Ы. Алтынсариннің ағартушылық еңбегі



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 19 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

Кіріспе 4
Негізгі бөлім. 6
Ы.Алтынсариннің қазақ халқының саяси көзқарасын қалыптастырудағы
ағартушылық еңбегі. 6
Ш. Уалиханов- қазақ қоғамының саяси- әлеуметтік өзгерістеріне, саяси ойдың
дамуына ықпал еткен ғалым. 10
Абай- құқық қағидасын қалыптастырған заңгер. 15
Қорытынды 21
Пайдаланған әдебиеттер 22

Кіріспе

ХІХ ғасырдың ІІ- жартысында Ресейдің Қазақстанды отарлауы толық
аяқталды. Атыраудан Алтайға, Солтүстік Қазақстаннан Тянь-Шянь тауына
дейінгі кең-байтақ өлке түгелдей Ресей империясының құрамына кірді.
Ресей өнеркәсібі үшін Қазақстан шікізат өндірудің бай көзі еді. Оның
үстіне, патша үкіметі Қазақстан жерін орыс шаруаларына қоныстандыруға
пайдалануды көздеді. Сол үшін алдымен қазақ аумағындағы өзінің өкімет
билігін нығайтуды қолына алды. Сөйтіп, 1868 ж. 21 қазанда қазақ даласын
басқару туралы “Уақытша ережені” енгізді. Бұл ереже бойынша қазақ елі бөліп
биленді, жер ресей мемлекетінің меншігіне айналды, қазақтар өз жерін тек
пайдаланушылар ғана болып саналды. Сондықтан, салық мөлшерлері белгіленді,
салық барлық үйге тең салынатын болды, бұл шаруаларға көптеген қиындықтар
әкелді.
Патша үкіметі ресми сайлау тәртібін кіргізгенмен, іс жүзінде оның
шарттарын сақтаған жоқ. Патша үкіметі өздеріне керек адамды ғана болыс,
старшын етіп сайлады. Ал солардан сүйеу тапқан болыстар бұқара халыққа
қиянат жасады. Әкімшілікке таласу- рулық қатынастарды одан бетер қоздырды.
Мұны патша үкіметі өз мақсатына пайдаланып отырды.
Бұл кезде халықтың жағдайын ойлап, оларға шын жаны ашыған сол кезде
өмір сүрген қазақтың ағартушы-ғалымдары болды. Олар халықты өнер-білімге,
оқуға шақырды. Сөйтіп, өз халқын феодалдық- патриархалдық ескіліктен бой
тартып, ілгері дамыған халықтың ізімен жүруге бағыттады. Мұндай
көзқарастарды ұстанғандар тобының басында қазақ халқының ағартушы-
демократтары- Абай, Шоқан, Ыбырай тұрды.
Шоқан- қазақтың ағартушы- ғалымы. Ол қазақ байларының озбырлығы мен
жалпы шығыс деспотизмін қатты сынға алды. Қазақ халқына білім беруді, оны
орыс мәдениетіне тартуды жақтады. Қалың халық бұқарасының мүддесін қорғады.
Ыбырай өзінің ағартушылық ойларын қазақ даласында мектеп ашу ісін
ұлғайту арқылы жүзеге асырды. Мектептерде пән негіздерін оқытуды, орыс
тілін үйретуді, сол арқылы орыс мәдениетін игерген жаңа ұрпақ тәрбиелеуді
көздеді. Өз еңбегінде Ыбырай жастарды жақсы мінезге тәрбиеледі, оларды өнер-
білімге шақырды.
Шоқан, Ыбырай, Абай да халықтың үстінен аяусыз үстемдік жүргізген,
оларды құлдықта ұстағысы келген патша әкімшілігінің саясатына қарсы
күресті.

Негізгі бөлім.

Ы.Алтынсариннің қазақ халқының саяси көзқарасын қалыптастырудағы
ағартушылық еңбегі.

ХIХ ғасырда қазақтың күңгірт көгінде жарқыраған жұлдыздардың бірі
Ыбырай (Ибрахим) Алтынсарин (1841-1889ж.ж).болғаны әлемге аян. Ол өзінің
туған халқы сол бір тұңғиыққа тіреліп тұрған кезде, мүлгіген сахарада
білім жұлдызын жарқыратыпжағу үшін бар өмірін сарп етті. Ыбырайдың
халық ағарту, педагогтік қызметі туралы зерттеулер біраз жазылып,
ол жөнінде ой-пікірлер аз айтылған жоқ. Бірақ оның өз тұсындағы
қазақ қоғамы туралы тұжырымдары, әлеуметтік таңдаулары, саяси ой-
пікірлері көбінесе назардан тыс қалып келді. Шын мәнінде оқу-
білімді таратамын деген кісі сол кездегі қазақ қоғамының әлеуметтік
және саяси жағдайларына соқпай кетуі мүмкін де емес еді.
Әрбір игілікті, жаңа істің басталуы әрқашанда қиын болатыны
белгілі. Ал әлеуметтік-саяси дәрежесі әлі де феодалдық-рулық
деңгейден оза қоймаған, бір кезде Ұлы Жібек Жолы сияқты мәдениет
керуені кесіп өтіп жататын қазақ даласы Шығыс пен Батыс
цивилизациясының ортасында қалып, темір жолдан, ірі қалалардан алшақ
жатты. Осы сияқты кедергілермен қатар патша шенеуніктерінің де
менмендігін, бюрократтығын тағы басқа толып жатқан қиыншылықтарды
жеңу Ыбырайға аз жүк болған жоқ. Туған халқын қараңғылықтан алып
шығу жолында өз жүрегін от қылып жағуға берік бекінген Ыбырай:
“Мен күшімнің жеткенінше туған еліме пайдалы адам болайын деген
негізгі ойымнан, талабымнан ешуақытта да қайтпаймын” деп
қайсарлықпен жазды және осы мақсатын өмірінің соңына дейін адал орындады.
Ыбырай Алтынсарин ең бірінші туған халқына білім беруді, оқытуды армандады.
Себебі ол халықты оқыту ісін оның әлеуметтік-саяси мүддесімен тығыз
байланыстыра қарады, халық қараңғылықтың құрсауында болмаса, яғни көзі
ашық, көкірегі ояу, білім алған болса, мұндай шектен шыққан басқыншылық,
зорлық және аса өктем саяси билік болмас еді, олар өздерінің саяси
мүдделерін аз да болса қорғай алатын еді деп ойлады. Сондықтан да халықты
білімге, оқуға шақырды, сондықтан да оқыған адамдар өзінің туған жерінде
қалады, сөйтіп, алған білімі қаншалықты аз болғанымен де айналасындағы
халықтың экономикалық, саяси тұрмысына және олардың саяси ой-пікіріне
қалайда ықпалын тигізіп отырады”,- деп нақты айтты, яғни, халық өзінің
саяси мүддесін қорғау үшін, өздерінің құқын қорғау үшін міндетті түрде
білім алу керек, оқу керек екендігін түсінді. Сол үшін мектеп ашу ісін
бірінші орынға қойды.
Ол жер-жерден көшпелі болыстық мектептер ашу үшін алдымен мұғалімдер
кадрін дайындау керек екендігін айта келіп, мұғалімдер мектебін ашу жөнінде
жоғарғы өкімет орындарының алдына мәселе қойды. Осының нәтижесінде Орск
қаласында мұғалімдер мектебі ашылды. Ыбырай Алтынсарин қазақ халқының
тарихында бірінші рет педагогикалық білімнің іргесін қалады.
Ал 1860 жылы Ыбырай қазақ балалары үшін мектеп ашуға рұқсат алып
Торғайға келеді. Ел балаларын бір орталыққа жинап оқыту үшін мектепке-үй,
шәкірттерге-жатақхана, асхана, азық-түлік, ұстаздар мен тәрбиешілерге, үй
сыпырып пеш жағушыларға, отын-су тасушыларға жалақы керек еді. Соншалық
қаржыны тауып, мектеп ашу, бала оқыту өзінің бір емес, бірнеше рет берген
өтініші бойынша Ыбырайға жүктелді. 1864ж. Торғай қаласында мектеп ресми
түрде ашылады. Ильминскийге жазған хатында: “Осы жылы январьдың 8-і күні
көптен ісім орнына келіп, мектеп ашылды, оған 14 қазақ баласы кірді, бәрі
де жақсы, есті балалар. Мен балаларды оқытуға қойға шапқан аш қасқырдай өте
қызу кірістім. Бұл балалр да небәрі үш айдың ішінде оқи білетін және
орысша, татарша жаза білетін болды ”. Ыбырай ашқан мектеп бар болғаны үш
айдың ішінде-ақ өзінің артықшылығын осылай көрсеткен. Жаңаша оқыту арқылы
оқушылардың сауаттылығын, өнер үйренуін тездетуге, сөйтіп қараңғыда
қамалған қазақ халқына білімнің жарық сәулесін түсіруге болатындығына нақты
іс үстінде көзі жеткен ол жаңа мектептер салып, жас ұрпақты жаппай оқытуды,
халықтың көзін ашуды армандаған. Осы жолда аянбай еңбек етті, осы еңбегінің
нәтижесі-1883ж. Торғайда қазақ балаларына арнап тұңғыш қолөнер училищесін
ашып, кәсіптік білім дамуының негізін қалады. Ыбырайдың ұрпақтар ұмытпай әр
қашан алғыспен айта жүретін тағы бір еңбегі-1888ж. Ырғыс қаласында қыздар
училищесін интернатымен қоса ашып, қазақ қыздарының оқуына, өнер үйренуіне
жол ашты.
Мінеки, саяси өмірге ықпал ету үшін ең алдымен білім алу керек
екендігін түсінген Ыбырай қазақ жастарын оқыту арқылы халықтың саяси
көзқарасын қалыптастыруға аз да болса өз ықпалын тигізді.
Сонымен қатар, Ыбырай қазақ қоғамын прогреске жеткізудің екінші амалы-
отырықшылық түріне өту деп үлкен сеніммен айтты. Ол өз сабақтарында
шәкірттерге отырықшылықтың артықшылығын зейіндеріне құйып, түсіндіріп
отырған. Бұл мәселеге оның ерекше мән бергендігін және оған ылғи маза
бермей жүрген ой екендігін Ильминскийге жазған хатында “Мен қазақ
балаларын ұқыптылыққа, тазалыққа, отырықшылық тұрмыстың артықшылығына,
мысалы, құрғақ, жылы бөлмелерде тұруға үйретүдің өзі қазақ даласында
тәрбиелік мәні бар жұмыс деп білемін... Қандай қиыншылықтарға кездессек те,
біз әйтеуір, өз ойымызды орындап келеміз”,- дейді.
Өз тұсындағы қазақ қоғамында саяси партияларға бөлініп,болыс болу үшін
таласудың халыққа қаншалықты зардап шектіріп отырғаны қынжыла отырып, ол
әрбір халық прогреске жету үшін отырықшылыққа көшу керек, отырықшылық
жағдайында ғана халықтың жағдайын дұрыс жолға қоюға болады деп түйіндейді.
Ресейдің отарлау саясаты, қазақтың шұрайлы жерлеріне орыс шаруаларын
қоныстандыру сияқты патша үкіметінің қазақ халқына жасап отырған қысымдары
Ыбырайды саяси жағдайларға зер салуын мәжбүр етті.
1868ж “Дала облыстарын басқару жөніндегі уақытша ереженің енгізілуі”
Орынбор қазақтарын басқарудың бұрынғы тәртібін бұзып,ауылдағы саяси ахуалды
мүлде өзгертіп жіберген еді. Бұрынғы бір облыстық басқарушылықтың орнына
енді үш облыстық басқарушылық енгізіліп, соған байланысты әр облыста
төрттен алтыға дейін уездік басқармалар құрылды. Ауылды басқаруда осындай
өкімет лауазымдары көбейіп, халықтың ауыртпалығы молая түсті. Лауазым үшін
талас қазақтарды бір- біріне қарама- қарсы дұшпандық топтарға бөліп,
бірлікке іріткі салды. Осы жайдың бәрін айта келіп Ыбырай патша
әкімшілігінің Торғай облысының Орынборға жақын жатқан екі уездік қазақ
жерін қосып алу әрекетіне батыл наразылық білдіреді.Оның нәтижесі
қазақтарды қатты күйзелтетінін, казактар мен қазақтар арасындағы
қырғиқабақтылықты шиеленістіре түсетінін айтады.
Ертеде орыстар қазақтарды “тек жабайы номадтар” деп ұғатын кезде
Орынбор қазақтарының ең шұрайлы жеріне казактардың зорлықпен қоныстанып
алғанын Ыбырай талассыз тарихи факт деп санайды. Осы кезге дейін,- деп
көрсетеді ол,- казактар қазақтардың қолында қалған егістікке жарайтын
аздаған жеріне де сұқтануын қоймайды. Бұл қазақтардың ашу-ызасын келтіріп,
казактарға өшпенділігін қоздырады деп шындықты баяндайды. Бұл өшпенділік
екі жақтың оқтын-оқтын қақтығыстарына соқтырып тұратынын жазады. Сонымен
қатар, қазақтар отырған Елек, Николаев уездерін Орынбор казактарына қосып
беру олардың Торғай және Ырғыз уездеріндегі қазақтармен тарихи
тамырластығына соққы береді, өйткені бұл төрт уездін қазақтары рулық
жағынан да, тарихи байланысы мен экономикалық жағдайы жөніннен де мүддесі
бір тарихи қауымдастық деп дәлелдейді.
Ыбырай дала тұрғындарының жерлерін отарлау арқылы және оларды ырықсыз
отырықшылыққа айнлдыру арқылы сахарада қалыптасқан өмірдің астан-кестеңін
шығаруға наразылық білдіреді. Бұндай әрекеттердің жөнделмейтін өкінішті
қателікке апарып соқтыратынынан сақтандырады.”Тұтас бір ұлттың, тіпті ол
өте дарынды болса да, оның тұрмысын зорлықпен бұзу- оны сылбырлыққа,
еңжарлыққа апарады” деп түйіндейді Ыбырай. Оның ғасырдан аса бұрын айтқан
осы терең пікірі 1929-1932ж.ж көшпелі қазақ қауымын зорлықпен отырықшылыққа
көшіріп, шаруашылығын ықтиярсыз коллективтендіру нәтижесінде айна қатесі
жоқ халқымыздың басына келді.
Ыбырай халықтардың бір-бірімен жақындасу процесінде зорлық әдістерінің
барлық түріне қарсы екендігін білдіреді. Соның айқын дәлелі ретінде
ол:”отырықшы халықтармен сыбайлас болып отырған қазақ халқының арасында
өзінің көрші халықтарының тілін білуге, олардың жазуын үйренуге ұмтылушылық
күшейіп келеді, өйткені олардың қазіргі экономикалық және саяси жағдайының
өзі аяқтарын аттап басқан сайын дерлік орыс тілін,орыс жазуын қажет етіп
отыр, ал бұл халық өзінің табиғи жаратылысында әр нәрсені білуге құмар және
ұғымпаз, зерек халық. Қазақтардың осы қасиетін татар, өзбек,башқұрт сияқты
көрші ұлттар қазірдің өзінде едәуір пайдаланып отыр. Ал осы халық орыс
арасында үш жүз жыл тұрса да фанатизм бойына сіңгендіктен біраз бөлігі
болсын татардардың ықпалына біржолата түсіп кетсе, онда бұл өкінішті болған
болар еді”,- деп халқының болашағы қатты мазаланатынын білдіреді.
Ыбырай қазақ даласындағы әділетсіздікті көріп, заңсыздықты көріп
заңның әділетті болуын көкседі. Осы ойын шәкірттеріне ұғындыру үшін өзі
жазған оқу құралдарына осы тақырыпқа арнап қысқа көркем әңгімелерді
енгізді. Мысалы, “Петр патшаның тергелгені” деген әңгімесінде бұл патшаның
өзінің нақақтан біреудің жерін алып бергені туралы қазылар (сот) алқасының
әділ үкіміне риза болған Петр патша: “законға мен мұнша көнгенімде,
бөтендер көнбестік етуді ойынан шығарсын”,- деген әмір сөзін айтады. Даңқты
патшаның аузымен айтылып отырған бұл шешім, әрине, Ыбырайдың өз көзқарасын
да көрсетеді.
Қорыта келе айтарымыз: ағартушылық- қазақ халқы қауымының ортасында
пайда болған алғашқы саяси-идеялық бағыт болса,осы бағыт жолында аянбай
еңбек еткен, халқының болашағы үшін бар ғұмырын жастарды, қазақ балаларын
тәрбиелеу үшін сарп еткен Ыбырай Алтынсарин бейнесі біз үшін қасиетті.

Ш. Уәлиханов- қазақ қоғамының саяси- әлеуметтік өзгерістеріне, саяси ойдың
дамуына ықпал еткен ғалым.

Қазақ халқының тағы бір аса көрнекті ғалымы, ойшыл- ағартушысы Шоқан
Уәлихановтың да есімі Қазақстанның саяси-құқықтық ой-пікірдің тарихында
ерекше аталады.Ол өз заманының жан-жақты білім алған оқымыстысы, саяхатшы,
қазақ қоғамының саяси-әлеуметтік өзгерістеріне, саяси ойдың дамуына кең
көлемде шолу жасаған ғалым. Шоқан Уәлихановтың дүниетанымына, рухани
жетілуіне Омбы кадет корпусының прогрессшіл ниетті оқытушылары мен қазақ
даласына құғындалып келген ұлтшылдардың үлкен әсері болды. Шоқанның
қоғамдық-саяси көзқарасында демократияляқ бағыттың қалыптасуына 1859-
1861ж.ж аралығында Петербургте алған білімі мен заманының алдыңғы қатарлы
идеяларының жаршысы болған демократтармен танысуы игі ықпал етті. Ен даланы
еркін жайлап, көшпенді тұрмыс салтын ұстаған халықтың жайын, тұрмысын
салыстырып, өзге ел мәдениетімен таныстығы ұлғайған сайын елінің артта
қалғандығына көзі анық жетіп, оның болашақ тағдырын ойлады. Ресейдегі және
Европаның басқа да елдеріндегі саяси- әлеуметтік өзгерістерімен жақсы
таныс Шоқан патша үкіметі жүргізіп отырған отарлық саясаттың заңдылықтары
туралы ұсыныстарымен пікірлерін батыл білдіріп, жүргізіліп жатқан
өзгерістердің адам мүддесіне сәйкес келуі қажеттігін атап көрсетті. Ол
жалпы қазақ-орыс халықтары арасындағы байланыс арқылы, Ресейдің озық
мәдениетінің көмегімен сауатсыздықтан, саяси-әлеуметтік мешеуліктен арылып
өркениетті елдер қатарына қосылуды армандады. Шоқан шығармаларында халық
өмірінің ең бір маңызды мәлелерін көтеріп, өркениетті дамуы мен
демакратиялық билік жүесін қолдаушы, өмір сүрген әлеуметтік ортасының қатал
сыншысы болды.
Шоқан Уалихановтың саяси еңбектерінің бірі- “Сот реформасы жайында”
еңбегі. Ол қалың бұқара мен билік иелері өкілдерінің мақсат мүдделерінің
айырмашылығын тап басып, қазақ даласында жүргізілмекші реформаның
өзектілігі төңірегінде мәселе көтереді. Халыққа экономикалық және
әлеуметтік реформалардың пайдасын “саяси реформалар экономикалық істерді
жүзеге асыратын құрал ретінде көрінбек” деп және “адамның тұрмыс қажетін
өтейтін реформа ғана пайдалы да, ал бұл мақсатқа қандай да болсын кедергі
келтіретін реформа зиянды болып табылмақ” деп түсіндіреді. Шоқан реформа
жасауға асығыстыққа жол бермеуге, жергілікті халықтың әдет-ғұрпын,
ерекшелігін ескеруге шақырады. Жан-жақты талданып, қоғамдық , әлеуметтік
орта дами алатындай прогресс заңына негізделіп жасалған реформаның ғана
ұтымды болатынын ескертеді.
1822ж. Сібір қырғыздарының Жарғысын сынға алып, мұндай асығыс жасалған
реформалар халықты опат етеді және прогресс жолына кедергі келтіреді деп
есептеп, қазақ даласын басқару мен сот реформасы туралы өзінің жобасы мен
пікірін Ресей империясының отарлау әкімшілігіне ұсынады. Реформалар
көздеген мақсатқа жету үшін “халық пікіріне сүйене отырып жасалуы керек”.
Ол қазақ халқының өз пікірін білдіре алмайтын “тағылығы мен тұрпайылығы”
туралы көзқарасқа қарсылық білдіріп, “халық пікіріне дұрыс баға беру үшін
комитет қазақтың қауымдық қатынасына, олардың орыс өкіметіне тікелей
қатынасына назар аударуы қажет”,- деп жазды. Шоқан француз ойшылы
Вольтердің “Халықтың қажетті даму деңгейіне жетпеген заңдарды күшпен таңуға
болмайды” деген идеясын толық қолдайды. Оның демократиялық көзқарастарынан
өз халқының азаттыққа жетіп, нағыз білім алуын армандағанын көреміз. “Тек
білім ғана күдік тұғызбайды,ол өмірді бағалауға, тұрмыс құруға үйретеді.
Халықтың кемеліне келіп, өркендеп өсуі үшін ең алдымен азаттық пен білім
қажет ”,- дейді.
Заманының саяси-әлеуметтік қайшылықтарын көре білген Шоқан қазақ
қоғамын сұлтандар мен қожалар, билер мен байлар және “дала пролетариаты”
деп айтқанындай кедейлерге бөледі. “Сұлтандар мен билердің пікірлері тіпті
қадір тұтуға лайық емес, өйткені түгел бір ұлттың мүдделері сословиялық
топтың көретін пайдасынан анағұрлым жоғары тұру керек” деп жалпы халықтың
мүддесіне сай келетін реформалық билікті қолдайды. Демократиялық көзқараста
жазылған Шоқанның сот реформалары туралы еңбегінде қазақ даласына отарлау
әкімшілігі тағайындаған соттардан гөрі ғасырлар бойы қалыптасқан халықтың
тұрмыс-салт, әдет-ғұрпын жақсы білетін билерді пайдаланудың тиімділігі
айтылады. Бұрынғы заманнан қалыптасып, көшпелі қазақ қоғамының барлық
болмыстық қатынастары мен талаптарына сай келетін билер сотының империялық
соттардан артық, тиімді екені хақында ол былай деп атап көрсетті:
“Қазақтарда құрметті би атағы халық тарапынан қандай да сайлау жолымен
немесе халықты билеп отырған өкіметтің бекітуімен емес, тек сот рәсімін
терең білетін, оған қоса, шешендік өнерін меңгерген қазаққа ғана берілген.
Би атану үшін қазақ халық алдында әлденеше шешендік сайысқа түсіп, өзінің
заң-жораны білетіндігін, шешендігін танытатын болған. Мұндай адамдардың
есімі желдей есіп, барлық жұртқа таралып, біріне емес, бәріне де танылған.
Сөйтіп, би атағы сот пен адвокаттық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ педагогика тарихында Ы.Алтынсарин еңбегінің маңызы
Қазақ халқының ағартушысы – Ыбырай Алтынсарин
Ыбырай Алтынсарин - ақын
Ыбырай Алтынсариннің қазақ халқының білім алуына қосқан үлесі
Үлкендерге арналған әңгімелер
Таңдамалы шығармалар
Ы. Алтынсариннің әңгімелеріндегі педагогикалық - психологиялық идеялар
Қажым Жұмалиев 1960 жылы жарық көрген Қазақ әдебиеті тарихының мәселелері және Абай поэзиясының тілі монографиясында
Ыбырай Алтынсарин шығармаларының тілі
Ы. Алтынсариннің ағартушылығы мен педагогикалық идеялары
Пәндер