САЯСИ ЭЛИТА ЖӘНЕ САЯСИ КӨШБАСЫЛЫҚ ТУРАЛЫ
САЯСИ ЭЛИТА ЖӘНЕ САЯСИ КӨШБАСЫЛЫҚ
Саяси биліктің көп қырлы, құпиясы мол, сынаптай сырғыған күрделі
құбылыс екенін білеміз. Оның ішкі қатпарларына үңіле түсуде саяси элита мен
саяси көшбасылық (лидерлік) ұғымдарының; маңызы зор.
"Элита" деген сөз француз тілінен аударғанда, "таңдаулы", "тәуір",
"қаймақ" деген ұғымды білдіреді. Кез келген қоғамда билік тұтқасын уысында
ұстап, сан-салалы маңызды мәселелерді шешуде ықпалы мол, айтқаны өтімді
адамдар тобы болады. Оны - элита деп айтады. Қазақ, ел тізгінін ұстап,
сдаін сөйлегендерді "жақсы мен жайсаң" деп те атайды.
Саясаттың субъектілерінің мүмкіндігі, шама-шарқы әр басқа екені
белгілі, Жекелеген адамдар мен түрлі әлеуметтік топтардың барлығы бірдей
ұдайы саяси іс-әрекеттерге тікелей қатыса бермейді. Ондай іспен адамдардың
саяси элита деп аталатын арнаулы тобы шұғыланады. Саяси шешімдерді
кабылдауга тікелей осер жасайтын, саяси билік жүргізуге қатысатын немесе
оған ықпалы бар айрықша топты - САЯСИ ЭЛИТА деп атайды.
Саяси элитаның өмір сүруі мына факторларға байланысты: 1) адамдардың
психологиялық және әлеуметтік тұрғыдан әртүрлігі, олардың саяси процесс
қатысулары қабілеттерінің, мүмкіндіктерінің және ұмтылыстарының тең
емесгігі; 2) еңбек бөлу заңы - басқару ісіне арнайы кәсіби дайындықты талап
етеді; 3) басқару қызметі қоғамда жоғары мәртебеге ие; 4) басқару тетігін
ұстаған адамдардың мүмкіндігінің кеңдігі, ықпалының пәрменділігі және
олардың түрлі артықшылықтар мен жеңілдіктерді пайдалана алатындығы; 5)
саяси басшылықты үнемі жене толық бақылап отырудың мүмкін еместігі; 6)
бұқара қауымның саяси ынтасының төмендігі, белсенділігінің пәсеңдігі.
Саяси элита іштей жіктеледі: 1) басқарушы элита - мемлекет билігінің
тұтқасын ұстаған топ; 2) жоғарғы элита - мемлекет пен қоғам тағдырына
байланысты аса маңызды саяси шешімдер қабылдауға қатысатын іріктелген топ;
3) орташа элита - саяси шешімді іс жүзінде орындауды ұйымдастырушы топтар;
4) әкімшілік элита - басқару ісін жүргізіп отыратын қызметшілер,
шенеуніктер, бюрократия.
Сонымен, осы заманғы қоғамның элитарлық сипаты айдан анық, саяси
элитаның өмір сүріп, іс-әрекет атқаруы - қажеттілік. Элитаның сапасы,
әлеуметтік беделі, ісінің нәтижелігі оның, құрамын сұрыптау
(рекрутирование) жүйесіне байланысты. Сұрыптау жүйесі элитаның құрамы қалай
қалыптасатының кімдер ол құрамға өте алатынын анықтайды.
Тарихта элита құрамын қалыптастырудың екі түрлі жолы, сұрыптаудың екі
жүйесі орныққан. Олар гильдий және антрепренерлік деп аталады. Бұл сұрыптау
жүйелері өмірде таза күйінде өте сирек кездеседі. Дегенмен антрепренерлік
жүйе демократиялық мемлекеттерге, ал гильдии жүйесі тоталитарлық режимге
тән болып келеді.
ГИЛЬДИЙ жүйесіне төн ерекше сипаттар мыналар: 1) Жабықтық, Элитаның
құрамына кез келген адам өте алмайды, жоғары қызметке элитаның төменгі
буынындағы адам біртіндеп, сатылап көтеріледі. Жоғарыға ұмтылған қызметкер
әр қадамын андып басып, аяғының ұшымен жүреді, жоғарының көзіне түсуге
ұмтылады, шыдамдылық көрсетуге мәжбүр.
2) Элита құрамына кіруге ұмтылғандар мен элита ішіндегі сатысымен
көтерілушілерге қойылатын сүзгі, формальды талаптар көп, партия мүшесі
екендігі, жас мөлшері, еңбек стажы, білімі, осының алдындағы қызмет
дәрежесі, істеген жерінің берген мінездемесі, т.б. Осындай талаптардың кез
келгеніне сәйкес келмеген үміткерді кері қағып тастау оп-оңай.
3) Селектораттына сұрыптау жасайтын адамдар тобының құрамы өте аз және
ол топқа кім кіретін құпия ұсталады. Негізінен алғанда элитаның құрамын
жоғары лауазымды басшылар тобы анықтайды. Оның шешімімен ешкім таласа
алмайды. "Айттым-болды, кестім-үзілді" принципі билейді.
Гильдий жүйесі ішкі текетірес қайшылықтарға, ашық бәсекеге,
әбігерлікке, бей-берекеттікке жол бермейді. Сонымен қатар, басқару
жүйесінің бюрократтануына, консерватизмге, конформизмге, элитаның қоғамнан
бөлініп, ақсүйек топқа айналуына мүмкіндіктер туғызып жол ашады.
Кеңестер одағы тұсында гильдий жүйесін бізде номенклатура деп атайтын.
НОМЕНКЛАТУРА құрамы мемлекет тарапыаан қатаң бақылауға алынып, реттеліп
отырады. Оның құрамыңда болып, қызмет басқыштарьмен көтерілудің басты
өлшемдері мыналар: идеологиалық және саяси конформизм; жоғары тұрған
басшыға "адал" қызмет ету, ынғайына жығылу, ретін тауып жағыну, көзге түсу;
туыстық және жершілдік байланыстар, жен, үшынан жалғасу, "бармақ басты, көз
қысты" принципіне жүгіну; өзіндік позицияның, жеке пікірдің болмауы,
аппараттық ойындардың айла-тәсілдерін игеру; Дер кезінде жұмысы жөнінде
көзін тауып хабарлай білу, тапсырылған істі тігісін жатқызып орындау, т.б.
Сүзгінің мұндай нормалары адал, іскер, қабілетті, өзіндік ой-пікірі бар
адамдарды шетке ығыстырады да, дарынсыз, жалтақой, сұрқай басшылардың типін
қалыптасгырады. Бізді ұзақ жылдар бойы осындай номенклатуралық қасиеттерді
бойына әбден сіңірген "қайраткерлер" басқарып келді.
Қабілетті, белсенді адамдардың өсуіне бір ғана номенклатуралық жол бар
еді. Олар номенклатураның талаптарына бас иіп, өздерінің табиғи қасиеттері
мен қабілеттерін "өшіріп", аппараттық ойынның тәртібін қабылдауға тиіс еді.
Болмаса қызметтен айрылып өз жөнін табатын.
Номенклатуралық элитаның өз іптіндегі қарым-қатынас өте күрделі. Саяси
және басқарымдық шешімдер қабылдау ісіне қатысуға ұмтылу - ішкі ашық
жүргізілмейтін күрес обьектісіне айналады. Мұнда қызмет лауазымы, мәртебе,
бірінші басшымен көңілдестік шешуші роль атқарады.
Ашрепренерлік жүйе гильдий жүйесіне қарама-қарсы.
1) Ол ашық жүйе. Қоғамның әр қатпарының, түрлі әлеуметтік топтар
өкілдерінің элита құрамына өтуіне кең мүмкіндіктер бар.
2) Мемлекеттік қызметке ұмтылғандарга қойылатын формальды талаптар
саны яз.
3) Селектораттың аумағы көп, тіпті елдегі бүкіл сайлаушылар элита
құрамын анықтауға қатысуы мүмкін.
4) Элита құрамына өту үшін талас үлкен бәсекеге, шиеленіскен таласқа
толы.
5) Таңдау, сүрыптау барысында үміткерлердіқ беделі, қабілеті,
іскерлігі, көрегендігі, саяси белсенділігі - бәрі үлкен мәнге ие болып,
міндетті түрде ескеріліп отырады.
Жоғарыда айтқанымыздай, антрепренерлік сұрыптау жүйесі негізінен
демократиялық қоғамға тән. Америка Құрама Штаттарында оны-истеблишмент деп
атайды.
Бүгінгі Қазақстан жағдайына келсек саяси элитаның қалыптасу жүйесі өте
күрделі екенін аңғарамыз. Кеңестер одағы тұсында қалыптаскан
номенклатуралық жүйені бұзу оңайга түсе қойған жоқ. Жетпіс жылдан астам
уақыт бойы қанға, сүйекке сініп, сананы жаулап алған әдет-салтты бір-жар
жылда мүлде серігіп тастау, әрине, өте қиын екенін түсінікті.
Біріншіден, билік тұтқасын ұстап, айтқаны жүріп тұрған номенклатураның
жоғары эшелондарындағылардың көбі Одақ ыдырап, тәуелсіздік еңді ғана
жарияланып, ел іші абыр-сабыр болып жатқанда өз үлестерінен айырылып
қалмаудың амалын әбден қарасгырды. Отырған креслоларын оңтайлы ауыстырды,
есіктің маңдайшасындағы жазбаларды өзгертті, бұзылып жатқан дүниеден қармып
қалуды, жиемнің немесе құдасының атына фирма аша қойып май шелпектен
қомағайлана асауды да ұмытқан жоқ. Ең қиыны - олар ұстаған билік тұтқасынан
ажырамауға жан салып, тоталитарлық бұйрықшыл-әміршіл басқару әдістерін
бірсыпыра уақыт жалғастыруға мейілінше тырысты. Номенклатураның жұрнағы әлі
де етектен тартуынан тиыла қойған жоқ.
Екіншіден, ел билеген Коммунисгердің арасында өз елінің шынайы
патриоттары да аз емес-ті. Тәуелсіздік пең демократияны, ең алдымен солар
қолдап шықты. Одан басқа да тәуір қызмет орнына отырғызса, қай қоғамға да
талғамай қызмет атқара беретіндер де баршылық болатын.
Үшіншіден, біздің елде гильдий-номенклатуралық жүйенң ыдырауымен
бірге, демократия жолын таңдап, батыл саяси реформалар жасауға бет
бұруымызға орай антрепренерлік сұрыптау таңдау жүйесі біртіндеп қалыптасып,
күш ала бастады. Номенклатуралық жүйенің қазанына түсіп үлгермеген
тоталитаризмнің тепкісін көп көре қоймаған, ешкімнің алдында именуді бастан
кешірмеген, білімді, қабілетті, батыл шешімдерге бара алатын жастарға жол
ашып, үлкен сенім көрсетіп, аса жауапты мемлекеттік саяси істердің тұтқасын
қолдарына ұстату дәстүрі нық қалыптасып келеді.
Қазақстанда, міне, осындай кат-қабат кереғар процестер жүріп жатыр.
Алайда соңғы бағыттың болашағы үлкен, қарымы кең екені даусыз.
Кез келген елдің айбыны, мәртебесі, ұлттық рухының биіктігі, ішкі
тұтастығы "ел бастаған - көсеміне, қол бастаған - батыръта, сөз бастаған -
шешеніне" байланысты екені - тарихта сан мәрте дәлелденген ақиқат. Ал
көсемдікті де, шешендікті де, батырлықты да бір басына жинақтап бүкіл билік
тұтқасын асқан шеберлікпен ұстаған асыл тұлғалар ел жүрегіне жол тауып,
халықтық шытиы мандайына біткен бағына айналған. Мәселен Абылай хан қазақ
халқы үшін осындай дара туған көшбасы, елбасы, лидер болғаны белгілі.
Сондай-ақ кез келген әлеуметтік топтың, ұйымның және ұжымның өз
көшбасысы, лидері болуы да заңды. Лидер – ағылшын сөзі, бізше аударғанда
көшбасы, ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz