Абай - құқық қағидасын қалыптастырған заңгер


Жоспар
Кіріспе3
Абай - құқық қағидасын қалыптастырған заңгер4
Пайдаланған әдебиеттер12
Кіріспе
ХІХ ғасырдың ІІ- жартысында Ресейдің Қазақстанды отарлауы толық аяқталды. Атыраудан Алтайға, Солтүстік Қазақстаннан Тянь-Шянь тауына дейінгі кең-байтақ өлке түгелдей Ресей империясының құрамына кірді.
Ресей өнеркәсібі үшін Қазақстан шикізат өндірудің бай көзі еді. Оның үстіне, патша үкіметі Қазақстан жерін орыс шаруаларына қоныстандыруға пайдалануды көздеді. Сол үшін алдымен қазақ аумағындағы өзінің өкімет билігін нығайтуды қолына алды. Сөйтіп, 1868 ж. 21 қазанда қазақ даласын басқару туралы “Уақытша ережені” енгізді. Бұл ереже бойынша қазақ елі бөліп биленді, жер ресей мемлекетінің меншігіне айналды, қазақтар өз жерін тек пайдаланушылар ғана болып саналды. Сондықтан, салық мөлшерлері белгіленді, салық барлық үйге тең салынатын болды, бұл шаруаларға көптеген қиындықтар әкелді.
Патша үкіметі ресми сайлау тәртібін кіргізгенмен, іс жүзінде оның шарттарын сақтаған жоқ. Патша үкіметі өздеріне керек адамды ғана болыс, старшын етіп сайлады. Ал солардан сүйеу тапқан болыстар бұқара халыққа қиянат жасады. Әкімшілікке таласу - рулық қатынастарды одан бетер қоздырды. Мұны патша үкіметі өз мақсатына пайдаланып отырды.
Бұл кезде халықтың жағдайын ойлап, оларға шын жаны ашыған сол кезде өмір сүрген қазақтың ағартушы-ғалымдары болды. Олар халықты өнер-білімге, оқуға шақырды. Сөйтіп, өз халқын феодалдық- патриархалдық ескіліктен бой тартып, ілгері дамыған халықтың ізімен жүруге бағыттады. Мұндай көзқарастарды ұстанғандар тобының басында қазақ халқының ағартушы- демократтары - Абай, Шоқан, Ыбырай тұрды.
Абай халықтың үстінен аяусыз үстемдік жүргізген, оларды құлдықта ұстағысы келген патша әкімшілігінің саясатына қарсы күресті.
Абай - құқық қағидасын қалыптастырған заңгер
Ұлттың екінші атауы іспетті ерекше бір тарихи тұлғалар болса керек. Қазақтың сондай дара тұлғасы, дана тумасы ұлы Абай екенінде дау жоқ. Қазақ десе қазір айдай әлем алдымен Абайды аузына алады. Абай десе әркімнің-ақ ойына оның қалың елі - қазағы оралады. Бүгінде бұлар біте қайнасып кеткен егіз ұғым. Абайсыз қазақты, қазақсыз Абайды көз алдыңа келтірудің өзі қиын. Мұхтар Әуезов: “Абай өзінің кіршіксіз ақ жүрегін тебіренткен сансыз ойларын тамаша шығармалары мен жалынды жырларының бетіне маржандай төгілдірді, оның әрбір бетінен, әрбір жолынан, әрбір сөзінен бізге соншама ыстық, соншама жақын леп естіледі, ол леп өткен заманның, кешегі тәркі дүниенің соққан тынысы болса да бізге түсінікті, жүрегімізге қонымды Абай лебі, Абай үні, Абай тынысы- заман тынысы, халық үні. Бүгін ол үн біздің де үнімізге қосылып, жаңғырып жаңа өріс алып тұр”. Ол біртуар ұлы ақын ғана емес, кемел ойлы ғалым, кенен дарынды жазушы, терең білімді тарихшы, әуез әлемін жаңғыртқан сазгер, құқық қағидасын қалыптастырған заңгер, халық қамын жеген қайраткер.
Қоғамдық шындықты түсінген Абай еңбекші шаруаға шындай бет бұрады, оларға жаны аши сөйлейді, заманы мен өзі өмір сүріп отырған ортаның кемшілік- қайшылықтарын, өз халқының басындағы қайғы- мұңды көріп дерттеніп, қазағының қазіргі халіне қинала сөйлейді. Мысалы:
Қалың елім, қазағым, қайран жұртым,
Ұстарасыз аузыңа түсті-ау мұртың.
Жақсы менен жаманды айырмадың,
Бірі қан, бірі май боп енді екі ұртың, - деген өлеңінде Абайдың бұл ойы айқын көрінеді.
Абай шығармаларында нақты құқықтық мемлекет деген термин немесе ұғым кездеспейді. Бірақ осы мәселе туралы айтылған ойлары, көтерген проблемалары құқықтық мемлекет принциптерімен ұштасатындығын анық байқауға болады. Абай құқықтық мемлекетте заң үстемдігін қоғамның барлық саласында арттыруды, заңның күшімен, тиімділігі мен демократияны, билік жүргізүді жетілдіруді және мемлекет органдарының жеке адам, жалпы халық алдында жауаптылығын талап етеді. Мұндай құқықтық мемлекет принциптеріне сай келетін Абай идеяларының құндылығын: “Мен егер заң қуаты қолымда бар кісі болсам, адам мінезін түзеп болмайды деген кісінің тілін кесер едім” (Абайдың 37-қарасөзі) деген пікірінен аңғарамыз. Абай құқықтық мемлекет идеяларын негізгі талаптарының бірі- кәсіби парламенттің құрылымына ерекше назар аударады. Ойшылдың пайымдауынша мемлекеттегі кәсіби парламентті сайлауда, қалыптастыруда елдің өркендеп өсу, өкімет билігін тиімді әрі халық талабынан шығатын ең жоғарғы орган болуына күмән келтірмейді. Абайдың ойынша парламентке “халықты сайлаймын деген кісісі пәлен қадірлі орысша білім алған кісі болсын” (Абайдың 3- қарасөзі) .
Құқықтық мемлекет идеясының ең өзекті мәселесінің бірі - адам құқы, оның қорғалуы және аяққа тапталмауы. Оның ойынша отаршылық саясаттың тікелей әсерінен орыс мемлекетінің қазақ халқы арасында іріткі салады, партия-партияға бөлу салдарынан заңсыздыққа, құқық нормаларын өрескел бұрмалаушылыққа жол беруінің салдарынан адам құқын аяққа таптау, ешбір күнәсі жоқ адамдарды жауапқа тарту- барып тұрған бассыздық. Осы мәселені Абай “Күлембайға”деген өленінде ашық айтады:
Бұрынғыдай дәурен жоқ
Ұлық жолы тарайды
Өтірік берген қағаздың
Алды-артына қарайды
Өз қағазын өз көзін
Жоғалтуға жарайды
Тауып алып жалғанын
Қылмысыңды санайды
Өзі залым зәкүншік
Танып алды талайды
Көрмей тұрып құсамын
Темір көзді сарайды.
Осылайша бүгінгі құқықтық мемлекеттің проблемаларына дәлме-дәл жауап береді.
Сонымен қатар, Абай құқықтық мемлекетте сот органдарын тәуелсіз етуді жақтайды. Бұл пікірді іс жүзіне асыру үшін ол сот қызметіне қызметкерлерді өмірлік етіп сайлауды талап етеді. “Әрбір елде толымды-білімді кісі билікке жыл кесілмей сайланса, олар түссе, жаман жылығы әшкерей білінгендіктен түссе, әйтпесе түспесе” деп жазды (Абайдың 3-қарасөзі) .
Сотты тәуелсіз ету туралы Абай ұсынған идея қазіргі таңда бірқатар өркениетті мемлекеттерде іс жүзіне асқан. Италия, Франция, АҚШ-та сот өмірлік болып сайланады, қызметтен тек Абай айтқандай “жаманшылығы әшкере білінгендіктен” яғни қылмыс немесе заңға қарсы жасалған теріс қылықтарды ғана босатады.
Міне, осындай салыстырмалы талдаудан кейін Абай АҚШ-тың 1787ж. қабылданған Конститутциясымен өте жақсы таныс болғандығын аңғартады.
Сонымен қатар, Абай сот билігінің тәуелсіздігін жақтай келе, соттың шығарған үкімі мен шешімдері тек заңға негізделіп, жан-жақты зерттелген және мұқият дәлелденген фактілерге сүйенген материалдарын тыянақтылауын әділ соттың ең басты ісі, қызметі деп таниды.
Абайдың саяси-құқықтық көзқарасында құқықтық мемлекетте жеке адамның құқық қорғайтын лауазымды, ерекше санаттағы адамның кіршіксіз таза, жан-жақты білімді және халық мүддесі мен ұлт намысын қорғау ісіне жан-тәнімен берілуі талап етіледі. Ол мемлекет органдарында жартыкеш адамның қызмет етуіне үзілді- кесілді қарсы шығады.
Абайдың саяси-құқықтық көзқарастарының арасындаөкімет басқару, мемлекетті аппаратты жетілдіру туралы айтқан ойлары өз алдына бір төбе. Абай кәсіби парламенттің қажетті болуын жақтай келе, мемлекетте атқарушы биліктің күші жедел, дұрыс шешім қабылдай алатын статустық деңгей санатына көтерілуін талап етеді. Тек осындай талаптарға сәйкес болғанда ғана мемлекетте атқарушы билік парламент шығарған заңды орындап, тәртіпті нығайтады, алдында тұрған міндетін ойдағыдай атқара алады. Мемлекетте заман ағымына, талабына сай басқару болу үшін “Әділ - бек зор өкімет, жарлық қолында бар болуы керек” (Абайдың 41- қарасөзі) дейді Абай бұл мәселе туралы.
Сонымен қатар, Абай ойынша атқарушы билікті іс- жүзіне асыру үшін мемлекетте ірі, халыққа танымал, соңынан көпшілік жұрт еретін, білімпаз қайраткердің болу ауадай қажет. Абайдың түсінігі бойынша ірі тұлға емес, кездейсоқ тағайындалған немесе сайланған беделсіз адам еш уақытта атқарушы билікті жүргізе алмайды, ондай жағдайда мемлекетте бассыздық, заңсыздық орынауы, демократияны тұншықтыру процесі кең етек алуы, күштілердің әлсіздерге тізе батыруы күнделікті оқиғаларға айналатыны хақ. Осы жайлы Абай “сатып алған, жалынып, бас ұрып алған биліктің ешбір қасиеті жоқ” (Абайдың 28- қарасөзі) дейді.
Сонымен қатар, Абайдың қылмыстық құқық туралы идеялары да саяси өмірге үлкен ықпалын тигізді. “Абай жазған ереженің” бірнеше баптарында қазақтардың қылмыстық құқықтарына тиісті прогресшілдік, реформаторлық маңызды жазылған қағидалар анық байқалады. Қылмыс жасаған адамның атқарған іс-әрекетін нақтылы анықтап, оған кінәнің ауырлығына қарай жаза қолдану барлық өркениетті елдердің қылмыстық құқықтарына енген негізгі талаптардың бірі екені ақиқат. Абай жазған ережеде осы идея мазмұнды мағынада өзінің шешімін тауып, көрегендіккі ұласқаны таңдандырады. Ерте замандағы идеологтар Дж. Локк, Т. Гобсс, Л. Монтескье сияқты Абай да әрбір жеке адамның заң алдында тең түрде жауапқа тартылуын көздейді. Оның бұл ойы Францияда 1789ж. 26- тамызда қабылданған әйгілі адам мен азаматтық құқықтың декларациясы бекіткен мынадай бабымен біршама сабақтас сияқты болып көрінеді, онда “Заң барлығын қамқорлық жасаған жағдайда, сонымен қатар жазаланғанда да бірдей болуы тиіс” делінген.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz