Мемлекет және қоғамдық ұйымдар


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   

ЖОСПАР

2 Қазақстанның саяси жүйесі1

2. 1 Қазақстанның бір партиялық жүйеден көп партиялық1

жүйеге өтуі1

2. 2 Мемлекет және қоғамдық ұйымдар4

2 Қазақстанның саяси жүйесі

2. 1 Қазақстанның бір партиялық жүйеден көп партиялық

жүйеге өтуі

Қазақстанның өтпелі кезеңге қадам басуы қоғамның саяси жүйесінің сипатының, құрылымы мен функциясының принципті түрде өзгеруімен жария етеді. Қазір ол бұрынғы саяси жүйені мүлде қайталамайды десе де болғандай: қоғам өміріндегі ролі мүлде басқа сыртқы байланыстарымен және қарым-қатынастармен сипатталады, қызмет ету мен ықпал етудің бұрынғыдан басқа механизмдерін пайдаланады.

Қазақстандағы саяси жүйеің бүгінгі жай-күйі мен түрінің қандай екендігі көрнекірек елестету үшін оның өзінің шыққан және өзі соның жалғасы табылатын социалистік қоғамның саяси жүйесі мен салыстыру керек.

Социалистік қоғамның саяси жүйесі өзіне тән сипаты онда бір партияның дара, ешкіммен бөліспей жеке билік етуі, бірпартиялықты орнату болып табылады. Бұған кейбір социалистік елдерде коммунистік партиялардан басқа бірқатар басқа партиялардың да болған фактілері қайшылық етпейді. Олар, алайда, коммунистік партиялардың жетекшілік ролін сөзсіз мойындайды, солардың белгіленген шегінде әрекет етті, іс жүзінде олардың бақылауында болды және олар белгіленген шеңберден ешқашан шығып көрген жоқ.

Бірпартиялықтың негізгі белгісі, мемлекетте өзінің диктатурасын орнатқан партия:

  1. оның құзыретінің маңызды мәселелерін шешуде мемлекеттік істерге араласып қана қоймайды, мемлекеттік билікті толығымен ауыстырып жібере алады.
  2. Барлық жария (жасырындарын - әсіресе) оппозицияларды жоюға, билік ету ісінде кез келген болуы мүмкін бәсекелестерді жоюға тырысады;
  3. Халықты басқару ісіне белсенді қатыстырудың сыртқы көрінісін құруға ғана мүдделі, барлық мәслені өзі шешетіндіктен, халықтың бастаманы, қайраткерлікті және белсенділікті іс жүзінде көге де ілмейді;
  4. Мемлекеттің құқықтық актілерінің, соның ішінде конституцияның да мазмұнын жояды, халықты нормативтік құқықтық нұсқаулардың міндетті еместігі туралы ойға тура немесе жанама маңынасында үйретеді.

Бір партиялы жүйенің осы және басқа да бірқатар сипаттары мен ерекшеліктеріне қарай ол - тоталитарлық мемлекеттік-саяси режимді орнатудың негізі, билікті бір қолға заңсыз ұстанудың алғышарты, оны озбырлықпен тартып алудың шарты. Бірпартиялық алдымен билеуші партияның көшбасшылары мен мүшелері жағынан жекелеген теріс пайдаланушылықтар үшін, сосын - олардың жүйелі түрде жүзеге асрылуы үшін объективті негіз қалайды, өйткені оппозицияның болмауы себепті оларға ешқандай қарсы әрекет жоқ. Осыған қарай билеуші партия өзінің шешімдеріне жоғары талап қоюшылық сезімін жоғалта бастайды, өзінің бүкіл қызметін дұрыс бағаламайды, өзіне өзнің көшбасшылары мен мүшелеріне жұмысақтық танытады, бұл ақыр соңында мемлекет үшін қауіпті зардаптарға алып келеді.

Бірпартиялықтан бас тарту әлде саяси плюрализ мен көппартиялықты нығайтуға жағдай жасай отырып, демократияға қарай батыл қадам жасаудың белгісі. Қазақ КСР-нің 1978 жылғы Конституциясының компартияны қоғамның басшы және бағыт беруші күші, барлық мемлекеттік және қоғамдық ұйымдардың ұйтқысы деп жариялаған 6-бабы алынып тасталды. әрбір сайлау округінде партиялық инстанция қуаттаған тек бір ғана депутатқа кандидат тіркелетін тәртіптің алынып тасталуы үлкен роль атқарды. Партиялық номенклатураға берілетін артықшылықтар алынып тасталды. Партиялық және мемлекеттік органдардың, қоғамдық ұйымдардың басшыларының елдің түйніді мәселелері бойынша бірлесіп акт қабылдауы қолданылмайтын болды. Коммунистерді қылмыстық жауапкершілікке тек тиісті партиялық комитеттердің рұқсатымен тартатын тәртіп күшін жойды.

Алайда көппартиялық пен саяси плюрализм бірден орнығып кете қойған жоқ. Олардың қалыптасу процесі ұзақ кезеңді қамтыды, ол әлі де аяқталған жоқ; ол азаматтардың саяси белсенділіктің алуан түрлі нысандарын бақап көруімен байланысты. Жаңадан құрылып жатқан партиялар мен саяси блоктар ұйымдастырушылық, идеялық-теориялық және саяси қатынастарда билік органдағылармен тең құқыққты диалог жүргізуге қол жеткізбейінше, әлсіз болып қалады. Олардың бағдарламалары мен тұғырламалары көп жағдайда бірін бірі қайталайды, көптеген декларативті және нақты емес ережелері бар. Екінші кезектегі және ұсақ-түйек мәселелермен айналысып жүрген партиялар (сирек жағдайларда болмаса) өздерін көзге түсерліктей істерімен әлі таныста қойған жоқ. Алайда аталған аурулардың дендеп кетпеуіне тырысып, барлық партиялардың тіршілік етіп, қызмет істеуі үшін қажетті жағдайлар туғызуы керек.

Айқын көппартиялық, түрлі маңынадағы саяси күштердің плюрализмі салауатты қоғамның белгісі. Олардың құтылу, олардың қалыптасуына кедергі жасау тоғышарлық болар еді. Әртүрлі пікірлерді салыстыру, олардың күресі (идеялық-теориялық, концептуальдық, тек қарулы емес) шындыққа тезірек жетуге, дұрыс шешімдер таңдай алуға мүмкіндік береді. Сонымен саяси әралуандықтыүкіметтің саясатын қолдайтын көптеген партиялар және басқа саяси ағымдар ретінде түсінуге болмайды. Кейде оппозициялық күштерге қауіптене қарайтын үкіметтің идеологтары мен шенеуніктері мұндай көзқарасты елге таратып жібереді. Мұндай көзқарас басым болып, оппозицияны жойып, жоқ қылып жіберсе, бұл қоғамның науқасының салмақты екендігін білдіреді. Күшке табыну ақылдан басым түскен кезде, ақиқат та, әділдік те жайына қалады. өзінің барлық жағымды және жағымссыз жақтары бола тұра саяси оппозицияның даусыз артықшылығы бар: оны ңболуы еркімен болса да немесе еріксіз болса да билеуші таңдаулылары (элитаны) өздерінің әрбір қадамын байқап басуға, белгілеген шешімдері заңға қайшы емес пе, соны анықтауға, асыра пайдаланушылық пен ашық бұзушылықтардан қашуға мәжбұр етеді. Осылайша, қоғамның неғұрлым демократиялық саяси жүйесі деп тек қана саяси пікір алуандығы мен көппартиялық нығайған емес, сондай-ақ толыққанды саяси оппозициясы бар саяси жүйені тану қажет.

Бұдан былай кез келген партия, тіпті парламентте көпшілік санға қол жеткізіп, «билеуші» болса да, үкіметтік қалыптастырса да, мемлекеттегі ерекше монополиялық жағдайға үміткер болуға құқықты емес. Ол өзінің мақсатына конституциялық жолмен, билік институттары мен құрылымдарына ықпал етудің жария нысандарын пайдалануымен қол жеткізе алады. Оған өзін мемлекетітк билікпен ауыстыруға еш жол беруге болмайды. Басшылық етудің партиялық тәсілі бір басқа, мемлекеттік тәсіл бір басқа, оларды араластыруға, бір-бірін қайталауға және ауыстыруға еш болмайды.

2. 2 Мемлекет және қоғамдық ұйымдар

Барлық қоғамдық ұйымдардың көп алуандығын мына төмендегі үш түрге бөлуге болады:

  1. жеке мүшелік принципіне құрылған ұйымдар;
  2. қоғамдық өкілдік ұйымдары;
  3. бұқаралық қоғамдық қозғалыстар.

Қоғамдық мүшелік ұйымдарда, саяси партиялардағы сияқты, азаматтар ең алдымен өзінің бірлесу бостандығына қонституциялық құқығын жүзеге асырады. Жеке мүшеліктің болуы мүшелердің бәрінің ұйымның барлық ісіне тартылуы деп болжанады. Қатардағы мүшелер аумақтық және басқа белгісі бойынгша неғұрлым ірі құрылымдарға бірігетін бастауыш ұйымдарда тұрады. Сондықтан да мүшелік қоғамдық ұйымдардың басқа ұйымның түрлеріне қарағанда неғұрлым қалыптасқан құрылымы бар. Олардың буындарының арасында убординациялық және басқа байланыстар мен қарым-қатынастар бар. Осы жағынан мүшелік ұйымдар партияларға жақындайды және қоғамдық ұйымдардың басқа түрлерінен ерекшеленеді.

Бұған дейін өмір сүрген мүшелік ұйымдардың бәрі бірдей қайта құру кезеңінің, жануарлар мен демократияландырудың ауыртпалығына төтеп береалмады. Олардың кейбіреуі (комсомол, ДОСААФ, «білім» қоғамы) өздерін өздері таратып жіберді, коммерциялық немесе жартылай коммерциялық құрылымға айналды, не іс жүзінде құрып кетуге жақын тұр. Мүшелік қоғамдық ұйымдардың арасында кәсіподақтар ерекшеленеді. Кәсіподақтар жүйесі біртекті болған кеңес кезеңінен айырмашылығы, ол бүгінде мұндай біртектіліктен айрылған. Бұрынғы «қазыналық» деп аталатын, мемлекет қолдайтын жеке өз кезегінде оны да қолдайтын кәсіподақтармен қатар «еркін», «тәуелсіз» деп таалатын кәсіподақтар құралды. Соңғылары кейде жұмыс берушілерге, кейде тіпті үкіметке де өзінің оппозициялығымен батырсынып қояды, ең бір батыл талаптар қояды, кез келген сәтте жұмысшыларды ереуілдерге, наразылық акцияларына және басқа да осындай әрекеттерге шақыруға дайын тұрады. «Қазыналық» және «тәуелсіз» кәсіподақтардың қарым-қатынасы бірін бірі өзара жоққа шығарумен, жұмысшылар мен қызметкерлерідің тиісті категорияларынң арасындағы ықпал үшін ымыраға келмейтін сынмен және батыл күреспен сипатталады.

Түрлі бағдардағы кәсіподақтардың болуы мемлекеттік органдарға олармен өзара қарым-қатынас жасағанда бірқатар маневрлер жасауға мүмкіндік береді, белгілі бір жағдайларда оларды біріне бірін қарсы қоюға, оларды қимылының тиімділігінің әлсіретуге еркіндік береді.

Қоғамдық өкілекті ұйымдару жүйесінде үлкен өзгерістер болды. Жолдастық соттар мен ерікті халық жасақтар, қоғамдық автоинспекторлар кеңесі жұмыс істеуін тоқтатты, көше, квартал және үй комиттеттері жойылу қарсаңында. Мектептерде ата-аналар комитеті қандай болса да бір жұмысты істеуге тырысуда. Оның есесіне Қазақсан халықтарының облыстық және ремспубликалық ұлттық-мәдени орталықтардың жұмысы жандана түст.

Дамыған және аяқталған-жинақы құрылымның болмауы, оның таңдаулы ұйымдар шеңберінде шектеліп қалуы, оның құрамына кірмейтін соңғы түлғаға формальды тиістілктің болмауы, оны таңдаған халықтың категориясымен өзгеше байланыс қоғамдық өкілдік ұйымының ерекшелігі болып табылады. Осыған қарай қоғамдық өкілдік ұйымдары қуатты, өмірдің өзгермелі жағдайларына шұғыл түрде үн қоса алады.

Бұқаралық қоғамдық қозғалыстар, айталық, мүшелік ұйымдармен салыстырғанда формалдылығы шамалы құрылым ретінде қоғамдық ұйымның түрлерінің бірі болып табылады. Олардың қатарына «рухы», сипаты, мақсаты, міндеті жағынан жақын партиялар, мүшелік және басқа қоғамдық ұйымдар бірігетін одақтарды, блоктарды, фронттарды, ассоциацияларды жатқызуға болады.

Қандай да бір тактикалық нұсқаудың өзгеруі сол немесе басқа партияның, ұйымның қозғалыс құрамынан шығуына, оның шеңберінің тарылуына немесе тіпті тарап кетуіне алып келуі мүмкін. Сондықтан да қозғалыстарды тұрақсыз қоғамдық ұымдар деп санауға болады. Олардың басқа ерекшеліктері мынада: әдетте олардың жеке мүшелігі болмайды, ал құрылымы тұрақсыз, динамикалық, қозғалыстың дәл осы сәттегі нақты құрамына байланысты өзгеріп тұратын, оның ішіндегі күштердің, міндеттердің, мақсаттардың және т. б қатынасы болып табылады.

Шіркеуді және шіркеулік ұйымдарды саяси жүйеге енгізу туралы мәселе әр түрлі қоғамда әр түрлі шешілді және шешілуде. Мысалы, феодализм дәуірінде, шіркеу мемлекеттік аристократиялық биліктен жоғары қойылып, инквизация сотын жүргізгенде, оның сол кездегі қоғамның саяси жүйесіне қатысы бар екендігіне әлдекімнің күдіктене қойыу екіталай еді. Немесе мұсылмандық діни ұйымдары орталық және жергілікті мемлекеттік биліктің жүзеге асырылуында зор роль атқарған көптеген шығыс елдерін алайық, ал құқықты қолдану және жүзеге асыру шариғаттың шарттарынсыз еш мүмкін емес. Бұл жерде сондай-ақ мұсылман мешіті мен онымен байланысты ұйымдар қоғамның саяси жүйесінің маңызды компонентін құрайтыны күдік тудырмайды.

Өздерін зайырлы деп санайтын мемлекеттерде бұл мәселе басқаша шешіледі: олар әдетте мемлекеттің шіркеуден және шіркеудің мектептен бөлек екендігін жариялайды. Мысалы Ресей Федерациясының Конститутциясында былай делінген: «Діни бірлестіктер мемлекеттен бөлінген және заң алдында тең». Одан бөлек, шіркеудің және шіркеу ұйымдарының саясаттан шеттелетіндігі барынша жарнамалаып жатады. Нәтижесінде соңғыларының қоғамның саяси жүйесіне кірмейтіндігі туралы қорытынды жасалады.

Қазақстан Республикасын зайырлы мемлекет деп жариялай отырып, қазіргі Конституцияның алайда шіркеуді мемлекеттен бөлу туралы ережелері жоқ. Бұдан басқа, республикада әлеуметтік жетістіктердің және ұлтаралық келесімнің міндеттерін шешуде мұсылмандық, сондай-ақ парвославиелік діни ұйымдардың ролі елеулі өскендігін көреміз. Бұл жағдайларда діни ұйымдарды қоғамның саяси жүйесінен аластау дұрыс бола қояр ма екен.

Басқаша айтқанда, қоғамдық ұйымдар жүйесі қоғамның реформалау, жаңғыру, демократизациялау кезеңіне енуіне байланысты елеулі өзгерістерге, модификацияға ұшырады, нарықтық қатынастарға бет бұрды.

Мемлекеттің қоғамдық ұйымдарға деген қарым-қатынасы қазір бұрынғыдай емес. Қазір ол мүлде басқа принциптерге негізделеді және бұрынғыға қарағанда басқа нысанда көрініс тапқан.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Саяси қозғалыстың өшу сатысы
Азаматтық қоғамның теориялық-әдістемелік негіздері
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІКТЕРІНІҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ - ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘРТЕБЕСІ
Саяси жүйе және мемлекет
Мемлекет ерте таптық қоғамның саяси, құрылымдық, аумақтық ұйымы
Қазақстандағы халықаралық үкіметтік емес ұйымдар: әлемдік тәжірибе
Үкіметтік емес ұйымдардың халықты әлеуметтік қорғаудағы рөлі
Саяси партиялардың алуан түрлілігі
Үкіметтік емес ұйымдардың халықты әлеуметтік қорғауға қосқан үлесі
Діни бірлестіктің жалпы сипаттамасы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz