Әлихан Бәйменов - Ақ жол демократиялық партиясының тең төрағасы


Әлихан Бәйменов «Ақ жол» демократиялық партиясының тең төрағасы1
Болат Әбілов «Ақ жол» демократиялық партиясының тең төрағасы2
Ораз ЖАНДОСОВ «Ақ жол» демократиялық партиясының тең төрағасы3
Алтынбек СӘРСЕНБАЕВ «Ақ жол» демократиялық партиясының тең төрағасы3
Бес саусақ жұмылса, жұдырық болады
«Ақ жол Қазақстан» № 46 (67) 14. 11. 03
Әлихан Бәйменов «Ақ жол» демократиялық партиясының тең төрағасы
Біз өз елімізді шексіз сүйетін азаматтармыз. Өз еліміздің патриоттары болғандықтан туған елдің тек қана жетістіктерін көріп қана қоймай, кемшіліктерін де айтамыз. Оны көрмеу жаны ашымағандық болар еді. “Дос жылатып айтады, дұшпан күлдіріп айтады” демей ме халық даналығы. Және біз тек сынап қана қоюға әуес емеспіз, қоғамдағы келеңсіздіктерді жоюдың жолдарын көрсетіп, нақты ұсыныстарды айтып жүрміз.
Біз әділ бәсекелестікті қолдаймыз. Бір ғана партияның ақиқатқа жетелейтін құқы болмайды. Сондықтан басқа да партиялар осы тарапта әділ бәсекеге әзір шығар деп ойлаймын.
Біз сайлау сынағынан абыроймен өткенімізді тағы бір мәрте айтамыз. Бірақ бұл сынақта атқарушы билік иелері абыройдан жұрдай болды. Мұны біз өкінішпен айтуға мәжбүрміз. Өйткені, биліктегілер тағы да сайлаушылардың сенімін аяққа таптады. Билік халыққа жұмыс істеу керек, ал ол талай адал үміткерлердің жолын кесті. Сайлау нәтижесін бұрмалау - ұлттық қауіпсіздігімізге төнген қатер. Осы уақыт ішінде бірде-бір шенеунік, бірде-бір Орталық немесе жергілікті сайлау комиссияларының мүшесі сайлаушылар дауысын ұрлағаны үшін жазаға тартылған жоқ. Дауыс ұрлау - қылмыстың үлкені. Тірі пенделерді декоративті қуыршақ санап, сенімін, үмітін таптау, адам құқығын жаншып-езуден ауыр ештеңе жоқ. Сайлауға қатысудың қажеттілігіне күмән келтірушілер көбеймесе азайған жоқ. Егер әкімдердің “тізімі” жасалып қойса, не үшін дауыс береміз? Міне осындай да сауалдар туындап жатты.
Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында нарық заңдарын, мемлекеттік институттарды қалыптастыруда шыдамдылық пен төзімділікті алға қойсақ, ендігі жерде қиындықтарға шыдамды болу, немесе көндігіп кету мүлдем жеткіліксіз - ендігі жерде ел алдында тұрған күрделі мәселелерді шешуге азаматтық белсенділікпен араласу қажет.
Кез-келген саяси партияның билік үшін күресетіні рас. Бірақ тап қазір биліктен де гөрі жоғары құндылық билікті әділдікпен құру жүйесін қалыптастыру мақсат болып отыр.
Біз мақсатымыз бен міндеттеріміздің дұрыстығына тағы да көз жеткіздік. Саяси жүйені жетілдіру бірінші кезекте тұрған мәселе екені анық. Алдағы жылы партияның тірлігі Мәжіліс сайлауына қарай ойысатыны сөзсіз.
Өткендегі сайлау бізді барынша шынықтырды, біз тәжірибе жинадық, бұрынғыдан гөрі қайраттана түстік. Қорқытып, үркітіп “ақжолдықтарды” жолдан тайдырамыз дегендер қатты қателесті. Біздің қатарымыздан ешкім жаппай кетіп жатқан жоқ. Өз партиямыздың атынан оларға “Емешектеріңіз езілмей-ақ қойсын, “АҚ ЖОЛ” - басқа партия!” деп айтқым келеді.
Өкімет басындағы кейбір идеологтар “демократия дегеніміз - охлократия” деген ойды бәрімізге таңғысы келеді. Бұлар осылай өз халқын тобырға апарып теңеп қояды. Меніңше, бұлардың ісіне халық енді төзе бермейді. Еліміз демократияға әбден дайын, біз мұны тіпті 90-жылдардың басындағы күрделі уақытта да дәлелдеп бергенбіз. Сол кезде заң шығарушы органдардың өкілеттігі қандай болғанын естеріңізге алыңыз-даршы? Жоғарғы Кеңестің өкілеттігі ше? Жергілікті кеңестер қандай еді? Сол кезеңнің саяси тартысы бір үлкен келеңсіздікке әкеліп соқты ма? Жоқ. Неге? Өйткені біздің халықтың көзі ашық. Яғни демократияға қадам жасауға әзір деген сөз.
Болат Әбілов «Ақ жол» демократиялық партиясының тең төрағасы
Бауыржан Мұхамеджанов басқаратын ТІК (Тұрақты істейтін кеңес) жұмысына біздің енді қатысқымыз да келмейді. Біз ТІК форматын өзгертуді ұсынамыз, оның нақты бір заңнама актілеріне айнала алатын шешімдерді қабылдауға құқы бар биік мәртебесі болуын күтеміз.
Қазақстанға келген шетелдік ірі мұнай компаниялары мен оффшор-лы аймақтардағы компаниялар еліміздің демократиялануын ойлап жүрген жоқ. Керісінше, біздегі демократияны тежеп отыр. Олардың өндіргенінің бәрі экспортқа кетіп жатыр. Біздің халық олардан еш пайда көріп отырған жоқ. Ішкі рынокта жұмыс істейтін, кірістің тең бөлінгенін қалайтын кәсіпкерлер ғана елінің мүддесін ойлайды.
Қазір Мұнай қорында 3 миллиард доллар ақша жатыр, соны өз халқымыздың игілігіне пайдалануымыз керек қой. Жоқ, өйтпейміз. Шет елде жылына 3-4%-пен 3 миллиард долларымыз тағы жатыр, ал біздің кәсіпкерлерміз банктен несиені 20% қылып алады. Осы әділдік пе?! Бізге бұны дамыған елдердің тәжірибесі деп түсіндіргісі келеді. Депутаттарымыз тәжірибе үйренуге Норвегияға барып қайтты. Осы елде әрбір норвег азаматына 40 000 доллардан кіріс түседі екен. Норвегия әрбір адамына абыройлы өмірді қамтамасыз етті, осыдан кейін ғана келешек ұрпаққа ақша бөле бастады. Ал біз ұрпағымызға не қалдырмақпыз? Аталарымыз, әке-шешеміз - ұрпағымыз бақытты болсын деп еңбек етті, ауыр тұрмыс кешті. Бірақ ұрпағы ол күнге жетпеді . . . Егер біз қазір қазақстандықтардың тұрмысын түзеп болсақ, онда шет елдегі есеп-шоттарда тұрған миллиардтар туралы айтпас та едік. Біз қазір ұрпағымызға шотта тұрған ақшаны емес, әрбір азаматының құқы мен бостандығы қорғалатын, абыройлы мемлекет қалдыруымыз керек, сонда ғана оны олар мақтан тұтар еді. Әке-шешеміз бен ұрпағымыз алғыс айтар еді.
Жақында кәсіпкерлердің ХІІ форумы өтті. Сол 10 жыл бұрынғы баяғы әңгіме. Шақырылғандардың тізімін Президент әкімшілігі жасапты. Сондай бола ма? Өкімет өздері тізімнен сызып тастаған тәуелсіз адамдардың сөйлейтін сөзінен қорқады.
Осы уақыт ішінде біздің өкімет кәсіпкерлерге бірдеңе істейік дейді, бірақ не істеу керегін өздері де айта алмайды. Бұлай тіршілік етуге болмайды. Біздегі кіші және орта бизнес және мықты орташа тап қана қоғамымызды тұрақтандыра алады деп ойлаймын. Ал біздің “АҚ ЖОЛ” - кіші және орта бизнестің партиясы.
Ораз ЖАНДОСОВ «Ақ жол» демократиялық партиясының тең төрағасы
Кез-келген жаңа партияның дүниеге келуі - жақсы құбылыс, әйт-се де, мені алаңдататыны: халқы-мыз-дың он пайызы партия мүшесі екен. Біз бұл тарапта әлемнің демокр-атиялық елдерін де басып оздық . . .
Меніңше, жағдайдың күрделілігі - біріншіден, сайлаудың заңды белден басып бұзуында, екіншіден, “Сайлау туралы” заңның тым созылып кетуінде. Осынысы түсініксіз. Жағдайды рет-ретімен еске ала кетейікші. ТІК төрағасы Бауыржан Мұхамеджанов пен Үкіметтің вице-премьері көкек айында осы заңға өзгеріс енгізу туралы Үкімет кепілдемесіне қол қойған болатын. Сосын олары жоғалып кетті. Артынша біздің жобаға сәйкес келмейтін заң жобасы баспасөзде жарияланды. Енді бәрі қараң қалды, өкіметтің “Сайлау туралы” заңды енгізгісі келетінінің өзі күмәнға айналып барады . . .
Әлихан Бәйменов құрылтайда “АҚ ЖОЛ” ұзаққа құрылды” деді. Құрылтайда санымыздың 120 мың адам болғаны мәлімделді. Мұндағы сөйленген сөздердің аймақтағы елдің пікірі екені де белгілі. Сондықтан бұл партиямыздың көңіл - күйін таныту болмақ. Екіншіден, біз ұзаққа келдік деп мәлімдедік, біз үшін саясат - сенбілік күні емес, біз саясатқа барынша әзірленіп келгенбіз.
Алтынбек СӘРСЕНБАЕВ «Ақ жол» демократиялық партиясының тең төрағасы
“АҚ ЖОЛ” партиясының басымдылығы - саяси және экономикалық бостандық.
“АҚ ЖОЛ” партиясының басты міндеті - демократиялық партиялармен бірігіп, билікпен жан-жақты диалог жүргізу. Сондықтан біз сайлау туралы жаңа заңның қабылдануына жол ашуымыз керек. Бұл орайда біз сайлау туралы заңның Парламент мәжілісіне жеткізілуін барынша талап етуіміз керек. Бұлай кешіктіре берсе, біз жаңа жылдан бастап Даниал Ахметов Үкіметінің отставкаға кетуін талап етуіміз қажет.
Партиямыздың кеңейіп келе жатқан, бұқаралық болып келе жатқан қазіргі күнінде алдымызда үлкен міндеттер тұр. Оның бәрі бір ғана міндетке келіп тіреледі: қоғамымызда тым құрығанда бір демократиялық партияны барынша негіздеп беру. Бұл үшін біз қызметіміздің тактикасын жетілдіріп, оңымыздағымен де, солымыздағымен де, өкіметпен де келісіп, бар мүмкіндікті пайдалануымыз керек.
“Өткен мәслихат сайлауында көбімізді заңсыз жолмен шығарып тастаған өкіметпен қалай тіл табысамыз?” деген сұрақтың тууы да заңды. Бірақ өкімет бірыңғай емес, аса күшті де емес. Орталықта да, жер-жерде де елімізде жүріп жатқан саяси жетілудің ырғағына қарай Елбасы да толық айқындала қойған жоқ. Сондықтан біз қоғамымыздың жаңаруын тілейтін кез-келген кісімен диалог жүргізуіміз қажет.
Бағдарламамызды жүзеге асыру үшін өз адамдарымызды өкіметтің барлық құрылымына енгізуіміз керек. Иә, бұл үшін бізді сынға алады, бірақ бізге процестің өзі емес, нәтижесі қажет. Үкіметтің экономикалық блогында жұмыс істеп жатқан адамдарға да белсенді түрде жәрдем етуіміз керек. Сондай-ақ біз көмек қажет болғанда, өкіметтен кетіп партияға да қайта келуге дайын тұруымыз керек. Бұл тарапта партиямыздан сайланған мәслихат депутаттары ерекше рөл атқармақ. Меніңше, олардың жақтастары қосымша сайлаусыз-ақ көбейеді.
Көп адам келеді партиямызға, өйткені олар әншейін “пішін” үшін ғана “отандық” немесе “азаматтық” партияларда жүрді, яғни мәслихатқа өту үшін ғана жүрді. Идеология жағынан оларды қолдап отырған жоқ.
Өткен жексенбіде Қазақстанның “Ақ жол” демократиялық партиясының кезекті үшінші құрылтайы Алматыдағы “Алатау” санаторийінде өтті. Бұл құрылтайға партия үлкен күш-жігермен, дайындықпен келді. Айналасы бір жарым жыл ішінде 120 мыңнан астам мүше жинаған партияның халық сенімінен шыққанын көреміз. Құрылтайға 236 делегат қатысты.
Ержан БАЙТІЛЕС
“Ақ жолдың” ІІІ құрылтайын партияның тең төрағаларының бірі Әлихан Бәйменов ашты. Тең төраға сөзін өткен мәслихат сайлауы жайында бастады. Ол “Ақ жол” партиясының сайлау науқанын абыроймен аяқтағанын айтты. Партия мүшелері жергілікті биліктің қысымына мойыған жоқ. Сайлау партия мүшелерін біріктіріп, тәжірибелерін арттырып, үлкен күшке айналдырды. “Ақ жолдың” белсенділерін арзанқол қорқытумен және қауіп төндірумен билік ығына көндіре алмады. “Мен - деді Әлихан Бәйменов, - ондай іс-әрекеттерге барғандарға “Бізді қорқыта алмайсыңдар! “Ақ жолды” жалаң қолмен ала алмайсыңдар деймін, ”- деді. Ол сайлауға биліктің араласқанын қынжылып отырып еске алды. Құрылтай барысындағы әңгіме көбіне елде саяси реформа жүргізу керек дегенге ойыса берді. Неліктен Қазақстанда саяси реформа жүргізу қажет? Өйткені біздің елдің алдында үлкен міндет бар. Қазақстанда экономикалық реформа жүріп, бір қалыпқа түскен. Бұл жағынан біз біраз елді артқа тастап кеттік. Ал саяси реформасыз біз елде тұрақтылық, сайлаудың ашық өтуін, азаматтық құқының тапталмауын қамтамасыз ете алмаймыз. Билік ашық жұмыс істеуі керек. Олардың әрбір қадамы халықтың көз алдында өткендері абзал. Біздің қоғам демократияға дайын. Алматы мен Астананың айналасынан шыға алмай, қарапайым халықпен араласпай жұмыс істеп жатқан мемлекеттік идеолог-тар қатты қателеседі. Олар өз халқын тобырға бай-лай-ды. Әлихан Мұхамедияұлының сөзі осылай өз арна-сымен ағып, делегаттардың көңілінен шығып отырды. Төрде отырған Ораз Жандосов: “Олар (идеологтарды айтады Е. Б) үнемі гольф алаңынан шықпайды ғой” деді. Әңгімеге ұйып отырған жұрт жаңағы сөзден кейін ду қол шапалақтап, күлкілері бүкіл залды көтеріп кетті. Сонымен қатар, Әлихан Мұхамедияұлының пікірінше, Парламенттегі депутаттық орындардың жартысы партиялық тізімге берілуі керек.
Мінберден сөз алған Болат Әбілов: “Өкімет Байқоңырдан ғарышқа кеме ұшырып жерге төбесінен қарағысы келеді. Бірақ сол Байқоңыр ғарыш айлағының маңындағы ауылға төбеден емес, жанынан қарау керек. Ол ауыл ХІХ ғасыр өмір сүріп жатқан сияқты. Қазіргі бәріміз пайдаланып жүрген заттардың біреуін ол ауылдан көрмейсіз. Билік елге төбеден емес, жанынан қарауға тиіс. Сондай-ақ, Бауыржан Мұхамеджановтың басқаруымен өтіп жүрген Тұрақты істейтін кеңеске, яғни “Бауыржан-шоуға” енді біз қатыспаймыз”- деді. Жақында ғана “Қазақстан кәсіпкерлерінің кеңесі” өтті. Оған Президенттің қатысқанын өздеріңіз де білесіздер. Онда осыдан 10 жыл бұрын айтылған әңгіме қайталанды. Билік осы жылдар ішінде кәсіпкерлерге бұлай өмір сүруге болмайтынын, өмірдің ағымын басқа жаққа бұру керек екендігін айтып келеді. Бірақ мұндай әңгіме шағын және орта бизнестегі азаматтарға тән емес. Мұны билік мықты бизнесмендерге айтып және соны орындатқызуы тиіс. Солар ғана елдің еңсесін көтере алады. Бұған дейін Президент әкімшілігі мен Үкімет форумға қатысатындарға шектеу қоймайтын. Бұл жолы солай болды. Мүмкін еркін адамдар билікке жақпайтын сөз айтып қала ма деп қорыққан шығар. Болат Әбілов құрылтайда өз тәжірибесінен бір әңгіме айтты. 1999 жылы біз “Рамстор” дүкенін ашпақшы болып, оның ашылуына Президентті шақырдық. Ашылуға бірнеше күн қалғанда Президент әкімшілігі мен Ұлттық қауіпсіздік комитетінен адамдар келді. Олар: “Елбасы сағат 11-де келеді, дүкенге ешкімді кіргізбей-ақ қойыңдар, өзіміз ұйымдастырамыз, ”- деді. Содан олардың белгісімен 500-600 адам жиналып дүкеннің ашылуына қатысты. Міне, Президенттің айналасының тұмшаланулы екенін осыдан көруге болады. Әбілов баяндамасын қазақ тілінде бастады. Болат Мұқышұлының сөзіне күлгендер де болды. Бірақ Әбіловтің намысқа тырысып өз ана тілінде ойын жеткізгісі келгені бізді қуантты. Баяғы Кеңес кезіндегі шенеуніктер қағаздан бас алмай баяндама оқитын. Дегенмен, ондай шенеуніктер қазір де табылады. Құрылтай кезіндегі бір айта кетер жайт, ол партия мүшелерінің халық алдына шығып қысылмай-қымтырылмай, ашық саясат жүргізе алатындығы. Қазір біздің саяси элитада осындай үркердей топ пайда болды. Бұған біз қуануымыз керек. Ораз Жандосов алдыңғы сөйлеген екі әріптесіне қосылатынын айтты. “Әлиханның салмақты баяндамасына да, Болаттың қызба сөзіне де қосыламын, ”- деді Жандосов.
Партия құрылтайына алыс-жақын шет елдерден қонақтар келді. Еуропаның кіндігінде орналасқан түрік бауырларымыздың “Әділет және даму” партиясының мүшесі, ЕҚЫҰ Парламенттік ассамблеясы басшысының орынбасары Невзат Ялтчынташ мырзадан құттықтау хат келді. Түркия Мәжілісінің депутаты Хаджы Бинер мырзада құрылтайдың құрметті қонағы болды. Ресей Мемлекеттік думасының вице-спикері, “Яблоко” партиясының төрағасының орынбасары В. Лукиннен, Германия Бундестагының депутаты, Германия-Қазақстан достық қоғамының төрағасы Гернот Эрлер, Украина Жоғарғы Радасының депутаты, “Наша Украина” саяси блогының жетекшісі Виктор Ющенко, АҚШ Ұлттық демократиялық институтының президенті Кеннет Уоллак, Қырғызстанның “Әділет” республикалық партиясының тең төрағасы Кубанычбек Жұмалиев мырзалардан құттықтау хаттар келді. Ал “Әділет” партиясы төрағасының орынбасары Галина Куликова құрылтайға арнайы келіп тәжірибе жинап кетті. Ол Қырғызстанда әзірге “Ақ жол” сияқты партияның жоқ екенін, өздері де осы партияға қарап бой түзейтінін айтты. Бұл “Ақ жол” партиясының тек Қазақстан шеңберінде ғана емес, әлемдік аренада да өз орыны бар екенін көрсетсе керек. Ал елімізден Парламент Мәжілісінің спикері Жармахан Тұяқбай мырза құрылтайға қатысушыларға құттықтау жолдап, ыстық лебізін білдіріпті. Құрылтайға белгілі жазушылар Қабдеш Жұмаділов, Мұхтар Мағауин, Сәкен Иманасов секілді аға буын өкілдері қатысып, партия саясатымен келісетіндерін айтты. Сондай-ақ, Мәжіліс депутаттары Серікболсын Әбділдин, Ғани Қасымов, Валентин Макалкин, Төлен Тоқтасыновтар съезге бастан аяқ қатысты. Ұлы Отан соғысының ардагерлері де келіп, ниеттерін білдірді. Қазақстанның Ресейдегі елшісі қызметінен өз ырқымен кеткен Алтынбек Сәрсенбайұлының саяси мәлімдеме жасап және бір топ азаматтармен қосылып партия қатарына өтті. Сәрсенбаевпен бірге Қазақстанның Иран Ислам Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі Төлеген Жүкеев, Парламент Мәжілісінің депутаты Амалбек Тшан, академик Асқар Жұмаділдаев сынды азаматтар да партия сапына қосылды. “Сәрсенбаев енді не істейді?” деген сұрақтың төңірегінде бас қатырған саясаткерлер осы күні тынышталды. Өйткені Алтынбек Сәрсенбайұлы толығымен “ақжолдық” болды. Құрылтай барысында жалпы 25 адам сөйледі. Сөз алған делегаттардың да, төрағалардың да сөздерінің жаны бар. Жамбыл облыстық филиалдың төрағасы Сәбит Садықов: “Президенттік сайлау кезінде Назарбаев халықпен етене араласып, бәріне тиімді болған. Кеше жер сілкінген жерге келді. Елбасын жергілікті әкімдер тікұшақпен алып жүрді. Өйтетін де себептері бар. Өйткені Құландағы үйлер әлі толық салынып біткен жоқ. Ол жердегі тірліктердің бәрі көзбояушылықпен өтіп жатыр, ”- деді. Ал Қызылорда облысы, Шиелі ауданынынан келген партия бөлімшесінің төрағасы Оразәлі Байділдә мырза: “Ел ішінде “Ақ жол” парасатты партия деген ұғым қалыптасқан. Халықтан мұндай бағаны тек ары таза адамдар ғана ала алады. “Ақ жол” партиясы ұйымдастырған акцияларда оның ел мен жұрт арасындағы беделін көтерді. Сол себепті де Екі мәрте Соцалистік Еңбек Ері атанған Ы. Жақаев ауылындағы бір шаруа қожалығы атын “Ақ жол” деп алды. Бұл үрдісті ақиық ақын Н. Бекежанов ауылының тұрғындары да жалғастырып әкетті. Ал өткен сайлауға келер болсақ, атқарушы билік өз дегенін істегенімен халықтың сана сезімі оянды, олар ақ пен қараны ажырата алатын жағдайға жетті. Біздің кейбір жеңілістеріміздің өзі - жеңіс. Бұл тұрғыда біз аудандық мәслихаттан 10 орынды жеңіп алдық. Қазір ауданда “Ақ жолдың” 10 депутаты жұмыс ітеп жатыр, ”-деді ол.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz