Түркия Оңтүстік - Шығыс Еуропа жерінде орналасқан мемлекеті


АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
РЕФЕРАТ
ТАҚЫРЫБЫ:
ТҮРКИЯ
ТЕКСЕРГЕН:
ОРЫНДАҒАН: АБЖАНОВА ЖҰЛДЫЗ
АЛМАТЫ-2006
ТҮРКИЯ
Түркия Батыс Азияда және ішінара Оңтүстік-Шығыс Еуропа жерінде орналасқан мемлекет. Территориясының 97% Кіші Азия (Анадолы) түбегін, 3 %-ке жуығы Еуропа ендігін (Шығыс Фракия), оңтүстік-шығыс Балқан түбегін қамтиды. солтүстік-шығысында - Иранмен, оңтүстік-батысында Иракпен, Сириямен, солтүстік-батысында Бұлғариямен және Грекиямен шекараласады. Эгей теңізінің бірнеше аралы Имроз, Бозданелла түбектері, сондай-ақ, Мартар теңізі Түркияны еуропалық және азиялық бөліктерге бөліп жатыр. Жер аумағы - 780, 6 мың шаршы км, халқы - 62, 5 млн адам. Астанасы - Анкара қаласы. Ұлттық валютасы түрік лирасы. Ресми қарым-қатынаста түрік тілі қолданылады. Әкімшілік жағынан 67 ильге (уәлаятқа) бөлінеді.
Түрік мемлекеті XIV ғасырларда Кіші Азия жерінде ұйымдасты. Оған дейін яки, ежелгі заманда және ертедегі орта ғасырларда бұл аймақ түрлі мемлекеттік бірлестіктердің - Хетт патшалығының, Мидияның, Ахемен әулеті билеген мемлекеттің, Александр Македонский державасының, Селевк әулеті билеген мемлекеттің, Понтий патшалығының, Пергамның, Римнің (Ежелгі), Византияның, Коний сұлтандығының, т. б. құрамына болды. XIV ғасырдың 20-жылдары Кіші Азияның солтүстік-батысында дербес князьдық қалыптасып, ол әулетбасы I Османның есімімен аталды.
XIV ғасырдың 20-30-жылдары осман түріктері Византияны жаулап алды. XIV ғасырдың екінші жартысында Шығыс Фракияны, Сербияны, Болғар хандығын, Фессатияны, Македонияны бағындырды. Көп кешікпей Анадолы князьдіктерінің бәрі Осман мемлекетінің қарауына кірді. XV ғасырдың 50-70 жылдары Сербияны түгелдей бағындырып, Боснияны, Мореяны, Аттиканы, Трапезунд империясын, Қырым хандығын, Валахия мен Албанияны өзіне қаратты. XVI ғасырда Осман сұлтандығы жер аумағын бұрынғыдан да кеңейте түсті. 1514-1515 жылдары Арменияны, Курдстан мен Солтүстік Месопотамияны басып алды. 1516-1517 жылдары Түркияның құрамына Сирия-Палестина, Египет, Хиджиз, 1519 жылы - Алжирдің біршама бөлігі енді. XVI ғасырда қуатты осман флоты бүкіл Жерорта теңізі бассейнін бақылап тұрды. 1550 жылдарға таман Эгей архипелагының Родос және т. б. аралдары, Триполия, Алжир Осман империясының қарауына өтті. Осы кезде ол Еуропа, Азия және Африка құрлықтарындағы даңғайыр территориясын (жалпы көлемі - шамамен 8 млн шаршы км) иеленген еді.
Осман империясының әскери әлсіздігі тұңғыш рет 1571 жылғы Лепанто шайқасында байқалды. Осы соғыста түрік флоты күйреу жеңілді. Әскери-лендік жүйе дағдарысқа ұшырап, армияның жауынгерлік қабілеті төмендей түскеніне қарамастан, Түркия өзінің шекарасын әлі де жүз жыл бойы сақтап тұрды. Бірақ, 1664 жылы Сентготхаря маңында австралиялықтар мен венгрлерден, 1683 жылы Вена түбінде поляк әскерлерінен жеңілген түрік армиясы еңсесін көтере алмады. 1683 жылы поляк королі III Янның жасақтары Австрияның және герман князьдіктерінің әскерлерімен бірлесе соққы беріп, түріктердің тоз-тозын шығарды. Осы жеңілістен соң Түркия өзінің иелігіндегі территориялардан біртіндеп айырыла бастады. 1864 жылы ұйымдасқан «қасиетті лига» (Австрия, Польша, Венеция, 1686 жылдан - Ресей) түрік жауынгерлеріне үсті-үстіне соққы беріп, империялық билік кеңістігін тарылта түсті.
Осман империясының толықтай күйреп құлау қаупі билік басындағыларды тиімді реформалық шаралар жолын таңдауға мәжбүр етті. 1789-1807 жылы билік құрған Селим III сұлтан мен оның төңірегіндегілер алғаш рет елеулі реформалық шаралар тізбегін ұсынды. Яғни, әскери жер иелігін реттеу, жаңаша, еуропаша үйретілген, тәртіпті жаяу әскер құру, армия мен флоттың қажетіне орай мануфактуралық өндірісті ұлғайту, т. б. мақсат көзделді. Бұлардың кейбіреуі ғана жүзеге асырылды. Тек 1826 жылы Махмұт II Сұлтан (1808-1839 жылы билік құрған) тұсында ғана армия қайта құрылып, мемлекеттік әкімшілік құрылып, қаржы, құқық, мәдениет саласында прогрестік шаралар кәдеге асты: ең маңыздысы, әскери-лендік жүйе жойылды. Бірақ, Махмұдтың реформалары да Осман империясын ыдыраудан құтқара алмады. Түрік сұлтандары билеп келген Арабияның едәуір бөлігі (Мекке, Мәдинемен қоса) осы кезде Египет иелігіне көшті. Сербия (1806) мен Грекия (1830) тәуелсіздік алып, Ресейдің шекарасы Прутқа дейін кеңейтілді. Түркия сыртқы, кей тұста ішкі саясатта дербестігінен айырылды. Елдің Еуропа капиталына экономикалық тәуелділігі күшейді. Осындай жағдайда Түркияның елбасылары жаңадан реформалар жүргізуге ұмтылды. 1839 жылы қлға алынған реформалық шаралар Түркия тарихында танзимат деп аталып, елдің қоғамдық-саяси тұрмысына ішінара өзгерістер енгізді. Мемлекеттік-әкімшілік басқару саласындағы әскери тәртіптің ықпалы жойылып, сот ісі жолға қойылды, түрік интеллигенциясының қалыптасуына, танзимат («жаңа») әдебиетінің пайда болуына жағдай жасады. Жаңа реформаның табысты жүруіне елдің сыртқы және ішкі саясатында қалыптасқан ахуал кедергі болды.
XIX ғасырдың соңында жас түріктер саяси күрес аренасына шықты. 1889 жылы олар «Бірлік және прогресс» атты құпия комитет құрған болатын. Негізінен, офицерлер қауымына сүйенген жас түріктер 1908 жылы қарулы көтеріліс ұйымдастырып, Абдулхамид II сұлтанды 1876 жылғы конституцияны қалпына келтіруге, парламент шақыруға мәжбүр етті.
1918 жылдың басында ағылшындар Палестина, француздар Македония майданында түрік армиясын жеңді. Іс жүзінде бұл даңқты Осман империясының ақырғы күндері болды. Түркия астанасы Стамбұл да, одақтастар әскері басып алған басқа аймақтар да Антанта елдерінің уысына түсті. Мудрос уақытша бітіміне (1918) қол қойылғаннан кейін Антантаның соғыс флоты Қара теңізге кіріп, Мосул, Киликия, Анадолы, Измир жері окупанттардың табанында қалды. Елде ұлт-азаттық қозғалыс күшейді. Түрік зиялылары, әсіресе, әскери элита өңілдері ел тәуелсіздігі мен тұтастығы үшін күрестің шынайы жалаугерлері болды. Оларды түрік ұлтшылы, елжанды офицер Мұстафа Кемал патша (Ататүрік) басқарды. Абдулхамид II сұлтан мен импералистік мемлекеттер кемалшылардың ұлы уәзірді өзгертіп, парламент шақыру жөніндегі талабын қанағаттандыруға мәжбүр болды. 1920 жылы қаңтарда Стамбұлда ашылған парламент Түркияның тәуелсіздігі декларациясын қабылдады. 1920 жылы 23 сәуірде Анкараға шақырылған Түркияның Ұлы Ұлттық Мәжілісі өзін елдегі бірден бір заңды өкімет органы ретінде жариялады. Абдулхамид III сұлтан ағылшын кемелері мен «халифат армиясын» көмекке шақырды. Антанта елдері интервенция ұйымдастырды. 1921 -1922 жылдары түрік патриоттары басқыншыларға түбегейлі тойтарыс беріп, Измир мен бүкіл Анадолы жерін жаудан азат етті. 1923 жылы 29 қазанда Түркия республика болып жарияланды. 1924-1934 жылы елдің экономика-әлеуметтік және мәдени саласында шешімтал реформалар жүзеге асырылып, оңқабыл өзгерістер орныға түсті. Шет ел концессиялары түгел дерлік жойылып және сатып алынды, ұлттық банктер құрылды, темір жол, порт құрылыстары, өнеркәсіп орындары салынды. 2-дүниежүзілік соғыс басталға кезде Түркия ағылшын-француз блогында қосылып, 1939 жылы 19 қазанда Ұлыбританиямен және Франциямен одақтасу келісімшартына қол қойды. 1940 жылы Франция тік бүкеннен кейін гитлершіл Германиямен жақындаса бастады. Ұлыбританиямен одағын сақтай отырып, 1941 жылы 18 маусымда Германиямен «Достық және шабуыл жасамау» туралы келісім-шарт жасасты. Гитлершіл Германия КСРО-ға шабуыл жасағаннан кейін Түркия өзін бейтарап ел ретінде жариялады.
2-дүниежүзілік соғыстан кейін Түркия АҚШ-пен келісім жасасты. 1952 жылы НАТО-ға, 1955 жылы СЕНТО-ға (яғни орталық келісім-шарт ұйымына қосылды) .
Табиғаты. Түркия - Кіші Азия мен Армян қыраттары шегінде жатқан таулы ел. Солтүстік және оңтүстік жағалауы шығанақты келеді. Жері батыстан шығысына қарай 160 км-ге, солтүстігінен оңтүстігіне 500-600 км-ге, ал теңізбен шектесетін жағалауы 7 мың км-ге созылған. Жері, негізінен, таулы-үстіртті. Солтүстігінен Понтий таулары (Качкар тауы, биіктігі 3937 м), оңтүстігінен Тавр тау жүйелері (биіктігі 3726), шығысында Солтүстік Тавр жоталары, ішкі бөлігін Анадолы үстірті алып жатыр. Пайдалы қазбалардан - хромит (Тавр, Батыс Понтий таулары), борат (Батыс Понтий таулары), боксит (Тавр, Понтий таулары), вольфрат, сынап, сурьма (Мендерес, Қыршехир, Батыс Понтий таулары), мыс (Понтий, Шығыс Тавр), тас көмір (Понтий таулары), мұнай (оңтүстік-шығыс), марганец, темір, қорғасын, мырыш, қоңыр көмір, магнезит, барит, асбест, флюорит, күкірт, фосфат, тас тұзы өндіріледі.
Экономикасы. Түркия - аграрлы-индустриялы ел. Халықаралық еңбек бөлінісінде ол аграрлық-шикізаттық аудан рөлін атқарды. Бүкіл темір жол көлігі, байланыс құралдары, теңіз көлігінің көбісі кредит-банк жүйесі қаражатының 3, 4-і, өңдеуші кәсіпорын өнімдерінің шамамен 1/3-і, кен өндіруші өнеркәсіптің ¾-і және елдің электр энергетикасының барлығы мемлекетке тиесілі. Егіншілік - ауыл шаруашылығының жетекші саласы. Ел аумағының 25, 5 млн га бөлігін (бүкіл территориясының 33 пайызын) егістік алып жатыр. Оның 80 %-іне дәнді дақылдар өсіріледі. Егістік алқаптың 15%-іне техникалық дақылдар (мақта, темекі, қант қызылшасы, күнжіт, зығыр) егіледі. 3, 3 млн га алапты (4, 2%) бақ пен жүзім баулары алып жатыр. Жерорта теңізі жағалауына, негізінен, жүзім, інжір, маслина, цитрусты жемістер, алма, өрік т. б., ал Қара теңіз жағалауының шығыс бөлігіне шай (жылына 200 мың т шамасында өсіріледі. Мал шаруашылығы да жақсы дамыған. Түркия - ангор ешкісінің түбітін әлемдік рынокқа жеткерушілердің бірі. Жылына шамамен 60 т жүн алынады. Бұрсы ауданында ауыл шаруашылығының ежелгі саласы - жібек тұтын өсіру сақталып қалған. Елде балық шаруашылығымен айналысатын кәсіпкерлер көп: жылына шамамен 180 мың тонна теңіз балығы ауланады. 20 млн га жерді (ел территориясының шамамен 25%-ін) орман-тоғай алып жатыр. Қылқан жапырақты ағаш түрлері: қарағай мен шырша көп өседі. Ауыл шаруашылығы соңғы кездері ел экономикасының мейлінше тез өсіп келе жатқан секторларының біріне айналған. Түркия - азық-түлік өнімдерін өндіруде дербестікке жеткен санаулы елдердің бірі. Өнім өндірудің 82% - өңдеуші өнеркәсіптің, 10%-тейі кен өндіру саласының, 7-8%-і энергетиканың үлесіне тиеді. Түркия өнеркәсібінің тарихы XIX ғасырдың соңынан басталады. Осман империясы құлар қарсаңда елді индустрияландыруға талпыныс жасалды. 1913 жылы «Өнеркәсіпті қолдау туралы» Заң қабылданды. Бірақ 1923 жылға дейін бұл салаға ешқандай инвестиция түскен жоқ, барлық қаржы әскерді асырауға жұмсалды. Тек Түркия Республикасы құрылып, саяси тәуелсіздік алғаннан кейін елді индустрияландыру жөнінде шешімді шаралар қабылданды. 1927 жылы өнеркәсіпті қолдау туралы жаңа заң қолданысқа енді. 1927-1950 жылы жалпы ұлттық өндірістегі өнеркәсіптің үлесі 20%-ке артты. 1960 жылы жоспарлы даму кезеңі басталып, үкімет мемлекеттік секторға басшылық жасауды қолға алды. Сондай-ақ, бүкіл Түркия экономикасына міндетті болып табылатын бесжылдық жоспар арқылы жеке секторларға нұсқаулар шығарды. Алғашқы үш бесжылдық кезінде жалпы ұлттық табыстағы өнеркәсіптің үлесі: 1963 - 16, 8%-ке, 1972 - 22, 7%-ке, 1977 - 23, 7%-ке артты. 1980 жылдары экономика мен өнеркәсіптегі тоқырауды жоюға арналған жаңа экономикалық бағдарлама әзірленді. Кейінірек «Қаңтардағы 24 шешім» деп аталған бұл бағдарлама елдің экономикасын қалпына келтіріп қана қойған жоқ, сондай-ақ, әлемдік экономикамен ынтымақтасуға бағытталған жаңа саясатқа жол салды. Бағдарламаның еркін базаргөй экономикаға жол ашып, импортты жаппай ырықтандыруды және төлемдердің табиғи балансына қалыптастыруды мақсат етті. Өнеркәсіп секторының үлесі ауыл шаруашылығы өндірісін қысқарту есебінен ұлғайды. Соған орай осы кезеңде өнеркәсіп өнімдерін экспортқа шығару арта түсті. Алтыншы бесжылдықтан (1990-1994) бастап өнімдерді бөлу жүйесі жақсарып, елдегі жұмыссыздық пен аймақтық сәйкессіздік ахуалы жойыла бастады. Қазіргі кезде Түркия әлемдік стандарттар бойынша тауар шығаратын өнеркәсіптің жетекші салаларын құрылымдық жағынан жетілдіріп, экспортқа бағдарланған даму стратегиясын ұстанып отыр.
Мәдениеті. Түркия әдебиеті көп жанрлы, терең мазмұнды ежелгі фольклордан бастау алады. Түрік дәстүрлі әдебиетінде «Оғызнаме», «Китаби дәдәм Коркуд» эпостық шығармалары мен «Көрұғлы» дастаны ерекше аталады. Романтикалық хикая-әңгімелер, қиял-ғажайып, тұрмыс-салт, күлдіргі, т. б. ертегілер, мысалдар, рәуіштер (соның ішінде Қожанасыр әңгімелері), мақал-мәтелдер, жұмбақтар елеулі орын алады. Ауыз әдебиетінде маип, түрік қошма (гошма), ташлама сияқты өлең түрлері бар. Кейін түріктер ислам дінін, мәдениетін қабылдағаннан кейін араб тілі, діни және ғылыми-танымдық, ал парсы тілі сарай әдебиетінің алғашқы үлгілері: (аруз, маснави, қасида, ғазел) 13 ғасырда пайда болды. Алғашқы шығармалар сопылық сарында жазылды. Солардың қатарында Ахмед Факихтың (1250 ж. өлген) «Тағдыр кітабы», Шейд Хамзаның «Жүсіп пен Зылиқа» поэмасы. Сұлтан Уелет (1226-1312) пен дәруіш Юніс Еміренің (13 ғасырдың соңы - 1320) сопылық өлеңдері, сопы Ашик-пашаның (1271-1332) түрікше жазған «Қуғындаушының кітабы» атты масниви-поэмасы жатады.
XV-XVII ғасырлар түрік поэзиясының тарихындағы классикалық дәуір болды. Сарай ақындары Низами Гәнжауидің «Бес дастанының» үлгісімен шығармалар жазды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz