Сауд Арабиясы Корольдігі


Сауд Арабиясы Корольдігі аймақтың қуатты қаржылық және экономикалық әлеуеті бар аса дамыған елдерінің қатарына жатады. Ел экономикасының негізін мұнай өнеркәсібі құрайды. Корольдіктің әлемдегі ірі мұнай ресурстарын иеленуші және сыртқа шығарушы ретіндегі мәртебесін ескерсек, бұл табиғи нәрсе.
Сауд Аравиясының жағдайына оның аумағында мұсылман-дардың ең басты қасиетті орындары Мекке мен Мединаның болуы айрықша сипат береді. Осы маңызды жағдай Сауд сыртқы саясатының негізгі қағидаттарын айқындауда, ол бүкіл әлемде исламды қолдауға және мұсылман мемлекеттеріне көмек көрсетіп, демеуге бағытталған. Эр-Рияд Парсы шығанағы аймағында саяси, экономикалық және идеологиялық орталық болып қала отырып, елдегі саяси режимді қайткенде де сақтап қалуға ұмтылады.
Елдің сыртқы саясатында ислам құндылықтарын насихаттауға және қорғауға Араб және Ислам мемлекеттерінің ынтымақтастығын нығайтуға басымдық беріледі. Діни және этни-калық қағидаттарға негізделген аймақтағы ықпалды саяси және қаржы мекемелері: Ислам конференциясы ұйымы, Ислам Даму Банкі, Парсы шығанағы араб мемлекеттерінің ынтымақтастық кеңесі және басқаларды құруда нақ Корольдік шешуші рөл атқарғанын атап ету керек.
Қазақстан - Сауд ресми қатынастары өз бастауын 1992 жылдан алады. Экономика саласындағы байланыстар бір мезгілде басталды, алайда олар ірі жетістіктерге жеткізе қойған жоқ. 1993 жылы желтоқсанда Қазақстанға бірлескен жобаларды қаржыландыруға байланысты келешекті алдын ала зерттеу тұрғысында Сауд Даму қорының миссиясы келді.
Президент Н. Назарбаевтың Корольдікке сапары (1994 жылғы 25- 28 қыркүйек) Қазақстанның тек Сауд Аравиясымен ғана емес, Парсы шығанағындағы басқа да араб княздіктерімен қатынастарда қағидатты жаңа кезеңді бастап берді.
Қазақстан басшысының екі Қасиеттің Сақтаушысы Король Фахд Бен Абдел Әзизбен кездесуі болды, ол рухы жөнінен жақын екі халық арасында тарихи байланыстардың қалпына келтірілгендігіне айрықша қанағаттанғандық білдірді. Сауд монархы Қазақстанның өз тәуелсіздігін жариялағаны туралы хабарды мұсылман қоғамдастығы зор ынтамен қабыл алғанын атап айтты.
Екі басшы өзекті аймақтық проблемаларды шешуді талқылау және іздестіру жөнінде тығыз саяси байланыстар жасауды қолдады. Президент Н. Назарбаев пен Король Фахд Таяу Шығыстағы көп жылдан келе жатқан жанжалды шешудің бірден-бір жолы осында бейбіт процесс орнатуды қолдайтындықтарын мәлімдеді. Таяу Шығыс проблемасын шешудің сөзсіз шарты Палестина халқына тәуелсіз мемлекет құрудағы заңды құқықтарын беру болуға тиіс. Тараптар Орталық Азияда орнықты дамудың маңызды алғы шарттары ретінде осы аймақта қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз етуге қатысты проблемаларға айрықша көңіл бөлді.
Жоғары дәрежелі келіссездердің қорытындылары бойынша сауда-экономикалық, инвестициялық техникалық және мәдени салалардағы ынтымақтастық туралы бас келісімге, сондай-ақ спорт және жастар ісі саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды. Эр-Рияд Корольдік іскер топтарының Қазақстанмен мұнай секторын, ауыл шаруашылығын, коммуникацияларды дамытуды, сауда мен қаржыны қоса алғанда, экономиканың түрлі салаларында белсенді байланыстарды жолға қоюын барынша қолдауға әзірлігін білдірді. Қазіргі кезде Сауд бизнесі Қазақстан экономикасына "Даббах Групп", "Таиб банк", Сауд инвестиция компаниясы сияқты және басқа да компаниялардың қызметімен тартылып отыр.
Дәулеті 750 млрд. доллар бағаланатын 80 мыңнан астам миллионер өмір сүретін бұл елдің инвестициялық әлеуеті ай-тарлықтай елеулі.
Сауд топтары Қазақстанда Астананы салуды қоса алғанда, инфрақұрылымдық жобаларға үлкен ықылас білдіруде. Королдік өкілдері Қазақстан астанасының бас жоспарын әзірлеуге қатысты, көп ұзамай қалада осы мемлекеттік қаражатына салынған ғимараттар бой көтеретін болады. 2000 жылғы 2 қарашада Сауд Арабиясының Қорғаныс және авиация министрі ханзада Сұлтан Бен Абдел Әзиздің сапары барысында Парламент Сенатының жаңа ғимараттарының алғашқы іргетасын қалау болды, Королдік оны салуға 15 млн АҚШ доллар мөлшерінде өтемсіз көмек бөлді. Сауд Даму қорының қаражатына (12 млн АҚШ доллар мөлшерінде жеңілдетілген кредит) Астана - Қарағанды автомобиль жолының құрылысы жүргізілуде. Алматы қаласында Кардиология орталығының да құрылысы басталып кетті.
Екі жақты қатынастарда жинақталған оң тәжірибелерге қарамастан Қазақстан - Сауд ынтымақтастығының әлеуеті толық іске асырыла қойған жоқ. Бұл процесті тежеп отырған себептердің арасында кейінгі уақытта екі елдің сыртұы экономикалық белсенділігінің жалпы төмендеуін бөліп айтуға болар еді, бұл екі мемлекетті жалғастырып жатқан тікелей көлік дәліздерінің болмауы сияқты ішкі сипаттағы себептерге байланысты.
Қазақстанның араб Мағрибы (араб дүниесінің батыс бөлігі) және Парсы шығанағы мемлекеттерімен қатынастарының серпінді дамуы қалыптасты. Кейінгі жылдар саяси деңгейде және біздің еліміздің осы мемлекеттердің инвестициялық мүмкіндіктерін жандандыруда барған сайын нығайып келе жатқан өзара іс-қимылмен өтті.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz