Бағдарламалау аймағын таңдау және негіздеу


МАЗМҰНЫ

:
Кіріспе: Кіріспе
:
: 1.
Кіріспе: ПӘН АЙМАҒЫНЫҢ СИПАТТАМАСЫ
:
: 1. 1
Кіріспе: Пән аймағының мінездемесі
:
: 1. 2
Кіріспе: Информациялық жүйе түсінігі
:
: 2.
Кіріспе: БАҒДАРЛАМАЛАУ АЙМАҒЫН ТАҢДАУ ЖӘНЕ НЕГІЗДЕУ
:
: 2. 1
Кіріспе: Объекті-қалыптамалы бағдарламалауға кіріспе (ОҚБ)
:
: 2. 2
Кіріспе: DELPHI визуалдық бағдарламалау ортасы
:
: 2. 3
Кіріспе: Оқиғалар мен оқиғаларды өндеушілер
:
: 2. 4
Кіріспе: DELPHI бағдарламаларының құрылымы
:
: 2. 5
Кіріспе: Мәліметтер қорымен жұмыс істеуге арналған бағдарламаларды құру
:
: 3.
Кіріспе: ИНФОРМАЦИЯЛЫҚ жүйені жобалау
:
: 3. 1
Кіріспе: Есептің қойылуын сипаттау
:
: 3. 2
Кіріспе: Техникалық мінездемесі
:
: 3. 3
Кіріспе: Деректер базасын жобалау
:
: 3. 3. 1
Кіріспе: Пәндік аймақ және деректер базасына қойылатын есептер
:
: 3. 3. 2
Кіріспе: Деректер базасының объектілерін анықтау
:
: 3. 3. 3
Кіріспе: Деректер базасының инфологиялық моделі
:
: 3. 3. 4
Кіріспе: Деректер базасының Күнілогиялық моделі
:
: 3. 3. 5
Кіріспе: Моделдің физикалық сипатталуы
:
: 3. 4
Кіріспе: Қолданушы инструкциясы
:
: 3. 5
Кіріспе: Бағдарламашы инструкциясы
:
: 4.
Кіріспе: ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ
:
: 4. 1
Кіріспе: Электр қауіпсіздігі
:
: 4. 2
Кіріспе: Өрт қауіпсіздігі
:
: 4. 3
Кіріспе: Шу деңгейлеріне және дірілдеуге талаптар
:
: 4. 4
Кіріспе: Шан және зиянды химиялық заттар
:
: 4. 5
Кіріспе: Микроклимат
:
: 4. 6
Кіріспе: Желдету
:
: 4. 7
Кіріспе: Информацияны көрсету жүйелеріне эргономикалық талаптар
:
: 4. 8
Кіріспе: Оператордың жұмыс орнын ұйымдастыру
:
: 4. 9
Кіріспе: Жұмыс орынының эргономикалық талаптары
:
: 4. 10
Кіріспе: Жұмыс орынның жарық болуы
:
:
Кіріспе: Қорытынды
:
:
Кіріспе: ӘДЕБИЕТТЕР
:
:
Кіріспе: А ҚОСЫМШАСЫ
:
:
Кіріспе: Б ҚОСЫМШАСЫ
:
:
Кіріспе: В ҚОСЫМШАСЫ
:
:
Кіріспе: Г ҚОСЫМШАСЫ
:
:
Кіріспе: Д ҚОСЫМШАСЫ
:
:
Кіріспе: Е ҚОСЫМШАСЫ
:
:
Кіріспе: Ж ҚОСЫМШАСЫ
:

КІРІСПЕ

Бізді қоршаған әлемде айналып жүретін информациялар тасқыны өте үлкен. Уақыт өткен сайын олар көбейеді. Сондықтан кез-келген үлкен де, кіші-гірім болса да, ұйымда эффективті жұмысты қамтамасыз ететін деректермен басқаруды ұйымдастырудың мәселесі туады. Кейбір ұйымдар ол үшін бумалары бар шкафтарды қолданады, бірақ-та көпшілігі компьютерленген әдістерді жоғары бағалайды - үлкен көлемді мәліметтерді эффективті сақтауға, құрастыруға және жүйелеуге мүмкіндік беретін деректер базасы. Бүгін көпшілік қаражаттық, өнеркәсіптік, сауда және тағы басқа ұйымдардың жұмыстарын деректер базасыз ұсыну қиын. Деректер базасы жоқ болған жағдайда біз информациялық тасқын астында қалушы едік.

Бар информацияны компьютерлік негізге ауыстырудың көптеген салмақты себептері бар. Казіргі кезде информацияны ЭВМ-де файлда сақтау қағазда сақтау бағасынан арзан. Деректер базасы информацияны сақтауға, жүйелеуге және қолданушыға оптималды әдіспен алып шығуға мүмкіндік береді. Клиент/серверлік технологияларды қолдану мәндік құралдарды сақтауға, ал ең негізгісі - ол керек информацияны алу үшін уақытты үнемдеуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар баруды және жүргізуді ыңғайлатады, өйткені олар деректерді кешендік өндеуге және оларды орталықтай сақтауға негізделінген. ЭЕМ кез-келген форматты сақтауға мүмкіндік береді: тексті, сызбалар, қолмен жазылған нұсқадағы мәліметтерді, Кроме того ЭВМ позволяет хранить любые форматы данных текст, фотографияларды, дабысты және т. б.

Осындай сақталған үлкен көлемді информацияны қолдану үшін жүйелік құрылғылардың, деректерді тасымалдау құралдардың, жадының дамуынан басқа адам-ЭЕМ диалогын қамтамасыздандыратын құралдар қажет, олар қолданушыға сұрауларды енгізуге, файлдарды оқуға, сақталған деректерді модификациялауға, жаңа деректерді қосуға немесе сақталған деректер негізінде шешімдерді қабылдауға мүмкндік береді. Осы функцияларды қамтамасыздандыру үшін арнайы құралдар әзірленген - деректер базасын басқару жүйесі (ДББЖ) . Казіргі ДББЖ- ол деректер базасымен көпқолданушылық басқару жүйесі, олар бір немесе бір уақытта жиынмен жұмыс істеп отырған қолданушылардың массивтік информациясын басқаруға мамандандырылған.

Берілген дипломдық жұмыстың мақсаты арнайы орта білім беру кәсіпорынның оқу бөлімі үшін студенттер істері бойынша, мамандандырылған ДББЖ қанағаттандыратын, алдын-ала анықталған информация құрылымымен басқаруға және оқу бөлімі үшін анықталған және шектелген аймақтағы есептерді шешуге арналған, сонымен қатар келешекте қолданушыларға деректер базасымен және олармен басқару жүйелерін зерттеуге көңілін алаңдатпауға мүмкіндік беретін, деректер базасын әзірлеу болып табылады.

Дипломдық жобаның актуалды тақырыбынің құрылымы казіргі кезде студенттер туралы информацияны оперативті беретін, оқушылар контингентінің жылжуын қадағалайтын, анықталған түрдегі бұйырықтарды, ведомостерді құрастыру жұмыстарын жеңілдететін, қағазсыз технологияға көшіретін жүйе өте маңызды болатындығын кірістіреді. Мәселенің мағынасы - ол оқушылардың үлкен контингенті кезінде оқу бөлімі секретарінің автоматтандырылған жұмыс орны студенттердің іс қағаздарын сақтаудың пайдалы және қағазсыз жұмыс істеудің ыңғайлы құралы болып табылады. Жоғарыда көрсетілген талаптарды әзірлеу үшін қандай да бір универсалды ДББЖ-нің құралдарын пайдалынбай, Windows-та жұмыс істейтін, интерфейсі ыңғайлы жұмыс істеу үшін максималды икемнедген, қосымша білімді талап етпейтін, орындалтын файл түрде жүктелетін, жеке тәуелсіз бағдарламаны әзірлеу. Осы талаптарға сәйкес мына дипломдық жобаның қажеттілігі туады.

Дипломдық жұмыстың негізгі мақсатына информацияны сақтауды, іздеуді ұйымдастыратын және құжаттар айналымын ықшамдайтын, сонымен қатар кәсіпорынның қызметкерлерінің өздерінің қызметтік сферасында ыңғайлығы үшін тағайындалған, арнайы орта білім беру кәсіпорынның оқу бөлімі секретарінің автоматтандырылған жұмыс орнын әзірлеу қойылады. Қызметкерлер өз жұмыстарын осы бағдарлама арқылы тез уақытта орындай алады.

Қойылған мақсатқа жету келесі есептерді шешуге мүмкіндік береді:

- студенттердің жеке кәртешкелерін толтыру;

- оқытушылардың және оқытылатын пәндер аттарының тізімін толтыру;

- топтар, мамандықтар, оқу түрін, үлттар аттауларын толтыру;

- студенттерді оқуға тіркеу, оқудан шығару құжаттарын жүргізу;

- сынақ, емтихан бағалары туралы құжаттарын жүргізу;

- есеп беру құжаттарын баспаға шығару: сынақ бағаларының, емтихан бағаларының ведомостерін, оқушының құрама ведомосін, оқушылар тізімін, оқушылардың кәртешкелерін.

Дипломдық жұмыстың зерттеу объектісі, студенттерді оқуға тіркеу, оқудан шығару бұйырықтарын құрастыру, оқушылардың оқу үлгерімдерін қадағалау, жеке катешкелерін жүргізу, талапқа қойылатын периодпен бұйырықтарды құрастыру, қажет есеп беру құжаттарын (сынақ бағаларының, емтихан бағаларының ведомостерін) дайындау бойынша операцияларды орындау сатысында болатын процесстерді қамтитын, оқу бөлімінің қызметі болып табылады.

Дипломдық жұмыстың зерттеу пәні, негізі информациялық және компьютерлік технология аймағындағы казіргі кездегі жетулерді енгізу болатын процестерді автоматизациялау болып табылады.

Берілген дипломдық жұмыстың практикалық мәнінің құрылымы, оқу бөлімінінің секретаріне өзінің жұмыс орынын автоматтандыруға көмектесетін компьютерлік жүйені әзірлеуді кірістіреді.

1. ПӘН аймағының сипаттамасы

1. 1 Пән аймағының мінездемесі

Семей политехникалық колледжі орта кәсіптік білім беру мекеме болып табылалады. Мекеме технологиялық кәсіпорындарының мамандарын дайындауға арналған үлкен техникалық базамен қамтамасыздандырылған: тоңазытқыш-компрессорлы машининалар және орнатулар механикатерін, сауда құрал-жабдықтарының механиктерін, ет технологтарын, нан пісіру және макарон өнімдерінің технологтарын, тамақ өнеркісіптерінің технологтарын. Сонымен қатар колледж квалификацияланған кадрлермен қамтамасыздандырылған және әр 5 жыл сайын аттестцияланады.

Берілген дипломдық жобада оқу бөлімінің деректер базасы әзірленген.

Оқу бөлімін басқару жүйесінің автоматизациясы білім беру қызметі құрылымын атоматизациялаудың негізгі бөлігі болып табылады.

Білім беру мекеменің оқу бөлімі басқару бойынша деректер базасының анықталған унификациясына қарамастан, мұндай базаның өзіндік спецификалық ерекшеліктері бар, мысалы, колледждегі студенттер контингентінің жылжу құрылымын есептеу үшін арналған алаңдар әзірленген.

1. 2 Информациялық жүйенің түсінігі

Адамзат ғасырлар бойы білім, жұмыс дағдыларын, қоршаған орта туралы мағлұматтарды жинаған, басқа сөзбен айтқанда - информацияны жинаған. Алғашында инфорация ұрпақтан ұрпаққа аңыздар немесе ауызша әнгімелер ретінде беріліп отырды. Кітаптык істің пайда болуы және дамуы информацияны сенімділі жазба түрінде сақтауға және тасымалдауға мүмкіндік берді. Электр аймағында ашылған жаңалықтар телеграфтардың, телефондардың, радио және теледидардың пайда болуына әкелді -информацияны оперативті жинауға және тасымалдауға мүмкіндік беретін құралдар. Прогрестің дамуы информацияның тез өсуіне әкелді, осыған орай оны сақтау және өңдеу туралы мәселе жыл сайын қатан болып келді. Есептеуіш техниканың пайда болуынан кейін информацияны сақтаудың, ал негізгісі оны өңдеудің әдістері жеңілдеді. Микропроцессорлар базасындағы есептеуіш техниканың дамуы компьютерлердің және бағдарламалық өркендеуіне әкелді. Үлкен информация тасқындарын өңдей алатын бағдарламалар пайда болады. Осындай бағдарламалар арқасында информациялық жүйелер жасалады. Кез-келген информациялық жүйенің мақсаты- ол нақты дүниенің объектілері және құбылыстары деректерді өндеу және адамдарға олар туралы қажет информацияны ұсыну /11/.

Егер біз кейбір объектілердің жиынтығын қарастыратын болсақ, онда бірдей қасиеттері бар объектілерді белгілеуімізге болады. Мұндай объектілер жеке кластарға белгіленеді. Белгіленген кластар ішіндегі объектілерді классификациялардың жалпы ережелері бойынша да тізімдеуге болады, мысалы, алфавит бойынша, сол сияқты нақты жалпы белгілері бойынша, мысалы, түсі немесе материалдары. Объектілерді анықталған белгілер арқылы топтастыру, информацияны іздеуді және таңдауды жеңілдетеді. Осындағы барлық мағлұматтар деректер базасы деп аталатын файлдар жиынтығына жиналады, ал осы файлдармен басқару үшін арнайы бағдарламалар әзірленеді- деректер базасымен басқару жүйесі (ДББЖ) /10/.

Информациялық жүйелерді (ИЖ) шартты екі түрге бөлуге болады фактографиялық және документалды.

Фактографиялық ИЖ-де фактілер тіркеледі- нақты дүниенің объектілері туралы нақты мәнді деректер. Мұндай жүйелердің негізгі идеясы, ол объектілер туралы барлық мағлұматтар (адамдар фамилиясы және пәндер аттары, сандар, күндер) компьютерге қандай-да бір шартталған форматта (мысалы, күні - ДД. ММ. комбинациялық түрде) хабарланады. Фактографиялық ИЖ жұмыс істейтін информацияның нақты құрылымы болады, ол арқылы машина бір деректі басқасынан ажырата алады, мысалы адам фамилиясын оның лауазымынан, туған күнін оның бойынан және т. б. Сондықтан фактографиялық жүйе берілген сұрақтарға бірмәнді жауап бере алады.

Документалды ИЖ принципиально басқа классты есептерге қызмет көрсетеді, олар берілген сұраққа бірмәнді жауапты қабылдамайды. Осындай жүйелердің деректер базасы, іздеудің формализацияланған аппаратымен жабдықталған, структураланбаған текстік құжаттар (статьялар, кітаптар, рефераттар және т. б. ) және графикалық объектілер жиынтығын құрайды. Жүйенің мақсаты қолданушының сұрағындағы құралған шарттарды қалай да қанағатттандырытын, құжаттар және объектілер тізімін жауап түрінде беру.

Көрсетілген ИЖ классификация есікірген, өйткені қазіргі кездегі фактографиялық жүйелер, структураланған сипаттаушылармен жабдықталған, структураланбаған текстік құжаттармен (статьялар, графика, дыбыс, видео) жұмыс істейді. Белгілі фактілерде фактографиялық жүйе документалды жүйеге (немесе керісінше) айналып кетуі мүмкін.

Берілген дипломдық жүйенің мақсаты, ол адамзаттың барлық қызмет аймақтарында қолданылытын фактографиялық ИЖ.

Цели данной работы удовлетворяют которые используются буквально во всех сферах человеческой деятельности.

2 . Бағдарламалау аймағын таңдау және негіздеу

2. 1 Объекті-қалыптамалы бағдарламалауға кіріспе (ОҚБ)

ОҚБ-ның негізінде шынайы өмірдің объектісін белгілі бір құрылым ретінде сипаттайтын объект ұғымы жататын программаларды құру әдістемесі.

Объект дегеніміз бізді қоршаған әлемнің белгілі бір бөлігі. Кез келген объекті мына түрде сипаттауға болады:

  1. аты
  2. объектінің параметрі - объектінің қасиеттерін сипаттайтын көрсеткіш
  3. іс-әрекеттер жиыны - объект атқаратын қызметтер

ОҚБ - тілінің 3 түрлі негізгі қасиеті бар:

  1. инкапсуляция - процедуралар мен функцияларды жазбалармен біріктіреді;
  2. полиморфизм - белгілі бір іс-әрекетке бір атау меншіктеледі;
  3. орын басу - объектті анықтау және оның қасиетін қолдану.

2. 2 DELPHI визуалдық бағдарламалау ортасы

DELPHI - Windows операциялық жүйесінің ортасында жұмыс істеуге қалыптанған программаларды құруға арналған біртұтас орта. DELPHI-дің негізінде оқиғаларды программалау мен визуальды жобалау технологиялары жатыр. Оларды қолдану программаны құру процесін жеделдетеді және жеңілдетеді. DELPHI программасының алгоритмдік бөлігі және визуальдық компоненттері объект Pascal-да (Object Pascal) жазылған. Оны Turbo Pascal 7. 0-дің ары қарай дамуы ретінде қарастыруға болады. Программаларды құру кезінде программист немесе жобалаушы компоненттер жиыны дайын компонеттерді таңдайды.

DELPHI ортасымен танысу

DELPHI-ді іске қосқаннан кейін экранда келесі терезелер пайда болады:

  1. программаның негізгі терезесі (атауында DELPHI 6 - Project 1) ;
  2. форманың дизайнері терезесі (атауында Form 1) ;
  3. объектілер инспекторы терезесі (атауында Object Inspector) ;
  4. программа кодының терезесі (Unit 1. Pas) .

Жобамен байланысқан файлдар

Жоба - тұтастай қосымшамен байланысқан бастапқы программалар мен файлдардың жиынтығы.

Форма - үстіне басқа объектілер орналасатын объект. Кез келген жобамен келесі файлдар байланысты:

  1. жобаның негізгі файлы - кеңейтілімі . dpr. Үнсіз келісім бойынша оның атауы Project 1. dpr. Оның текстін көру үшін View/Project Source командасын орындау қажет.
  2. dfm кеңейтілімді файлдар - форманың сыртқы түрі жайлы ақпаратты сақтайды. Бұл файлдар бірнешеу болуы мүмкін. Үнсіз келісім бойынша

Unit 1. dfm

Unit 2. dfm

  1. Pas кеңейтілімді файлдар - объектті Pascal тіліндегі программалар. Олар программа кодының терезесіндегі мәтіннен тұрады.

DELPHI-дің меню жолы

  1. FILE:
  • NEW - DELPHI репозютариіне кіруге мүмкіндік береді.
  • NEW APPLICATION - жаңа проект құрады.
  • NEW FORM - жаңа форма құрып, оны проектке жалғайды.
  • OPEN - алдыңғы құрылған форманы ашады.
  • OPEN PROJECT - алдыңғы құрылған проектті ашады.
  • REOPEN - орындауға жіберілген проекттер тізімін ашады.
  • SAVE - активті форманы сақтайды.
  • SAVE AS - активті форманы басқа атпен сақтайды.
  • SAVE PROJECT AS - проекттің файлын басқа атпен сақтайды.
  • SAVE ALL - барлық ашық тұрған модульдерді және проекттердің файлын сақтайды.
  • CLOSE - ағымдық форманы жабады.
  • CLOSE ALL - барлық ашық тұрған файлдарды жабады.
  • USE UNIT - ағымдық формаға басқа модульге сілтемені қосады.
  • PRINT - активті форманы немесе модульді басуға жібереді.
  • EXIT - DELPHI-ден шығу.

Компоненттермен жұмыс істеудің кейбір ережелері:

Қосымшаны құру процесі қажет компонеттерді таңдау және олардың қасиеттерін баптауға негізделген. Формадағы әрбір компонеттің ерекше атауы болуы керек. Сондықтан DELPHI компонеттер үшін кейбір ережелерді қолданады және оларға реттік номерлер береді. Мысалы, метка компонеттеріне Label 1, Label 2, . . . атауларын береді. Батырма компонеттері Button 1, Button 2, . . . үнсіз келісім бойынша берілген атауларды өзгертуге болады. Атаулар латын алфавитінің әріптерінен, сандардан тұруы қажет.

Компоненттердің қасиеттерін баптау

Компонеттердің қасиеттерін жобалау кезінде өзгерту статикалық деп, ал программаны орындауға жіберу кезіндегі динамикалық өзгерту деп аталады. Қасиеттерді динамикалық өзгерту кезінде меншіктеу операторы қолданылады. Мысалы,

1) FORM 1. Color:=clred. Бұл оператор форма компонентін қызыл түске бояйды.

2 ) LABEL 1. Caption:= «Привет». Меткада привет сөзін шығарады.

3) LABEL 1. Font. Color:=clgreen. Бұл оператор меткадағы шығатын сөздің символдарын жасыл түске бояйды.

4) LABEL 1. Color:=clgreen. Меткадағы фонның түсін жасылға бояйды.

Компоненттерді редакциялау

Компонеттерді редакторлеу комнадалары EDIT менюінде орналасқан.

CUT - вырезать

COPY - копировать

PASTE- вставить

STANDART (Стандарт) бетінің компонеттері:

1. LABEL (метка) - формада әр түрлі текстік жазбаларды шығару үшін арналған.

Қасиеттері:

  • CAPTION - меткаға жазылған тексттен тұрады.
  • COLOR - метканың фонының түсін анықтайды.
  • FONT - меткадағы текст шрифтінің түрін анықтайды.

2. BUTTON - программаны басқару үшін жиі қолданылады.

Қасиеті:

  • CAPTION - кнопкада шығарылатын тексттен тұрады.

3. EDIT - стандартты бір жолды текстік редакторды көрсетеді. Онда мәліметтерді жинаумен байланыстырылған өріс ішінен мәліметтер көрінеді және өзгертіледі. EDIT компонентінің тікелей класы CustomMaskEdit. Компонент шаблондағы өріс үшін берілген редактірленетін мәліметтерді тексеруді қамтамасыз етеді. Field объектісі редакторда мәліметтерді тексеру кезінде қолданылатын EditMask құрамында бар. Редактірленген тексті тексеру ValidateEdit әдісімен әрбір енгізілген немесе өзгертілген символдардан кейін жүзеге асады. Компонетте алмастыру буферін қолдануға болады. Ол CopyToClipboard, CutToClipboard, PasteFromClipboard әдістерінің көмегімен орындалады.

4. MEMO - қарапайым редактірлеу өрісі. Оның негізгі ерекшелігі - бір уақытта көру және айнымалы ұзындықтың бірнеше жолдарын редактірлеу мүмкіндігі. Компонент биіктігі бойынша толық көрінетін жолдарды көрсете алады.

5. CheckBox - қарапайым жалаушаны толық көрсетеді және екі мағынасы ғана бар мәліметтерді редактірлеуге және көрсетуге арналған. Ол мәліметтердің логикалық типі немесе кез келген жолдық мағыналар болуы мүмкін., бірақ өріс тек екі жолдан тұратын мағыналарды қабылдайды.

6. RadioGroup - стандартты айырып-қосқыш тобын көрсетеді. Өрісте бекітілген мағынаны беруге болады. Егер байланысқан өріс мағынасы қандайда бір айырып-қосқыш мағынасына сәйкес келсе, онда ол іске қосылады. Егер қолданушы басқа айырып-қосқышты қосатын болса, онда айырып-қосқышпен байланысқан мағынасы өріске енгізіледі.

7. ListBox - мәліметтер жинау өрісімен байланысқан ағымды мағынаны көрсетеді және оны тізімнен белгіленгенді өзгертуге мүмкіндік береді. Өріс мағынасы тізім элементтерінің ішіндегі біреуімен сәйкес келуі керек.

8. ComboBox - редактірлеу жолында мәліметтерді жинау өрісімен байланыстырылған ағымды мағынаны көрсетеді және де өріс мағынасы тізімнен алынған элементтер ішінен біреуімен сәйкес келуі керек. Ағымды мағынаны кез келген тізімде белгіленген компонентке өзгертуге болады.

9. Panel - жалпылама мақсаттарда қолданылатын контейнер болып табылады. Оны Caption қасиетін мәліметтер шығаруға болады. Бұл компонент үстіне қосымша компонеттер орналастыруға арналған.

Қасиеті:

  • BorderStyle- рамканың стилін анықтайды.

10. RadioButton - бұл компонент әр түрлі варианттарды көрсету үшін қолданылады. - переключатель

Қасиеттері:

  • CAPTION - мәтіннен тұрады.
  • Checked - егер переключатель болса, онда true мәніне тең болады, ал егер орнатылмаған болса, false болады.

ADDITIONAL астарлы бетінің компоненттері

1. BitBtn - Button стандартты кнопкасының бір түрі. Оның ерекшелігі бұл кнопкада нүктелік суреттерді орналастыруға болады.

Қасиеттері:

  • Glyph - бірден төртке дейінгі нүктелік суреттен тұрады;
  • Kind - кнопканың түрін анықтайды.

Нүктелік сурет дегеніміз bmp форматында сақталынған графикалық файл.

Графикалық компоненттерді қолдану

1. Image компоненті - бұл компонеттің қолдануы қарапайым мысалдармен қарастырады.

№1 мысал.

  • әшекейлеу мақсатында қолданылатын суреттен тұратын программа құрамыз. Проектілеу: формаға Image компонентін орнату. Ол Additional бетінде орналасқан;
  • картинканы іске қосу үшін оның Picture қасиетін таңдау керек.

батырмасын шертіп, load кнопкасын шертіңіз. Сосын суреттен тұратын файлдарды бір папканы ашып, қажеттісін таңдаңыз. Картинка bmp, wmf, emf, ico және т. б. кеңейтілімді файлдарда сақталыну керек. Бұл компоненттің ең маңызды қасиеттері Center, Stretch болып табылады. Егер Center қасиетіне true мәнін берсек, онда бейненің центрі Image компонентінің центрімен сәйкес келеді. Егер Stretch қасиетіне true мәнін берсек, онда бейне Image компонентіне сиятындай етіп кішірейеді.

№2 мысал.

Екі пунктілі тізімнен тұратын программа құрыңыз. Менюдің 1 пунктін таңдаған кезде сәйкес сурет жүктелу керек. Проектілеу:

  • формаға 1 ListBox компонентін, 1 Image компонентін орнатыңыз. Бұл тапсырмада менюдің пунктілеріне оқиға өңдеуішін құру керек. Бейнені программаны орындауға жіберу кезінде жүктеу үшін Picture қасиетінің LoadFromFile

if ListBox1. Itemindex=0

then Image1. Picture

LoadFromFile (1-файл аты) ;

If ListBox1. Itemindex=1

then Image1. Picture.

LoadFromFile (2-файл аты) ;

Image1. Center:=true;

Image1. Stretch:=true;

MAIN MENU компоненттерді қолдану

Формаға меню орнату үшін Main Menu компонентін орнату керек. Оны 2 рет шертіп, MenuDesigner терезесінде пайда болған төртбұрыштарға менюдің атын клавиатурадан теріп жазу керек. Менюдің ішіндегі команда атын жазу үшін курсорды төмен қарай басып, пайда болған төртбұрышқа команда атын жазу керек.

Ашылатын меню жасау үшін қажет пунктке курсорды орналастырып, ctrl + → пернелерін басамыз.

Menu пунктіне сурет орнату үшін қажет пунктті белгілеп, bitmap қасиетіне мән енгізу керек.

С:\Program Files\Common Files\Borland Shared\Images\Buttons

Открыть\ОК.

Menu пунктына ыстық клавишалар орнату. Ол үшін қажет меню командасын белгілеп, ShortCut қасиетіне мән енгізу.

Menu-дің пунктін alt-пен ашу үшін меню атауындағы қажет әріптің алдына & қою керек.

Компонентке тышқанның курсорын орнатқан кезде шығатын подсказкаларды көрсету:

  1. Компонетті белгілеу;
  2. ShowHint қасиетіне true мәнін беріп, Hint қасиетіне подсказканы жазу.

Формаға көп вкладкалы терезе орнату. Ол үшін формаға Win32 бетіндегі PageControl компонентін орнату керек. Осы компоненттің үстіне тышқанның оң жақ батырмасын шертіп, NewPage командасын орындау керек.

Сұхбат терезелерді шығару

Ол үшін ShowMessage (‘привет’)

Сұхбат терезелерді шығару

Сұхбат терезелерді шығару үшін MessageDlg функциясы қолданылады.

Жазу форматы:

MessageDlg(‘сообщение’, Т, К, Х) ;

Т - сұхбат терезесінің типі, келесідей мәндерді қабылдай алады:

mtWarning

mtInformation

mtConfirmation

mtError

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
C бағдарламасы бойынша практикум құру
Микрокредит мекемесіндегі кредит менеджерінің ажо жетілдіру
Құжат алмасу жүйесінің негізгі моделі
АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕНІ ӘЗІРЛЕУ
Шикізатты ұнтақтау қондырғысының автоматты басқару жүйесін жобалау
Жолаушыларды тасымалдауды ұйымдастыру
Электронды сабақ журналы
Бейнелерді тану мен компьютерлік көрудің классикалық әдістері
Ректификаттау колонналарының конструкциясы
Windows операциялық жүйесінде Win32API функцияларын пайдаланып Assembler тілінде бағдарламалау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz