САЯСАТТАНУ, ОНЫҢ ПӘНІ, ӘДІСІ ЖӘНЕ МІНДЕТТЕРІ


САЯСАТТАНУ, ОНЫҢ ПӘНІ, ӘДІСІ ЖӘНЕ МІНДЕТТЕРІ
«Саясаттану» (политология) грек тілінен аударғанда саясат туралы ғылым болып шығады. Сондықтан саясат туралы ғылымды білу үшін ең алдымен саясаттың не екендігін анықтап алу жөн.
Біздің осы күнгі өмірімізде адамдар саясаттан тыс тұра алмайтын дәрежеге жетті. Адам саясатпен айналысқысы келмеген күннің өзінде саясаттың өзі адамның іс-әрекетіне араласатын болды. Сондықтан кез келген адам саясаттан тысқары қала алмайды. Осы жағдайда жұрттың көбі-ақ саясатты толық және терең білеміз деуі мүмкін. Себебі әрбір адам өз өмірінде саясаттың әр түрлі саласымен кездесіп, тәжірибе жинақтайды, тұрмыстың сан алуан ащылы-тұщылы жайларын басьшан өткізеді. Бірақ солай бола тұрса да, екінің бірі саясатты жетік біле алмақ емес. Сондықтан саясатқа ғылыми көзқарас керек.
В. Даль шығарған орыс тілінің түсіндірме сөздігінде «саясат» сөзінің мәнін былайша түсіндіреді: 1) мемлекеттік басқару ғылымы, 2) патша ағзамның көпшілікке белгісіз ойы мен мақсатының және іс-қимылының бейнеленуі. Саясатшы мемлекет қайраткері - ол ақылды және пысық (әрдайым адал бола бермейді), сыр білдірмейтін, айлакер адам, ол сөзге шешен, тауып сөйлейді, реті келген жерде беті бүлк етпестен өтірік айта да біледі, істі өз пайдасына шешуге шебер (Даль В, Толковый словарь. М., 1955, с. 261) .
Біздің өмір сүріп отырған дауылды жылдарымызда В. Дальдың бұл анықтамасы дәл келетін сияқты. Бірақ бізге саясаттың ғылыми анықтамасы керек. «Саясат» деген сөз жалпы халықаралық терминде, «политика» деп аталады. Ол гректің роliticе - «мемлекетті басқару өнері» деген сөзінен алынған. Ал мемлекет елді басқару құралы. Ежелгі заман тарихындағы алып ойшылдар Аристотель мен Платоннан бастап осы күнгі саясаттану мамандарына дейін мемлекеттің шығуын қоғамда меншік теңсіздігінен, қарама-қарсы таптардың пайда болуымен, меншік иесінің мүддесін қорғау шараларымен байланыстырады.
Мемлекет - қоғам дамуының белгілі бір кезеңінің туындысы. Алғашқы қоғам жеке меншіктің шығуына, ру, тайпа, ұлтқа бөлінуге байланысты өз ішінде шешілмейтін қайшылықтарға ұшырайды, бітіспес қарама-қарсылық пайда болады. Сол жағдайда адамдар өздеріне әділ қазы боларлық, қоғамнан жоғары тұратын күштерді іздейді. Ондай күш тәртіп ережесін белгілеуге тиісті. Сөйтіп адамдар өз құқықтарыньщ бір бөлігін мемлекетке береді. Ал мемлекет өзін біртіндеп адамдардан дербес санай бастады, соның нәтижесінде белгілі бір топтың құралына айналды. Сонымен қатар саясат - өкімет пен халық бұқарасының арасындағы қайшылықты реттейтін құрал.
Мемлекет пен саясат тарихи және маркстік тұрғыдан қарағанда, таптардың, әлеуметтік топтардың арасындағы қатынастар. Таптар дегеніміз қоғамдық өндірістің жүйесінде белгілі бір тарихи орнына, өндіріс құралдарына - қатынасына, еңбекті ұйымдастырудағы рөліне, қоғамдық байлықты иемдену тәсілі және мөлшеріне қарай бөлінетін ірі қоғамдық топтар.
Ал Америка және Франция саясаттанушыларының түсінігі бойынша, саясат - мемлекеттік категориядағы үкіметтің қызметі болып табылады.
Таптардың арасындағы кез келген қатынас саяси сипатта болмайды. Мысалы, жұмысшы жеке капиталиске экономикалық мүддеде күн көру үшін жалданады. Ал осындай таптық қатынас билік жүргізу мәселесін қамтыған кезде ғана саяси сипат алады. Сондықтан мұндайда өкіметті қолға алу, оны нығайту, мемлекеттік құрылыс, мемлекетті, таптарды басқару, оның құрылымы, саяси партиялар мен қоғамдық ұйымдардың арақатынастары мәселелері туындайды.
Бұдан көрінетіні, саясат дегеніміз өздерінің мүддесін жүзеге асыруға, қорғауға және саяси билікті қолына алуға, оны пайдалануға байланысты мемлекеттер, таптар, ұлттар, адамдардың үлкен топтарының арасындағы қатынастар болып шығады. Сонымен бірге саясат - мемлекет істері, оның қызметінің формалары, міндеттері, мазмұны. Саясат - тарихи мағынада әкімдердің және оның маңындағылардың ісі, ойы, мақсаты, саясат кәдімгі ұғыныста адамдардың арасындағы қатынастарда кунделікті жүргізілетін жұмыс. Саясат- мемлекеттік немесе қоғамдық өмірдің мәселелері мен ағымдағы істердің жиынтығы.
Саясатты толық білу үшін оның көріністерін, мәнін анықтау, онын, көп түрлі субъектілері мен объектілерін, формаларын, тұрпаттарын, түрлерін, бағыттарын, салаларын, міндеттерін, мақсаттарын, қызметін, бұларды жүзеге асырудын, тәсілін, әдісін көріп-білу керек. Саясат мынадай болып бөлінеді:
1) саласы бойынша - экономикалық, әлеуметтік, мәдени, ұлт, әскери т. б. ;
2) түрі бойынша - ішкі және сыртқы;
3) көлемі бойынша - халықаралық, дүниежүзілік, жеке, аймақтық т. б.
4) жүргізушілер және субъектілер бойынша-мемлекеттік, партиялық, қозғалыстық, жеке адамдық т. б. ;
5) орындалу мерзімі.
Осылайша саясаттың не екендігін анықтағаннан кейін саясаттануды түсінуге болады. Саясатты ғылым мен өнер есебінде адам баласы мемлекет шыққаннан бастап зерттеді. Ертедегі Аристотель мен Платон өздерінің философиялық шығармаларында саясат туралы ойлар айтты. Аристотельдің бір шығармасы «Политика» деп те аталды. Кейін ондай ойлар дами берді. Саясатқа арналған еңбектер, кітаптар шығарылды. Әр қоғамда саясат өзгеріп отырды. Олардың барлығы да саясат туралы ғылымға өздерінін, үлестерін қосты. Өздерінен бүрынғы саясат туралы ғылымдарды зерттеп, қорытындылаған К. Маркс пен Ф. Энгельс. Олар саясатты өз алдына ғылым етіп жазған жоқ. Қоғамдық ғылымдардың барлығын объективті заңдылықты зерттейтін салалар деп есептеді және соның негізінде саясат туралы ұғым қалыптастырды. Қоғамдық ғылымдардың барлырын саясаттандырды. В. И. Ленин де осы көзқарасты ұстанды. Коммунистік партия мен Кеңес мемлекеті, мүндағы мемлекеттік қайраткерлер, қоғамдық ғылымдардың өкілдері саясатты осы тұрғыдан өзгерткен жоқ. Сөйтіп біздің елімізде саясат өз алдына пән болмады.
Ал саясат мәселесімен барлық топтар, партиялар айналысты. Олардың барлығы да саясатты өз тұрғысынан қарады. Әсіресе саясат туралы еңбектер, кітаптар буржуазиялық елдерде көп шығарылды. Олар саясатты өз алдына ғылым, пән етіп бөліп шығарды, саясаттың ғылыми категорияларьш, салаларын, әдістерін зерттеуде көп үлес қосты. Саясаттанудың пайда болуы 1860 жылы Джон В. Берджесстің бастауымен Нью-Йорктағы Қолумбия университетінде саясаттану факультетінің ашылуынан басталады деп есептейді. Кейбіреулер оны 1903 жылы саяси ғылымның Америка қауымдастығының құрылуынан бастайды. Қалай дегенмен де, саясаттану ғылымының пайда болғанына жүз жылдан асты.
XIX ғасырдың аяқ шенінде саясаттану өз алдына пән болып бөлінгеннен бастап, оның іргелі заңдары, құрылымдары белгіленді. Ол көбіне тарихи, заң шығарушылық құжаттарға және жазба құжаттарға сүйенді. Зерттеулер көбіне басқарудың парламенттік жүйесі, президенттік билік, Қонституция мен статустар бағытында жүргізілді. Саясаттану негізінен Америка Құрама Штаттарында дамыған.
Біріккен Ұлттар Ұйымының білім, ғылым және мәдениет жөніндегі ұйымы (ЮНЕСКО) 1948 жылы өзіне мүше елдердің жоғары оқу орындарына пән ретінде саясаттануды енгізуді ұсынды. 1949 жылы саяси ғылымның халықаралық қауымдастығы, кейін әрбір елдің саяси ғылым қауымдастығы құрылды.
Біздің елімізде саяси ғылымның Қеңес қауымдастығы 1955 жылы пайда болды. Ол орталығы Париждегі саяси ғылымдардың халықаралық қауымдастығына қосылды. Ал 1973 жылдан бастап әр жылдық кітап шығарыла бастады, Біздің елімізде алғашқы саясаттану кафедрасы 1989 жылы ашылды. 1990 жылы «политолог» деген мамандық енгізілді.
Сөйтіп саясат мүдде мен қызметтің объектісі мен мазмүнына айналған сайын оның мәнін, заңдылықтары мен іс-әрекетін анықтауға қажеттілік күшейе берді. Ол танымдық қызметтің объектісіне айнала бастады, соның нәтижесінде қоғамдық өмірдін саяси өрісін зерт тейтін арнаулы білім жүйесі қалыптасты.
Саясаттану тарих, юриспруденция және саяси экономика ғылымдарымен тығыз байланысты дамиды. Саясаттану пәніне жататын ұғымдар: қоғамның саяси жүйесінің принциптері; оның құралдары болып табылатын - мемлекет, саяси партиялар, қоғамдық ұйымдардың рөлі мен арақатынастары; мемлекеттік саясатты жасау және оны жүзеге асыру; қоғамдық-саяси қатынастарды реттеу; демократия түсінігіне байланысты проблемалар. Саясаттану пәніне жататын мәселелер: саяси мүдделер, адамдардың көзқарастары мен өзара қатынастарының, саяси өкіметтің қалыптасуы, дамуы және өзгеріп отыруының объективтік заңдылықтары, саясат пен саяси қызметтің, саяси істердің көріну жағдайлары.
Саясаттану өрісіне мемлекеттердің сыртқы саясаты, халықаралық шеңбердегі әр түрлі саяси күштердің өзара байланысы және күресі, халықаралық қатынастар жатады. Саясаттану саяси ғылым болғандықтан оның таптық, партиялық сипаты бар.
Саяси ғылымның маңызды проблемаларына жататын күрделі мәселелер: саясаттың мәні мен мазмұны; оның белгілері, негізі, принциптері; өмірдің негізгі салаларындағы басты мақсаттар мен міндеттер, олардың заңдылықтары, саясаттың әр түрлі бағыттарындағы өзара қимыл-жарысының, өзара байланысының заңдылықтары, қозғаушы күштері мен орындалу тетігі: қоғам мүшелерінің саясаты мен қоғамдық саяси қызметінің рөлі, осы күні өмір сүріп отырған мемлекеттер, партиялар, әлеуметтік топтық күштер саясаттарының ғылыми сипаттамасы.
Біздің еліміздің саяси өміріндегі жаңалықтар: саяси пікір сан алуандығыньщ тууы және дамуы, биресми ұйымдардың пайда болып, саясатқа араласуы және олардьщ саяси қозғалыстар мен партияларға айналуы, көппартиялық жүйенің қалыптасуы. Бұл партиялар «кімет үшін, бұқара үшін күресте бір-бірімен қызметтес, талас, қарама-қарсылық жағдайларда болып отыр. Сондықтан саясаттану көппартиялық жүйені зерттеуді күрделі мәселелердің бірі деп есептейді.
Саясаттану қоғамдық ғылымдардың ешқайсысын жатсынбайды және олардың ешқайсысының орнын . ауыстырмайды. Оның зерттейтіні саясат, мемлекеттер, партиялар, топтар, бұқаралар, жеке адамдардың ерек-шв; төтенше және күрделі саяси қызметіне байланысты заңдылықтар. Саясаттану үшін кажетті шарт және ке-пілдік жағдай - саяси теория. Тек қана анық дерек-тер, ғылыми әдістемелік талдау, одан әрі дамудың бол-жамьш жасау негізінде ғана саясаттану ғылым есебін-де қалыптасьш, өзін көрсете алады.
Нақтылы өмірді, оның заңдары мен қозғаушы күш-терінің ұлы, мәңгілік мақсатын білуге қызмет ету, адам ақылының, адамның және бүкіл адамзаттың қам-қарекетін ашатын жасампаздық, еркін, батыл филосо-фиялық ойлар саясаттанудың жарқын жолы болып табылады. Саясаттану қызметті таңдауға, қиындықтар-ды, қателіктерді көрсетуге және соның нәтижесінде ұзақ мерзімді болжам жаоауға, саяси міндеттерді анықтауға мұмкіндік береді.
Батыс үшін көптен бері белгілі, біз үшін жаңа нәр-се саясаттану ғылымы басқа да көптеген қоғамдық және гуманитарлық ғылымдармен тығыз байланысты. Ең алдымен тарихты алайық. Ол таптар пайда болған-нан бастап өмір сұріп келе жатқан адам қоғамы - тап, партия, қоғамдық қозғалыстардың, ұлт, дін т. б. талас-тарының, антагонистік және антагонистік емес кайшы-лықтардың тарихы. Олардың арасындағы бітіспес қақтығыстарда саяси әдістер көбейді, тәжірибе жинақ-талды, оны қорытындылайтын қайраткерлер де шықты. Сонымен, тарих елдің өмірін баяндайтын болса, сая-саттану тәжірибелердін, деректері болып табылады. Сая-саттану ғылымы жеке пән бола бастағаннан бері өзінен бұрынғы тарихтағы саяси қайраткерлердің де пікірімен санасып келеді. Бірақ осы күнге дейін саясаттанудың оқулығы да, оның тарихы да бір жүйеге келтіріліп жа-зылмаған. Дүние жүзі елдерінің бәрінде саясаттанудан жеке мақалалар немесе еңбектер бар десек Қазақстан-да саяси ой тарихын зерттеу ен, артта қалған сала . бо-лып отыр.
Философия ғылымынын, оның материалистік диа-лектикасының саясаттану ғылымы үшін мадызы өте зор. Ең алдымен филбсофия барлық ғылымдар үшін, сонымен қатар саясаттану үшін методологиялық ғы-лым болып табылады. Өйткені саясаттанудың заңды-лықтары материалистік теорияның заңдылықтарына сүйенеді.
Ғылым, әдебиет, өнер салаларынан дерек алу, олар дың жетістіктерін саяси тұрғыдан талдау, зерттеу йе гізінде мемлекеттің мәдениет саласьшдағы саясатьп анықтау және болжамдау саясаттану ғылымының сы бағасына тиісті. Саясаттану ғылымы социологиямеі өте тығыз байланысты. Елімізде қазір ғылымның саяеі социология деген жаңа саласы көрініс беруде, ал ше-елдерде ол дербес пәнге де айналған.
Саясаттану атқаратын қызмет түрлері:
Баяндаушылық. Саясаттану өмірде болған іст баяндап, оның мән-мағынасын ашып көрсетеді. Бү; саясаттанудың бірінші қадамы.
Түсіндірушілік. Орын алған оқиғаның себептеріі талдап түсіндіреді.
Болжаушылық. Болған істі қорытындылай келіп келешекте не болатынын болжайды. Мұны ғылыми не гізде жургізеді. Егер де футурология пәні орта мерзім ге, яғни 30 жылға болжайды және көбінесе дұрыс кел< бермейді десек, саясаттану аз мерзімге дұрыс болжал жасайды.
Инструменталдық. Істің нәтижелі болуы үшін жүр гізілетін іс-әрекетті көрсетеді.
Бихевиористік әдіс. Адамдардың және топтардь» мінез-қүлқын зерттеу. Мінез-құлық психологиялық се зімге, көңіл күйіне, ерікке байланысты. Оны байқау эксперимент, анкета, сұхбат, құжаттарды талдау аркы лы жүргізіледі.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz