Экстремизм және терроризм: түрлері, айырмашылығы



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
Экстремизм және терроризм: түрлері, айырмашылығы

БҰҰ- ның сарапшыларының ойынша, әдетте террористік актілер алдында
қарсылық пен конфликттің кіші күш көрсету формалары болады. Бірақ қазіргі
кезеңде оны ертерек алдын-алу жүйесі жоқ болып отыр. Бұның негізгі себебі
"экстремизм" мен "терроризм" түсінігінің халықаралық және ұлттық дәрежеде
бір-бірінен анық шектелмеуі болып табылады
Мына жағдайды ерекше атап өтуге болады, себебі саясаткерлер мен
ғалымдар кейбір себептерге байланысты заңға сәйкес күш көрсетуге қатысты
тұлғаларды ренжітпеуге тырысып, оларды "террорист" емес, "экстремист" деп
атауды ұнатады.
Экстремизм сөзі - француздың extrеmіsme және латынның extremіs -
ақырғы шегі, “төтенше шара” деген сөздің мағынасын білдіреді, яғни саясат
пен идеологиядағы іс-әрекет пен көзқарастардың ақырғы шегі деген сөз.
Орыс тілі сөздігінің авторы С.И. Ожеговтың анықтауы бойынша экстремизм-
"төтенше шаралар мен көзқарастардың жолын ұстану" (Әдетте, саясатта). [1]
Қысқа саяси сөздікте "экстремизм - бұл төтенше шаралар мен
көзқарастарды ұстану, яғни саяси мағынада мәселелерді шешуге ұмтылу, барлық
күш көрсету мен террордың түрлерін қоса отырып барып тұрған радикальдық
әдістерді қолдану арқылы алға қойған мақсатқа жету болып табылады.[2] Саяси
экстремизм әртүрлі идеологиялық бағытта, мысалы, фашистік, коммунистік,
сепаратистік т.б. және сыртқы, ішкі саясат,ұлттық қатынастар салаларында
байқалуы мүмкін. Сондықтан, аталғандарды сараптай келе, экстремизмге
мынадай түсініктеме беруге болады.
Экстремизм әлеуметтік-саяси құбылыс ретінде саяси күрестің бір формасы
болып табылады, ол қалыптасқан мемлекеттік, қоғамдық институттар мен
құрылымдарды мойындамаумен, сонымен қатар өзінің билікке ұмтылу мақсатында,
оның тұрақтылығын жоюмен сипатталады. Ал терроризм-ұлттық, діни, саяси
экстремизмнің барлық күштері үшін билікке жетудің қылмыстық күш көрсету
әдісі болып табылады.

Экстремистер өз іс-әрекеттерінде әртүрлі әдістерді қолдануы мүмкін:
айқын күш көрсетпеу - оның ішінде үгіт-насихат жүргізу, жиналыста немесе
баспасөз ақпарат құралдарында сөз сөйлеуі және т.б; әртүрлі дәрежедегі күш
көрсету (жаппай тәртіпсіздікті ұйымдастыру, азаматтық бағынбаушылыққа
шақыру, террористік актіге соғыс кезіндегі партизандық әдістерді қолдану
және т.б.)

Халықаралық тұрғыдан экстремизмге бірінші рет берілген анықтама
15.06.2001 жылы қабылданған, Терроризм, сепаратизм және экстремизммен
күрес туралы Шанхай конвенциясында көрсетілген. Онда экстремизм былай
деп көрсетіледі: Билікті күш көрсету арқылы ұстау, мемлекеттің
конституциялық құрылысын өзгерту, қоғамдық қауіпсіздікке күштеп қол сұғу,
сонымен қатар жоғарыда көрсетілген мақсаттар үшін заңсыз әскери құрамалар
ұйымдастыру немесе соларға қатысу.[3]

Өкінішке орай Қазақстанның ұлттық заң саласында экстремизмге анықтама
берілмеген. Ю.И. Авдеев терроризмді экстремизмнің басқа да түрлерінен бөліп
қарай отырып, оның ерекше саяси-қоғамдық құбылыс екендігінің мәнін
білдіртіп және бірқатар белгілерін көрсете отырып,[4] бірақ оның
экстремизмнен ерекшеленбейтіндігін көрсетеді, яғни экстремизм әлеуметтік-
саяси феномен ретінде саяси күрестің соңғы формасының жиынтығы болып
табылады дейді. Бұдан басқа Ю.И. Авдеевтің берген анықтамасында
терроризмнің стратегиялық жағына емес, тактикалық жағына көбірек көңіл
бөлінеді, ал экстремизмді стратегиялық құбылысқа жатқызады.

Профессор А.Е. Жалинскийдің байқауынша Терроризм туралы біз ең
алдымен нені анықтауымыз қажет. Терроризм түсінігін мына жағдайлар бойынша
шектеу керек сияқты, яғни бұл күштеу іс-әрекеттерінің негізінде қалыптасқан
тәртіпті өзгертуге ұмтылып жатыр. Осыған байланысты А.Е. Жалинский
мемлекеттік және экстремистік терроризмге бөлуді ұсынады.[5]

Бірақ терроризмнің анықтамасының өзі заңды ретінде талас тудырады.
Тап осы жағдайда экстремизм мен терроризмнің ара қатынасы нақты емес, сол
сияқты террористік саясатқа қатысушы мемлекеттік және мемлекеттік емес
субъектілер де нақты емес.
Қолданылып отырған заң жүйесінде мынадай негізгі дефинициялар -
саяси экстремизм, экстремистік бағыттағы қоғамдық ұйым, деструктивті
діни ұйым және саяси, діни экстремизмге қарсы тұру үшін билік органдарының
іс-әрекетін келістіру мен белсенділігін арттыру үшін қажетті юридикалық
түсініктер жоқ.
Б.К.Мартыненко экстремизмнің әртүрлі формаларына байланысты оны саяси
(қалыптасқан мемлекеттік құрылымды жоюға бағытталған және тоталитарлық
сол немесе оң диктатура орнату), ұлттық (өзінің ұлтын қорғау және
оның құқықтары мен мүдделерін, тілін, және мәдениетін қорғау), ұлтшыл
(мемлекеттен бөлінуге ұмтылу), діни (әртүрлі конфессияның өкілдерімен
есептеспеушілік) деп бөледі.[6]
С.Н. Еникополов террористік қозғалыстың ерекшеліктерін бөлу маңызды
деп, ол террористік қозғалысты үш негізгі бағытқа бөлді: а) ұлттық, ә) діни
терроризм, б) өз еліндегі үкіметке қарсы күрес.[7]
Терроризм және экстремизімнің айырмашылығын анықтау мәселесіне
терроризмді жіктеудің қиыншылығы тікелей қатысты. В.И. Замковой мен
М.З.Ильчиков Ресейдің құқықтық әдебиетінде оның жіктелуінің кең түрін
ұсынады. Олар терроризмді революциялық және контреволюциялық, әскери және
криминалды, тағы басқа деп бөледі.[8]
Бұдан басқа Ресей зерттеушілері терроризмді келесі түрлерге бөледі:
саяси, ұлтшыл, әуе, халықаралық, идеологиялық, этникалық, діни, жеке
тұлғалық, мемлекеттік, ұлттық, әскери, криминалды және т.б. С.А. Эфиров
терроризмді – мемлекеттік террор; неофашистік; ультра оңшыл; ультра солшыл;
сонымен қатар сепаратистік деген түрлерге бөледі.[9]
Халықаралық - құқықтық құжаттар мен басқа да нормативтік актілерге
сүйене отырып, Г.М. Миньковский және В.П. Ревин терроризмді былай жіктейді:
мемлекеттік терроризм (бір мемлекеттің екінші мемлекетке қарсы террористік
актіні ұйымдастыруы немесе қолдауы), халықаралық, ішкі мемлекеттік
терроризм, діни.[10]
Терроризмді зерттеуші француз ғалымы Л.Диспо Террор машинасы
кітабында терроризмді оппозициялық оңшыл терроризм, мемлекеттік солшыл,
мемлекеттік оңшыл терроризм, оппозициялық солшыл деп жіктейді.[11]
Көріп отырғанымыздай, жіктелудің көп болуының ерекшеленуінің себебі,
көп жағдайда бір-бірімен сәйкес келмейтін ұғымдардың бір қатарда болуы. Ал
терроризм табиғатының көп қырлылығының түрлі негіздерде болуынан оның әр
түрлілігінің өте көп мөлшерін бөліп шығаруға болады. Бірақ негізінен бұл
молшылық терроризмнің әлеуметтік-саяси құбылыс екендігінің спецификалық
белгісін немесе тек соған қатысты криминологиялық ерекшеліктерін
көрсетпейді, тек қоғам өмірінің көптеген басқа құбылыстарының жалпылығын
көрсетеді.
Жоғарыда көрсетілгендей көптеген ұсынылған анықтамалар идеялық мотив
бойынша терроризмнің әр түрлі мінездемесімен байланысты терроризмнің әрі
экстремизмнің бірыңғай белгісін көрсетеді. Сондықтан терроризмнің мәні мен
оған қарсы әрекет ететін әдістерді спецификалы түсінуде ешқандай да жаәалық
әкелмейді. Е. Г.Ляхов пен А.В.Попов жеке тұлғалы және мемлекеттік
терроризмнен басқа әскери және бейбітшілік, революциялық және репрессивті,
саяси мен жалпы қылмыстық терроризмді бөледі.[12]
Б.К.Мартыненко бар классификациялардық жалпы белгілері бойынша бір
жүйеге келтіру үшін терроризмді түрлеріне қарай – халықаралық және ішкі;
типтеріне қарай – әлеуметтік, ұлтшыл, діни, оңшыл немесе солшыл;
формасы бойынша – саяси, қылмыстық, ақпараттық, психологиялық және т.б.
бөледі. Бұдан басқа террористік топтар мен ұйымдарды көздеген мақсатына
қарай - саяси-әлеуметтік, ұлт-азаттық, сепаратистік, діни жағынан шектеп
бөлуге болады дейді.[13]
Бірақ жоғарыда айтылған көптеген категориялар экстремизмнің жіктелуін
қайталайды немесе кез-келген терроризм өзінің табиғаты бойынша
психологиялық әсер ететін саяси кѕрестіә формасы болып табылады, ал
криминологиялық жағынан қылмыс ретінде бағаланады.
Сонымен терроризмге саяси-әлеуметтік мән беру оны ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Терроризм: қылмыстық-құқықтық сипаттамасы
Діни экстремизм мен терроризмнің саяси-әлеуметтік негіздері (Орталық Азия мемлекеттері мысалынан)
Терроризм қылмысының қылмыстық - құқықтық сипаттамасы
Ислам діні бейбітшілікті жақтайтын дін
Қазақстан Республикасы ІІМ арнайы бөлімшелерінің құқықтық жағдайы
Діни экстремизм мен терроризмнің оппозициялық биліктік сценариі
Ресейдегі ҰЛТТЫҚ ТЕРРОРИЗМ
Қазақстан Республикасындағы діни экстремизммен күресу
Тәжікстандағы Ислам терроризмі
Терроризмнің психологиясы
Пәндер