Глобализацияның негізгі қасиеттері


ЖОСПАР
Кіріспе3
Глобализацияның негізгі қасиеттері, оң және теріс әсерлері4
Ұлттық қауіпсіздік немесе Қазақстанның мемлекеттік тұтастығы6
Қауіпсiздік мәселесі: Қазақстан ұлттық қауіпсіздік факторлары. 8
Қорытынды11
Қолданылған әдебиеттер тізімі12
Кіріспе
Глобализация мәселесі күрделі де жан-жақты талдауды қажет ететін құбылыс. Оның экономикалық, саяси, әлеуметтік, мәдени, рухани астарлары бар. Қазіргі кезде глобализация үрдісіне деген көзқарас әртүрлі. Оны біреулер қолдаса, екінші біреулер оған қарсы шығуда. Қалай болғанда да әлемдік экономикадағы ғаламдық үрдіске жүктелген адамзат сенімі, бүгінде толық ақталмауда. Ұлттық экономика мен әлемдік экономика арасындағы қайшылықтардың күшейгені соншалықты олар, шешімі күрделі мәселелерді дүниеге әкелуде. Бұл қайшылықтардың салқыны экономикада ғана емес, сонымен қатар, қоғамның рухани саласында да байқалуда. Ұлттардың ғасырлар бойы жинаған рухани құндылықтары әлемдік мәдени глобализация алдында өзінің бет-бейнесінен айырылудың сәл алдында қалуда. Әлемдік ақпараттық құралдар мен технологияның, қоғам өмірінде белсенді күшке айналуы ұлттық мемлекеттер тарапынан қарсылықтарға кез болуда.
Глобализацияның елеулі қасиеттерінің бірі адамзат өмірінің барлық салаларына әсер етуші ақпараттық революцияның орын алуы байқалады. Осылайша глобализация ғылыми-теориялық пайымдауды қажет ететін кешенді процесс болып табылады.
Әсіресе осы тұрғыдан глобализацияның ұлттық қауіпсіздікке әсері жөнінде ой-пікір зерделеу Қазақстан тәрізді жас мемлекет үшін өте маңызды. Глобализация процесінен бой тасалап қалу мүмкін емес кезеңде ұлттық қауіпсіздікті қалай сақтап қала аламыз деген өте өзекті мәселе туындайтыны анық. Ендеше осы мәселе төңірегінде ой өрбітуімізге тура келетіні айдан анық. Глобализацияның оң тұстары да баршылық (байланыстардың өсе түсуі, ақпараттар мен тауарлардың ағынының үдей түсуі, шетелдік инвестициялар ағыны) . Ал теріс әсерлеріне стандарттау үрдісінің кең етек алуы, ұлттық және этникалық айырмашылықтардың біртіндеп азайя түсуі, ұлттық мемлекеттер шекараларының мейлінше ашыла түсуі жатады. Мәселенің түп төркіні де осында. Өйткені глобализацияның қарама-қайшылық табиғатын терең зерттей отырып оның кері әсерлерін төмендете алып, ал оң салдарларының әсерін арттыра білу ауадай қажет болуда.
Сонымен қатар глобализация кезеңінде ұлттық қауіпсіздік мәселесі жаңа сатыға көтерілуде.
Глобализация тамырымен ғасырлардың немесе тарихтың тереңіне кетеді, дегенмен глобализация басым жағдайда - жиырмасыншы ғасыр феномені. Қоғамдық және әлеуметтік ғылым мамандары әлі де ұзақ уақыт бойына өткен жиырмасыншы ғасыр туралы пікірталаста болады. Алайда оның басты қорытындыларының кардиналды түрде қайта қарастырылуы екі талай: адам құқықтары басты маңызға ие, демократия тиранияға қарағанда күштірек, нарық командалық экономикаға қарағанда өзінің тиімділігін дәлелдеді. Батыс тарихи түрде жасаушысы және белсенді үгіттеушісі болып табылатын осы құндылықтар мен нұсқамалар жүйесі, қазіргі заман әлемінде мойындалып, кең қолдау тапты және бүгінгі таңда глобализацияның идеялық фундаментін құрайды.
Глобализацияның негізгі қасиеттері, оң және теріс әсерлері
Глобализация деп Батыста көбінесе бір елдің екінші елге үстемдік етуге бағытталған саясатын айтады. Мұндай идеологияға арқа сүйегендер қатарына Шыңғысхан, Наполеон, Гитлер секілді саясаткерлерді жатқызамыз. Қазіргі замандағы глобализация сайып келгенде вестернизацияға дөп келеді, яғни батысшылдықты бойға сіңдіруге пара-пар десек шындықтан алшақ кетпейміз.
Көптеген бастытық емес елдер өз бақытсыздығының басты кесір тигізуші ретінде глобализацияны айыптайды.
Глобализацияның негізгі мәселелерінің бірі мұндай «ашық» әлем кезеңіне әртүрлі халықтар мен мемлекеттер өздерінің әрқилы дамымағандығымен келіп отыр. Және осы айырмашылықтар ғаламдана түскен кезеңде мүлде өсе түспек. Бай Солтүстік пен кедейліктен көз ашпаған Оңтүстік алшақтықтары ұлғайып барады. Әлем бұрынғысынша империалистік державалар мен оларға тәуелді елдерден тұратыны да көзге менмұндалап тұр. Глобализация ғасырында әлем айырмашылықтары өсіп және өзара шиеленісе түсуде. Әлемдік экономикалық жүйеге қатыса алмайтын елдер өзара дамудан айырылып, ішкі біртұтастығын жоғалтып перифериялық елдер санатына кіреді.
Әлемнің мұндай образы глобализация процесіне ушыға түскен проблемалардың салдарын итере салуға мәжбүрлеуде.
2001 жылдың 11 қыркүйегіндегі АҚШ-қа террористік шабуыл терроризм туралы кәдімгі көзқарасты мүлде өзгертті. Осы жағдай ХХІ ғасырдың басында нағыз бұқаралық сипат алып, осының нәтижесінде адамзат бірте-бірте локальді терроризмге көндіге бастады. Тіпті Ирландиядағы, Испаниядағы, Израильдегі және Палестинадағы ондаған жылдарға созылған терроризм осы елдер мен аймақтардың локальді мәселелері ретінде қаралды. Қазіргі әлем үшін басты факті болып, жоғарыда айтылған локальді жөргектен өсіп шыққан терроризмнің халықаралық сипаты мойындалуы табылады. Басты қажеттілік осы феноменді тез арада түсіну болса, негізгі проблема - күнделікті өмірден терроризмді шеттету мүмкіндігі.
Глобализация Қазақстан Респуликасына біршама мүмкіндіктер беретіні де белгілі. Мысалы, даму үшін экономикаға инвестициялар тартуға, өзіміздегі көмірсутек шикізаттарын саудалау арқылы әлемдік экономикаға белгілі түрде ықпал ете алуға, сыртқы саяси бағытта балансты қамтамасыз етуге, қауіпсіздік саласында ынтымақтастықты нығайтуға, экономикамызды жаңа сатыға көтеру барысында жаңа технологияларды белсенді түрде тартуға, өзімізден жылдар бойы жинақталған күрделі әлеуметтік мәселелер түйінін шешуге әлемдік қауымдастықтан көмек алуға және біздің ел азаматтары үшін қай елде тұруды өзіміз шешуімізге, қандай БАҚ көріп оқуымыздың еркіндігіне осы глобализация итермелейтінін айтқанымыз жөн.
Сонымен қатар дамып келе жатқан елдер қатарына кіретін біздің Қазақстан үшін глобализацияның қойнауында қауіп-қатерлерді бар екендігі де шындық.
Бірінші. Тар шикізаттық бағытта дамуымыз бірқатар шетел мемлекеттері үшін өте пайдалы.
Екінші. Ұлттық мәдениеттің глобализация дәуірінде мәңгүрттене түсуі, өйткені жеткілікті түрде қызмет атқара алмай шетке ысырылып шығарылуы.
Үшінші. Глобализацияда мемлекет ролі төмендеп, халықаралық құрылымдардың ТҰК-дың маңызы арта түседі. Біздің тәуелсіздігіміз нығая қойған жоқ, сондықтан мемлекеттілігімізге, яғни соның ішінде ұлттық қауіпсізідігімізге нұқсан келтіндігі тағы бар.
Төртінші. Глобализация біздің елдің азаматтық потенциалының сапасына да қауіп төндіреді.
Бесінші. ТҰК-мен бәсекелестікке ұлттық бизнесіміздің төтеп бере алмауы мүмкін.
Алтыншы. Сыртқы күштердің ішкі саяси жағдайға әсерінің өсуі, тіпті сыртқы күштердің үстемдік жүргізуі ұлғаяды.
Енді, міне төл байрағымызды желбіретіп, еңсемізді көтерген XXI-шы ғасыр тұсында қазақ халқының алдына өте күрделі әлемдік тәртіп интеграция - глобализация процессі шықты. Бұл процестің бір құйтырқылығы оны толығымен қолдап еніп кетсең, ұлттық мүдде, салт-сана деген құндылықтар бірте-бірте жойылып жоқ болып кетуі де ғажап емес. Ал, енді оны мойындамай өзің өз алдыңа бағыт алып кетуіңе де болмайды. Өйткені, қазір бір мемлекет басқа мемлекеттермен мейлі экономикалық жағынан болсын, мейлі ақпарат алмасу саласында болсын қоян- қолтық араласып өмір сүруі қазіргі күннің басты талабы әрі заңдылығы. Сонымен, тәуелсіз мемлекеттер арасындағы қарым-қатынастар соның ішінде ақпарат алмасу байланыстар аталмыш үрдістің тез жүзеге асуына үлес қосатын бірден-бір фактор деп айта аламыз. Себебі, әлемнің түкпір-түкпірінде болып жатқан оқиғалар жер бетіндегі мемлекеттердің барлығына дерлік әсерін тигізеді. Мәселен: сонау Африка құрлығындағы Ирак пен АҚШ соғысы және Палестинадағы қақтығыстарға, тіпті Мексика жерінде болып жатқан жағдайлар, бүкіл әлем жұртшылығының назарынан тыс қалып отырған жоқ.
Глобализация процесіне қарсы бас көтеруші антиглобалистер пайда болды. Бұл туралы біз қысқа жұмыста сөз етуді жөн көрмедік. Бірақ мұндай құбылыстың белең алғандығын біздер күнделікті әлем жаңалықтарынан естіп-біліп жүрміз, сондықтан атап өуді дұрыс деп таптық.
Сонымен глобализация барлық елдер мен халықтар үшін жалпы әрі қауіпті процесс емес. Кейбір елдер глобализация процесіне қызығушылық таныта қоймаса, онда оларға соншалықты әсер ете қоймасы да анық. Яғни, глобализация процесіне табиғи түрде бейімделе алу немесе оны мейлінше жақтырмау әлемнің көптеген елдері үшін өздерінің сыртқы және ішкі саясаттарына тәуелді деп түйіндеуге болады.
Ұлттық қауіпсіздік немесе Қазақстанның мемлекеттік тұтастығы
"Қауіпсіздік" ұғымының шығу төркіні адам, қоғам өмірінде олармен бірге жүретін қауіп- қатер. Бұл барлық адам мен барлық мақұлықтар тіршілігінің мүмкін элементі, керек десеңіз оның дамуы - шарты. Жан бар жерде қауіп- қатер де бар. Бірде- бір жан иесі қауіп- қатерсіз бола алмайды. Қауіп-қатердің қайнар көздерінің бірі - бұл әлеуметтік әрекет және әлеуметтік қайшылықтар.
Дегенмен бүл саладағы екінші қарсы ұғымды "қауіпсіздікті" тудырады. Табиғат күштері, қоғамдық құбылыстар мен адам әрекеттері оны адам өмірінің міндетті шарттарының біріне айналдырды. Адам тіршілігі басқа тіршілік иелерімен салыстырғанда тым нәзік, қорғансыз. Сондықтан, оның басты шарты - қауіпсіздігі, яғни оның тіршілік әрекетінің қалыпты, оның өзіне зиянсыз біркелкі қолайлы жағдайда жүзеге асуы. "Қауіпсіздік", В. Дальдің түсіндірме сөздігінде, бұл қауіп-қатердің болмауы, сақталуы, сенімділік. Адам қауіпсіздігін қамтамасыз етуде табиғи, биологиялық, т. б факторлардың зор маңызы бар екендігін айтпауға болмайды. Адамның қауіп-қатерден сақтануы - объективтік қажеттілік. Бұл негізінен оның сыртқы және ішкі орта жағдайына бейімделуі, оның әрекеттерінің нөтижесі. Ол оның биологиялық- әлеуметтік тіршілік иесі - homo sapiens өкілі ретінде жан-жақты дамуына, оның әлеуметтік-гуманитарлық тұрғыдан жетілуіне мүмкіндік тудырды. Осы ретте қауіпсіздік үшін күрес амалдарды адамзаттың ғасырлар бойы жиып-терген, ұрпақтан ұрпаққа беріліп жалғасып келе жатқан әлеуметтік-мәдени тәжірибесі. Қауіпсіздік күрделі әлеуметтік-саяси нақтылық, оны қол жеткен жайбарақаттыққа алданбай жетілдіре беру абзал. Өйткені жиырмасыншы ғасырдың аяғы, жиырма бірінші ғасырдың басы адамзат үшін қауіп-қатердің айырықша күшеюімен сипатталады. Қауіпсіздік тіршілік әрекеті мөселесінің кейінгі кезде асқынып кеткенін Қазақстан Республикасының президенті Н. Назарбаев та атап көрсетті1. Бұл қоғамдық өмірдің, қазіргі заманғы ғылыми-техникалық және ақпараттық процестері дамуының күрделіленуі, ғаламдық жылылықтың артуы, сан алуан табиғи және техногендік катаклизмдер, әр түрлі апаттар т. б. байланысты өріс алуда.
Бүгінгі таңда адамзат үшін өте зардапты алуан түрлі қауіп-қатерлер мысалдарымен кездесіп отырмыз. Әрине, қандай да болмасын адам, нақтылы ел, қоғам мен мемлекет өзінің қалыпты, лайықты тіршілігін қамтамасыз етуге күш салады, керек болса ол үшін күреседі де. Осы орайда қауіпсіздіктің аса аумақты және кешенді деңгейі - ұлттық қауіпсіздік туралы айту қажет. Ұлттық қауіпсіздік табиғат - адам - қоғам және бүкіл адамзат жүйелік байланысының аса маңызды құраушы элементтерінің бірі. Бұл байланыс бүкіл адамзат үшін нақтылы қоғам, елдер мен мемлекет үшін универсалды кешенді сипаттама. Ұлттық қауіпсіздік кейде оны ұлт қауіпсіздігі деп атайды - бұл елдің орнықты дамуын қамтамасыз ететін тіршілік әрекетінің әр түрлі салаларында жеке тұлғаның, қоғамның және мемлекеттің өмірлік маңызды мүдделерінің және сыртқы қауіптерден қорғалуы. Мысалы, "Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету Қазақстан Республикасының тәуелсіз егеменді мемлекет ретінде дамуының басты шарты болып табылады. "Сондықтан, ұлттық қауіпсіздік ел дамуының стратегиялық векторын сақтауға, халықты іштей ыдыратып, өзара теке-тірес жолына түсірмей, оның тағдырының лайықты қызмет етуі тиіс. Бұл көп деңгейлі құрылымдық қызметтік жүйе. Аталған мүдделер мен оларға ішкі және сыртқы қауіптердің үздіксіз және өзара әрекеттесуі мен қарсы күресі қоғамдық дамудын қозғаушы күші болып табылады. Заманымыздағы қауіп-қатерлер сипаты ұжымдық жауаптылық пен ұжымдық қауіпсіздікке аса үлкен мән беріп отыр. Әлем тарихында кауіпсіздік мәселесі алғаш рет 1914 ж. Наполеон Корсикадан қашып шығып, қол жинап Парижге аттануына байланысты Вена конгресінде қойылған. Бүгін қауіпсіздік мәселесі бүкіл әлем халықтарының назарында. Бұл мәселемен Біріккен Ұлттар Ұйымы Құрамында Қауіпсіздік Кеңесі, сол сияқты Кауіпсіздік пен Қарусыздандыруға байланысты Халықаралық ұйымдар айналысып, оның оң шешімдерін табуға үлес қосуда. Қауіпсіздік үшін күрес бұл заманның адамзаты, көптеген елдер мен мемлекеттер алдында тұрған аса маңызды міндеттердің бірі2.
Қазақстан тәуелсіздік алғаннан бері біздің бұқаралық ақпарат құралдары еліміздің ұлттық мүддесін қауіп-қатерден сақтандыру және өмірдің барлық салаларындағы игі істерге жаршылық істеп, еліміздің дамуындағы маңызды мәселелер төңірегінде жұртшылықты белгілі мемлекет қайраткерлерін, мамандар т. б зиялы қауым өкілдерін жұмылдыруға өз үлесін қосты. БАҚ-да сыртқы, ақпараттық, қоғамдық, экономикалық, экологиялық т. б. қауіпсіздіктерге және оларға қауіп төндіретін жағдайларға байланысты біраз материалдар жарық көрді.
Глобализация жағдайында еліміздің экономикалық қауіпсіздігі, ел экономикасының ресурстық-энергетикалық негізін сақтау мен нығайту және бәсекеге қабілетті экономиканы жасау аталмыш газеттің назарында жүрген мәселе.
Бұл ел басшысының қазіргі құбылмалы әлемде өзінің қуатты мемлекет екендігін таныту және ұлттық мүдделерді мейлінше қорғай білу тек бәсекеге қабілетті экономикасы бар елдердің қолынан келетіні туралы тұжырымын нақтылай түсу болып табылады.
Кез келген мемлекет үшін сыртқы қауіпсіздікті қамтамасыз ету аса маңызды сала.
20 ғасырдың аяғында болған жаһандық геосаяси өзгерістер тек әлемдік ғана емес, аймақтық қауіпсіздікті халықаралық саясаттың өзекті мәселесі етіп отыр. Сыртқы қатынастар саласында ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету оны аса маңызды принциптерге оның ішінде ұлттық, аймақтық жөне жаһандық қауіпсіздіктің етене бірлігін ескере отырып негіздеу және оларды жүзеге асырумен байланысты. Бұл замандағы сыртқы қауіпсіздіктің ең әрекетті әрі нәтижелі факторы - халықтар мен мемлекеттер арасындағы татуластық пен ынтымақтастық. Бұл мәселелерге оның ішінде әлемдік және аймақтық ынтымақтастыққа Қазақстанның бұқаралық ақпарат құралдары аса үлкен мән береді және олар басылымдардың тұрақты тақырыптарына жатады. Әлемдегі сан алуан оқиғалары оның ішінде қауіп-қатерлер туралы басылымның көптеген материалдары сол сияқты "Шарайна" топтамалық хабарлары беріліп тұрады. "Егемен Қазақстанның" қыркүйек айындағы номерлерде "Дамудың басты шарты - аймақтық қауіпсіздік пен бейбіт өмір" (17 қыркүйек 2004ж) , "Аймақтық ынтымақтастыққа мүдделік" (15 қыркүйек 2004ж) т. б материалдарды берді.
Бұларда ТМД елдерінің өзара ынтымақтастығы, Шанхай ынтымақтастық ұйымы қызметі және оның дайындық жаңа сатысына аяқ басқаны және Орталық Азия мемлекеттерінің өзара кең көлемде ықпалдасуы мен қауіпсіздік мәселелері көтерілген.
Қазір Халықаралық Лаңкестік (Әдебиеттерде, террорлық - лаңкестік деп атайды), діни экстремистік пен радикалистік, анаша мен қару-жарақтың заңсыз айналымы басты қауіптер санатында. Олар ғаламдық сипат алып, бейбітшілік пен саяси тұрақтылыққа тікелей қауіп төндіріп отыр. Мұндай қатерлердің қорқынышты сипаты мен фактілерін АҚШ, Ауғанстан, Ирак, Ресей, Өзбекстан, Кыргызстан, Индонезия т. б. әлем елдері мысалынан қанды оқиғалары негізінде Егемен Қазақстан Қазақстан халқынан жеткілікті дәрежеде жеткізуде.
Қауіпсiздік мәселесі: Қазақстан ұлттық қауіпсіздік факторлары .
Қазақстанның ұлттық мүдделері деп - қазақстандық әлеуметтік - мәдени қауымдастық мүшелерінің физикалық тіршілік етуі ғана емес, сонымен қатар олардың талаптары мен мүдделерінің прогрестік дамуы үшін де қажетті жағдайын қанағаттандыратын және қорғау болып табылатын жиынтық деп түсіну керек. Бұл қажеттіліктер республиканың әлеуметтік-эканомикалық және саяси құрылымы, оның эканомикалық даму денгейінен, халықаралық және аймақтық еңбек бөлінісіндегі тарихи қалыптасқан орнынан, географиялық жағдайының өзгешелегі ұлттық және мәдени дәстүрлерінен, яғни барлық геосаяси факторлар спектірінің ерекшеліктерінен туындайды.
Өзінің ұлттық мүдделерін, ұлттық құндылықтар мен өмір салттарын кристалдау, сондай-ақ Қазақстан үшін сырттан және іштен болатын нақты және әлеуетті қауіп-қатерлерді анықтау процесінде бұрыннан бар геосаяси факторлар ерекше әсер тигізді. Мемлекеттің ұлттық қауіпсіздігін негізгі параметрлерін қарауда геосаяси факторларға ерекше маңыз бөліп отырғаны кездейсоқтық болып табылмайды, қайта олар Қазақстанның өз ұлттық мүдделерін қорғаудағы қолдан келген мүмкіндіктері және елдің мүмкіндігін айқындайды.
Мұндай факторлар қатарына мына төменде келтірілген алтауының орындары ерекше болғандықтан, оларды жеке-жеке атап көрсетуге болады:
І. Географиялық фактор.
Қазақстан Азия мен Еуропа ортасында және екеуі ядролық держава болып табылатын бес мемлекетпен шекаралас орналасқан континентальды ірі мемлекет болып табылады. Оның өзін сонау Кеңестік дәуір кезіндегі ядролық бомба жарысы және оны сынақтан өткізу басталғаннан Қазақстан жері сырттан төнген қауіп ортасында тұрды десек қателеспейміз. Еліміздің дамуына өз ықпалын тигізетін Ресей мен Қытай да екі ядролық күштер екенін және біздің жақын әрі стратегиялық маңызға ие көршіміз жөнінде ұмытпауымыз керек. Сонымен қатар, Қазақстанның географиялық орналасуы да, табиғи климаттық жағдайы да және материктік платформалармен анықталатын табиғи апаттардың барлық түрлерінен республиканың обьективті осалдығын ескеру қажет.
Орталық бақылаудан шыққан дамымаған инфроқұрылымдар аясындағы қатынас ұлан байтақ жері бар Қазақстанның комуникация саласындағы үлкен әлсіздігі болып табылады. Тұрақсыз аймақта тұрған унитарлы мемлекет үшін мұндай жағдай айтарлықтай қауіп тудыруы мүмкін.
Бай минералды - шикізат кен орны бар болуына қарамастан Қазақстан су, ауыз су және орман ресурстарынан зор тапшылық көріп отыр. Егістік жердің қысқаруы, бүлінуі және шөлге айналу процестері де Қазақстанның тез дамып кетуіне тізгін болып отырған бірден-бір фактор.
ІІ. Саяси факторлар.
Мемлекеттің геосаяси жағдайы оның мемлекеттік ішкі саяси құрылымындарына өзінің әсерін тигізері сөзсіз.
Мемлекеттік шекараның үлкен мөлшері Ресеймен (6032 км) және Қытаймен (1730 км) созылған шектессе, оңтүстігінде тұрақсыз болып табылатын «ыстық нүктелер көршілері», еліміздің көп ұлтты және көп дінді болуы осылардың болуы осылардың ішкі саяси жағдайының тұрақтылығына өз әсерлерін тигізетін бірден-бір факторлар десек болады. Қазақстанның 1995 жылғы Ата Заңымыз бойынша президенттік республика болып жариаланды. Унитарлы мемлекет шегінде күшті президенттік тәртіптің болуы үлкен аумақ пен аймақ әкімдердің кеудемсоқтықтығына қарсы және жекелеген министрліктер төңірегінде болатын сыбайластық пен жемқорлыққа қарсы мұрындық деп есептесек болады. Бірақ саяси шындық көрсеткендей, бұл вертикал министрлер денгейінде бітіп, іс жүзінде аймақтық зиялыларды аз қозғайды.
Облыс әкімдерінің бәрін президент сайлағанымен және оған адалдық көрсеткенімен, олардың көпшілігінің қызметі жалпы мемлекеттік саясатпен жиі қарама-қайшылықта болып жатады. Бұл жалпы құқықтық кеңістікпен әкімшілік аумақтық бірліктердің өз қызметімен лауазымдығын пайдаланып, заңды аяққа таптап, көптеген аймақта «наполиончик» әкімдердің пайда болуы Қазақстан қауіпсіздігіне сыртқы күштерден төнген қауіптен кем түспейтін қауіп. Бұл өз кезегіде, Қазақстан үшін ішкі саяси қиындықтарын, тіпті сол келелі мәселелерді одан әрі ушықтырып, республиканың әлеуметтік-экономикалық кеңістігіндегі онсызда туындап отырған дағдарыс жағдайын одан әрмен қиындатады. Көптеген батыс және отандық мамандардың пайымдауынша, «өтпелі кезеңнің ерекшелігі Қазақстан ұлттық қауіпсіздігіне негізгі қауіп сол ішкі саяси тұрақтылықтың бұзылуынан болады» дейді. Әлеуметтік шиеленіс деңгейі өсуге бет алғанымен, Қазақстан бұрынғы Одақтық республикалар мен Шығыс Еуропа елдері арасында Дүниежүзілік банктың саяси тұрақтылық жүргізген зерттеу деректеріне сүйенсек, нақ орта (13-ші) орында алады. Қазақстан ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету денгейіне әсер ететін саяси факторлар қатарына халықаралық қатынастар сипатын, халықаралық құқықтық шарттардың сапалы іске асырылуын, көршілердің нақты және әлуетті егестің барын және шекаралар сипатымен оларды іс-қимыл тәртібін жатқызуға болады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz