Никола Макиавеллидiң мемлекет және саясат туралы iлiмi

Қайта өрлеу дәуiрiнiң көрнектi өкiлi буржуазиялық саяси iлiмнiң
негiзiн қалаушы Никола Макиавелли саяси қайраткер, дипломат және тарихшы
ретiнде де кеңiнен танылды. Мемлекет және құқық концепциясы тарихында оның
саяси идеялары қарама-қайшылықтар мен жаңа iзденiстерге толы болды. Оның
мемлекет пен қоғам дамуы туралы көзқарастарын жақтаушылар мен сынаушылардың
көптiгi, олардың бұл мәселедегi даулы айтыстары да Макиавелли еңбегiнiң қыр-
сырын одан әрi анықтай алады.
1469 жылы Италияның Флоренция қаласында заңгер отбасында дүниеге
келген Никола жас кезiнен бастап-ақ құқықтану негiздерiмен еркiн таныса
алды. Қаржы қиындығынан университеттегi оқуын толық аяқтай алмаған ол оқуға
деген құштарлығы мен iзденiсiнiң нәтижесiнде өздiгiнше оқып ғылымның
әртүрлi саласы бойынша терең бiлiм алады. 1498 жылы Флоренция республикасы
екiншi канцеляриясының хатшысы болып тағайындалады. Бұл қызметте 14 жыл
бойы жұмыс iстеген ол Флоренция республикасында әртүрлi мемлекеттiк
iстермен шұғылданады, осы дәуiрдегi көрнектi саяси қайраткерлермен
жүздеседi. Саяси iс-шараларды ұйымдастыруға және өткiзуге қатысады.
Басқа елдер мен Италияның әртүрлi қала-мемлекеттерiнде дипломатиялық
сапармен болған Макиавелли бұл елдердiң мемлекеттiк басқару iстерiмен
тереңiрек танысады. Осы жылдар аралығында Н. Макиавелли үкiметтiк жарлықтар
мен заңдарды дайындауға қатысумен бiрге мыңдаған әртүрлi деңгейдегi хаттар
мен ұсыныстар жазады. Қызмет бабында үлкен тәжiрибе жинақтаған ол мемлекет
және саясат мәселелерi жөнiнде мемлекет басшысының сенiмдi көмекшiсi және
кеңесшiсiне айналады.
1512 жылы Флоренция республикасының құлауына байланысты бiрге бүкiл
үкiмет құрамымен бiрге ол да қызметсiз қалады және оған қандай да бiр
мемлекеттiк iспен айналысуына тиым салынады. Саяси және мемлекеттiк
қызметтен шеттетiлген ол бұдан кейiнгi өмiрiн әдеби шығармашылыққа арнайды.
1513 жылы Патша, Тит Ливийдiң бiрiншi онкүндiгi, 1519 жылы Әскери өнер
туралы, 1520 жылы Флоренция тарихы және тағы басқа еңбектерiн жазады.
Макиавеллидiң мемлекет және саясат туралы iлiмiндегi маңызды жаңалығы
саясат саласын жеке ғылым ретiнде көрсетуге тырысу идеясы болып табылады.
Бұл салада орасан зор тәжiрибе жинақтаған ол саясат қоғамдық өмiрдiң бөлек
саласы болып табылады деген қорытынды жасайды. Ол қоғамдық өмiрдi түрлi
мақсаттары және оларды iске асырудағы мүмкiндiктерi бiр-бiрiне ұқсамайтын
көптеген әлеуметтiк күштер мен әрқилы мүдделердiң қақтығысы ретiнде
қарастырады. Оның айтуынша саясат — адам еркiне бағынышты жанды қозғалыс,
дауылды стихия, күштер арасындағы күрес, олардың үздiксiз қақтығысы,
қайшылықтардың шешiмi, өзгерiстер мен қайта құрулар.
Макиавелли саяси оқиғаларға баға беру мен саясаттың аясы туралы
идеяларында iс жүзiндегi саясат пен саясат теориясын қосуға ұмтылды. Оның
пiкiрi бойынша, саясат түрлi әлеуметтiк күштердiң билiк үшiн, оны ұстап
тұру және пайдалану жөнiндегi күрес аймағы. Мұнда түрлi күштердiң ең
айлалысы және ең ұтқыры ғана жеңiске жетедi, адамгершiлiк саяси мақсатқа
бағындырылады. Саясат пен билiк аймағы — күрестiң ерекше заңдары бар
ортасы. Билiк үшiн күресте барлық құралды пайдалану заңы қарсыласты жеңу
мақсатында қолданылады. Макиавеллидiң бұл идеясы билiк тарихын зерттеу
тәжiрибесiнен алынған.
Саясаттың жеке билiк үшiн күресте әлдекiмдердiң құйтырқы әрекетi
болатындығын одан бұрынғы ойшылдар да бiлген болатын. Бiрақ оны алғаш рет
ресми түрде қыр-сырын үңiле зерттеген Макиавелли едi. Оның өмiр сүрген
дәуiрi Италияның саяси бытыраңқылығы, өзара тартыс-таластар, жат елдiк
басқыншылармен күрес, шiркеудiң мемлекет iсiне араласуы да оның
мемлекеттегi билiк жүргiзушi мен оның қол астындағылардың қарым-
қатынастарын зерттеуге итермеледi. Оның мемлекеттiк қызметтегi тәжiрибесi
де сол замандағы тарихи оқиғалардың шымылдық артындағы сценарийлерiн,
оны жасаушылар мен режиссерларын, бiрiншi рольдi орындаушыларын, негiзгi
күштердiң механизмдерi мен тетiктерiн зерттеуге, әрқилы құбылыстар мен
процестердi жақсы бiлуi де саяси-құқықтық ойдың асыл қазынасын жасауына
көмектестi.
Макиавеллидiң айтуынша, әлемде теңдей дәреже шамасында қайырымдылық
пен жауыздық, әдiлдiк пен зұлымдық бар, бiрақ олар бiр елден екiншi елге
жылжи отырып, өздерiнiң географиялық бағытын өзгертуi мүмкiн. Яғни, бiр
елде қайырымдылық пен әдiлдiк үстем болса, екiншi елде жауыздық пен
зұлымдық басым болады. Мемлекет тарихында бұл процесс әдет-ғұрып пен
мiнездiң және басқа да факторлардың ықпалымен үнемi өзгерiп отырады. Бiрақ
әлемдегi жақсылық пен жамандықтың жалпы жиынтығы өзгерiссiз қалады.
Макиавеллидiң саясат саласындағы ең басты еңбегi — Патша шығармасы
мемлекет басындағы адамдардың ел билеуде басшылыққа алуына арналған әртүрлi
кеңестер мен ұсыныстар және қағидалар берiлген туынды болып табылады. Ол
бұл шығармасында Италияны бiрiктiретiн диктаторға қажет қасиеттердi ежiктеп
көрсетедi. Макиавелли елдi бiрiктiру мен билiк мақсатына жету үшiн барлық
амал-айланы қолдануға, яғни қол астындағыларды алдауға, өтiрiк айтуға,
уәденi аяққа басуға, зұлымдыққа баруға, адамдарды қырып-жоюға, қатал тәртiп
пен күш қолдануға және опасыздық жасауға да болады деп үйреттi. Бұл үшiн,
ол билеушiнiң бойында арыстан мен түлкiнiң қасиеттерi қатар болуы және
өтiрiк пен екiжүздiлiктiң ұлы өнерiн терең меңгеруi керек деп тапты.
Оның айтуынша, билеушiде табиғат пен адамның қасиеттерi қатар
жинақталуы қажет. Аңдардың қасиеттерiн айтқанда ол арыстан мен түлкiнiң
қылықтарын үйренуге жөн сiлтедi. Егер князь аңдардың әдiс-тәсiлдерiн
үйренуге мәжбүр болса, онда олардың арасынан түлкi мен арыстанды таңдауы
керек, өйткенi, арыстан жыланнан, ал түлкi қасқырдан қорғана ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz