МОҢҒОЛИЯ РЕСПУБЛИКАСЫ


МОҢҒОЛИЯ
МОҢҒОЛИЯ РЕСПУБЛИКАСЫ - Азияның орта тұсында орналасқан мемлекет. Жер аумағы 1565 мың км 2 . Халқы 2, 6 млн (1998) . Этникалық құрамына халка-моңғолдар (90%), қазақтар (4%), қытайлар (2%), орыстар (2%), тывалықтар кіреді. Халқының негізі бөлігі будда дінін, 4%-ы ислам дінін ұстанады. Астанасы - Улан-Батор қаласы. Әкімшілік жағынан 18 аймақ пен 3 муниципалитетке (Улан-Батор, Дархан, Эрденет) бөлінеді. Елдің батысында халқы негізінен қазақтардан тұратын Баян Өлгий аймағы орналасқан. Мемлекет басшысы - президент. Жоғарғы атқарушы билікті премьер-министр басқаратын үкімет жүргізеді. Жоғарғы заң шығарушы органы - бір палаталы парламент - Ұлы Мемлекеттік Хурал. Ресми тілі - моңғол тілі. Ақша бірлігі - төгрік. Моңғолия 1961 жылдан БҰҰ-ға мүше.
ТАБИҒАТЫ - батысы мен оңтүстік-батысында Моңғол Алтайы (ең биік нүктесі - 4374 м), Гоби Алтайы мен Хангай таулары, елдің орталық бөлігінде Хэнгай таулары, елдің орталық бөлігінде Хэнтэй таулы қыраты орналасқан. Оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында Гоби шөлі созылып жатыр. Негізгі өзендері - Селенга, Керулен, Кобда. Ең үлкен көдері - Убсу-нур, Хубсугул. Моңғолияның климаты - шұғыл континенттік. Қысы ұзақ әрі суық, ауасы құрғақ, қары аз немесе қарсыз болады. қаңтардағы орташа температура -15 0 С-тан - 30 0 С-қа (тау қазаншұңқырларында -50 0 С) дейін жетеді. Шілдедегі орташа температура Хангайда 15 0 С, Гоби шөлінде 25 0 С. Көктемдегі ауа райы тұрақсыз болып, температура ондаған градусқа төмендеп, құрғайды, күшті құмды дауылдар тұрады. Жылдық жауын-шашын мөлшері таулы жерлерде 350-400 мм, жазықтарда 100 мм шамасында. Солтүстігінен оңтүстікке қарай табиғи белдеулер мен аймақтардың алмасуымен өсімдіктер дүниесі өзгеріп отырады. Таулы-тайғалық белдеуде қылқан жапырақты ормандар өседі. Таулы жазықтар мен ормандарда көптеген дәнді өсімдіктер, жусан, қияқ, т. б. өседі. Шөлейт далалық белдеуде құрғақшылыққа төзімді шөптер, жабайы жуа мен тікенді қарағандар басым. Таулардағы жануарлар дүниесін тауешкі, арқар, барыс, т. б. құраса, ормандарды терісі бағалы аңдар (тиін, сілеусін, манул мысығы, т. б. ) қоңыр аю мен құстардың сан алуан түрлері мекендейді. Таулы-далалық аудандарда киік, құлан, қасқыр, түлкі, қояндар мен кеміргіштер кездеседі. Шөлдерде дүние жүзінің басқа бөліктерінде кездеспейтін жабайы түйе, Пржевальский жылқысы, Гоби аюы тіршілік етеді. Ел аумағында мұнай, көмір, темір кентасы, вольфрам, молибден, қалайы, никель, фосфорит, алтын кендері бар. Жерінің 79%-ын шалғындар мен жайылымдар алып жатыр.
ТАРИХЫ. Моңғолия жерін тас дәуірінен мекендей бастады. Б. з. б. VI-XII ғасырларында қазіргі Моңғолия аумағы Түрік, Ұйғыр, Қырғыз қағандықтары мен Ляо қидан мемлекеттерінің құрамында болды. XIII ғасырларда Шыңғыс хан түркі-моңғол тайпаларын біріктірді, көптеген көршілес елдер мен халықтарды бағындырып, Шыңғыс хан империясын құрды. XIII ғасырдың 2-жартысында Шыңғыс хан империясы 4-ке бөлініп, моңғол үстіртін мекендеген түркі тайпалары Алтай тауының батысына қарай қоныс аударды. Ал қазіргі М. Құбылай хан негізін қалаған Юань империясына қарады. 1358 жылы Юань империясы жойылып, моңғолдар ел астанасы Пекин мен оның төңірегінен қуылды. XIV-XV ғасырларда моңғолдар Қытайда билікке келген жаңа әулет Мин империясымен қиян-кескі соғыстар жүргізді. XVI ғасырда моңғолдар бытыраңқылықты бастан кешіріп, олар үшке: Оңтүстік Моңғолия (Чахар хандығы), Солтүстік Моңғолия (Халка) мен Батыс Моңғолияға (Жоңғар хандығы) бөлініп кетті. 1634 жылы Моңғол тайпалары Маньчжур ханы Абахайдың әскерімен шайқаста жеңіліп, 1636 жылы Оңтүстік Моңғолия Маньчжур империясының құрамына өте бастады. 1691 жылға дейін оңтүстік пен солтүстіктегі моңғол тайпаларының бәрі Маньчжур билеушілерінің үстемдігін мойындауға мәжбір болды (қ. Цинь империясы) . 1756-1758 жылы Жоңғар хандығы жойылды. 1911 жылы Қытайдағы революция нәтижесінде Сыртқы Моңғолия (Халка) Цинь империясынан бөлініп шықты, ал Ішкі Моңғолия Қытайдың протекторатына айналды. 1917 жылы Ресейдегі төңкерістен кейін Қытай Моңғолия аумағын түгелдей басып алуға әрекеттенді. Бірақ 1921 жылы елге кеңес әскерлері енгізіліп, 1924 жылы Моңғол Халық Республикасы жарияланды. 1939 жылы Халхин-Гол өзіндік ауданында Қызыл Армия жапон әскерлерінің Моңғолияға жасаған шабуылына тойтарыс берді. 1946 жылы Қытай Моңғолияның тәуелсіздігін ресми түрде таныды. 1991 жылы Моңғолия Коммунистік партиясы маркстік-лениндік қағидалардан бас тартып, елде саяси және экономикалық реформалар жүргізе бастады. Моңғол Халық Республикасы (МХР) Моңғолия Республикасы деп атау туралы шешім қабылдады. 1992 жылы қаңтардың 21-нен бастап Қазақстан мен Моңғолия арасында дипломатиялық қатынас орнады. 1992 жылдан Моңғолия қазақтары Қазақстанға көшіп келе бастады. Мұның айғақ көріністері: еліміздің ЖОО-да (Жоғарғы Оқу орындарында) оқитын Моңғолияда туып-өскен қазақ азаматтары. Мысалы, Қазақ Ұлттық Педагогикалық Университетінің қазақ әдебиеті бөлімінің 1 және 3 топтарында Моңғолиядан келген азаматтар оқиды.
Моңғолия мен Қазақстан арасындағы жол байланысы Ресей аумағы арқылы өтеді.
ЭКОНОМИКАСЫ. Моңғолия экономикасының басты саласы - ауыл шаруашылығы. Моңғолия дүние жүзінде мал санын жан басына шаққандағы көрсеткіш жөнінен ең алдыңғы орындардың бірін иемденеді. Өнеркәсіпте кең өндірісі жетекші сала болып есептеледі, орман шаруашылығы мен балық аулау кәсіпшілігі экономикада маңызды рөл атқарады. Кен өнеркәсібінің өнімдері, тері мен теріден жасалған бұйымдар шетке шығарылды. импортының негізін өнеркәсіптік құрал-жабдықтар, минералды отындар мен жағар майлар құрайды. Жалпы Ұлттық өнімнің жан басына шаққандағы мөлшері 4070 АҚШ долларына тең (1997) . Негізгі сауда серіктестері - Ресей, Қытай, Жапония, Қазақстан.
МОҢҒОЛ ТІЛІ, халха тілі - моңғол халқының тілі. Моңғол тілінде Моңғолия, Қытайдың Ішкі Моңғолия автономиясы мен Ганьсу, Цинхай, Хэйлунцзян, Синин, шыңжаң өлкелерінде тұратын жергілікті халық сөйлейді. Моңғол тілі бурят, қалмақ тілдеріне жақын. Ол бірнеше жергілікті ерекшеліктерге ажыратылады: шығыс диалектісіне хорчин, харачин, арухорчин говорлары; орталық диалектіге халха, чахар, ордос; батыс диалектісіне амашан, эдзин, кукунор говорлары жатады. Әдеби тілі халха диалектісі негізінде қалыптасқан. Көне жазба ескерткіштері сақталғанымен, Моңғол тілі ұлт тілі ретінде XIV-XVI ғасырларда қалыптаса бастады. Моңғол тілінің фонетикасында сингармонизм заңы орын алған, ң, дж, дз дыбыстары н, ж, з әріптерімен таңбаланады, б, в дыбыстары байырғы сөздерде бір дыбыстың нұсқалары болып табылады. Л, р дыбыстары сөз басында келмейді, к, п, ф фонемалары өзге тілден енген сөздерде ғана кездеседі. Дауысты дыбыстары қысқа және созылыңқы келеді (харак-қарау, көру, хаарах-жабылу) . Моңғол тілі лексикасында көне түркі, маньчжур, тибет, санскрит, қытай тілдерінен енген сөздер жиі кездеседі. Қазіргі тілінде орыс сөздері көбірек. Моңғол жазуы 1942 жылдан кирилл әліпбиіне негізделді.
МОҢҒОЛИЯДАҒЫ ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ, ауыз әдебиетінен бастау ала отырып, қазақ сөз өнерінің бір тармағы ретінде дамыды. Өлкедегі қазақтардан жиналған ауыз әдебиеті үлгілері 5 томдық кітап ретінде басылып шықты. Батыс Моңғолияны қазақтар 1867 жылдан қоныстана бастаған. 1940 жылы Баян Өлгий аймағы құрылып, Моңғолиядағы қазақтардың әлеуметтік-саяси өміріне бетбұрыс әкелді, әдебиеті мен мәдениетінің өркендеуіне ықпалы зор болды. Моңғолиядағы қазақ әдебиетінің даму кезеңін екіге бөліп қарастыруға болады: 1) 1940-1970 жылы жаңа әдебиеттің қалыптасу кезеңі; 2) 1970 жылдан қазірге дейінгі даму кезеңі. 1942 жылы 3 қыркүйекте «Жаңа әліпбиді қолдану туралы» қаулы қабылданып, латын әліпбиінің орнына кирил әліпбиі қолданысқа енгізіліп, ана тілінде алғаш рет «Өркендеу» газеті (қазіргі «Жаңа өмір») жарыққа шықты. Моңғолия Жазушылар одағының 1948 жылы өткен құрылтайына (съезіне) А. Бәбиұлы, Қ. Мұқамадиұлы бастаған қазақ қаламгерлері қатысты. 1955 жылы қазақ қаламгерлеріне арналған үйірме ашылып, 1957 жылдан 3 ай сайын жарық көретін «Жаңа талап» альманағы (қазіргі «Шұғыла») шыға бастады. 1968 жылы 28 желтоқсанда МХР Жазушылар одағының қазақ бөлімшесі ресми түрде құрылды. Мұның бәрі ұлттық мәдениеттің жаңғыруына, әсіресе жаңа әдебиеттің қалыптасуына игі әсерін тигізді. Моңғолиядағы қазақ әдебиетінің негізін салушылардың бірі Ақтан Бәбиұлы жасынан айтыскер ретінде танылып, «Кедей күні», «Сары мешелге», «Қарау байға», «Жөргем салға», «Халел мен Мәлік молдаға» атты уытты өлеңдерімен өз заманындағы мешеулікті сын тезіне алды. Ақынның Ұмсындық, Ғазиза, Ақбала ақындармен айтыстарын сол тұстағы қазақ өмірінің айнасы деуге болады. Құрманхан Мұқамадиұлы (1932-1964) әдебиеттегі жолын өлең жазумен бастады. Оның «Құқықтау», «қыс», «Қазақстандық достарға», «Тау қойнында жеке дара» секілді өлеңдері сезімнің шынайы суреттелуімен ерекшеленеді. Ақын Арғынбай Жұмажанұлы «Тақпақтар» (1949), «Ертіс жырлары» (1960), «Біздің өлкеде» (1972), «Меңтікөл» (1979) жинақтарымен танылды. Даниял Дікейұлының «Жетілген жетім», «Таң алдында», «Солдат сөзі», «Алтай аясында» атты поэмалары, Имашхан Байбатырұлының «Көрімдік», «Шығыстағы алау», «Майлы жер», Дайын Қалаубайұлының «Жас дәурен», «Гүлсім» секілді жинақтары поэзиясының даму жолындағы айтулы туындылар болды. Әдебиеттің аға буыны Ж. Байыт, И. Жәбенұлы, Қ. Кәп, М. Егеухан, А. Қауия мен орта буын өкілдері Ж. Кәкей, Ш. Зуқай, Р. ынай, І. Кеңес, ҚТойлыбай, Қ. Бодаухан, О. Солдатхан, Ж. Қуанған, Б. Мұрат, Ә. Дәулетхан секілді ақындардың туыдылары өлең өнерінің биік үлгіде дамуына үлес қосты. Моңғолиядағы қазақ әдебиетінде проза жанры 1955 жылдан кейін ғана дами бастады. Мұқамадиұлының тұңғыш әңгімесі «Алғашқы қадам» (1964) оның прозаға жасаған сәтті қадамы болды. «Жұрт ала ма, жұт ала ма?» атты эссесін де оқырман жылы қабылдады. Көркем проза М. Құлыбекұлының «Мұралық», «Көк лақтың құпиясы» әңгімелері мен «Қызыл қайың хикаясы» повесі арқылы жалғасын тапты. Ш. Нығышұлының «Күрделі керуен» (1967), Ж. Шалұлының «Көкала жорға» (1969), Қ. Ойнақбайұлының «Көк күлапара» (1969), С. Таукейұлының «Ақиық» (1971), А. Алақанұлының «Ананың ақ тілегі» (1974), «Менің анам», «Егіншінің баласы», М. Батықасынұлының «Шудақ» (1975), Ш. Рахметұлының «Күміс керуен» (1978) секілді прозалық шығармалары әдебиетке елеулі жаңалық әкелді. 1970 жылдан бастап Моңғолиядағы қазақ әдебиетінде бірнеше роман Мұқамадиұлының «Қобда қойнауында» саналса, кейін Ш. Қатшанұлы «Өз қолымен», Нығышұлы «Жырақта қалған жылдар», М. Сұлтанияұлы «Ұрпақ тағдыры», І. Қабышұлы «Ұрпағың үзілмесін», Шалұлы «Үлкен үй», Қ. Арыспайұлы «Жиекте», С. Әбілқасымұлы «Қара боран», Тәукейұлы «Мұнар таулар» романдарын жазды. Бл әдебиеттің жаңа белеске көтерілгенінің дәлелі еді. Драматургия жанрында Бәбиұлының «Ермалай» пьесасы алғашқы қарлығаш саналса, «Жамал» (1941), «Еріншек пен екпінді әйел» (1942), «Қалқаман-Мамыр», «Ағайша» секілді пьесалары театр өнерінің қалыптасуы мен дамуына септігін тигізді. Мұқамадиұлының «Кезең үстінде», «Қарға қарғаның көзін шұқымайды», «Жасыл дөң», «Тұлбакөл шайқасы» секілді драмалық шығармалары күрделі жанрды игеруде соны соқпақ салды. А. Жұмажанұлының «Талаптылар мен табынушылар» пьесасы 1956 жылы сахналанды. Ол «Ертіс шындығы», «Сандуғаш» секілді драмалық туындылар мен «Шайқас алдында», «Домбыра әуені» фильмдерінің сценариін жазды. Ж. Баят, Қ. Шабдарбай сияқты қаламгерлер драматургияның дами түсуіне үлесін қосса, байбатырұлы «Керім-Торым» либреттосын жазды. Моңғолия қазақ әдебиетінің драмалық шығармалары негізінен Баян Өлгий аймақтық театрында қойылды. Көркем аудармада Қазақстанның көрнекті ақын-жазушыларының туындылары түгелге дерлік моңғол тіліне тәржімаланды. Сондай-ақ моңғолдың көне фольклорлық мұралары қазақ тіліне аударылды. Аударма ісінде Шалұлы, О. Қаһар, Қабышұлы, М. Сұлтан, Ж. Қамайұлы және Б. Құрманханұлы, Қ. Жұмаханұлы есімдерін атап айтуға болады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz