Фома Аквинский мен Марсилий Падуанскийдiң мемлекет және құқық туралы iлiмi



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
Фома Аквинский мен Марсилий Падуанскийдiң мемлекет және құқық туралы
iлiмi

Рим папасы өзiнiң саяси және рухани өмiрдегi ең жоғарғы қуаттылығына
XII ғасырда жеттi. Бұл кезде католик дiн басшылары адам санасына билiк
жүргiзудiң схолостикалық жүйесiн жасауды аяқтаған болатын. Бұл жүйенi
жасауда доминикан монахы, дiни-ғалым Фома Аквинский (Аквинат) үлкен роль
атқарды. Оның шығармаларының негiзi орта ғасырлардағы шiркеудiң ресми
идеологиясының энциклопедиясын құрады. Оның шығармаларында сонымен бiрге
мемлекет, заң, құқық және билiк мәселелерi де қамтылған.
Дiни-ғалым Фома Аквинский өз шығармаларында Аристотельдiң
көзқарастарын католиктiк шiркеу қағидасымен үйлестiруге және дiннiң
позициясын осылайша нығайтуға ұмтылды. Фома Аквинскийдiң мемлекет туралы
ұғымдары мемлекеттiң христиандық доктринасын Аристотельдiң Саясат еңбегi
ауқымында дамытудың алғашқы қадамы болды. Аквинат Аристотельдiң адам
табиғатынан қоғамшыл және саясатшы деген ойын құптады.
Адамдар алғашқы кезден-ақ бiрiгуге және мемлекетте өмiр сүруге
ұмтылған, өйткенi олар жеке-дара өз қажеттiлiктерiн өтей алмайды. Осындай
табиғи себеп бойынша — саяси ұйым (мемлекет) пайда болған, яғни,
мемлекеттiң пайда болуы адамдардың прогрестi iс-әрекеттерiнен емес, табиғи
қажеттiлiктен туады, оның пайда болуы алдын-ала дайындалған, құдайдың
әлемдi жаратқаны сияқты мемлекет те солай жаратылған. Патшаның билiгi
құдайдың белсендi әрекетiне ұқсас. Құдай әлемге басшы-лық етуге кiрiсуден
бұрын, оның құрылымы мен ұйымын дайындаған. Патшалар да алдымен мемлекет
пен оның құрылымдарын жасаған, содан кейiн ғана оны басқаруға кiрiскен.
Мемлекеттiлiктiң мақсаты — жалпы игiлiктер, саналы өмiр мен тұрмыс
үшiн қажеттi жағдай жасау. Бұл мақсатқа жету үшiн Фома Аквинский феодалдық-
сословиелiк жүйенi және билiк иелерi мен байлардың артықшылық жағдайын
сақтау керек деп есептейдi. Дiни билiктiң азаматтық билiктен күштiлiгiн
және оның мемлекеттiк билiкке араласуын дәлелдеу үшiн Фома Аквинский
мемлекеттiк билiктiң үш элементiн анықтайды. Олар: 1. Билiктiң мәнi. 2.
Билiктiң пайда болу формалары. 3. Билiктi пайдалануы. Аристотельдiң
мемлекет туралы iлiмiн терең меңгерген Ф.Аквинский саяси форманың
аристократия, олигархия, демократия және аралас басқару ұғымдары туралы өз
ойларын бiлдiрдi. Оның пiкiрiнше, саяси формалардың ең тиiмдiсi монархия
болып табылады. Сонымен бiрге ол монархиялық құ-рылыстың екi түрiн —
абсолюттi және саяси монархияны бөлiп қарайды.
Фома Аквинскийдiң айтуынша барлық заңдар субординация тiзбектерi
арқылы байланысқан. Бұл заңдардың ең шыңында бүкiл әлемдi басқарушы
құдайлық сананың жалпы принциптерi, универсальды нормалары — мәңгi заңдар
тұрады. Мәңгi заңдар құдайдан келген, ол өздiгiнен өмiр сүредi, басқа
заңдар мәңгi заңдар негiзiнде пайда болған.
Табиғи заңдар — мәңгi заңдардың адам санасындағы бейне-ленуi болып
табылады. Табиғи заңдар өзiңдi-өзiң қорғауды, ұрпақ жалғастыруды, құдайдан
ақиқатты iздеудi және адам қасиеттерiн құрметтеудi мiндеттейдi. Табиғи
заңдарды нақтылауға адамгершiлiк (позитивтi) заңдары қызмет етедi. Оның
мақсаты — адамдарды күшпен және қорқытумен зұлымдыққа жоламауды және
қайырымдылыққа жетуге мәжбүрлеу болып табылады.
Заңның келесi түрi — құдай заңы Библияда берiлген және ол екi жағдайда
қажет. Бiрiншiден, адамдық заңның зұлымдықты толығымен жоюға шамасы
келмейдi. Екiншiден, адам санасының толық дамымауынан олар ақиқат туралы
бiрыңғай ұғымға өздiгiнен келе алмайды. Сондықтан да ақиқатты құдайдан да
iздеуге тура келедi.
Этика iлiмi негiзiнде Ф.Аквинский құқық туралы концепциясын жасады. Ол
әдiлдiктi әркiмнiң өз мүддесi үшiн ұмтылысы деп түсiндiрдi.
Фома Аквинский католиктiк iлiмнiң жаратылыс пен қоғамға қатынасы
жөнiндегi мәселелердiң негiзiн қалаған шiркеу схолостикасының iрi өкiлi.
Оның бұл негiздерiн католик шiркеуi де бүгiнгi күнге дейiн дұрыс деп
санайды. Оның бұл iлiмi ресми және мiндеттi католик шiркеуiнiң бiрден-бiр
ақиқат философиясы деп бiрнеше рет (XIII Лев булласы, 1879, X Пи жолдамасы,
1903, XI Пи, 1923) жарияланды.
Аквинат өзiнiң Теологияның жиынтығы және тағы басқа шығармаларында
Аристотельдiң философиясы негiзiнде өзiнен бұрынғылардан қарағанда кеңiрек
және бiр жақты пайдалана отырып католиктiк дiни iлiмдi жаңаша етiп жасады.
Жаратқан құдайдың абыройы үшiн ол ересьтердi аяусыз жазалауға
шақырды. Ол Рим папасын құдайдың таңдаулы да сүйiктi құлы деп дәрiптеп,
оның билiгiне бағыну адам жанын құтқарудың тура жолы деп уағыздады.
Құдайлықты жоғары дәрiптеген ол алланы тануға арналмаған ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Саяси және құқықтық ілімдер тарихының пәнімен әдісі
Азаматтық қоғам құқықтық
МЕМЛЕКЕТТЕР ТИПОЛОГИЯСЫНДАҒЫ ҚҰҚЫҚТЫҚ МЕМЛЕКЕТ ТҮСІНІГІ, ЖІКТЕУДІҢ МАҚСАТТАРЫ МЕН ТӘСІЛДЕРІ
Ежелгі және орта ғасырдағы саяси және құқықтық ілімдер тарихы
ҚҰҚЫҚТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІҢ ЖАЛПЫ СИПАТАРЫ
Ежелгі Шығыстағы саяси және құқықтық ойлар
Дәрістер - Тарих
Құқықтық мемлекеттің жалпы сипаттары
Христиандық сана — ортағасырлық діндер (менталитеттің) негізі
Рента шартының шарттардың бір түрі ретіндегі құқықтық аспектілері
Пәндер