Билік ұғымы және ол туралы тұжырымдамалар. Ақпарат күралдары



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
САЯСИ БИЛІК

Билік ұғымы және ол туралы тұжырымдамалар

Саясатгануда саяси билік теориясы негізгі орын алады. Ол саясатпен
тығыз байланысты және саясаттың, саяси институттар мен барлық саясат
әлемінін мәнін түсініп-білуге мүмкіндік береді. Себебі, саясаттың негізгі
мәселесі—билік, ал мазмұны — билік үшін күрес және билікті жүргізу.
Шығыстың көрнекті ойшылы Ибн-Халдун (1332—1406) адамның басқа жан-
жануарлардан ерекшелігі — ол билік үшін күреседі деген екен.
Ағлшынның ең ірі фәлсафашыларының бірі, қоғам кайраткері болған
Бертран Рассел (1872—1970) физикада басты ұғым энергия болса, қоғамдық
ғылымдарда негізгі ұғым билік болып табылады деп дұрыс айтқан. Ал
Американың әйгілі әлеуметтанушысы Талкотт Парсонс (1902—1979) экономикалық
жүйеде акша каңдай орын алса, саяси жүйеде билік те соншалықты орын алады
деген. Сондықтан бұл курстағы баска тақырыштардың бәрі билікке байланысты
келеді.
Билік жөнінде ғалымдар арасында әр түрлі анықтамалар мен
тұжырымдамалар бар. Солардың негізгілеріне қысқаша тоқтала кетейік.
1.Телеологиялық, анықтама билікті белгілі бір мақсатқа,белгілеген
нетижеге, қорытындыға жету мүмкіндігі деп түсіндіреді. Мысалы, ағылшын
фәлсафашысы Т. Гоббс (1588—1679) билік болашақта игілікке жетудің құралы
және өмірдің өзі өле-өлгенше билік үшін үздіксіз ұмтылыс деп жазды.
2.Бихевиористіік анықтама бойынша билік деп баска адамдардың жүріс-
тұрысын, өзін-өзі ұстауын өзгерту мүмкіндігіне негізделген іс- әрекеттің
ерекше түрі.
3.Инструменталистік аныктама билікті белгілі бір құралдарды,
амалдарды (зорлық-зомбьшық, күштеу сиякты шараларды) пайдалану, колдану
мүмкіндігі деп біледі. Мәселен, Америаньщ белгілі саясаттанушысы Р. Даль
(1915жылы туған) билік бірад амға екінші адамды өз еркімен жасамайтын іс-
әрекетті жасауға мәжбүр ету мүмкіңдігін береді дейді.
4.Структуралистік анықтама билікті басқарушы мен бағынушының
арасындағы қатынастың ерекше түрі деп ұғады. Олар
кейбір адамдарды туғанынан, табиғатынан әміршіл, баскарғысы келіп тұратын
болады, ал басқалары көнбіс, көнгіш, басқа біреу өз ырқын билеп, басқарып,
жол көрсетіп тұрғанын ұнатады,
қалайды дейді. Солардың арасында, олардың ойынша, билік
катынастары туады.
5.Конфликтілік анықтама билікті дау-жанжал жағдайында
игілікті бөлуді реттейтін мүмкіндік, шиеленісті шешудің кұралы
деп түсіндіреді.
6.Біразғалымдар билікті кең мағынасында басқаларға тигізілетін жалпы
ықпал ретінде қарайды.
7.П. Моррис, А. Гидденс сияқтылар, жоғарыдағы көзқараспен келіспей,
билікті біреуге немесе бірдеңеге тигізетін жәй ғана
ықпал, әсер емес, оларды өзгертуге бағытталған іс-әрекет дейді.
8. Америка саясаттанушылары Г. Лассуэлл мен А. Каплан
"Билік және қоғам" деген кітабында билікті шешім қабылдауға
қатысу мүмкіндігі ретінде сипаттайды.
Сонымен, біз билік туралы ғалымдардың арасында ортақ пікір, анықтама
жоқ екенін байқадық. Батыстың әлеуметтанушысы Р. Мартин билік махаббат
сияқты, күнделікті тілімізде жиі пайдаланылады, іштей сезіледі, бірақ сирек
анықталады деп бекер айтпаған. Оның себебі, француздың саясаттанушысы Ж. К.
Шевалье айтқандай, адамдарды биліктің жалпы ұғымының айналасындағы айтыс-
тартыстан гөрі нақтылы, шын мәніндегі биліктін өзі көбірек ойландырған,
магнитше тартқан.
Дегенмен, ғылым болғандықтан анықтама беріледі. Мысалы, "Философиялық
энциклопедиялық сөздікте" билік туралы былай делінген: "Сөздің жалпы
мағынасында билік өз еркінді жүзеге асыруға қабілеттілік пен мүмкіндік,
адамдардың жүріс-тұрысы, іс-әрекетіне қайсыбір амал-әдістер — бедел, құқық,
күштеу арқылы шешуші ықпал жасау" ("Философский энциклопедический словарь".
М., 1983, 85-бет). Біздіңше, билік деп біреудің екіншілерге әмірін
жүргізіп, олардың іс-әрекеті, қызметіне ықпал етуін айтады.
Билік адамзат қоғамымен бірге пайда болады және оның даму барысында
бола бермек. Ол ең аддымен қоғамдық өндірісті ұйымдастыру үшін керек. Онсыз
барлық қатысушы адамдарды біртұтас ерікке бағындыру қиын. Билік адамдар
арасындағы қарым-катынастарды, адамдар, қоғам және мемлекеттік саяси
институттар арасындағы қатынастарды реттеуге міндетті. Ол қоғамның
тұтастығы мен бірлігін қолдау үшін керек.
Алғашқы қауымдық қоғамда билік қоғамдық сипатта болды. Ол кезде
билікті қауым бастығын сайлайтын ру-ру мен тайпалардың барлық мүшелері
бірігіп іске асыратын. Әлеуметтік бөлшектену өрістеп, мемлекеттің пайда
болуына байланысты ру басшыларының адамгершілік беделі төмендеп, оның
орнына ақесүйектер билігінің беделі ұлғайды. Биліктің аппараты дүниеге
келді, адамдарды еркінен тыс, ықтиярсыз еркіне көндірген мекемелер пайда
болды. Олар мемлекет ретінде қоғамнан дараланып, оқшауланып, оның үстінен
қарайтын органға айналды. Құлдық қоғамда саясат, саяси билік пайда болды.
Сондықтан саяси биліктің пайда болуын қазіргі саясаттануда мемлекеттің
пайда болуымен байланыстырады.
Әдетте, "билік" деген сөз әр түрлі мағынада қолданылады. Оны ықпал ету
бағытына, объектісіне байланысты былай етіп бөледі: ата-аналар билігі,
мемлекеттік, экономикалық, саяси, әлеуметтік, құқыктық, әскери, рухани
билік және т.т. Бірақ биліктің толық мағынасы мемлекеттік-саяси салада ғана
айқындалады. Сондыктан саяси билік биліктің ең басты түріне жатады.
Биліктің баска түрлерімен салыстарғанда саяси биліктің мы-
надайерекшеліктерібар: оныңөктемдіксипаты (ол баскабилік-терден жоғары
тұрады, оның шешімдерін қалғандары орындай-ды), оның бүкіл қоғамның атынан
билік жүргізуі, басқарумен кәсіби айналысатын адамдардын ерекше тобының
болуы, оның кепшілік адандардың мүддесін козғауы, баска мекемелерге
Караганда билік органдарының тәуелсіздігі, қоғам өмірінін. жұмыс тәртібін
белгілеуде жеке-дара күкығы, мемлекет шең-берінде ашык күш қолдана алуы
және т.б.
Саяси билік бар жерде теңсіздік бар. Мүнда біреулер билік етуге
қүқыкты да, екіншілері оларға бағынуға міндетті. Бұл теңсіздік неден туады?
Ол үшш саяси биліктің карамағында теңсіздікті камтамасыз ететін әдіс-
кұралдары бар. Оған жататын-дар:
1. Экономикалық қор. Қандай саяси билік болмасын оған қаржы-каражат
керек. Мысалы, сайлау науқанын өткізу үшін ондаған миллион акта жұмсалады.
Мемлекет тарапынан белінген қаражат жетіспегеңдіктен шет елдерде үміткерлер
жеке бай адамдардың, бірлестіктердің кемегіне сүйенеді. Билеуші аппаратты
үстау үшін каншама каржы кетеді. Оның үстіне, әдет-те, билік басына келген
топ өзінің экономикалык бағдарлама-сымен келеді. Мысалы, АҚШ-тың көрнекті
президенттері: Ф. Рузвельт "Жаңа бағыт", Дж. Кеннеди "Жаңашел", Л. Джонсон
"Кедейлікке қарсы соғыс" және т.с.с. бағдарламаларды алға тартқан. Оларды
жүзеге асыруға қыруар акша іздестіруге тура келеді.
Экономикалык қорға коғамдық өндіріс пен түтынуға керек баска да
материалдық күндылыктар, құнарлы, шұратілы жерлер, пайдалы казба байлықтары
жәме т.б. кіреді.
Әлеуметтік әдіс-құралдар. Үстемдік етіп отырған билік өзж
қолддйтын, оның одан әрі өмір сүруіне мүдделі адамдар іздейді.
Ондай рөлді ең алдымен оның мәртебелі, абыройлы, жалакысы
мол қызметтерді атқаратын, көптеген жеңілдіқтермен пайдали-
натын кызметкерлері орындайды. Қазіргі Батые елдерінде
үстемдік етіп отырған саяси билікті сақтауға халықтын көпшілігі
мүдделі. Себебі, оларда орта деңгейде тұратын адамдар көп, сая
си билік басына келгендер соларға арқа сүйейді. көпшілікті
мұқтаждык жағдайға жібермейді, елдерінде әлеуметтік
әділетгілік, халықты сактандыру кең дамыған. Мысалы, зейнет-
кер жұмыс істеп жүргенде алған жалақысының 90%-ке дейіні ісін
ала алады, неше түрлі кайырымдылык қорлары жұмыс істейді
жәнет.с.с.
Күш жұмсау құралдары. Олар мемлекетті қорғайды, ішкі
тәртіпті сактайды, саяси билікті құлатуға әрекет жасаушыларға
мүмкіндік бермейді. Оған жататындар: әскер, полиция,
қауіпсіздік органдары, сот, прокуратура және т.т. Тарихи тәжіри-
беге сүйенсек, саяси билік оларды өз максаттарына әсіресе эко-
номикалык және саяси дағдарыстар кезінде жиі пайдаланады.
Оның арнайы дайындалған адамдары болады.
Ақпарат күралдары. Қоғамдык пікіртудырып, саяси өміргс
ықпал ету жағынан оны төртінші билік деп те атайды. Кейбір
саяси кайраткерлер кім теледидарды бақыласа, сол бүкіл елді
бақылай алады деп санайды. Шынында да, олардын
мүмкіншіліктері мол. Әсіресе, әрбір үйде радио, теледидар бар
кезде адамдар өз елдеріңдегі жағдайды ғана емес, дүние жүзінде
не болып, не қойып жатқанын көріп-біліп отырады. Ақпарат
күрадцарының маңызы шын мәнінде сөз, бастіасөз бостандығы
берілғен, оппозициялық партиялар бар елдерде арта түседі.
Ақпарат құралдарымен катар билікті жүрғізуде информа-
циялық қордын да маңызы зор. Білім мен ғылыми мағлұматты
алу, оларды тарату бүгінгі танда алдыңғы қатарлы орындарға
шығуда. Кейбір ғалымдардын (жапондықтардың) айтуынша,
информация кімнің қолында болса, XXI ғасырда билік сонын
қолыңда болады дейді.
Саяси билік әлеуметтік институттар арқылы жұмыс істейді. Ол үйымдар,
мекемелер, техникалық, информациялык, адамдық жәйттар, қоғамдық
қатынастарды ұйымдастыру мен реттеуді қамтамасыз ететін ережелер арқылы
іске асады.
Биліқтің қайнар көзі, бастауына бедел, күш, байлық, заң, адамның
қоғамдағы алатын орны, үйым, мүдде, білім және ха-барлама мәліметтер
(информация) жатады.
Билікті жүзеғе асырғанда құқық, бедел, сендіру, әдет-ғұрып, дәстүр,
амал-айла, кулык, күштеу, зорлау, еріксіз көндіру сияқ-ты әдіс-амалдар
пайдаланылады. Оны жүзеғе асырудың түрлері не үстемдік жүргізу, басшылық
ету, үйлестіру, ұйымдастыру, бақы-лау жатады.

Биліктің қызметтері мен жіктелуі

Саяси биліктің езіндік кызметгері болады. Оған жататындар: коғамның
саяси жүйесін калыптастыру; өның саяси емірін ұйымдастыру (ол мемлекет пен
коғам, таптар мен топтар, ассоциа-циялар, саяси институттар, мемлекетгік
басқару органдары мен аппараттары, партиялар, азаматтар және т. б.
арасындағы каты-настарды камтиды); эр түрлі деңгейдегі қоғам мен
мемлекеттің істерін баскару; екімет органдары, саяси емес процестерге
басшылық жасау; саяси және баска қатынастарды бақылау және түптеп келгенде,
белгілі бір коғамға сәйкес басқарудын, түрін, саяси тәртіпті және
мемлекетгік құрылысты (монархиялық, рес-публикалық), ашықне жабық (басқа
мемлекеттерден оқшаула-нып, коршауланып алған, автаркиялық) коғамды кұру,
қоғам-дықтәртіп пен түрактылыкты қолдау; дау-дамай, шиеленістерді ашып,
оларға шек кою және дер кезінде шешу; қоғамдық келісім-ге, мәмілеге келу
және т. б.
Қоғамда билік өзара тығыз байланыстағы 3 деңгейде ұйымдас-тырылып,
жұмыс істейді: 1):жоғары орталық саяси институттар, мемлекеттік мекемелер
мен ұйымдар, саяси партиялар мен қоғамдық ,ұйымдарды басқару органдары
кіретін өте ірі денгей; 2) орта буынды аппараттар мен мекемелерді қамтитын
және аймақтық, облыстык, аудандык шеңбердегі жергілікті әкімшілік билік (эр
түрлі мекемелер, агенттіктер, комиссиялар, кенестер, префектуралар және т.
б. мекемелер) кіретін орта деңгей; 3) адам-дар, кішігірім топтар, ұйымдар,
одақтар, өндіріс және басқа ұжымдар арасындағы қоғамдық қатынастардың
негізі, арқауы болып табылатын, саяси және қоғамдық өзін-өзі басқару өрісін
құрайтын кіші деңгей.
Биліқ мәселесін карастырғанда саяси биліктің "субъектісі" және "иелік
етуші" деген ұғымдарға назар аударуға тура келеді.
Субъект деп іс-әрекетті жасаушы, объекті өзгертуші жеке адам,
әлеуметгіқ топ, тап, партия, мемлеқетті айтады. Саяси билікті жүзеге асыру
үшін арнайы ұйымдар мен мекемелер құры-лып, субъект оларға өкілдіқ береді.
Олар билікті қолданушы, қорғаушы, "иелік етуші" болып есептеледі. Басқа
сөзбен айтқан-да, субъект билікті "иелік етушілер" арқылы жүргізеді. Сондық-
тан мұны түсінбейтін адамдар билікке "иелік етушілерді" биліктің өзімен
шатастырады немесе "иелік етушілерді" билік субъектісінен тәуелсіз деп
санайды. Мысалы, мұндай адамдар кез келген шенеунікті, үйым немесе
мекеменің, саяси, әкімшілік,
Шстыктарын билік иесі дел ұғады. Олардың іс
шағым арыз беруге болмайтын сияқть
керінеді. Мұвдай тусінік субъекті енжарлыққа, керенаулыкк;
өкеліп соктырады, биліктен шетгетіледі. Олар өз тағдырын бед
сенді түрде өзі шешетін мүмкінішлігіне сенімі азаады.
Биліктің субъектісіне жеқе адам немеее партиялар, ұйымда[ жөне т. б.
жатады деда:, Бірак олар бәрі бірдей билік жүргіз алмайды. Соңцықган
мұвдай құкык адамдардың, ұжымдардың партиялардыі^ Іаптардың, топтардың
белгілі бір бөлігіне ғанг беріледі. Будан келіп билік етуге сенім білдіру
мөселесі туады.
Демократиялық саяси жүйе ойдағыдай өз ісін аткаруы үшін, әдетге,
мемлекетгік билікті заң шығарушы, атқарушы, сот билігі етіп үш тармакка
бөледі. Оның негізін салушы ағылшын ойшы-лы Джон Локк (1632—1704) пен
француз ғалымы Ш. Л. Монтескье (1689—1753) болды.
Заң шыгарушы билік (парламент) заң шығарумен, оны бекі-ту, өзгерту
немеее жоюмен айналысады. Ол заң қабылдайды, салық салуды анықтайды,
үкіметгі тағайындайды, бюджетті бекі-теді, соғыс ашып және армияны
камтамасыз етеді, сауданы рет-тейді, сотты үйымдастырады, халықаралық
келісім-шарттарды кабылдайды, саясаттың манызды ішкі және сыртқы бағытын
айқындайды. Онын жұмысына конституция атынан ерекіпе ор-гандар
(конституциялық кадағалау, конституциялык сот) бакы-лау жасайды.
Атқарушы билікке үкімет пен әкімшілік жатады. Оларды заң шығарушы
өкілдік органдар қалыптастырады. Атқарушы билік заң шығарушы биліктің
бақылауыңда болып, олардың алдында есеп береді. Оның жұмысы заңға
негізделіп, заң шеңберінде іс істеуі керек. Сыртгай қарағанда ол заң
шығарушы билікке тә-уелді. Бірақ іс жүзінде ол ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Саяси билік: ұғымы және құрылымы
Билік ұғымы
Билік ұғымы туралы түсінік
Саяси билік туралы түсінік
Әкімшілік процесте
Саяси мәдениеттің қазіргі қоғамдағы орны
Маркетингтің теориясы және тұжырымдамалары жайлы
Саяси ойдың даму кезеңдері
Саяси билік және оның мәні
САЯСАТТАНУ ПӘНІНІҢ ТИПТІК БАҒДАРЛАМАСЫ
Пәндер