Демократия туралы ұғым, оның белгілері


ЖОСПАР
Кіріспе1
1. Демократия туралы ұғым және оның белгілері2
2. Демократияның антикалық теориясы4
3. Жаңа дәуірдегі демократияның классикалық теориясы6
4. Демократияның алуан түрлілік және төбе топ теориялары8
Пайдаланған әдебиеттер12
Кіріспе
Біз бостандық пен демократияға шақыру бүкіл әлемді дүр сілкіндіріп жатқан заманда өмір сүріп отырмыз. Шығыс Еуропа жарты ғасырға дерлік уақытқа созылған тоталитарлық үкіметтерді төңкеріп тастап, ал бұрынғы Кеңес Одағының республикалары 75 жылға дерлік созылған коммунистік режимді өздері бастарынан бұрын кешпеген жаңа демократиялық тәртіппен алмастыруға ат салысып жатыр. Бірақ Еуропада болып жатқан саяси өзгерістердің салмағы дүниежүзілік халықтарын жинап, ұйымдасуға жетелейтін демократияның келешегін көзден тасалап, көмескілей түсуде.
Дүние жүзілік мәні бар бұл құбылыс қазіргі либералдық демократия тек Батыс халықтарына ғана тән, оны басқа халықтың мәдениетіне енгізіп, орнықтыру мүмкін емес деп күмән білдірушінің тұжырымын теріске шығарады. Жапония, Италия және Венесуэла сияқты әр түрлі елдерде демократияның жеңіске жетуі бостандық пен өзін өзі басқаруды аңсау секілді бүкіл адамзат баласына тән ұмтылысты демократия институттарынң басты орын алатынын айқын дәлелдейді.
Демократияның рухани игіліктері бүгінде қайта дәуірлеп жатқанымен, XVІІІ ғасырдың аяқ шегінде болған француз революциясынан бастап ХХ ғасырдың ортасында пайда болған бір партиялық тәртіптерге дейін демократиялық мемлекеттердің саны аз, әрі олардың ғұмыры келте болған еді.
Бұл жәйт енжарлыққа салынуға да, ашуға бой ұруға да жетелемейді, қайта керісінше, ол күреске шақырады. Адам болмысынан бостандыққа талпынса да, оның демократияны қалай іске асыру керектігін үйренуі қажет. Тарих кілтінің бостандық пен мүмкіндіктер есігін айқара аша беру қандай да болсын құрыштай берік тарихи заңдылықтарды былай қойғанда, әлбетте, өздерін өздері бастық етіп қойған көсемдердің қиялындағы ізгі ниеттерге байланысты емес, ол адамдардың ұжымдық санасына және олардың адалдығына байланысты.
Демократия өзінің күшпен жеңіп алған бостандығын қоғамның игілігіне пайдалануға ынталы әрбір азаматтың қамқорлығына ие болса және ол оның қоғамдық пікір-таластарына қосылып, өз іс-әрекеттеріне жауап беретін өкілдер сайлауға қатысса, қоғамдық өмірге төзімділік пен мәмлеге келуге мойын ұсынса ғана тамыр жайып, гүлдей алады.
Демократиялық қоғам азаматтарының барлығының жеке бас бостандығына құқығы бар, бірақ олар әрдайым құрметтелетін бостандық пен өзін-өзі билеудің рухани байлықтары бар келешек өмірді құруға бір кісідей жауапты. Бұл қамтылған мәселелердің демократиялық негіздері Қазақстан Республикасының конституциясында сипат алды.
1. Демократия туралы ұғым және оның белгілері
Демократия деген сөз гректің "демос"- халық және "кратос" - билік деген сөздерінен тұрады, яғни халық билігі деген мағынаны білдіреді.
Қазір бұл сөз бірнеше мағынада қолданылады: 1) мемлекеттің тұрпаты (типі) мен жалпы саяси жүйесі; 2) мүшелерінің теңдігіне, басқару органдарының мерзімді сайлануы және көпшілік дауыспен шешімдер қабылдау принциптеріне негізделген кез келген ұйымның ұйымдастырылу түрі; 3) қоғамдық құрылымның мұраты (идеалы) және соған сәйкес көзқарастар.
Демократияның көпшілік таныған бірыңғай анықтамасы жоқ. Әр дәуірдегі ойшылдар оны әр түрлі түсінген. Оның үстіне әр түрлі елдерде олардың ұлттық, тарихи және т. б. ерекшеліктеріне байланысты демократия сан түрлі рең алуы мүмкін. Дегенмен, демократиялық мемлекеттердің көп түрлілігіне қарамастан, олардың ортақ белгілері болады. Ондай белгілерге төмендегілер жатады.
1. Халықтың заң жүзінде мемлекеттік биліктің бірден бастауы саналуы. Ол мемлекетте ұйымдастырушы, конституциялық биліктің халыққа тән екендігіне көз жеткізеді. Ол жоғары органдарға өз өкілдерін сайлайды және жүйелі түрде ауыстырып отырады. Бірталай мемлекеттерде халықтың бастамасымен және референдум арқылы заңдар жетілдіріледі және қабылданады. Сондықтан АҚШ-тың төртінші президенті А. Линкольн демократияға "халық үшін халық сайлаған халықтық билікке" жатқызды.
2. Халық билігін орнату үшін оған жағдай жасау керек. Ондай жағдай теңдік болған жерде ғана болады. Б. з. б. V ғасыр; өмір сүрген гректің атақты тарихшысы Геродот сол кездің өзінің демократия деп теңдікке негізделген мемлекетті айтады деген болатын. Теңдік барлық салада - халық жиналысында, мемлекеттік істерге қатысуда, заң шығаруда, оны орындауда болуға тиіс.
3. Табиғатына, әлеуметтік, саяси, мәдени және т. с. с. ерекшеліктеріне байланысты адамдар әр түрлі болды. Солардың бәрін қалай теңдестіруге болады? Ол үшін заң, құқық алдындағы теңдік болуы керек. Заң және құқық - жалпы және барлығына бірдей қоғамдық және саяси өмірдегі демократиялықтың негізі және қорғаушысы. Олар қоғамдағы қатынастарды реттейді, жүріс-тұрыс, іс-әрекеттер ережелерін орнатады. Қажетті деген іс-әрекеттерге рұқсат етеді. Ол тәртіптерге қайшы келген іс-әрекеттерге тыйым салады, оларды бұзғандарды жазалайды. Бір қоғам біреулерге рұқсат етілгенді екіншілерге рұқсат ету: біреулерге басымдық беріп, басқаларға қысым көрсетуі мүмкін. Билік иелері (күштілер, байлар, ақсүйектер) заң мен құқықты өз мақсаттарында пайдаланғылары келеді. Сондықтан құқықты, теңсіздікті болдырмау керек. Оны қалай жасауға болады?
4. Оның кепілі - әділеттілік. Әділеттіліктің де бірыңғай ұғымы жоқ. Ол жөнінде әр түрлі тарихи дәуірлерде әр қоғамның өзіндік түсінігі болады. Мысалы, алғашқы қауымдық қоғамда қарт, ауру адамдарды өлтіру әділеттілікке жатты. Инквизицияны жақтаушылар үшін діннен безгендерді тірідей отқа жағу әділетті іс. Кеңес заманында еріксіз ұжымдастыру барысын қазақ халқының жартысына жуығы қырылып, біразы босып кетті. 1986 жылы желтоқсанда жастарды қырғынға ұшыратуы біреулерге әділетті көрінді. Әйтпесе, сол жазалаушылар жазасын алулары керек емес пе? Сайып келгенде, әділеттілік қоғамдық қатынастармен, қоғамдағы саяси құрылыспен, оның мемлекеттілігінің тұрпатымен, саяси мәдениетінің дәрежесімен айқындалады.
Ал қазақ жастары болса желтоқсан көтерілісінде бостандық, еркіндік үшін алаңға шыққан болатын. Бұл - демократияның бесінші белгісі. Қазақ халқы еркіндікке жету үшін ғасырлар бойы күрессе, адамзат қоғамына демократияны шектейтін, теңдік пен әділдікті бұзатын, қанаудың, тәуелділіктің барлық түрлерінен азат етілу үшін мыңдаған жылдар бойы күресуіне, реформалар, революциялар, өзгерістер жасауына, сан рет жеңілуге жеңіске жетуге тура келді. Теңдікке, әділеттілікке, еркіндікке, демократияға, олардың принциптеріне сәйкес өмір сүруге үйрету және үйрену керек. Құқық пен заң адамды күйзелу, қорқыныш, заңсыздықтан құтқаруға міндетті. Сайып келгенде осының бәрі еркіндік, бостандыққа байланысты.
Сонымен біз халықтың мемлекеттік билікті жүргізуге қатысу керектігі, құқық, теңдік, еркіндік жөнінде әңгіме еттік. Осы принциптердің бәрі түгел болғанда ғана әділдік болады. Бұл - әділдіктің демократиялық түсінігі. Ол, өкінішке орай, адамзаттың басқа да арман-мұраттары сияқты бірден толық орындала бермейді.
Жоғарыда көрсетілген белгілермен қатар демократиялық принципке жүйелі түрде мемлекеттің негізгі органдарын сайлау жатады Ең алдымен жоғарғы заң органы сайланбалы болуға тиіс. Одан соң төменгі өзін-өзі басқаратын органдарға дейін сайланбалы болғаны дұрыс.
Сонымен қатар шешім қабылдағанда ерте заманнан демократияға азшылықтың көпшілікке бағынуы жататын. Кейінірек мұндай бағыну шектелді, азшылықтың өз пікірі болуы, оны сыйлау, онымен есептесу керектігі мойындалды.
Қазіргі демократиялық процесте мынадай демократиялық рәсімдерде қарастырылған барлық сайлаушылардың тең дауыс құқығы, сайлаудың еркіндігі, балама үміткердің болуы, тізім бойынша сайламау, демократияның үздіксіз қоғамдық бақылау аясында болуы, мемлекеттің дау-дамай, шиеленістерді реттеудегі ықпалды тетіктерін табуы және т. с. с.
Демократия болу үшін саяси, экономикалық, құқықтық, мәдени, идеологиялық кепілдіктер жүйесі болуы шарт. Оның маңызды кепілдігіне әр түрлі демократиялық елдерде қалыптасып жатқан азаматтық қоғам мен құқықтық мемлекеттер жатты.
Сонымен, демократия деп халық билігі, теңдік, құқық, әділдік, еркіндік принциптеріне негізделген мемлекеттік құрылысты айтамыз.
Халықтың билігі ретіндегі демократия көбіне утопиялық ар-аңсарды білдіреді. Кейбіреулер оған жақындайды, кейбіреукөкжиекте көрініп тұрғандай көрінеді, біреулерге оған жолы оңайырақ, кейбіреулерге қиынға түседі. Дегенмен, ол - шындық, өмірдегі бағдар, нысана, қоғамның саяси дамуының мақсаты. Ағылшынның көп жылдар премьер-министрі болған Уинстон Черчилльдің айтуы бойынша, "демократияның да кемшіліктері бар, бірақ оның ең құндылығы сонда - бұдан артықты бүгінге дейін ешкім ойлап шығарған жоқ".
2. Демократияның антикалық теориясы
Ежелгі грек полисінде мемлекет қауым сияқты еді. Қауымдық тіршілік негізінде жерге қоғамдық меншік жатты. Әрбір құқықты азамат меншікке иелік етіп, жерді пайдалана алатын, өзіне тиісті үлесін қожасы мұра етіп қалдыра алатын, келсе сататын. Бірақ ол жер өңделмесе, қауым оны басқа біреуге бере алатын.
Полисте азаматтық қоғам мен мемлекет ажыратылмады. Азамат және мемлекеттің құқығы мен міндеттері біртұтас еді. Сондықтан өз құқығын басқа біреуге беру деген ойға да келмеді. Бұл жағдайда азамат толық құқығынан айырылғандай болып саналатын.
Демократиялық мемлекеттің ең бірінші түріне Афины республикасы жатады. Ол б, з. б. V ғасырда пайда болды. Онда өтетін жоғарғы билік ұдайы шақырылып тұратын халық кеңесінің қолданылды. Антикалық демократия тура демократияға жатты. Әрбір адам еркін да еді. Ол мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатына байланысты барлық мәселелерді шешетін. азамат мемлекеттік билеуге қатысуға құқықты және міндетті. Мысалы, оған басқарушы болатын. Сондықтан адам мен мемлекеттің арасында қазіргідей қызмет адамдарын сайлау және олардың, жұмысына бақылау партия, парламент, бюрократия сияқтылар болған жоқ. жасау; салық мөлшері және мемлекеттік қаржы-қаражат. Афинылық демократия Периклдің (6. 3. 6. 490-429) билік еткен дәуірінде әсіресе гүлденіп өркендеді. Бұл кез афинылық демократияның алтын ғасыры болып саналады. асқан саясаткер, керемет шешен, білімді де білгір Перикл халық басшылық жұмсау тәртібі; соғыс ашу және келісімге келу; одақтастарды айқындау; басшылардың іс-әрекеттерін айыптау немесе ақтау шынында да, және т. с. с. жататын. Халық кеңесіне 20 жасқа жеткен афинылық әрбір азамат қатыса алатын. Саясатқа қатынасу оны көсемі болып есептелді және тиранияға қарсы тұрды. Оның бас бірден-бір лайықты ісі болып саналатын. Бірақ онда толы. шылығымен жүргізілген реформаларда билікті барлық ерікті құқықты азаматтар көп болған жоқ. Құлдардың әйелдерді? Адамдарға мүмкіндігінше біркелкі бөліп беру қарастырылды. Ол басқа қалалардан Афиныға көшіп келгендердің мұндай құқығы болмады. Орта және жер иелері демократияның тірегі ретінде саналмады. Көшіп келгендердің жеке бастары бос болғанынан, оларды қолдады.
Ол өлгеннен кейінгі жылдары саяси және экономикалық халық кеңесіне, сотқа қатыстырылмады, мемлекеттік демократия біртіндеп бұзылып, жойыла бастады. Азаматтардың мүлік терге сайланбады. Олар тек мемлекетке сіңірген ерен еңбегінің теңсіздігі ұлғайды әдет-ғұрып бүлініп, көпшілік тарапынан адасқан зор қызметінің арқасында ғана ондай дәрежеге жетті. Осының бәрі Толық құқықты азаматтар көп болса, оларды басқару қиын демократиялық принциптерді әлсіретіп төмендете түседі деп, ондайлардың санын аса көбейтпеді. Бі3 б, 322 жылы афинылық демократия құлап, қала Македонияға тәуелді болып қалды. Афиныда демократиялық басқару бесжүздік (бес жүз адамнан тұратын) кеңесі де болды. Ол ата түрі сақталып, бірақ халық кеңесі шын мәніндегі биліктен атқарушы орган ретінде күнделікті басқару мәселелерімен шұғылданды. Афиныдағы сияқты демократиялық мемлекет Ежелгі Римде де болды. Мұнда демократия одан әрі дамыды.
Афины мемлекеттік құрылысының үшінші маңызды қоғамдық және әлеуметтік билік бөлінді. Басы бос, бірақ саяси тең демократиялық органын он бөлімнен тұратын халық соты құрылды. Құқы жоқ төменгі топтың адамдары мен ақсүйектер арасындағы Істің қандай бөлімде қаралатындығы сот болатын күні жеребе-жанжалдың нәтижесінде халықтық трибунат деп аталған, арқылы шешілетін. Бұл пара алушылық сияқты зиянды әдет халық билігін білдіретін жаңа орган пайда болды. Соның арқасында қатерге жол бере қоймайды. Оның үстіне сот мәжілістері астында адамзат тарихында бірінші болып биліктің аралас түрі жүргізілетін. Ол да сотты әділ жүргізуге кепілдік ететін заң дүниеге келді. Афинының азаматтары оның ең мемлекеттік биліктің демократиялық түрі алғашқы өзін еркін санайтын. Себебі, олар жеке адамдарға емес, заң ежелгі Греция мен Ежелгі Римде пайда болды. Олар жоғарыдағыоарға ғана бағынатын. Олар соғыс кезінде болсын, бейбіт шақта билегендей олар көптеген жақсы жақтарымен сипатталады. Осы мемлекетке қызмет ететін, сонымен қатар олардың осал жерлері де бар. Ең алдымен азаматтық құқық барлық адамда болған жоқ. Қоғам адамдарды, ішкі өміріне көп араласты. Биліктің шексіздігі және өмірдің барлық саласына араласуы демократияны көпшіліктің рақымсыздығына, жауыздығына (деспотияға) айналуына мүмкіндік тудырды. Биліктің мұндай түрінде халық заң бойынша емес, зорлық пен шексіз үстемдік құратын жауыз патша сияқты болып. Ал қоғамдық құрылыс көбіне тирания сияқты болып көрінді. Демократияның мұндай түрі тобырды басқаратын көпірме, лепірме, даурықпаларға (демагогтарға) қолайлы болды. Сондықтан Аристотель демократияны жалпы халықтың игілігін ойлап ұстамды, ұтымды, баянды шешім қабылдай алмайтын тобырдың билігі деп сипаттады. Демократия барлық адамдарды теңдестіреді, стихиялы шешім қабылдатады, қызмет адамдарын қабілетін, біліміне қарай емес жеребемен қойдырады деп Платон жақтырмады. Сондықтан ол демократияға жақсыдан нашар, жаманнан тәуірлеу биліктің түрі деп қарады. Дегенмен, антикалық демократияны саясатшылар, тарихшылар, фәлсафашылар ғасырлар бойы зейін қойып зерттеп, оған сүйеніп, жүгініп келді. Ежелгі грек, рим демократиясының нышандары жаңа тарихқа енді. Мысалы, қазір ең демократияшыл елдер қатарындағы АҚШ-та римдік саяси жүйенің принциптері жаңа қайталанғандай: президенттік билік - патшалық билікті, сенат - аристократияны, өкілдер палатасы - халық трибунатын бейнелеп тұрғандай. Заңның үстемдігі, заң алдындағы барлық азаматтардың теңдігі, саяси құқықтардың теңдігі және т. б. сияқты антикалық дәуірде бастау алып қалыптасқан ұғымдар қазір демократиялық үрдістің ажырамас бөліктеріне айналды.
3. Жаңа дәуірдегі демократияның классикалық теориясы
Жаңа дәуірдегі демократияның классикалық теориясы антикалық идеялардан бастау алды. Бірақ оның өзіндік ерекшеліктері бар. Оның өзгешелігі ең алдымен барлық адамдардың бәрі де саяси шешімдерді қабылдауға қатысуы керек деген тезиске байланысты. Оны "қоғамдық келісім" деген еңбегінде Ж. Ж. Руссо жан-жақты қарастырды. Оның ойынша, саяси процеске тартылған өз бетінше саналы іс-әрекет жасайтын, ақылды адамдар қосылғанда жаңа сапа пайда болады. Олар жиналып ортақ игілік идеясын ойлап табады. Бұл идея саясаттың принципіне айналады және ортақ ерік, жігер, қайрат қалыптасады. Адамдар не жақсы, не жаман екенін бірігіп таңдайды. Бәрі бас қосқан пікір сайыстан кейін нашар жақтары алынып тасталып, жақсылыққа жету жолдары іздестіріледі.
Жалпы жұрттың ықтиярын, көзқарастарын жинап, топтастырып ортақ игілікке жетудің шешімін қабылдайды.
Бұл тұжырымдама XIX ғасырға дейін басымдық етті. Классикалық фәлсафаның негізін салушылар ортақ игілік идеясын барлық адамдар үшін жоғары бақытқа, игілікке жету деп түсіндірді. Бірақ Руссо да, демократияның классикалық теориясының негізін қалаушылар да адамның баянды (рационалды) жағын асыра бағалады. Олар қарапайым адамдардың кәсіби саясаткерлер тарапынан етілетін айла-шарғыларына, қулықтарына оңай түсіп қалатындарын, азаматтардың күнделікті өміріне тікелей байланысты емес өзгерістерге немқұрайды, селқос қарайтынын ескермеді. Бұған алғаш назар аударған австрия социологы Иозеф Шумпетер (1883-1950) болды. Ол өзінің атымен аталған демократияның "шумпетерлік" теориясын жасады. Оның ойынша, жалпы ықтиярлық, тілек барлық халықтың еркімен қалыптаспайды, оны жасайтын соған мүдделі кәсіби топтар. Демек, демократия ешқашан халықтың басқаруы емес. Халық тек белгілі бір арадағы институтты сайлайды. Ол өз кезегінде ұлттық атқарушы органды немесе үкіметті қалыптастырады, Бұдан кейін көпшілік іс жүзінде саясаттан шеттейді. Сондықтан демократиялық тәсіл - Шумпетердің ойынша, жеке адамдардың халық дауысын алу үшін бәсекелік күрес нәтижесінде жететін институционалданған шаралар жүйесі. Қорыта келгенде, Шумпетер бойынша, басқаратын халық емес, жеке адамдардың арасында бәсекелік күрес жүреді, ал халық бұл күресте солардың біріне дауыс береді. Мұндай жағдайда біртұтас ерік, жалпыға бірдей игілік жөнінде сөз болуы мүмкін емес. Мүдделерінің сәйкестігіне қарай топтар құрылады және солардың арасында күрес жүреді. Сөйтіп, Шумпетердің тұжырымдамасында либералдық демократия принциптері қалыптасады.
Либерализм тұлғаның еркіндігін, оның мемлекеттік тираниядан сақталуын көздеді, жеке адамды қоғам мен мемлекеттен ажыратты, мемлекет пен азаматтық қоғамның ара жігін ашып көрсетті, барлық азаматтардың саяси теңдігін жария етті, азшылықтың құқығын қорғады, тұлғаның түбегейлі, ажырамас құқықтарын белгіледі, оны саяси жүйенің негізгі элементі ретінде либералдық принципте халықтың, көпшіліктің орнына жеке алға тартылады. Жеке адам мен халық орын ауыстырады, билікке таласады, халық дауыс береді. Саяси процесте саяси жетекші мәселесі көтеріледі. Қоғамның экономикалық саласында да, саяси саласында да еркін бәсеке пайдаланады. Алғашында, еркін бәсеке экономикада жеке тауар өндірушілер мен меншік иелерінің деңгейінде жүрді, кейін акционерлік қоғамдар, корпорациялар, концерндер және т. түріне айналды. Саяси өмір шеңберінде жеке бәсекелестік партиялар немесе әлеуметтік топтар, кейін келе әр түрлі топтарды жалпы мақсатқа жету үшін жасаған бірліктерінің түрінде жүргізілетін болды. Басқа сөзбен айтқанда, идеялар мен саяси серкелер сатып алушылар (сайлаушылар) үшін күресуге айналды.
Мұндай жағдайда халыққа екі-ақ қызмет атқаруға тура келді: 1) саяси серкелерді, басшыларды сайлау; 2) оларды орнынан алу. Бұл теория бойынша орнынан сайлау арқылы алынады, Сайлаушылар мен олардың сайлаған өкілдерінің арақатынасы жөнінде екі түрлі көзқарас бар. Біріншісі - депутаттарға қатаң талап-тілектер қоюды көздейді. Екіншілері - мұны дұрыс санамайды. Себебі, олардың ойынша, өмірдің барлық жағдайларына аманат беру мүмкін емес. Оның үстіне, сайлаушы өз ауданы, облысына қатысты мәселелерді аманат етеді, ал парламенттегі саясатшы тұтас халық, ел мүддесін ойлауы керек. Нақтылы тарихи жағдайда аумақ пен ел мүддесінің тоғысу дәрежесін ол өзі табуы керек.
Шумпетердің ойынша, демократияның ойдағыдай жұмыс істеуі үшін төрт жағдай керек:
1. Маңызды мемлекеттік қызметтерге сайлауға болатын айтарлықтай білікті, маман өкілдер тобы болуға тиіс. Мысалы. Англияда Шумпетер олардың тобына ең алдымен ақсүйектерді жатқызады.
2. Саяси органдар халық, негізінен, жақсы қабылдап, оларға өз көзқарастарын айта алатын шешімдер қабылдауы керек. Олай болмаса, шешімдердің легитимдігі жөнді болмайды, сондықтан елдегі саяси тәртіптің тұрақтылығына нұқсан келеді.
3. Жауапкершілікті толық сезінетін, қызмет орнының абыройын жоғары бағалайтын дайындығы бар жақсы ұйымдасқан бюрократия болуы керек. Себебі, ол маман емес ынталы адамдарға қарағанда мемлекетті көш ілгері басқарады. Ол өз құрамын орта таптың өкілдерімен толықтырғаны жөн.
4. Саяси теорияның ғана емес, саяси мәдениеттің де элементі болып табылатын демократиялық өзін-өзі бақылау болғаны өте маңызды. Саяси процеске әрбір қатысушы өз еркімен өзін тежемесе қандай демократия болмасын алысқа кете алмайды. Билеуші топ болсын, оппозиция және басқа дау-жанжалға қатысушы топтар болсын ең алдымен ұлттық мүддені бірдей түсініп жоғары қоюлары абзал.
4. Демократияның алуан түрлілік және төбе топ теориялары
Алуан түрліліктің (плюрализмнің) элементтері демократияның классикалық теориясын қалаушылардың еңбектерінде байқалған. Оған ең алдымен Дж. Локк пен Ш. Л. Монтескье ашып көрсеткен биліктің тармақталу теориясы кіреді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz