САЯСИ ПРОЦЕСС ЖӘНЕ САЯСИ БЕЙІМДЕЛУ



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
САЯСИ ПРОЦЕСС ЖӘНЕ САЯСИ БЕЙІМДЕЛУ
Саяси процесс туралы ұғым
Саяси процесс ұғымы кең және тар мағынасында қолданы-лады. Кең
мағынасында ол қоғамның саяси жүйесінің уақыт пен кеңістікте дамып, жұмыс
істеуін білдіреді. Тар мағынасын-да түпкілікті нақты нәтижеге жеткен
белгілі бір көлемдегі процесті көрсетеді. Мысалы, қайсыбір партия не
козғалыстың қалыптасуы, сайлаудың өткізілуі, басқарудың жаңа құрылы-мының
дүниеге келуі және т. с. с.
Қоғамдық өмір, оның ішінде саяси сала — өте күрделі қүбы-лыс. Онда
өмір сүріп жатқан топтардың, жіктердің, ұйымдар-дың мақсат-мұдцелері кейде
кабысып, кейде келіспей, шырма-лып жатады. Соған орай күн сайын көптеген
өзгерістер болып, бір саяси нұсқаулар дүниеге келіп, екіншілері өз күшін
сақтап, үшіншілері өшіп дегендей, өзгеріп жататыны белгілі. Осындай саяси
жүйенің бір қалыпты жагдайдан екінші жагдайга келіп, ауысуын, өзгеруін,
қозгалысын саяси процесс дейді. Бұл процесс саяси деп аталғандықтан ондағы
өзгерістер ең алдымен билікке, оны бөлу және қайта бөлуге, азаматтарды
шешім кабылдауға, басқарушылардың қызметін бақылауға және т. с. с. жұмылды-
руға, халықтың саяси белсенділігін арттыруға байланысты бо-лады. Сондықтан
саяси процестің басты мәселесі, азаматтар-дың әр түрлі мүдцелерін
біріктіріп, жинақтайтын саяси шешім қабылдауда және оны іске асыруда.
Жалпыұжымдықмақсат-мұратты анықгауға, қалыптастыруға ресми органдар,
билік институттары, кәсіподақтар, бейресми ұйымдар, ақпарат қүралдары және
т. б. кдтысады. Бірақ мұнда басты рөлді жоғарғы мемлекеттік билік
институтгары атқарады. Себебі, саяси шешімдерді қабылдап, іске асыратын
негізгі тетік солар. Биліктің шоғырлану дәрежесі, саяси дамудың мақсат-
мұратын айқындауға қатысатын топтардьщ арасындағы өкілеттілікті бөлу
мәселелері олардың іс-әрекетіне байланыс-ты. Саяси субъектілердің өзара
қатынастары, саяси өзгерістердің екпіні, т. т. да солардың іс-қимылдарымен
айқындалады.
Үсақ саяси қарарлар күн сайын шығып жатады десе де бо-лады. Ал
көпшілік жұртты қамтитын ірі саяси шешімдер, құжат-тар (Конституция
қабылдау, сайлау, референдум өткізу сияқ-ты) қоғам өмірінде сирек
кездеседі. Оларды дайындауға, өткізуге көптеген адамдар тартылып, үлкен
оқиғаға, саяси белеске ай-налады. Сондықтан саяси процесс белес-белес,
циклмен дами-ды десе де болады. Ондай мәселелерді көбіне билік институтта-
ры іске асырады. Демократиялык, елдерде саяси процесс әдетте сайлау цикліне
байланысты қалыптасады. Бұрынғы Кеңес өкіметінде СОКП-ның съездері бүкіл
саяси жұмыска ырғақ беріп, цикл содан басталатын.
Саяси процесті ұйымдастыру түпкі ой, ниет, идеядан баста-лады. Кейін
оны атқарушы субъект (үкімет, саяси серке т. т.) процестің теориясын немесе
тұғырнамасын жасайды. Мүнда ең алдымен мақсат тандалады. Максат түпкілікті
мұрат ретінде және жақын арада нақтылы нәтиже берерлік, жетістікке
жеткізерлік болуы мүмкін. Осыған орай саяси процесті орын-дау, жүзеге
асырудың құралдары, тәсілдері қарастырылады. Қанша уақыттың көлеміңде іске
асыруға болады, қанша адам, кімдер қатынасады т. т. ойластырылады.
Орындаушылардың алға қойған талаптарына жауап бере алуымен қатар, олардың
жеткілікті қаржылары болуы керек. Саяси процестің әрбір кезеңі бақайшағына
дейін мұқият тексерілгенінде ғана табыс-ты болады.
Саяси процесс — күрделі құбылыс. Ол күнделікті өзгеріс-терден бастап,
қоғамның саяси жүйесінің түбегейлі өзгерісіне дейінгі аралықты камтиды.
Саяси жүйені тұтас алсақ, оның даму процесін төрт сатыға, кезеңге
бөлуге болады.
1. Саяси жүйені конституциялық түрғыдан айқындау. Ескі саяси жүйенің
орнына жаңасы келгенде, ол бұрынғы мемле-кеттік билікті ауыстыруы немесе
оған дейінгі саяси-құқықтық құрылымдарды жаңарған жағдайға бейімдеуі
мүмкін. Егер көпшілік жүрт жаңа жүйені мойындап, қолдаса, оның легитимді
болғанын білдіреді. Мұндайда саяси жүйе өзін-өзі қалпына келтіретін
жағдайға жетеді.
2. Саяси жүйенің өзін-өзі жаңартуы. Бұл да күрделі құбылыс. Жеңіске
жеткен жүйе, бір жағынан, ескінің орныккан элементтерін, ұйымдарын қайта
жұмыс істетеді, екінші жағынан, жаңартып, өзгертеді, жетідціреді. Жана
саяси қатынастар мен инс-титуттар құралады, саяси ережелер мен қазыналар,
нышандар пайда болады. Өздеріне тән саяси түсініктері, көзқарастары, іс-
қимылдары бар саяси қатынастардың жаңа субъектісі дүниеге келеді.
3. Саяси-басқарушылық шешімдерді қабылдау және жүзеге асыру. Қоғамдағы
әр түрлі адамдардың, топтардың, таптардың, бірлестіктердің қажеттіктері,
мақсаттары сан қилы, бірталай жағдайда кдрама-қарсы келіп жатады. Билеуші
элиталар, пар-тиялар өздерінің оппозициялық қарсыластарымен тіл табысып,
бұл қайшылыктарды дер кезінде байқап, асқындырмай, реттеп, халықтың талап-
тілектері мен мүдделерін үйлестіріп, қоғамның түтастығын, тыныштығын,
түрақтылығын сактап, соған жағдай жасауы керек. Бұл — саяси мәселе.
Батыстың көптеген елдерінде биліктің әр тармағының (орталықтағы не
жергілікті жердегі болсын) өз алдына бөлек сарапшы кеңесшілері, көмекші топ-
тары және т. б. ақыл-кеңес беретін құрылымдары болады. Олар арнайы ғылыми-
талдау жұмыстарын жүргізіп, ең дүрыс, қолай-лы шешімдерді қабылдауға
жәрдемдеседі.
Мұнда шешім қабылдаушы саяси басқарушылар мен оны орындаушы
бағыныштылардың арасында тығыз байланыс бо-луы керек. Бұрынғы Кеңес
өкіметінде шешімді партияның бірінші хатшылары кабылдайтын. Олар ештенеге
жауап бермейтін. Жауапты партаппараттың айтқанын орындап, соның бұйрық,
нұсқауларын, шешімдерін іске асырушы мемлекеттік органдар мекемелердің
жауапты кызметкерлеріне артатын. Сон-дыктан ақылға сыйымсыз жағдай туған:
шешімді қабылдаушы-лар ештеңеге жауап бермейтін, ал жауап берушілер оны
қабыл-дауға қатыспайтын. Мүның бәрі кандай нәтижеге әкелетіндігін өмір өзі
көрсетті.
4. Саяси жүйеніц жағдайы мен іс-әрекетін бақылау. Оған са-яси жүйе мен
саяси процеске қатысушылардың, элиталардын, жұмысында алға қойған бағдар,
мақсат-мүдцеден ауытқушылық-ты, жаңсақ басушылықты түзету, қорытынды жасау
кіреді. Ол екі жолмен жүргізіледі. Біріншісі — мемлекеттік мекемелер,
партия органдары, коғамдык ұйымдар мен қозғалыстардың белгілі бір
құрылымдары арқылы жүзеге асады. Мұнда мемле-кет аппаратына қарасты
тексеру, қадағалау қызметтері, партия-

лық бақылау, ресми баспасөз органдары енеді. Бұл — саяси жүйедегі
бақылау органдарының қызмет бабында атқаратын міндетті жұмысы, яғни өзін-
өзі бақылауы. Екіншісінде, саяси жүйенің жұмысына бакылау жасауға барлық
азаматтардың қатысуына мүмкіндік жасалады. Мұны "төменнен бақылау" десе де
болады. Бұл үшін қоғам демократиялық жолмен дамығанда ғана жағдай туады,
тоталитарлық тәртіпте оған жол берілмейді. Қоғам дамуының мақсатын
айқындап, оны жүзеге асыру-шы билеуші тәртіп саяси процестің сипатын да
білдіреді. Оны үшке бөлуге болады.
1. Саяси тәртіптің қайталанып жүмыс істеуі. Мұнда саяси процесс
басқарушылар мен сайлаушылар, азаматтар мен мем-лекет арасындағы
калыптасқан қатынастарды сапа жағынан айтарлықтай өзгертпей, күнделікті
орнына келтіріп, күр қайта-лайды. Яғни, мемлекет үйреншікті қалпында,
әдеттегі ырғағында қызметін жүргізе береді. Онда саяси субъектілердің іс-
әрекетінде жаңашылдык, өзгерістен гөрі дәстүр мен саяси са-бақтастық басты
рөл атқарады.
2. Саяси тәртіптің дамуы. Ел ішіндегі жөне халықаралық аренада саяси
күштердің ара салмағында немесе әлеуметтік құрылымда өзгерістер болуы
мүмкін. Басқарушы органдар өмірдің бүл жаңа талабын байқап, өз жұмысын
соған орай бейімдейді. Саяси даму биліктің жоғарғы және төменгі сатыла-
рының өзара әрекеттестігімен, сан қилы ағымдар мен үрдістердің күресімен
қоса қабаттаса жүреді. Мұның бәрі әлеуметтік және саяси қүбылыстарды
сөйкестендіруге жәрдемдеседі.
3. Саяси түтастықтың құлдырауы және ыдырауы. Бүл жағ-дайда саяси
процестің даму бағыты саяси жүйенің тұтас өмір сүруіне келеңсіз әсерін
тигізеді. Кірігу, жинақталудың орнына саяси субъектілердің бөлшектену
үрдісі басымдық алады. Би-леуші тәртіптің ыдырауы күмән тудырмайды. Оның
шешімдері басқару кабілетін жояды. Мұндай процеске Еуропа және Азия
аймақтарындағы бұрынғы социалистік елдердің қүлдырау, ьщы-рау тағдыры толық
мысал бола алады. Билеушілер тобы өмірдің әлеуметтік-экономикалык, және
рухани талабына сай тиісті жауабын таба алмады.
Сонымен, саяси процесс деп әлеуметтік қауымдастықтың, саяси үйымдар
мен топтардың, белгілі бір саяси мақсатқа жету үшін бірігіп жасаған іс-
әрекетінін, нәтижесінде қоғамның сая-си өмірінің бір қалыптан, жағдайдан
екінші жағдайға келіп ауысуын, өзгерісін, қозғалысын айтады.
§ 2. Саяси процестің жіктелуі
Саяси процесс жіктеліп, топталады. Саяси еркіндікті іске асыру
объектісіне қарай ол ішкі және сыртқы саяси процесс болып бөлінеді. Сыртқы
саяси процесс жөнінде кейін арнайы сөз болады. Ал ішкі саяси процесс
азаматтардың саяси белсенділігінің институцияланған түрлерінен, олардың іс-
әрекетінен, билік құрылымының ұйымдасуынан және т. б. белгілі болады. Олар
азаматтарды саяси іске тарту, жүмылды-рудың амал-әрекеттерін, басқару
түрлерін айқындайды. Саяси үйымдардың жаңа талаптарға сай жүмысын,
қүрылымын өзгертіп, бейімделе, икемделе білуі оның әлеуметгік ортаға етер
ыкпалының деңгейін көрсетеді.
Саяси билікті үйымдастыру жүйесінің сапасына қарай демок-ратиялық және
антидемократиялық саяси процесс етіп бөледі. Демократиялык, түрівде халық
(тікелей немесе өкілдері арқылы) билейді. Антидемократиялык, процесте билік
авторитарлық көсем, монархтың, бір билеуші партияның, әскери топтың қолында
болады.
Атқаратын қызметінің жариялылығы бойынша ашық және жасырын саяси
процесс деп топтастырылады. А шыгында азамат-тар, топтар билік
институтгарымен үздіксіз кездесіп, мақсат-мүдделерін білдіріп отырады.
Билік органдары қоғамдық пікірді зертгеп, саралап, олардың талап-тілектерін
ескеріп, соған орай саяси бағытына түзетулер енгізеді.
Жасырын туріне тоталитарлық тәртіпті атауға болады. Онда бүкіл билік
орталықтың қолында, жергілікті жердің ой-арма-нымен санаспайды,
стратегиялық мәні бар саяси шешімдерді қабылдаудан шеттетіледі. Адамдардың
барлық өмірі қатаң ба-қылаудың астына түсіп, еркіндіктері мен бостандықтары
шектеледі. Саяси процеске қатысқысы келмесе де кейінгі зар-дабынан қоркып,
күш, зорлықтың арқасында катысуға, орта-лықтың ығына жүруге мәжбүр болады.
Әлеуметтік және саяси құрылымның өзара байланыс түріне, билік
субъектілерінің қызмет ыкпалдылығы және өзара қаты-настарыныңтиянақтылығына
байланысты саяси процесті түрақ-ты және түрақсыз етіп бөледі. Турақты
жағдайда билік инсти-туттары өтімді, сенімді жүмыс істейді, азаматгар да
саяси іске белсенді қатынасады. Саяси шешімдер дәстүрлі демократиялық
жолмен қабылданып жатады. Әлеуметтік түсінбеушілік, кикілжіндерді азаматтық
үйымдар өздері реттейді. Мемлекет

олардың ісіне араласа бермейді. Жалпы халықтың хал-ахуалы жақсы елде
занды тәртіп орнайды. Көпшілік жүрт билік инсти-туттарынын, іс-қимылын
қанағаттанғандықпен қабыдцайды.
Турақсыз жағдай әдетге қоғам өмірі күйзеліске ұшырап, ты-ғырыққа
тірелген шағында пайда болады. Оған халықаралық қатынастардағы шиеленістер,
соғысташ жеңіліс, өвдірістің ұзақ уақыт құлдырауы, көпшілік халықтың әл-
ауқатының нашар-лап, төмендеуі және т. с. с. әлеуметтік кикілжіндер себеп
бола-ды. Қайшылықтардың күшейіп, асқынуы, дер кезінде шешілмеуі көпшілік
жұрттың наразылығын тудырады. Мүндайда саяси бағытты өзгертуге тура келеді.
Оны реформалық және револю-циялық жолмен жүзеге асыруға болады. Реформада
жаңа заң актілері арқылы сол қоғамның шеңберінде өзгерістер енгізіледі.
Онда алға қойған мақсатқа ақырын, кейде бірнеше кезең арқы-лы жетеді,
өзгерістер біртіндеп жасалады. Революция — коғам-дағы биліктің, саяси
жүйенің толық, түбегейлі өзгеруі. Ол әлеуметтік-саяси өмірдің терең
дағдарысынан туады. Мемле-кет басындағы топтар өздігінен билікті бере
қоймайтындықтан ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Саяси процесс туралы
Қазіргі тұлғаның əлеуметтену ерекшеліктері
Саяси бейімделудің кезеңдері және соған байланысты көзқарастар
Әлеуметтену түсінігі
Миграцияның жалпы теориялық мәселелерін қарастыру
Этноцентризм, этноаралық үрейлену, этноаралық шиелініс және этноаралық толеранттылық
Қоғам мен саяси жүйенің бейімделу жолдары
Саяси модернизация теориялары мен түрлері
Қазіргі заманда тұлғаның әлеуметтену үдерісіне тиімді әсер ететін факторларды анықтап жазыңыз
Ұлттық-психологиялық ерекшеліктер
Пәндер