Монтескьенің саяси - құқықтық көзқарастары
Монтескьенің саяси-құқықтық көзқарастары
Шарль Луи Монтескье — француз ағартушылығының көрнектi өкiлдерiнiң
бiрi, танымал заңгер және саяси ойшылы. Ол құқықтану, саясатпен қатар
философия, этика, әлеуметтану, тарих, саяси экономия, жаратылыстану
ғылымдары, әдебиет пен өнер және дiн мәселелерiне арналған көлемдi
шығармалар қалдырды. Оның мемлекет, саясат және құқықтануға арналған басты
үш еңбегi: ″ Парсы жазбалары″ (1721), ″ Римдiктердiң қуаттылығы мен
құлауының себептерi туралы пiкiрлер″ (1734) және жиырма жыл бойы жазған ″
Заңдар рухы туралы″.
Францияның феодалдық-абсолюттiк тәртiбi аяусыз сыналған ″ Парсы
жазбалары″ бiр жылда сегiз рет жарық көрдi. ″ Римдiктердiң қуаттылығы мен
құлауының себептерi туралы пiкiрлерiнде″ Монтескьенiң ағартушылық және
антидеспоттық идеялары Ежелгi Римнiң қоғамдық, саяси және рухани өмiрiнiң
тарихи зерттеу тәжiрибесiмен және дәлелдерiмен бекiтiледi. Кең көлемде және
жан-жақты жазылған ″ Заңдар рухы туралы″ еңбегi Монтескьенi саяси және
құқықтық ойдың бүкiл әлемдiк тарихындағы танымал классиктердiң қатарына
шығарды. Сол кездегi қоғамдық құрылыс пен шiркеудiң қарсылығына тап болған
бұл шығарма тиым салынған кiтаптар тiзiмiне енгiзiлдi.
Монтескьенiң саяси-құқықтық теориясының басты тақырыбы және онда
қорғайтын басты құндылығы — саяси бостандық. Оның аталған шығармасында
бостандықты қамтамасыз етудiң қажеттi шарттары ретiнде әдiл заң мен
мемлекеттiк құрылымның тиiмдi жұмыс iстей алуын қамтамасыз ете алатын
заңдар қарастырылады.
Монтескье барлық заңның бастауы жеке оқиғалардан туын-дайды, соның
салдарынан жеке заңдар басқа заңдармен байла-нысады және жалпы заңдармен
өзара тәуелдiлiкте болады дейдi. Табиғи заңдар адамдардың тiршiлiк
әрекетiне байланысты олар-дың iшкi өмiрi негiзiнде қалыптасады, яғни адам
табиғатының қасиеттерiне қарай табиғи заңдар пайда болады. Монтескье бұндай
заңдарға адамдардың бейбiт тұруға ұмтылысын, өзiне қа-жеттi азық-түлiктi
табуын, адамдардың бiр-бiрiне көмегiн және олардың қоғамдағы тыныштық
өмiрiн қосады.
Француз ойшылы Гоббстың адамдардың әуелгi кезден-ақ бiр-бiрiне
дұшпандық ниетте және бiрiн-бiрi билеуге ұмтыл-ғандығы туралы қателiгiн
арнайы атап көрсетедi. Монтескьенiң ойынша адамдар алғашқы кезде әлсiз,
қорғансыз, батылдығы жеткiлiксiз болған және басқалармен бейбiт қарым-
қатынаста болуға, тең өмiр сүруге ұмтылған. Адамдар қоғамға бiрiккен кезден
бастап қана өздерiнiң әлсiздiгi туралы ойларды ұмыта бастаған, олардың
арасындағы теңдiк жойылып, жеке адамдар және халықтар арасында соғыс
әрекеттерi басталған. ″ Осындай соғыстардың пайда болуы деп жазды ол,
адамдар арасында заң шығаруды қажет еттi″ .
Халықтар арасындағы қарым-қатынасты белгiлейтiн, (халы-қаралық құқық)
билеушiлер мен басқарушылар арасындағы қатынасты айқындайтын (саяси құқық)
және барлық азаматтар арасындағы қатынастарды белгiлейтiн (азаматтық құқық)
заңдар пайда болды. Бiр қоғамда және сол қоғамдағы заңдармен өмiр сүретiн
адамдардың қажет етуi себептi мемлекет құру қажеттiлiгi туындайды.
Заңдардың шығуына қажеттi қатынастарға әр халықтың өзiндiк сипаты мен
ерекшелiгiнiң ықпалы бар екендiгiне де Мон-тескье назар аударады. Сирек
жағдайда болмаса бiр халықтың заңы екiншi халыққа жарай бермейдi. Бұл
туралы кейiннен қа-зақтың ағартушы-ғалымы Шоқан Уәлиханов та ″ Сот реформа-
сының жазбасы″ туралы еңбегiнде айтады.
Монтескье, сонымен бiрге, мемлекет белгiлеген заңдардың табиғаты мен
принципi оның географиялық жағдайы мен ерек-шелiгiне, жер көлемi мен
табиғатына (ыстық, суық, шөл, тро-пиктiк), топырақ құрамына, тұрғындардың
өмiр салтына (егiн-шiлер, малшылар, көшпелiлер т.б.), халықтың санына,
елдiң байлығына, әдет-ғұрыптарына сәйкес келу қажеттiгiн атап көр-сетедi.
Монтескье заңдардың шығуына азаматтық жағдайда құ-рылған үкiметтiң билiк
етуi мен табиғаты шешушi ықпал ететiн-дiгiн айтады.
Монтескье басқарудың республикалық, монархиялық және деспоттық
формасын көрсетедi. ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz