Үлкен сәтсіздік. Коммунизмнің жанталасы



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 20 бет
Таңдаулыға:   
Үлкен сәтсіздік.
Коммунизмнің жанталасы.
Коммунизмнің жанталасын тездете түскен, ол кеңес тәжірибесінің
сәтсіздігі болды.
Кеңес сәтсіздігі жайлы ойлана отырып, марксистік тәжірибені Ресейде
қолдану тарихына тоқтала кету дұрыс болар еді. Шындығында бұл Британ
музейінің оқу залында интелектуал, неміс еврейі жасаған батыс доктринасы
болды. Соңынан бұл бөгде өсімдік алыстағы, жартылай шығыстық деспотизм
дәстүрлері араласқан, евразиялық империяға қайта отырғызылды. Оның өзін
тарихшысы рөлінде көрсеткен, көп кітапшалардың бірінің авторы, орыс
революционері отырғызған болатын.
Ресейдегі большевистік революциядан кейінгі болған жағдай, Владимир
Ильич Ленинді оқығандар үшін таңданыс тудырмауы қажет еді. Орыс
марксистерінің ең радикалды фракциясының көсемі өзінің ниеттері жайлы
шімірікпей баяндады. Сансыз мақалалары мен қоғамдық сөз сөйлемдерінің
бәрінде де, ол демократиялық бағытты ұстанған марксисттерге жек
көрушілікпен қарады. Оның ойы бойынша, Ресей әлі социалисттік демократия
үшін жетілген жоқ, сол себепті социализм жоғарыдан, яғни пролетариат
диктатурасы арқылы орнатылатынын ашық баяндады.
Диктатура, өз кезегінде пролеториат арқылы тек номинальді түрде жүзеге
асуы тиіс болатын. Лениннің ойы бойынша, Ресей социализмге қалай дайын
болмаса, жаңа билеуші тап сол дәрежеде мемлекетті саяси және шынайы билеуге
де дайын емес. Осылайша, жаңа диктатура тарихтың, соның атынан әрекет
ететін пролеториат елшісін мақсатты, орынды түсінуін талап етті. Дәл осы
Ресейдің артта қалуынан, толықтай қоғам да, саны аз өндіріс жұмысшылары да
социализмге дайын емес деп есептелді. Осыдан келіп, тарих талабының мәнін
толық түсінетін, және сол үшін өмірін арнауға дайын, әскериленген, "озық",
жанқияр революционерлердің көмегімен тарихты шырмалау қажеттілігі туды.
Лениннің партияны жұмысшы табының авангарды ретінде оқытуы, Ресейдің және
оның пролетариатының, марксистік төңкеріске дайын еместігі мәселесін
шешетін шығармашылық жауабы болды.
Бұл Лениндік оқу, және оның кәсіби төңкерісшілердің тәртіптік ұжымын
құрудағы реттілігі мен табандылығы тарихта алғаш рет билік төрінде
социализм принциптерін ұстанған қозғалыс өкілдері отырған мемлекеттің саяси
бағытын анықтауда шешуші рөл атқарды. Демократиядан алыс болса да,
алғашынан кез-келген оппозицияға қарсы қатаң жазалауды қолданса да, Ленин
дәуірі (Ленин өлгеннен кейін бірнеше жылдарға жалғасқан) үлкен көлемді
әлеуметтік және мәдени тәжірибелерді дәлелдеді. Өнерде, құрылыста,
әдебиетте, және барлық рухани өмірде ғылым мен өнер үшін жаңа көкжиектер
ашатын, жаңа бір дәуір келе жатқандай көңіл-күй орнады. Рухани өрлеу,
Лениннің Ресейдің экономикалық және жалпылай артта қалуымен сипатталған,
әлеуметтік-экономикалық бағыттағы, шынайы артықшылықпен санасуымен қатар
жүрді. Негізінен нарықтық механизмен жеке ынтаға сүйеніп, экономиканы
аяғынан тік тұрғызу үшін, дем беруге тырысқан атақты ЖЭС, пролеториат
диктатурасының көмегімен тездете социализм құрудан бас тартып, оны кейінгі
келешекке қалдырған айлалы қадам болды.
Бұл үзілісті дәріптемей отырып, мүмкін бұл дәуірді ең ашық және ХХ
жүзжылдықтағы орыс тарихының шешендік кезеңі деп сипаттау оң болар.
Шындығында да ЖЭС, тәжірибелеу, ұстамдылық және икемділік кезеңін
анықтайтын, қысқа әрі ұтымды термин болды. Көптеген орыстар үшін, 60 жыл
өткеннен кейін де, бастауын 1917 жылғы төңкерістен алған сол жылдар ең
жақсы болды деп айтуға болады.
Бірақ шындығына келсек 20 жылдардың бұл түсінігінде, сталиндік
кезеңмен салыстыруға негізделген, өткенді дәріптеудің үлесі көп. Москва,
Ленинград және басқа да үлкен қалалардың өміріне қарағанда,
жалпымемлекеттік бірпартиялық үкіметті орталықтандыру жүйесі, үлкен
көлемдегі халықты жазалауды институционалдау, ортодоксалды ілімді тықпаштау
мен саяси әдістердің, ең сорақыларын қоса, кез-келгенін, идеологиялық
қажеттіліктер арқылы ақтау тәжірибесін нығайту маңыздырақ болды.
Лениннің апатты ізінің ең каталитикалық ерекшелігі, саяси биліктің
бірнеше адамның қолына шоғырлануы және лаңкестікке сүйену болды. Бірншісі
бүкіл биліктің қоғамның бүкіл құрылымын тарамдалған жүйе арқылы бақылауға
алған, яғни төменнен жоғарыға дейінгі сайлаулардың бәріне қатаң бақылау
қойған, партия озықтарының бюрократталған бөлігіне қарай ауысуына әкелді.
Лениннің халықтың толық кейбір бөліктерінің ізіне түсуін ақтауы үшін
қолданған, ұжымдық кінә түсінігімен қатар, лаңкестікті нағыз және қиялдағы
қарсыластарына қолдану, алдымен саяси, әлеуметтік және мәдени мәселелерді
шешудің негізгі әдісі болды.
Билікті алмас бұрын, және оны алғаннан кейін де Ленин өзінің
мақсаттарына жетуі үшін жаппай террор мен зорлықты қолдануды жақтайтынын
ашық мәлімдеді. Ол 1901 жылы ғана ол "Негізінде біз лаңкестіктен ешқашан
бас тартқан емеспіз және бас тартпақ емеспіз", - деп мәлімдеді.
Большевистік төңкерістің алдында ғана "Мемлекет пен төңкерісте" ол өзі
демократияға шақырған кезде, "бір таптың екіншісіне қарсы жүйеленген
зорлықты ұйымдастыру" деген сөзді меңзейтінін жазған. Лениннің мынандай да
сөздері бар: "Диктатураның ғылыми түсінігі, бұл өзі сүйенген биліктің
ешқандай да шектеусіз, ешқандай ережелермен қысылмаған зорлығы дегенді
білдіреді".
Билікті алған бетте, Ленин уақытты босқа өткізбей, өзінің
көзқаррастарын тәжірибеде жүзеге асыруға көшті. Соңынан, ол зорлықты тек
бүкіл халықты қысу үшін ғана емес, сонымен қатар ұсақ бюрократиялық
бөгеттерді жою үшін қолдана бастады. 1918 жылдың қаңтарында шыққан,
большевисттік билікке қарсы болғандарға қатысты саясатты анықтауға тырысқан
декретте, Лениндік режим мемлекеттік мекемелерді "орыс жерін барлық зинкес
жәндіктерден тазартуға" шақырды. Ленин өзі бір ауданның партия жетекшілерін
"кулактар, шіркеу қызметкерлері мен ақ гвардияшыларға қарсы аяушылықсыз,
жаппай лаңкестікті қолданып; күдіктілерді қала шетіндегі тұтқындарды бір
жерге жинайтын лагерлерге қамауға" шақырды. Ал саяси опозицияға келсек,
Ленин ""қарумен айтысу" опозицияның тезистарына қарағанда әлдеқайда
"жақсырақ"- деп олардың барлық түрін жек көрді.
Осылайша, жаппай лаңкестік барлық мәселелерді шешудегі әкімшілік құрал
болды. Жалқау жұмысшылар үшін Ленин "қылжағы мойындалғандардың әрбір
оныншысын орынында атып тастауды" бұйырды. Бағынбайтын жұмысшылар үшін, бұл
"тәртіпті бұзушыларға да" ату жазасын бұйырды.
Шаруалардың кез-келген көнбеушілігін жою үшін, Лениндік режим мынандай
қарарды қабылдады: "шаруалады егер қар тазаланбаса да атып тастау үшін
тұтқынға алу керек".
Жаңа билеушілер өздерін тек, қоғамды өзгерту үшін күш қолданылғанын
айғақтайтын тарихи деректерге сүйеніп, оны кеңестік саяси жүйеге
орайластырып қайта құру керек, деп қана ақтай алады. Лениндік типті саяси
жүйе, негізінен спонтанды түрде қозғалатын қоғаммен бірге шексіз ұзақ өмір
сүре алмас еді. Бұндай тірлік не саяси жүйенің жемқорлығына, немесе қоғам
мен жүйенің апасындағы мүдделер қақтығысын тудырар еді.
Ленин бірегей шешім тапты - толықтай билік берілген, партияның
басшылығы арқылы мемлекеттің емес, қоғамның жеке ағза ретіндегі
өлімсіретуіне жету. Лениннің ойы бойынша, билік логикасы - бүкіл қоғамдық
дәстүрлік байланыстардың барлығын түбіне дейін үзу үшін, алдында тарих
белгілеген құрал болуы күтіп тұрған мемлекеттің басшылық рөлі үстемдетілуі
тиіс - дегенді меңзейді.
Сталинді туғызған жүйені Ленин туғызды, ал Сталин кейіннен, сталиндік
қылмыстардың жасалуына мүмкіндік берген жүйені туғызды. Алайда Ленин
сталинизмнің болуын қамтамасыз етіп қана қойған жоқ, ол одан да үлкенін
істеді - лениндік идеологиялық догматизм мен саяси шыдамсыздық өзге
баламалардың пайда болуын белгілі бір дәрежеде жойды десе болады.
Шындығында, ленинизмнің мұрасы сталинизм болып табылады, және бұл Лениннің
Ресейдегі социализмді құруын қаралаудың ең қаттысы.
Сталиннің дарындылығы оның, лениндік мұраның мағынасының ішкі мәнін
түсінуінде болды.
"Социализм бір елде" - бұл Сталиннің мемлекеттік аппараттың көмегімен
қоғамды жаулап алуды бүркемелеу үшін, қолданған ұраны болды. Түндер бойы
Кремль кеңселерінде еңбектенген, астыртын әрекетке дайындалған көсемдер
тобы өздеріне жаңа мақсат қойды, ол қоғамды қайта құру, шаруалар мен орта
таптың көлемді бөлігін жою, милиондаған адамдарды зорлықпен көшіру, осыған
қатарластыра отырып мемлекеттік билікті өсіре отырып, тарихта болмаған
деңгейге жеткізу. Осылайша, "социализм бір елде" бұл елді толықтай мемлекет
билігіне тәуелді қылды.
Сталин кезінде мемлекеттің рөлін өсіріп, мемлекеттік зорлықты қоғамды
қайта құрудағы негізгі қару ретінде қолдану шарықтау шегіне жетті. Барлығы
тек диктатордың жеке басына және ол билеп отырған мемлекетке ғана бағынды.
Ақындармен мадақталған, композитрлер әуендеген, мыңдаған монументтермен
құдайға теңестірілген, Сталин, елдің жалғыз билеушісі болды. Адамзат
тарихында теңдесі аз болған Езуші, ол алайда өзінің билігін шектен асқан
бюрократтанған және институтталған, күрделі мемлекеттік құрылыммен
жүргізді. Социализмді құрудың сталиндік мақсаты үшін, бір елде қоғамды
жоғарыдан төменге дейін аударыстырды, мемлекеттік аппаратың мәртебесі
жоғарылатылды, оның үстемдігі мен қуаты арта түсті.
Билік пирамидасын, Сталиннің ең жақын серіктестері де
сақтандырылмаған, лаңкестік жүйесі қолдап отырды.
Сталиндік репрессия құрбандарының саны ешқашан анықталмаса да, оның
көлемі 20 милионнан кем емес, ал мүмкін 40 милионға жетеді деп болжауға
болады. "Үлкен лаңкестік" кітабында ағылшын тарихшысы Роберт Конвекс ең
сенімді және дәлелденген құрбандардың саны, дәлелденіп өлшенгенмен, оның
санағы төмеңгіге қарағанда жоғарғы деңгейге көбірек ұқсайды. Сонымен
Сталин, мүмкін бүкіл адамзат тарихындағы ең ірі жан алғыш болар. Өзінің
құрбандарының санымен ол Гитлерді де артта қалдырды.
Бұл жаппай қыру кеңестік жүйені құрудың ажырамас бөлігі болды. Бұл
жүйе инстиутционалды рәсімделіп, бюрократтық түрде бекітіліп, осы жаппай
қыру кезінде өзінің мәртебесін алды. Бірақ бұл істің ерекшелігі, барлық
айуандықтарына қарамастан Сталин кеңес зиялылары мен қала тұрғындарының
көпшілігінің санасына елдің алға жылжушылығын ұялатып үлгерді.Ол бұл
жетістікке, саясатының және өзінің, өз құрамына социализмді құру жарлығы
кіретін, мемлекеттің индустрияландыруы мен урбанизацияны қосқан, кеңес
қоғамының қайта құруымен бірге қаталдануы арқылы жетті. Сондықтан көптеген
кеңес азаматтары үшін сталин дәуірі қоғамдық алға жылжу дәуірі, ұлы, тарихи
алға секіру дәуірі, өз еліне деген мақтаныш пен патриоттық сезімдерді
оятқан ұлы істер дәуірі болды.
Өз істерін ақтау мен оны құптауды Сталин шет елде де жүзеге асырды.
Көптеген жылдар бойы батыстық коментаторлар кейде бір-бірінен терминдермен
ғана өзешелене отырып, оны лаңкестік үшін айыптаудан гөрі, Ресейді
индустриализацияландырғаны үшін мақтауға бейім болды. Осылайша, сталиндік
дәуір белгілі бір дәрежеде өзінше түсінілдіріліп, ұлы өзгерістер дәуірі,
ауылшаруашылық экономикасынан индустриялдыға ауысудың екпінді жылжу кезеңі
болды. Белгілі бір мағынасында бұл дұрыс та. Сталинның кезінде Кеңес
Үкіметі шындығында да ұлы державаға айналды. Шындығында да елдің халқының
ауылдан кетуі пайда болды. Толықтай орталықтандырылған социалистік жүйе
орнықты.
Кеңес индустрияландыруының алғашқы шапшандығына қарамастан, қоғамның
сталиндік дәуірдегі жоғалтқанына баға жоқ, және оны әлеуметтік-экономикалық
өзгерістер мен замандандырудың кеңестік моделі, елдің шаруашылығын басқа
елдерге болмаған тездеткен жылдамдықпен алға жылжытқанымен де ақтауға
болмайды. Бұндай есептің рухани құнсыздығына қарамай ақ, бұл ұйғарым
фактілермен тексеруге шыдамайтынын айтуға болады.
Кішкентай әлеуметтік жетістіктерге бола, осыншама үлкен көлемдегі адам
шығыны болып көрген емес деп айтсақ, ол асыра айтқандық болмас.
Алайда, Сталиннің апаттық мұрасының негізі, түп тамыры Лениннің
қалдырған екі мұрасында жатыр: догмалық партия және құпия лаңкестік
поляциясы. Сталиннің бюрократтық айуандығы, барлығы соларға бағынуы тиіс
болған, партия озықтарымен негізделіп құрылған еді. Партия қоғамды қайта
құруды бастаған бетте, мемлекет билігі өсіп, өрісін кеңейтуі қажет еді.
Сталиннің өзінің мұрасы мемлекеттің қоғамға деген зорлығын күшейту,
парасаттылықтың кез-келген көрінісін нәресте күйінде жоятын, қоғамдық
шығармашылық бастауын буындырған полицейлік мемлекетті құру, барлығын
орталықтанған саяси бақылауға алу болды.
Орта кеңес адамдарының стлиншілдіктен құтылуға әртүрлі көзқараста
болуы, брежневтік дәуірдің неге ұзаққа созылғанын, және неге осындай түрде
болғанын түсіндіреді. Бұл кез елге Хрущев кезінде төнген реформалар
дауылына мән кіргізетін, жаңаруға ұмтылу сияқты болып басталғанымен,
брежневтік режим тез арада квазисталиндік қайта құрумен бірдей болды.
Сталиндік жүйенің негізгі қағидалары, ал ең негізгі болып орталықтанған
және қысымшылдықты бақылау мен үстемдетілген бақылау қалып қалды. Осының
бәрі, жеделденген әлеуметтік, экономикалық және саяси құлдыраумен қатар
жүріп отырды.
Бүкіл қоғам төменнен жоғарыға дейін саясиланған болды, бірақ
шындығында, саяси өмір тек жоғарғы жақта жүріп жатты. Осылайша , жүйе
өзгерістерден сақталғандай болды, алайда, өз-өзін осылайша қорғау тоқырауға
әкеліп соқты.
1982 жылы Брежневтің өлімінен кейін, қайта құру, реформалар мен
жаңарудың қажеттілігін түсіну, соңында айтарлықтай саяси серпіліс берді.
Бірақ, екі онжылдық құр босқа өтіп кеткен еді. Нәтижесінде, жоюды қажет
ететін мұра эффектісі, кумулятивті және бүкіл халықтық сипат алды.
Осы кезде ымыраға келушілік болып тұрған, реформалардың қажет екендігі
жайлы ойлардың тоғысуы, өткен кезең жайлы ойлар алшақтығын жасырады. Бұл
ымыраға келудің екі жағы болды. Бір жағынан ол, сталиндік кезеңді ашық та,
кеңінен сынауға мүмкіндік берді. Осының арқасында кеңес тәжірибесі мен
кеңес моделінің бүкіл әлем алдында беделі түсті. Екінші жағынан,
тоталитарлық жүйенің қалдықтары, лениндік түрдегі партиялардың қалуымен
бірге, олардың тарих шындығына қысымшылығы, сталиндік мемлекет
инстиуттарының негізгі типтерінің қалып қалуы керекті рформалардың көлемін
кішірейтті.
Горбачевтің, қайта құру ленинизмге сүйенеді, түп тамырын содан алады
және оның қайта тууы болып табылатынын айтудан басқа амалы болған жоқ. Өз
еркімен әлде еріксіз бе, бірақ Горбачев басқарушы зиялылардың, марксизмнің
комунисттерден абсолютті шындыққа және тотальді билікке ие болуын, талап
ететін бағытына қарай тартылуына атсалысты. Сталинизмді болмай қоймайтындай
қылдырған, ленинизмнің негізі осында жатыр.
Мұның бәрі, шынайы қайта құрудың алдында тұрған бөгеттер өте үлкен
ғана емес, мүмкін жеңе алмайтындай екенін көрсетеді. Лениндік мұрадан
ажырау, билеуші партияның табиғатын, оның тарихи маңызын және қаншалықты
заңды екенін қайта қарастыруды қажет етеді. Басқаша айтсақ, шынайы ажырау
комуннистік докторинаның негізгі ойынан бас тартуға талап етеді, ал дәлірек
айтсақ, қоғамды, тарихты түгелдей білетін өкіл ретінде көрсетілген
мемлекетке бағынышты қылып қоятын, саяси мәжбүрлеу арқылы жетілген қоғамдық
жүйе жасалатынына нандыратын ойдан арылуды қажет етеді.
Негізгінде, кеңес басшылығының алдында шешілмейтін тарихи парадокс
тұр: комунизмнің халықаралық беделін қайта көтеру үшін, КСРО теория жүзінде
де, тәжірибе жүзінде де өзінің тарихи өткенінің үлкен бөлігінен арылуы
тиіс.
Негізгі сұрақтың мәні, кеңес жүйесі КСРО-ны әлемдік аренада
бәсекелестікке қабілетті қылатын, әлеуметтік және эконмикалық
шығармашылықтың үлкен бастауы болатын алуан пікірлі ағзаға айнала ала ма.
Осы сұрақтың жауабына тек ұлы держава Кеңес Одағының ғана емес, сонымен
қатар комунизмнің де болашағы толығымен тәуелді. Қазіргі аласапыранды
мүмкін, осындай өзгерістің нышаны деп айтуға болар, алайда бұл кеңес
жүйесінің құлауының алғашқы кезеңі болуы да мүмкін.
Көптеген жылдар бойы бұл жүйені тоталитарлы деп, тек қоғамның оған
тәуелділігінен ғана емес, сонымен қатар қоғамның идеологиялық жоспарға
сәйкес зорлықпен өзгеруінен солай атайды. Осылайша, саясатсыздандырылған
ордоксияға жағдай жасалды, нағыз саяси өмір тоқтады, және үнсіз келісім,
тотальді қоғамдық келісімпаздықты көрсеткендей болды. Саясат тек жоғарғы
биліктің өсиетті және ерекше құқығы болып қалды.
Жүйенің тоталитарлық сипатынан бас тарту, осылайша, қоғамға
белсенділігін маңызды қылатын, саяси өмірдің пікір алуандығын заңдастыруды
қажет етеді, және бұндай саяси өмірдің әртүрлілігі қоғам тіршілігінің
нормасы болып қалады. Бұндай бас тарту болады ма деген сұрақтың жауабы,
кеңес шындығына тән, өзара сиыспайтын екі қарама-қайшылықты шешуге
байланысты. Біріншісі: қоғамды билеудегі партияның маңызын түбінен
қарастырмай, экономиканың жандануына қол жеткізуге бола ма? Екіншісі: Кеңес
одағының орталықсыздандыру себебінен бөлшектенбеуі үшін, КСРО халқының
күшейуінсіз, экономиканың орталықсыздандыруын, сонымен бірге партияның
басты билеуші күш ретіндегі маңызын азайту мүмкін бе?
Комунизм феномені – бұл тарихи трагедия. Әділетсіздікке қарсы
ұмтылған, шыдамсыз идеализмнен туындаған ол, мархабатты және озық қоғамға
ұмтылды, бірақ жапппай зорлыққа алып келді. Ол, жетілген қоғам жасай
алатын, ақылдың күштілігіне оптимистік көзқараспен қарады. Рухани
дәлелденген, әлеуметтік инжинерияның арқасында ол, адамзатқа деген
сүйіспеншілік, зорлық-зомбылыққа деген жек көрініш деген қатты сезімдерді
біріктірді. Осылайша, ол әйгілі ақылдылар мен идеалист жандарды еліктірді,
бірақ, ол, біздің, тек біздің ғана емес жүзжылдықтағы ең сорақы қылмыстарды
жасады.
Онымен қоймай, комунизм, қоғамдық құбылыстарға тотальдік ұтымдылықты
қатыстырудың жалған тырысуын көрсетті. Ол, сауатты, саяси білімді қоғам,
әлеуметтік-экономикалық өзгерулерді алдын-ала белгіленген мақсаттарға
бағыттай отырып, қоғамдық эволюцияны бақылай алады деген тұжырымдардан
құралды. Сондықтан, тарих ендігі спонтады, кездейсоқ процесс болмас еді,
бірақ ұжымдық естің қаруы болып, рухани мақсаттарға жұмыс істеуші еді.
Осылайша, комунизм, ұжымдық істердің нәтижесінде, саяси рационалдық пен
қоғамдық адамгершіліктің қосылуына үміттенді.
Бірақ, тәжірибеде адамның ақыл-есіне қатты сенушілік, алдын-ала
болжалған тарихи ойларды догмалық дәлелдерге аудару үшін билікке күрестің
қатаңдыққа ынталы болуы, адамгершілікке үйретудің өзіне масатанған саяси
жеккөрінішке азғындауға, әсіресе марксизмді Ресейдің артта қалған
автократиялық дәстүрлерімен лениндік қосу, коммунизмді, оның өзіндік рухани
негізінен әлдеқайда алшақ, саяси қорлау құралына айналдырды.
Комунизм бүгінде идеологиялық жағынан да, жүйелік жағынан да жалпы
дағдарыс жағдайында.
Коммунизм дағдарысының терең түп тамыры оның тарихи жетістектірінің
аздығында. Оның алғашқыдағы тартымдылығы ХХ ғасырдағы болған көптеген
жүйелер, сонымен қатар демократиялық жүйе де, алдындағы капиталистік
өндіріс фазасының әділетсіздіктерін түсінбегендіктен туындады. Бірақ, бір
де бір коммунистік жүйе халықтың еркін қалауымен билікке келмегені де факт
болып табылады. Ешқандай коммунстік элита, ондаған жылдардан кейін де, өз
халқына ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Масс-медиа, технологиялар және қоғам туралы
Клетканың зақымдалуы туралы түсінік
Әскери коммунизм саясаты
Жогарғы партиялық басқару жүйесіндегі өзгерістер
Ұлы Француз революциясы және оның тарихнаманың дамуына ықпалы
Фридрих Энгельс
Карл Маркстің өмірбаяны және экономикалық теориясы
Марксизм саяси ілім ретінде
Қазақстанның XX ғ. 50 – 60 шы жылдарындағы экономикалық және саяси әлеуметтік жағдайы
С. Хрущевтің сынақ алаңына айналған - Қазақстан
Пәндер