарлары, ауыл шаруашылығы
өнімдері, кілем, халық тұтыну тауарлары шығарылады. Шеттен – азық-түлік
өнімдері (30%), машина, құрал-жабдықтар, кейбір өнеркәсіп шикізаттары
әкелінеді. Негізгі сауда серіктестері: Германия, Жапония, Ұлыбритания,
Түркия, Италия, араб елдері.

ӘДЕБИЕТІ. Иран әдебиеті ежелгі дәуірде және орта ғасырларда парсы тілі
тобына жататын халықтар (парсы, тәжік, ауған, күрд) мен түркі тілінде
сөйлейтін (өзбек, түрікмен, әзербайжан) халықтардың әдебиеті арқылы
қалыптасты. Иран әдебиетінің классикалық дәуірін (VII-XVI ғасырлар) парсы
не парсы-тәжік әдебиеті деп атанды. Сасани әулеті мемлекетін Араб халифаты
басып алған соң (VII ғасыр), араб тілі негізгі әдеби тіл болып, парсы
тіліндегі құнды шығармалар араб тіліне аударылды (Қалила мен Димна,
т.б.). Парсы тіліндегі әдебиет, әсіресе, Рудаки (860-941 тұсында толық
қалыптасты, кейін Фирдауси (940-1020 ж.ш.) Шаһнама эпопеясын жазды.
Көрнекті ақын әрі ғалым Омар һайям (1048 ж.ш.т – 1122 жылдан кейін) сол
заманның әлеуметтік болмысын жырлады. Әзербайжан ақыны Низамидің (1141-
1209) Бестік (Хамса) атты шығармасы жазылған кезден бастап Иран
әдебиетінде адамгершілік тақырыбы өріс алды. Иран әдебиетінің гүлденген
кезі – XIII-XIV ғасырлар. Бұл кезде Зақани, ибн-Ямин, Сағди, Хафиз сияқты
атақты ақында шықты. Иран революциясы (1905-1911) және азаматтық қозғалыс
(1918-1921) кезінде А.Фарахани, М.Кермани, М.Т.Бехар, т.б. ақындар
демократиялық идеяның жыршысы болды. Бұл кезде С.Хедаяттың Қаңғыбас төбет
(1943), Азғындық (1944) әңгімелер жинақтары мен Хаджи аға повесі
(1945), Б.Алевидің Елу үш (192), Түрме жазбалары (1941) сияқты түнек
жылдарын суреттеген романдары жарияланды. Ирандағы әлеуметтік проблемаларды
көрсеткен Ускуидің Періште жылағанда (1963), Саркоштың Көз жасының зары
(1965), А.М.Афганидің Аху-ханумның күйеуі (1962), т.б. роман-повестері
жарияланды. Иран әдебиетінен Парсы ертегілері (1958), Омар һайям
рубаилары (1965), Сағдидың Бустан дастаны (1970), т.б. қазақ тіліне
аударылды.

ӨНЕРІ. Иран территориясында неолит дәуіріне жататын, қабырғалары
өрнектелген егіншілік құрылыстары, адам және жануарлар бейнелері, әшекейлі
қыш ыдыстар (б.з.б. V-IV ғасырлар, Сузы, Тепе-Сиалк, Тали-Бакун) сақталған.
Хұзыстан, Курдстан жартастарындағы рельефтер, Сұзыдан табылған, асыл
металдан жасалған көркем заттар. Иран өнерінің өз заманында жоғары дәрежеде
болғанын дәлелдейді. Иран жерінде сақтар тарихына қатысты мәдени
ескерткіштер де мол сақталған (Бехистун сына жазуы). Сасани әулеті
дәуірінде қалаларды қорған ішіне жүйелі жоба бойынша салу қанат жайды.
Мүсін жасау, жартастарға рельеф қашау елеулі орын алды. Алтын, күміс, қола
және әйнектен әр түрлі бұйымдар жасау, жүн және жібек мата тоқу өркен
жайды. VII ғасырларда арабтардың ислам дінін таратуына байланысты мұнаралы
мешіттер, медреселер, күмбездер пайда болды. 1305-1313 жылдары осы
дәуірдегі сәулет өнерінің көрнекті ескерткіштері Ольджейту-Ходабенде
кесенесі тұрғызылды. XIV ғасырдан кейін қолжазба көркемдеу, қабырғаға сурет
салу дамыды. XV ғасырда Иран миниатюрасының өркендеуіне Герат мектебі үлкен
әсер етті. XVI-XVII ғасырларда пайда болған Тебриз, Шираз, Исфаһан
мектептері миниатюра өнерін жоғары дәрежеге көтерді. XVIII-XIX ғасырларда
еуропалық өнердің ықпалымен сулы және майлы бояумен орындалған алғашқы
туындылар өмірге келді. XX ғасырда жаңа типті архитектуралық құрылыстар
салына бастады. Иранның жаңа архитектуралық мұралары қазіргі стиль мен
ұлттық үлгідегі сәулет өнерін ұштастырған. XX ғасырдың басынан мүсін,
графика, кескіндеме жанры дамып келеді. Сән және қосалқы өнердің дәстүрлі
түрлері сақталған.
Кәсіби және халық музыкасының ғасырлық дәстүрі бар. Иран музыкасы,
негізінен, монодиялық (бір дауысты) түрде кездеседі. Халық музыкасының
теснифа (баллада), теране (жергілікті әуен), қасида (ода), ғазел (лирикалық
ән) түрлері көп тараған. Музыкалық аспаптары: саз, тар, кеманча, керней,
зурна, зарб. Арабтар жаулап алғаннан кейін Иран музыкасына мұсылмандық араб
мәдениетінің ықпалы тиді. IX ғасырдан бастап сарай өнері дамып, халық
арасында мутребтердің даңқы жойылды. XIX ғасырдың 2 жартысынан Иран
музыкасына еуропалық музыка мәдениеті әсер етті. XX ғасырдың 20-жылдары
композитор әрі шебер орындаушы, Тегеран университетінің профессоры Әли Наги
Уәзири ұлттық музыканы оқып-үйренудің негізін салды, музыка теориясынан
оқулық жазып, Тегеранда музыкалық мектебін ашты. Иранда Рудаки атындағы
Опера және Балет театры (1967, Тегеран), Телевизия балет труппасы,
филармония (1953), 2 симфониялық оркестр жұмыс істейді.
Театр өнерінің негізі халықтық салт-дәстүрлерде жатыр. Ежелгі базигер
театры жайлы деректер сақталған. Пантомима, көлеңке және қуыршақ театрлары
болған. X ғасырда пайда болған мистерия діни ғұрып шахсей-вахсейдің
құрамына енді. XVII-XVIII ғасырларда ол трагедиялық мистерия түрлерінің
бірі – тазийенің негізін қалады. XX ғасырдың 30-жылдарына дейін кезбе
актерлер – масқарапаздар өнер көрсетіп келді. 1911-1912 жылы еуропалық
театрлар тәжірибелерін пайдалана отырып Ұлттық театр, 1917 жылы Иранның
комедия театры ашылды. Бұл театрларды құруда актер Сейед Әди Нәсірдің
еңбегі зор. 1929 жылдан бастап әйел актерлер көріне бастады. 1930-1940
жылдары театр репертуарларынан өңделген Батыс Еуропа драмалары мен
мелодрамалар орын алды. 1940-жылдан Иран театры дағдарысқа ұшырады, 1960-
жылдардың басында қайта өрлеу жолына түсті. 1963-жылы Тегеранда кәсіби
актерлер дайындайтын драмалық студия ашылды. Тегеранда 25-шахривар,
Касра, Нәсір, Мешхедте Ұлттық театр, Исфаһанда Сепахан, Хамаданда
Були театрлары жұмыс істеді. 1968 жылдан бастап Ширазда театр фестивалы
өткізіліп тұрды 1973 жылы осы фестивальға Қазақ драма театрының труппасы
қатысып, Ш.Айтматовтың Ана – Жер ана спектаклін көрсетті. 1930 жылы
тұңғыш Әб аби атты фарстық фильм (режиссері Эханиян), 1934 жылы дыбысты
Лор қызы фильмі (режиссері А.Х.Сепента) түсірілді. XX ғасырдың 40-
жылдарына дейін, көбінесе, шетелдік фильмдер көрсетіліп келді. 1946 жылы
Тегеранда Митра-фильм киностудиясы құрылды. 1960-1970 жылдары музыкалық
комедияларға, шағын драмаларға, мифтік және тарихи сюжеттерге құрылған
фильмдер қойылды. Тегеранда 1955 жылдан халықаралық, 1970 жылдан ұлттық
кинофестивальдер өткізіліп тұрады. Иран кинематографиясының дамуына
режиссер И,Кушан, М.Мисагие, Мохтасем, М.Мохсени, С.Ясеми, Ш.Рафия елеулі
үлес қосты.

ИРАН ИСЛАМ РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚАЗАҚСТАНМЕН БАЙЛАНЫСЫ

Екі ел арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастар басын 1992 жылдың 29
қаңтарынан алады.
1992 жылдың 18 қазан мен 3 қараша күндері аралығында ресми іс-сапар
барысында Н.Ә.Назарбав басқарған Қазақстандық бір топ делегация екі ел
арасындағы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кавказдағы түркі халықтары
Қазақстан – иран қатынастары
Энергетикалық ресурстардың дамуындағы мемлекеттің рөлі
Иран
Иран елі - Иман елі
Саясат саласындағы ынтымақтастық
«Қазіргі әлемдегі аймақтық шиеленіс ошақтары (Иран,Ирак,Таяу Шығыс)»
Шығыс Азиядағы халықаралық қатынастар
Қазақстанның халықаралық қатынастардың субъектісі ретінде халықаралық аренаға шығуы
Түркияның Орта Азия мемлекеттермен дипломатиялық қарым қатынастары
Пәндер