Мемлекеттік әлеуметтік саясат



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР

КIРIСПЕ 3
1 Мемлекеттік әлеуметтік саясат 3
2 Халықты әлеуметтік қорғау жүйесі 4
3 Қазақстан Республикасындағы әлеуметтiк қорғау жүйесiнiң мазмұны мен
талдауы 8
ҚОРЫТЫНДЫ 10
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 11

КIРIСПЕ

Елiмiз нарық экономикасына көшiп, нарық қатынастары аясында әлеуметтiк
және экономикалық реформаларды жүзеге асырғалы он үш жылдың жүзі болды.
Осы уақыт iшiнде елiмiз көптеген реформалар жүргiзiп, нарықтық экономикаға
жақын қадамдар жасау үстiнде. Сол реформалардың iшiндегi әлеуметтiк
реформалар, мемлекеттiң әлеуметтiк саясаты, халықты әлеуметтiк қорғау
жүйесi, халықтың әл-ауқаты сияқты мәселелер маңызды және өткiр күйiнде
қалып отыр. Халықтың әлеуметтiк жағынан аз қорғалуы және кедейлену мәселесi
экономикалық қиындықтарға байланысты, тәуелсiздiктiң алғашқы жылдары күшейе
түстi. Осы жағдайларда халықты әлеуметтiк қорғау жүйесiнiң маңыздылығы арта
түседi.
Әлеуметтік қорғау – бұл әлде бір жағдайларға (кәрілік, мүгедектік,
денсаулық жағдайы, асыраушысынан немесе жұмысынан айрылуы) және өзге де
заңды негіздерге байланысты экономикалық белсенді бола алмайтын, әрі
лайықты ақы төленетін еңбекке қатысу жолымен өзін табыспен қамтамасыз ете
алмайтын азаматтар үшін өмірлік қажетті игіліктердің және әл-ауқаттың
белгілі бір деңгейін қамтамасыз етуге арналған жүйе.
Қазақстанда нарықтық экономикаға көшу аяқталып келеді. Әлеуметтік
қорғаудың жүйесі өзгерген экономикалық қатынастарға сәйкес болуы қажет.
Өтпелі кезеңнің бастапқы кезінде мемлекет инфляция, бюджет тапшылығы,
өндірістің құлдырауы, экономиканың бейресми секторының өсуі жағдайында
әлеуметтік қорғаудың ағымдық мәселелерімен айналысуға мәжбүр болды.
Жинақтаушы зейнетақы жүйесін енгізу мен заттай жеңілдіктерді ақшалай
төлемдермен ауыстыруды қоспағанда, әлеуметтік саладағы реформалардың
нәтижесі ағымдық мәселелерді шешуге арналған жауап қадамдар болды.
Жүргізілген қайта құруларға қарамастан, қазіргі кезде әлеуметттік
қорғау жүйесі күрделілігімен және заңнаманың жүйелілігінің
жеткіліксіздігімен, жүйеге қатысуға ынталандырудың төмен деңгейімен
сипатталады.
Соңғы жылдарда экономикадағы қолайлы өзгерістер және тұрақты өсуді
қамтамасыз ету жөнінде қабылданып жатқан шаралар әлеуметтік қорғаудың
кешенді жүйесін құруды қолға алуға мүмкіндік беріп отыр. Осыған байланысты
Қазақстанның қазіргі және болашақтағы басымдықтары мен мүмкіндіктерін
ескере отырып, халықты әлеуметтік қорғаудың жетілдірілген жүйесін әзірлеу
қажеттігі туындап отыр.

1 Мемлекеттік әлеуметтік саясат

Әлеуметтік саясат – мемлекеттік ішкі саясаттың негізгілерінің бірі
боп табылады. Әлеуметтік саясат мемлекеттің халықты лайықты өмір сүруіне
еңбек жағдайын қамтамасыз етуге бағытталған іс-әрекеті. Нарықтық
экономикада әлеуметтік саясат басымдықты орын алады. Ол нарықтық
экономиканың түпкі мақсатын нәтижелілігін айқындайды. Бір жағынан тиімді
әлеуметтік саясат нарықтық экономиканың негізгі мақсаттарының бірі болса,
екінші жағынан – халықтың өмір сүру деңгейінің өсуіне әсер ететін фактор
болып саналады.
Әлеуметтік саясаттың маңызды міндеті қоғам өміріндегі белгілі бір тепе-
теңдік деңгейіне қол жеткізу. Ол төмендегілер арқылы жүзеге асырылады:
- мемлекеттік гарантиялардың апаттар, табиғи және техногенды апаттарын
демографиялық жарылыстардың алдын алу немесе жою үшін ұсынылуы;
- материалдық қорларды қайта бөлу және өмір сүрудің белгілі бір
деңгейін қамтамасыз ету бағыттарын күшейтіп әлеуметтік ауыртпалықты
төмендету;
- өмір сүру образын реттеу (салық арқылы, құралдар арқылы,
қайырымдылық қызметтері).
Әлеуметтік саясат шаруашылықтың әр деңгейінде жүзеге асырылады:
- микродеңгейде;
- макродеңгейде;
- интеграциялық деңгейде;
- әлемдік деңгейде.
Микродеңгейде экономикадағы жеке шаруашылық субъектілерінің (фирма,
кәсіпорын, ұйым) әлеуметтік саясаты жүргізіледі. Макродеңгейде жалпы
мемлекеттік және аймақтық әлеуметтік саясат жүзеге асырылады. Интеграциялық
деңгейде екі немесе одан да көп елдің әлеуметтік саясаты үлестіріледі, ал
әлемдік әлеуметтік саясат глобалды әлеуметтік мәселелерді шешуге
бағытталады.
Әлеуметтік саясатты жүргізу әлеуметтік инфрақұрылымды қалыптастыру
үшін сәйкесінше экономикалық қорларды бөлуді қажет етеді.
Әлеуметтік саясат қоғамдағы әлеуметтік қатынастарының тұрақтылығын
дамытуға және қалыптастыруға, халықты әлеуметтік қорғау жүйесін,
азаматтардың өмір сүру сапасының деңгейін тұрақты көтеруге жағдай жасауға
бағытталады. Әлеуметтік саясат мынадай міндеттерді шешумен байланысты:
халықты жұмыспен қамту бағдарламасын жүзеге асыру, халықтың жеке әлеуметтік
топтарына көмек көрсету, азаматтарға әлеуметтік салада (білім беру,
денсаулық сақтау, мәдениет) игіліктермен қамтамасыз ету, әлеуметтік
сақтандыруда тең мүмкіншілік берілуін қамтамасыз ету.

2 Халықты әлеуметтік қорғау жүйесі

Әлеуметтік саясаттың бөлінбес элементі болып, халықты әлеуметтік
қорғау жүйесі есептеледі.
Әлеуметтік қорғау – бұл әлде бір жағдайларға (кәрілік, мүгедектік,
денсаулық жағдайы, асыраушысынан немесе жұмысынан айрылуы) және өзге де
заңды негіздерге байланысты экономикалық белсенді бола алмайтын, әрі
лайықты ақы төленетін еңбекке қатысу жолымен өзін табыспен қамтамасыз ете
алмайтын азаматтар үшін өмірлік қажетті игіліктердің және әл-ауқаттың
белгілі бір деңгейін қамтамасыз етуге арналған жүйе.
Нарық халықты кепілді табыспен және жұмысбастылықпен қамти алмайды. Әр
түрлі себептерге байланысты азаматтар табыс деңгейіне денсаулық жағдайына
байланысты ерекшеленіп, жұмыссыздар, мүгедектер, толық емес отбасылар және
т.б. болып өмір сүреді. Әлеуметтік нарықтық экономиканың міндеті-халықты
әлеуметтік қорғау болып табылады. Халықты әлеуметтік қорғаудың объектісі
және субъектісі болады (1 сурет).

Сурет 1. Халықты әлеуметтік қорғаудың объектілері мен субъектілері.

Халықты әлеуметтік қорғаудың негізгі субъектісі болып, мемлекет
есептеледі. Басқалары – қоғамның барлық азаматтары және жеке әлеумет
топтары. Халықты әлеуметтік қорғау шаралары бір жағынан барлық қоғам
мүшелерін қамтыса, екінші жағынан жеке әлеуметтік топтарға бағытталады.
Халықты әлеуметтік қорғау жүйесі мынадай шаралар кешенін қамтиды:
- әр адамға өз қабілетіне байланысты табыс табуға мүмкіншілікпен
қамтамасыз етіледі;
- өмір сүру минимумын ресми бекіту;
- тұтынушылар мүддесін қорғау;
- халықтардың табысын индексациялау.
Әлеуметтік қорғау жүйесі келесі топтарды қолдауға бағытталады:
- жұмыссыздар;
- зейнеткерлер;
- мүгедектер;
- ардагерлер (еңбек, соғыс);
- балалары бар отбасылар;
- жетім балалар;
- оралмандар;
- қуғын-сүргінге ұшырағандар.
Халықты әлеуметтік қорғау жүйесінің құрылымы
Халықты әлеуметтік қорғау – бірнеше жүйелерден құралатын жүйе болып
табылады (2 сурет).

Сурет 2. Халықты әлеуметтік қорғау құрылымы

Әлеуметтік қамсыздандыру - бұл кәрі және еңбекке қабілетсіз азаматтар,
сондай-ақ балалары бар отбасыларды қамтамасыз ету жүйесі.
Әлеуметтік көмек негізінен зейнеткерлерге, мүгедектерге, оралмандарға
және де апаттарға қатысқан азаматтарға көрсетіледі.
Әлеуметтік сақтандыру - бұл еңбекке қабілетін уақытша жоғалтуына,
кәрілігіне, мүгедектігіне, асыраушысынан айрылған жағдайына байланысты
азаматтарды материалдық жағынан қамтамасыз ету жүйесі.
Әлеуметтік қорғау жүйесінің сандық көрсеткіштері экономикалық даму
деңгейімен анықталса, ал адамдар арасындағы ынтымақтастық, мемлекеттік
институттардың қатысу дәрежесі мен еңбекке ыннталандыру деңгейі таңдалған
әлеуметтік-экономикалық модельмен өзара байланыста болады.
Халықаралық тәжірибеге сүйене отырып, әлеуметтік қорғаудың неғұрлым
тиімді және кешенді жүйелері келесі элементтерді қамтиды:
- мемлекеттік жәрдемақылар;
- міндетті әлеуметтік сақтандыру;
- жинақтаушы зейнетақымен қамсыздандыру;
- әлеуметтік көмек.
Мемлекеттік жәрдемақылар әлеуметтік қорғауға жататын жағдайлар
туындаған кезде барлық азаматтарды кепілдікті төлемдермен белгілі бір
деңгейде қамтамасыз етуге арналған.
Жұмыс берушілер мен еңбеккерлер аударымдарының есебінен
қаржыландырылатын міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесі төленген жарна
деңгейіне сай ресми жұмыс істейтін еңбеккерлерді қосымша қорғауға арналған.

Жинақтаушы зейнетақы жүйесі әр азаматтың зейнетақы жинақтарын жасау
процесін реттеуге арналған.
Әлеуметтік көмек, азаматтардың жекелеген санаттарын бюджеттің қаражаты
есебінен қосымша қорғауға арналған.
Бұдан басқа азаматтың әлеуметтік қатерлерден өзін-өзі ерікті
сақтандыруы құқығы бар.
Осындай аралас жүйе ынтымақтастыққа негізделген және дербестендірілген
жүйелердің артықшылықтарын үйлестіруге мүмкіндік береді.
Қазақстанда нарықтық экономикаға көшу аяқталып келеді. Әлеуметтік
қорғаудың жүйесі өзгерген экономикалық қатынастарға сәйкес болуы қажет.
Өтпелі кезеңнің бастапқы кезінде мемлекет инфляция, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
САЯСАТТЫҢ НЕГІЗГІ ТҮСІНІКТЕМЕЛЕРІНЕ САЛЫСТЫРМАЛЫ ТАЛДАУ ЖАСАУ
САЯСАТ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚОҒАМДАҒЫ ОРНЫ
Құқық және саясат
Мемлекеттің экономикалық саясатын жетілдіру шаралары
Әлеуметтік саясаттың басым бағыттарын анықтау
Саясат тарихы жайлы ақпарат
Әлеуметтік саясаттың өзекті мәселелері: теориялық талдау
Саясат тарихы
Экономиканың мемлекеттік реттеуі
Республикасы - әлеуметтік мемлекет
Пәндер