ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҰЛЫБРИТАНИЯМЕН БАЙЛАНЫСЫ



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҰЛЫБРИТАНИЯМЕН БАЙЛАНЫСЫ

2006 жылдың 10-11 мамыр жұлдыздары арылығында ҚР елшісі Е.Ыдыросов
Ұлыбританияға сапар барысында Уэльстің Бірінші Министрі Родри Морганмен,
Уэльстің Ұлттық кітапханасының, Ауылшаруашылығы және табиғатты қорғау
зерттеулері институтының, Абериствис қаласындағы Уэльс Университетінің
басшылығымен, сондай-ақ Уэльстің іскер адамдарымен кездесулер өтті.
Кездесулерде Ұлыбританиямен екіжақты байланыстардың одан әрі тереңдетілуіне
бағытталған сауда-экономикалық қатынастардың, инвестициялық және аумақ-
аралық ынтымақтастықтың дамытылуы сияқты түрлі мәселелер талқыланды.
Кездесулерде Елші таяуда ҚР-ның Уэльстегі Құрметті Консулы болып
тағайындалған Дуглас Таунсендті таныстырды. Оның белсенділігі ҚР мен Уэльс
арасындағы экономикалық және мәдени-гуманитарлық қатынастардың жандануына
бағытталады.
Елші Е.Ыдырысов Уэльстің ресми және әскер топтарын 2015 ж. дейінгі
Индустриалды-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасының жүзеге асырылуы
туралы мәлімет ұсынды, Президенттің 2006 ж. Халыққа жолдауын түбегейлі
айтып берді, сондай-ақ қазақстандық экономика мен мемлекеттігінің даму
перспективалары туралы баяндады. Е.Ыдырысов уэльстік компаниялардың ҚР-мен
белсенді түрде ынтымақтастық жасауға шақырды.
Ауыл шаруашылығы, инновациялар мен биотехнологиялар, алдыңғы қатарлы
технологияларды өндірістік секторға енгізу ерекше қызығушылық туғызар еді.
Сондай-ақ, туризм саласындағы ынтымақтастықтың болашағы зор. Уэльстік
тарап, экономикалық саладағы ынтымақтастыққа және Болашақ бағдарламасы
бойынша Уэльстің алдыңғы қатарлы ЖОО қазақстандық студенттердің оқуларына
үлкен қызығушылық танытты.
Абериствис қаласындағы Уэльстің Ұлттық кітапханасын аралау барысында
Е.Ыдырысов Қазақстанның тарихы, мәдениеті, қазіргі өмірі жөніндегі түрлі
кітаптарды сыйға тартты. Бұған уэльстік тарап үлкен қызығушылық танытты.
Ү.ж. 6 наурызда Лондонда ҚР Сыртқы істер министрі Қасымжомарт Тоқаев
британдық парламентарийлер – Қазақстан бойынша Партияаралық топтың
мүшелерімен кездесті

ҚР Сыртқы істер министрі Қ.Тоқаев Лондонға сапары барысында 6 наурызда
британдық парламентарийлер - Қазақстан бойынша Партияаралық топтың
мүшелерімен кездесті.
Ұлыбритания Парламенті Сыртқы саясат жөніндегі комитетінің мүшесі сэр
Патрик Кормак атынан берілген кешкі аста екі ел арасындағы саяси,
экономикалық және гуманитарлық саладағы ынтымақтастықты тереңдету жолдары
жан-жақты сөз болды.
Қазақстан министрі  британ депутаттарын Президент Н.Назарбаевтың
Халыққа жолдауының негізгі ережелерімен таныстырып, экономикалық һәм саяси
реформалардың жедел қарқынына назар  аударды. Бұл орайда министр  Мемлекет
басшысының алға қойып отырған Қазақстанның әлемдегі бәсекеге қабілетті 50
елдің қатарына ену жөніндегі стратегиялық міндетін жүзеге асыру жолында
өзара ықпалдастықтың зор келешегіне тоқталды.  Қазақстанда  британдық
инвестициялар мен инновациялық технологияларды  дамытуға қолайлы жағдайлар
жасалғаны аталып өтті.
Кездесуге Қауымдастар Палатасының және Лордтар Палатасының көрнекті
өкілдері Либералды-демократиялық партияның экс-лидері Чарлз Кеннеди,
лейборист-депутат, 2005 жылы Қазақстанда өткен Президент сайлауына ЕҚЫҰ-
ның  қысқа мерзімді байқаушылар миссиясын бастап келген Брюс Джордж,
депутат-консерватор Дэвид Тримбл, лордтар Андерсен, Килклуни және Фрейзер,
сондай-ақ  британдық  танымал “First Magazine” журналының бас редакторы 
Руперт Гудман және Ұлыбритания Премьер-Министрінің инвестициялар жөніндегі
арнайы кеңесшісі сэр Андрю Вуд қатысты. 
Қазақстан сыртқы саясат ведомствосының басшысы Каспий аймағы және
Орталық Азия: аймақтық тұрақтылық, саяси және экономикалық өзгерістер
деген атпен Лондон қаласында 7 наурызда өткен беделді  “Wilton Park” ұйымы
ұйымдастырған ірі халықаралық конференцияның екінші күні негізгі баяндамашы
ретінде сөз сөйледі.
Қазақстан Каспий аймағының геосаясаты аясында тақырыбындағы
баяндамасын Қасымжомарт Тоқаев аймақтағы қауіпсіздік пен тұрақтылықты,
экономикалық гүлденуді қамтамасыз етудегі еліміздің ұстанымын жеткізуге
арнады. Министр  Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі,  көмірсутегі қорларын
игеру және олардың әлемдік нарыққа тасымалдануына қатысты мәселелерге екпін
түсірді.
Қатысушылардың назары  Қазақстанның экономикадағы нарықтық қайта
құруларға сүйене отырып, саяси либералды реформалар жасауға мүмкіндік
беретін даму стратегиясына аударылды. Мұндай стратегия аймақтағы елдердің
мүдделеріне барынша сай келетіндіктен, олардың даму үлгісі бола алар еді.  

Конференцияға қатысқан Еуропа мен Американың беделді ғылыми-зерттеу
орталықтарының жетекші сарапшылары, бұқаралық ақпарат құралдарының
өкілдері, сондай-ақ Орталық Азия және Кавказдың саяси орталарынан келген
мамандар Қазақ елінің кең ауқымды стратегиялық маңызды аймақтағы орнықты
дамуды қамтамасыз етудегі талассыз рөлі жөніндегі пікірлермен бөлісті.
Конференция кезінде Қ.Тоқаевтың Еуропалық Одақтың Орталық Азия бойыша
Арнайы өкілі Ян Кубишпен екеуара кездесуінде еліміздің ЕО-мен 
ынтымақтастығы әңгіме өзегіне айналды.
Сол күні Қасымжомарт Тоқаев көлеңке сыртқы істер министрі Уильям
Хейгпен сұхбатында Ағылшын елімен келешекке бағытталған байланыстарымыз
турасында әңігімелесті. Министрлік сондай-ақ белгілі кәсіпкер және қаржыгер
Лорд Ротшильдпен де кездесті.

Ү.ж. 8 наурызда ҚР Сыртқы істер министрі Қасымжомарт Тоқаев
Ұлыбританияның сыртқы саясат ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ҚАЗАҚСТАННЫҢ АНГЛИЯМЕН ҚАРЫМ - ҚАТЫНАСЫ
Қазақстанның Ұлыбританиямен экономикалық байланысы
Екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі жапонияның жағдайы
Жаңа Зеландия
Германия елінің даму тарихы
Қазақстан мен Еуропалық Одақ
Қазақстан Республикасы мен Ұлы Британия және Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігі арасындағы қатынастар
Курск доғасы шайқасындағы Қазақстандықтардың ерлігі
Ұлыбританияның негізгі туристік орталықтарына сипаттама
Франция тарихындағы Шілде революциясының тарихи маңызы
Пәндер