Орталық Азия аймағындағы интеграциялық процестердiң геосаяси факторлары


Орталық Азия аймағындағы интеграциялық процестердiң геосаяси факторлары
Бүгiнгi ғаламдандырудың терiс ықпалына қарсы тұрар бiрден-бiр күш аймақтық ықпалдастықты нығайту.
Қазақстан халқына арналған “Қазақстан - 2030” Жолдауында Президент Н. Ә. Назарбаев “Жақын және алыс болашақтағы ұлттық мүдделердi қорғау мен күштердiң теңдiгiн қамтамасыз етудегi бiздiң мықты құралымыз - ынтымақтасу саясаты, ең алдымен, Қазақстан, Қырғызстан мен Өзбекстан арасындағы Орталық Азия одағын нығайтып дамыту, басқа мемлекеттердiң iсiне араласпау, қарсы тұрудан гөрi татулық ахуалын басым ұстау саясаты болуға тиiс” деп атап көрсеткен /1/.
Дегенмен, екi оқиғаға байланысты - 2001 жылдың 11 қыркүйегiнде жарылыс пен Шанхай ынтымақтастық ұйымының құрылуымен - Орталық Азия iрi державалардың мүдделерi қақтығысқан орталығына айналды.
Осы тұрғыда аймақтағы мемлекеттер басқа iрi державаның құлдығына түспеу үшiн, Орталық Азияда ешқандай да бiр мемлекеттiң үстемдiк құруына мүмкiндiк бермей, мүдделер тепе-теңдiгiн ұстап отыруға тиiс.
Орталық Азияның геосаяси трансформация процесi әлi аяқтала қойған жоқ, Батыс пен Шығыстың бiрде-бiр мемлекет осы аймақта нақты басым позициясын танытып үлгерген жоқ. Бiрақ, талас баяғыда басталып кеткен.
Орталық Азияны геосаяси көзқарас тұрғысынан зерттеу маңызды, себебi географиялық фактор бұл мемлекеттердiң әр қайсысын бiр-бiрiмен және көршiлерiмен байланыстырады. Әлемдiк рынок iрi державалар арасында бөлiске түсiп бақылауға алынатындықтан, аймақтық интеграция маңызды және қажет. Мұндағы мiндет Орталық Азия елдерi өз орнын орнықтыру болып табылады.
Орталық Азия аймағындағы интеграциялық процестердi айқындаушы негiзгi факторлардың (геосаяси, геоэкономикалық, коммуникациялық) iшiнде барынша табиғи, тұрақты, саяси конъюктураның өзгеруiнен тәуелсiзi - геосаяси фактор болып табылады.
Қазiрге Орталық Азия - сыртқы әлемге қайтадан ашылған аймақ. Оны игеру ендi-ендi басталып келедi. Аймақтың көп уәде беретiн байлығы мен коммуникациялық мүмкiндiктерi, оны әлемнiң көптеген елдерiнiң геосаяси мүдделерiнiң объектiсiне айналдырады, соған сәйкес, аймақ әлемдiк және аймақтық күш орталықтары мүддесi қақтығысатын нысанға айналады /2/.
Әлем қауымдастығының халықаралық лаңкестiкке қарсы жариялаған стратегиясына өз үлесiн қосуда, дiни экстремизм, есiрткi саудасы, трансшекаралық қылмыс сияқты трансұлттық қауiптердiң таралуына қарсы тұрып, аймақ халықаралық қатынастардың жаңа жүйесiн қалыптастыруда маңызды орын алады.
Мiне осындай жағдайда Орталық Азия елдерiнiң алдында көптеген мәселелер туындап отыр.
Бiрiншiден, бұл Ресей, АҚШ, Иран, Пакистан және Қытай сияқты аймақтағы бұрынғы және күш орталықтарының жүргiзiп отырған саясатымен байланысты.
Екiншi мәселе - iшкi аймақтық интеграция нәтижесiнде Орталық Азияыны дербес күш орталығына айналдыру мүмкiндiгi.
Қазiр бұл аймаққа Ресей, АҚШ, Иран, туркия, Қытай, Пакистан және Батыс Европа елдерiн қоспағанда, Индонезия, Сауд Арабиясы, Жапония, Израиль, тiптi ОАР сияқты экономикалық-саяси мүддедегi ұмтылушы үмiткерлер саны өте көп.
Бiздiң көзқарасымызша, аймақтағы елдердiң әлемдiк негiзгi күш орталықтарына қатысты саясатына бiршама түзетулер енгiзу қажет. Оның маңызы ерекше.
Орталық Азия географиялық жағынан Евразияның ядросы, ол Орта Шығыспен байланыстыратын торап. Сондай-ақ бұл аймақ державалардың әртүрлi бағыттағы ықпалын тарататын транзиттi коридор болып табылады.
“Қырғи-қабақ соғыс” аяқталғаннан кейiн Орталық Азия “жекеленген геосаяси кеңiстiк” деген жаңа атауға ие болды. Бұл аймақ ерекше географиялық орнымен, сондай-ақ шикiзаттың әсiресе мұнай мен табиғи газдың молдығымен айрықша көзге түседi /3/.
Орталық Азиядағы негiзгi ойыншылар АҚШ, Ресей және Қытай болып табылады. Тiптi, Европа да бұл аймаққа қызығушылық танытып отыр. Әсiресе, 11 қыркүйектен кейiн олар өзiнiң аймақтағы ықпалымен нығайтуға ұмытылып жатыр. Бұл осы аймақта төртiншi күш болуға барлық мүмкiндiктерi бар екенiн бiлдiрiп отыр.
Туркия мен Иран ғасырлар тереңiне аймақпен түрлi мүдделер мен ықпалдастықта байланыста болған. Сондықтан бұл елдердi Орталық Азияда әрекет ететiн негiзгi күштер қатарына қосуға болмайды. Оған қоса, аймаққа бiртiндеп Үндiстан енiп келе жатыр, бiрақ та оның ықпалы шектеулi.
Туркия осы аймақтағы елдермен сауданы бiрлесе дамытып, көптеген экономикалық жобаларда белсендiлiк танытып отыр. Бұл аймақ транскавказдық транспорт коридорының маңызыды бөлiгi болып табылады. Бiрақ та, Орталық Азия толығымен Туркияның ықпалына түспейтiнi анық.
Орталық Азия үшiн қиян-кескiсi бәсекелестiк АҚШ, Ресей, Иран мен Пакистан арасында жүрiп жатыр.
Орталық Азиядағы Қытайдың, АҚш-тың және Ресейдiң мүддесi олардың тарихи сәттерде ерекше көңiл бөлуiмен және әлемдiк ықпалымен, сонымен қатар, халықаралық сахнадағы бұл үш державаның арасындағы ерекше өзара қарым-қатынастарымен түсiндiрiледi. Орталық Азияда кейбiр елдерде АҚШ-тың әскери базаларының орналасуы iшкi саясатта күрделiлiк туғызып отыр. Жақын болашақта үш жақты конфронтацияға қол жеткiзу мүмкiндiгi бар. Ол екi жақты немесе үш жақты қатынастар арқылы шешiлмек. Яғни бұл Қытай, Ресей және АҚШ-тың стратегиялық мәселесi болып табылады.
Орталық Азия үшiн теке-тiресте белгiлi бiр мөлшерде ұстанымдары жағынан АҚШ пен Пакистанның, екiншi жағынан, Ресей мен Иранның сәйкестiктерi байқалады. Оған әр жақтың өзiнiң күштi және әлсiз жақтары және ерекше мүдделерi мен бәсекелестiкке қатысудағы әдiстерiн қосыңыз.
Қытайдың Орталық Азиядағы мүддесi бiр қатар факторлармен анықталады. Алдымен Пекин “Шығыс Түркiстандағы” сепаратистiк күштердi ауыздықтауға тырысады. Екiншiден, Орталық Азияны тұрақты стратегиялық жоспардағы тыл ретiнде сақтап қалуға мүдделi, үшiншiден, олар экономиканың басқа салаларында өзiнiң әрiптесi, осы аймақтағы кейбiр республикаларды потенциалды энергоресурстарды тасымалдаушы ретiнде қарстырады.
Оған қоса, Орталық Азияны Қытай тұрақты стратегиялық тылы ретiнде сақтауы - Пекиннiң глобалды стратегиясының және геосаясатының маңызды аспектiсi болып табылады.
Орталық Азияға қатысты Қытай стратегиясының негiзгi мiндеттерi мыналар болып табылады:
- өзiнiң батыс шекараларында тұрақтылықты қамтамасыз ету;
- ҚХР-дың батыс бөлiгiнiң экономикасын шапшаң дамыту бағдарламасын жүзеге асыруға жәрдемдеу;
- өзiнiң қарқынды дамып жатқан экономикасында энергия көздерiне жол ашу;
- АҚШ-тың экономикалық, саяси және әскери деңгейлердегi басым ықпалына қарсы тұру /4/.
Қытай саясатының қалыптасуында аймақтағы жаңа саяси жағдайда Орталық Азияда маңызды орын Ресей факторына берiледi.
Бұл әлемдiк және аймақтық iстерде АҚШ ықпалының өсуiн шынайы бағалаумен ҚХР-дың стратегиялық потенциялының қазiргi деңгейiмен, әрi АҚШ пен Қытайдың ара күш салмағына байланысты туындаған.
Қытайдың алдында Орталық Азияға, оның iшiнде Қазақстанға қатысты жаңа нақтылыққа сай келетiн аймақтың сыртқы саяси доктринаны қабылдау сияқты маңызды мiндет тұр. Осы аймақта Қытай өз мүддесiн ескеретiн Ресей сияқты әрiптеске ие. Орталық Азиядағы Пекин мен Мәскеудiң негiзгi ынтымақтастығының бағыты - Шанхай ынтымақтастық ұйымы. Ресейдiң қатысуынсыз Қытайдың мұндай құрылымды құруға қол жеткiзуi мүмкiн емес. Қытай Орталық Азияда ерекше ұстанымдарға ұмтылады.
Тарихи тұрғыдан алғанда, Орталық Азия аймағында белгiлi бiр жүйелiк бiрлiк пайда болып, ол территориялық ортақтық пен өзiндiк бiр еңбек бөлiнiсiне айналып отыр. Бiрақ осы күнге дейiн Орталық Азия кеңiстiгiнде iштей белгiлi бiр жiктелу, бөлiну орын алып келдi.
Екi iрi державаға, яғни Ресей мен Қытайға көршiлес орналасқандықтан, ол аймақтың солтүстiк және шығыс шекараларының геосаяси қырын белгiлi бiр дәрежеде белгiлей алады. Орталық Азиядағы жаңа мемлекеттердiң бiр жағынан Қытаймен, екiншi жағынан Ресеймен қарым-қатынастарындағы кейбiр мәселелер осы елдердiң сыртқы саяси мүдделерi мен мақсаттарындағы бiрқатар ұқсастығын анық байқатады. Аймақта АҚШ саясатының белсендiлiгiнiң арта түсуi осыған байланысты болса керек. Бұл белсендiлiк әртүрлi державалардың мүдделерi тiзбегiнде геосаяси тұрғыдан пайдалы комбинация жасау әрекетiнен туындаған.
Мәскеудiң мүддесi Орталық Азияда күрделiлiк туғызып отыр. Өйткенi, Ресейдi осы аймақпен өте көптеген тарихи, мәдени, адам факторы және психологияға қатысты мәселелер байланыстырады.
Ресейдiң аймақтағы негiзгi мақсаты - ортаазиялық елдермен маңызды қатынастарын нығайту. Бұл бiрiншi кезекте саясат, экономика, қауiпсiздiк, мәдениет, тарих және тiл мәселелерiне қатысты.
Ресей ұстанымының күштi жағы Орталық Азия мемлекеттерiне экономикалық және әскери тетiктерiмен ықпал етуi болып табылады. Ресей ұстанымының әлсiз жағы, ең бiрiншi кезекте жалпы аймақтағы екi жаққа да маңызды ресейлiк сыртқы саясатың тиянақсыздығы. Ұстанымның әлсiз жағына Ресейдiң даулы мәселелердi күшпен шешуге тырысатындығын да жатқызуға болады.
Дегенмен, Ресейдiң осы аймақта ықпалы күштi және Орталық Азиямен қарым-қатынасы көптеген уақытқа созылатыны анық.
Бiздiң ойымызша, орталықазиялық итеграциялық топтың қалыптасуы барысында негiзгiледiң бiрi - Ресей факторы.
Пакистан мен Иран тек Орталық Азияға өзара ықпал ету үшiн ғана емес, сонымен қатар Таяу және Орта Шығысқа да ықпал үшiн бәсекеге түседi. Пакистанның саясаты белгiлi бiр дәрежеде АҚШ-тың саясатымен, ал Ирандiкi Ресеймен үндеседi.
АҚШ-тың Орталық Азияға қатысты саясаты негiзiнен мұнай және газ құбырларын салу арқылы шикiзат көздерiн игеурмен байланысты.
Американдық зертеушiледiң пiкiрiнше, егер АҚШ Орталық Азияға өз бақылауын орнатса, онда олар экономикалық дамыған Европа мен Шығыс Азияны, мүмкiн Африкаға және әлемнiң басқа да аудандарына өз үстемдiгiн жүргiзе алады. Оған қоса, бұл аймақта көмiрутектi ресурстардың бай көзi шоғырлаған. /5/
АҚШ-тың Орталық Азияға ену процесi келесi үш бағытпен жалғасып жатыр.
Бiрiншiден, саяси көзқарас бойынша бұл процесс Ресей мен осы аймақтағы мемлекеттедiң өзара қарым-қатынастың нашалауына итермелейдi. АҚШ осы аймақтағы мемлекеттердi батыстық құндылықтар мен демократиялық идеологияны сiңiруге мәжбүрлейдi. Осылайша оларды батыстық жүйеге күштеп кiргiзуге тырысады.
Екiншiден, АҚШ өзiнiң Орталық Азиядағы әскери нысанын бiртiндеп кеңейтiп жатыр. Елдiң қауiпсiздiгiне байланысты мәселелердi шешуде өз ықпалы мен күшiн арттырып жатыр, сонымен қатар осы аймақтағы елдердiң ұлттық қауiпсiздiгiне Ресейдiң араласпауы үшiн, одан құтылуға “көмектесуге” тырысады.
Үшiншiден, Вашингтон өзiнiң экономикалық күшiне сүйенiп, қаржылай қолдау көрсету жолымен, оның iшiнде тiкелей инвестициялар арқылы Орталық Азия елдерiнiң ең маңызды өндiрiстiк салаларындағы iрi өнеркәсiптердi, әсiресе, олардың басты ресурстары мен шикiзатын тасымалдау мен игеру бағытын бақылауына алуға ұмтылады.
АҚШ-тың Орталық Азиядағы жалпы ұлтық геосаяси мүдделерi төмендегiдей жеке қарастыылады:
- Орталық Азия мемлекеттерiнде тұрақты демократиялық саяси институттардың құрылуына жәрдемдесу;
- осы айақтағы мемлекеттерде дамыған нарықтық экономикалық қалыптасуына қолқабыс ету;
- Орталық Азия аймағындағы мемлекеттер арасында тең дәрежелi, өзара тиiмдi ынтымақтастықтың жасалуына және әлемдiк қауымдастыққа осы мемлекетерде интеграция процесiнiң жүзеге асырылуына ықпал етуге әрекеттесу;
- экстремизмнiң, лаңкестiктiң және есiрткi саудасының таралуына қарсы күреске және ұлттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету саласына жәрдемдесу.
Бiздiң ойымызша, барлық халықаралық күштер Отаық Азияда арнайы құрылған ШЫҰ шеңберiндегi ынтымақтастықты тең дәрежеде пайдалана алады. Бұл үшбұрыштың (АҚШ, Ресей, Қытай) әр қайсысының осы аймақтағы ресурс көздерiне жеке-жеке мүдделерi бар. Әрине ұлы державалар арасындағы қарым-қатынастың даму процесi көптеген күрделi және болжаусыз факторларға толы болады, бұл осы аймақта түрлi негiзде шиеленiстiң туындап, оның өрбуiне жол бередi.
Орталық Азиядағы интеграциялық поцестердiң ерекшелiктерi бiрқатар геосаяси факторлардан, континенттегi күштердiң бөлшектелуiнен туындайды. Олар өз кезегiнде, бiрқатар салаладағы мемлекетаралық ынтымақастықтың, кооперацияның және интеграцияның әртүрлi пошымдарының дамуына ықпал етедi.
Аймақтан тыс iрi күш орталықтары мұнда белсене араласуы онша айқындала қоймаған геосаси аймақты кешендi түрде бөлшектеп жiберуi әбден мүмкiн. Мұндай жағдайда Орталық Азия елдерiнiң “серiк болып” дамуындағы саяси және әлеуметтiк-экономикалық өзгерiстер процесiн шетке көбiрек ығыстыра түседi. /6/
Орталық Азиядағы интеграцияның геосаяси факторларын олар экстенсивтi пайдалануда оның белгiлi бiр сандық шегi бар.
Орталық Азияның белгiлi бiр тұтас нобайы бар, бiрақ сыртқы қоршаған ортаның қысымы екiжақты ықпал етедi:
- бiрiншiден, топтастырушы фактор ретiнде бұл процесс биополярлық дүниеден кейiнгi дәуiрде халықаралық қатынастардың жаңа жүйесiн қалыптастыуға байланыты ең жаңа теденциялармен анықталады;
- екiншiден, iрiтуiшi фактор ретiнде ықпал етедi, бұл көршi державалардың геосаяси мүдделерi өзгерген жағдайда объективтi - тарихи жағдайдағы қайта қапына келтiрудiң терiс тенденциясынан туындайды. /7/
Осылайша қазiгi уақтта Оталық Азияда әтүрлi бағыттағы және көп қырлы сипаттағы геосаяси және глобалистикалық факторлардың түйiсуi, аймақта интеграциялық тенденциялармен қатар, қарама-қайшы мүделердiң дамуын қамтамасыз тететiндiгi байқалады.
Бұдан кейбiр мынандай тұжырымдар жасауға болады: Геосаяси мүдделердiң маңыздылығына қарамастан, аймақтағы мемлекетердiң саясатында глобалистика мақсаттарының геосаяси ықпалдан үстемдiгi байқалады. Сондықтан оқиғаның басқаша даму нұсқасы барынша табысты болар едi, яғни мұнда iшкi интеграция нәтижесiнде Орталық Азияны жеке күш орталығына айналдыру мүмкiндiгi бар.
Бүгiнгi күнде Оталық Азиядан интеграцияның ауылы әлi алыста. Оған объективтi, субъективтi тәртiптегi көптеген себептер тиек болып отыр.
Бұл бiрiншiден, осы аймақта интеграцияның элементарлық инфраструктурасының iс жүзiнде болмауы, аймақ субъектлерiнiң өзара байланыстарының әлсiздiгiнен аймақты геосаяси бiртұтас аумақ ретiнде қарастыру мүмкiн емес. Сондықтан геосаяси тұрғыда аймақтың қарым-қатынасы босап, саябырси түседi. Шынында, Орталық Азия ауқымды көлемге ие планетадағы ең үлкен құрлықтық аумақ. Теңiздер мен әлемдiк сауда жолдарына тiкелей шығатын бағыттың жоқтығынан бұл аймақтың қарым-қатынас күшi жеткiлiксiз, баяу дамытып келедi. Екiншiден, КСРО-ның ыдырауына сәйкес, өндiрiс орындары да қысқарып, аймақтың экономикасы негiзiнен аграрлық-шикiзаттық бағытта қалыптасқан. Оған сәйкес осы аймақ мемлекеттерiнiң экономикалық потенциалы бiрiн-бiрi толықтыратын емес, керiсiнше өзара бәсекелес сипатқа ие. Үшiншiден, осы аймақта Қырғызстан мен Қазақстан ресейлiк бағытты ұстанады, Түркменстан саяси бейтараптықты жариялағанмен, Иран мен Ресей жағынан белгiлi бiр ықпалды сезiнедi. Өзбекстан АҚШ-тың қолдауына ие.
Жоғарыда аталған және өзге фактiлер аймақтағы орталықтан алыстау процесiне дем бередi, мұндай жағдайда бiртұтас интеграцияланған Орталық Азияның пайда болу мүкiндiгi туралы айту мүмкiн емес.
Орталық Азия интеграциясының өткені мен болашағы
ХХ ғ. соңында әлемдік экономиканың ең басымдылығы экономикалық кеңістікті кеңейту болып табылады. Ол интеграция формасындағы мемлекеттер арасындағы қарым-қатынаспен байланысты. Алдымен интеграция туралы айтпас бұрын, «интеграция» деген терминге анықтама берейін. «Интеграция» латынша бірігу деп аударылады. Интеграция терминіне нешетүрлі көптеген анықтамалар берілген. Бірақ менің ойымша, интеграция деген - халықаралық жүйедегі барлық бөліктерінің өзара ықпалдасуы, байланысуы, ынтымақтасуы. Әрине бүгінгі күні интеграция тек қана экономиканың көтерілуін ғана емес, сонымен қатар әскери қауіпсіздікті қамтамасыз ететін әлемдік дамудың объективті үрдісі.
Интеграция үрдісінің бұрынғы Кеңес Одағы республикалары үшін өзінің өзектілігі бар. Кеңес Одағының құлауы Орта Азия мемлекеттерінің арсындағы экономикалық, шаруашылық, мәдени және т. б. байланыстардың үзілуіне алып келді. Бұлардың барлығы жаңа тәуелсіз мемлекеттердің даму баталыстарына кері әсер еткен еді. Енді қазір Орта Азия мемлекеттері дезинтеграция қалдықтарынан аттап өтіп, өздерінің арасында экономикалық, қауіпсіздік, саяси, әлеуметтік, гуманитарлық, табиғи ресурстар және т. б. салаларда ынтымақтастығын дамытып, байланыстарын нығайту керек. Шынында да, қазіргі заманның даму кезеңінде аймақтық интеграция әлемдік дамудың айрықша беталысы болып табылады. Бүгінгі күні бүкіл әлем - бұл аймақтық блоктардың жиынтығы. Бір де бір мемлекет өзі жалғыз интеграция үрдісіне түсе алмайды, басқа сөзбен айтқанда, ондай ынтымақтастықтың болашағы жоқ.
Мысалға Европаны алатын болсақ, ондағы интеграция өзінен-өзі пайда бола қалған жоқ. Европаның қазіргі кездегі жағдайына жету үшін ондаған жылдар, яғни ұзақ уақыт қажет болды. Ол Европалық Одақ шеңберінің экономикалық, саяси, институционалдық негізіне негізделе өсті және де ары қарай дамып келе жатыр деп айтуымызға болады. Менің ойымша, Орта Азия үшін келесі он жылдық шешуші болу керек - не олар егемендігін сақтай отырып ортақ интеграциялық жол табады, не олар дамыған мемлекеттер және трансұлттық корпорациялар үшін шикізат көзі болып қала береді. Сондықтан жаһандану үрдісінің шақырысына жалғыз жауап - аймақтық интеграция болып табылады.
Орта Азия аймағындағы интеграциялық үрдістер 1993 жылы Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы 1994-2000ж. ж. экономикалық интеграцияны тереңдету жөніндегі шаралар жөніндегі Келісімге қол қоюымен басталады. 1994 жылы осы мемлекет басшылары Ортақ экономикалық кеңістік құру жөніндегі Келісімге қол қояды. Кейін одақтың кеңеюі болады: 1994 жылы 30 сәуірде Қырғызстан қосылады, 1998 жылы 28 наурызда Тәжікістан қосылады. Қатысушы жақтардың мақсаты: еркін сауда қағидаларын қамтамасыз ету және тауар, капитал, жұмысшы күштің еркін, кедергісіз қозғалуы болып табылады. 1998 жылдың 17 шілдесінен бастап одақ ресми түрде Орта Азиялық Экономикалық Қауымдастық деп аталды (ЦАЭС) . ЦАЭС шеңберінде экономикалық интеграция, кедендік және қаржылық мәселелері жөнінде келісімдер қабылданды. Сонымен қатар 1994 жылы Н. Назарбаев, И. Каримов және А. Акаев арасында экономикалық кеңістік пен қауіпсіздікке негізделген Орта Азиялық Одақ құру жөніндегі келісімге қол қойылды. 1997 жылы Бішкекте Казақстан, Қырғызстан және Өзбекстан арасындағы мәңгілік достық жөніндегі келісімге қол қойылады. Келісімнің маңыздылығы өзара қауіпсіздік және өзара іс-шаралар болып табылады. ЦАС шеңберінде мемлекеттер терроризм, экстремизм және заңсыз наркотраффикке қарсы күрес мәселесін нығайтты. 2002 жылы ТМД мемлекеттерінің саммитінде ЕврАзЭС құру туралы шешіледі. Кейіннен ЦАС ЕврАзЭС құрамына енеді. ЕврАзЭС-тің мақсаты негізінен экономикаға негізделген. Ал қорғаныс саясатын айтатын болсақ, оған біз 1992 жылғы Ұжымдық қауіпсіздік жөніндегі келісім (1992ж. - ДКБ, 2002ж. - ОДКБ) мен Н. Назарбаевтің СВМДА идеясын жатқызуға болады. Ол халықаралық қауіпсіздік, экономикалық ынтымақтастық, экологиялық қауіпсіздік жөніндегі ынтымақтастық, гуманитарлық және мәдени салаларындағы ынтымақтастықты қамтиды. Орта Азия интеграциясын жүзеге асырып жатқан тағы бір маңызды ұйым - Шанхай Ынтымақтастық Ұйымын айта аламыз (ШОС) . ШОС 2004 жылы Қазақстан, Қытай, Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан және Тәжікістан араларында Шанхайда құрылған. Бұл ұйым аймақтағы экономиаклық, саяси, қауіпсіздік және т. б. салаларындағы интеграция үрдісін қамтиды.
Солайша тарихқа шолу жасау арқылы біз жақында басталған Орта Азидағы интеграцияны көре аламыз. Мелекеттер басшыларының арасында қаншама келіссөздер жүргізіліп, қаншама келісімдер қабылданып, қаншама ұйымдар құрылып жатқанымен де Орта Азиядағы интеграция үрдісі дұрыс және белсенді жолға түспеуде, яғни қолданылып жатқан іс-шаралардың нәтижесіз болуында. Осы кезде неге Орта Азия мемлекеттерінің арасында интеграция белсенді жүрмеуде деген сұрақ туады. Менің ойымша оған көптеген себептер бар. Солардың кейбіреулеріне тоқтап кетсем:
Біріншіден, интеграциялық мәселелерді шешу үшін күшті саяси еркіндік керек. Қазақстан жағынан ол әрқашан да көрініс табады. Мысалға, 2005 жылғы қаңтардағы Н. А. Назарбаевтің жолдауында Орта Азиялық мемлекеттер одағын ( ЦАГ) құрайық деген ұсыныс жасалынған.
Екіншіден, аймақтың барлық мемлекеттерінде коррупцияға қарсы күрес жүргізу керек. Олай болмаса, мемлекетаралық келісімдер мен келісім шарттар коррупция астында қалып, ешқандай нәтижеге алып келмейді.
Үшіншіден, әр мемлекеттің экономикалық және нарықтық дамуы әртүрлі деңгейде.
Төртіншіден, Орта Азия мемлекеттері бір уақытта әртүрлі ұйымдардың мүшелері, яғни әр қайсысының алдына қойған мүдделері мен мақсаттары жан-жаққа бағытталған. Ортақ мүдде мен мақсат жоқ.
Бесіншіден, Орта Азия мемлекеттерінің саяси жүйесі интеграцияға толық және дұрыс бейімделмеген. Ешқайсысы өзінің егемендігімен құрбан еткісі келмейді, ешқандай жеңілдіктерге бармайыды.
Сонымен қатар аймақтағы интеграция үрдісіне кедергі туғызатын факторларды атап кетсек:
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz