ҚАЗАҚСТАН МЕН КОРЕЯ РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БАЙЛАНЫСЫ
ҚАЗАҚСТАН МЕН КОРЕЯ РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
БАЙЛАНЫСЫ
Қазіргі кездегі әлем Қазақстан мен Корея республикасының мүддесіне
тікелей қатысы бар түбегейлі және қарқынды өзгерістерді бастан кешіруде.
Астана мен Сеул БҰҰ мүшесі ретінде осы процестің белсенді қатысушылары
болып табылады, әлемнің жетекші мемлекеттерімен тығыз қатынас жасай отырып
өркениятты қоғам құру үшін олардан айтарлықтай қолдау табады.
Халықаралық қатынастардың өзгеруі, қырғи қабақ соғыс кезіндегі
тайталастың аяқталуы қазақстандық және кореялық реформалардың ілгерілеуі
Азия континентіндегі ынтымақтастықтың мүмкіндіктерін едәуір кеңейтті. Екі
мемлекет арасындағы қатынаста экономикалық, саяси және ғылыми-техникалық
факторлар үлкен рөл атқарады.
КСРО тарап, Орталық Азияда жас мемлекеттер пайда болған кезде басқа
елдер сияқты Корея республикасы да осы стратегиялық маңызды аймақта өз
қатынасының болу қажеттігін сезінді. Корея республикасы Орталық Азия
аймағына өзінің технологиядағы және экономикадағы жетістіктері арқылы ықпал
етуге ұмтылды.
Қазақстан мен Корея Республикасын бөліп тұрған жер қашықтығы халықтың
әл-ауқатын жақсарту үшін экономикалық дамуды қамтамасыз ету керектігіне
деген біртұтас көзқарасқа бөгет бола алмайды және бүгінгі күнгі әлемдік
нақты жағдай өсудің басты шарты ретінде сауда мен ынтымақтастықтың
шекарасын кеңейтуді талап етеді.
Қазақстан ішкі саяси жағдайының тұрақтылығы мен тыныштығының арқасында
кореялық саясаткерлер мен кәсіпкерлерді қызықтыруда. Әлемдік саясаттың
басты мәселелеріне Астана мен Сеулдің пікірлес көзқарасы аймақтық және
ғаламдық тұрақтылықтың негізгі тірегі болып отыр. Қазақстан Корея
республикасымен барлық бағытта өзара тиімді қарым-қатынасты дамытуға
ұмтылады. Басты міндет саяси қатынастар деңгейіне сәйкес экономикалық
ықпалдастықты кең көлемде жүргізу болып табылады.
Қазақстан Корея Республикасы үшін Ресейге, Еуропаға, Орталық Азия
елдеріне және табиғи ресурстардың орасан зор базарына ең жақын жол болып
саналады. Қазақстан Республикасы мен Корея Республикасының сауда-
экономикалық ынтымақтастықтығы электрондық және тұрмысқа қажетті техниканы,
жұрт кеңінен тұтынатын, ауыл шаруашылығы, медициналық тауарларды өндіру
саласында жүзеге асуда
Қазақстан өнімдері экспортының құрамында минералдық тыңайтқыштар хром
түзінділері, мыс, қорғасын, мырыш, шойын, мия тамыры, шитті мақта болса,
медикаменттер, халық тұтынатын тауарлар, автомобильдер импорттайды.
Ұзақ мерзімді кезеңде екі ел арасындағы сауда-экономикалық
ынтымақтастықтың мүмкіндігі елеулә дәрежеде екі елдің шаруашылық құрамдары
көп жағдайда бір бірін толықтыратындығымен айқындалады. Корея
республикасында көптеген минералдық ресурстар жоқ. Қазақстан Оңтүстік Корея
экономикасында елеулі көлемде пайдаланылатын экспортқа шығарушы болып
табылады.
Қазақстан мен Корея Республикасындағы түбегейлі экономикалық және саяси
реформалардың басталуының алғашқы шептерінің қоғамдық-саяси өмірдің негізгі
бағыттарының көптеген көрсеткіштері бойынша принциптік айырмашылығы бар.
Сыртқы саясаттағы белілі бір ұқсастығына қарамастан екі елдің реформаның
жүрісіне әсерін тигізетін әлеуметтік және экономикалық негізі, ұлттық
менталитеті, әйгілі дәстүрлері, психологиялық көзқарастары, дүниетанымдық
ерекшеліктері мүлдем басқаша.
Қазақстан мен Корея Республикасы сияқты мемлекеттер арасында өзара
қарым-қатынасты қалыптастыру процесі халықаралық тәжірибенің жаңа дағдысы
болып саналады: біріншіден, ол әлемдік қоғамның назарын өзіне көбірек
аударады; екіншіден, осы елдердің әрқайсында болып жатқан оқиғаларды, ең
алдымен жүргізіліп жатқан экономикалық реформаларды зейін қойып зерттей
бастады.
Қазақстандық және корейлік сыртқы саясат халықаралық қатынастар
субъектілерінің арасындағы өзара мүдделерді толық есепке алу қажеттігіне
негізделеді. Тұтас алып қарағанда екі елдің сыртқы саясаттағы беталысы
келесі негізгі көзқарастар бойынша қалыптасады:
1. Азия континентіндегі тұрақты халықаралық қатынастар экономикалық
және саяси реформаларды, сондай-ақ мемлекет ішінде жанартауларды жүргізуге
игі ықпал етеді;
2. Елдердің қоғамдық-саяси құрамы жағынан бір-бірінен айырмашылығы
болғанымен, олар бірін-бірі ескермеуге тиіс емес, қайта мемлекеттік
тәуелсіздіктің негізгі принциптерін өзара құрмет негізінде бейбіт қатар
өмір сүруді және көп жақты ынтымақтастықты қамтамасыз етулері керек;
3. Мемлекеттер арасындағы екі жақты қатынастар, оларда жүріп жатқан
реформаларды салыстыру көп полюсті және өзара тәуелділігімен айқындалатын
қазіргі заманғы халықаралық қатынастардың өзіндік ерекшелігін есепке алуға
мүмкіндік береді.
Астана мен Сеул жаңа реформалар мен жаңғыру үшін әлеуметтік-саяси
негіздерінің айырмашылығына қарамастан, жаңа жаһандық саяси ахуалдарға
бірге қосылды, бұл процестердің барысында бір мезгілде әр ел өзінше ықпал
етеді. Ендігі жерде олар жаһандық жаңа саяси қатынастардың объектісі және
олардың қатынасушылары болады. Жаһандық саяси кеңістіктің жаңа жағдайында
бұл елдердің әрқайсысының рөлін және саяси халықаралық оқиғалардың бұдан
былайғы барысына қандай дәрежеде ықпал ете алатынын уақыт көрсетеді.
Корея республикасының экономикалық реформаларының нәтижелері айқын.
Реформалық процестердің болашағы көптеген факторларға байланысты, оның
ішінде өндірісті жаңғырту мен экономикалық саясаттың заң негіздерін
жетілдіру де бар. Ол сондай-ақ саяси жүйе мен мемлекеттің саясатқа да,
мемлекеттік институттардың, ең алдымен өкіметтің болып жатқан өзгерістерді
қаншалықты сергектікпен сезінуіне және дамудағы немесе баяулаудағы белгілі
беталыстарды болжай алатынына байланысты.
Сеул Астанамен дипломатиялық қатынастар орнатып алған соң екі жақты
кеңейтілген қатынастарға кірісерден бұрын жас мемлекеттің ішкі саяси
жағдайының күйіне абайлап көз салды. Ол республикада сыртқы қарым-
қатынастарды дербес жүргізуде тәжірибенің жоқтығын ескере отырып, онда
жүріп жатқан процестердің барлығын зейін қойып зерттеді. Ол тұрақтылық
қамтамасыз етілмеген жерге өз қаражатын салуға асықпады. Оны бәрінен бұрын
ықтимал әлеуметтік сілкіністер алаңдатты.
Сеулдің зтор көңіл бөліп отырған объектісі Қазақстандағы экономикалық
реформаға барынша қолдау жасау болып табылады. Корея Республикасы бұл елде
тұрақтылықты нығайтуда гуманитарлық байланыстар үлкен рөл атқарады деп
санайды. Корея Қазақстанға гуманитарлық көмек көрсетті де және көрсетіп
келеді. Ол көмек екі ел арасындағы дипломатиялық қатынастардың ресми
арнасымен басталды. Мәселен, Қазақстан Республикасы Президенті
Н.Ә.Назарбаевтың жолдауына жауап ретінде Корея Республикасының Президенті
Ким Дэ Чжун Аралды құтқаруға 50 мың АҚШ долларын бөлу жөнінде жарлық берді.
Соңғы жылдары Сеулдің Астанаға гуманитарлық көмегі қарқынды өсуде, егер
1996 жылы Қазақстан үшін 814,4 мың доллар бөлінсе, 1999 жылдың бірінші
жарты жылдығында оның көлемі 2 миллион АҚШ доллары болды.
Сеул Қазақстан бастан кешіріп отырға экономика саласындағы
қиыншылықтарға түсіністікпен қарайды. Кореяның ресми басшылығы Қазақстан
Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың мемлекетті нығайту және
реформаларды жүргізу жөніндегі батыл іс-әрекеттерін қызығушылықпен және
мақұлдаумен қабылдады.
Ондай үрдістер екі ел арасындағы сауда айналымының ұдайы өсуінен
көрінеді, оның көлемі он жыл ішінде 500 миллион АҚШ доллары деңгейіне дейін
көтерілді. Екі жақты Қазақстан-Корея ынтымақтастығында әлі де көптеген
пайданылмай жатқан резервтердің бар екенін көріп, оларды іске қосуға мән
беруде.
Екі мемлекет тарихында әр түрлі кезеңдер болды, соның ішінде қарсы
тұрған шақтар да (Одақ кезінде) болды. Бүгінде барлық қатынастарда жаңа
көзқарас орнықты.
Бұл істе екі достас елде жүргізіліп жатқан саяси реформалардың рөлі
үлкен.
Соңғы жылдары Қазақстан мен Корея Республикасы екі жақты
ынтымақтастықты кеңейту, бейбіт қатар өмір сүруді нығайтуғ сондай-ақ
халықтар арасындағы достықты күшейту үшін нақты саяси қадамдар жасауда.
Сеул мен Астана өзара тиімді екі жақты қатынастар арқылы халықаралық
бұлжымас құқық жүйесінің идеалына іс жүзіндегі адалдық, Азия аймағындағы
гүлдену мен қауіпсіздік бекиді деп сенеді.
Екі мемлекеттің басшылары Н.Ә.Назарбаев пен Ким Ен Сам 1995 жылғы
Сеулдегі кездесуінде қатынастардың әлеуметтік негізін нығайту Қазақстан мен
Корея халықтарының мүддесіне сай келеді деп атап көрсетті. Бұл істе
гуманитарлық байланыстар, білім беру, мәдениет, денсаулық сақтау
салаларындағы достық алмасуларды кеңейту, адамдар арасындағы байланыстар,
Қазақстан – Корея достық, бейбітшілік және даму комитетінің қызметі маңызды
рөл атқарады.
Қазіргі кезде стратегиялық әріптестік жүзеге асырылып отырған саланың
бірі Қазақстан мен Кореяның халықаралық істердегі әріптестігі болып
табылады. Ол өмір шындығына айналды, өйткені ол құр сөз жүзінде емес,
түбегейлі ұлттық мүдделердің сай келуіне тіреліп отыр. Астана мен Сеулдің
қазіргі заманғы әлемдік мәселелердің көбіне көзқарастарының жақын болып
келуінің себебі осында. Бұл туралы екі елдің басшылары Сеулде жасаған
бірлескен мәлімдеме айтылды және сонда қол қойылған бірнеше келісімдерге де
көрсетілді.
Қазақстан дипломатиясы Солтүстік және Оңтүстік Кореялар арасындағы
көпке созылған жанжал Азия құрлығындағы қауіпсіздік нақты қауіп төндіреді,
Қазақстан мүддесіне де тікелей қатысы бар деген болатын. Астана өзінің БҰҰ-
на мүшелік статусын пайдалана отырып, Азия аймағындағы жағдайды қалыпқа
келтіруге белсенді бағыт ұстауға ниетті. Корея түбегін ол Азия-Тынық мұхит
аймағындағы (АТА) байланыстырушы түйін ретінде қарайды, оны бейбітшілік,
тұрақтылық аумағына айналдыруға мүдделі, ал оған халықаралық терроризм де,
ұлттық сепаратизм мен діни экстремизм де, есірткінің таралу қаупі де,
ұйымдасқан қылмыс та кедергі. Осындай күрделі Кореяның бірлесіп
іздестіретіні қуантады.
КОРЕЯ
Корея Республикасы (корейше Чосон) – таң самалының елі – Шығыс Азиядағы
Корей түбегінде орналасқан мемлекет. Жер көлемі – 98,5 мың шаршы километр.
Халқы – 46,1 млн адам (1999). Ресми тілі – корей тілі. Тұрғындары
негізінен, корейлер, 30 мыңға жуық қытайлар, т.б. ұлт өкілдері тұрады.
Олардың көпшілігі будда дінін, кейбір бөліктері конфуцифшілдік пен христиан
дінін ұстанады. Астанасы – Сеул қаласы (11 млн). Әкімшілік бөлінісі 9
провинциядан және тікелей орталыққа бағынатын 6 қаладан тұрады.
Конституциясы бойынша, елді президент басқарады (1997 жылдан Ким Дэ Чжун).
Заң шығарушы органы – Ұлттық жиналыс (299 депутаттан тұрады). Ұлттық
мерекелері: 15 тамыз – Республика жарияланған күн (1948), 3 қазан –
мемлекеттің құрылған күні (Ежелгі Чосон б.з.б. 108 жыл). Ұлттық ақшасы –
вон.
ТАБИҒАТЫ. Корея — таулы ел. Солтүстік жағында Корей таулары (Кымгансан,
Хамчен, Пуджоллен, Кяма, т.б. таулары мен үстірттер) жатыр. Тек батыс
жағалаулары ойпатты, жазық келеді. Кен байлықтары — темір, қорғасын, мырыш,
мыс, хром, тас көмір, қоңыр көмір, т.б. Климаты жағынан солтүстігі —
континенттік муссондық, оңтүстігі — субтропиктік. Қаңтардағы орташа
температура солтүстігінде -2°С (тауларда -30 — 40°С-қа дейін), оңтүстігінде
4°С, тамыз — шілде айларындағы температура 22 — 26°С. Жауын-шашынның жылдық
орташа мөлшері 700 - 1500 мм. Солтүстігінде қыста қар жауады. Өзендері жиі
орналасқан, бірақ шағын келеді. Территориясының 34 бөлігі орманды (емен,
шаған, шырша, қарағай, самырсын, оңтүстігінде мәңгі жасыл ормандар) және
бұталы. Жолбарыс, қабылан, қара және қоңыр аю, сілеусін, ала бұғы, т.б.
аңдар, құстардың көптеген түрлері мекен етеді. Жағалауындағы теңіздерде
балықтың 35 түрі кездеседі.
ТАРИХЫ. Археологиялық зерттеулерге қарағанда Корея жерін палеолит
заманынан бастап адамдар қоныстана бастаған. Б.з.б. 1-мыңжылдықта алғашқы
мемлекеттер құрыла бастады. Олардың ішінде Чосон мемлекеті б.з.б. 2 — 1
ғасырларда аса күшті мем-лекетке айналды. Б.з. басында Кочуре
(солтүстікте), Пэкче (оңтүстік-батыста), Силла (оңтүстік-шығыста) атты
мемлекеттер қүрылды. 4 — 6 ғасырларда елге будда діні тарай бастады. Силла,
Пэкче, Кочуре мемлекеттері өзара соғысып отырды. Осыны пайдаланған
Қытайдағы Таң әулеті мемлекеті Кочуре мен Пэкчені басып алды. Бірақ Силла
мемлекеті 676 ж. қытайларға тойтарыс беріп, 8 ғасырда Кореяның көпшілік
жерлерін біріктірген біртұтас мемлекет қүрды. 9 ғасырда Силла ыдырап, 935
ж. Коре мемлекетінің (елдің қазіргі еуропаша атауы осы Коре атауынан
шыққан) негізін қалаушы Ван Гон елді қайта біріктірді. Жаңа мем-лекет
қидандардың шабуылына (993, 1010 - 11, 1018 — 19) төтеп беріп, елдің
тұтастығын сақтап қалды. Шаруашылық өркендеп, сауда мен қолөнер дамыды,
металл ақша пайда болды. 1231 — 59 жылы Коре мемлекеті Шыңғыс хан
империясының қол астына өтіп, 14 ғасырдың орта тұсында ғана тәуелділіктен
құтылды. 1352 — 62 ж. Қытай әскерлерінің шабуылын тойтарып, Чосон атауын
(ежелгі Чосон мемлекеті құрметіне) қайтып алды. Астана Кэчен қаласынан
Хансонға (Сеул) көшірілді. 16 ғасырдың аяғында елге жапондар, 17 ғасырда
маньчжурлар басып кірді. Корей халқы 1592 — 98 ж. жапон басқыншыларынан
елді қорғап қалғанымен, маньчжур шапқыншылығына төтеп бере алмады. 1637 ж.
Корей билеушісі маньчжур әулетіне бағынды. Дегенмен 17 — 18 ғасырларда ел
әлеуметтік-экономикалық жағынан біршама ілгері басты. Ірі қалалар көбейіп,
сауда орталықтары құрылды. 18 ғасырдың аяқ кезінен бері экономикада
нарықтық катынастар пайда болды. 19 ғасырдың 2-жартысынан бастап дамыған
елдер Кореяға күш көрсете бастады. 1876 ж. Жапония Кореяны тиімсіз Канхва
шартына қол қоюға мәжбүр етті. Осындай шарттар 1882 ж. АҚШ, 1893 ж.
Ұлыбритания, Германия, 1894 ж. Ресей, Франция мемлекеттерімен де жасалды.
1893 — 94 ж. елде болған халық толқуларын басуды сылтауратып, Кореяда Қытай
мен Жапония әскерлері өздері таласқа түсті де, соның салдарынан жапон-қытай
соғысы (1894 — 95) болып өтті. Қытай Кореядан кетуге мәжбүр болды. 1904 —
05 жылдардағы болған орыс-жапон соғысынан кейін Жапония елге біржолата
орнықты, 1910 жылдан бастап Корея отарға айналды. Чосон мемлекеті жойылды.
1919 — 45 ж. елде жұмысшы-шаруа және оқушы жастардың отаршыларға қарсы
ұйымдары құрылды. 2-дүниежүзілік соғыста Жапония жеңілгеннен кейін, 1945
жылғы Ялта (Қырым) конференциясы шешімдеріне сәйкес, Корея 38° ендікте екі
бөлініп, солтүстігі КСРО-ның, оңтүстігі — АҚШ-тың бақылауына өтті. Соғыстан
кейінгі жыл-дары КСРО мен АҚШ арасындағы "қырғи-қабақ соғысқа" байланысты
ел жасанды түрде екіге бөлінді. 15 тамызда (1948 ж.) Сеулде ресми түрде
Корея Республикасы, ал 9 қыркүйекте Пхеньянда Корей Халық Демократиялық
Республикасы құрылды Екі ел арасында 1949 ж. қарулы қақтығыстар, 1950 — 53
ж. корей соғысы болып өтті. 1953 ж. 27 шілдеде соғыс еш нөтижесіз аяқталып,
шекарада ені 4 км созылатын демилитаризацияланған аймақ пайда болды. 1987
жылға дейін Кореяда әскери төңкерістер (1961, 1979) болып, билік басында
әскерилер отырды. Дегенмен 20 ғасырдың 60 — 80-жылдары елде экономика
қарқынды дамып, Корея кеме жасау мен электронды бұйымдар жасаудан жетекші
орынға шықты. 1987 ж. демократиялық қозғалыстардың қысымымен елде
либералдық реформалар жасалды, президент сайлауы өткізілді. 1988 ж. Сеулде
24-інші Олимпиада ойындары өтті. 1998 ж. тұңғыш рет оппозиция үкімет басына
келді. ЭКОНОМИКАСЫ. 20 ғасырдың 60-жылдарынан бастап Корея экономикалық
жағынан жедел дамыды, 1996 ж. дамыған елдер деңгейіне жетті. Бұған
үкіметтің өндірісті қолдауы, экспортты да-мытуға бағытталған стратегия, ең
соңғы технологияны қолдану, жоғары білімді мамандар мен сауатты жұмысшылар
даярлау ықпал етті. "Азия жолбарысына" айналған осы ел 1997 ж. қаржы дағ-
дарысына үшырап, ол 1999 — 2000 жылға дейін созылды. Экономика құлдырап,
жұмыссыздық көбейді. Үкімет Халықаралық валюта қорынан көмек ала отырып, ел
экономикасын қайта көтере бастады. Кореяның жылдық ұлттық табыс көлемі —
485,2 млрд. АҚШ доллары, жеке адамға шаққанда — 13500 долл. шамасында.
Сырткы қарызы — 95,5 млрд. долл. Экспортқа электр тауарлары, киім-кешек,
аяқ киім, кеме, химия өнімдерін шығарса, импортқа мұнай мен мұнай
өнімдерін, астық және тамақ өнімдерін, химия өнімдеріне қажетті шикізаттар
әкелінеді. Негізгі сауда серіктестері: АҚШ, Жапония, Сауд Арабиясы,
Австралия, Сингапур, Қытай, т.б. Қазақстанмен Корея арасында дипломатиялық
байланыстар 1991 ж. 30 желтоқсанда орнады. 1993 ж. 30 шілдеде Алматыда
Корея елшілігі, 1995 ж. мамырда Сеулде Қазақстан елшілігі ашылды. Екі ел
арасындағы сауда-экономикалық, мәдени байланыстар біршама жоғары деңгейде.
Елдегі қаржы дағдарысына қарамастан Корея Қазақстанға инвестиция
салушылардың көш бастаушыларының бірі.
КОРЕЙЛІК-ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ҚАТЫНАСТАР:ОРТАҚ БОЛАШАҚ ЖОЛЫНДА БҰРЫНҒЫ ДОСТЫҚ
БАЙЛАНЫСТАРДЫ ЖАҢҒЫРТУ
Корея Республикасы бөлінген ел ретінде кырғиқабақ соғыстың авангардында
болды, оның солтүстік бөлігін коммунистік лагерь еншіледі. Соның салдарынан
Кеңес Одағы қырғи-қабақ соғыстың бүкіл дәуірі аралығында қарапайым
корейліктер үшін тыйым салынған ел болып қалды. Сексенінші жылдардың
басында, оңтүстіккореялық жас дипломат болған мен Лондонда жүріп орыс тілін
үйрене бастаған кезімде Корея Республикасының сыртқы істер Министрлігінен
менің үйреніп жүрген тілімде барлығы дерлік сөйлейтін елге барып-қайтуға
рұқсат сұрадым. Менің сапарым ұшыратуы мүмкін дипломатиялық шиеленістерден
корыққандықтан, Министрліктің менін өтінішімді кабылдамағаны өзінен-өзі
түсінікті, ол ішінара Оңтүстік Кореяның дипломатиялық қатынастары жоқ елге
жіберуге менің жеке басымның қауіпсіздігіне де алаңдаса керек. Ол кезде
Орталык Азия барлық оңтүстіккореялыктар үшін әлі де белгісіз аймақ күйінде
қалса, ал этникалық корейлердің Кеңестік Қазақстан Республикасында тіршілік
етуі тек бірнеше советтанушылардың академиялық білім мәселесі ғана болды.
Сонда да болса, Орталық Азияның корейлердің арғы ата-бабаларының шыққан
тегінің орны болуы мүмкін екендігі, және Орталық Азиядағы халықтардың
тілдерінің корей тілімен байланысты екені, оралдық-алтайлық тіл топтарының
мүшесі ретінде ортақ грамматикалық кұрылымга ие екендігі туралы білген
оңтүстіккореялықтар әлемнің осы белігіне үлкен қызығушылық танытты, тарихта
VIII ғасырдан бері корейлердің саясат жасағаны жөнінде айтылады.
Самарқандағы көне сағаналардың бірінің қабырғаларыңда бейнеленген корей
фигурасы біздің бабаларымыз осы өңірде ежелден жүргізіп келген өзара
ықпалдастықтың куәсі болды.
Кырғи-қабақ соғыстың аяқталуы Оңтүстік Корея халқына басым бөлігі
белгісіз, бірак баяғыда ұмыт болған жерді зерттеуге мүмкіндік берді. 1992
жылы Корея Республикасы мен жаңа тәуелсіз мемлекет - Казақстан
Республикасының арасында дипломатиялық қатынастар орнады. Сәйкестік бойынша
біздің екі мемлекетіміз елдің бірдей есімдік аббревиатурасына ие — КОК,
әйткенмен, Казақстан Республикасы КК аббревиатурасын пайдаланғанды жөн
санайды.
Әрине, корейлердің осы өңірге қатты қызығуы және Орталық Азия мен оның
халқын жете білуі кездейсоқ емес, оңтүстіккореялыктар баяғыда ұмыт болған
жерімен экономикалық және мәдени жаңа байланыстар орнату үшін Қазақстанға
басқалардан бұрын келді. Мен алғашқы оңтүстіккореялық инвесторлардың,
суретшілер мен миссионерлердің батылдығы мен кұмарлығына тәнтімін, олар
саяси тосқауылдар алынғаннан кейін бірден өздеріне өмір бойы
қазақстандықтармен дос болу міндеттемесін алды. Бірақ оны мүмкін еткен
солардың жеке міндеттемесі ғана емес.
Біздің елдеріміздің ел атауы аббревиатуралары арасындағы ұқсастықтан
бөлек те көп ортақ нәрселері бар. Елдеріміз еркін және гүлденген
мемлекеттер құруга ұмтылып, демократия мен ашық нарықтық экономиканы
қолдайды. Біздің халықтарымыздың негізгі ортақ ерекшеліктерінің бірі
анағұрлым ірі мемлекеттермен шектесетін қос елдің геосаясаттық жағдайында
бейбітшілікке ұмтылу болып табылады.
Халықаралық құқық пен нормаларды кұрметтеу, әсіресе ортақ өсіп-өркендеу
мақсатымен аймақтық ынтымақтастыққа ұмтылу, Корея мен Қазақстан ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz