Қоғамдық саяси жүйе


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

Қоғамдық саяси жүйе.

Қоғамның саяси жүйесі бұл белгілі бір саяси функцияларды атқарушы мемлекеттік және мемлекеттік емес әлеуметтік институттардың жүйесі. Мұндай институттардың қатарына қоғамдық өмірдің билікке байланысты саласына қатысушы мемлекет, партиялар, кәсіптік одақтар және басқа да ұйымдар мен қозғалыстар жатады. Саяси жүйе сыртқы және ішкі саясаттың жүзеге асуын қамтамасыз етеді, әлеуметтік топтардың мүдделерін қалыптастырады, білдіреді және қорғайды. Оның сипаты, ең алдымен, осы саяси жүйенің пайда болған және қызмет ететін әлеуметтік ортасы арқылы анықталады:

  1. Еңбек нәтижелері саналы түрде мемлекеттік ұйымдасқан адамдардың ерекше тобымен бөлінетін әлеуметтік орта. Мұндай ортада меншіктің мемлекеттік және қоғамдық түрлері орын алады; өзіндік меншікке рұқсат беруі мүмкін, ал жеке меншік мүлдем болмайды. Мұндай саяси жүйелерде мемлекеттік билік қоғамның эканомикалық өміріне тоталитарлы түрде араласады; мемлекеттік идеалогиясынан өзгеше ойлау басып жаншылып отырады; мемлекеттік идеалогия, дін, мәдениет, білім, ғылым қалыптасады. Билікте тек бір ғана саяси партия болады.
  2. Әлеуметтік ортаның екінші түрі қоғамның эканомикалық өмірінің нарықтық ақшалық негізінде, еркін кәсіпкерліктің тәжірибесімен идеалогиясына негізделеді. Мұндай саяси жүйелерде мемлекет нарықтық эканомика үшін жағдайларды ұйымдастырушы ретінде көрініс табады, азаматтардың құқықтарымен бостандықтарын қамтамасыз етеді. Мұндай жүйеде партиялар билікті сайлау компанияларына қатысу арқылы жаулап алуға тырысады; құқықтық нысандар саяси мақсаттарға жетудің негізгі құралына айналады.
  3. Әлеуметтік ортаны ұйымдастырудың үшінші түрі арлас түр, ол конвергенция деген атқа ие болды. Конвергенциялық саяси жүйелер бір әлеуметтік ортадан екінші әлеуметтік ортаға өту кезінде пайда болады. Конвергенциялық саяси жүйелерге әртүрлі мақсаттағы және мазмұндағы көптеген саяси институттардың араласуы тән болып келеді.

Саяси жүйелердің түрлері. Саяси жүйелердің пайда болатын әлеуметтік ортасының сипатына қарай мынадай түрлері болады: Тоталитарлық, либералдық демократиялық және аралас жүйелер; ал өзара байланысу сипатына қарай ашық және жабық саяси жүйелер болады.

Қоғамның саяси жүйесі құқық негізінде және басқа әлеуметтік нормалар негізінде тәртіпке келтірілген институттардың жиынтығы (мемлекеттік органдардың, саяси партиялардың, қозғалыстардың, қоғамдық ұйымдардың т. с. с. ), сол қалыпта қоғамның саяси өмірі және саяси билік іске асырылады.

«Саяси жүйе» санаты таптардың, әлеуметтік топтардың, ұлттардың саяси мүдделерін түсінуге, білуге мүмкіндік береді және қарым қатынастарын, бір біріне тәуелсіздігін, сол мүдделердің саяси құбылыстардағы көрінуін түсіндіреді.

Саяси жүйе мынадай бөліктерден тұрады:

  1. Қоғамның саяси жүйесі, өзіне мемлекетті, саяси партияларды, қозғалыстарды, қоғамдық ұйымдарды және қосылымдарды, еңбек ұжымдарын қосып алады.
  2. Саяси билікті және саяси жүйені сипаттайтын саяси сананы, психологиялық және идеалогиялық жақтарын көрсетеді.
  3. Қоғамның саяси өмірін, саяси билікті іске асыру процесін реттейтін әлеуметтік саяси және құқықтық нормалардан тұрады.
  4. Саяси билік туралы, бөліктерінің арасындағы қалыптасқан саяси қатынастар.
  5. Саяси әрекеттен және дүние танымының жиынтығынан тұратын саяси тәжірибе.

Беріген бөліктерді біртұтас саяси жүйеге біріктіруші, жасаушы «саяси жүйе» санаты.

«Мемлекет» және «қоғамның саяси жүйесі» біртұтас құбылыстың екі бөлігі. Мемлекет саяси өмірді «жалпы міндеттілікке» сай реттей отырып, өзіне барлық барлық көп жақты саяси мүддені жинақтайды. Міне, осы қасиетіне байланысты мемлекет саяси жүйеде оған бірлік, тұрақтылық беретін ерекше құрылым ретінде орын алады. Қоғамның қорын пайдаланып, басқару әрекетін негізгі жұмысын орындайды және оның өміріндегі әрекетін тәртіпке келтіреді.

Мемлекет қоғамның саяси жүйесінде орталық, жүргізуші орын алады:

  1. азаматтық белгілеріне сай шекарасы бар, мемлекеттің аумағына біріккен барлық халықтың арнайы өкілі ретінде көрінеді;
  2. жалғыз ғана тәуелсіздікті ұстаушы;
  3. қоғамды басқаруға арналған арнайы аппараты бар(көпшілік билік) ;
  4. «күштеуші» құрамдар (қарулы күштер, ішкі істер, қауіпсіздік қызметі т. б. ) ;
  5. әдеттегідей құқықтық шығармашылық монополиясына иелігі бар;
  6. ерекше құрамдағы материалдық бағалылыққа иелігін жүргізеді (мемлекеттік меншік, бюджет, валюта т. с. с. )

Сондықтан, қоғамдық билік және мемлекеттілікке дейінгі қоғамдағы тәртіп нормалары, сондағы адамдардың эканомикалық, әлеуметтік зияткерлік, мәдени және рухани дамып жетілуіндегі деңгейді көрсетеді.

Мемлекеттікке дейінгі кезеңдердегі әлеуметтік билік нормаларының ерекшклігін, олардың өмір сүру әрекетіндегі, ру мен тайпаның әлеуметтік эканомикалық бірлігін көрсетумен және қамтамасыз етумен сипаттауға болады. Ондай жағдай, еңбек құралдарының жетілмегендігіне және өндірістің төмендігіне байланысты болды. Осыған байланысты бірге өмір сүру қажеттілігі туды, өндіріс құралдарына қоғамдық меншік орнап, табыс теңдік негізінде бірдей мөлшерде бөлініп отырады.

Мұндай жағдай, биліктің табиғатына және алғашқы қауымдық қоғамның нормаларына маңызды әсер етті.

Мемлекетке дейінгі кезеңдердегі әлеуметтік биліктің белгілері:

  • тек рудың ішінде тарады, оның еркін көрсетті және туысқандық қарым қатынасқы негізделді;
  • тікелей қоғамдық болды, алғашқы қауымдық демократия, өзін өзі билеу негіздерінде құрылды (яғни, субъект және биліктің объектісі бір біріне сай болды) ;
  • теориялық жағынан мемлекетпен құқық теориясының жалпы заңдылықтары зерттеледі (оның басқа да заң ғылымдарынан айырмашылығы бар) .
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мемлекеттің саяси құрылысын қалыптастыру
Қоғамның саяси жүйесінің даму
Клерикалық мемлекет зайырлы және теократиялық мемлекеттерінің ортасындағы мемлекет
Саяси жүйенің жіктелуі
Саяси жүйе - аса қажетті механизм
Саяси жүйе туралы
Саяси жүйе: ұғым, мән-мазмұны, құрылымы, функциялары
Қоғамның саяси жүйесі қызметінің түсінігі жайында
Қоғамның саяси жүйесі қызметінің түсінігі және құрылымы. Қазақстан республикасындағы саяси процестер
Эволюция және революция
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz