ҚАЗАҚСТАН МЕН МОҢҒОЛИЯНЫҢ ҚАРЫМ - ҚАТЫНАСЫ


ҚАЗАҚСТАН МЕН МОҢҒОЛИЯНЫҢ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСЫ
Көкжал Шыңғыстың көне мекеніндегі ел - Моңғолия.
Моңғолия дегеніміз қайсы біреулердің сырттай пайымдауындай қу дала, қуба тон, тыстақ белестер ғана емес, керісінше ну орман, асқар тау, шалқар көлі мол, беткейі бес түлік малға, жер қойнауы кен байлыққа толы құтты мекен. Кең даласының 10 проценті орман-тоғаймен көмкерілген. Хәрлән, Онон, Тула, Қобул, Дәлгәр сынды 3800-ден астам өзен-суы бар, тек ағысты өзендерінің ұзындығы 6700 км, олардың 186-сы мұз көмкерген өзендер.
Убс, Хар ус, Хорсугул, Боон Цагоон, Орог, Бұйракөл, Алакөл тәрізді 400-ден аса көлдері бар. Моңғолияның жер жаннаты Сексен көлі мен Хоргосын тек қазақтың Бурабай, Барсакелмесімен ғана теңеуге болар еді.
Көк аспанның көшпелі бұлтынан өзге көлденеңді кесе өткізбейтін Бесбоғда, Цамбагаров, Сайыр уул, Көк Серке, Отган тәнгәр, Манххайрхан сынды мұз құрсанған әлемге әйгілі шың құздары өз алдына бір төбе. 600-650 шақырымға көсіліп жатқан Моңғол Алтай тауы қабырғасына қыран ғана ұя салып, басынан құс ұшырмайтын 4000 метр биіктіктегі бірыңғай зәулім шыңдардан тұрады. Олардың ең биігі Бесбоғда тауының Хуйтән Оргил жотасы теңіз деңгейінен 4374 метр биіктікте тұр.
Әлем халқы Моңғолияны «Көк тәңірінің елі» деп атауында үлкен сыр бар. Ол біріншіден, Азия төрінде алғаш Көк бөрілі, көк туының астында мемлекет құрған Ғұн елі, кейін бір өзі әлемнің көк бөрісі атанған Әмір Шыңғыстың іргелі Моңғол мемлекеті осынау мекенде өмірге келгенінде болса, екіншіден, Моңғолияның төл табиғатына байланысты. Өйткені, Моңғол жерінде жылдың күн тәулігінің төрттен үш бөлігінде көк аспанын бұлт шалмайды. Сондықтан болар моңғолдар ертеден-ақ Көк тәңіріне сыйынып келген халық. Олар «Тәнгәри» деп аспанды айтады, өйткені, моңғол түсінігінше әлемде аспаннан еңселі көрініс жоқ.
Моңғолдардың кең жазира даласы өзіміздің қазақ даласы сияқты бейне бір көшпенділердің өткен тарихының мұражайы іспетті. Өйткені мұнда көшпенділер тарихының айқыш-ұйқыш сүрлеу ізі жатыр. Адамдардың бұл даладағы табанымен шөң басқан ізі ескі тас дәуірінің орта тұсынан, немесе осыдан жүз мың жыл әріректен басталады. Моңғолдардың ұлы даласына кімдер келіп, оны кімдер басып өтпеген. Моңғол даласының арқа жонын асып өткен айқыш-ұйқыш сүрлеуі, сан бейіт, зәулім ескерткіштер, әлдеқашан жер қойнауына сіңіп кеткен сан-алуан қала, қалалардың қалдығы, тас мүсін, бедер тастар осынау тарих жосылуының қалдырған ізі, өткен тарихтың куәсі.
Моңғолдың қазіргі көне мекенінде ең алғаш елдігін әйгілеп, көк байрағын көтерген қауым - «хунну» немесе ғұндар. «Ерте күнде отты күннен Ғұн туған, отты ғұннан сүт боп ойнап мен туғам» сондықтан мен «күн-ұлы, көзімде күн нұры бар» дейтін қазақтың ұлы ақыны Мағжанның өлең жырында осы бір терең сыр жатыр. Моңғол тіліндегі «күн» деген сөздің қазақша баламасы «адам». Бұл біріншіден, моңғолдар да «ғұн» ұрпағы екендігін білдірсе, екіншіден, күн-адамдар жер басып жүрген пенденің ең алғашқысы деген ұғым береді.
Қытайлар өзінің әйгілі хәрәмлік (қорған) біздің жыл санауымыздан бұрынғы 215-212 жылдары Ғұнның даңқты Түмән тәңірқұттың шабуылынан қорғану, сақтану үшін құрған. Моңғолдың тарихи жазбаларында Қытайдың ақ хәрәмлік «Түмәннің ақ хәрәмлі» деп атауында да үлкен сыр бар. Сөйтіп тарихта «Хәрәмлә» - «Кремль» деген ұғым «қорғану», «бензеу» мағынасында моңғолдардан қалан сөз.
Сонымен, біздің жыл санауымыздан бұрынғы 204 жылдан біздің жыл санауымыздың 216 жылына дейін өмір сүріп, сонау Тынық мұхиттың Турфан, Түркістан даласына дейін қанат жайып, шығысында ұлы Хань мемлекетіне өзінің тарихи ақ қорғанын тұрғызуына мәжбүр еткен, ал батысында Рим империясының күйреуіне түрткі болған Ғұн ұлысы Моңғолдың көне даласында өмірге келіп, сонда тарихтың тұғырынан тайған болатын.
Ғұндар моңғол ма, түрік пе?
Түрік тектес тайпалар өздерін Ғұн ұрпағы екендігін әлдеқашан мойындаған. Ал моңғолдар Ғұн мемлекетін моңғолдың байырғы қара суақырағы санайды. Моңғол ақыны Дашдортийн Науагдорж бұл туралы «Сонау Гунну суннуден бабалар бауыр басқан жер, көп моңғолдың тұсында бақ-дәулеті тасқан ел» - деп Күн елін мақтаныш тұтып, Моңғолия тарихшылары өз елін Ғұн мемлекетінің заңды мұрагері санайды. Моңғолдар Ғұн заманындағы руна жазуы, күймелі арбалар, көк байрақ, ерлердің ер қаруы - бес қаруын моңғол үрдісіне балап, Түмән, Модэ тәңірқұтын өз пәруардігәр санайды.
Түріктер Моңғол жерінде 552-745 жыл аралығында билік құрып, өшпес із қалдырды. Моңғолдардың келешек тағдырына, саяси, мәдени ахуалына түріктердің қалдырған әсері аса мол. Моңғолия жерінде түріктің Билгә, Күлтегін ханы және Түрік елінің үш бірдей ханының ақылшысы, немесе үйсін Төле биі болған Тоныкөк, Білік ескерткіші, Моңғолдар «Турк Гулуу» деп атайтын елуден аса тас мүсіндер, тасқа қашалып жазылған отыздан аса түрік жазбалары бар. Моңғол жерінде Түріктерден қалған қала, қалашықтардың қалдығы да көп кездеседі.
Моңғолия Алтай, Хинғай, Саян жоталарынан Шығыс Моңғол құмына дейінгі Орталық Азияның шығыс бойын мекен еткен шағын мемлекет. Жер көлемі 1, 5 млн км 2 , халық саны 2, 6 млн. Халқының 93 пайызы моңғолдар.
Көне түркілердің (Ғұндардың, Түрік қағанаты, Қырғыз, Найман, Керейт) мемлекет құрып, өсіп, өрбіп шартарапқа жайылған ежелгі мекенінің бірі. Дорвод, халқа, тува, заягин, баяд, саатан, бурлау, узәмгин, қазақ т. б. 30-дай ұлт өкілдеріне құралған біртұтас, парламенттік жүйедегі мемлекет. Ресеймен, Оңтүстігінде Қытаймен шекараласады. Әкімшілік басқару жүйесі 21 (облыстан) аймақтан тұрады. Астанасы Уланбатыр қаласы. Әрдәнәт, Дархан, Ховда, Ушастай т. б. экономикалық маңызы бар қалалар бар. Климат жағдайы жазда салқын, қыста суық, жерінің көп бөлігі таулы, орманды, шөлейт болып келеді.
Халқы жартылай мал шаруашылығымен, қолөнер, шағын өнеркәсіп және кей жерлерінде егіншілікпен айналысады. Жер жағдайы мал өсіруге қолайлы. Қой саны бойынша Австралиядан кейінгі екінші орында, бір адамға шаққандағы жылқы саны бойынша дүние жүзінде бірінші орынға кіреді. Халқының жартысына жуығы қала, орталықтарда, қалғаны қырда, ауылда тұрады.
Мемлекеттік тілі моңғол тілі, діні буддизм, ақша бірлігі тограг. Моңғолия 250 жыл бойы Манж Чин империясының қоластында езгіде болып, 1921 жылы Орыс ағайындардың көмегімен 26-қазанда тәуелсіз мемлекет болып жарияланды. Дәл осы уақыттан бастап социалистік даму бағытын таңдап, көршілес Совет Одағымен аға-інілік қарым-қатынаста болды. 1939 жылы Шығыс Моңғолияда Жапония милитаристеріне күйрете соққы беріп, жер бетіне бейбітшілік орнату ісіне өз үлесін қосты. 1941-1945 жылдары фашистік Германия СССР-ге басып кіргенде ұлы совет халқына достық қол ұшын беріп көмектесті. Атап айтсаң, қарапайым халықтың өз еркімен жиған ақшасына жасалған «Хувыгалт Моңғол» танк бригадасы, «Моңғол Ару» эскадриллонын Қызыл Армияға табыс етті. 1987 жылы алғаш ғарышқа өз ұлдарын Жүгдаршік Гүрраганы ұшырды.
1990 жылы жастар қозғалысының нәтижесінде социализмнің қатал құрсауына босанып, ат тізгінін демократияға бұрды. Қазір әлемнің 180 мемлекетімен жан-жақты қарым қатынас жасауда «Дүние жүзілік сауда ұйымына» мүше, 1961 жылы «Біріккен Ұлттар Ұйымына» мүшелікке қабылданды.
ТАРИХИ ТАМЫРЛАСТЫҚ
Қазақ және моңғол деген екі халық бүгінгі күндері өзінің тіл, мәдениет, салт-санасы жағынан сәл алшақтағаны болмаса, мыңдаған жылдар бойы қанаттас өмір сүріп келген тарих тұрғысынан етене жақын, тағдырлас тайпалар. Бұл екі халық қытайлар ертеде «дунхулар» немесе «Дала тұрғылары» деп атаған ұлы көшпенділердің бірі түрік, бірі мәнгу Шивәй қанатынан тарады демесек, ертедегі ғұн империясының іргетасын қаласқан 24 рулы елдің екі қанатынан салалап өскен ұрпағы. Моңғолдардың тарихи тегін ертедегі түрік әулетінен бөліп-жарып қарау мүмкін емес.
Моңғолдар XVIII ғасырда будда дінін мемлекеттік дін ретінде қабылдағанға дейін екі тайпаны діни тарихи тұрғысынан да аса біліп қарау мүмкін емес. VI ғасырда орхондық түріктердің Тоба қорғаны (569-586) будда дінін қабылдап қазіргі моңғол жерінде будда шіркеуінің алғашқы табан тасып қалатып, Қытайдан тағзым ережелерін алдырғаны тарихтан мәлім. Ол із бүгінде айшықталып жатыр. Асулардан аттап түсіп, көлігінің белін суытып тәңірлі биіктерге табыну, алғаш күн күркірегенде шашын қағу, жалаушының үзеңгісіне ақ құйып аттандыру, атаған ағаштың бұтағына, ат малдыу мүйізіне ақтық байлау, ақты аяққа баспау, тесік тасты жерге тастамау, қосақ, ала жіп аттамау, кереге кермеу, босағаның екі жағынан қоштаспау, үйге кірген жыланды басына ақ құйып шығарып салу сияқты көптеген салт-дәстүр екі ұлтта да қазіргі дейін жалғасып келеді.
Кейін екі ұлтты тарихи тағдыр алыстатты. XVII ғасырлардың соңында қазақтар Ресейдің, моңғолдар Шүрмбит Қытайдың бодандығына өтті. Бұл оқиға ұлтты бір-біріне көптеген жылдар бойы бөліп тастады. Ал, Ресейдегі 1917 жылғы Қазан төңкерісі екі ел үшін жаңа бетбұрыс әкеліп, екеуі бір империя, бір идеология, қоғамдық бірыңғай жүйеге көшті. Әрине, осы бір жетпіс жол екі халықты орыстың ықпалында және бір мәрте жақындатқандай еді. Міне, енді тағдыр тауқыметі екі ұлтты илеген терідей пұшпақтап созғалағанымен ұлттар өз-өз орнында қалды.
Бұл екі халықтың арасында тағдыр бірлігінің сыртында табиғи ұқсастық бар. Екеуінің де бет-бітімі көптеген ұқсас. Түріктер кезінде Қытайдың Ұлы қамалынан Қара теңізге дейінгі кең алқапты алып жатқан ұлы халықтың ұрпағы, қазірдің өзінде саны жағынан «Англойд» әулетінен асып түседі. Ал моңғолдар XII-XIII ғасырда дүниені дүр сілкіндірген ұлы Шыңғыстың ұрпағы, сол ұлы адамның киесімен ғалымдар шығыс халықтарының барлығын бет бейне құрылымының «Моңғолоид» тобына жатқызады.
Мыңдаған жылдар бойы екі халықты етене жақындатып келген енді бір ұлы күш, әрине, көшпенді мал шаруашылығы.
XIX ғасырдың соңғы жартысында екі халықты қайта табыстарған да, Моңғолияда өмір сүрген қазақтарды қазірге дейін қазақ қалпында сақтап келген де осы бір мал мен көшпенді тұрмыс тіршілігі. Егер мұңғыл Ортаның Қытай, ұлы Ресей сияқты отырықшы ахуал ел болған күнде бүгінде құмға құйған судай сіңіп кетуі мүмкін еді.
Моңғолияда 1921 жылы Халық Революциясы жеңді. Моңғолия тәуелсіз ел болып жарияланды. Бұл елдің тәуелсіздіктіғ ең алдымен Тибет мемлекеті таныды. Тәуелсіздік алған алғашқы күннен бастап өзге мемлекеттермен, әсіресе, КСРО-мен қарым қатынас нығая түсті.
1924 жылдың ақпан айында бастан көмектерінің атқару комитетінің өкілі ретінде Моңғолияға келген Тұрар Рысқұлов Моңғолдың алғашқы негізгі заңы, үкіметтік ұлт саясатының негізін жасауға өз үлесін тигізді. Елдің астанасына ат қою мәселесіне де тікелей атсалысты. Осы орайда 5 рет жарыссөзге шығып сөз сөйлеп: «Шыңғыс хан батыр қаған еді. Одан асқан батыр адам болған емес. Сондықтан қаланы «Батыр», оған революциялық мән үстеп Қызылбатыр деп атайық» деген пікір айтады («Қызыл» моңғолша - улаан, «батыр» моңғолша - баатор) . Оның бұл пікірін көпшілік қауым қызу қолдап, Моңғолияның астанасы «Да хүрәәні» Улаанбаатор деп атап жаңашалады.
Десек кеңес дәуіріндегі қазақ-моңғол достық ынтымақтастығының негізгі қалағандардың басында Тұрар ағамыз тұр.
Қауым заманнан құдайы көрші барыс-келісі көп елдер қатарындағы Моңғол елі мен Қазақстан арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастар тамыры тыс әріде, тереңде.
Әлденеше ғасырлар бойында Қытай, Моңғол өлкесінен шығатын сауда-саттық керуендері «Жібек жолы», «Қобда-Қазан жолдарының» негізгі сарап-соқпақтарымен ұланғайыр қазақ жерін басып өтті, алыстағы Қазан, Уфа, Мәскеуге дейін жетіп жығылатын.
Бертін келе Қазақстан Кеңестер Одщағының құрамында болған дәуірде КСРО мен Моңғолияның қарым-қатынасы «дипломатиялық» емес, «аға-інілік» сипатта көрінді. Бұл байланыстан біз Моңғолия мен КСРО (моңғол-орыс) қатынас деңгейін де аңғарамыз.
Қауымынан жалғасқан тарихи қарым-қатынастың тасқа таңба басқандай белгіленген тұсы, 1905 жыл екен. Сөйтіп осыдан 101 жыл бұрын Моңғолияның батысында Қобда қаласында Ресейдің консулдығы ашылады.
КСРО мен Моңғолия арасындағы бұл достық қатынас құлашын ұзарта түсіп, 1990 - «Ақ жылқы» жылына дейін Моңғолияны «әлуиткен» шығармады. Тек 1991 жылы осы «қоршауды» Моңғол жастары ұйымдастырғаны Моңғолдың Демократиялық Одағы саяси күреспен «бұзып шықты».
КӨКЖИЕК
Моңғолия мен Қазақстан алдындағы ресми дипломатиялық қатынас 1992 жылы қаңтардың 22-сі күні орнады. Қазақстанның Сыртқы істер министрі Т. Н. Сүлейменов пек Моңғолияның Сыртқы қатынастар министрінің бірінші орынбасары Ж. Чойнхар қол қойған протоколда екі ел халықтарының мүдделері мен аршан-тілектеріне сай олардың үкіметтері 1992 жылғы қаңтардың 22-сінен бастап елшіліп деңгейіндегі дипломатиялық қатынас орнатуға шешім қабылданды. Қазақстан тәуелсіздігін жариялағанда оны алғашқылардың легінде таныған елдердің бірі де осы Моңғолия. Келер жылдың шілдесінде Алматыда Моңғолия елшілігі ашылды. Алғашқы Төтенше және өкілетті елшілік қызметіне Эруэкшік Бямбатар тағайындалды.
Президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 1993 жылы наурыздың 30-жұлдызында Моңғолия Сыртқы қатынастар Министрі Цэрэнпшік Гамбасүрән бастаған сол елдің делегациясын қабылдады. Мұнда өзара достық қарым-қатынас мәселелері талқыланды.
Сыртқы саясат ведомствосының басшысы Моңғолияда Қазақстанның Азияда бейбітшілікті нығайтуда бағытталған принципті саясатын жоғары бағалап, қолдайтынын, оны осы аймақтағы тұрақтылық маңызды факторы деп есептейтінін атап көрсетті. Сондықтан бүгін де, ертең де біздің елдеріміз біртұтас айқындамамен көріне алады.
Қазақстан да, деп атап көрсетті Нұрсұлтан Назарбаев, Моңғолиямен өзара тиімді қатынастарды дамытуға мүдделі. Осы елмен оны терең тарихи тамырластық байланыстырып отыр. Сондықтан да біздің тағылымыздан экономикалық ынтымақтастық ісін дамытуда ешқандай шектеушілік жоқ. Біздің елдеріміздің кәсіпорындары, коммерциялық құрылымдары, кәсіпкерлері бұл ретте өзара есеп айырысудың әр түрлі нұсқаларын пайдалана отырып, бір-бірімен белсендірек ынтымақтастық қажет. Республика үкіметі оларды барынша қолдауға әзір.
1993 жылы 21-қазанда Моңғолия астанасы Улан-Баторға Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев осы елге мемлекет басшысының шақыруы бойынша ресми сапармен алғаш рет келді.
Екі күндік келіссөздер қорытындысы бойынша іргелі саяси құжатқа Моңғолия мен Қазақстан Республикасы арасындағы достық қарым-қатынастар мен ынтымақтастық туралы шартқа, сондай-ақ гуманитарлық мәселелер бойынша өзара іс-қимыл, ауыл шаруашылығы, көлік және т. б. салалардағы үкіметаралық шарттар мен келісімдер пакетіне қол қойылды.
Жоғарғы дәрежегі кездесу қорытындысы бойынша қазанның 22-сі күні Моңғолия мен Қазақстан Республикасы арасында Достық қарым-қатынастар және ынтымақтастық туралы шартқа қол қойылды. Ол саясат, экономика, мәдениет және басқа салалардағы тұрақты да ұзақ мерзімді өзара іс-қимылдың кең көкжиегін ашады. Сондай-ақ, ізгілікті және әлеуметтік салалардағы, көлік және адам құқығы саласындағы бірлескен жұмыстар туралы үкіметаралық келісімдер пакетке қол қойылды. Бұдан бұрын сауда-экономикалық шарт жасалған болатын.
Өз сапарында Елбасы Моңғол жеріндегі қазақ қауымы өкілдерімен де кездесіп, әңгімелесті. Кейбір өзекті мәселелер сол сәтте-ақ аз шешімін тауып жатты.
1994 жылы қазан айында Түркияға ресми шақырумен сапарға шыққан Моңғолияның Ұлы Хуршының төрағасы Н. Багабанул жолда Алматыға аялдады. Сол жылы ол Жоғарғы кеңес төрағасымен, Үкімет адамдарымен кездесіп, пікірлесті. Қазақстан Президентінің қабылдауында болған Парламент жетекшісімен арадағы әңгіме екі мемлекет арасындағы байланыстарын нығайта түсу жайында өрбіген еді.
Кешікпей Моңғолия Премьер министрі П. Жасрай Қазақстанға үш күндік сапармен келді. Сапар кезінде көптеген өзекті мәселелер бойынша ортақ келісімге келуі байқалып, кейбір құжаттарға қол қойылды.
Осыдан соң ең бастысы - екі ел арасында әуе қатынасы орнады. Әуелгі кезеңде моңғолдың «Бйонг-727» ұшағы аптасына бір рет ұшып тұрды. Алматы - Уланбатыр арасындағы алып ұшақ сапарынан соң кешікпей Қазақстанның «АН-24» ұшағы Өлгий-Алматы арасына аптасына екі рет ұша бастады.
1993 жылы Қазақстанға Моңғолия президенті Нацагийн Багабанди ресми іс-сапармен келіп, Ақордаға түсті.
Кеше Моңғолия Президенті Нацагийн Багабанди мырзаның Қазақстан Республикасына тұңғыш ресми сапары басталды. Жоғарғы мәртебелі мейманды екі елдің жалаулары көмкерген Алматының қашан да қонақжай әуежайында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Әбіш Кекілбаев қарсы алды.
Құрметті қонақты қарсы алуға Ақорда да айрықша безендірілген. Ұлттық ұландардың сап түзеп тұрған қалпы қандай жарасымды! Алғаш көзге түсетін осынау көрініс қонақтың көңілін де селт еткізер деп ойлайсың. Сөйтсе де оның басты назары қарсы алушы елдің басшысында болатыны заңды. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өз зайыбымен бірге моңғолиялық мәртебелі мейман - Президент Нацагийн Багабандиді зайыбымен барша ресми салтанатпен қарсы алды. Моңғолия мен Қазақстанның Мемлекеттік әнұрандары орындалғаннан кейін екі ел басшысы құрметті қарауыл санын аралап шықты.
Бұдан кейін Қазақстан Республикасының Президенті өзі резиденциясының келіссөздер залында Моңғолия басшысымен жеке әңгімелесті. Олар екі мемлекет арасындағы қарым-қатынасты одан әрі дамытуға белгілі дәрежеде игілікті істердің барлығын қанағаттандықпен атап өтті. Қазақстан мен Моңғолия арасындағы ынтымақтастық қарым-қатынасты дамытуға барлық жағдайдың бар екенін қуаттай отырып, халықаралық және аймақтық өзекті проблемалар жөніндегі екі ел позициясының жақындығын да атап көрсетті.
Осы екі ел арасындағы қарым-қатынас туралы сөз болса, кімнің де көңіліне тарих оралары заңды. Қазақ халқы тарихына байланысты біршама шежіре моңғол жерінде жатыр. Бертінде моңғол халқының тәуелсіздікке қолы жетіп, өзінің мемлекеттігін жаңаша қалыптастыра бастаған кезінде қазақ халқының Тұрар Рысқұловтай біртуар перзенті осы елдегі жаңа өмірді жасауға ақыл-кеңесін қосқан. Осындай жақсы дәстүрді жалғастыру бүгінгі ұрпақтың міндеті.
Президент Н. Назарбаев жеке әңгіме үстінде Моңғолия басшысының сапарын қазақстандықтар екі мемлекеттің шынайы серіктестік қарым-қатынасты дамытуға деген ұмтылысының көрінісі ретінде қабылдайтынын айтты. Сөйтсе де, екі ел арасындағы қарым-қатынасты одан әрі дамытуда көп нәрсе әлі де толық пайдаланылмай отырғаны атап көрсетілді. Тіпті өткен жылы тауар айналымы бұрынғыдан біршама кеміп те кетіпті. Екі ел басшылары екі жақты тауар айналымын арттыру үшін нақты шаралар белгілеу қажеттігіне тоқталды.
Олар қол қойылатын достық қарым-қатынастар мен ынтымақтастықты одан әрі дамыту туралы бірлескен декларация, сондай-ақ басқа да келісімдер біздің елдеріміздің арасындағы байланысты дамытуға үлкен үлес болып қосылатынына сенім білдірді.
Бұдан кейін Қазақстан мен Моңғолия делегацияларының кеңейтілген құрамындағы келіссөздер болды. Онда екі ел басшыларының өзара әңгімесіндегі өзекті проблемалар құжаттық сипатқа түсті.
Келіссөз аяқталған соң Президент Сарайының Салтан залында келісілген құжаттарға қол қою рәсімі болды. Екі ел басшылары Н. Назарбаев пен Н. Багабандидің Қазақстан мен Моңғолия достық қарым-қатынастары мен ынтымақтастығы туралы бірлескен декларациясына қол қоюы рәсімге қатысушылардың ду қол шапалақтауымен қарсы алынды. Кейінірек өздерінің сөздерінде ел басшылары атап көрсеткендей, бұл құжатқа тараптар тауарлар мен капиталдың тиімді қозғалысын қамтамасыз ету үшін, екі елдің арасында көлік-коммуникация байланысын дамыту үшін, қазба байлықтарды іздестіріп, өндіру және өңдеу үшін, шағын және орта бизнесті әсіресе ауыл шаруашылығы мен мал шаруашылығын дамыту үшін пәрменді шаралар белгілеуге келіскен.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz