Еуразиялық одақ және Қазақстан


Еуразиялық одақ және Қазақстан
Осыдан он жыл бұрын Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Мәскеу мемлекеттік университеті студенттері алдында Еурозиялық одақ құру идеясын жариялағаны баршамызға белгілі. Аз уақыт ішінде аталмыш идеяны жүзеге бойынша айтарлықтай ауқымды жұмыстар атқарылды. Бүгінгі таңда осы істердің негізгі нәтижесі ретінде өңірде өрнекті қызмет атқарып келе жатқан Еурозиялық экономикалық қауымдастығы ұйымын атап және ұйымға бес мемлекет Белоруссия (А. Лукашенко), Қазақстан (Н. Назарбаев), Қырғызстан (А. Акаев), Ресей Федерациясы (В. Путин), Тәжікстан (Э. Рахмонов) кірді.
Интеграциялық процестерге жаңа серпін беру талпынысына сәйкес 2000 ж. 10 қазанда Астанада өткен саммит барысында Кедендік одаққа қатысушы мемлекеттер басшылары Еуразиялық экономикалық қауымдастық құру туралы келісімге қол қойды. ЕурАзЭҚ келісіміне Кедендік одақ шартында айқындалған мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізу үшін тиімді сауда-экономикалық ынтымақтастықты нығайтудың тұжырымдамасы енгізілді.
2001 ж. 1 шілдеде Минскіде ЕурАзЭҚ-қа қатысушы мемлекеттер басшыларының отырысы өтіп, онда қауымдастықтың іс қимылына қатысты негізгі құжаттарға қол қойылды.
Қауымдастық алдында Мемлекет басшылары ашық сауда режимін толық көлемде рәсімдеуді аяқтау, ортақ кедендік тариф қалыптастыру, қатысушы мемлекеттер БСҰ-мен өзара қарым-қатынас жасауда келісілген ұстанымын әзірлеу, сыртқы шекарада экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету сияқты маңызды міндеттерді қойды.
2002 ж. Президент Н. Назарбаев ЕурАзЭҚ мемлекетаралық кеңесінің төрағасы ретінде мүше мемлекеттер басшыларына
“Еурозиялық экономикалық қауымдастықтағы іс жағдайы және интеграциялық ынтымақтастықты жеделдету жөніндегі ұсыныстар туралы баяндама” жатады. Онда ықпалдастық процестерді дамыту жолындағы негізгі тосқауылдар атап көрсетілді. Бұл құжат 2003 жылдың 27 сәуірінде Душанбеде мемлекет басшылары деңгейінде қаралды.
Баяндамада басым бағыттар ретінде Кедендік одақ құру, келісілген экономикалық саясат жүргізу, экономиканың нақты секторында өзара іс-қимыл таныту, бірлескен энергетикалық рынок құру, көлік одағын қалыптастыру және Еуразиялық экономикалық қауымдастықтың транзистік әлеуетін жүзеге асыру, агроөнер кәсіп секторында ынтымақтастықты құра отырып, валюталық ықпалдастықты дамыту, әлеуметтік-гуманитарлық, көші-қон саясатын жүргізу міндеттері көрсетілді. Душанбе кездесуінде 2003-2006 жылдар аралығында ЕурАзЭҚ-ты дамытудың басым бағыттарын жүзеге асыру жөніндегі шаралар айқындалды. Осы басымдықтарда Біртұтас экономикалық кеңістік құруға қажетті экономикалық интеграцияның барлық аспектілері қамтылған.
ЕурАзЭҚ мемлекет басшысының Еуразиялық одақ құру туралы идеясының жүзеге асырыла бастағанының нақты дәлелі ретінде аталған басылымдықтар қатысушы-мемлекеттердің дамуына кең жол ашып отырғанынан-ақ айқын аңғаруға болады. Қазақстан алдағы уақытта да интеграция саласындағы ынтымақтастықты одан әрі кеңейту, өзара іс-қимылдың жаңа жолдарын іздестіруде маңызды істер атқара бермек. Оған ел Президенті Н. Назарбаевтың биылғы қазақстан халқына Жолдауында сыртқы саясатты негізгі басымдықтарымыздың бірі ретінде атап көрсетіп, ЕурАзЭҚ және тағы басқа еліміз және тағы басқа шеңберіндегі жұмысты жалғастыра беретінімізді жеткізу айқын дәлел болмақ.
Осы жылы ұлы еуразияшыл Лев Николаевич Гумилевтің атындағы университете қабырғасына Ресей, Белоруссия елдерінің оқымыстылары, сондай-ақ министрліктер мен ведомствалардың өкілдері конференцияға қатысты.
Конференцияны Білім және Ғылым министрі Жақсыбек Құлекеев ашты.
“Еуразиялық одақ осы кезең ішінде өзінің өміршеңдігі мен маңыздылығын дәлелдеп, оған мүше мемлекеттердің түрлі салаларда қарым-қатынастар жасауы жақсара түсті” деді Ж. Құлекеев. Содан соң мемлекет басшысы Н. Назарбаев сөз сөйледі.
Елбасы Еуразиялық одақтың принципті төрт мәселесін айтып өтті. Біріншіден, интеграция, ең алдымен, экономикалық қажеттілікке негізделген прагматикалық сипатта ғана бола алады. Екіншіден, көп қабатты және түрлі жеделдіктегі интеграция идеясы, үшіншіден, қауіпсіздікті бір ғана елдің күш-жігерімен қамтамасыз ету мүмкін емес, өңірлік қауіпсіздік тетіктерін іздестіру қажеттігі. Төртіншіден, интеграцияның еріктілігі.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz