Корей түбегінде орналасқан мемлекет
КОРЕЯ
Корея Республикасы (корейше Чосон) – таң самалының елі – Шығыс Азиядағы
Корей түбегінде орналасқан мемлекет. Жер көлемі – 98,5 мың шаршы километр.
Халқы – 46,1 млн адам (1999). Ресми тілі – корей тілі. Тұрғындары
негізінен, корейлер, 30 мыңға жуық қытайлар, т.б. ұлт өкілдері тұрады.
Олардың көпшілігі будда дінін, кейбір бөліктері конфуцифшілдік пен христиан
дінін ұстанады. Астанасы – Сеул қаласы (11 млн). Әкімшілік бөлінісі 9
провинциядан және тікелей орталыққа бағынатын 6 қаладан тұрады.
Конституциясы бойынша, елді президент басқарады (1997 жылдан Ким Дэ Чжун).
Заң шығарушы органы – Ұлттық жиналыс (299 депутаттан тұрады). Ұлттық
мерекелері: 15 тамыз – Республика жарияланған күн (1948), 3 қазан –
мемлекеттің құрылған күні (Ежелгі Чосон б.з.б. 108 жыл). Ұлттық ақшасы –
вон.
ТАБИҒАТЫ. Корея — таулы ел. Солтүстік жағында Корей таулары (Кымгансан,
Хамчен, Пуджоллен, Кяма, т.б. таулары мен үстірттер) жатыр. Тек батыс
жағалаулары ойпатты, жазық келеді. Кен байлықтары — темір, қорғасын, мырыш,
мыс, хром, тас көмір, қоңыр көмір, т.б. Климаты жағынан солтүстігі —
континенттік муссондық, оңтүстігі — субтропиктік. Қаңтардағы орташа
температура солтүстігінде -2°С (тауларда -30 — 40°С-қа дейін), оңтүстігінде
4°С, тамыз — шілде айларындағы температура 22 — 26°С. Жауын-шашынның жылдық
орташа мөлшері 700 - 1500 мм. Солтүстігінде қыста қар жауады. Өзендері жиі
орналасқан, бірақ шағын келеді. Территориясының 34 бөлігі орманды (емен,
шаған, шырша, қарағай, самырсын, оңтүстігінде мәңгі жасыл ормандар) және
бұталы. Жолбарыс, қабылан, қара және қоңыр аю, сілеусін, ала бұғы, т.б.
аңдар, құстардың көптеген түрлері мекен етеді. Жағалауындағы теңіздерде
балықтың 35 түрі кездеседі.
ТАРИХЫ. Археологиялық зерттеулерге қарағанда Корея жерін палеолит
заманынан бастап адамдар қоныстана бастаған. Б.з.б. 1-мыңжылдықта алғашқы
мемлекеттер құрыла бастады. Олардың ішінде Чосон мемлекеті б.з.б. 2 — 1
ғасырларда аса күшті мем-лекетке айналды. Б.з. басында Кочуре
(солтүстікте), Пэкче (оңтүстік-батыста), Силла (оңтүстік-шығыста) атты
мемлекеттер қүрылды. 4 — 6 ғасырларда елге будда діні тарай бастады. Силла,
Пэкче, Кочуре мемлекеттері өзара соғысып отырды. Осыны пайдаланған
Қытайдағы Таң әулеті мемлекеті Кочуре мен Пэкчені басып алды. Бірақ Силла
мемлекеті 676 ж. қытайларға тойтарыс беріп, 8 ғасырда Кореяның көпшілік
жерлерін біріктірген біртұтас мемлекет қүрды. 9 ғасырда Силла ыдырап, 935
ж. Коре мемлекетінің (елдің қазіргі еуропаша атауы осы Коре атауынан
шыққан) негізін қалаушы Ван Гон елді қайта біріктірді. Жаңа мем-лекет
қидандардың шабуылына (993, 1010 - 11, 1018 — 19) төтеп беріп, елдің
тұтастығын сақтап қалды. Шаруашылық өркендеп, сауда мен қолөнер дамыды,
металл ақша пайда болды. 1231 — 59 жылы Коре мемлекеті Шыңғыс хан
империясының қол астына өтіп, 14 ғасырдың орта тұсында ғана тәуелділіктен
құтылды. 1352 — 62 ж. Қытай әскерлерінің шабуылын тойтарып, Чосон атауын
(ежелгі Чосон мемлекеті құрметіне) қайтып алды. Астана Кэчен қаласынан
Хансонға (Сеул) көшірілді. 16 ғасырдың аяғында елге жапондар, 17 ғасырда
маньчжурлар басып кірді. Корей халқы 1592 — 98 ж. жапон басқыншыларынан
елді қорғап қалғанымен, маньчжур шапқыншылығына төтеп бере алмады. 1637 ж.
Корей билеушісі маньчжур әулетіне бағынды. Дегенмен 17 — 18 ғасырларда ел
әлеуметтік-экономикалық жағынан біршама ілгері басты. Ірі қалалар көбейіп,
сауда орталықтары құрылды. 18 ғасырдың аяқ кезінен бері экономикада
нарықтық катынастар пайда болды. 19 ғасырдың 2-жартысынан бастап дамыған
елдер Кореяға күш көрсете бастады. 1876 ж. Жапония Кореяны тиімсіз Канхва
шартына қол қоюға мәжбүр етті. Осындай шарттар 1882 ж. АҚШ, 1893 ж.
Ұлыбритания, Германия, 1894 ж. Ресей, Франция мемлекеттерімен де жасалды.
1893 — 94 ж. елде болған халық толқуларын басуды сылтауратып, Кореяда Қытай
мен Жапония әскерлері өздері таласқа түсті де, соның салдарынан жапон-қытай
соғысы (1894 — 95) болып өтті. Қытай Кореядан кетуге мәжбүр болды. 1904 —
05 жылдардағы болған орыс-жапон соғысынан кейін Жапония елге біржолата
орнықты, 1910 жылдан бастап Корея отарға айналды. Чосон мемлекеті жойылды.
1919 — 45 ж. елде жұмысшы-шаруа және оқушы жастардың отаршыларға қарсы
ұйымдары құрылды. 2-дүниежүзілік соғыста Жапония жеңілгеннен кейін, 1945
жылғы Ялта (Қырым) конференциясы шешімдеріне сәйкес, Корея 38° ендікте екі
бөлініп, солтүстігі КСРО-ның, оңтүстігі — АҚШ-тың бақылауына өтті. Соғыстан
кейінгі жыл-дары КСРО мен АҚШ арасындағы "қырғи-қабақ соғысқа" байланысты
ел жасанды түрде екіге бөлінді. 15 тамызда (1948 ж.) Сеулде ресми түрде
Корея Республикасы, ал 9 қыркүйекте Пхеньянда Корей Халық Демократиялық
Республикасы құрылды Екі ел арасында 1949 ж. қарулы қақтығыстар, 1950 — 53
ж. корей соғысы болып өтті. 1953 ж. 27 шілдеде соғыс еш нөтижесіз аяқталып,
шекарада ені 4 км созылатын демилитаризацияланған аймақ пайда болды. 1987
жылға дейін Кореяда әскери төңкерістер (1961, 1979) болып, билік басында
әскерилер отырды. Дегенмен 20 ғасырдың 60 — 80-жылдары елде экономика
қарқынды дамып, Корея кеме жасау мен электронды бұйымдар жасаудан жетекші
орынға шықты. 1987 ж. демократиялық қозғалыстардың қысымымен елде
либералдық реформалар жасалды, президент сайлауы өткізілді. 1988 ж. Сеулде
24-інші Олимпиада ойындары өтті. 1998 ж. тұңғыш рет оппозиция үкімет басына
келді. ЭКОНОМИКАСЫ. 20 ғасырдың 60-жылдарынан бастап Корея экономикалық
жағынан жедел дамыды, 1996 ж. дамыған елдер деңгейіне жетті. Бұған
үкіметтің өндірісті қолдауы, экспортты да-мытуға бағытталған стратегия, ең
соңғы технологияны қолдану, жоғары білімді мамандар мен сауатты жұмысшылар
даярлау ықпал етті. "Азия жолбарысына" айналған осы ел 1997 ж. қаржы дағ-
дарысына үшырап, ол 1999 — 2000 жылға дейін созылды. Экономика құлдырап,
жұмыссыздық көбейді. Үкімет Халықаралық валюта қорынан көмек ала отырып, ел
экономикасын қайта көтере бастады. Кореяның жылдық ұлттық табыс көлемі —
485,2 млрд. АҚШ доллары, жеке адамға шаққанда — 13500 долл. шамасында.
Сырткы қарызы — 95,5 млрд. долл. Экспортқа электр тауарлары, киім-кешек,
аяқ киім, кеме, химия өнімдерін шығарса, импортқа мұнай мен мұнай
өнімдерін, астық және тамақ өнімдерін, химия өнімдеріне қажетті шикізаттар
әкелінеді. Негізгі сауда серіктестері: АҚШ, Жапония, Сауд Арабиясы,
Австралия, Сингапур, Қытай, т.б. Қазақстанмен Корея арасында дипломатиялық
байланыстар 1991 ж. 30 желтоқсанда орнады. 1993 ж. 30 шілдеде Алматыда
Корея елшілігі, 1995 ж. мамырда Сеулде Қазақстан елшілігі ашылды. Екі ел
арасындағы сауда-экономикалық, мәдени байланыстар біршама жоғары деңгейде.
Елдегі қаржы дағдарысына қарамастан Корея Қазақстанға инвестиция
салушылардың көш бастаушыларының бірі.
КОРЕЙЛІК-ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ҚАТЫНАСТАР:ОРТАҚ БОЛАШАҚ ЖОЛЫНДА БҰРЫНҒЫ ДОСТЫҚ
БАЙЛАНЫСТАРДЫ ЖАҢҒЫРТУ
Корея Республикасы бөлінген ел ретінде кырғиқабақ соғыстың авангардында
болды, оның солтүстік бөлігін коммунистік лагерь еншіледі. Соның салдарынан
Кеңес Одағы қырғи-қабақ соғыстың бүкіл дәуірі аралығында қарапайым
корейліктер үшін тыйым салынған ел болып қалды. Сексенінші жылдардың
басында, оңтүстіккореялық жас дипломат болған мен Лондонда жүріп орыс тілін
үйрене бастаған кезімде Корея Республикасының сыртқы істер Министрлігінен
менің үйреніп жүрген тілімде барлығы дерлік сөйлейтін елге барып-қайтуға
рұқсат сұрадым. Менің сапарым ұшыратуы мүмкін дипломатиялық шиеленістерден
корыққандықтан, Министрліктің менін өтінішімді кабылдамағаны өзінен-өзі
түсінікті, ол ішінара Оңтүстік Кореяның дипломатиялық қатынастары жоқ елге
жіберуге менің жеке басымның қауіпсіздігіне де алаңдаса керек. Ол кезде
Орталык Азия барлық оңтүстіккореялыктар үшін әлі де белгісіз аймақ күйінде
қалса, ал этникалық корейлердің Кеңестік Қазақстан Республикасында тіршілік
етуі тек бірнеше советтанушылардың академиялық білім мәселесі ғана болды.
Сонда да болса, Орталық Азияның корейлердің арғы ата-бабаларының шыққан
тегінің орны болуы мүмкін екендігі, және Орталық Азиядағы халықтардың
тілдерінің корей тілімен байланысты екені, оралдық-алтайлық тіл топтарының
мүшесі ретінде ортақ грамматикалық кұрылымга ие екендігі туралы білген
оңтүстіккореялықтар әлемнің осы белігіне үлкен қызығушылық танытты, тарихта
VIII ғасырдан бері корейлердің саясат жасағаны жөнінде айтылады.
Самарқандағы көне сағаналардың бірінің қабырғаларыңда бейнеленген корей
фигурасы біздің бабаларымыз осы өңірде ежелден жүргізіп келген өзара
ықпалдастықтың куәсі болды.
Кырғи-қабақ соғыстың аяқталуы Оңтүстік Корея халқына басым бөлігі
белгісіз, бірак баяғыда ұмыт болған жерді зерттеуге мүмкіндік берді. 1992
жылы Корея Республикасы мен жаңа тәуелсіз мемлекет - Казақстан
Республикасының арасында дипломатиялық қатынастар орнады. Сәйкестік бойынша
біздің екі мемлекетіміз елдің бірдей есімдік аббревиатурасына ие — КОК,
әйткенмен, Казақстан Республикасы КК аббревиатурасын пайдаланғанды жөн
санайды.
Әрине, корейлердің осы өңірге қатты қызығуы және Орталық Азия мен оның
халқын жете білуі кездейсоқ емес, оңтүстіккореялыктар баяғыда ұмыт болған
жерімен экономикалық және мәдени жаңа байланыстар орнату үшін Қазақстанға
басқалардан бұрын келді. Мен алғашқы оңтүстіккореялық инвесторлардың,
суретшілер мен миссионерлердің батылдығы мен кұмарлығына тәнтімін, олар
саяси тосқауылдар алынғаннан кейін бірден өздеріне өмір бойы
қазақстандықтармен дос болу міндеттемесін алды. Бірақ оны мүмкін еткен
солардың жеке міндеттемесі ғана емес.
Біздің елдеріміздің ел атауы аббревиатуралары арасындағы ұқсастықтан
бөлек те көп ортақ нәрселері бар. Елдеріміз еркін және гүлденген
мемлекеттер құруга ұмтылып, демократия мен ашық нарықтық экономиканы
қолдайды. Біздің халықтарымыздың негізгі ортақ ерекшеліктерінің бірі
анағұрлым ірі мемлекеттермен шектесетін қос елдің геосаясаттық жағдайында
бейбітшілікке ұмтылу болып табылады.
Халықаралық құқық пен нормаларды кұрметтеу, әсіресе ортақ өсіп-өркендеу
мақсатымен аймақтық ынтымақтастыққа ұмтылу, Корея мен Қазақстан бөлісетін
геосаясаттық ахуал тұргысында олардың табиғи таңдауы болады. Атап айтқанда,
Қазақстанның халықаралық ынтымақтастықта ядролық қаруды иеленуден бас тарту
жөнінде құрметтеуге лайық шешім қабылдауы Оңтүстік Кореяның назарын
аударады, ол алты жақты келіссөздер арқылы Корей түбегінде ядролық аймақ
құру міндетін әрі қарай орындап жатыр.
Корея мен Қазақстан лаңкестікті қатты айыптайды және демократияның
бүкіл әлемге таралуын жақтайды. Қос елдің бітімгершілік күштерінің Иракқа
қатысуы екі елдің осы саладагы саясатқа беретін маңыздылыгын көрсетеді.
Корея Қазақстан бастама көтерген мақсатпен АОСШК аясындағы үдерістің
бақылаушысы болып табылады, ол мақсат мақтауга лайық және бейбітшілік пен
қауіпсіздікті Орталық Азияда және оның аумағынан тыс жерлерге таратуды
қажет жасайды. Қазірғі кезде Корея АОСШК толық құқылы мүшесі ретінде осы
үдеріске анағұр-лым белсенді қатысу мүмкіндігін тиянақты карау үстінде.
Біздің тығыз байланыстарымыздың шарықтауы жоғары деңгейде сапарлармен
алмасу әрекеті болды. Президент Нұрсұлтан Назарбаев Кореяға 2003 жылы
сапармен келсе, содан кейін оңтүстіккореялық президент Ро Му-Хюн
Қазақстанға 2004 жылы соған жауап сапар жасады. Президенттер екі елдің
барлық салаларда ынтымақтастық жасауының үлкен мүмкіндіктері жөнінде ортақ
тіл табысты және әлеуетті іске асыруға жұмыс істеуге келісті, сол арқылы
болашақ қатынастар үшін берік іргетас қалай бастады.
Қазақстанда тұратын этникалық корейлер екі елдің арасындағы
байланыстарды жүзеге асырудағы аса маңызды бағыттардың бірі болып табылады.
Олар көпұлтты Қазақстанның ажырамас бөлігіне айналды, корейлерді
Қазақстанға күштеп қоныс аудартудың қасіретті тарихына қарамастан, корейлер
Қазақстанның еңбекқор және адал азаматтары болып табылады. Олар мұны
өздерінің бақытсыздыққа ұшыраган жылдарында қазақтардың қонақжай және
жомарт қабылдауының нәтижесі деп есептейді.
Әрине, мен Қазақстан туралы сүйсіне атап өткен мезеттердің бірі - 130-
дан аса ұлттардың өзара тату және үйлесімді тіршілігіне қол жеткізген
елдегі ұлттық келісім болып табылады. Қазақстан Үкіметінің этникалық және
діни келісімді сақтауға көңіл бөлуін ескергенде, жаңа елорда Астана
қаласында 2003 жылы және 2006 жылы Әлем діндерінін Конгресін өткізу жөнінде
Қазақстанның бас-тама көтергені таңқаларлық жәйт емес, оған сондай-ақ Корея
да қатысады.
Келесі жылы корейлерді 1937 жылы Қазақстанға күштеп қоныс аудартудың 70-
жылдығы атап өтіледі. Корей елшілігі осы атаулы күнді Казақстанда Кореяның
мәдениет күндерін өткізу нысанында кең ауқымда мәдени шаралармен алмасу
арқылы мерекелеуді жоспарлап отыр, сондай-ақ корей иммигранттарына
көрсеткен қонақжайлылыгы үшін қазақтарға ризашылық білдіру ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz