ХХ ҒАСЫРДАҒЫ ДІНИ ЖАНЖАЛДАР МЕН ҚАҚТЫҒЫСТАР. ИРЛАНДИЯДАҒЫ ДІНИ ҚАҚТЫҒЫС



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   
ХХ ҒАСЫРДАҒЫ ДІНИ ЖАНЖАЛДАР МЕН ҚАҚТЫҒЫСТАР

ИРЛАНДИЯДАҒЫ ДІНИ ҚАҚТЫҒЫС

Солтүстік Ирландиядағы католиктер мен протестанттар арасындағы қарулы
қақтығыс ең алдымен осы елдің Ұлыбритания құрамында қалып қалмаудың
мүддесінен туындады. Бұл дінаралық қақтығыстың мәдениеті мен өркениеті
дамыған деген Батыс Еуропа аймағында орын алуы, соңғы кездері батыстық
мемлекеттерде демократияның гүлденіп, олар өзара татулықта өмір сүреді
деген аңыз-әңгімесінің күл-талқанын шығарды.
Бұл арадағы дінаралық қақтығыс, этникалық және идеологиялық тұрғыда
тығыз байланыста өрбіді.
Дәл қазіргі уақытта ирландық қарсылық бәсеңсіп, Ирландия Республикасы
армиясының қатары кемуде. Дегенмен аталмыш мәселе шешілмеген күйі қалып
отыр, яғни болашақта діни-фундаментализмді шоқпар еткен жаңа радикалды
ағымдардың қайта бой көтеретіндігін жоққа шығаруға болмайды.

ИРАНДАҒЫ ИСЛАМ ТӨҢКЕРІСІ

Ирандағы адамзат тарихына айтарлықтай өзгеріс әкелген ислам
фундаментализмінің күтпеген жеңісін, сол кезде, яғни 1979 жылы ислам
төңкерісі мүмкіндігін әлем өңі тұр ғой, түсінде де елестете алмаған
болатын. Бірақ бұл жүзеге асты. Халқын езгіге салған шахқа қарсы тұрған
рухани бастауда Хомейни, Табатабаи, Мотахарри, Мортэзалари және басқа
шииттік діни өкілдердің ұстазы, аятолла Хаири тұрды. Оның күшімен
төңкерісшіл аятоллалар шеңбері құрылып, соның арқасында фракция жеңіске
қол жеткізді. Әлемдік жүйенің ислам кеңістігін тазалау арасына уақыт салып
жүргізіліп жатты. Бұл төңкерістен кейін 20 жыл өтсе-дағы, аймақтағы
демография деңгейі күннен-күнге арта түсті. Ирандағы исламдық діни санада
имам Хомеини әлеуметтік бейбіттің тұлғасына айналды.

ҚАСИЕТТІ ЖЕРДЕГІ СОҒЫС

Осы күнге дейін оты басылмай келе жатқан діни қақтығыс – Қасиетті
Палестина жеріндегі соғыс. Таяушығыстық дағдарыстың басты дауы – Иерусалим.
Ол жанжалға қатысушы тек мұсылман мен иудейлер ғана емес, сондай-ақ
әлемдегі барлық христиан конфессиясы үшін де үлкен маңызға ие болды.
Израиль-палестиналық қарым-қатынастағы іргетас та – осы Иерусалимнің
мәртебесі. Мұндағы шағын және ірі діни қақтығыстар тек бір онжылдықта орын
алып қана қойған жоқ, ол әлі жалғастығын тауып келеді.

ТИБЕТТЕГІ ҚЫТАЙ БАСҚЫНШЫЛЫҒЫ

1951 жылы 23 мамырда 40 мың коммунистік Қытайдың әскері тәуелсіз Тибет
мемлекетінің территориясына баса-көктеп кірді. Бірақ тибеттерге діни және
саяси автономдығын сақтау жөнінде кепілдік берілді. Бірақ бұл тек қағаз
жүзінде қалып қойды.
Тибеттегі маоистердің 50 жылдық билігі кезеңінде мұнда жарты миллион
адам қаза тауып, алты мың сопыханадан тек 13-і ғана сақталып қалды. (Алайда
кейіннен мұнда қытайлық биліктің жасанды прагматикалық қадамы бойынша бір
жарым мың сопыхана ашылды). Бәрінен бұрын, бұл қасиетті жер Қытайдың
ядролық қалдықтарының қоқысына айналды. Бұған шыдамаған 1959 жылғы халық
көтерілісі Қытай коммунистерімен басып-жаншылды. Онда шамамен 100 мың адам
мерт болды. Ал тибеттік көсем Далай-лама Үндістанға бас сауғалай қашты.
Соңғы кездері халықаралық қауымдастықтың Тибетке, оның діни және саяси
мәселелеріне көп көңіл бөле бастады. Оған бір ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дін конфликтінің туындауына әсер ететін факторлар және дінаралық конфликттердің себептері
Саяси қақтығыстар және әлеуметтік тәртіп
Терроризм және экстремизм
Саяси дау жанжалдардың мәні мен негізгі себептері
Этносаяси жанжал
Қазіргі әлемдегі аймақтық және жергілікті қақтығыстар
Қазіргі әлемдегі аймақтық және жергілікті қақтығыстар мәселелері
Басқа ұлттық қозғалыстардан алған үлгі
Этностық топ пен мемлекет арасындағы шиеленіс
Жанжал фазалары
Пәндер