Арнайы компьютерлердің құрылғылары


Жұмыс түрі: Курстық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 29 бет
Таңдаулыға:
№4 дәріс . АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫҢ ТЕХНИКАЛЫҚ ҚҰРАЛДАРЫ
3. 1 Компьютер ұғымы
3. 2 Арнайы компьютерлердің құрылғылары
3. 3 Жүйелік блок компоненттері
3. 1 КОМПЬЮТЕР ҰҒЫМЫ
Ақпарат өз-өзінен пайда болмайды. Ол іздеудің, жинақтаудың, сақтаудың, шығарып берудің және өңдеудің, басқаша айтқанда, ақпараттық процестердің нәтижесінде пайда болады.
Ақпараттық процестерді үйрететін ғылым информатика болып табылады. Ақпараттық процестерді жүзеге асыратын негізгі кұрал - компьютер . Ақпараттарды автоматты түрде өндейтін аппараттық және бағдарламалық жабдықтардың жиынын компьютер деп атайды.
Ақпараттарды жинақтаудан бастап, нәтиже алуға дейінгі процестерді адамның қатынасуынсыз, алдын ала жасалған бағдарлама көмегімен өндейтін процесті ақпараттарды автоматты түрде өңдеу дейді.
Компьютерге енгізуге берілген мәліметтер мына түрде балуы мүмкін:
Мәтіндік ақпараттар : сандық ақпараттар, оқулық мәтіні, дәптерден шығарма, ауа райын болжау, радио арқылы алынатын хабар, көбейту кестелері, арифметикалық мысалдар, санақ және т. б.
Графиктік ақпараттар : суреттер, схемалар, сызбалар, фото-суреттер және т. б.
Музыкалық (дыбыстык) ақпараттар : дыбыс, музыка, сөз және т. б. ақпараттар:
Видеоақпараттар (көрініс ақпараттары ) : түрлі-түсті графика, фильмдер, екі және үш өлшемді жылжымалы объектілер.
Компьютердің аппараттық, кұралдары:
енгізу қүрылғысы - екілік кодымен кодталған ақпараттарды және бағдарламаларды компьютер жадына енгізуге арналған;
компьютердің жадысы - ішкі және сыртқы болып бөлінетін мәліметтерді, бағдарламаларды, нәтижелерді және аралық мәндерді сақтап тұруға арналған;
процессорлар - бұл мәліметтерді өңдеуге, компьютер жұмысын басқаруға арналған;
шығару кұрылғысы - өңделген нәтижелерді кері кодтауға және оларды адамға қолайлы түрде шығарып беруге арналған;
ақпараттық даңғылдар (магистраль) - бұл барлық кұрылғыларға ақпараттар алмастырып беріп отыруға арналған.
Мәліметтер бағдарлама арқылы өңделеді. Бағдарлама есепті шешуге арналған, компьютер біртіндеп орындай алатын командалар тобы.
8 Cурет - Процессор мен ішкі жадтың өзара қарым-қатынасы
Бағдарламалық жабдықтар (жасаулар) деген әр түрлі есептерді шешуге арналған бағдарламалар тобы. Компьютердің бағдарламалық жабдықтарын бағдарламалық қамту деп те атайды. Оларға төмендегілер енеді:
- жүйелік бағдарламалар, олар компьютердің барлық құрыл -ғыларының жұмыстарын басқаруға, бағдарламалық қорларды реттеуге, мәліметтерді өңдеуге пайдаланылады;
- қолданбалы бағдарламалар, олар берілгендерді өңдеуге, әр түрлі есептерді шешуге арналған;
- бағдарламалаушы жүйелер, олар басқа бағдарламаларды өңдеуге, түзетуге пайдаланылады.
Мәтіндік, графикалық, дауыстық, сандық, бейне мәліметтерді өңдеу үшін арнайы бағдарламалар - редакторлар, электрондық кестелер пайдаланылады.
Әрбір екі жыл ішінде компьютердің аппараттық және бағдармалық жасаулары өзгеріп отырады.
3. 2 АРНАЙЫ КОМПЬЮТЕРДІҢ ҚҰРЫЛҒЫЛАРЫ
Қазіргі кезде дербес компьютерлер көптеп таралуда. "Дербес компьютер" деп аталуының себебі, ол бір адамның жұмыс істеуіне арналған.
Дербес компьютерлердің түрлері өте көп, бірақ олардың құрылғыларының бір-бірінен өзгешеліктері аз.
Бұл тарауда біз дербес компьютер қандай құрылғылардан тұрады, яғни дербес ЭЕМ-ның архитектурасы мен олардың жұмыс атқару принциптеріне тоқталамыз.
Кез келген компьютер бірнеше кұрылғыдан (блоктардан) тұрады. Олардың ішінде жүйелік блок, монитор (экран), пернетақта бар, ал оларсыз жұмыс атқару мүмкін емес. Басқа құрылғылар пайдалы міндеттер атқарады, бірақ оларсыз да компьютер өз жұмысын атқара алады.
Компьютердің процессоры мен жедел жадынан басқа құрылғылары оның сыртқы кұрылғылары болып табылады. Олар: монитор, пернетақта, принтер, маус, модем және т. б. Әрбір сыртқы кұрылғы компьютердің процессорымен арнайы блоктар - адаптер немесе контроллер арқылы жалғасады. Мысалы, монитор процессор мен дисплей контроллері, ал принтер порттар контроллері арқылы және т. с. с. жалғасады.
Контроллер немесе адаптердің міндеті - процессордан келіп түскен ақпараттарды сәйкес құрылғылардың жұмыстарын басқаратын сигналдарға аударады.
Процессор қалған кұрылғылармен топ сымды кабель арқылы жалғастырылады, оны магистраль немесе шина деп атайды (шина атауы көп пайдаланылады) .
9 Сурет - Компьютердің негізгі құрылғыларының блок-схемасы
Компьютерлердің негізгі кұрылғыларының міндеттеріне толығырақ тоқталайық.
Жүйелік блок
Жүйелік блокқа дербес компьютердің негізгі құрылғылары жинақталған және қосымша құрылғыларды қосуға арналған қосқыштар орналастырылған, сонымен катар жүйені электр тоғына қосатын батырма қойылған. Оның ішіндегілерінің түрін көру үшін артқы кақпағын ашу керек. Бірақ корпусы әр түрлі болуы мүмкін. Жүйелік блоктың алдыңғы тақтасында: компъютерді қосу/өшіру батырмасы, дискжетек, компакт дискіден оқитын (CD-ROM) орналастырылған. Кейбір компьютерлердің жүйелік блогында компьютерді қайта жүктеу батырмасы болады.
Жүйелік блок төмендегідей: үстелге қоятын (горизонталь түрде), тік орналасқан "башня" түрінде жасалуы мүмкін.
Башнялық жүйелік блоктың екі түрі болады, олар: мини - оны столдың шетіне орналастырады, миди - оны стол үстіне орналастыруға болады және максибашня - оны еденге қояды.
Жүйелік блоктың ішіне аналық тақша (материнская плата) - дербес компьютердің негізгі тақшасы орналасқан. Оның үстіне процессор, жедел жад, шиналар және басқа да құрылғылар орналасқан. Сонымен бірге жүйелік блоктың ішінде қоректендіру блогі, қатты диск, дискжетек, CD-ROM, дыбыс тақшасы, көрініс тақшасы орналасқан.
Жүйелі блоктың артқы тақтасында енетін желілерді және порттарды (монитор, порты, маус, пернетақта), қосымша құрылғыларды (принтер порты, модем, сканер, микрофон) қосатын қосқыштар орналасқан.
Монитор
Дисплей - компьютердің экранына ақпарат шығаруға арналған құрылғы. Сыртқы пішіні жағынан дисплей түрлі түсті телевизордың экранынан аумайды, сондықтан көп жағдайларда оны монитор деп атайды.
Дисплейді адамға ақпарат беріп отыратын компьютердің тілі деп қарауға болады.
Дисплей электронды-сәулелік түтіктен, оны қоректендіруші блоктан және сәулені бағыттап отыратын электрондық блоктан тұрады.
Дисплей символдық болса, онда экранда символдық ақпарат, ал графиктік болса, онда символдық ақпараттардан өзге мониторда график және сурет орналастыруға болады.
Монитор түрлі-түсті немесе монохромды (ақ-қара түсті) болуы мүмкін.
Монитор экранында кез келген көрініс (кескін) түрлі-түсті нүктелер (егер монитор түрлі-түсті болса) тобынан немесе сұр нүктелер тобынан (егер монитор монохромды болса) тұрады. Ол нүктелерді әдетте пикселдер деп атайды. Түрлі-түсті мониторда әр пиксель қызыл, жасыл немесе көк түстердің қосылысынан тұратын кішкентай үш нүктеден тұрады.
Тік және жатық жолға орналасқан пикселдер саны монитордың мүмкіндігін көрсетеді. Монитор экранына орналасқан пикселдер саны қанша көп болса, монитордың мүмкіндігі сонша жоғары болады.
Бірінші түрлі-түсті монитор 1982 жылы жасалды, оны CGA - 320х200 пикселді монитор деп атады. Ал 1984 жылы EGA - 640х350 пикселді монитор пайда болды. Қазіргі компьютерлерде VGA (640х480) немесе ӘVGA (от 800х600 до 1248х1024) мониторлары орналастырылған.
Қазіргі дисплейлердің негізгі бөлігі (ЭСТ) электронды-сәулелік түтік (ЭЛТ-электронно-лучевая трубка) болып табылады.
ЭСТ-іші люминоформен сыланған тік бұрышты экраны бар жіңішке әйнек цилиндр. ЭСТ ішіндегі арнайы конструкция - электрондық зеңбірек (электронная пушка), электрондар ағынын (теріс зарядты элементарлық бөлшектерді) өте жоғары жылдамдықпен сәулелендіргенде экран бетінде көрініс пайда болады.
Ондай дисплейлердің пикселдері люминецираланатын заттармен жабылады да, зеңбірек жіберетін электронды сәуле әсеріне тәуелді түрлі-түсті болып көрінеді. Сәуле пиксель торлары бойынша мерзімді түрде жылжып, жол торларының түстерін өзгертіп отырады, яғни көрінетін нүктелерге сәуле түседі, ал көрінбейтін нүктелерде үзіледі. Сөйтіп, нүктелері секундына 50-60 рет қайталанып, оған периодты түрде із салып отырады. Мұндай қайталанудың салдарынан көріністің өшіп-жанып тұрғанын адам сезе алмайды да, көрініс қимылдамайтын тәрізді көрінеді.
Монохромды мониторда сәуле түскен нүктелер ақ түспен, ал сәуле түспеген нүктелер (пиксельдер) қара түспен боялады. Түрлі-түсті дисплейде электроңдық зеңбірек үш сәуле жібереді, олар тек бір түсті ғана береді, ол үш нүктелер бір-біріне өте жақын орналасқандықтан, біз оны бір нүкте сияқты көреміз.
Қызыл, жасыл және көк түстердің араласуынан экранда түрлі түсті палитра пайда болады.
Сәулелену деңгейін азайту мақсатында қазіргі компьютерлердің экранына шымылдық немесе сақтаушы фильтрлер қояды, ең жақсысы жерге қосылған әйнек пластинкасын пайдаланған жөн.
Пернетақта
Пернетақта - компьютерге ақпарат енгізуге арналған құрылғы. Ондағы әріпті және цифрлі пернелер арқылы компьютерге кез келген ақпараттарды енгізуге болады. Қазіргі компьютерлердің пернетақтасында 101 немесе 102 перне болады.
Пернелер бірнеше блокқа бөлінеді:
- Символдық пернелер
- Функционалдық пернелер
- Меңзерді пернелер
- Цифрлық пернелер
Маус
Қазіргі кездегі комьютерлерге ақпараттарды енгізуге арналған тағы бір құрылғы - Маус манипуляторымен жабдықталған.
Маустың екі түрі болады: үш батырмалы және екі батырмалы.
Маус қорабының ішінде ауыр резенкемен қапталған металдан жасалған шарик орналасқан. Ол қораптың сыртына аз ғана шығып тұрады да, ол кілемше етіне тиіп тұрады. Маусты кілемші бетінде жылжытқанда, шарик айналады. Оның айналуы өзара перпендикуляр екі валикті айналдырады да, ол компьютер экранының бетіне «оңға-солға» және « жоғары-төмен» деген сигналдарды береді. Алынған сигналдарды компьютер өңдейді, өңдеу нәтижесінде маус көрсеткіші экран бетінде өзгереді, яғни маус көрсеткіші экран бетінде жилжиды.
10 сурет-Маус көрінісі
Принтер - ақпараттарды кағазға басып шығаратын құрылғы. Ол арқылы дисплейге шыға алатын кез келген ақпаратты қағазға шығаруға (басуға) болады. Принтерде мәтіндік, кестелік, графиктік ақпараттарды, суретті басып алуға болады. Принтерде ақпараттарды қалауымыз бойынша ақ-қара түсте немесе түрлі-түсті етіп басуға болады. Принтердің үш түрі болады: матрицалық, сия бүріккіш және лазерлік .
Олардың ішіндегі ең қарапайымы матрицалық (инелі) принтер болып табылады. Жұмыс кезінде қажетті инелер жылжып отырады да, бояу таспаға соғылып, кағаз бетінде із қалдырады.
Сия бүріккіш принтердің матрицалық принтерден өзгешелігі басу бастиегінде ғана (сурет) . Мұнда ине соғылмайды, жіңішке тесіктен сұйық сия бүркіліп отырады да, әр символға сәйкес қағаз боялады. Сия кішкене картрижде (ыдыста) сақталады, оны ауыстырып отыру керек. Түрлі-түсті көрініс алу үшін принтер алдымен көріністі бір түспен бояйды да, одан соң оның үстіне басқа түсті сия бүркеді. Бояулар араласқан соң қағазда әдемі түрлі-түсті сурет пайда болады.
Лазерлік п ринтердің алдағы екеуіне қарағанда басу сапасы өте жоғары және тез. Мұнда қағаз ионизацияланады, яғни электрлік өрістің әсерімен арнайы жасалған ұнтақ (порошок-тонер) қағазға тартылып қызады да, қағазға жабысады.
3. 3 ЖҮЙЕЛІК БЛОК КОМПОНЕНТТЕРІ
Процессор
Процессор - бұл компьютердің басты бөлігі. Процессор - компьютердің "миы". Ол компьютерді басқарады және бағдарламалардағы барлық командаларды (амалдарды) орындайды.
Бұл құрылғы командаларды таниды, оларды орындайды, кейде екеуін де қатар орындайды.
Компьютердің кез келген жұмысы процессордың қатысуымен орындалады. Компьютердің атқаратын жұмысының бәрін, оның бас микросхемасы - микропроцессор атқарады. Қазіргі кезде көп таралған, жетілдірілген процессор - "пентиум", ал ол орналастырылған компьютерді "Пентиум" деп атайды. Компьютердің негізгі сипаттамасының бірі мегагерцпен өлшенетін жиілікке тәуелді, оның операцияларды орындау жылдамдығы болып табылады.
Процессор жадымен бірігіп жұмыс атқарады. Жад микросхемасынан процессор өзіне қажетті барлық ақпараттарды алады да, өз жұмысының нәтижесін қайтадан жадыға жібереді.
Жедел жад
Компьютердің ішкі жады жедел жад немесе жедел есте сақтау (ЖЕСҚ) құрылғысы деп аталады. Ол өзіне ақпараттарды жедел жазуға және оқуға мүмкіндік береді. Ондағы ақпараттар уақытша, яғни компьютер өшірілгенше сақталады. Егер компьютер өшірілсе, онда жедел жадыдағы барлық ақпараттар жойылады (өшеді) . Жедел жадыға ағымда орындалатын барлық бағдарламалар сақталады.
Компьютерде екі ішкі жад болады: ТЕСҚ - тұрақты есте сақтау құрылғысы - бұл компьютердің ішкі жады болып есептелінеді, ол компьютер құрастырушы фирма қондырған схема түрінде жасалған жад. Компьютерді алғаш қосқанда, ТЕСҚ-дан ақпарат алынады да, одан соң компьютерге орналастырылған операциялық жүйе іске қосылады. Компьютерді сөндіргенде, ТЕСҚ-дағы ақпараттар өшпейді.
ЖЕСҚ - жедел есте сақтау құрылғысы - бұл ақпараттарды уақытша сақтап тұруға арналған жад. ЖСҚ-ның көлемі онша үлкен болмайды, сондықтан ақпараттарды сыртқы жадыға (дискіге) көшіріп қою қажет.
ТЕСҚ (ПЗУ) : тұрақты есте сақтау жады ақпараттарды тұрақты сақтауға арналған жады. Компьютерді өшіргенде, ТЕСҚ-дағы ақпарат өзгермейді. Мұнда жазылған командалардың тек оқылуы мүмкін, бірақ жаңа ақпарат жазуға болмайды. ЖСҚ (ОЗУ) : уақытша есте сақтау жады. Ақпаратты уақытша есте сақтау жады компьютерді өшіргенде, ЖСҚ-дағы ақпарат өшеді. Мұнда командалар оқылады және жазылады.
Жедел жадының негізгі сипаттамасы - оның сыйымдылығы (көлемі) және жылдамдығы. Процессор мен ЖСҚ ЭЕМ-ның негізгі құрылғысы болып табылады. Компьютер жұмыс істеу үшін солар жеткілікті.
Компьютерді сыртқы ортамен жалғастырып отыратын оның қосымша құрылғылары болады. Олар: мәліметтерді енгізу және нәтиже шығару құрылғылары.
Енгізу-шығару құрылғылары - бұл құрылғылар компьютердің негізгі құрылғылары болып табылады, енгізу құрылғысы арқылы өңделетін ақпараттар, бағдарламалар машинаның жедел жадына енгізіледі, ал шығару құрылғысы арқылы нәтижелерді, аралық мәндерді адам түсінетін тілде шығарылады.
Енгізу құрылғыларына пернетақта, маус, джойстик, өлшеу кұралдары, түрлі түсті қалам, сканер (мәтіннен бірден қабылдайтын құрылғы) жатады.
Шығару құрылғысына принтер (баспа машинасы), дисплей (экран) және график тұрғызушы (Графопостроители) жатады.
3. 4 СЫРТҚЫ ЖАДЫЛАР
Сыртқы жады
Егер компьютер тек жедел (оперативті) жадымен ғана жұмыс атқарса, онда оны пайдалану өте қолайсыз болар еді. Себебі, онда сақталатын ақпарат көлемі өте аз болады, онымен бірге компьютерді өшіргенде, ақпараттар толығымен жойылады. Сондықтан, компьютер өшірілген кезде де жазылған ақпараттар жойылмайтын басқа жады қажет болады. Сыртқы жады ретінде магниттік диск пайдаланылады. Дискіге жазылған ақпарат қашан арнайы өшірілгенше жойылмайды.
Магниттік дисклердің екі типі болады .
Бірінші типке иілгіш алмалы-салмалы дискілер жатады. Оларда көлемі онша үлкен емес ақпараттар сақталады. Бұл дискілерде бағдарламалар, кұжаттар, деректер сақталады немесе компьютерлер арасында алмасуға болады. Казіргі компьютерлерде көбінесе диаметрі 3, 5 дюйм, сыйымдылығы 1, 44 Мбайт дискеттер пайдаланылады.
Екінші типке қатты дискі жатады. Қатты дискіні бір компьютерден екінші компьютерге қоюға болмайды, ол компьютер ішіне орналасады, оның сыйымдылығы үлкен болады. Бір қатты дискіге бірнеше жүздеген дискеттердегі ақпараттарды сыйғызуға болады. Қатты дискіні көбінесе "винчестер" деп атайды. Бұл атау көп зарядты америкалық винчестер винтовкасы атынан шыққан, себебі, ол винтовка ұңғысының диаметрі қатты дискінің ортасындағы тесіктің диаметріне сәйкес келеді.
Дискілі ақпарат тасушыларымен жұмыс атқару үшін олардағы ақпараттарды компьютерге жазуға арналған арнайы құрылғы пайдаланылады. Ол құрылғыны дискіжетек деп атайды. Оның көмегімен оқу/жазу командаларының қажеттісін таңдай отырып, дискіден оқуға және оған жазуға, бір дискіден екінші дискіге көшіруге болады.
Әдетте, компьютерде бір қатты дискі және 3, 5 дюйм дискіге арналған дискіжетек болады.
Қатты дискіде ақпараттарды ұзақ сақтауға болады. Бұл дискі жүйелік блоктің ішіне орналасқан дискіжетекпен байланысып тұрады. Иілгіш дискіге қарағанда қатты дискінің сыйымдылығы әлдеқайда үлкен және оқу/жазу жылдамдығы да жоғары. Қатты дискі металдан істелген, екі жақ беті магниттелген 1-5 дөңгелек табақтан (пластинкадан) тұрады (сурет) . Әр табақта магниттелген екі жұмысшы беті болады. Кей жағдайларда бір табақтың бір-ақ беті пайдаланылады да, екінші беті пайдаланылмайды. Бұл жағдай тақ деп аталады да, жұмыс беті бірге аз болады (табақ санына байланысты, олар 1, 3, 5, 7, 9, болады) . Табақтар бір оське бекітілген, ось компьютер жұмыс атқарғанда айналып тұрады. Табақтар қисаймау үшін және оны шаң-тозаңнан сақтау үшін, оларды металл қораптың ішіне орналастырады, ал қорап компьютердің жүйелік блогіне бекітіледі.
Ақпараттар магниттік беттегі концентрлік шеңбер тәріздес жолдарға жазылады (сурет) . Екі жақ беттегі концентрлік жолдардың сәйкес радиустары бірдей болады да, деректер аймағын кұрады, оны цилиндр деп атайды. Жол нөлден бастап нөмірленеді: әр жолда ақпарат порция (тиісті бөлік) түрінде сақталады. Әр жолдағы порция сандары бірдей болады. Әр жолдағы порция саны да нөмірленеді.
Әр түрлі жолдағы бірдей нөмірлі деректер жиыны сектор деп аталады.
Винчестердің сапасын бағалаудың бірнеше жолдары бар, олардың ішіндегі ең маңызды мінездеме - винчестердің сыйымдылығы мен жылдамдығы. Осы екі мінездемеге байланысты оның құндылығы бағаланады.
Бір компьютердегі деректерді екінші компьютерге жазу үшін, оларды қатқыл дискіден иілгіш дискіге (дискетке) көшіру керек.
Компакт-дискі
Компакт-дискіні лазерлік дискі деп те атайды. Оның көлемі өте үлкен болады. Олардан тек оқуға болады. Оларға басқа жаңа ақпараттар жазу немесе ақпараттарды қайта жазу үшін арнайы қондырғы - CDRITTER қолданылады.
Лазерлік дискінің де екі беті болады. Оның бір бетіне жазулар мен суреттер салынған, ол бет жұмыс атқармайды. Екінші беті жылтырақ бет, ол жұмыс беті болып есептелінеді. Егер оның беті сызылып қалса, дискі бұзылады.
Лазерлік дискідегі ақпараттарды оқу үшін тек лазер сәулесі пайдаланылады. Басқа дискілерге қарағанда лазерлік технологияны пайдаланатын дискінің көлемі әлдеқайда үлкен болады (бірнеше гегобайтқа жетеді) . Оның үстіне, лазерлік дискілер магниттік, электрлік әсерлерге орнықты және деректерді сақтаудың ең жоғарғы сенімділігін қамтамасыз етеді, сонымен қатар олар басқа дискілердей емес, магниттік қасиетін тез жоймайды.
Лазерлік дискіден жаңа бағдарламаны қою үшін, оны алдымен қатқыл дискіге көшіреді. Бұндай алмастыру амалын бағдарламаны орналастыру деп атайды. Лазерлік дискіден оқу үшін CD-ROM пайдаланылады.
№5 дәріс . БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ҚАМТАМАСЫЗДАНДЫРУ
4. 1 Бағдарламалық қамтамасыздандыру классификациясы
4. 2 MS-DOS операциялық жүйесі.
4. 3 NORTON COMANDER бағдарламасы
4. 1 Бағдарламалық жабдықтаудың классификациясы
Бағдарламалық жабдықтар - ол компьютерді "жандандырады".
Бағдарламалық жабдықтар жүйелік, қолданбалы және бағдарламалау жүйелерінен тұрады.
11 Сурет- Бағдарламалық жабдықтар
Жүйелік бағдарламалар
Жүйелік бағдарламалардың ішінде операциялық жүйе (ОЖ) негізгі болып табылады.
Операциялық жүйе - деректерді өңдеу арқылы компьютердің барлық жұмысын ұйымдастыратын бағдарлама жүйесі. Ол компьютердің барлық құрылғыларының жұмысын басқарады, компьютер құрылғыларының бір - бірімен байланысын және компьютер мен адам арасындағы байланыстарды ұйымдастырады. Сонымен қатар операциялық жүйе - әмбебап жүйе, оны әртүрлі типтегі компьютерлерге, компьютерге қосылатын қосымша құрылғыларға баптауға немесе жеке баптауға болады.
Компьютердің операциялық жүйесі төмендегі міндеттерді орындайды:
- компьютер қорларын: жадтың, процессорлардың, сыртқы құрылғыларының жұмысын басқарады:
- қолданбалы бағдарламалардың орындалуын қамтамасыз етеді;
- компьютер мен адам арасындағы қарым - қатынасты
ұйымдастырады.
Операциялық жүйелер өте көп. Бұдан аз уақыт бұрын компьютерлер МS DOS операциялық жүйесін пайдаланған. Қазіргі кезде кең таралған операциялық жүйелер: Windows3. 11, Windows'95, Windows'98, Windows'NT 4. 0, Windows2000, Millenium, WindowsXP, OS/2, UNIX, Lunix және тағы басқалар.
Компьютерде жұмыс атқаруды операциялық жүйе арқылы жұмыс атқару деп қарастыруға болады. Сондықтан компьютер мен адамның қатынасында операциялық жүйе өте маңызды, түсінікті және достық қатынаста деп есептеуге болады. Адам мен компьютер арасындағы мұндай қатынасты интерфейс деп атайды. Дербес компьютерлерде интерфейстік қатынастарды командалық және терезелік деп екіге бөледі.
Командалық интерфейсте адам компьютермен операциялық жүйе командалары арқылы қатынас құра алады, олардың түрлері өте көп. Операциялық жүйенің командалық интерфейсіне операциялық жүйе MS DOS жатады.
Терезелік интерфейс - операциялық жүйеде компьютермен байланыс тек маусты пайдалану арқылы жүзеге асады. Компьютермен жұмыс атқару үшін графикалық бейне түрінде берілген амалдарды экранда таңдау арқылы тиімді қарым-қатынас жасауға болады. Графикалық бейнелерді, анықтамалық жүйені, интуитивтік нұсқауларды таңдау компьютермен қарым-қатынасты жеткілікті, әрі түсінікті етеді.
Жүйе қабықшасы - бұл негізгі бағдарламамен жұмысты оңайлататын бағдарлама (бағдарламалар комплексі) .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz