Қауіпсіздік мәселелері. Аймақтық деңгейдегі мемлекетаралық қайшылықтар



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
Қауіпсіздік мәселелер. 1
Аймақтық деңгейдегі мемлекетаралық қайшылықтар. 1
Ішкі фактор. 1
Аймақта қарулы қақтығыстардың пайда болуының қайнар көздері. 2

Қауіпсіздік мәселелер.

Аймақтық деңгейдегі мемлекетаралық қайшылықтар.

Аймақ мемлекеттеріндегі даму жағдайының негізгі тенденциялары 21 ғасыр
тоғысындағы ішкі саяси факторлармен байланысты. Олар экономикалық
дағдарыстың күшеюімен, әлеуметтік- экономикалық сипаттағы қиыншылықтың
өсуімен және тағы басқалар сипатталады.
Аймақ елдерінің алдындағы ең қиын мәселе тұрақтылықты
жұмыссыздық, әлеуметтік төлемдер бойынша қарыздар, әлеуметтік-экономикалық
дағдарыс жағдайында сақтап қалу.
Н.Ә. Назарбаевтың айтуынша: ''Орталық Азия - потенциалды даулы
аймақтардың бірі. Даулар болашақта аймақ ішінде сонымен қатар, оның
айналасында бай табиғи және су ресурстары, территориясы үшін туындауы
мүмкін.''
Аймақтағы тұрақсыздықтың негізгі факторы - Ауғанстан, Иран, Пәкістанның
қолдауымен діни экстремизмнің таралуы. 1998 жылы Қазақстанда өз еркімен
Ауғанстанға баратын әскерлерді жіберумен айналысқан ваххабистер ұйымын
тәркіледі. Діни экстремистердің мойынында әр түрлі террорлық актілер бар,
оларға –1998 жылы маусымда Ом қаласындағы және 1999 жылы ақпандағы
Ташкентте болған террорлық актілерді жатқызуға болады.
Екінші басқа мәселеде Ауғанстанмен байланысты, ол-наркотрафик.
''Таймс'' журналының хабарлауы бойынша әлемдік героинның 50% талибтер
бақылауында. Орталық Азия есірткі тасымалдаудың ең ыңғайлы жолы.

Ішкі фактор.

Орталық Азиядағы мемлекетаралық қатынас дамуының анализі көрсеткендей,
негізгі қиыншылықтардың қайнар көздері аймақ ішінде жатыр. Әскери
қақтығыстардың ішкі алғышарттарының диапазоны өте кең: әртүрлі стратегиялық
бағдар және сыртқы субсидияға тәуелділік; сыртқы саясат мәселелеріндегі
келіспеушілік; аймақтық басшылыққа күрес; ұлттық экономикалық мүдделерінің
қарама-қайшылығы және тағы басқа. Сарапшылар Орталық Азиядағы
дезинтеграциялық процестің өсуін атап көрсетуде, олар саяси және әскери-
саяси жағдайдың тұрақсыздығына жағдай жасайтын мемлекетаралық қатынастың
күрделенуіне әкеп соқтырады.
Өзбекстанның ұстанған саясаты алаңдатушылық туғызуда. Егер Қазақстан,
Қырғыстан және Тәжікстан саяси және экономикалық кеңістікте өз әріптесі
ретінде ТМД-ны қаласа, онда Өзбестан АҚШ пен Батысқа бет алуда. Ол өзінің
ТМД-ға деген теріс көзқарасын да жасырмайды, оны ''Ұжымдық қауіпсіздік
туралы келісімшарт'' мерзімін ұзарту туралы хаттамаға қол қоюдан бас
тартудан байқауға болады.(
Тағы да алаңдататын бір жай Өзбекстан шабуыл әскери топтарын құру
мақсатында өзінің қарулы күштерін көбейтуде.Өз мақсатына жету үшін
Өзбекстан бірнеше рет экономикалық әдісін қолданды. Ташкент Қырғыстан мен
Тәжікстандағы газды беруді тоқтатқан. Әрине, әр мемлекет өз жолын таңдайды,
бірақ бұл жерде Өзбекстанның көршілеріне қарама-қайшылығы анық байқалып
жүр.

Аймақта қарулы қақтығыстардың пайда болуының қайнар
көздері.

Қарулы қақтығыстардың пайда болуының қайнар көздері мыналар бола алады:

-Мемлекетаралық субөлініс мәселелері. Ол территориясында аймақтың негізгі
су қайнар көздері қалыптасқан мемлекеттермен суды пайдаланатын
мемлекеттердің ұлттық мүдделерінің арасындағы қарама-қайшылықтарға
негізделген;
-Демографиялық проблема- туудың жоғары деңгейі, халықтың тығыздығы,
өнеркәсіптің дамымауы, солардың салдарынан жұмыссыздық пен кедейшіліктің
өсуі;
-Территориялық мәселелер. Ол кеңес кезеңінде анықталған шекаралардың
реттелмеуімен байланысты.
Қарулы қақтығыстардың қайнар көздері шекара мәселелерінен шығатын
мемлекет ішіндегі этникааралық мәселелер бола алады. Бұл мәселелердің
негізі қазіргі шекаралардың халықтың ұлттық-территориялық орналасуына
сәйкес келмеуі. Бұндай қақтығыстардың екі түрі қарастырылуда: этносаяси
және әлеуметтік-экономикалық негізде. Біріншіден, Өзбекстандағы Бұқара және
Самарқандтың этникалық тәжіктері; Қазақстанның солтүстік облыстарындағы
орыстар мен қазақтар арасындағы қарама-қайшылықтар. Екіншіден, көрші
мемлекеттермен салыстырғанда өмірлік деңгейінің төмен болуы шекаралық
аймақтағы ұлттың аз бөлігінің этникалық отанымен территориялық бірінуіне
және сепаратизмге талпынуына себепкер бола алады.
Қарулы қақтығыстарды алдын алу саласындағы жалпы комплексті зерттеулер
мына бағыттар бойынша жүргізілуі керек:
1.Аймақтық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы және Аймақтық қауіпсіздік мәселелері
Әлемдік саясат жаһандық мазмұндағы саясат
Жаhандық проблемалар және заманауи саясат
Халықаралық нарық
Қазақстан Республикасының сыртқы саясатта ден қоятын басымдылықтары
Қазіргі әлемдік саясат және жаһандық мәселелер
Халықаралық ұйымдардың қызметтері және жіктелуі
Қазіргі халықаралық қатынастардағы ақпараттық қауіпсіздік мәселелері
Орталық Азия қауіпсіздігінің мазмұны мен механизмдері шеңберіндегі мемлекеттік егемендік мәселесі
Орталық азиядағы аймақтық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің ішкі және сыртқы факторлары
Пәндер