ИРАНДЫ БӨЛШЕКТЕУДІҢ СЦЕНАРИЙІ БАРБүгінде әлем бұқаралық-ақпарат құралдары беттерінде Иран тақырыбы жиі орын алуда. Тіпті төрткүл дүниеге белгілі саясаткерлер мен елбасылар да осы Иран мәселесін жиі қозғауға мәжбүр. Бұл тегін болмаса керек-ті. Мәселенің басы - Иранның ядролық бағдарламасы. Неге екенін қайдам, кезінде парсы елінің ядролық бағдарламасына елеулі көмек берген АҚШ пен Батыс елдері неге бүгін Иранға өші бардай шүйліге қалды? Себеп не? Мәселе Иран Ислам республикасының тізігінін ультраконсерватор Махмуд Ахмадинежадтың қолға алуына тіреліп тұр ма еді, әлде оның «Израилді жер бетінен жою керек» деген секілді қатаң мәлімдемелері ме, бәлкім, атом саласына айрықша көңіл бөліп, халыққа қажетті бейбіт атом өндірісін дамытуымыз керек дей отырып, соның аясында ядролық қару жасауға деген ниеті ме, дүниені үрейлендіріп отырған? Қалай айтсақ та, Иран билігіне Ахмадинежад келгелі парсы жұртының басына қара бұлт үйіріле бастады. Мұның арты көп ұзамай экономикалық санкция жариялаумен, не болмаса қарулы қақтығыспен аяқталуы мүмкін. Көптеген әлем сарапшылары осылай дейді. Әлемге соншалықты құбыжықтай үрей тудырған Иран атом бағдарламасы бастауын қай кезден алады? Енді соған аз-кем тоқтала кетейік.ИРАННЫҢ ЯДРОЛЫҚ БАҒДАРЛАМАСЫЖалпы, Иран атом бағдарламасы Реза Пехлеви шахтың билік құру кезінен бастау алады. Ол АҚШ-тың сенімді әріптесі болды. КСРО-мен де қарым-қатынасы жақсы еді. 1974 жылы алғаш рет Иран атом энергиясы ұйымы құрылды. Онда 23 ядролық энергоблок салынуы тиіс-ті. Бұған кем дегенде, 25 жыл бойы 30 миллиард доллар бөлінуі керек-ті. Бұл бағдарламаға Америка және еуропалықтар техникалық көмек берді. Тіпті сол жылы, яғни 1974 жылы Иран шахы Мохаммед Реза Пехлеви ашық түрде: «Иран ядролық қаруға ие болуы тиіс және ол өзге елдерге қарағанда, неғұрлым тезірек болғаны жөн» деген мәлімдеме жасады. Алайда оған АҚШ не оның одақтастары, тіпті КСРО да ешқандай қарсылық білдірмеді. Сол жылы Иран Франция мен ФРГ-дан екі атом реакторын сатып алды. Ал 1977 жылы батыс Германиядан тағы да 4 реактор алды. Арада жыл өткен соң, АҚШ Иранға қуаты 5МВт. боларлық зерттеуге арналған реактор берді. Шах басқарған жүйе сол жылдары ядролық сала бойынша Франция, Аргентина және ФРГ -мен жақсы байланыста болды. Дегенмен 1979 жылғы ислам революциясы кезінде Тегеран амалсыз ядролық бағдарламадан бас тартуына тура келді. Сол тұста көптеген шетелдік мамандар, ядрошы-ғалымдар елден кетіп қалды. 1980 жылдардың басында Иран қайтадан ядролық бағдарламасын Қытайдың көмегімен жандандыруға күш салды. Исфаханда ауыр суды зерттейтін реактор орнатылды. Уран кен орындарын қазу басталды. Ал 1992 жылы Бушерде АЭС салу үшін Ресеймен келісімшарт жасасты. 1995 жылы АҚШ бір жақты түрде Иранға сауда-экономикалық санкция жариялады. Алайда ол ешқандай нәтиже бере қоймады. Иран өз дегенімен жүрді. Міне, бұл - Иранның ядролық бағдарламасының арғы-бергісі.ИРАН ҚАНШАЛЫҚТЫ ҚАУІПТІ?Бүгінгі XXІ ғасырдағы Иран АҚШ пен Еуроодақ елдеріне мінез танытты. Айтқанына көніп, айдауына жүргісі келмейтінін байқатты. Уранды байытып, ядролық бағдарламадан ешуақытта бас тартпайтынын мәлімдеді. «Қажет болса, - дейді ресми Тегеран, -АҚШ-тың аймақтағы одақтасы Израильге зымырандық соққы береміз. Одан АҚШ-тың Ирактағы әскери базалары да құр қалмайды. Парсы шығанағындағы Ормуз бұғазын жауып тастаймыз. Сөйтіп, аймақтағы «қара алтынның» 80 пайызы тасымалданатын жол бітеледі. Бұл әлемдегі мұнай бағасының шарықтауына әкеп соғады. Демек, Парсы шығанағының мұнайына тәуелді Еуропа елдерінің экономикасы зардабын тартатын болады». Иран Батыс ойлағандай, оңай шағылатын жаңғақ емес. Тіпті АҚШ Иракты басып аларда 25 генералын сатып алып, Еуропаға апарып, жағдайын жасағандай нұсқа бұл елде жүрмейді. Иракқа қарағанда Иранның жері төрт есе үлкен, армиясы 1 миллионға тарта. Қарулы күштердің жарақтануы да мықты. Украинадан алған қанатты зымырандарымен қатар, жергілікті «Шаһаб-2» секілді ұшу қашықтығы 1500 шақырымға жететін зымырандары бар. Ресейден «Тор-1» секілді қуатты әуе қорғаныс кешендерін 1 миллиард доллардың көлемінде сатып алуда. Оның үстіне жақында өте жаңа қару түрлерін, әлемдегі ең ұшқыр торпеда, радарға түспейтін шағын гидроұшақ, өзге де әскери техника түрлерін сынақтан өткізіп, жұртты таңғалдырды. Осыдан-ақ егер ең соңғы қару үлгісіне ие, АҚШ не болмаса Израиль Иранға қарсы жорық жасай қалса, оңайға соқпасы анық. Дегенмен Батыстың көптеген сарапшылары Тегеранның қолындағы ең сұмдық алапат қару әскери техника, қару-жарақ емес басқа дегенді айтады. Ол 40 мың адамнан тұратын арнайы әзірліктен өткен жанкештілер тобы. «Егер Иранға қарсы агрессия жасала қалса, жанкештілер Ирактағы, Ауғанстандағы, Парсы шығанағы елдеріндегі және Еуропадағы Америка нысандарына соққы береді» дегенді келітіреді сарапшылар. Мұның сыртында бір сенімдегі шиит ағайындарынның көмегі тағы бар. Олар әлемнің кезкелген жерінде болса да, ирандықтарды жерге қаратпайды, басқыншыларға қарсы терактілер жасауы тиіс. Шииттер әлемдегі мұсылмандардың 16 пайызын құрайды, яғни саны 180 миллион. Шииттер Иракта - 59, Ауғанстанда - 21, Түркияда - 16, Парсы шығанағында жатқан елдер Кувейтте - 20, Біріккен Араб эмиратында - 17, Катарда - 11, Бахрейнде - 64 пайыз. Бұл елдердің барлығында АҚШ әскери базалары бар. Демек, Иранға қауіп төне қалса, шииттер бірден американ базаларында теракт жасауға әзір. Міне, Тегеранның сеніп отырған күші. Иран мұнай экспорттайтын елдердің алғашқы бестігіне кіреді. Иран көмірсутегі отынына Еуропа елдерімен қатар, Үндістан және Қытай тәуелді. Содан болар, Қытай БҰҰ-ның Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты мүшесі болса да Иранға қарсы санкция жариялауға қарсылық білдіріп отырғаны.ИРАНДЫ ТАЛҚАНДАУДЫҢ НҰСҚАЛАРЫКейбір дерек көздеріне қарағанда, Пентагон Иранды басып кірудің бірнеше нұсқасын дайындап қойғанға ұқсайды.Бірінші Ирак нұсқасы: Иракқа басып кіргендей Иранға жорық жасай отырып, билікті ауыстыру. Вашингтонның айтқанынан шықпайтын басшыны таққа отырғызу.Екінші нұсқа: «Югославия сценарийін» қайталау. Ирандағы ядролық және маңызды нысандарын талқандау. Экономикасын күйрету. Дағдарысқа тірелген ел өздері-ақ басшысынан теріс айналары хақ.Бұдан өзге де Батыс сарапшылары келтірген нұсқалар бар.Атап айтсақ, «Корея сценарийі». Бұл өте ақылға қонымды деп айтылуда. Мәселе - Иранды Солтүстік және Оңтүстік деп екіге бөліп тастау. Тіпті бейресми кейбір дерек көздері «Иранның солтүстігінде, яғни әзірбайжан ұлты (18 миллион көлемінде, - дейді дерек көзі) көп шоғырланған жерлерде АҚШ-тың арнайы барлау топтары жұмыс істеуде. Олар аз ұлттарды ресми Тегеранға қарсы айдап салуда» дегенді келтіреді. Егер соғыс бола қалса, АҚШ Иран билігін талқандай отырып, тұтас бір елді екіге бөліп, солтүстікте Әзірбайжандар басшылық жасайтын жаңа бір мемлекет құру жобасын жасап қойғанға ұқсайды. Әрине, мұның бәрі ресми дәлелденген жобалар емес, дегенмен бір жағдай бола қалса, жүзеге асуы мүмкін деуге тұрарлық. Сөз соңында айтарымыз, Иран мен АҚШ арасы күн санап ушығып бара жатқаны. Демек, бір қақтығыс таяп қалғаны анық. Мәселен, АҚШ жақын арада Таяу Шығыстан АҚШ пен Еуропаға қарсы атылған баллистикалық зымырандарды қағып түсіретін қондырғыларды Чехия, Польша және Венгрияға орналастыру жобасын қолға алуы, НАТО-ның Еуропадағы біріккен әуе күштерінің және АҚШ әуе қорғаныс күшінің басшысы Уильям Том Хоббинстің Әзірбайжанға сапары. Әзірбайжанның әскери әуежайларын тексеріп көруі, НАТО-ның стандартына сай ету үшін 400 миллион доллар бөлуі - бір тықырдың таяп қалғанының көрінісі. АҚШ Иранға қарсы соғыс аша қалса, Әзірбайжан плацдарм рөлін атқарады деген сыбыс бар.:
ИРАНДЫ БӨЛШЕКТЕУДІҢ СЦЕНАРИЙІ БАР
Бүгінде әлем бұқаралық-ақпарат құралдары беттерінде Иран тақырыбы жиі орын алуда. Тіпті төрткүл дүниеге белгілі саясаткерлер мен елбасылар да осы Иран мәселесін жиі қозғауға мәжбүр. Бұл тегін болмаса керек-ті. Мәселенің басы - Иранның ядролық бағдарламасы. Неге екенін қайдам, кезінде парсы елінің ядролық бағдарламасына елеулі көмек берген АҚШ пен Батыс елдері неге бүгін Иранға өші бардай шүйліге қалды? Себеп не? Мәселе Иран Ислам республикасының тізігінін ультраконсерватор Махмуд Ахмадинежадтың қолға алуына тіреліп тұр ма еді, әлде оның «Израилді жер бетінен жою керек» деген секілді қатаң мәлімдемелері ме, бәлкім, атом саласына айрықша көңіл бөліп, халыққа қажетті бейбіт атом өндірісін дамытуымыз керек дей отырып, соның аясында ядролық қару жасауға деген ниеті ме, дүниені үрейлендіріп отырған? Қалай айтсақ та, Иран билігіне Ахмадинежад келгелі парсы жұртының басына қара бұлт үйіріле бастады. Мұның арты көп ұзамай экономикалық санкция жариялаумен, не болмаса қарулы қақтығыспен аяқталуы мүмкін. Көптеген әлем сарапшылары осылай дейді. Әлемге соншалықты құбыжықтай үрей тудырған Иран атом бағдарламасы бастауын қай кезден алады? Енді соған аз-кем тоқтала кетейік.
ИРАННЫҢ ЯДРОЛЫҚ БАҒДАРЛАМАСЫ
Жалпы, Иран атом бағдарламасы Реза Пехлеви шахтың билік құру кезінен бастау алады. Ол АҚШ-тың сенімді әріптесі болды. КСРО-мен де қарым-қатынасы жақсы еді. 1974 жылы алғаш рет Иран атом энергиясы ұйымы құрылды. Онда 23 ядролық энергоблок салынуы тиіс-ті. Бұған кем дегенде, 25 жыл бойы 30 миллиард доллар бөлінуі керек-ті. Бұл бағдарламаға Америка және еуропалықтар техникалық көмек берді. Тіпті сол жылы, яғни 1974 жылы Иран шахы Мохаммед Реза Пехлеви ашық түрде: «Иран ядролық қаруға ие болуы тиіс және ол өзге елдерге қарағанда, неғұрлым тезірек болғаны жөн» деген мәлімдеме жасады. Алайда оған АҚШ не оның одақтастары, тіпті КСРО да ешқандай қарсылық білдірмеді. Сол жылы Иран Франция мен ФРГ-дан екі атом реакторын сатып алды. Ал 1977 жылы батыс Германиядан тағы да 4 реактор алды. Арада жыл өткен соң, АҚШ Иранға қуаты 5МВт. боларлық зерттеуге арналған реактор берді. Шах басқарған жүйе сол жылдары ядролық сала бойынша Франция, Аргентина және ФРГ -мен жақсы байланыста болды. Дегенмен 1979 жылғы ислам революциясы кезінде Тегеран амалсыз ядролық бағдарламадан бас тартуына тура келді. Сол тұста көптеген шетелдік мамандар, ядрошы-ғалымдар елден кетіп қалды. 1980 жылдардың басында Иран қайтадан ядролық бағдарламасын Қытайдың көмегімен жандандыруға күш салды. Исфаханда ауыр суды зерттейтін реактор орнатылды. Уран кен орындарын қазу басталды. Ал 1992 жылы Бушерде АЭС салу үшін Ресеймен келісімшарт жасасты. 1995 жылы АҚШ бір жақты түрде Иранға сауда-экономикалық санкция жариялады. Алайда ол ешқандай нәтиже бере қоймады. Иран өз дегенімен жүрді. Міне, бұл - Иранның ядролық бағдарламасының арғы-бергісі.
ИРАН ҚАНШАЛЫҚТЫ ҚАУІПТІ?
Бүгінгі XXІ ғасырдағы Иран АҚШ пен Еуроодақ елдеріне мінез танытты. Айтқанына көніп, айдауына жүргісі келмейтінін байқатты. Уранды байытып, ядролық бағдарламадан ешуақытта бас тартпайтынын мәлімдеді. «Қажет болса, - дейді ресми Тегеран, -АҚШ-тың аймақтағы одақтасы Израильге зымырандық соққы береміз. Одан АҚШ-тың Ирактағы әскери базалары да құр қалмайды. Парсы шығанағындағы Ормуз бұғазын жауып тастаймыз. Сөйтіп, аймақтағы «қара алтынның» 80 пайызы тасымалданатын жол бітеледі. Бұл әлемдегі мұнай бағасының шарықтауына әкеп соғады. Демек, Парсы шығанағының мұнайына тәуелді Еуропа елдерінің экономикасы зардабын тартатын болады». Иран Батыс ойлағандай, оңай шағылатын жаңғақ емес. Тіпті АҚШ Иракты басып аларда 25 генералын сатып алып, Еуропаға апарып, жағдайын жасағандай нұсқа бұл елде жүрмейді. Иракқа қарағанда Иранның жері төрт есе үлкен, армиясы 1 миллионға тарта. Қарулы күштердің жарақтануы да мықты. Украинадан алған қанатты зымырандарымен қатар, жергілікті «Шаһаб-2» секілді