80-ЖЫЛДАРДАРЫ АҚШ ЭКОНОМИКАСЫ
ЖОСПАР
80-ЖЫЛДАР ЖӘНЕ ОДАН ӘРІ ҚАРАЙ 2
КОНСЕРВАТИЗМ ЖӘНЕ РОНАЛЬД РЕЙГАННЫҢ ШАРЫҚТАУЫ 4
Рейган 5
80-ЖЫЛДАРДАРЫ АҚШ ЭКОНОМИКАСЫ 6
ИРАН-КОНТРА МЕН ҚАРА ДҮЙСЕНБІ 11
ДЖОРДЖ БУШТЫҢ ПРЕЗИДЕНТТІК ҚҰРУЫ 12
БЮДЖЕТ ПЕН ДЕФИЦИТ 13
АҚШ-тың СЫРТҚЫ САЯСАТЫ 15
ҚЫРҒИ-ҚАБАҚ СОҒЫСТЫҢ АЯҚТАЛУЫ 16
XXI ҒАСЫРДЫҢ ТАБАЛДЫРЫҒЫНДА 18
Қолданылған әдебиеттер тізімі 22
80-ЖЫЛДАР ЖӘНЕ ОДАН ӘРІ ҚАРАЙ
Америка қауымында 80-жылдардан көп бұрын, басталған өзгерістер XX
ғасырдың соңғы онжылдығының, алдындағы онжылдықта бетке таңба басқандай
айқын көрінеді. Халық құрамында, оның жұмыстары мен кәсіптік бағыт-
бағдарларында ірі өзгерістер болды.
Экономикада қызмет көрсету саласының басымдылық құрғаны айтыс
туғызбады. 80-жылдардың ортасына қарай онда бар жұмыс істеп жүргендердің
34 жұмыс істеді. Олардың ішінде мемлекеттік, кеңес және сауда
қызметкерлері, дәрігерлер мен басқа медицина қызметкерлері, адвокаттар мен
банкирлер болды.
Қызмет көрсету саласының өсуіне жалпының қолына бірдей тиген
компьютерлерді жаппай қолдану да себеп болды. Жаңа есептеу техникасының
көмегімен экономикалық және әлеуметтік процестер туралы бұрын-соңды тіпті
ойға кіріп-шықпайтын мәліметтерді алуға болған информация ғасыры орнады.
Тұрмыс және өндірісте миллиондаған кіші компьютерлер тарап кетті. Олар
1982 жылы Тайм журналында жыл машинасы деп аталды. Американдықтардың
тұрмысына компьютер, қызмет көрсету саласына қарағанда тезірек кірді. 70-
жылдарда колледжді тастап кеткен екі жас жігіт Стивен П. Джобс пен Стивен
Возняк ата-аналарының гаражында электроникамен тәжірибелер жүргізді. Олар
дербес компьютер — өндірістік мақсатқа қолданғаннан жеке қолдануға
ыңғайлырақ кішкентай аппарат жасап шығарып, жетістікке жетті. 1976 ж. Джобс
пен Возняк Эпл компьютер инкорпорейтед фирмасын құрды. Ол бірнеше
жылдардан кейін АҚШ электрондық өнеркәсібінің көш басшысына айналды. Сол
уақытта түтін мұржаларының индустриясы — болат құю мен тоқыма салалары
бұрынғы маңызды орындарынан айырылды.
АҚШ-тың автомобиль өнеркәсібі 60—70 жылдары кезінде Құрама Штаттарда
филиалдарын ашып жатқан жоғары өнімді жапондық фирмалар Тойота, Хонда
мен Ниссан-дардың бәсекелестігінен зардап шекті. 1980 ж. қарай америка
нарығына келіп түскен әрбір 4-автомобиль жапондық болып келді. Тек 80-
жылдардың соңы 90 жылдардың басында Форд сияқты американдық концерндер
жапондықтарға қарағанда жақсырақ және арзанырақ автомобильдер шығарып,
соңғыларды АҚШ нарығынан ығыстырды. Басқа салаларда, мысалы компьютерлер
шығаруда болғандағыдай олардың тасқынды бәсекелесінен американдық сатып
алушылар ұтса, бағалардың төмендеуі теріс әсер етті — автомобиль жасаудағы
мыңдаған жұмыс орындарының жойылуына тап болды.
Өзгерістер елдің халқының құрамында да жүрді. 1946—1964 жылдардағы
шудан кейін табиғи өсім кеми бастады да, халықтың өсуі бәсеңдеді және
ересектердің есейген топтарының көбею тенденциясы пайда болды, 1980 ж.
қарай үй иелерінің арасындағы отбасы саны азайды — бірге тұрып жатқандардың
(екіден немесе оданда көп) төрттен бір бөлігі туысқандық қатынаста
болмады.
Халық құрамына қоныс аударушылардың жаңа толқыны да әсер етті. 1965
жылы реформа қоныс аудару саясатын өзгертті, нәтижесінде Азия мен Латын
Америкасынан көшіп келушілердің саны күрт өзгерді. Вьетнамдағы соғыс
біткенде, Құрама Штаттарға елден көп қашқындар келіп қоныстанды. 1980 жылы
онда 808 мың адам 1920 жылдан кейінгі қоныстанушылар ең жоғарғы саны көшіп
барды. АҚШ қайтадан бүкіл дүние жүзі адамдары үшін паналайтын қоныс болды.
80-жылдарға азаматтық теңдік үшін күрескерлердің белсенділері болып
бұрынғыларға қарағанда мүлдем басқа топтар, мысалы гомосексуалистер
шықты. Олар азаматтық әрекеттер тактикасын таңдады, әдеттегідей олардың
саяси ықпалы сәтті болды. 1975 ж. АҚШ-тың Азаматтық қызмет туралы
комиссиясы гомосексуалистерді жұмысқа алуға салған тыйымды жойды да,
бірқатар штаттарда олардың теңсіздігіне тыйым салатын заңдар қабылданды.
Кейіннен олардың қозғалысында келеңсіздіктер пайда болып, сексуальдық
азшылыққа жол берумен қоса оларға деген дұшпандық көзқарастар қайтадан шыға
бастады.
1981 жылы медиктер СПИД-тің — адамның иммундық жүйесін зақымдайтын,
өлтіретін аурудың вирусын тапты. СПИД жыныстық жолмен немесе қан арқылы
берілді, Құрама Штаттарда онымен ең бірінші болып гомосексуалистер мен күре
тамыр ішіне инфекция жасайтын нашарқорлар ауырды. Қалған тұрғындар да солар
сияқты ауырып қалуы мүмкін еді. 1992 ж. қарай СПИД-тен 150 мың американдық
қайтыс болды (есептелген цифр), СПИД эпидемиясы Құрама Штаттармен ғана
шектеліп қоймады. Бүкіл әлемнің медиктері онымен күресуге күштерін
жұмылдырды. Американдық және француздық ғалымдардың ең алғашқы жетістіктері
СПИД вирусын бөліп шығару мен қан түзетін жүйені қорғауды байқап көруі
болды.
КОНСЕРВАТИЗМ ЖӘНЕ РОНАЛЬД РЕЙГАННЫҢ ШАРЫҚТАУЫ
60—70 жылдардың қолайсыз экономикалық әлеуметтік және саяси
тенденциялары, қылмыстың өсуі мен көптеген қалалардағы нәсілдік антогонизм,
ал президент Картер кезіндегі экономикадан құлдырау мен инфляция көптеген
американдықтарды түңілтті. Олардың үкіметке, оның баяғыда пісіп жетілген
әлеуметтік-экономикалық мәселелердi шешуге деген қабілетіне сенімсіздігі
ілгері өсті.
Көптен бері федералды деңгейде елді басқармаған консерваторлар бұл
көңіл-күйлерді өз пайдасына аударуға даяр болды. Американдықтарға олардың
үкімет өкілдігін шектеу концепциясы, АҚШ-тың қорғаныс қабілетін арттыру
ойлары мен олар қазіргі қоғамға тән хаос пен бәрін жасау мүмкінділігі деп
санаған қауіптен дәстүрлі құндылықты қорғау керек деп санағандығы қатты
ұнады.
Бұл консерватизмнің ұлғаюы көптеген себептерге ие болды. 80-жылдарда
дін ұйымдарының белсенділігі мен ықпалы артты. Осылай Библия догматтарына
сенімдері мол ортодоксальды көңіл-күйде болған христиандар есірткілерді
қабылдау көп әсерін тигізген қылмыстың өсуімен өнегеліліктің құлдырауына
қатты абыржыды.
Рейган
Иллинойс штатында туған ол саясатшы болмай тұрып-ақ кино мен
телевидениеге түсумен белгілі болды. 1964 ж. ол Голдуотерді жақтап сөйлеген
теледидардағы сөзімен бүкіл АҚІІІ-қа өзін белгілі етті.
Калифорния губернаторы орнында 1967—1975 жылдары екі мерзім қызмет
еткен ол 1976 ж. республикандық партиядан президенттікке кандидат болып
шығуға аздаған ғана дауыс жинай алмай қалды. 1980 ж. сайлауда ол Джимми
Картерді жеңді, ал 1984 жылы Картер жанында вице-президент болған Уолтер
Мондейлді басым көпшілік дауыспен жеңіліске ұшыратты.
Шексіз оптимизм мен америка халқының жетістіктері мен ойларын мадақтау
қасиеті оның екі мерзім президенттік құрған кезінде Рейганнан алшақ кеткен
жоқ, көпшіліктің көз алдында ол сенімділіктің; тұрақтылықтың бейнесі
ретінде көрінді, ойланбаған мәлімдемелер жасауға бейімділігіне қарамастан
Рейган теледидар арқылы тамаша сөз сөйлейтін де оны осы қасиеті үшін ұлы
телехабарлағыш деп атап кетті. 60-жылдарға дейін саясатпен айналыспаса да,
оны кино және телекөрермендер жақсы есте сақтап қалды. Ол АҚШ президенті
болғанда, елді басқарған тартымды және әйгілі адам — Дуайт Эйзенхауэр
кезіндегі 50-жылдардың гүлденуі мен салыстырмалы әлеуметтік тұрақтылығын
американдықтардың есіне түсірді.
Рейган Құрама Штаттардағы әр адам өз жеке істерінің арқасында
жетістіктерге жете алады деп сеніп, мемлекет адамдар үшін көп нәрсе жасап
отыр деп дәлелдеді. Ол керек емес және шығындар, алдау мен қиянат
жасаушылықты тудырады деп санаған әлеуметтік бағдарламаларды қысқартқысы
немесе тіпті жойғысы келді. Ол мемлекет мәселелерді шешпейді, оның өзі
мәселе деуден жалықпады. Президенттік құрған жылдары Рейган Картерге
қарағанда мемлекеттік реттеуді көбірек қысқартты. Осылайша ол қазіргі
жағдайда тиімсіз, қымбат және істегі белсенділіктің артуына кедергі жасайды
деп санап, үкіметтік бақылаудан тұтыну, еңбекке орналастыру және қоршаған
ортаны қорғау салаларын шығарды.
80-ЖЫЛДАРДАРЫ АҚШ ЭКОНОМИКАСЫ
80-жылдардың басында Құрама Штаттар 30-жылдардан кейінгі өндірістің ең
терең құлдырауын бастан кешіп жатты. Экономикалық өсу толығымен дерлік
тоқтады.
1982 жылы нақты Жалпы ұлттық өнім (ЖҰӨ) 2,5%-ке кеміді, ал жұмыссыздық
нормасы 10%-тен асып, өнеркәсіптік потенциалдың үштен бірі толық жұмыс
істемеді. Жағдай энергетикалық дағдарыспен тереңдедiк Вьетнамдағы соғыс
кеселдері де әсер етпей қоймады — ҒЗҚТЖ-на жұмсалатын федералды шығындар
коммерциялық істерге емес, соғыс ісінің пайдасына қарай қайта бөлінді. Бұл
салада АҚШ ГФР мен Жапониядан қалып қойды. АҚШ-та өнім өндірісі төмендеген
сайын аталмыш елдермен басқа елдердің әлемдік саудадағы үлестері артты,
американдықтар көптеген импорттық заттарды тұтына бастады. 1981 жылы Рейган
әкімшілігі экономикалық стагнация проблемасына, инфляцияның өсуіне және
проценттік алымдардың шектен тыс өсуіне ұшырады.
Ішкі қайта құру бағдарламасы Рейганның жеке секторға еркіндік берсе
ғана ел гүлденіп дами бастайды деген сеніміне негізделді. Экономикалық өсу
негізінен түрлі заттар мен қызметтің ұсынысына бағынышты деген теорияға
негізделгін ұсынатын экономиканың жақтаушысы Рейган, қаржы жинау мен
қаржы салуды ынталандыру үшін салықтарды төмендетуге тырысты. Бұл мектептің
экономистерінің ойынша салықтарды төмендету қаржы салу мен жалақыны
өсіреді, сонымен қоса мемлекеттік табыс — салықтан алынатын ақша арқылы
көбейеді. Өкілдер палатасында демократтар көбірек, ал сенатта
республикандықтар сәл ғана басым болды, өкімет басында бірінші жыл
тұрғанның өзінде-ақ Рейганға өз бағдарламасының негізгі баптарын
заңдастырудың сәті түсті. Бұның ішінде азаматтардан алынатын салықты үш
жыл бойы 25%-ке төмендету де болды.
Сонымен қоса Рейган әкімшілігі қаруларды қазіргі тілектерге сай
өзгертуге жұмсалатын шығындарды едәуір үлкейтуге қолдарын жеткіздi. Тіпті
әлеуметтік қажеттілікке кеткен шығындарды қысқартқанның өзінде-ақ әскери
бюджет төмендетілiп салықтар жағдайында да мемлекеттік шығындардың
кірістен асып кетуіне әкеп соқты. 1982 жылы федералдық бюджеттің дефициті
100 миллиард доллардан асып кетті.
Жұмыссыздықтың орташа жылдық нормасы 10 проценттен азғана кем болды,
алайда кейбір айларда әртүрлі салаларда одан да қатты әсер етуі мүмкін
еді.
Ғылыми-зерттеу және конструкторлық-тәжірибе жұмыстар ол президенттік
құрған кезінде бұл сан үш есе кем еді. 1988 жылға қарай АҚШ-тың мемлекеттік
қарызы 2,3 триллион доллар болып рекордтық мөлшерге жетті.
Құлдырау экономиканың барлық салаларын қамтыды, 1981—1982 жылдары
банкрот болып қалушылықтың саны 50%-ке өсті. Орталық Батыста Дженерал
электрик пен Интернэшнл харвестр сияқты ірі фирмалар жұмысшыларын
жұмыстан шығара бастады. Күнгей белдіктің штаттары біршама уақыт
экономикалық саулықта болды, бірақ көп ұзамай стагнация оларда да басталды.
Қиын кезеңді ауылшаруашылығы басынан кешіріп жатты. Фермерлердің
санының азайтуымен өндіріс аздаған адамдардың қолына жинала бастады. Азық-
түліктің жетіспеушілігінен зардап шегіп жатқан Индияға, Қытайға, КСРО-ға
және т. б. елдерге көмектесіп жүріп американдық фермерлер қосалқы жерлерді
сатып алу мен өндірісті кеңейту үшін қарызға белшесінен батты. Осыдан кейін
болған мұнайға баға көтерілуі олардың шығындарын көбейтті, ал 1980 ж.
әлемдік экономикалық құлдырау ауыл шаруашылық өнімдеріне сұранысты азайтты.
Нәтижесінде фермерлердің жағдайы қиындай түсті.
Алайда 1982 ж. дағдарыс мұнай бағасының төмендеуімен бірге жүрдi. Осы
жағдай АҚШ-қа Картер кезінде басталған шоқырақтап шауып бара жатқан
инфляцияны жүгендеуге мүмкіндік берді. 1983 жылдың соңына қарай бірқатар
салалардағы жағдай жақсарды, ал 1984 жылдың алғашқы айларында олар жандана
бастады. АҚШ екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі ең ұзақ экономикалық
көтерілудің кезеңіне енді. Жапония Америкаға өз автомобильдерін
экспорттауды шектеуге келісті. Федералдық салықты төмендету тұтынуды
жақсартып, ол құнды қағаздар нарығына қолайлы әсер етті. 1983— 1987 жж.
нақты ЖҰӨ орташа санағанда жақсы 4,2%-ке өсті, ал инфляция болса ол
соғыстан кейінгі онжылдықтардағы ең төмен көрсеткіш 2% аспаған 1986 жылды
қоспағанда 3—5% деңгейінде сақталды. ЖҰО 1980— 1987 жылдар аралығында 60%
өсті, ал 1982—1987 жылдары елде 13 миллионнан астам жаңа жұмыс орындары
пайда болды.
Салықтарды біртіндеп төмендете отырып, Рейган 75 жыл ішіндегі ең
тиянақты салық реформасын жүргізді.
Президенттік құрылуының екінші мерзімінде істелген бұл қадам
республикандықтардың да, демократтардың да кең қолдауын тапты. Табыс
салығының мөлшері төмендетілді, салық алынатын кірістер торабы реттелді,
оны төлеуден қашу мүмкіндіктері жойылды. Бұл өзі табыс табатын
американдықтар үшін әділ салық саясатын жүргізу мүмкіндігін берді. Алайда
күрделі мәселелер әлі де бар еді. Жалпы экономикалық жағдайдың жақсаруы
нағыз кедейлерге көмектеспеді. 1986 мен 1988 жылдардағы қуаңшылық
фермерлерді одан сайын күйзелтті. Федералдық бюджеттің дефициті 1980 жылғы
14 миллиард доллардан 1986 ж. 221 миллиардқа өсті, бірақ та бір жыл өткен
соң 150 миллиардқа қысқарды. 1987 ж. соңындағы биржалық күйреу экономиканың
тұрақтылығына күмән келтірді.
Оңтүстік Африка Республикасы АҚШ-тың конструктивті міндеттеме атты
тегеурінсіз саясат арқылы нәсілдік апартеидтің құлауын тездетуге тырысқан
қимылдарына назар аударған жоқ. 1986 ж. бұл мәселеден ешқандай нәтиже
көрмеген конгресс президенттің тыйым салуының күшін қайта дауыс берумен
жойып, ОАР-на экономикалық санкция қолданды. Кейбір американдық компаниялар
оңтүстік африкалық акциялардан бас тартты. Тек 1988 ж. желтоқсанында,
Рейганның президент билігінің соңғы апталарында, Намибия мәселесін шешуде
АҚШ-тың Африканың оңтүстігінде жүргізген шыдамды делдалдық саясаты
жетістікке жетті. ОАР, Ангола және Куба қол қойған келіссөз Анголадан
біртіндеп кубалық әскерлерді шығаруды, осы елде демократиялық сайлауды
жүргізуді (ол 1989 ж. қарашасында өтті), сонымен қоса тәуелсіз республика
деп жарияланған Намибиядан ОАР әскерлерін шығаруды көздеді.
Бүкіл антикоммунистік сөздеріне қарамастан Рейган АҚШ әскерлерін елден
сырт жерлерде қолдануды шектеді. 1983 ж. 25 қазанында американдық теңіз
жаяу әскерлері көрші елдердің өтініші бойынша Кариб теңізіндегі Гренада
аралшығына түсті. Бұл операция марксистік бағытта болған өз партиясының
мүшелерімен Гренаданың премьер-министрі өлтірілгеннен кейін жасалды. Ұзаққа
созылмаған шайқастан кейін американдықтар жүздеген кубиндік әскери
қызметкерлер мен құрылысшыларды тұтқынға алды және кеңес елінде өндірілген
қарулардың құпия қоймасын басып алды. 1983 жылдың желтоқсанында американдық
бөлімшелер Гренаданы тастап кетті де, келесі жылы онда демократиялық
сайлаулар өтті.
Алайда билік басында батысшыл бағытта болған Ливан өкіметін сақтап
қалғысы келген АҚШ үкіметінің әскери акциясы қайғылы аяқталды. Террористер
жасаған жарылыстан 241 теңіз жаяу әскері қаза тапты. 1986 ж. сәуірінде
ливиялықтардың Еуропадағы американдық әскерлерге жасаған қастандықтарына
кек ретінде АҚШ-тың авиациясы мен әскери кемелері Триполи мен Бенгазиді
(Ливия) атқылады.
Парсы шығанағында АҚШ Иранның Иракпен ұзаққа созылған соғысы кезінде
мұнайды теңізбен тасымалдауды жауып тастағысы келген әрекеттеріне қарсы
тұрды.
Куба әскерлері Анголаға 1975 ж. қарашасында ұлт-азаттық күштердің
басшыларының өтінішімен Анголаға басып алынған Намибия территориясынан
кірген ОАР әскерлерінің шабуылдарын тойтару үшін енгізілді. 1989 ж. дейін
Ангола кеңес-кубиндік ықпал ету аймағында қала берді.
Қеңестер Одағымен қатынастарда Рейган күштің көмегімен жасалатын
бейбітшілік саясатын жүргізді. Қырғи-қабақ соғыс кезінде өскен ол
жауыздық империясы деп атаған елге қарсы тұруға берік шешімде еді. Екі ел
арасындағы шиеленіске екі фактор себеп болды: Польшада 1981 жылдың
желтоқсанында Ынтымақтастық қозғалысын (1) басу және кенестік
истребительмен бағыттан шатасқан № 007-рейсті атқарып келе жатқан оңтүстік
кореялық жолаушы авиалайнерін 1983 жылдың 1 қыркүйегінде атып түсіруі
болды. Сонымен қоса Құрама Штаттар Ауғанстандағы кеңес басқыншылығын да
кінәлап, қарсыластық жауынгерлері — моджахедтерге көмектесті. Рейганның
президентігінің бірінші мерзімінде ракетаға қарсы қорғаныс жүйелерін
жасауға қыруар қаржы жіберілді. 1983 ж. 23-наурызында Рейган оньщ билік
құрған мерзіміндегі ең қызу айтыстарды тудырған шешімді қабылдады: Ол —
Стратегиялық қорғаныс инициативасы (СОИ) атты зерттеулік бағдарлама
алдыңғы қатарлы соғыс технологиясын, атап айтқанда, ғарыштан баллистикалық
ядролық ракеталардан қорғай алатын лазерлі және шоғырлы қаруларды тексеру
үшін (1) жүргізу туралы шешім. Көптеген ғалымдар оның бола қоятынына күмән
келтірсе де, экономистер оның қымбат бағасы көрсетсе де, Рейган әкімшілігі
оны жүзеге асыруға бар пәрменімен тырысты.
1984 ж. сайлаудан кейін Рейган қаруларды бақылау жөніндегі өзінің
бұрынғы қатал позициясын жұмсартты. 1985 жылдың қарашасында ол жаңа кеңес
басшысы Михаил Горбачевпен Женевада кездесті. Олар стратегиялық шабуыл қару-
жарақтарын 50%-ке қысқарту және орташа радиуста әсер ететін ракеталар
(РСРД) туралы аралық келісімдер жасау үшін бірқатар келіссөздер жүргізуге
уәделесті. 1987 жылдың желтоқсанында ол ракеталар турасында келісімге қол
қойды. Бұл құжат қаруланудың осы түрін жоюды көздеді. Стратегиялық ядролық
қарулануды қысқарту туралы келісімдер, СОИ жөніндегі сияқты, онша сәтті
болмады.
Егер СОИ рейгандық әкіншіліктің өзіне де қиын шешілетін мәселе болса,
басқа ғарыштық бағдарламалардың келешегі бар болып шықты. 70-жылдары
американдықтардың ғарышты игеруге деген қызығушылығы төмендеді, бірақ 1981
ж. бірінші рет адам басқаратын көп мәрте қолдануға арналған Колумбия
космос кемесі жер айналасындағы орбитаға шығарылғанда ол қайта өсті. 1981
—1985 ж. Шатл деп аталынған осы үлгідегі кемелердің ұшырылуы, оларды
қолданудың кең мүмкіндіктерін ашты: орбитада жүріп астронавтар тәжірибелер
жүргізе алды, суретке түсірді, сонымен қоса әртүрлі ғарыштық аппараттарды
іске қосып, ашық аспанға шығарып, қайта оралтып, жөндеп алды. Алайда 1986
жылдың қаңтарында қайғылы жағдай болды — жерден көтерілгенінен кейін 73
секунд өткен соң, Челленджер кемесі жарылып кетті, 6 астронавт және
бірінші ғарыш жолаушысы болғысы келген мектеп мұғалимасы қаза тапты.
Ғарыштық (НАСА) ақауларды жою кезеңінде Шатлдардың ұшырылуы аздап
токтатылды. 1988 ж. соңында жаңа Шатл — Дискаверидің — ұшырылуы жүзеге
асырылды, бірақ бұның алдында оның қозғалту және компьютерлік жүйелеріне
300-ден астам түзетулер енгізілді.
ИРАН-КОНТРА МЕН ҚАРА ДҮЙСЕНБІ
Рейганның әкімшілігі сыртқы саясаттағы ең маңызды мәселеге оның
президенттігінің екінші мерзімінің соңына кездесті. 1987 ж.
американдықтарға өз елінің үкіметтері ирандық басшы Хомейниге бағынышты
Ливандағы экстремистік ұйымның қолына түскен тұтқындалған американдықтарды
босату үшін Иранға құпия түрде қару-жарақ сатқандығы белгілі болды. Сонымен
қоса тергеулер кезінде қару сатудан түскен қаржылар конгресс оларға әскери
көмекті көрсетуге тыйым салған уақытта никарагуандық контрастарға
берілгені айқындалды.
Сенаттың және өкілдер палатасының біріккен комиссиясында Иран-контра
ісінің тыңдалуы кезінде Иранға қару сатудың заңдылығымен қоса АҚШ-тың Таяу-
Шығыс пен Орталық Америкадағы сыртқы саясаттық мүдделері де талқыланды.
Жалпы алғанда Иран-контра ісі, атышулы 1972 жылдағы Уотергейт ісі
сияқты негізгі мәселелерді — азаматтардың заң шығарушы және атқарушы
өкіметтердің арасындағы қатынастар туралы хабардар болу құқын қозғады. (1)
1987 ж. 19 қазанында Құрама Штаттар экономикалық күйзелісті басынан
кешірді. Бұл қара дүйсенбіде Уолл-стрит биржасындағы құнды қағаздардың
бағалары 22%-ке түсті. Бұл жағдай 1929 ж. аңызға айналған биржалық күйреу
мен одан кейін болған 30-жылдардағы ұлы депрессияны еске түсірді. 1987 ж.
күйзелістің себебі акция иелерінің АҚШ-тың сыртқы саудасының және
федералдық бюджет дефицитінін, жағдайына аландағандығынан болды. Осыған
байланысты бағдарлама бойынша сауда жасаумен ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz