Орта Азия аймағындағы діни фундаментализм мен экстремизмнің саяси сипаты



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Орта Азия аймағындағы діни фундаментализм мен экстремизмнің саяси сипаты

Бүкіл әлемде діни фундаментализм мен лаңкестікке қарсы күрес одан әрі
жалғасуда. Орта Азиядағы оның көрінісі халықаралық терроризмнің бір бөлігі
болып табылады. Президент Н.Ә.Назарбаев атап көрсеткеніндей, "қырғын соғыс,
құлақ естіп, көз көрмеген лаңкестік әрекеттер, әлемдік деңгейдегі
текетірес, ұлтаралық, мемлекетаралық қақтығыстар толастар емес"1. Осы
қақтығыстардың дінмен байланыстырылуы, біздіңше, тегін емес. Бұл мәселе
едәуір жарияланымдар болғанына қарамастан2, әліде болса тереңірек
зерттеуді қажет етеді. Осы күнге дейін діни фундаментализм идеясының мәні
және оның адамдардың психологиясы мен мінез-құлқына әсері толық зерттеліп
болған жоқ. Лаңкестік жолға түскен адамдардың іс-әрекеті неліктен дінмен
байланыстырылады? Неліктен терроризммен антитерроризм арасындағы күрес діни
белгілеріне қарай жүргізіледі? Діни идеялардың қайта күшейе түсуінің
Қазақстанда діни экстремизмнің бас көтеруіне қаншалықты ықпалы бар? Адамның
немесе белгілі бір топтың лаңкес екенін анықтауды” критериі неде? Бұл
мақалада осы және басқа мәселелер қарастырылады.
Діни фундаментализм және оның саяси сипаты. Шынайы әлемдік діндер
тікелей экстремизмге шақырмайды. Оның тек фундаментализм бұрмаланған
түрлері ғана экстремизмге, лаңкестікке бой ұрады. Олардың көріністерін
тарихи деректерден білеміз. Фундаментализм не дегенде, ол ең алдымен
мынада: фундаментализм қай дінде болса да бұрыннан қалыптасқан дәстүрлі
дінді "бұзылды", оны жақсартамыз немесе өзге діндердің "озбырлығынан
қорғанамыз" деген сылтаулармен жүргізілетін экстремистік, тіпті лаңкестік
әрекеттер. Н.Ә.Назарбаев атап көрсеткеніндей, "фундаментализм" деген
ұғымның өзі Исламның өңін айналдырғаны сияқты, Христиандықтың да,
Иудаизмнің де өңін айналдырған ұғым екенін атап өткен жөн. Керек десеңіз,
бізді” ұғымымыздағы осы күнгі "фундаментализм" сөзінің төркіні де Исламға
мүлде қатыссыз болған. Алғаш рет XX ғасырды” 20 жылдарында кальвинистер,
пресвитериандар және баптистер сияқты христиандық қауымдар өкілін
фундаменталистер деп атай бастаған-ды"3. Міне, олай болса, фундаментализм
тек ислам дініне ғана қатысты қауіпті құбылыс емес. Ол, тағы да Н.Ә
Назарбаев айтқандай, "бүгінгі дүниеде фундаметалистік ағым әлемнің барлық
тарабында–АҚШ-та, Еуропада, Оңтүстік Шығыс пен Орталық Азияда, Солтүстік
Африкада және Таяу Шығыста, сонымен бірге әлемдік діндердің барлығында төбе
көрсетіп отырғанын да ескерген абзал"4. "Фундаментализм", "экстремизм"
ұғымдары, біздіңше, біріне бірі жақын. Соңғысы радикалдық оппозициялық
ұйымдардың қызметіне де байланысты. Терроризм оның асқынған көрінісі-
бейкүнә адамдарды жаппай қырып жоятын, қорқыныш пен үрей тудыратын
күштеудің шектен шыққан ең жеккөрінішті түрі. Оның себептері де алуан
түрлі. Бірақ олардың көбінің саяси сыр-сипатын анықтау оңай емес. Белгілі
бір саяси күштер радикалдық жолға түскендердің наразылықтарын пайдаланып
қалуға тырысады. Оның да түр-түрі бар: жиналыс, шеру, антиглобалдық,
антиамерикандық наразылықтар және т.б. Осындай қозғалыстар экстремизм
идеологтарының назарына ілігеді, осы арқылы түрлі желеулермен желіккен
радикалды көңіл-күйдегі адамдар легін толықтырады. Олар өз реттерінде
экстремистерге, сепаратистерге бөлініп, көбінесе діндер арасындағы
текетірес ретінде көрініс беруде.
Қазіргі кезде ислам дүниесі әлемдік азуы мықты ақпарат құралдарының
(азығына( айналып отыр. Кез келген бас көтеру, террорлық акт болсын түп
негізін исламға тірей салуға әуес. Ал осындай (ақпараттар соғысының(
нәтижесінде (ислам терроризмі( деген пікір қалыптасып кетті. Осыған
байланысты әлем елдерінің көпшілігі АҚШ президентін исламға қарсы бастаған
жорығы үшін қатты айыптауда. Оған себеп-АҚШ-тың негізінен ислам елдеріне
қарсы соғысатыны. Пакистан университетіні” ректоры Маулан Сами-уль-Хактың
айтуынша: (Это-борьба между крестом и исламом, начавшаяся атакой США на
Афганистан(5.
Соңғы кездері, әсіресе, орыс тілді баспасөз беттерінде де ислам
экстремизмі туралы жиі айтылуда. "Қазақстанға Еуропадан келген әртүрлі
қоғамдық ұйым өкілдері (Ислам экстремизмі( тақырыбына ғылыми
конференциялар ұйымдастырып, оған өзіміздің атқарушы билік басындағылар,
саясаттанушылары да қатынасып, тіпті кейбір лауазым иелері осы тақырыпта
баяндама да жасап жүр (6,-деп орынды қынжылады Балқаш ауданынан
С.Мұқанқызы.
Шындығында ислам дінінде адамдарды бір-біріне қарсы қоятын бір сөз таба
алмайсың. Бүкіл адамзатты оқуға, білімге, ізденіске, ғылым жаңалықтарын
ашуға үндейді. Таза жүруге, адал еңбек етуге, бір-біріне кешірімді болуға
шақырады. Ең бастысы, өзіне дейінгі бірде-бір дінді, бірде-бір пайғамбарды
жоққа шығармайды.
Бұл айтылғандардан шығатын қорытынды: терроризмге қарсы күрес ислам
дініне қарсы күрес ретінде жүргізілмеуі тиіс.
Сонда діни негіздегі экстремизм, конфессияаралық төзбестік қайдан
шығады? Мәселе осында. Зерттеулер көрсетіп отырғанындай олардың негізінде
әлеуметтік және экономикалық, саяси және діни айырмашылықтар қайшылықтары
жатыр. Қалай дегенде де діни экстремизмнің сол дінмен бір байланысты жағы
бар. Оны анықтау үшін фундаментализмнің пайда болу тарихына көз жүгіртіп,
ой елегінен өткізу қажет. Бұл жөніндегі біздің зерттеулеріміз мынаны
дәлелдеп отыр.
Орта Азиядағы діни фундаменталистер, яғни ваххабистер ислам дінін
тазарту желеуімен саяси экстремистік жолды ұсынады, тіпті лаңкестікке бой
ұрады. Ал оның шығу себептерін түсіну үшін мұсылман елдерінің әлеуметтік
өміріндегі исламның ролін жете білмей болмайды. Ол үшін оны тереңірек
қарастырып көрейік. Шығыстағы исламның ролі, Европадағы христиандықтан гөрі
өзгеше. Европада инквизицияның шарықтап тұрған кезінің өзінде,
христианшылдық зайырлы билікті түгелімен ығыстыра алған жоқ. Ал ислам діні
болса барлық жағынан, саяси әкімшілік, әлеуметтік құрылым, мәдениет және
діншілдердің тұрмыстық жақтарының бәрін, яғни мұсылман қауымының өмірін
түгелдей қамтыды. Мұсылман елдеріндегі рухани өмір мәні және түрі жағынан
түгелдей исламдық. Мұсылман елінің адамы исламға қарсы шығатын болса, онда
ол, әлемге және қоғамға қарсы болып табылады, яғни өзін осы қоғамнан тыс,
заңнан тыс қояды. Осының барлығы мұсылман елдерінің саяси-әлеуметтік
өмірінде исламның ерекше роль атқаратындығын көрсетеді. Исламның күші оны
жақтайтындардың санында емес, ең алдымен, Мұхаммед белгілеп кеткен мұсылман
қауымдастығының идеялық-институтционалдық бірлігінде. Ол әлем
мұсылмандарын, олардың мәдени және этникалық ерекшеліктеріне, теориялық
жағынан ғана емес, керек болса, тіпті, іс жүзінде топтастырады. Қоғамдағы
діннің осындай жағдайында, руханилық және әлеуметтік-саяси жіктерді ажырата
қарау мүмкін емес. Олар бірнеше жүздеген жылдар бұрынғыдай рухани өмірге
үлкен ықпал етеді және саясатта белсенді роль атқарады. Оның үстіне соңғы
жылдары исламның беделі мен белсенділігі ислам мемлекеттерінің батыстық
экспансияға қарсы наразылықтарына байланысты арта түсті.
Исламның этикалық ілімі бойынша, жақсылыққа жақсылық, қайырымды болу
парыз. Сол сияқты туған—туыстарға, қарттарға құрметпен қарау міндет. Осы
және басқа да, айтылған әлеуметтік идеялар мұсылман елдерінде билік
басындағылардың саяси билігін күшейту үшін пайдаланылады. Халық бұқарасы
мұны кеңінен мойындайды. Әлеуметтік әділеттілік деп түсінеді. Сонымен
шығыста исламны” қоғам өміріндегі тәртіптері тек діни түрде ғана сақталған.
Міне осының өзі бір жағынан белгілі бір жағдайда тілалғыштарды
жанкештілікке итермелейді. Мұның негізінде, біздіңше, сол жанкешті фанатик
жанның исламдық ілімді жете игере алмай қателесуінде жатыр.
Ислам фундаменталистері халқының көпшілігі мұсылмандар болып табылатын
мемлекеттерде Мұхаммед пайғамбардың кезіндегідей тәртіп орнатпақшы болады.
Басқаша айтқанда исламдық өркениет құндылықтарын сақтап, байырғы мұсылман
мемлекетін қайта орнатпақшы болады. Осы жолда олар ислам дінінің бұрынғы
негізіне қайта оралуды көздейді. Ал, ол, бойынша, исламдық діни
қайраткерлер мемлекетті де басқаруы тиіс. Ислам фундаментализмінің мәні
осында. Оның үстіне исламшыл теоретиктер халықаралық қатынастар доктринасын
құран уағыздарына негіздейді. Ол, бойынша, бүкіл әлем екіге бөлінеді:
мұсылмандар қауымдастығы және қалған басқа дүние. Бұлайша бөлу исламдық
және исламдық еместіктердің теңсіздігі болып саналады. Осы талап бойынша
мұсылман еместерді мұсылмандықты қабылдауға шақырады. Бұл сияқты талап
кезінде христан дінінің тарапынан да қойылған болатын. Олар осыны
өркениеттілік деп есептейді. Бұл өз алдына зерттеуді қажет етеді.
Ислам теоретиктері өз доктриналарының бейбітшілік сипатын дәріптеп,
Құранға жүгінетіні рас. Бірақ, Құранда "дінге зорлап кіргізуге болмайды"7
делінген. Осы қағидаларда, біздіңше, қайшылықтар да бар. Ислам дінін тарату
туралы уағыз оның доктринасының бейбіт бағытына толық сәйкес емес.
Шындығында бұл саяси тәжірбиеде исламда ғана емес, христиандық дінде де
орын алып келеді. (Рим папасының католик дінін тарату уағызын айтуға
болады). Осылайша әлемде діндердің өзара қарама-қайшылығы орын алуда. Мұның
үстіне "бірыңғай исламдық мемлекет" құру идеясы күштеу әдістеріне, тіпті
лаңкестікке соқтыруда.
Діни фундаментализмнің Қазақстанға ықпалы. Орта Азия мемлекеттеріндегі
діни фундаментализмнің (вахабистік идеяларды”) Қазақстанға таралу қаупі
жөнінде біріне бірі қарама-қарсы екі пікір барын жасыруға болмайды. Олардың
бірі Қазақстанға діни фундаментализм ешқандай қауіп төндірмейді десе 8,
екіншілері, қауіптің қатерін асыра бағалап, "еліміздегі қазіргі діни жағдай
іргесіне жарылғыш заттарды жинап қойған алып үйдің жағдайымен бірдей"9,-
дейді.
Еліміздегі діни ахуалды талдап қарайтын болсақ, біздіңше, келешек
тұрғысынан қарағанда соңғы көзқарас дұрысырақ сияқты. Енді сол діни
фундаменталистердің Қазақстанға таралу қаупінің алдын алу мәселесіне
келгенде де, көзқарас екі жарылып отыр. Мысалы, Ж.Жеңіс ол жөнінде өз ойын
былай деп білдіреді: "Осы болмай қоймайтын бітіспес қақтығыстардың алдын
алудың бірден бір жолы- дәстүрлі исламды мемлекеттік дәрежеде қолдау
көрсетіп, кеңінен насихаттау. Батыс мәдени-экономикалық саяси экспанциясына
қарсы тұра алатын бірден-бір күш-ислам"10. Бұл пікір бір қарағанда дұрыс
көрінгенімен, біздіңше, қате. Біріншіден, дінді насихаттап қаншалықты
қолдау көрсетілгенімен, олардың арасында діни экстремистердің де қосыла
келетінін ұмытуға болмайды. Екіншіден, ислам дінін мемлекеттік дін етіп
жариялау, басқа жағын айтпағанның өзінде, конститутцияға қайшы.
Қазақстан Республикасының Конститутциясында (идеологиялық және саяси
көптүрлілік мойындалады( деп бекітілді де, әртүрлі плюралистік бағыттағы
көзқарастар мен ағымдардың қатар өмір сүруіне жағдай жасады. Кейбір саяси
күштер осыны және қазақы көңілшектікті ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Орта Азия аймағындағы діни экстремизм мен лаңкестіктің саяси сипаты
Аймақтық және әлемдік діни экстремизммен күрес
Саяси экстремизм мен терроризмнің идеологиясы
Бүгінде, экстремизм және терроризм мәселесі
Діни экстремизм мен терроризмнің саяси-әлеуметтік негіздері (Орталық Азия мемлекеттері мысалынан)
Экстремизм
Әлемдегі діни экстремизм мен радикализм
«Діни –экстремизм XXI ғасырдағы ғаламдық мәселе»
«Хизб- ут-Тахри Аль-Ислами» -діни экстремистік ұйым болып қалыптасуы
Діни экстремизм – бейбітшілік пен тұрақтылыққа төнген қауіп
Пәндер