Жаңа дәуірдегі демократияның классикалық теориясы


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

Кіріспе3

демократиялық режимдер5

Жаңа дәуірдегі демократияның классикалық теориясы8

Демократияның алуан түрлілік және төбе топ теориялары10

Қорытынды15

Пайдаланған әдебиеттер16

Кіріспе

Бұл тақырыпты таңдап алуымның негізгі себебі қазіргі таңдағы Қазақстанда жүріп жатқан саяси процестерді анығырақ түсіне алу болатын. Себебі біздің еліміз қазір саяси бір режимнен екінші режимге көшуді бастан кешіруде, атап айтқанда «тоталитаризмнен» «демократияға» ауысуда.

Мен өз жұмысымда осы терминдердің нені меңзейтінін ұғынуды мақсат еттім.

Алдымен саяси режимнің анықтамасынан бастайын. Әрбір мемлекеттің өзінің саяси режимі болады. Саяси режим дегеніміз мемлекеттің саяси билігін қоғамда жүргізудің әдістер, тәсілдер, нысандар жиынтығын, саяси еркіндік дәрежесін, адамның қоғамдағы құқықтық жағдайын және елдегі саяси жүйенің белгілі типін атайды.

Режим - жоғары таптың экономикалық және саяси билігін жүзеге асыру құралдары мен әдістерінің жиынтығы.

Қазіргі кезде әлемде бір-бірінен айырмашылығы аз 140-160 режимдер туралы сөз қозғауға болады.

Саяси режимдерді саралаудың көпке танымал, кеңінен тараған түрі оларды тоталитарлық, авторитарлық және демократиялық деп саралау. Саяси режимдер типологиясы:

  1. демократиялық саяси режим;
  2. либералдық саяси режим;
  3. авторитарлық саяси режим;
  4. тоталитарлық саяси режим.

Саяси режимді толығырақ әрі тереңі түсіну үшін «азаматтық қоғам» ұғымын қарастырғанымыз жөн. азаматтық қоғам мен құқықтық мемлекет саясаттануда мәндері ұқсас категориялар. азаматтық қоғамсыз құқықтық мемлекет те жоқ, себебі құқықтық мемлекет азаматтық қоғамның мүдделерін айқындауы тиіс деп атап көрсеткен болатын француз саясаттанушысы Мишель Дюверже.

«азаматтық қоғам» ұғымы саясаттанудағы ең көп тараған категориялардың бірі бұл жөнінде Аристотель, Ш. Л. Монтескъе, Н. Макиавелли, Дж. Локк, Т. Гоббс, И. Кант, Гегель, Н. Бердяев тағы басқалар айтып өткен. Бұл ойшылдар осы ұғымды егжей-тегжейлі саралап, талдап отырды немесе оны азаматтық қоғамның антитезасы ретінде еске алып азаматтық қоғам дегеніміз мемлекеттен тыс, тіпті оған қарсы келетін ұғым деген ойға итермеледі.

Азаматтық қоғамның пайда болуы жөнінде ғалымдар арасында екі түрлі көзқарас бар. Біреулері оны буржуазиялық қоғамның жемісі дей келіп, нарықтық қатынастармен байланыстырады Екіншілері ондай қоғам белгілі бір шамада қашан болмасын болған дейді.

Азаматтық қоғам идеясы өте ертеде пайда болған. Аристотель еңбектерінің өзінде біз азаматтық қоғамдағы меншіктің рөлі туралы пікірлерін кездестіреміз. Ол кім меншікке ие болса, сол ізгіліктің, адамгершіліктің де иесі болады деп жазды.

Кейінірек бұл мәселеге елеулі үлес қосқандар: Т, Гоббс, Ш. Монтескье, Ж. Ж. Руссо, Т. Пейн және т. б. Дегенмен, азаматтық қоғам тұғырнамасын жасауда ерекше еңбек еткен немістің атақты фәлсафашысы Гегель. Оның ойынша, азаматтық қоғам мемлекеттен тәуелсіз нарықтық экономиканы, әлеуметтік топтарды, таптарды, корпорацияларды, институттарды қамтиды. Олардың мақсаты қоғамның өміршеңдігін және азаматтық құқықты жүзеге асыруды қамтамасыз етуде.

Азаматтық қоғам деп мемлекеттік құрылымнан тыс қалыптасатын әлеуметтік-экономикалық және мәдени-рухани қоғамдық қатынастардың жиынтығын айтады. Ол жеке тұлғаның емін-еркін дамуын қамтамасыз етуге мүмкіндік жасайды. Бұл қоғамда мемлекеттің жеке адам өміріне араласуына өте-мөте шек қойылады. Ал олардың атқаратын міндеттерін азаматтар өз еркімен оларға берген және орындалуын өздері тексереді.

Азаматтық қоғамның құрамына адамдардың өздері тудырған қауымдастықтар (отбасы, кооперациялар, ассоциациялар, қоғамдық ұйымдар, кәсіби, шығармашылық, спорттық этникалық және басқа бірлестіктер), азаматтардың өндірістік және жеке өмірі, олардың әдет-ғұрпы, салттары кіреді.

Азаматтық қоғамда адамдардың экономикалық, саяси және рухани өмірінің түрін еркін тандауына және жүзеге асыруына заң жүзінде кепілдік беріледі. Олар мемлекет тарапынан қатаң тәртіпке алынудан сенімді түрде қорғалады. Адамның жалпы құқықтары сақталады, бұзылмайды. Азаматтық қоғам экономикасының негізі - әртүрлі тегі көп укладты экономика. Бұл қоғамның әрбір адамының нақтылы меншігі болады және оны өз қалауына сай пайда алады. Сондықтан мұнда белсенді іскерлікке, тапқырлық жемісті еңбек етуге кең жол ашылады.

Саяси өмірде азаматтық қоғам барлық азаматтарға мемлекеттік және қоғамдық істерге еркін қатынасуына жағдай жасайды. Мұндай қоғамда адамның халықаралық дәрежеде танылған ережелерге сай төмендегідей азаматтық құқықтары жүзеге асырылады:

- ұлттық-этникалық, саяси, діни, жастық жыныстық белгілері бойынша қандай да болсын алалаушылыққа жол берілмейді;

- жеке тұлғамен азаматтық абыройы болып саналатын жер үйі мен мүлкі, мамандық таңдау еркіндігі, тұратын мекенін анықтау, ел-жұртқа келіп-кету, хатта жазылған және телефонмен сөйлеген сөз қүпиялылығы, сөз, баспасөз және хабарлама бостандығы заң жүзінде сенімді қорғалады;

- адам өзінің көзқарасы мен рухани мүдделерін өзі шешеді;

- азаматтық құқықтар сот органдары мен қоғамдық ұйымдар жағынан толық қорғалады.

демократиялық режимдер

Демократия деген сөз гректің "демос"- халық және "кратос" - билік деген сөздерінен тұрады, яғни халық билігі деген мағынаны білдіреді.

Қазір бұл сөз бірнеше мағынада қолданылады: 1) мемлекеттің тұрпаты (типі) мен жалпы саяси жүйесі; 2) мүшелерінің теңдігіне, басқару органдарының мерзімді сайлануы және көпшілік дауыспен шешімдер қабылдау принциптеріне негізделген кез келген ұйымның ұйымдастырылу түрі; 3) қоғамдық құрылымның мұраты (идеалы) және соған сәйкес көзқарастар.

Демократияның көпшілік таныған бірыңғай анықтамасы жоқ. Әр дәуірдегі ойшылдар оны әр түрлі түсінген. Оның үстіне әр түрлі елдерде олардың ұлттық, тарихи және т. б. ерекшеліктеріне байланысты демократия сан түрлі рең алуы мүмкін. Дегенмен, демократиялық мемлекеттердің көп түрлілігіне қарамастан, олардың ортақ белгілері болады. Ондай белгілерге төмендегілер жатады.

1. Халықтың заң жүзінде мемлекеттік биліктің бірден бастауы саналуы. Ол мемлекетте ұйымдастырушы, конституциялық биліктің халыққа тән екендігіне көз жеткізеді. Ол жоғары органдарға өз өкілдерін сайлайды және жүйелі түрде ауыстырып отырады. Бірталай мемлекеттерде халықтың бастамасымен және референдум арқылы заңдар жетілдіріледі және қабылданады. Сондықтан АҚШ-тың төртінші президенті А. Линкольн демократияға "халық үшін халық сайлаған халықтық билікке" жатқызды.

2. Халық билігін орнату үшін оған жағдай жасау керек. Ондай жағдай теңдік болған жерде ғана болады. Б. з. б. V ғасыр; өмір сүрген гректің атақты тарихшысы Геродот сол кездің өзінің демократия деп теңдікке негізделген мемлекетті айтады деген болатын. Теңдік барлық салада - халық жиналысында, мемлекеттік істерге қатысуда, заң шығаруда, оны орындауда болуға тиіс.

3. Табиғатына, әлеуметтік, саяси, мәдени және т. с. с. ерекшеліктеріне байланысты адамдар әр түрлі болды. Солардың бәрін қалай теңдестіруге болады? Ол үшін заң, құқық алдындағы теңдік болуы керек. Заң және құқық - жалпы және барлығына бірдей қоғамдық және саяси өмірдегі демократиялықтың негізі және қорғаушысы. Олар қоғамдағы қатынастарды реттейді, жүріс-тұрыс, іс-әрекеттер ережелерін орнатады. Қажетті деген іс-әрекеттерге рұқсат етеді. Ол тәртіптерге қайшы келген іс-әрекеттерге тыйым салады, оларды бұзғандарды жазалайды. Бір қоғам біреулерге рұқсат етілгенді екіншілерге рұқсат ету: біреулерге басымдық беріп, басқаларға қысым көрсетуі мүмкін. Билік иелері (күштілер, байлар, ақсүйектер) заң мен құқықты өз мақсаттарында пайдаланғылары келеді. Сондықтан құқықты, теңсіздікті болдырмау керек. Оны қалай жасауға болады?

4. Оның кепілі - әділеттілік. Әділеттіліктің де бірыңғай ұғымы жоқ. Ол жөнінде әр түрлі тарихи дәуірлерде әр қоғамның өзіндік түсінігі болады. Мысалы, алғашқы қауымдық қоғамда қарт, ауру адамдарды өлтіру әділеттілікке жатты. Инквизицияны жақтаушылар үшін діннен безгендерді тірідей отқа жағу әділетті іс. Кеңес заманында еріксіз ұжымдастыру барысын қазақ халқының жартысына жуығы қырылып, біразы босып кетті. 1986 жылы желтоқсанда жастарды қырғынға ұшыратуы біреулерге әділетті көрінді. Әйтпесе, сол жазалаушылар жазасын алулары керек емес пе? Сайып келгенде, әділеттілік қоғамдық қатынастармен, қоғамдағы саяси құрылыспен, оның мемлекеттілігінің тұрпатымен, саяси мәдениетінің дәрежесімен айқындалады.

Ал қазақ жастары болса желтоқсан көтерілісінде бостандық, еркіндік үшін алаңға шыққан болатын. Бұл - демократияның бесінші белгісі. Қазақ халқы еркіндікке жету үшін ғасырлар бойы күрессе, адамзат қоғамына демократияны шектейтін, теңдік пен әділдікті бұзатын, қанаудың, тәуелділіктің барлық түрлерінен азат етілу үшін мыңдаған жылдар бойы күресуіне, реформалар, революциялар, өзгерістер жасауына, сан рет жеңілуге жеңіске жетуге тура келді. Теңдікке, әділеттілікке, еркіндікке, демократияға, олардың принциптеріне сәйкес өмір сүруге үйрету және үйрену керек. Құқық пен заң адамды күйзелу, қорқыныш, заңсыздықтан құтқаруға міндетті. Сайып келгенде осынын бәрі еркіндік, бостандыққа байланысты.

Сонымен біз халықтың мемлекеттік билікті жүргізуге қатысу керектігі, құқық, теңдік, еркіндік жөнінде әңгіме еттік. Осы принциптердің бәрі түгел болғанда ғана әділдік болады. Бұл - әділдіктің демократиялық түсінігі. Ол, өкінішке орай, адамзаттың басқа да арман-мұраттары сияқты бірден толық орындала бермейді.

Жоғарыда көрсетілген белгілермен қатар демократиялық принципке жүйелі түрде мемлекеттің негізгі органдарын сайлау жатады. Ең алдымен жоғарғы заң органы сайланбалы болуға тиіс. Одан соң төменгі өзін-өзі басқаратын органдарға дейін сайланбалы болғаны дұрыс.

Сонымен қатар шешім қабылдағанда ерте заманнан демократияға азшылықтың көпшілікке бағынуы жататын. Кейінірек мұндай бағыну шектелді, азшылықтың өз пікірі болуы, оны сыйлау, онымен есептесу керектігі мойындалды.

Қазіргі демократиялық процесте мынадай демократиялық рәсімдерде қарастырылған барлық сайлаушылардың тең дауыс құқығы, сайлаудың еркіндігі, балама үміткердің болуы, тізім бойынша сайламау, демократияның үздіксіз қоғамдық бақылау аясында болуы, мемлекеттің дау-дамай, шиеленістерді реттеудегі ықпалды тетіктерін табуы және т. с. с.

Демократия болу үшін саяси, экономикалық, құқықтық, мәдени, идеологиялық кепілдіктер жүйесі болуы шарт. Оның маңызды кепілдігіне әр түрлі демократиялық елдерде қалыптасып жатқан азаматтық қоғам мен құқықтық мемлекеттер жатты.

Сонымен, демократия деп халық билігі, теңдік, құқық, әділдік, еркіндік принциптеріне негізделген мемлекеттік құрылысты айтамыз.

Халықтың билігі ретіндегі демократия көбіне утопиялық ар-аңсарды білдіреді. Кейбіреулер оған жақындайды, кейбіреу көкжиекте көрініп тұрғандай көрінеді, біреулерге оған жолы оңайырақ, кейбіреулерге қиынға түседі. Дегенмен, ол - шындық, өмірдегі бағдар, нысана, қоғамның саяси дамуының мақсаты. Ағылшынның көп жылдар премьер-министрі болған Уинстон Черчилльдің айтуы бойынша, "демократияның да кемшіліктері бар, бірақ оның ең құндылығы сонда - бұдан артықты бүгінге дейін ешкім ойлап шығарған жоқ".

Жаңа дәуірдегі демократияның классикалық теориясы

Жаңа дәуірдегі демократияның классикалық теориясы антикалық идеялардан бастау алды. Бірақ оның өзіндік ерекшеліктері бар. Оның өзгешелігі ең алдымен барлық адамдардың бәрі де саяси шешімдерді қабылдауға қатысуы керек деген тезиске байланысты. Оны "қоғамдық келісім" деген еңбегінде Ж. Ж. Руссо жан-жақты қарастырды. Оның ойынша, саяси процеске тартылған өз бетінше саналы іс-әрекет жасайтын, ақылды адамдар қосылғанда жаңа сапа пайда болады. Олар жиналып ортақ игілік идеясын ойлап табады. Бұл идея саясаттың принципіне айналады және ортақ ерік, жігер, қайрат қалыптасады. Адамдар не жақсы, не жаман екенін бірігіп таңдайды. Бәрі бас қосқан пікір сайыстан кейін нашар жақтары алынып тасталып, жақсылыққа жету жолдары іздестіріледі.

Жалпы жұрттың ықтиярын, көзқарастарын жинап, топтастырып ортақ игілікке жетудің шешімін қабылдайды.

Бұл тұжырымдама XIX ғасырға дейін басымдық етті. Классикалық фәлсафаның негізін салушылар ортақ игілік идеясын барлық адамдар үшін жоғары бақытқа, игілікке жету деп түсіндірді Бірақ Руссо да, демократияның классикалық теориясының негізін қалаушылар да адамның баянды (рационалды) жағын асыра бағалады. Олар қарапайым адамдардың кәсіби саясаткерлер тарапынан етілетін айла-шарғыларына, қулықтарына оңай түсіп қалатындарын, азаматтардың күнделікті өміріне тікелей байланысты емес өзгерістерге немқұрайды, селқос қарайтынын ескермеді. Бұған алғаш назар аударған австрия социологы Иозеф Шумпетер (1883-1950) болды. Ол өзінің атымен аталған демократияның "шумпетерлік" теориясын жасады. Оның ойынша, жалпы ықтиярлық, тілек барлық халықтың еркімен қалыптаспайды, оны жасайтын соған мүдделі кәсіби топтар. Демек, демократия ешқашан халықтың басқаруы емес. Халық тек белгілі бір арадағы институтты сайлайды. Ол өз кезегінде ұлттық атқарушы органды немесе үкіметті қалыптастырады, Бұдан кейін көпшілік іс жүзінде саясаттан шеттейді. Сондықтан демократиялық тәсіл - Шумпетердің ойынша, жеке адамдардың халық даусын алу үшін бәсекелік күрес нәтижесінде жететін институционалданған шаралар жүйесі. Қорыта келгенде, Шумпетер бойынша, басқаратын халық емес, жеке адамдардын арасында бәсекелік күрес жүреді, ал халық бұл күресте солардың біріне дауыс береді. Мұндай жағдайда біртұтас ерік, жалпыға бірдей игілік жөнінде сөз болуы мүмкін емес. Мүдделерінің сәйкестігіне қарай топтар құрылады және солардың арасында күрес жүреді. Сөйтіп, Шумпетердің тұжырымдамасында либералдық демократия принциптері қалыптасады.

Либерализм тұлғаның еркіндігін, оның мемлекеттік тираниядан сақталуын көздеді, жеке адамды қоғам мен мемлекеттен ажыратты, мемлекет пен азаматтық қоғамның ара жігін ашып көрсетті, барлық азаматтардың саяси теңдігін жария етті, азшылықтың құқығын қорғады, тұлғаның түбегейлі, ажырамас құкықтарын белгіледі, оны саяси жүйенің негізгі элементі ретінде либералдық принпипте халықтың, көпшіліктің орнына жеке алға тартылады. Жеке адам мен халық орын ауыстырады, билікке таласады, халық дауыс береді. Саяси процесте саяси жетекші мәселесі көтеріледі. Қоғамның экономикалық саласында да, саяси саласында да еркін бәсеке пайдаланады. Алғашында, еркін бәсеке экономикада жеке тауар өндірушілер мен меншік иелерінің деңгейінде жүрді, кейін акционерлік қоғамдар, корпорациялар, концерндер және т. түріне айналды. Саяси өмір шеңберінде жеке бәсекелестік партиялар немесе әлеуметтік топтар, кейін келе әр түрлі топтарды жалпы мақсатқа жету үшін жасаған бірліктерінің түрінде жүргізілетін болды. Басқа сөзбен айтқанда, идеялар мен саяси серкелер сатып алушылар (сайлаушылар) үшін күресуге айналды.

Мұндай жағдайда халыққа екі-ақ қызмет атқаруға тура келді: 1) саяси серкелерді, басшыларды сайлау; 2) оларды орнынан алу. Бұл теория бойынша орнынан сайлау арқылы алынады, Сайлаушылар мен олардың сайлаған өкілдерінің арақатынасы жөнінде екі түрлі көзқарас бар. Біріншісі - депутаттарға қатаң талап-тілектер қоюды көздейді. Екіншілері - мұны дұрыс санамайды. Себебі, олардың ойынша, өмірдің барлық жағдайларына аманат беру мүмкін емес. Оның үстіне, сайлаушы өз ауданы, облысына қатысты мәселелерді аманат етеді, ал парламенттегі саясатшы тұтас халық, ел мүддесін ойлауы керек. Нақтылы тарихи жағдайда аумақ пен ел мүддесінің тоғысу дәрежесін ол өзі табуы керек.

Шумпетердің ойынша, демократияның ойдағыдай жұмыс істеуі үшін төрт жағдай керек:

1. Маңызды мемлекеттік қызметтерге сайлауға болатын айтарлықтай білікті, маман өкілдер тобы болуға тиіс. Мысалы. Англияда Шумпетер олардың тобына ең алдымен ақсүйектерді жатқызады.

2. Саяси органдар халық, негізінен, жақсы қабылдап, оларға өз көзқарастарын айта алатын шешімдер қабылдауы керек. Олай болмаса, шешімдердің легитимдігі жөнді болмайды, сондықтан елдегі саяси тәртіптің тұрақтылығына нұқсан келеді.

3. Жауапкершілікті толық сезінетін, қызмет орнының абыройын жоғары бағалайтын дайындығы бар жақсы ұйымдасқан бюрократия болуы керек. Себебі, ол маман емес ынталы адамдарға қарағанда мемлекетті көш ілгері басқарады. Ол өз кұрамын орта таптың өкілдерімен толықтырғаны жөн.

4. Саяси теорияның ғана емес, саяси мәдениеттің де элементі болып табылатын демократиялық өзін-өзі бақылау болғаны өте маңызды. Саяси процеске әрбір қатысушы өз еркімен өзін тежемесе қандай демократия болмасын алысқа кете алмайды. Билеуші топ болсын, оппозиция және басқа дау-жанжалға қатысушы топтар болсын ең алдымен ұлттық мүддені бірдей түсініп жоғары қоюлары абзал.

Демократияның алуан түрлілік және төбе топ теориялары

Алуан түрліліктің (плюрализмнің) элементтері демократияның классикалық теориясын қалаушылардың еңбектерінде байқалған. Оған ең алдымен Дж. Локк пен Ш. Л. Монтескье ашып көрсеткен биліктің тармақталу теориясы кіреді.

АКШ Конституциясы авторларының бірі Дж. Мэдисон (1751-1836) мынадай идеяны ұсынды: қоғамда өзіндік мүдделері бар әр түрлі топтар болған сайын, олардың ішіндегі бір топ басымдық ету қаупі азаяды да, сонымен бірге басқа топтардың сенімді қорғалуына кепілдік көбейеді. Ол антикалық полистегі саяси тәртіптің жаппай, барлығын қамтитын бір пікірлілігінен іс жүзінде бас тартты. Оның орнына демократияның дарашылдық және либералдық принциптерін ұштастырып, мемлекеттік билікті алға тартты.

Сөйтіп, саяси теорияда тұңғыш рет халық, яғни көпшіліктің билігін дәріптеудің орнына азшылықтың мүддесін қорғау идеясына қадам жасалды.

Демократияның алуан түрлілік теориясы саяси процеске барлық азаматтардың тікелей қатысу теориясынан бас тартты. Демократияның антикалық және классикалық теорияларында жеке азамат бас кейіпкер болатын. Енді сол дауыс беруге ғана қатысады. Өкілдік демократия оны шешімдер қабылдаудан ығыстырады. Яғни, азамат саяси процестің негізгі тұлғасы болуынан қалады. Демократияның алуан түрлілік теориясы саяси процестің өзін бұрынғыдай жеке адамдардың қатынасы ретінде қарамайды, топтардың және топ мүдделерінің өзара қатынасы ретінде қарайды. Сонымен бұл теорияны жақтаушылар қазіргі демократиялық мемлекетте саясатты жеке тұлға емес, халық емес, топ деп тұжырымдайды. Бұл теория дарашылдық және ұжымдық теориялардың арасында ортаңғы орынды алып түрғандай.

Қоғамда экономикалық әлеуметтік, саяси, мәдени және т. б. көптеген мүдделер болатыны белгілі. Соларға байланысты әр түрлі топтар пайда болады. Қандай адам болмасын осындай белгілі бір топтың (отбасылық, этникалық, мамандық, діни, аймактық және т. с. с. ) өкілі болып табылады. Ол сол топта тұлға ретінде қалыптасады. Топ арқылы тұлға өз мүддесін білдіріп, оны қорғауға мүмкіндік алады. Демократияның міндеті - қоғамдағы алуан түрлілікті ынталандыру, барлық азаматтарға бірігуге, өз мүдделерін ашық айтуға мүмкіндік беру, саяси шешімдерде өзара мәмілеге келу арқылы олардың тепе-теңдігін табу.

Саясатта топтың қатынас тұжырымдамасын жасаған Артур Бентли (1870-1957) . Ол кең мағынасындағы мемлекеттің мақсаты саяси процеске әр түрлі топтардын мүдделерін тартып, оларды келісімге келтіру. Мемлекетке либерализм сияқты "тұңғыш күзетші" ретінде емес, топтың мүдделер күресіне бақылау жасайтын, қоғамда әлеуметтік әділеттілікті қолдайтын қазы ретінде қарайды.

Демократияның алуан түрлілік теориясының тағы бір ерекшелігі - биліктің араласуы, сіңуі (диффузиялануы), яғни саяси жүйеде биліктің ыдырауы, бөлініп-бөлініп кетуі. Мысалы, АҚШ-та билік орталықта президент пен конгрестің арасында ғана емес орталықтан штаттарға (федералдық принцип), саяси процеске қатысушы әр түрлі топтар, партиялар арасында бөлініп берілген.

Демократияның төбе топ, элитарлық теориясы жоғары көрсетілген теорияға ұқсас. Ол халықтың саясаттан шеттетілуімен келіседі. Сонымен қатар саяси шешімдерді аз ғана, санаулы адамдар қабылдайды дейді. Олардың айтуынша, саяси процеске таңдаулы, іріктелген, қалаулы топтар арасындағы күрес жатады.

Бұл теорияны жақтаушылар халыққа өз мүдделерін қорғап, саяси шешім қабылдаушы кәсіби саясаткерлерге жүктеуге көздерін жеткізгілері, сендіргілері келеді. Себебі, ысылған, төселген, жоғары кәсіби маман ғана саяси шешімдерді қабылдаудың еркіндігі мен мүмкіндіктерін сақтай отыра демократиялық тетіктерді ұтымды пайдалана алады. Төбе топтар өзара күресе берсін, ал халықтың оған ақылы жетпейді, ол қызба келеді, көңіл күйдің жетегінде лепірме серкелердің кулығына еріп кетеді деп түсіндіреді.

Жоғарыда аталған теориялардан басқа демократияның марксистік теориясы бар. Ол Руссоның ұжымдық теориясына ұқсас. Бірақ марксистер демократияның таптық мәніне баса көңіл бөледі.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Демократия туралы ұғым және оның белгілері
Демократия туралы
Демократия туралы ұғым, оның белгілері
Демократия туралы жалпы түсінік және оның белгілері
Демографияның және оның негізгі белгілері
Демократия туралы түсінік
Демократия - мемлекет бастауы
Мемлекеттік басқарудағы демократия
Саяси билік туралы
Демократия теориясы: тарихы және бүгіні
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz