Ағартушылық ғасырының мәдениеті (XVIII ғ. )


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   

Ағартушылық ғасырының мәдениеті (XVIII ғ. )

XVIII ғ, Еуропалық мәдениет - XVII г. мәдениетінің заңды жалғасы болумен қатар, өзінің түрі, мазмұны және мәні ерекше мәдениет. XVII ғ. рационализмнің қалыптасу кезеңі болса, ал XVIII ғ. Ағартушылық ғасырына айналды. Бұл дәуірдің ұлы ағартушы - гуманистері: Вольтер мен Руссо (Франция), Гете мен Шиллер (Германия), Юм (Англия), Ломоносов пен Радищев (Ресей) және т. б. адамзат баласының теңдігін батыл қолдап, құлдық пен деспотизмге қарсы бітіспес күреске шақырды. Қоғамдық сананың жаңа сатыға көтерілуі, протестанизм идеяларының кеңінен таралуы, жаратылыстану ғылымдарының қарқынды дамуы, ғылымға бұрын-соңды болып көрмеген қызығушылықтың пайда болуы және т. б. - осылардың бәрі де жаңа ғасырға тән белгілер еді. XVIII ғ. құдайға, қоғамға, мемлекетке, тіпті адамның өзіне деген көзқарастар өзгеріп, жаңа арнаға түсті.

XVIII ғ. Франция мемлекеті Еуропаның рухани өмірінің негізгі ошағына айналды. Француз халқының философиясында, әдебиетінде, өнерінде және т. б. жаңа леп, соны бағыттар аңғарыла бастады. Осы уақытқа дейін өздерін Францияның қарсыласымыз деп есептеп келген Испания, Германия, Польша, Ресей, тіпті Англия сияқты өркениетті елдер француз мәдениетін мойындауға мәжбүр болды.

Қоғамдық өмірдің қарама-қайшылықтары шиеленіскен Францияда «ағартушылық идеологиясы» 1789-1793 ж. ұлы француз революциясының, ал одан кейін бүкіл Еуропаны жайлаған реформаторлық қозғалыстың теориялық және рухани алғышарттарына айналды. Шындығын айтсақ, бүгінгі заманның ең өркениетті елдерінің бірі Америка Құрама Штаттары да «ағартушылық идеяларының» негізінде қалыптасып, іргелі мемлекетке айналды.

Франциядағы саяси революция, АҚШ-тағы тәуелсіздік жолындағы күрес және Англиядағы өнеркәсіп төңкерісі Реформация кезеңінен басталып, ұзаққа созылған жалпы Еуропалық дамудың тарихи қорытындысын шығарды. Ол қорытынды - қоғамның жаңа түрі - «өнеркәсіп өркениетінің» қалыптасуы болды. Бұл кезеңде феодалдық қоғам мен шаруашылықтың натуралдық жүйесі ғана емес, сол қоғамға лайықталып қалыптасқан қоғамдық сана да күйзеліске ұшырады. Моральдық кризис қоғамдағы білімді адамдарды да қамтыды. Қоғамда өз орнын таба алмаушылар санының көбеюіне, халықтың қараңғылығы мен сауатсыздығына, халықтың қайыршылығы мен құқықсыздығына, қала люмпендерінің азғындауына қарсы тұрар күш - мәдениет болды. Ол қоғамда жасампаздық пен шығармашылық рөл атқарды. Ал мәдениеттің өркендеп дамуы қоғамдық-саяси және әлеуметтік өзгерістерге тікелей байланысгы болды.

Өнеркәсіп саласында, қоғамның базистік құрылымында мануфактурадан күрделі технологияға көшу, шикізаттың жаңа түрлері мен энергия көздерін игеру және т. б. шаралар жүзеге асырылды

Ғылым саласында, бұрын механика-математика сияқты ғылым салалары үстемдік еткен болса, енді оның қатарына физика, гсография, биология және т. б. ғылымдар қосылды. Ендігі жерде табиғатта, қоғамда болып жатқан түбегейлі өзгерістер ғалымдар назарынан тыс қалмады. Қоғамдық ғылымдар саласында, әсіресе философия ерскше бедеенділік танытты. Философтар қоғамдық өмірге сын көзбен қарап, терең философиялық пайымдаулар жасады. Олардың сынының негізгі объектісі - қоғамдық (мемлекеттік) құрылыс және сол құрылыстың идеологиясы - дін болды.

Әлеуметтік қайшылықтар бұрын-соңды болып көрмегсн дәрежеде шиеленісіп, таптық қайшылықтар асқынған Францияда дінді (католиктік) сынау радикалдық, атеистік тұрғыдан жүргізілді. Гольбахтың пікірінше, дін - барып тұрған өтірік пен сандырақ, сондықтан дінді жоймайынша феодалдардың деспотизмінен құтылып, зорлық-зомбылықты жою мүмкін емес. Ағылшын философы Юм мен неміс философы Канттың көзқарастары мұндай рационализмнен алшақ болғандығына қарамастан олар да феодалдық идеологияны қатал сынға алды. Олар қоғамдық мораль мен адам тұлғасы діннен тәуелсіз болу керек деп жариялады.

Революция отаны Францияда да Ағартушылық идеялары біртектес болған жоқ олар реформизмнен (XVIII ғ. бірінші жартысы) бастап, ашық революциялық қимылдарға (XVIII ғ. 60- 80 ж. ) дейін нағыз эволюцияны басынан кешірді. Егер ағартушылардың аға буынының өкілдері - Монтескье мен Вольтер конституциялық-монархиялық құрылыс орныққан көршілес Англияның үлгісімен феодалдық ағымды біртіндеп буржуазияландыру идеясын ұсынса, феодалдық құрылысқа жан-тәнімен қарсы келесі ұрпақтың өкілдері - Д. Дидро (1713-1784) . Қ Гельвеций (1715-1771) П. Гольбах (1723-1789) басқаша көңіл-күйде болды. Олар помещиктік меншік пен сословиелік артықшылықтарды мүлде жойып, деспоттық өкіметті құлатуға шақырды.

XVIII ғ. ортасына қарай Еуропаның ірі мемлекеттерінде король өкіметі феодалдық үстемдікке қарсы күресте «үшінші сословиены» өзінің одақтасы деп санамады, ал оның есесіне король өкіметі шіркеумен және дворяндармен ынтымақтастығын одан әрі нығайтып, оларды осы бір тарихи кезеңде өзіне одақтас етті. Ескі қоғамның барлық саяси күштері бұрынғы алауыздықтарын уақытша болса да ұмытып, халық толқуларына күресте бірігіп күш көрсетті. Өз халқына қарсы бітіспес соғыс жариялаған абсолютті режимнің тағылық әрекеттері мәдениет саласына да ойысты. Қоғамға жат пиғылда жазылды деп танылған еңбектер отқа жағылды, ал ол еңбектердің авторлары түрмеге қамалды. Бірақ, еркіндік пен бостандық рухына қарсы небір сұрқия шаралар қолданылса да, ол өз шарасынан төгіліп жатты. Өйткені, заманның рухы, оның тынысы мәдениет пен өнердің барлық салаларында да кеңінен көрініс тапты. Бах, Г»ете, Моцарт, Свифт және т. б. дарын иелері сол бір қилы заманда туындаған творчестволық шабыт иелері болды. Олар өз замандастарымен де, болашақ ұрпақтың өкілдерімен де «Мәңгілік өнер» тілімен тілдесті олардың шығармаларының халық жүрегінен терең орын тапқаны соншалық, бұл ұлы туындыларды өнердегі қалыптасқан «стильдер» қатарына жатқызуға болмайтын сияқты.

Бірақ, осы жағдайға қарап XVIII ғ. мәдениеті мен өнерінің өзіндік ерекшеліктері, дәлірек айтқанда өзіне ғана тән көркемдік стильдері мүлде болмаған екен деген ұғым туып қалмау керек. Өнер саласында біртектес стильдер (романдық және готикалық стильдер) қалыптасқан өткен тарихи кезеңдерге қарағанда бұл дәуір өнері өзіндік бет-бейнесімен өзіндік сипатымен ерекшеленді. Жаңа заман стильдері - заман талабынан туған мәдени қажеттілік болып саналады. Солардың бірі - мәдениет саласындағы ескі дәстүрлер (готика) мен демократиялық еркін ойлау идеяларын өзара ұштастыра білген өнердегі мүлде жаңа стилъ - барокко бағыты болды. Барокко - астарлы, әдептен тыс деген мағына береді. Оның әлеуметтік негізі - абсолютизм дәуіріндегі дворяндық мәдениет. Барокко - халықаралық құбылыс, ол әсіресе Италияда, Испанияда, Францияда, Германияда кең қанат жайды. Осы дәуірдің күрделі қоғамдық шиеленістері барокко өнеріне өз әсерін тигізбей қойған жоқ. Сондықтан да болар, аталған елдердегі қалыптасқан саяси-әлеуметтік жағдайлар адамдардың сана-сезіміне ғана емес, сонымен бірге осы бір өнер саласының қалыптасын дамуына да ерекше ықпал етті. Барокко стилі әсіресе сәулет өнері саласында айқын көрінді, осы стилъде зәулім сарайлар мен парк ансамбльдері салынды. Олар тарихи кезеңнің куәгері, еуропа мәдениетінің баға жетпес ескерткішіне айналды. Шындығында да, Ағартушылық дәуірінде парктер мен бақтар - философиялық әңгімелер мен ой-толғаныстарының негізгі орталықтары болды. Олар - табиғат пен адамның, тіпті адамдардың қарым-қатынастарының өзара үндестік табуына себепкер болатын қасиетті орынға айналды. Парктер мен бау-бақшалар композициясын музейлер мен театрлар сурет галереялары мен кітапханалар, ғибадатханалар және т б. мәдени ошақтар одан әрі түрлендіре түсті.

XVIII ғ. бароккомен қатар Батыс Еуропа өнерінде кеңінен тараған стильдердің бірі рококо болды. Ол сарай зиялылары мәдениетімен тікелей байланыста қалыптасты. Рококо эстетикасының басты ұраны - «Өнер - рахаттану құралы». Бұл ұран сол бір кезеңдегі «ертеңгісін ойламайтын аристократтардың (ақсүйектердің) дүниеге көзқарастарын дәлме-дәл көрсетеді. «Бізден соң не болса да мейлі» деген Людовик ХҮ-нің ұраны да осы дәуірде шыққан.

Бірақ, Еуропа халқы болашақтан топан суды немесе селді емес, түбегейлі өзгерістерді, мәдени жаңғыруларды күтті. Халық сенімі бұл орайда ақталды десек қателеспейміз, өйткені ғасырдың бел ортасына қарай Франция, одан кейін бүкіл Еуропа елдері Ағартушылық идеялары рухының аясында өмір сүрді. Вольтер мен Руссо күрес туларын көтерді. Бірақ, бұл екі ақыл-ой алыптарының алдарына қойған мақсаттары мен бағдарламаларында айтарлықтай айырмашылықтар болды, өйткені олар ескі қоғамдық құрылысқа қарсы екі орталықтың, әлеуметтік өмірдің шиеленіскен жағдайындағы қарсы полюстің өкілдері болатын. Екі ғұлама да бір уақытта, 1778 жылы қайтыс болды, бірақ тіршілікте бірін-бірі аяусыз сынаумен өтті. Женевалық философтың плебейлік демократизмі Вольтердің жүрегін айнытты, тіпті Руссоны өркениеттің жетістіктері мен рахатынан бас тартып, адамның алғашқы табиғи жағдайына көшу қажеттігі жайындағы пікір де ешқандай қанағаттырмады. Ал Руссо болса өз тарапынан замандасының қарапайымдылыққа байланысты өркөкіректігін жақтырмады. Бірақ, тарихи кезең бұл қарама-қайшылықтарды жуып-шайып жіберді, өйткені олар күні өтіп бара жатқан қоғамдық құрылысты, оның идеологиясын қай тұрғыдан сынаса да, қалай сынаса да - ортақ іс үшін бір мақсат үшін сынады, ортақ мақсат үшін күресті, сондықтан да бұл екі дананың екеуі де ағартушылық заманының ұлылары болып қала береді.

Олай болса, қоғамды қайта құру жолындағы күрестің бұл аристократиялық және демократиялық жолдары - прогресс жолындағы мәдени қозғалыстың екі бағыты десек қателеспейтін шығармыз деп ойлаймыз.

Вольтердің жолы - рухани және әлеуметтік революцияларды «жоғарыдан» жасау жолы, бұл жол - Вольтердің ізін қуушылардың романтизм мен еркіндікке ұмтылу жолы. 1825 жылы Рессй топырағында болған декабристер қозғалысы да осы идеялар жолындағы патриоттық күрес болды. Еуропалық және орыс әдебиетінде Чайльд Гарольд, Карл Моор, Чацкий мен Дубровский сияқты аристократтық толқулар батырларының бейнелерінің тамаша сомдалуы да осы бір ағымның әсерінен болса керек.

Вольтерге қарағанда Руссоның ілімі мен идеяларының тағдыры әрі күрделі, әрі ерекше. Олардан француз революциясының бостандық, теңдік, туысқандық жайындағы өмірлік ұрандар туындады. Бірақ, өкінішке ораи бостандық пен теңдікті желеу етіп якобші диктатурасы өз бағдарламасында жаппай қырып-жою теориясын жақтап шықты. Жан Жак Руссо алғашқы өнеркәсіп революциясының қарсаңында ғалымдар мен саясатшылар адамзаттың болашағы үшін жауапты екендігін, адамның табиғатты игеруге байланысты іс-әрекеттеріне бақылау орнату қажеттігін мәлімдеген болатын. Бірақ, өкінішке орай бұл мәлімдемелер мүлде ескерілмей, бұл дәуірдегі еуропалықтардың басқыншылық әрекеттері кездейсоқтық сипатынан айрылып саналы түрде жүзеге асырыла бастады. Мысалы, АҚШ-тың шығысында Еуропадан қоныс аударғандар жергілікті халықты ата қонысынан ығыстырып, жаңа жерлерді зорлықпен басып алды. Африка, Азия құрылықтарының бірқатар мемлекеттері де жыртқыштықпен тоналды. Британ өкіметі шалғайда орналасқан «бесінші континентті» (Австралия) қылмыскерлердің жазаларын өтеу орталығына айналдырды.

Ал Еуропалық мемлекеттердің өз араларындағы әскери қақтығыстарға келетін болсақ, мұнда жағдай мүлде басқаша болды. Олар соғыс жағдайында бір-бірін тең деп санады, тіпті шиеленіскен сәттердің өзінде де тиісті келісімдерге келіп отырды (жеңіске жеткен мемлекет тұтқындарды құлға айналдыра алмады, соғыс қимылдарына тек арнайы әскерлер ғана қатыстырылды және т. б. ) . Бірақ, Франция, Англия, Португалия, Испания сияқты Еуропа мемлекеттері еуропалық емес немесе «христиандық дүниеге» жатпайтын елдер үшін ешбір заң да, ешбір нормада есепке алынбады. Олар «түземдіктермен» саудаласып не болмаса бәтуаға келіп жатудың ешбір қажеттігі жоқ шама келгенше оларды бағындырып қана коймай, қырып-жоя беру керек деп санады. Бұл қанды саясаттың құрбандығына Үндістан сияқты көптеген өркениетті елдердің ұшырағандығы тарихтан белгілі.

Орын алған осындай келеңсіз жағдайларға қарамастан Еуропадағы «Ағартушылық» дәуірі - дүниежүзілік мәдениет тарихындағы ең жарқын кезеңдердің бірі болды. Ағартушылық идеяларының нәтижесінде пайда болған мәдени өзгерістерді сол дәуірдегі адамдарының өздері де мақтаныш етті. Ғасыр ақыны аталған Гетенің өзі де осы бір тарихи кезеңдегі уақиғаларды шаттана жырлады. «Ағартушылық» дәуірі - Еуропаның рухани дамуындағы ұлы бетбұрыс кезеңі болды. Ол қоғамдық өмірдің барлық саласына (қоғамдық-саяси, мәдени және т. б. ) айтарлықтай әсерін тигізді. «Утопияның алтын ғасыры» деп аталатын бұл дәуірдің мәдени мұрасы өзінің жан-жақтылығымен жанрлар мен стильдердің көптігімен оптимистік сарынымен және адамзаттың ақыл-ойына деген шынайы сенімімен осы уақытқа дейін таң қалдырып келеді.

АҒАРТУШЫЛЫҚ ФИЛОСОФИЯСЫ ЖӘНЕ ФРАНЦУЗ МАТЕРИАЛИЗМІ

XVII-XVIII ғасырларда алғашында Англияда, содан соң Францияда, кейіннен Германияда феодалдық қоғам идеологиясына қарсы, адамның ақыл-ой бостандығы үшін күресте ағартушылық деп аталатын кең ауқымды философиялық ағым пайда болды. Оған Дж. Локк пен басқа да материалистердің философиясы үлкен әсер етті. Ағылшын ағартушысы Дж. Толанд (1670-1722), француз ағартушылары Гассенди (1592 - 1655), Монтескье (1689-1755), Вольтер (1694-1778), Кондильяк (1715-1780), Руссо (1712 - 1778), неміс ағартушылары X. Вольф (1679-1754), Лессинг (1729-1781), Гете (1748-1832) т. б. діни сенімге шек қойып, ақыл-ой мен ғылыми дүниеге көзқарасқа кең жол ашу, моральды діннің «қамқоршылығынан» азат ету, сөйтіп ақыл-ойдың табиғи дамуына жол ашу үшін күресті.

Француз ағартушыларының философиясы біртектес емес, онда материалистік және атеистік бағыттармен қатар идеалистік ағымдар да болды, олардың теориялық негіздері де әр текті.

Француз ағартушыларының кейбіреулерінің өздері (мәселен, Даламбер) атақты ғалым болды. Француз ағартушылары сондай-ақ, озат философиялық, ой-пікірдің өзіндік ұлттық дәстүрлеріне де сүйенді.

Францияның сол кездегі идеялық өміріне Вольтер мен Кондильяк ерекше зор әсерін тигізді. Олар шіркеу мен дінге қарсы батыл күресіп, адамның рухани бостандығын талап етті. Француз ағартушыларының аса беделді қайраткерлерінің бірі - ЖанЖак Руссо. Оның философиялық толғаныстарының негізгі тақырыбы - сол кездегі қоғамдағы адамның тағдыры еді. Руссо адамдар арасындағы әлеуметтік теңсіздікті жою үшін бостандық пен право теңдігі қажет деп дәлелдеді.

XVIII ғ. орта шенінен бастап әсіресе Францияда буржуазиялық революцияны идеологиялық жағынан әзірлеуде материалистер Д. Дидро (1713 - 1784), Ж. О. Ламетри (1709-1751), П. А. Гольбах (1723 - 1789) және К. А. Гельвеции (1715-1771) аса маңызды роль атқарды. Олар сол кездегі Франциядағы саяси-әлеуметтік құрылыспен аяусыз күресті.

XVIII ғасырдағы француз материализмі - материалистік философияның дамуындағы жаңа бір тарихи саты, жоғарғы формасы болып табылады. Француз материалистері материализмнің механистік формасын дамытты, бірақ олардың кейбіреулерінің көзқарасын, мәселен Дидроның организмдердің дамуы жайлы пікірлерінен диалектиканың элементтері де байқалады. Бұл ілім бойынша, табиғат, материя - бүкіл дүниенің себебі. Ол өздігінше өмір сүріп, әрекет етеді. Мәселен, егер Декарт материяны қозғалысқа келтіретін құдай деп түсінген болса, Гольбах табиғат өзінен-өзі қозғалысқа келеді, материяның қозғалысы мәңгі, өйткені ол материяның өмір сүруінің тәсілі деп есептеді.

Француз материалистері тәжірибе, түйсік-танымның негізі, білімнің барлық формалары әуелі тәжірибеде, түйсікте бейнеленіп, содан соң дамудың кейінгі жоғары сатысында ойлаудың, пайымдаудың формаларына айналады деп санады. Сөйтіп, Лейбництің идеализміне және Декарттың дуализміне қарсы күресе отырып, француз материалистері танымның сезімдік және логикалық формаларының бірлігін дәлелдеді.

Олар дінге халықты қанау, езудің рухани құралы деп қарады. Адамдарды дін мен жоққа сенушіліктен арылтудың жолы - ағарту ісі деп білді. Бұл жерде олар атеизм принциптеріне және қоғамды революциялық жолмен қайта құру қажеттігін түсінуге жуықтап келді: егер адам, оның жеке басының сапалары қоршаған ортаға байланысты болса, деді олар, онда оның кемшіліктері де сол ортаның әсерінен болғаны. Сондықтан адамның кемшіліктерін жойып, оны өзгерту үшін, қоршаған ортаны және ең алдымен қоғамдық ортаны қайта құру қажет. Ал қоршаған орта адамдарға байланысты деді.

Қысқарта айтқанда, XVIII ғасырдағы француз материализмінің орасан зор тарихи маңызы оның дін мен идеализмге қарсы күресінде, материалистік дүниеге көзқарасты қорғап, одан әрі дамыта түсуінде болды. Сонымен қатар оның кемшіліктері де бар. Француз материализмі, жалпы алғанда, механистік және метафизикалық сипатта болды, таным процесінің диалектикалық ұғымына жете алмады, қоғам өмірі мен адам жайлы көзқараста идеалистік ағартушылық түсінік шеңберінен шыға алмады.

1. 6. Жаңа заман философиясы

Жаңа заман философиясы мен мәдениетiнiң дамуына Ренессанс (Қайта өрлеу) үлкен ықпалын тигiздi. Ренесансс дәуiрiнде бiлiмнiң қарқынды дамуы, антикалық мәдениеттi қайта өркендету, жаратылыстанымдық ғылымдардың пайда болуы сияқты құбылыстар орын алды. XVI-XVII ғасырларда жаратылыстанымдық және математикалық ғылымдар белсендi түрде дами бастады. XV ғасырға қарай классикалық механика, жаратылыстанымдық ғылымдардың экспериментальдық негiзi қалыптасып үлгердi. Сондықтан философияның ғылымға қатынасын анықтау көптеген философтардың маңызды мiндетiне айналды. Осыған орай философ-рационалистер Декарт пен Лейбниц, философ-эмпиристер Локк және Юм, трансценденталист Кант философия мен жаратылыстану арасындағы шекараны демаркациялау туралы мәселенi шешумен айналысты.

Дәл осы жаңа заман тұсында ғылым алдыңғы орынға шығып, дiннiң беделi мен билiгi мәдени кеңiстiктiң жиегiне қарай ығыстырыла бастайды. XVII ғасыр - бұл ғылыми рационализмнiң қалыптасу дәуiрi. Ең алғаш рет дiндi сынап және табиғатты экспериментальды зерттеудi негiздеп, әлемге үстемдiк етуде рационализмдi уағыздаған Жаңа заман философтары қатарына Ф. Бэкон, Т. Гоббс, Р. Декарт және т. б. жатады.

Ф. Бэкон жаңа философия методологиясының мынадай принциптерiн ұсынады.

1. табиғатты зерттеудегi объективтiлiк,

2. ғылыми және философиялық методтың өзiндiк құндылығы,

3. табиғаттан технологиялық үстемдiк,

4. табиғи әлемдi зерттеудiң индуктивтi методы.

Бэконның пiкiрiнше ғылым адамның табиғаттан үстемдiгiн қамтамасыз етедi және бақытты қоғам құрудың алғы шарттарын қалыптастырады. Ал ол үшiн философия әлемдi тану жолындағы гносеологиялық схемалар мен стереотиптердi тазалауы қажет. Кедергiлер түрiндегi мұндай идолдар қатарына ол тектiк идолдарды, индивидтiк идолдарды, алаң идолдары және театр идолдарын жатқызады. Бұл идолдар ескi философиялық дәстүрлер әсерiнен қалыптасқан. Ф. Бэкон адамдарды ағарту мен надандыққа және стереотипке қарсы күресудiң бағдарламасын ұсынады. Ол үшiн Бэкон адамдарға санадағы тосқауылдардан құтылып нағыз танымға жол сiлтеуге мүмкiндiк беретiн педагогиканы дайындады. Сонымен қатар ол идеалдық мемлекеттiң платондық теориясына өзiнiң саяси утопиясын қарсы қойды. Бэконның пiкiрiнше адамзат қоғамы өзгерiп отырады және бұл дамудың өзегi адамның табиғатты пайдалану қабiлетi мен үстемдiгi болып табылады. Қоғам алға жылжиды және тарихты құдай емес адамның өзi қозғайды - мiне Бэконның идеясы. Ал бұл тұжырымның негiзiн бэкондық индукция теориясы құрайды. Дәл осы индукция теориясы адамға табиғатқа билiк жүргiзу үшiн қажет бiлiмдi бередi және ғылымның көмегiмен адам жаңа қоғам - аспанда емес, жерде жұмақ орната алады!

Дәл осы Жаңа заманда ашылған философиялық идеялар мен ғылыми жаңалықтардың арқасында парадигмалардың алмасуы iске асады: бұдан былай табиғат пен заттар әлемi объектiге, ал адамның өзi субъектiге айналады. Жаңа заманда тiлдiң стратегиясында да өзгерiстер болып, терминологияны “пайдаланудың” жаңа тәсiлi пайда болады. Және бұл тiлдiң жаңа стратегиясы жаңа философиялық стратегияның нәтижесi болып табылады. Бэконнан Декартқа дейiнгi, Локктан Кантқа дейiнгi Жаңа заман философтары жаңа философиялық стратегия ретiнде эпистемологияны қалыптастырды. Жаңа заман философиясы алдыңғылармен салыстырғанда субъективтiлiктiң философиясы болып қалыптасты. Егер Бэкон индуктивтi методты идолдарды игеру және ақиқатқа жету методы деп санаса, Декарт адамның құралы күмән деп есептедi, ал Локк индивидуалды тәжiрибе мен ақылдың әрекетiне басымдылық бередi. Жаңа философиялық стратегиянының жалпы түпкi бастауы субъект ретiндегi адам болып саналады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ағартушылық ғасырының мәдениеті
Рационализм ғасырының мәдениеті
XIX ғасырының мәдениеті
Ағартушылық дәуірі және оның ерекшеліктері
Жаңа заман мәдениетіндегі ағартушылық
Ағартушылық ғасыры және француз материализмі
Ағартушылық ғасырының мәдениеті (XVIII ғасыр)
ӘЛЕМДІК МӘДЕНИЕТТЕР МЕН ӨРКЕНИЕТТЕР
Алғашқы қауымдық қоғам тарихының тарихнамасы
Алғашқы қауымдық қоғам тарихының тарихнамасы туралы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz