ҚАЗАҚСТАННЫҢ АНГЛИЯМЕН ҚАРЫМ - ҚАТЫНАСЫ



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАННЫҢ АНГЛИЯМЕН
ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСЫ

Саяси ынтымақтастық
Британия бағыты ҚР сыртқы саясатының аса маңызды бағыттарының бірі
күйінде қалып отыр. Президент Н. Назарбаевтың Біріккен Королідікке 2000
жылы қарашада болған ресми сапарының зор маңызы болды, оның барысында екі
мемлекет арасындағы стратегиялық ссріктестікті анықтаған уағ-даластықтарға
қол жетті. Королева Елизавета II Президеит Н. Назарбаевқа оның Қазакстанда
саяси және экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз етудегі, заңдылық пен
демократияны орнықтырудағы, жаһандық ауқымда ядролық каруды таратпаудағы,
сондай-ақ екіжақты катынастардағы елеулі професке жетудегі сіңірген еңбегін
тану белгісі ретінде елдің ең жоғары марапаты -Әулие Михаил және Әулие
Георгий Орденінің Үлкен Кресін тапсырды.
Біздің елдеріміз арасында түрақты саяси диалог жүріп түрады. Президент
Н. Назарбаев пен Ұлыбританияның Премьер-Министрі Т.Блэрдің аймақтық және
халықаралық кауіпсіздік мәселе-лері жөнінде телефонмен сөйлесуі болды. Осы
әңгімелесу барысында қол жеткен уағдаластық тұрғысында Қазақстанға Британия
Үкіметі басшысының арнаулы елшісі лорд Леви келді. Кейінірек Қазақстанға
Принц Эндрю Йорк Герцогі келіп қайтты; оның Ұлыбританияның сауда және
инвестициялар арнаулы өкілі мәртебесі бар, сондай-ақ біздің мемлекетіміздің
басшысы сияқты ол да таяуда құрылған Британия-Қазақстан қоғамының құрметті
ко-патроны болып табылады.
Тараптар сондай-ақ мемлекетіміз басшысының Ұлыбританияға және
Ұлыбританияның Премьер-Министрі Т. Блэрдің Қазакстанға жоғары дәрежедегі
сапарларын өткізу туралы мәселені тың-ғылықтауда.
Екіжақты катынастардың көкейкесті мәселелерін талқылау, сондай-ақ
Британия Үкіметі басшысының Қазақстанға мүмкін сапары туралы мәселелерді
тыңғылықтау максатында Лондонға Сыртқы істер министрі Қ. Тоқаев жұмыс
сапарымен барды. Оның Ұлыбританияның ресми және іскер топтарының көрнекті
өкілдерімен кездесулері болды. Бұл кездесулердің барысыңда саяси және сауда-
экономика салаларындағы екіжақты ынтымақтастық мәселелері, сондай-ак
халықаралық саясаттың негізгі проблемалары талқыланды.
Биыл Ұлыбританияиың Сыртқы істер министрі Дж. Строның жауап сапары
болып, оның барысында Ұлыбританияның Астанадағы Елшілігі өкілдігінің ресми
ашылу рәсімі өтті.
2001 жылві 30 казанда-ақ Британия Парламентінде Лордтар Палатасының
мүшесі виконт Уэйверлидің торагаліқ етуімен Бритаиия—Қазақстан
Парламентаралық тобының тұсаукесері бол-ды. ҚР Парламентінің Сенаты мен
Мәжілісінде де Ұлыбританияның Парламентімен ынтымақтастық жөнінде топтар
құрылды. Олардың қызметінің мақсаты Қазакстан мен Ұлыбританияның заң
шығарушы органдары арасындағы байланыстарыды нығайту және екі елдің
екіжақты және аймақтық мүдделерін ілгерілету болып табылады.
Британияның лорд Уэйверли бастаған парламенттік делегациясы Қазақстанда
болды, ал кейінірек Қазақстан парламентарийлерінің делеыгациясы
Ұлыбританияға жауап сапармен барып қайтты. Ұлыбританияда болуы шеңберінде
ҚР Парламентінің депутаттары британиялық әріптестерімен, сондай-ақ
Ұлыбританияның ресми және іскер топтарының өкілдерімен кездесулер өткізді.
Ал 2004 жылғы 20—27 наурызда Ұлыбритания Парламентінің Д.Манн бастаған
Бүкілпартиялвіқ тобының шақыруы бойвынша ҚР Парламенті делегациясының
Ұлыбританияға екінші сапары болды. Кездесулер барысында тараптар мұнай-газ,
мәдениет-білім және ғылыми-техникалық салалардағы екіжақты катынастарды
ұлғайту мәселелерін талқылады. Эдинбург қаласына сапардың орталык іс-шарасы
қазакстандық парламентарийлердің Семей полигоныңдағы ядролық сынаулардың
зардаптарына арналған "Мәңгілік жылап-сықтаушылар" фотокөрмесінің ашылуына
қатысуы болды. 2005 жылғы сәуірде ұйымдастырушылар осындай көрмелерді
Алматыда, Семейде және Астанада өткізуді жоспарлап отыр.
2004 жылдың 30 қыргүйегінен 5 қазанға дейінгі кезеңінде Британия
парламентарийлерінің біздің елімізге жауап сапары болып, оның кезінде
Қазакстан—Британия парламентаралық тобының қызметі шеңберіндегі одан арғы
өзара іс-қимылдың басымдық бағыттары талқыланды. Өз кезегінде ҚР ОСК
делегациясы Орталық және Шығыс Еуропа елдерінің сайлау үйымдастырушылары
ассоциациясының 2003 жылғы қазанда Лон-донда өткен жыл сайынғы
конференциясына белсене катысты. Бұрын қол жеткен уағдаластықтарға сәйкес
Қазақстан сайлаулардың ашықтығы мен аныктығын қамтамасыз ету жолдарын
талқылау және жүзеге асыру мақсатымен құрылған Ассоциацияның тұрақты мүшесі
болды.
Ведомствоаралық деңгейдегі ынтымақтастық белсенді түрде дамып отыр.
2003 жылғы қаңтарда-ақ Қорғаныс министрі М. Алтынбаевтың Ұлыбританияга
бірінші ресми сапары жүзеге асы-рылды. Сапар барысында оның Британияның
Қорғаныс министрі Дж. Хунмен және Мемлекеттік сыртқы істер министрі М. 0'
Брайенмен кездесулері болып өтті. Сапардың тақырыбы Британия бітімгерлік
батальондарын даярлау тәжірибесін зерттеу, Британияның "БАЕ Системс"
жетекші компаниясымен ынтымактастық перспективаларын талқылау, корғаныс
және әскери-техникалык салалардағы екіжақты ынтымактастықтың басқа да
мәселелерін талкылау болды.
2004 жылы Ұлыбританияға Әділет министрі О. Жұмабеков бастаган
қазақстандық үш күш ведомствосы өкілдерінің делегациясы барып кайтты. Сапар
барысында тараптар юстиция, пенитенциарлық жүйені реформалау саласындағы
одан арғы ынтымақтастықты дамыту жөнінде пікір алысты, сондай-ақ
Ұлыбританияның Корольдік арбитраждық институтында қазақстандық заңгерлерді
оқыту туралы уағдаластыкка жетті.

Сауда-экономикалық ынтымақтастық

1993—2003 жылдардвщ қорытындылары бойынша Ұлыбритания Қазақстан
экономикасына салынған тікелей шетелдік инвестициялардың көлемі жөнінен
екінші орынға шыкты (3,65 млрд доллардан астам), мұның өзі аталмыш
кезеңдегі ҚР-ға тікелей шетелдік инвестициялардың жалпы көлемінің 13,8 %-ын
құрайды. 2004 жылдың біріиші жартыжылдығында бұл көрсеткіш 361,1 млн
долларға жетті.
2004 жылдың сегіз айы ішінде біздің елдеріміз арасындагы тауар айналымы
330,5 млн доллар болды (экспорт - 137,3 млн, импорт - 193,2 млн).
Экспортқа минералдық өнімдер, феррохром, болат, мыс, жүн, былғары
шикізаты, тыңайтқыштар, асыл және жартылай асыл металдар жатады; импорт
жабдық пен аппаратурадан, көлік кұрал-дарынан, оптикалық аспаптардан,
химия, алкоголв және темекі өнімдерінен, тоқыма және тамақ өнеркісібінің
өнімдерінен тұрады.
Статистика жөніндегі агенттіктің мәліметтеріне сәйкес казіргі уақытта
Қазақстанда Британия капиталы қатысатын 212 кәсіпорын өз кызметін жүзеге
асыруда, олардың 80-і бірлескен және 132-сі өкілдікті кәсіпорындар.
Екіжакты сауда-экономикалық ынтымактастықтың негізгі бағыттары
энергетика, пайдалы қазбаларды барлау және өндіру, құрылыс, әлеуметтік
инфракұрылым, денсаулык сактау, көлік және байланыс, консалтингілік
қызметтер болып табылады.
Металлургия өнеркәсібінде Қазақстан рыногында белсене жұмыс істеп
отырғаи "Испат-Кармет" ҚР-дағы аса ірі жеке меншік жүмыс беруші болып
табылады (56 мың жұмыс орны).
Көлік саласындағы, атап айтқанда, "ВАЕ Sistems" компаниясымен
ынтымақтастық белсенді түрде дамып отыр. Бірлескен Қазақстан—Британия "Эйр
Астана" әуе компаниясын қүру туралы келісім-шартқа қол қойылды, қазір бұл
компания ҚР-дың ішкі рыногында және халыкаралык мартшруттарда ойдағыдай
жұмыс істеуде. Бір жылдан астам уакыттан бері Алматы мен Лондон арасында
әуе катынасы жұмыс істейді.

Кредит-қаржы саласы.

ҚР Ұлттық банкі және жетекші банктері Англия Банкімен, Ұлттық
Вестминстер банкімен және Ұлыбританияның баска да банктерімен тікелей
корреспонденттік қатынастар жүргізеді. Нақ Ұлыбританияда Қазақстан валютасы
— теңгенің алғашқы банкноттары басылған болатын. Қазақстан мемлекеттік
кепілдікке шамамен 264,7 млн доллар сомаға мемлекеттік емес алты займ
тартып, оның 176 млн доллары (67 %) игерілді.
Экономикалық диалогті дамытудың пәрменді механизмі Қазакстан—Британия
сауда-өнеркәсіптік кеңесінің (ҚБСОК) қызметі болып отыр. 1993 жылдан бері
ҚБСӨК-тің тоғыз мәжілісі болды. Оның соңғы тоғызыншы отырысы 2004 жылғы 5—7
мамырда Лондонда етті. Мәжілістің такырыптамасы қазакстандық шағын және
орта бизнесті дамыту, ұлттық парктер ашу, экономи-каны одан әрі
диверсификациялау, мұнай-химия саласындағы ынтымақтастықты дамыту және
баска мәселелерді камтыды. ҚБСОК-тің кезекті Мәжілісі Лондонда өтеді.
Инвестициялық саясат және экономикалық байланыстарды дамыту тұрғысында
Қазақстаңда Британияның аса ірі "Шелл" және "Бритиш Газ" мұнай
компанияларының Қазакстан нарығында қатысуы (Қашаган, Қарашығанак) маңыздві
рөл атқарып ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бисмарктың саяси қызметінің басталуы
Жекелей тұлғалардың халықаралық қатынастардағы рөлі
Қазақстан Республикасының сыртқы саясатының тұжырымдамасы және оны іске асыру кезеңдері
Солтүстік Америкадағы ағылшын отарлары
Сауд Арабиясының саяси-экономикалық дамуы (XX ғ.40-60 жылдары)
XIX ғасырдың 40 - 60 жылдар аралығындағы халықаралық қатынастар
Дүние жүзілік территориялық бөлісудің аяқталуы
Монро доктринасы
Соғыс қарсаңындағы ұлы мемлекеттер антогонизмдері
Балқан соғыстары
Пәндер