Адамдарды сатуға қарсы күрес



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
Адамдарды сатуға қарсы күрес

Халық - әрбiр елдiң қазынасы
Бiз жиырма бiрiншi ғасырда өмiр сүремiз. Қазiргi бiздiң өмiрiмiз озық
технологиямен, тұрмыстық құралдармен тығыз байланысты. Жаңа ғасыр адамы бұл
өмiрде үлгеру үшiн жан-жақты болуы қажет. Әрбiр адам жақсы өмiр сүргiсi
келедi, олар бiлiм алады, жоғарғы оқу орындарында оқиды, жұмыс iстейдi,
жанұя құрады, өз өмiрлерiн қалыптастырады. Әрине бұған еңбектенген адам
ғана жетедi. Сонымен қатар бұл өмiрде өз тағдырларын қалыптастыра
алмағандар да бар, олар көбiне оңай ақша табу көзiн iздеушiлер. Ол
жағдайлардың өзiнiң себептерi де болады.
Әрбiр ғасырдың өзiнiң тарихы бар, онымен қоса жаңалықтары мен үлкен
мәселелерi (проблеммалары) болады. Қазiр дүние жүзiнде тарихта қалатын
жайттар аз болып жатқан жоқ. Оның жақсы да, жаман да жақтары күнделiктi
өмiрде көрiнiс берiп отыр. Қазiргi кездiң ең басты мәселесiне терроризмдi
жатқызсақ одан кейiн кең етек алып келе жатқанына адамдарды (оның iшiнде
әйелдер мен балаларды құлдыққа) сатуды жатқызуға болады. Осыған тереңiрек
тоқталсақ.
Адам – жаратушы алланың пенделерi. Адам әрбiр халықтың тарихы,
әрбiр елдiң байлығы. Адамға сана бергеннен кейiн, олар дүние жүзiнде
таралып, болашағын құрды. Ерте заманнан бастап-ақ адамдар таптарға бөлiндi.
Байлар бар жерде кедей, кедейлер бар жерде бай болды. Бұл әлеуметтiк
жағынан теңсiздiк қазiргi кезге дейiн сақталынып қалды. Сонымен қатар дүние
жүзiндегi мемлекеттердi де: дамыған, дамушы және артта қалушы елдер деп
бөлдi. Билiгi күштi елдердiң өздерiнен төмен елдерге қысым келтiруi
көптеген жанжалдарға әкелiп отырды.
Ал ендi адамды сатуға келетiн болсақ. Нарықта бiр ұғым бар: “Сұраныс
бар жерде ұсыныс бар”. Менiң ойымша бұл ұғым осы мәселеге тiкелей
байланысты. Адамды сату ол үлкен қылмыс, мұндай алдамшы жағдайға адамдар
қалай кезiгедi? Бұл жағдайға әрине көбiне дамушы және дамымаған елдердiң
адамдары алданып немесе амалсыздан бiле тұра баруы мүмкiн. Әлеуметтiк
жағдайы нашар, бiлiмi жоқ, жоғарғы бiлiмi болмаған соң көбiне жұмыссыз,
ауылды жердiң адамдары, оның iшiнде жас өспiрiмдер қылмыстық ұйымдардың
қармағына iлiнедi. Арзан жұмыс күшiн пайдалану және товардың ұзаққа
пайдаланылуы қылмыстық топтарға жыл сайын бiрнеше миллиард ақша пайда
табуына және тамырларын тереңге енгiзуге мүмкiндiк бередi. Зерттеу
барысында жан түршiгерлiк цифрлар мен тақырыптарды кездестiрдiм.
Соңғы БҰҰ мәлiмдемесi бойынша жыл сайын шекаралар арқылы 800000-
900000 адам сатылады екен. Олар әрине көбiне әйелдер мен жас өспiрiмдер.
Қыз балалар бұған қалай тап болады? Бұл әрине қылмыстық топтар арқылы.Бiр
келiншектiң өз басынан өткiзген оқиғасын айта кетейiн.
КСРО болып тұрған кезде, әрине жұмыссыздық деген мәселе болмайтын.
Барлығының жұмысы бар, барлығына теңдей қарайтын. Кеңес Одағының құлауы
әрбiр елге әрине қуанышы мен қатар жаңа проблеммаларға әкелдi. Әрине, әрбiр
елдiң қалыптасуында қиындықтар болды, ол алғашқы уақытта көптеген шығынға
әкелдi. Мұндай жағдай кез келген елдiң қалыптасуында болып отырды.
Өзi коммунистiк өмiр кезiнде ойы қалыптасып қалған Наташа Кеңес Одағы
құлағаннан кейiн, жұмыс орны жабылып, жұмыссыздар қатарына қосылады.
Сөйтiп, базарда сатушы болмақшы болып, күн көрiс көзiн iздейдi. Шағын
заттарды алып сатушылықпен айналысады. Бiр күнi өзiнiң сүйiктiсiн
кездестiредi, 2 жылдан кейiн балалы болады. Тағы 2 жылдан кейiн, күйеуiнен
ажырасуға тура келедi. Сөйтiп, өзiнiң жалғыз ұлымен ата-анасымен бiрге
тұрып, бұрынғы iсiне қайтадан көшедi. Көп күндер бойы базарға жақсы
киiнген, сөйлегенде мейiрiмдi көрiнген бiр әйел келiп жүредi. Ол Наташаны
байқап, оның әдемiше келген келбетiн байқап, шет елде жұмыс iстеудi
ұсынады. Наташа өзi де ол жақта жақсы ақша табуға болатынын естiп жүретiн.
Бiрнеше рет жұмыс ұсынған соң Наташа келiседi. Жаңағы әйел Наташаға
Германияда үлкен ресторанда ыдыс жуушының қызметiн ұсынады. Наташа
келiседi. Ұйымдастырушы әйел ол жаққа поездпен баратынын, ол жақта әйелдiң
iнiсiнiң күтiп алатынын (ол адамның суретiн көрсетедi) айтады. Наташа
сенiп, баласын ата-аналарына тастап, жақсы өмiрдi аңсап жолға шығады.
Поездтағы жолсерiкшi, қылмыстық топтың мүшесi екен, Наташаны және тағы 2
қызды бiр купемен апарады. Келгеннен кейiн ұйымдастырушы әйелдiң iнiсi
күтiп алады, қыздарды жұмысқа орналастырмақшы болып олардың құжаттарын
алады. Бөтен елде ештеңе бiлмейтiн Наташа жаңағы кiсiге толық бағынады.
Содан кейiн 3 қызды 3 жерге бөлiп жiбередi. Күтiп алған адам Наташаны ең
арзан қонақ үйге апарып, сол кезде ғана оларды қандай мақсатта әкелгендерiн
айтады. Сонда Наташа өз құлағына сенбей, құдай барлығын көрiп тұрғанын,
өзiне қол жұмсайтынын, ондай iске барғанша өлетiнiн айтып, оны жiберудi
жалынады. Сонда жаңағы адам елiнде баласы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Адам саудасы және онымен күресудің өзекті мәселелері
Адамды сату және құлдық қылмыстарымен күрестің халықаралық реттелуі
Адам саудасы қылмыстарына қарсы күрес мәселелерін теориялық тұрғыдан қарау, әсіресе, Қазақстандық және халықаралық дәрежеде осы мәселенің шешілу жолдарын көрсету, адам саудасы қылмыстарының пайда болуының себептері мен олармен күрес жолдарын көрсету
Бас бостандығынан заңсыз айыру және адамды саудаға салу
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚҰҚЫҚТАҒЫ АДАМ САУДАСЫНЫҢ МӘСЕЛЕСІ
Қазақстан Республикасындағы бала құқықтары халықаралық құқық қорғау стандарттарының аясында
Астана қаласы Алматы аудандық ІІБ өткен Кәсіптік іс-тәжірибелік ЕСЕП
Ата-аналар мен балалардың құқықтық қарым-қатынастар.
«Аса қауіпті инфекциялық аурулардың алдын алу бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары
Б.з.д. iii ғасыр мен б.з. iii ғасырындағы Хань империясы және оның саясаты
Пәндер