Қазақстанның Орталық Азиядағы саясаты: екі жақты және көп жақты ынтымақтастық
Қазақстанның Орталық Азиядағы саясаты: екі жақты және көп жақты
ынтымақтастық
Соңғы жылдары аймақтық интеграция, ғаламдастыру процесімен қатар,
мемлекеттер арасындағы сауда-экономикалық қарым-қатынастарда үстемдік
сипаттағы тенденцияға айналды. Орталық Азияда аймақтандыру процесін дамыту
үшін қолайлы алғышарттар бар. Бұл, ең алдымен, аймақты мекендейтін
халықтардың тарихи, географиялық, мәдени және тілдік бірлігі. Сондықтан
Орталық Азиядағы мемлекеттермен ынтымақтастықты ұлғайту Қазақстанның сыртқы
саясатының негізгі міндеттерінің бірі болып қала береді. Орталық Азия
мемлекеттерімен өзара тату көршілік, тұрақты қарым-қатынас біздің
еліміздің ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етудің маңызды факторы.
Президент Н.Назарбаев Қазақстан халқына "Қазақстан 2030" жолдауында:
"Ұлттық мүдделерді қорғауды, сондай-ақ таяудағы және алыс перспективадағы
күштердің тепе-теңдігін қамтамасыз етудегі біздің озық қаруымыз интеграция
саясаты, бірінші кезекте Қазақстанның, Қырғызстанның және Өзбекстанның
арасындағы Орталық Азиялық Одақты нығайту, қарсы түру емес, басқа
мемлекеттердің істеріне араласпау, келісімге келу актілері үстем болуы
тиіс"[1] деп атап көрсетті.
Экономика, сөз жоқ, интеграцияның анағұрлым маңызды құрамдас бөлігі
болып табылады. Тарихи қалыптасқан шаруашылық байланыстар, сондай-ақ
геосаяси жағдайдың ерекшелігі жиынтық экспорттық және транзиттік-көліктік
әлеуетті тиімді пайдалану қажеттігін талап етеді. Оның үстіне аймақта
бірқатар елеулі проблемалар бар, оларды екі жақты негізде шешу мүмкін емес.
Әңгіме аймақтың су-энергетикалық ресурстарын және транзиттік-көліктік
әлеуетін келіскен түрде, сондай-ақ ұтымды пайдалану, ауқымды экологиялық,
атап айтқанда, Арал теңізі ауданындағы апаттың салдарын бірлесіп еңсеру;
аймақтық қауіпсіздіктің тиімді жүйесін құру; терроризмге, діни экстремизмге
және есірткі бизнесіне қарсы күрестегі бірлескен қызметті үйлестіру туралы
болып отыр.
Орталық Азия мемлекеттерін аймақтық интеграциялау идеясы Біртұтас
Экономикалық Кеңістік құру туралы (БЭК) шартқа 1994 жылғы 30 сәуірде қол
қоюмен нақты жүзеге асты. Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстан оның
қатысушылары болды (1998 жылғы 26 наурыздан бастап Тәжікстан шарттың толық
құқықты қатысушысына айналды). Шартты дамыту тұрғысында 1994 жылғы шілдеде
Президенттердің шешімімен Мемлекетаралық Кеңес және оның негізгі
институттары Премьер-Министрлер кеңесі, Сыртқы істер министрлерінің
кеңесі, Қорғаныс министрлерінің кеңесі және олардың тұрақты қызмет істейтін
жұмыс органы Атқару комитеті құрылды. Сөз болып отырған уақытта Орталық
Азиялық Ынтымақтастық және даму банкін (ОАЫДБ) құру туралы келісімге қол
қойылды, оның капиталы қатысушы мемлекеттердің үлестік жарналарынан
қалыптасады.
Сонымен бірге Орталық Азия елдеріндегі экономикалық реформалар
деңгейіндегі елеулі айырмашылық, Орталық Азия Одағының біршама оқшаулығы
осы ұйымның шеңберіндегі жұмыстың жаңа нысандарын қажет етті. Сондықтан
Мемлекетаралық Кеңестің мәжілісінде (1998 жылғы 1718 шілде) аймақтық
бірлестіктің жаңа атауы Орталық Азия Экономикалық Қоғамдастығы (ОАЭҚ)
бекітілді. Мемлекетаралық кеңес 1996 жылдың тамызында Ресейді байқаушы
ретінде кабылдады, 1999 жылдың шілдесінде тап осындай мәртебені Грузия,
Түркия және Украина алды.
Осындай жолмен Орталық Азия Экономикалық қоғамдастығы анағұрлым
өкілетті халықаралық ұйымға, экономикалық тұрғыдан анағұрлым бағдарланған
ұйымға айналды.
Осы аймақтағы интеграция процесін саяси мағынада Достастық шеңберінде
әр деңгейлі және көп сатылы интеграцияның бар екендігі туралы Қазақстан
Президентінің тұжырымдамасын айғақтау ретінде қарауға болады. Бұл бірлестік
тиісті елдердің аймақты экстремист күштердің радикальды идеологияны,
есірткі бизнесін және терроризмді таратудың плацдармына айналдыру
әрекеттерінен қорғауға дайындығын паш етті.
1994 жылы қол қойылған шарт шаруашылық жүргізуші субъектілер
арасындағы тікелей экономикалық байланыстарды дамытуға, тауарлардың,
капиталдың, көрсетілетін қызмет пен жұмыс күшінің еркін қозғалысына,
басымдық берілетін салалардағы өндірістік бірлестіктерге; қатысушы елдердің
кредит-есеп айырысу, инвестиция, бюджет, салық, баға, кеден, валюта саясаты
проблемалары бойынша консультациялар өткізуге, сондай-ақ көлік және
коммуникация саласындағы саясатты жүзеге асыруға қолайлы жағдайларды
қамтамасыз ету тұрғысынан маңызды рөл ойнады.
Жоғарыда Ынтымақтастық және даму банкі құрылғандығы туралы айтылды.
Осы қаржылық институтка Орталық Азия елдерінің басшылары үлкен мән берді.
1995 жылғы 10 ақпанда олар Банктің қаржыландыруын талап ететін бірнеше
бірінші кезектегі жобаларды әзірлеу жөнінде ОАЭК, Атқарушы комитетіне
тапсырма берді. Мұндай ұсыныстар әзірленді. Олар Қаратау фосфор бассейні
шикізат базасын тұрақтандыру және дамыту; газдың және судың шығынын есепке
алатын приборлар өндірісі қуатын дамыту; тұрмыс құралдары үшін электр
қозғалтқыштарға және жалпы өнеркәсіптік мақсаттағы жабдықтарға арналған
өндірісті ұйымдастыру.
Орталық Азия банкісінің қызметін толық мағынасында жемісті деп айтуға
әлі ерте. Қазіргі бар активтерін пайдаланудағы елеулі кемшіліктер, тиісті
жобаларды қарау кезінде бастаманың жеткіліксіздігі елеулі қол байлау
болуда, Банк әзірге аймақтағы мемлекеттердің экономикалық ынтымақтастығында
тиісті орнын ала алмай отыр. Оның үстіне тиісті мемлекеттердің өзіне алған
қаржылық міндеттемелерін сақтамауы Банк қызметіне теріс ықпал етті.
Міндеттемелерін Қазақстан мен Өзбекстан ғана толық орындауда.
Орталық Азия аймағында көп жақты ынтымақтастықты одан әрі дамыту үшін
және Азия құрылығының елеулі бөлігінде тұрақтылықты нығайту үшін 1997 жылғы
10 қаңтарда Бішкекте қол қойылған, Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстан
арасындағы мәңгілік достық туралы шарттың зор маңызы болды. Бұл әлемдік
дипломатиялық практикада бұрын-соңды болмаған бірегей көп тарапты құжат.
Осы құжатқа қол қоюдың бастамашысы Қазақстан Президенті болып
табылатындығының айрықша маңызы бар. Үш мемлекеттің өзара қарым-қатынасының
бүкіл кешенін қамтитын шарт өзара сенім білдіру, тәуелсіздік, егемендік,
аумақтық тұтастық, тең құқылық және бір-бірінің ішкі істеріне араласпау
сияқты принциптерді құрмет тұту негізінде жан-жақты ынтымақтастықты одан
әрі тереңдетуді көздейді. Құжат саяси, сауда-экономикалық және мәдени-
гуманитарлық салаларда аймақтық ынтымақтастық үшін қолайлы жағдайлар
туғызуды мақсат тұтады.
Үш Орталық Азия мемлекеттерінің басшылары БҰҰ аясында бірлескен
бітімгершілік батальонын (Орталықазбат) құрудың орындылығы туралы ортақ
пікір білдірді, мұның аймақ,тық тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз
етуде орны бөлек. Бұл ұсынысты Қазақстан Президенті тұңғыш рет 1994 жылғы
желтоқсанда БҰҰ Бас Хатшысының орынбасары Mг. Гулдингке баяндап берді және
бұл кейін БҰҰ Бас Хатшысы Б.Бутрос Галидың тарапынан қолдау тапты.
Орталықазбаттың құрылуына БҰҰның қазіргі басшысы К.Аннан үлкен үлес қосты.
БҰҰ аясында бітімгершілік батальонын құру туралы идея үш ел
Президенттерінің 1995 жылғы 15 желтоқсанда болған Жамбылдағы кездесуі
барысында жүзеге асты. Мемлекеттер басшылары Ұжымдық бітімгершілік
батальонын ұйымдастыру және құру туралы келісімге қол қойды. Осы кездесудің
барысында Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстан Қорғаныс министрлерінің
кеңесі туралы ереже бекітілді. Мемлекетаралық кеңестің жұмыс органы болып
табылатын Қорғаныс министрлерінің кеңесі аймақтық қауіпсіздікке, өзара
қорғаныс іс-қимылына және әскери ынтымақтастыққа қатысы бар барлық
мәселелерді қарайды.
1996 жылғы 6 мамырдағы кезекті кездесуде Қазақстан, Қырғызстан және
Өзбекстан басшылары бітімгершілік батальонын құру және "Бейбітшілік
жолындағы әріптестік" багдарламасы шеңберінде оқұжаттығуға әзірлену,
Біртұтас экономикалық кеңістік туралы шартты іске асырудың барысы, үш
мемлекет арасындағы өндірістік кооперация проблемалары, сондай-ақ
суэнергетикалық ресурстарды бірлесіп пайдалану проблемалары жөніндегі
шараларды қарады. "Орталық Азия: интеграция проблемалары" журналын құру
туралы шешім қабылданды.
Кейінгі оқиғалар көрсеткеніндей аймақтағы қауіпсіздік проблемаларына
жіті назар аудару өзінөзі ақтады. Ауғанстанның солтүстігінде "Талибан"
қозғалысы шабуылының өрістеуіне және Орталық Азияның бірқатар
мемлекеттерінің аумағында экстремистік элементтерді сүзгіден өткізу
аймақтағы жағдайды елеулі түрде шиеленістіріп жіберді. Осындай жағдайларда
1996 жылғы 4 қазанда Алматыда Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан
Президенттерінің және ресейлік Үкімет басшысының кездесуі өтті. Ұжымдық
қауіпсіздік туралы шарттың аясында өткен форумга қатысушылар бірлескен
мәлімдеме қабылдады, онда соғыс қимылдарын тоқтату жөнінде шұғыл шаралар
қабылдау үшін мүдделі елдердің қатысуымен БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің арнайы
мәжілісін өткізу үсынылды. Қазақстандық тарап ауған проблемасы бойынша
өзінің ұстанымын жария етті: жанжал Ауғанстанның біртұтас мемлекет
мәртебесін сақтауы жағдайында қарамақарсы түрушы тараптардың келіссөздері
және өзара ымыраға келуі арқылы бейбіт саяси жолмен реттелуі тиіс.
Қазақстан осы бағыттағы БҰҰның күш-жігерін қолдайды және осы әмбебап
ұйымның ауғанаралық реттеу процесіндегі рөлін нығайтуды жақтайды.
Орталық Азия елдерінің саяси өзара іс-қимылы және экономикалық
ынтымақтастығы олардың аймақтық экономикалық интеграцияға жіті көңіл
бөлуіне байланысты. Осы жаңа үрдісті ескереотырып, Президент Н.Назарбаев
Орталық Азия экономикасы үшін арнайы Бағдарлама құру туралы бастама
көтерді, ол екі басты мақсатты көздеді: аймақ мемлекеттерінің арасындағы
экономикалық байланыстарды одан әрі нығайту және Орталық Азия елдерінің
Еуропамен сондай-ақ Азиямен ынтымақтастығын дамыту. Бағдарламада
төмендегідей басымдық берілетін бағыттар болды: көліктік инфрақұрылым, су-
энергетика ресурстарын ұтымды пайдалану, шетелдік инвестицияларды тарту
және көмірсутегі шикізатын әлемдік рыноктарға жеткізудің көп нұсқалы
жолдары.
Қазақстандық дипломатия осы ұсынысты нақты іске асыру үшін едәуір күш-
жігер жұмсады. Бір жағынан СПЕКА жобасы БҰҰ арналары бойынша белсенді түрде
алға жылжытылды, екінші жағынан Орталық Азиялық әріптестерімен
консультациялар барысында жан-жақты талқыланды. Қазақстан Президентінің
беделі ықпал еткен осы ауқымды жұмыстың нәтижесінде халықаралық ұйымдарда
да, Орталық Азияның өзінде де сенімсіздікті еңсерудің сәті түсті. Осы
жобаны іске асыруға БҰҰ-ның Еуропалық Экономикалық Комиссиясы (Женева) және
ЭСКАТО (Бангкок) сияқты ұйымдар шешуші үлес қосты, олар өздерінің
қызметінің практикасында тұңғыш рет Орталық Азия мемлекеттерінің әлеуметтік-
экономикалық дамуы жөніндегі жеке бағдарламаларын біріктірді.
Орталық Азия елдерінің тиісті шарттары мен келісімдерінің орындалуына
талдау жасау олардың саяси, сауда-экономикалық, әскери мәселелердің кең
ауқымы бойынша ынтымақтастықты дамытуға ұмтылысын көрсетеді. Қазақстанның
ұстанымы өзара тиімді байланыстарды және әр тарапты ынтымақтастықты
тереңдету жөніндегі қарқынды жұмысты жалғастыру қажеттігіне көңіл бөлуінен
көрінеді. Бұл Орталық Азия халықтарының түбірлі мүдделеріне жауап береді.
ОАЭҚ Мемлекетаралық Кеңесінің 2000 жылғы 14 маусымдағы Душанбеде өткен
мәжілісінде Орталық Азия елдерінің Президенттері Қоғамдастықты дамыту
перспективалары мен Орталық Азия аймағының суэнергетикалық ресурстарын
бірлесіп пайдалану туралы ой-пікір алмасты. Тараптар халықаралық су-
энергетикалық консорциумын құру туралы келісімге қол қоюға қатысты
Қазақстанның ұсынысын қабылдады, консорциум аймақтың барлық мемлекеттері
мүдделерінің жолында трансшекаралық өзендердің су ресурстарын ұтымды
пайдалануды қамтамасыз етеді. Алдын ала айтатын болсақ, еңсеруге болмайтын
қарама-қайшылықтарға байланысты бұл келісімге қол қойылмады.
ОАЭҚ шеңберіндегі интеграцияны тереңдетуге ұмтыла отырып, Президенттер
2005 жылғы кезеңге дейін арналған Қоғамдастықтың даму стратегиясын бекітті.
Бұл құжат экономикалық өзара іс-қимылдың төмендегідей басымдық берілетін
бағыттарында қатысушы мемлекеттердің күш-жігерін жұмылдыруды көздейді:
• сауда-экономикалық байланыстарды жандандыру;
• су және энергетикалық ресурстарды бірлескен түрде және ұтымды
пайдалану;
• көліктік-коммуникациялық жүйені дамыту саласында келісілген саясатты
жүргізу;
• қалыптасқан шаруашылық байланыстарды жетілдіру және импортты
алмастыратын өндірісті дамыту;
• ОАЭҚ елдерінің халықтары арасындағы гуманитарлық мәдени
байланыстарды кеңейту үшін мейлінше қолайлы жағдайларды қамтамасыз ету.
ОАЭҚ мемлекеттерінің 2002 жылға дейін кезеңге арналған біртұтас
экономикалық кеңістікті қалыптастыру жөніндегі бірінші кезектегі іс-
қимылдарының бағдарламасы бекітілді. Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және
Өзбекстан ең алдымен еркін сауда аймағын, сосын тауарлардың, қызмет
көрсетудің және капиталдардың ортақ рыногына шыға отырып, кеден одағын,
төлем және валюта одақтарын кезең кезеңімен құру арқылы экономикалық
интеграция мен өзара іс-қимылды тереңдетуге уағдаласты.
Орталық Азия елдерінің экономикалық үлгілеріндегі, олардың
интеграцияның өзіне қатысты көзқарастарындағы елеулі айырмашылықтарға
байланысты жоғарыда аталған уағдаластықтар, Қазақстанның үлкен күш-жігеріне
қарамастан, әзірге нақты іске асқан жоқ.
2000 жылғы 20 тамызда Бішкекте Орталық Азия мемлекеттерінің басшылары
мен Ресей Президентінің Арнайы өкілі, РФ Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы
С.Ивановтың кездесуі болды. Бандалық құрылымдардың Өзбекстан мен Қырғызстан
аумағында лаң салу әрекетінен кейін аймақта қалыптасқан жағдай талқыланды.
Тараптар халықаралық террористердің қарулы акцияларының ауқымының кеңеюіне
елеулі алаңдаушылық білдірді. Мемлекеттер басшылары басқыншылық пен
терроризм актілеріне белсенді түрде қарсы тұруға бекем бел байлағандарын
мәлімдеді.
Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан Президенттері
Терроризмге, саяси және діни экстремизмге, трансұлттық ұйымдасқан қылмысқа,
сондай-ақ тараптардың тұрақтылығы мен қауіпсіздігінің өзге де қауіп-
қатеріне қарсы күреске қатысты бірлескен іс-қимыл туралы 2000 жылғы 21
сәуірде Ташкентте қол қойылған шарттың шеңберінде өздеріне алған барлық
міндеттемелерін бұлжытпай сақтау қажеттігін атап көрсетті.
Осы шартқа қатысушы мемлекеттер басшылары оған қосылу ұсынысымен Ресей
Федерациясының басшылығына қайырылды.
Орталық Азиядағы интеграция туралы айтқанда, аймақта өнеркәсіптік
өндірісті кооперациялау, бірлескен кәсіпорындарды құру және
агроөнеркәсіптік кешенде өзара іс-қимыл жасау үшін қолайлы жағдайлар бар
екенін атап өту керек. Орталық Азия елдерінің ынтымақтастығы экономикалық,
саяси, әлеуметтік және экологиялық міндеттердің кешенін шешу үшін кең
ауқымды мүмкіндіктер ашады. Орталық Азияның барлық мемлекеттеріне тиімді
осындай өзара іс-қимыл осы елдердің әлеуметтік-экономикалық дамуын
жеделдетудің салмақты факторы бола алады.
Сонымен бірге Орталық Азия аймағы экономиялық және саяси тұрғыдан бір
тектес емес екенін есте ұстау маңызды. Ең алдымен осы аймақтағы мемлекеттер
экономикалық даму деңгейі, шаруашылық әлеуеті, сондай-ақ экономикадағы
құрылымдық қайта құрулар көзқарасы тұрғысынан бір-бірінен ерекшеленеді.
Халықаралық сарапшылардың пікірі бойынша Қазақстан экономикалық реформалар
жөнінен аймақтың барлық басқа елдерінен әлдеқайда озық тұр, мұның өзі оның
негізгі макроэкономикалық көрсеткіштеріне жағымды ықпал етті. Жалпы ішкі
өнімнің көлемі бойынша Қазақстан Орталық Азия елдерінің ішінде жетекші
орында тұр. Басқа елдер, мәселен Өзбекстан бірқатар ерекшелігі бар
факторларға байланысты экономикаға қатаң түрде мемлекеттік бақылау жасау
саясатын жүргізуде. Азаматтық соғыстан таяуда ғана шыққан Тәжікстан
экономикада терең құрылымдық өзгерістер жүргізуге объективті түрде дайын
емес.
Саяси аспектілерді алатын болсақ, Орталық Азия мемлекеттері қазіргі
бар геосаяси құбылыстарды бір мәнді қабылдамайды. Мәселен, Өзбекстан
Орталық Азиядағы, сондай-ақ ТМД шеңберіндегі интеграцияға елеулі
ескертпелерімен қарайды және екі жақты қарым-қатынастарға басымдық береді.
Аймақтағы геосаяси "жағдайға" Ауғанстандағы оқиғалар теріс ықпал ететіні
сөзсіз. Осындай жағдайларда Қырғызстан және Тәжікстан сияқты елдер ұлттық
қауіпсіздік қатерінің бетін қайтаруда құтқарушы құрал ретінде интеграцияға
үміт артады.
Мұның бәрі Орталық Азиядағы интеграцияға ықпал етпей қоймады.
Аймақтағы интеграциялық процестердің көп жағдайда саяси сипаты бар екенін
мойындау керек, өйткені барлық елдер Орталық Азиядағы тұрақтылықты нығайту
үшін достық қатынастың маңызы зор екенін түсінеді. Экономикалық
ынтымақтастыққа қатысты айтсақ, онда, негізінен, екі жақты күш-жігер
негізге алынып келеді, дегенмен су ресурстарын бөлу сияқты мәселелерде
тараптар бірігуге мәжбүр.
Қазақстанның екі жақты қатынастары Орталық Азия елдерімен жемісті
түрде дамып келеді, өйткені олардың негізіне тәуелсіздік, егемендік,
аумақтық тұтастық және шекараларының мызғымастығын құрмет тұту, бір-бірінің
ішкі істеріне араласпау, тен, құқылық және өзара тиімділік сияқты әмбебап
принциптер алынған.
Өзбекстан Республикасымен ынтымақтастық Қазақстанның Орталық Азиядағы
саясатында басымдық берілетін бағыты. Бұл Өзбекстанның экономикалық әлеуеті
мен саяси салмағына байланысты. Ішкі тұрақтылықты қамтамасыз етуге қол
жеткізген, ірі мемлекет болып табылатын Өзбекстан көз жетерлік болашақта
Қазақстан дипломатиясында маңызды орын алатын болады. Біздің елімізбен тату
көршілік пен ынтымақтастықты нығайту қажеттігін Ташкенттің де осы
тақылеттес қабылдайтыны маңызды. Істің шын мәнінде Қазақстан-Өзбекстан
қарым-қатынасы Орталық Азия аумағындағы тұрақтылықтың маңызды факторы.
Екі мемлекет арасындағы қарым-қатынаста негізге алынатын принциптер
Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы арасындағы Достық,
ынтымақтастық және өзара көмек көрсету туралы шартта белгіленген. Құжатқа
1992 жылғы 24 маусымда қол қойылды. Шартта екі жақты экономикалық
ынтымақтастықты дамытуға айрықша көңіл бөлінеді. Осы мақсаттарда Тараптар
сауда-саттықта бір-біріне анағұрлым қолайлы режим беруге, сондай-ақ барлық
деңгейлерде өзара тиімді экономикалық және сауда қатынастарын дамытуды
көтермелеуге, тікелей инвестицияларға арналған жағдайды жақсартуға,
бірлескен кәсіпорындар құруға міндеттенді. Шартта сондай-ақ маңызды саяси
кағидалар орын алған. Атап айтқанда Тараптар Қазақстан мен Өзбекстанның
аумақтық тұтастығын және қазіргі шекараларының мызғымастығын таниды және
құрмет тұтады, осы шекараларға кез келген қол сұғушылықтан бас тартады.
Мемлекеттік шекаралар режимін орнату мен өзгерту өзара уағдаластық бойынша
жүзеге ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz