Қазіргі заманғы концепциясы



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
Қазіргі заманғы концепциясы

Демократияның тарихи генезисі ұзаққа созылады, көп қырлы және қарама-
қайшы. Ол қазір де аяқталған жоқ. Әлемдегі ешбір саяси жүйе әлі
демократияның бүкіл идеалдарын өз бойына сіңірген жоқ, бар болғаны көп
сатылы, тарихи процесті жалғасушы нәтижені ғана білдіреді.
Қазіргі деңгейдегі демократия проблемалары – саясаттанудағы басты
проблемалардың бірі. Олардың көп аспектілілігі, күрделілігі, әртүрлі
елдерде әртүрлі мәндегі саяси тәжірибемен тікелей біте-қайнасқандығы, сол
секілді зертеу тәсіліндегі, сондай-ақ ғылымда қалыптасқан концепциялардағы
әралуандық пен қарама-қайшылықты анықтайды. Әдебиетте демократияның
бірыңғай анықтамасының жоқтығы саяси сөздіктерде және шетелдік және отандық
авторлардың оқу құралдарында атап көрсетіледі. неміс политогы Б.
Гуттенбергер Осы уақытқа дейін ғалымдар соның негізінде демократияның
бірыңғай анықтамасын қалыптастыруға болатын жалпыға ортақ түсінікті жасаған
жоқ, - деп жазды.
Демократия теориясын жіктеу критерийлері. Саяси ғылым демкоратияның
теориялық бейнесін, идеалын тұжырымдауға ұмтылады және оны әлеуметтік-саяси
өмірдің ұйымдарының нақты қолданылып жүрген демкоратиялық формаларымен
салыстырады. Демкоратияны қазіргі түсіну – бұл бір-біріне қарсы жүрген қос
үрдістердің бірлесуі: идеалдан нақтылыққа, нақтылықтан идеалға.
Демократияның теориялық концепцияларының әр алуандығына және оның нақты
формаларына қарамастан әдебиетте және саяси тәжірибеде бірқатар жалпыға
ортақ ережелер сүзіліп шықты, олар демкоратияның осы немесе басқа елде
болуымен байланыстырылады: билік көзі ретінде халықты немесе оның белгілі
бір бөлігін тану; қоғамның мемлекеттік билікке тұрақты ықпалы; соңғыларды
сайлау арқылы жүзеге асыратындардың қызметіне бақылау жасау; азаматтардың
саяси өмірге қатысуы мәнінде тең құқылығы; адамның құқығы мен бостандығы.
Кез келген қазіргі заманғы теориялар осылай немесе басқаша алғанда
демократияның теориялық түсінудің бастапқы түсінігі ретінде оның халық
билігі деген анықтамасын қабылдайды. Линкольннің тезисі әлі ұмытылған жоқ.
Мысалға алсақ, француз саяси қайраткері М. Рокар былай деп жазады:
Демократия дегеніміз халықты халықтың өзінің күшімен басқару. Сөйтсе де
теоретиктер мен саясаткерлер демкоратияның басты мәселелері; Халық
дегеніміз кім? Ол мемлекетті нақты басқара ала ма, егер басқара алса,
қалай? Халық өкілдігі қалайша қалыптастырылады? Саяси қатынастардың
демократиялық ережелері қандай? деген мәселелерді тұжырымдауда пікірлері
айрылады.
Демократия түсінігі мен оның принциптерін (негізгі ережелерін)
түсіндірудегі әр алуандық бірінші кезекте демократияны идея және практика
ретінде қалыптастырудың тарихи балама бағытымен байланысты, алайда қазіргі
уақытта әртүрлі қоғамдық жүйелерде демократиялық принциптерді нақты іске
асырудың нақты әркелкілігімен айқындалады.
Демократия теориясын талдау олардың айырмашылықтары мен
салыстырмаларының критерийлерін анықтауды көздейді. Осындай тәсілдер
ретінде ағылшын философы К. Поппер тұжырымдаған: Кім билейді? және Қалай
билейді? деген екі түбегейлі сауалды аламыз. Осы сауалдардың қайсысы
бірінші орынға шығатынына байланысты демократия теориясы да айрылады.
Мәні бойынша әңгіме, атап өтілгендей, индивидтің, қоғамның (халықтың)
және мемлекеттің өзара қарым-қатынасы туралы болып отыр. Басты назарға
алынған Кім билейді? деген сұрақ теориясы демократияны халық билігі
ретінде қарайды, халықтың жалпы немесе оның бір бөлігінің, ірі әлеуметтік
топтардың, таптардың биліктің негізгі субъектісі ретінде таниды. Халықтың
егемендігі демократияның негізін құрайды. Халық билігі негізінен өзін өзі
басқару секілді саяси биліктің жолдауына тікелей қатысу ретінде ұғынылады.
Мұндай жағдайда саяси бірлестік ретінде халық және мемлекет ұғымдарын
тұжырымдау принципиалды мәнге ие болады. Саяси биліктің негізіне халықты
тұтасымен немеес оның бір бөлігін – ірі әлеуметтік топтарды алатын
концепциялар ұжымдық демократияға, немесе идентитарлы демократияға жатады.
Саяси билік негізіне индивидті, тұлғаны алатын және демократияның
шынайы субъектісі ретінде жекелеген азаматтарды қарастыратын демократия
теориясы индивидуалистік концепциялар тобын құрайды. Либералды теориялар
осындай. Оларда мынадай сауалға екпін жасалады: Қалай билейді?. Бұл
демократияны оның технологиясы тұрғысынан анықтау тәсілін білдіреді,
нақтылап айтқанда субъектілердің қатысу механизмдерін (қоғамдастық
мүшелерінің саяси өмірге, саяси шешімдер қабылдауға қатысуын) білдіреді.
Осы теория демократияны мәндік аяда емес, технологиялық тұрғыдан
қарастырады. Демкоратия билік жүйесі және басқару формасы ретінде
анықталады, халықтың билігіне ұқсас емес, халыққа арналған билік ретінде
анықталады. Билеуші субъекті ретінде халық емес, оның өкілдері көрінеді.
Мұндай түсіндіруде демократия билікке қатынасы бойынша тең құқылы саяси
күштердің алдын ала беймәлім нәтижелерге бәсекелестігін білдіреді. Вебер
атап көрсеткендей, көпшілік өзара бәсекеге түсіп жатқан элитаны таңдау
мүмкіндігі, сондай-ақ оларға қолдау көрсету мүмкіндігі беріледі.
Демкоратияның технологиялық концепциясын ішінара әйгілі австриялық
социолог және экономист И. Шумпетер ұсынды. Методологиялық және саяси
индивидуализмнің жақтаушысы болған ол саяси процесті талдау барысында
қоғамдық топтардың емес, индивидтердің мүдделерін, мақсаттары ен
құндылықтарын ескере отырып қарастыру керек деп есептеді. Бұдан
демократиялық тәртіптің мәні индивидтердің саясатқа қатысу құқығын
иемденетінінен, сайлаушылардың даусы үшін күресте бәсекелесе отырып, саясат
жасаудан тұрады. Демократия – бұл халықтың емес, саясаткерлердің билігі.
Демократиядағы ең маңыздысы – көпшіліктің жаппай дауыс беруі, паритиялардың
бәсекелестігі және тұрақты сайлаулар. Демократияның шумпетер ұсынған
технологиялық концепциясын теоретиктердің барлығы бірдей қабылдай
бермейтінін атап айтқан жөн. Американ саясаттанушысы Я. Шапиро қазіргі
кезде Америкада демократияны регламенттелген рәсімдерге жатқызбайтынын атап
көрсетеді. Оған демократиялық рәсімдердің мызғымастық жағдайы талап
етіледі. Бұнсыз рәсімдер демократиялық емес нәтижелерге соқтыруы мүмкін,
оның ішінде көпшіліктің тираниясына алып келуі мүмкін. Демократияның
қазіргі заманғы теориясы демократия критерийлерін түсіндіруі бойынша да
ажыратылады. Индивидуалистік концепциялар, демократияның критерийлері
туралы мәселе негізінен мемлекеттік биліктің әрекет ету аймағын шектейтін
рәсімдерге (технологияларға) әкеледі. Мұндай концепциялардың қатарына:
билікті орталықсыздандыру, биліктің балама бастауларын және басқа да тежеу
және қарсы салмақтар механизмдерін құру. Ұжымдық концепцияларда болса
демократия критерийлері ретінде бірінші кезекте азаматтардың мемелкетті
басқаруға тікелей жаппай қатысуын атап көрсетеді. Демкоратияның идеалы –
көпшіліктің басқаруға жаппай қатысуы. Ленинше, әрбір от жағушы мемлекетті
басқара алады. Мемлекеттік институттар қызметіне саяси бақылау жасауды
билеуші көпшілік партия жүзеге асырады. Бұндайлардың болуы – ұжымдық
демократияның елеулі белгісі.
Идентитарлы және бәсекелес демократия. Қазіргі саясаттану әдебиетінде
идентитарлы және бәсекелес демократия проблемасы айналасында дау туды. Бұл
түсінікті де, өйткені демократияның қазіргі заманғы барлық концепциясы екі
балама бағыттың негізінде қалыптасқан: өз дамуын социалистік (марксистік)
теориядан алатын руссоистік және либералды.
Идентитарлы (бірдей, сондай) демократия қоғам құрылымының әлеуметтік-
гомогенді үлгісі негізінде құрылады, басқаша айтқанда, әлеуметтік
тұтастықты мойындауға негізделеді, бұл туралы советтік кезеңдегі ғалымдар
мен саясаттанушылар көп айтып, жазды. Идентитарлық демократия дара, жалпы
халықтың мемлекеттік еріктің жекелеген азаматтардың еркінен үстемдігімен
сипатталады. Мұнда мүдделер мен құндылықтардың бәсекелесуі болмайды,
мүдделер қақтығысының легитимділігі жоққа шығарылады. Совет әдебиетінде
социалистік демократия осындай бейнеде сипатталды. Түбегейлі қоғамдық және
жеке мүдделердің бірлігін тану коллективизм, мемлекеттің әлеуметтік
кепілдікті қамтамиасыз етуі, қоғамның әрбір мүшесінің құқығы мен бостандығы
советтік социалистік демкоратияның теориялық моделі ретіндегі негізі деп
есептелді. Мемлекет – бұл біз, бүкіл халық – оның ұраны осындай болды.
Осылайша, идентитарлы концепция халықтың жалпы еркі ролін демократия
негізі ретінде тым абсолюттендіріп жібереді және жекелеген субъектілердің,
оның ішінде индивидтердің демократиялық қатынастар жүйесіндегі оқшаулығын
жоққа шығарады. Саяси қоғамдастық мүшелерінің онсыз демкоратиялық құрылым
мүмкін болмайтын бірқатар, барынша маңызды мүдделерінің бірлігі
гипертрофирленеді. Нәтижесінде тұлғаның таңдау еркіндігі мен саяси өзін өзі
анықтауы үзіледі, тіпті демократияның негізгі алғышарты үзіледі. Халықтың
жалпы еркін абсолюттендіру және осыдан шығатын жеке еріктерді басу –
көпшіліктің тираниясына, іс жүзінде жалпы ерікті басып алып және оны
өзінің бюрократиялық еркіне айырбастаған саяси күштердің диктатурасына
әкелетін тура жол. ХХ ғасырдағы барлық белгілі диктаторлар халық атынан
және оның тапсырмасын орындаушы ретінде әрекет еткен. Диктаторлардың
әрбіреуі кезі жеткенге дейін халықтың диктаторлық режимімен жүргісі
келмейтін қалған бөлігін баса отырып, белгілі бір бөлігінің қолдауына
сүйенген.
Идентитарлы демократияның авторитаризмге, тіпті тоталитаризмге
айналуының әлуетті нақты мүмкіндігін қазіргі заманғы саяси процестер мен
әлемдегі әртүрлі демократиялардың қалыптасу үрдістерін түсіндіруге
ұмтылатын теориялардың ішінде осы концепция да жоққа шығармайды.
Бәсекелес демократия. Оның теориялық үлгісі көптеген елдердің саяси
тәжірибесінде жинақталған демократияның қазіргі заманғы батыстық
концепцияларында жатыр. Бәсекелес демократияны сипаттайтын көрсеткіштердің
бірі оған тән партиялық жүйелердің сипаты болып табылады. Оның түрі бойынша
демократиялық режимдердің бәсекелестік деңгейі туралы байқауға болады.
Бенкс пен Текстордың (АҚШ) 115 елде жүргізген зерттеулеріне сәйкес тек 43
елде саяси қатынастардың бәсекелес жүйелері болған. Бұл елдерде қандай да
бір партияға тыйым жоқ. Ішінара бәсекелес елдерге зерттеушілер пікірінше, 9
ел жатады: бұларда парламент мандатының 85 және одан да көп пайызын иемдене
отырып, бір партия үстемдік етеді. Бәсекелес жүйесі жоқтарға 30 ел
жатқызылған: жүйесі анықталмаған елдер (тексеруге алынбаған) – 33.
Зерттеулер алпысыншы жылдардың басында жүргізілген. Дегенмен келтірілген
деректер бұдан отыз жыл бұрын болса да, әлемде демократияның бәсекелес
жүйесінің таралу процесінің қаншалықты әрқилы жүргізілгенін көрсетеді.
Сондықтан демократияның таптық социалистік концепциясын ғана идентитарлық
деп санауға болмайды. Табиғаты бойынша мұндайларға жалпы ұлттық
мүдделерінің артықшылығына, жекелеген индивидтің еркінен бірыңғай ұлттың
еркін жоғары қойылуына негізделген ұлттық концепциялар да жатады. 60-
жылдары бәсекелес жүйелері жоқ елдер қатарында кейіннен авторитарлық
режимге ауысқан ұлттық идентитарлы демкоратиялық елдер бекітілді. Саяси
жүйелердің осындай метаморфозасы ең алдымен объективті әлеуметтік-
экономикалық факторлармен түсіндірілді. Саяси тәуелсіздік алған сәтінде
ұлттық экономикалық жүйелері және дифференциацияланған әлеуметтік құрылымы
қалыптаспаған елдерде (бұл негізінен африкандық елдер) пайда бола бастаған
демократиялық институттар этникалық қоғамдастықтардың жалпы мүдделеріне,
олардың элита, негізінен әскерилер қалыптастырған белсенді секторларының
дара еркіне негізделді.
Бәсекелес концепция бірқатар қазіргі заманғы концепцияларда берілген.
Дәстүрлі-либералды концепция.
Өз мәнінің негізіне либералдық теорияны мұраға алады. Басты идея –
тұлғаның, индивидтің қоғамнан, мемлекеттен артықшылығы. Тұлға осы
концепцияның көзқарасы тұрғысынан, бастапқы, ол азаматтық қоғам мен
мемлекеттің негізін құрайды, ақыр соңында биліктің бастауы болып табылады.
Либералдық демократияның теоретиктерінің бірі политолог Баббио былай деп
есептейді. халық егемендігі ұғымы жүз жылдай демократияның негізін
құрады. Ал, қазір демократияның шынайы суьъектісі ретінде индивидуумдар,
азаматтар әрекет етеді. Өз көзқарасы бойынша кейіннен либерал болған А.
Тковиль басқаша тұжырымдады: демократияның мыйы – жалпы мүдделер
айналасында қалыптасатын топтар. Сонымен қазіргі заманғы либерализм
түпкілікті ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Биология концепциясының деңгейлері
Нарықтық экономикадығы әрекеттер мен табыстар және әлеуметтік негізгі саясат
Ғылыми білімнің құрылымы
Интерактивтік оқыту
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ГУМАНИТАРЛЫҚ ҚҰҚЫҚТЫ ЗЕРТТЕУ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Сапа жүйесі мен менеджментінің дамуы
Тұрақты даму концепциясы-2024
Маркетингтің негізгі концепциялары
Демократия – қоғам ұйымдасуының саяси формасы
Маркетинг жайлы жалпы түсінік
Пәндер