Ұйымдық-экономикалық негіздеме


Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 107 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе

  1. Патенттік ізденістер
  2. Ұйымдық-экономикалық негіздеме
  3. Біріңғай тұтастандырылған салық ақпараттық жүйесі. Салық төлеушіні тіркеу туралы жалпы мәліметтер. Жүйенің жалпы құрылымдық сұлбаФункционалдың жалпы принципі«Бір терезеге» тіркелу қағидасыПрограмманы шақыру, ҚР БТСАЖ-де қолданушының жалпы жұмыс прнципі

3. 4. 1 Қолданушының жұмыс орнына ҚР БТСАЖ-ін жүктеу

3. 4. 2 ҚР БТСАЖ-нің басқару элементтері

3. 4. 3 Жүйенің негізгі менюі

3. 4. 4 Көмекке шақыру және идентификация

  1. Салық төлеушіні тіркеуЖалпы тіркелу режиміБір терезеге тіркелу режиміӨкілетті СК арқылы салық төлеушінің тіркелуі және есептен шығуыТіркелу алгоритміБір терезеге тіркелу алгоритмі

4. 5. 1 Сыртқы мониторинг журналы

4. 5. 2 Ішкі мониторинг журналы

  1. Салық төлеушілердің тіркелу мәліметтерін енгізуге арналған өтініш формасы001. 00. формасы «Салық төлеушінің тіркелу туралы өтініш, жеке тұлғаның, сонымен қоса жеке кәсіпкерлік қызметтің, адвокаттық қызметтің, жеке нотариалды қызметтің жүзеге асады (Қазақстан Республикасының резидентімен құралған) »002. 00 формасы. «Шаруа қожалық (фермерлік) кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын, салық төлеушіні тіркеу өтініші (Қазақстан Республикасының резидентімен құрастырылады) »003. 00 формасы. «Жеке тұлғаның, сонымен қатар жеке кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын, салық төлеушіні тіркеу өтініші (Қазақстан Республикасының резидент емес тұлғасымен құрастырылады) »004. 00 формасы. «Заңды тұлғаның, филиалдың, өкілеттіктің, құрылымдық бөлімшенің салық төлеушіні тіркеу өтініші (Қазақстан Республикасының резидентімен құрастырылады) »005. 00 формасы. «Заңды тұлғаның, филиалдың, өкілеттіктің, құрылымдық бөлімшенің салық төлеушіні тіркеу өтініші (Қазақстан Республикасының резидент емес тұлғасымен құрастырылады) » 006. 00 формасы. «Филиалдың, өкілеттіктің, құрылымдық бөлімшенің салық төлеушіні тіркеу өтініші»006. 00 формасы. «Филиалдың, өкілеттіктің, құрылымдық бөлімшенің салық төлеушіні тіркеу өтініші»008. 01 формасы. «Салық төлеушінің банктік реквизиттері туралы мәліметтер»008. 02 формасы. «Салық төлеушінің құрылтайшысы туралы мәліметтер»008. 03 формасы. «Салық төлеушінің құрылтайшылығы туралы мәліметтер»008. 04 формасы. «Салық төлеушінің контрагенттері (салық агенттер) туралы мәліметтер»008. 05 формасы. «Қазақстан Республикасының резидент емес тұлғасының өкілеттігі туралы мәліметтер»008. 06 формасы. «Қазақстан Республикасының резидент емес тұлғасының салық салу объектісі туралы мәліметтер»
  2. Салық төлеушілердің есептен шығуы. Қазақстан Республикасының резидент емес тұлғасының салық салу объектісі туралы мәліметтер007. 00 формасы. «Шаруа қожалығы (фермерлік), жеке тұлға ретінде кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын, сонымен қатар жеке кәсіпкерлік қызметті, адвокаттық қызметті, жеке нотариалды қызметті жүзеге асыратын салық төлеушіні есептен шығу туралы өтініш»008. 00 формасы. «Заңды тұлғаның, филиалдың, құрылымдық бөлімшелердің, өкілетіктің салық төлеушілерінің есептен шығу туралы өтініш»
  1. Тіркелу мәліметтерін өңдеу
  2. Салық төлеушілерді тіркеу туралы құжаттар журналы
  3. Өтінішті қабылдау және берілген СТН-ді растау журналы
  1. Мемлекеттік тіркелу туралы куәлік

5. 1 Салық төлеушіге Куәлік беруді тіркеу

5. 2 Салық төлеуші куәлігінің көшірмесі

  1. Тіршілік қауіпсіздігі және еңбекті қорғау

6. 1 Тіршілік қауіпсіздігі

6. 2 Еңбекті қорғау және оның заңдылықтары

6. 3 Салық комитетіндегі ЭЕМ операторының жұмыс орнындағы еңбекті қорғау

  1. Ұйымдық - экономикалық есептеулер

Қорытынды

Қолданылған деректер көзі

Қосымша А

Кіріспе

Бұл дипломдық жобада Қазақстан Республикасының біріңғай тұтастандырылған салық ақпараттық жүйесіндегі салық төлеушіні тіркеу қалай жүретінін, жеке және заңды тұлғалар, резидент және резидент емес тұлғаларға қандай талаптар қойлатыны туралы, форманы толтыру ережелері туралы мәліметтер бар.

Абай ауданы бойынша салық комитеті жеке мекеме ретінде 1995 жылы ашылды. Салық комитетінде ҚР БТСАЖ программасы 2002 жылдан бастап қолданыла басталды. Бұл программа салық жұмыстарын жүргізуде өте тиімді және алғашында қолданылған программаға қарағанда мүмкіндіктері жоғары.

Қазақстан Республикасының Біріңғай Тұтастандырылған Салық Ақпараттық Жүйесі (ҚР БТСАЖ) ҚР-ның салық комитетінің қызметін кешенді түрде автоматтандыруға арналған. ҚР БТСАЖ-сі - тағайындалған ақпараттық жүйе болып табылады, ол негізгі желілік өнімдеріне және Microsoft шешімдеріне сүйенеді.

ҚР БТСАЖ-де тағайындалған иерархиялық құрылымы «республика - облыс - аудан» бар. Жүйенің барлық түйіндері корпоративті желімен біріктіріледі, мұнда жүйенің әрбір түйініне сәйкес масштабтағы локальді есептегіш желі сәйкес келеді.

Жүйенің республикалық деңгейі ҚР БТСАЖ-нің толық функциялар жиыны болатын бір түйінмен көрсетілген. Оған облыстық деңгейдің 16 түйіні бағынады, облыстық деңгейдің әрбіреуі 3-тен 20-ға дейінгі аудандық деңгейді басқарады.

Екі жоғарғы деңгейдің түйіндері бір-бірімен үздіксіз жұмыс істейтін байланыстың белгіленген каналдарымен байланысқан, аудан деңгейінің түйіндерінде мәліметтер алмасуы байланыстың орнатылған кезінен бастап периодты түрде жүреді. Республикалық және облыстық түйіндер арасында ақпарат жіберуде on-line әдісі қолданылады, аудан деңгейіндегі түйіндер арасында ақпарат алмасуы тек off-line режимінде жүзеге асады.

Жүйеде ақпарат жіберу тек «тік түрде» жүзеге асады. Бұл бір облыстық немесе аудандық түйіннен мәліметтер тура жіберілмейтінін білдіреді: ақпарат жүйенің ирархиялық түйіні бойынша тек жоғары немесе төмен жіберілуі қажет.

ҚР БТСАЖ-де мәліметтер біренеше түйінге тағайындалу бойынша сақталады және өңделеді, яғни жүйеде тағайындалған мәліметтер қоры бар. Аудандық деңгейдің түйіні мәліметтерді әкелу және қолдану ролін атқарады.

Жүйенің әрбір түйінінде бір типті ішкі құрылымы болады, ол бір-бірімен байланысқан үш деңгейге бөлінеді. Жүйенің айтылған деңгейінің компоненттері бір немесе әртүрлі компьютерде іске асуы мүмкін.

Дипломдық жобаның негізгі мақсаты салық комитетіндегі жұмыс орнын автоматтандыру болып табылады. Салық комитетіндегі ең басты жұмыстың бірі ол салық төлеушілерді тіркеу, және оларға салық төлеушінің тіркелу номерін беру болып табылады. Салық төлеушіні тіркеу процесі салық органдарында келесі этаптардан тұрады: салық төлеуші үлгіге сәйкес қағаздағы тіркелу формасын толтырады да, оны салық комитетіндегі жеке куәлік және мемлекеттік тіркелу туралы куәлікпен бірге береді; салық комитетінде қызметкер форманың бірінші тексеруін жүреді, формадағы мәліметтерді құжаттардағы мәліметтермен сәйкестігіне тексереді, яғни жеке тұлға үшін аты-жөні, құжат номері, туған күні және т. б. заңды тұлға үшін аталуы, басталу күні, тіркелу туралы куәлік номері және т. б. ; жоғарыда айтылғандар сәйкес болған жағдайда, құжат мәліметтері қайтарылады да, оған тіркелгені туралы растауды алу үшін келу уақытын тағайындайды; тіркелу формасы операторға беріледі; оператор салық төлеуші берген тіркелу формасына сәйкес тіркелу туралы экрандық форманы толтырады; республикалық деңгейдегі жүйеде мәліметтерді тексереді, қате табылған жағдайда ұйымға мәліметтер көзі асинхронды режимде тіркелуден бас тарту туралы ақпарат жібереді және тіркелу мәліметтерінің қателер тізімі жіберіледі; қате болмаған жағдайда республикалық деңгейде МҚ-ның модификациясы жүреді.

2 Ұйымдық-экономикалық негіздеме

Техникалы-экономикалық негіздеменің программалық өнімін жетілдіру

Жетілдіріп жатқан программалық қамсыздандыру кіші мекемелерде қолдану үшін арналған. Фирмаларда өңделіп жатқан ақпарат көлемінің өсуіне байланысты, құжат айналымын автоматтандыру жүйесі жақсы қолданыста. Ол қолмен және жұмыс сыйымдылықпен істеледі.

Берілген дипломдық жобада жетілдіріп жатқан программалық қамсыздандыру кіші кәсіпорынның құжат айналымын автоматтандыру есебін, сонымен қатар сақтау есебін шешеді. Өнім, фирмадағы құжатпен жұмыс істеу кезіндегі уақыт шығынын азайтуды қамтамасыз етеді: іздеу, сақтау, орындалуды бақылау. Сонымен қатар, баға және нақты шарттарға байланысының дайын шешімдер алдында үлкен артықшылықтар бар.

Өнім құжаттармен жұмыс істеуді тездетуді және сенімді ететуді қажет ететін барлық жерде қолданылады. Өнімді жасағаннан кейін оны кеңейтіп, кез келген кәсіпорын деңгейі үшін қолдануға болады.

SWOT - анализ әдісі программалық өнімнің бәсекелестік қабілетін және оның күшті және әлсіз жақтарын бағалау үшін араналған. Жақсы өткен анализ келесі жетілдіріліп жатқан программалық өнімнің стратегиясына, сонымен қатар оның таралу стратегиясына әсер етуі мүмкін.

SWOT - анализі келесі факторлар тізімін бағалауын қарастырады:

  • S - өнімнің күшті жақтары, ол
  • W - өнімнің әлсіз жақтары, компания үшін жаман және
  • O - өнім алдындағы мүмкіндіктер.
  • T - өнімге қауіп туу

Кіші офистар үшін құжат айналым жүйесін жетілдірудегі SWOT - анализін жүргізейік.

Күшті жақтары:

1. Программалық өнімнді орнату және қолдану қарапайымдылығы.

2. Мәліметтердің көп жылдық жиналу мүмкіндігі.

3. Мәліметтерді өңдеудегі өзіндік технологияны қолдану.

4. Программалық өнімнің жеңіл модернизация мүмкіндігі.

5. Жұмыс сапасына жеке қызығушылық.

Әлсіз жақтары:

1. Программалық өнімнің ағымдағы іске асырылуы тек бір қолданушының жұмыс ғана қарастырады.

Мүмкіндіктері:

2. Қолданушыға арналған сервисдерді кеңейту мүмкіндігі.

3. Программалық өнімнің басқа толық платформаларға ауысу мүмкіндігі.

4. Өнімнің жұмыс масштабын кеңейту мүмкіндігі.

5. «Клиент-сервер» технология қорында көп қолданушы жүйесін құру мүмкіндігі.

Қауіп:

Қауіп факторы жоқ, өйткені жоба квалификациялық жұмыс ретінде орындалған және сатып алушылардың іздеу тапсырмасы және нарықты құру қойылған жоқ.

Программалық өнімнің SWOT - анализін жүргізу кезінде күшті жақтары және бірнеше перспективті мүмкіндіктері бар, әлсіз жақтары бөліміндегі факторларды ескеретіндей жеткіліксіз.

Дипломдық жобаны жетілдіруде тақырыпқа сай таңдалған технологиялық процестің не болмаса программаның техникалық-экономикалық негіздемесі міндетті түрде жасалады. Экономикалық бөлім автоматтандыру желісінің экономикалық нәтижілілігін анықтау үшін өте маңызды. Экономикалық есеп жүргізу барысында техникалы-экономикалық көрсеткіштер есептеледі және олар қызмет етіп жүрген желілердің сәйкес көрсеткішерімен салыстырылады. Программа, жаңа құрылғы немесе автоматтандыру әдістерін енгізудің экономикалық нәтижелілігін есептемес бұрын оның көтерме бағасы, ал одан кейін қалған көрсеткіштері анықталады.

Салық комитетінің бөлімідерінде ҚР БТСАЖ программасымен жұмыс істейді. ҚР БТСАЖ программасы бүкіл Қазақстан Республикасының барлық аумақтарында қолданылады. Бұл программа жан-жақты жетілдірілген, мүмкіншіліктері алдында қолданылған «АРМ» программасынан артық. Негізінен «АРМ» программасы Қазақстан бойынша ҚР БТСАЖ программасының алдында қолданыста болды. Қазіргі қолданылып жүрген программаның құны қымбат болғанымен, оның артықшылықтары бұрынғы программадан әлдеқайда жоғары: «БТСАЖнің» мәліметтер қоры едәуір кеңейтілген, яғни, экономикалық ақпарат көбірек алуға болады; бұрын болмаған салықтық есептеулер түрлері, жаңа компоненттер енгізілген, ол қорытынды есептеулерді жүргізуге жеңілдіктер жасауға мүмкіндік береді.

ҚР БТСАЖ программасының лецинзиондық түрінің бағасы өте қымбат. Дегенмен де, бұл Мемлекеттік салық комитеті тәрізді ірі ұйым үшін бағасы қолайлы тиімді программа. Аталған артықшылықтарын, мүмкіндіктерін есепке алатын болсақ, бұл ұйымдар үшін шығыны шамалы, пайдасы жоғары болып келеді. Программаны қолдану кезінде бір уақытта бірнеше есептік операцияларды жүргізуге мүмкін болатындықтан, жалпы адам жұмысының уақыты көп мөлшерде азаяды, ҚР БТСАЖ программасын қолдану салықтық бөлімдеріндегі қызметкерлер санын азайтуға мүмкіндік береді, сондықтан бұл салық комитеті үшін өте қолайлы.

3 Біріңғай тұтастандырылған салық ақпараттық жүйесі. Салық төлеушіні тіркеу туралы жалпы мәліметтер

3. 1 Жүйенің жалпы құрылымдық сұлбасы

Қазақстан Республикасының салық жүйесінің құрылымдық ұйымына сәйкес, ақпараттық жүйеде үшдеңгейлі иерархиялық ұйым болады.

Біріншісінде, яғни жоғары деңгейде жүйе КР ҚМ СК-де болады.

Екінші деңгейінде республикалық деңгейге бағынатын облыстық ұйымы болады.

Үшінші деңгей аудандық деңгей ұйымын құрайды, олардың әр біреуі өзінің облыстық ұйымына бағынады.

1 сурет. Тіркелу жүйесінің ұйымдық құрылымы

Жүйеде ұйымдар арасында мәліметтерді алмастыру қарастырылған, иерархияның бір сабағында орналасқан (республикалық деңгейлі ұйым - облыстық деңгейдегі ұйым - оларға бағынған аудандық деңгей) . Мәліметтер алмасудың екі режимі бар:

  • синхронды режим- мәліметтер сол мезетте беріліп және өңделіп отырады;
  • асинхронды режим- мәліметтер өңделуге жіберіледі. Ұйымда жүйенің функцияналы - мәліметтер көзінде өңделу нәтижесін күтпей жүре береді. Мәліметтерді өңделудің нәтижесі туралы ақпарат мәліметтерді өңдеуді инициировавшую ұйымына асинхронды режимде жіберіледі.

Ақпараттық жүйенің реализациясында жазылғандай, республикалық және облыстық деңгейлердің немесе облыстық және аудандық деңгейлердің мәліметтер алмасуы асинхронды режимде жүреді.

Республикалық ұйымның мәліметтер қоры (МҚ) республиканың барлық салық төлеушілерінің тіркелу мәліметтерінің негізгі сақтаушысы болып табылады. Салық төлеушілер үшін тіркелу мәліметтерінің көшірмесі облыстық деңгей ұйымының мәліметтер қорында сақталады, оған бағынатын аудандық деңгей ұйымында салық төлеуші есепте тұрады (ағымдағы ұйым) және өзінің мәліметтер базасында сақталады. Сонымен қатар, актуалды тіркелу мәліметтерінің көшірмесінің МҚ-ның облыстық және аудандық деңгей ұйымдарында сақтала береді. Бұл:

  • салық төлеуші бұрын есепте болған ұйым;
  • салық төлеуші есепте тұрған немесе бұрын есепте болған бағынатын ұйымдағы ұйым;
  • жергілікті салық бойынша төлемдер жүргізілген ұйым.

Ақпараттық жүйелер - жоғарғы деңгейдегі ұйымдар үшін төмендегілердің барлық функциялары және функцияның берілген деңгейі үшін спецификалық ретіне байланысты жасалғандай болып құрылған. Сонымен, функцияның толық жиыны республикалық ұйым деңгейінде іске асырылған. Осылайша, егер берілген құжатта кейбір режимдер аудандық (облыстық) деңгейде іске асырылғаны көрсетілсе, ол көрсетілген деңгейде және жоғарғылардың бәрінде бар екендігін білдіреді.

3. 2 Функцияналдың жалпы принципі

Салық төлеушінің тіркелу процесі иерархияның барлық деңгейлері бойынша бөлінген - аудан, облыс, республика.

СТН (РНН) заңды және жеке тұлғаларға беріледі. Жүйенің қазіргі тәсілінде салық төлеушілердің екі категориясы үшін тіркелеудің унифицирленген механизмі қолданылады.

Салық комитетінің құрылымдық бөлімшелерінде «Регистрация» компонентінің функцияналы толықтай қарастырайық.

2 сурет. Салық комитетінің құрылымдық бөлімшелерінде «Регистрация» компонентінің функцияналының сұлбасы.

Салық төлеушілермен жұмыс істейтін аудандық бөлімнің қызметкерлері (Аудандық СК) : толтырылған тіркелу формаларын қабылдайды, визуалды бақылау жүргізеді, салық төлеушілердің құжаттарын тексеру, тіркелу формаларының мәліметтері - компьютерге және тіркелуге электронды сұраныс ретінде енгізіледі, қайта тіркелу немесе есептен шығу Қазақстан Республикасының қаржы министрлігінің Салық комитетінде беріледі.

Республикалық деңгейде ҚР БТСАЖ барлық қажетті тексерулер мен функциялар жүргізіледі, олар салық төлеушілердің тіркелуімен байланысты салық төлеушіге СТН беріледі. Салық төлеушілер туралы мәліметтер салық төлеушінің реестрінде енгізіледі. Егер салық төлеуші тіркелуден бас тартпаса, салық төлеуші тіркелген аудандық деңгей бағынатын облыстық салық комитеттің МҚ-ның тіркелу мәліметтерінің көшірмесі құрылады. Егер салық төлеуші алдында тіркелсе, онда салық төлеуші алдында тіркелген жерге яғни, облыстың мәліметтер қорында сәйкесінше өзгерістер жасайды. Осыдан кейін салық төлеушінің тіркелу мәліметтері облыстық салық комитеттен тіркелуге өтінім берген аудандық салық комитетіне жіберіледі.

Аудандық салық комитетте тіркелу мәліметтері МҚ-да сақталады, одан кейін салық төлеушінің тіркелуі туралы шешім локальді түрде генерацияланады. Егер де СТН-ді беру туралы кері жауап келсе, және кері жауап себебі салық заңдылықтарын бұзу болып табылса, онда құжаттар ақша жиналымы бөліміне шаралар қолдану үшін берілуі мүмкін. Ақша жиналымы бөлімінде кері жауап себебінің сипаттамасына байланысты қарызды алып тастау үшін шара қолданады, және істі салық полициясының органына береді және т. б.

Салық төлеушінің тіркеу туралы кері жауап республикалық сервер (облыстық салық комитетінің көмегінсіз), мәліметтер берудің асинхронды режимі арқылы аудандық деңгейге тура қайтарылады.

Әр түрлі администраторлық деңгейде тіркеу жүйесінің функциясын қысқаша жазып шығайық.

Аудандық деңгейде келесі негізгі функциялар орындалады:

  • салық комитетінде есепте тұрған барлық салық төлеушілер мәліметтер қорында сақталады;
  • осы комитетте есепте тұрған мемлекеттік тіркелуге сұранысты енгізуді жүзеге асырады және салық төлеушінің мәліметтер тіркеудің өзгерістері жүзеге асады;
  • салық төлеушінің мәліметтер тіркелуінің өзгерістері жүйенің екніші деңгейінен бастап қабылданады;
  • тіркелу жүзеге асу үшін ұйғарым және кері жауап және берілген түйінге енгізілген сұраныс бойынша тіркелу мәліметтерінің өзгерісі генерацияланады;
  • салық комитетінде есепте тұрмаған басқа салық төлеушілердің тіркелу мәліметтерін қарасатыру үшін бірініші деңгейге сұраныс енгізілуін жүзеге асырады;
  • сыртқы жүйеден алынған мәліметтерді қарастыру үшін бірініші деңгейге сұраныс енгізілуін қамтамасыз етеді;

Облыстық деңгейде келесі негізгі функциялар орындалады:

  • облыстық және оған бағынатын аудандық комиттетерінде есепте тұрған барлық салық төлеушілердің мәліметтер қоры сақталады;
  • облыстық комитетте есепте тұрған салық төлеушілердің мемлекеттік тіркелуге сұраныс енгізу және тіркелу мәліметтеріне өзгеріс енгізуін жүзеге асырады;
  • бірінші деңгейлі облыстық және оған бағынатын аудандық комитеттерінде есепте тұрған салық төлеушілердің тіркелу мәліметтерінің өзгерісі қабылданады;
  • тіркелу жүзеге асу үшін подтверждения және кері жауап және берілген түйінге енгізілген сұраныс бойынша тіркелу мәліметтерінің өзгерісі генерацияланады;
  • үшінші деңгейлі жүйедегі барлық қызықтырған түйіндерге салық төлеушілердің тіркелу мәліметтерінің өзгерісін жібереді;
  • салық комитетте есепте тұрмаған басқа салық төлеушілердің тіркелу мәліметтерін қарасатыру үшін бірініші деңгейге сұраныс енгізілуін қамтамасыз етеді;
  • сыртқы жүйеден алынған мәліметтерді қарастыру үшін бірініші деңгейге сұраныс енгізілуін қамтамасыз етеді;

Республикалық деңгейде келесі негізгі функциялар орындалады:

  • Қазақстан Республикасының барлық салық төлеушілердің мәліметтер қоры сақталады;
  • жүйенің екінші және үшінші деңгейінен салық төлеушілердің тіркелу мәліметтерін қарастыру және өзгерісі, мемлекеттік тіркелу өткізуге сұраныс қабылдау;
  • тіркелуге мүмкіндік алу немесе тіркелу мәліметтерінің өзгерісін барлық тексерулер жүзеге асады;
  • СТН-і бар салық төлеушілердің мемлекеттік тіркелу жүргізіледі, тіркелу мәліметтерінің өзгерісі жүреді;
  • екінші деңгейлі жүйедегі барлық қызықтырған түйіндерге салық төлеушілердің тіркелу мәліметтерінің өзгерісін жібереді;
  • сыртқы жүйелермен әрекеттер ұйымдастырылады.

Белгіленіп кеткендей төменгі органдардың барлық функциялары жоғарғы тұрған органдарға рұқсат етілген.

Сонымен қатар, қазір жүйеге тіркелудің тағы бір түрі бар екенін жазып кетейік.

3. 3 «Бір терезеге» тіркелу қағидасы

Технологияның бұл түрі тек заңды тұлғаларға арналған.

«Бір терезедегі» салық төлеушілер тіркелуінің негізі принципі болып - салық төлеуші тіркелу үшін керекті құжаттарды заңда көрсетілгендей әділет басқарма министрлігінің органына беріледі. Салық органына есепке тұру ақпараттық жүйелермен әркеттесу арқылы орындалады.

Тірекелудің және қайта тіркелудің толықтай циклы, есептен шығу және салық төлеушінің куәлігін беру, келесі түрдегідей болады:

3 сурет. «Бір терезеге тіркелу» компонентінің функцияналдық сұлбасы.

3. 4 Программаны шақыру, ҚР БТСАЖ-де қолданушының жалпы жұмыс принціпі

3. 4. 1 Қолданушының жұмыс орнына ҚР БТСАЖ-ін жүктеу

ҚР БТСАЖ-ін өз компьютеріңізге жүктегеннен кейін экранда жүйенің негізгі терезесі шығады.

Терезенің төменгі бөлігінде екі ссылка орналасқан, олар: ПЛЮС/МИКРО Web-серверлерінің (URL) адрестері және ҚР ҚМ СК Internet. Егер ұйымыңыз және компьютеріңіз Internet әлемдік желіге қосылған болса, онда тышқанның көмегімен керекті ссылканы таңдап, осы серверлерде сақталатын ақпараттарға рұқсат ала аласыз.

4 сурет. ҚР БТСАЖ-нің басты терезесі

3. 4. 2 ҚР БТСАЖ-нің басқару элементтері

Материалды ары қарай мазмұндау үшін келесі түсініктерді қарастырайық.

Программаны басқару үшін және ҚР БТСАЖ-не мәліметтерді енгізу, басқару элементтерінің келесі түрлері қолданылады:

Меню - басқару элементі, операцияны (функцияны) таңдау үшін қызмет етеді, оны прогармма орындау керек. Менюге мысал - жүйенің негізі менюі (4 сурет) қарайық. Менюдің фокусы көк түспен жанып тұрады.

Менюдің позициясын таңдау үшін Enter клавишасын басу арқылы шығаруға болады.

Батырма (клавиша) - батырмада белгіленген әрекетті іске қосу үшін қолданылады.

Қайтақосқыш - қандай да бір альтернативті шешімді таңдау үшін қызмет етеді. Қайтақосқыш экранда байланысқан элементтер тобы түрінде бейнеленеді.

Енгізу жолы - мәтінді енгізу үшін қызмет етеді. Экранды енгізу жолы бейнеленеді.

Тізім бойынша енгізу жолы - жолда кез-келген енгізілген мәтін емес, тек мәтін тізімінен таңдалған әрекет қолданылады. Ол былай бейнеленеді: . Енгізу жолына басқан кезде мүмкін болатын мәндер менюі ашылады.

3. 4. 3 Жүйенің негізгі менюі

Жүйенің негізгі менюі Internet Explorer терезесінің жоғарғы бөлігінде шығады. Жүйе администраторы анықтағандай әр бір нақты қолданушы үшін негізгі меню рұқсат етілуіне байланысты әр түрлі операциялар мен функциялар болуы мүмкін. Төменде көрсетілген суретте (4 сурет) негізгі менюде Регистрация опциясының ашылған түрі көрсетілген.

5 сурет. ҚР БТСАЖ жүйесінің негізгі менюі

3. 4. 4 Көмекке шақыру және идентификация

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Еңбек туралы жалпы және арнайы нормалар
Құрылыс жұмыстарын ұйымдастыру негіздері
Жоба ұғымының анықтамасы
Сәулет - құрылыс факультеті
Холдингті компаниялардың және олардың қатысуымен компаниялардың бірігуі
Қазіргі кезеңдегі еңбек заңнамаларындағы жеке еңбек шартының анықтамасы
Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі
Қаржылық менеджменттің механизмі
Арнайы жедел-іздестіру шаралары
Бизнес-жоспарлардың мазмұны
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz