Жаһанданудың негізгі қасиеттері, оң және теріс әсерлері
ЖОСПАР
Кіріспе 2
Жаһандану: мәні мен бастаулары 4
1 Жаһанданудың негізгі қасиеттері, оң және теріс әсерлері 4
2 Жаһандану кезеңіндегі халықаралық қатынастар 6
Қорытынды 9
Қолданылған әдебиеттер тізімі 10
Кіріспе
Жаһандану мәселесі күрделі де жан-жақты талдауды қажет ететін құбылыс.
Оның экономикалық, саяси, әлеуметтік, мәдени, рухани астарлары бар. Қазіргі
кезде жаһандану үрдісіне деген көзқарас әртүрлі. Оны біреулер қолдаса,
екінші біреулер оған қарсы шығуда. Қалай болғанда да әлемдік экономикадағы
ғаламдық үрдіске жүктелген адамзат сенімі, бүгінде толық ақталмауда. Ұлттық
экономика мен әлемдік экономика арасындағы қайшылықтардың күшейгені
соншалықты олар, шешімі күрделі мәселелерді дүниеге әкелуде. Бұл
қайшылықтардың салқыны экономикада ғана емес, сонымен қатар, қоғамның
рухани саласында да байқалуда. Ұлттардың ғасырлар бойы жинаған рухани
құндылықтары әлемдік мәдени жаһандану алдында өзінің бет-бейнесінен
айырылудың сәл алдында қалуда. Әлемдік ақпараттық құралдар мен
технологияның, қоғам өмірінде белсенді күшке айналуы ұлттық мемлекеттер
тарапынан қарсылықтарға кез болуда.
Жаһанданудың елеулі қасиеттерінің бірі адамзат өмірінің барлық
салаларына әсер етуші ақпараттық революцияның орын алуы байқалады. Осылайша
жаһандану ғылыми-теориялық пайымдауды қажет ететін кешенді процесс болып
табылады.
Әсіресе осы тұрғыдан жаһанданудың халықаралық қарым-қатынасқа әсері
жөнінде ой-пікір зерделеу Қазақстан тәрізді жас мемлекет үшін өте маңызды.
Жаһандану процесінен бой тасалап қалу мүмкін емес кезеңде халықаралық қарым-
қатынастың қалай өрбитінін зерделеу өте өзекті мәселе екені анық. Ендеше
осы мәселе төңірегінде ой өрбітуімізге тура келетіні айдан анық.
Жаһанданудың оң тұстары да баршылық (байланыстардың өсе түсуі, ақпараттар
мен тауарлардың ағынының үдей түсуі, шетелдік инвестициялар ағыны). Ал
теріс әсерлеріне стандарттау үрдісінің кең етек алуы, ұлттық және этникалық
айырмашылықтардың біртіндеп азайа түсуі, ұлттық мемлекеттер шекараларының
мейлінше ашыла түсуі жатады. Мәселенің түп төркіні де осында. Өйткені
глобализацияның қарама-қайшылық табиғатын терең зерттей отырып оның кері
әсерлерін төмендете алып, ал оң салдарларының әсерін арттыра білу ауадай
қажет болуда.
Жаһандану тамырымен ғасырлардың немесе тарихтың тереңіне кетеді,
дегенмен жаһандану басым жағдайда – жиырмасыншы ғасыр феномені. Қоғамдық
және әлеуметтік ғылым мамандары әлі де ұзақ уақыт бойына өткен жиырмасыншы
ғасыр туралы пікірталаста болады. Алайда оның басты қорытындыларының
кардиналды түрде қайта қарастырылуы екі талай: адам құқықтары басты маңызға
ие, демократия тиранияға қарағанда күштірек, нарық командалық экономикаға
қарағанда өзінің тиімділігін дәлелдеді. Батыс тарихи түрде жасаушысы және
белсенді үгіттеушісі болып табылатын осы құндылықтар мен нұсқамалар жүйесі,
қазіргі заман әлемінде мойындалып, кең қолдау тапты және бүгінгі таңда
жаһанданудың идеялық фундаментін құрайды.
Жаһандануда шиеленістердің күшті ұшқындары болады. Бұл жерде, мысалы,
адамзат қауымдастығының саяси және әлеуметтік-экономикалық даму
деңгейіндегі “құлдыраулар”, өмір сүру қалпы, болмыстың басты мәселелеріне
қатынас туралы сөз қозғалып отыр. Жаһандану тудыратын шиеленістің маңызды
көздерінің бірі, глобализация процесіне қатысушылардың потенциалды
мүмкіндіктеріндегі айырмашылықтар. Қалыптасып келе жатқан әлем негізінде,
кез келген ру мен тап құрылымының орнығуындағы теңсіздік сияқты классикалық
фактор жатыр. Рольдердің бөлінуін белгілейтін старттық мүмкіндіктер
теңсіздігі, глобализацияланудан ұтқан мен ұтылғандар арасындағы болашаққа
жанжал ұрығын себеді. Жаһанданудың дамуындағы осал тұсының бірі –
мемлекеттік институттары, саяси құрылымдар. Жаһандану мәселесін зерттейтін
ғалымдардың барлығының дерлік мойындауынша – ең күрделі проблема адамзаттың
мәдени сан алуандылығында. Самуэль Хантингтонның келешектегі өркениеттер
қақтығысы туралы танымал тезистің көп жақтаушылары бар, алайда, әр түрлі
мәдениеттер мен өркениеттер арасындағы әрекеттестікті орнықтыру мен
түсіністікті сақтау – адамзат үшін анағұрлым тиімді жол екені күмәнсіз.
Жаһандану: мәні мен бастаулары
1 Жаһанданудың негізгі қасиеттері, оң және теріс әсерлері
Жаһандану деп Батыста көбінесе бір елдің екінші елге үстемдік етуге
бағытталған саясатын айтады. Мұндай идеологияға арқа сүйегендер қатарына
Шыңғысхан, Наполеон, Гитлер секілді саясаткерлерді жатқызамыз. Қазіргі
замандағы жаһандану сайып келгенде вестернизацияға дөп келеді, яғни
батысшылдықты бойға сіңдіруге пара-пар десек шындықтан алшақ кетпейміз.
Көптеген батыстық емес елдер өз бақытсыздығының басты кесір тигізуші
ретінде глобализацияны айыптайды.
Глобализацияның негізгі мәселелерінің бірі мұндай ашық әлем кезеңіне
әртүрлі халықтар мен мемлекеттер өздерінің әрқилы дамымағандығымен келіп
отыр. Және осы айырмашылықтар ғаламдана түскен кезеңде мүлде өсе түспек.
Бай Солтүстік пен кедейліктен көз ашпаған Оңтүстік алшақтықтары ұлғайып
барады. Әлем бұрынғысынша империалистік державалар мен оларға тәуелді
елдерден тұратыны да көзге менмұндалап тұр. Глобализация ғасырында әлем
айырмашылықтары өсіп және өзара шиеленісе түсуде. Әлемдік экономикалық
жүйеге қатыса алмайтын елдер өзара дамудан айырылып, ішкі біртұтастығын
жоғалтып перифериялық елдер санатына кіреді.
Әлемнің мұндай образы глобализация процесіне ушыға түскен
проблемалардың салдарын итере салуға мәжбүрлеуде.
2001 жылдың 11 қыркүйегіндегі АҚШ-қа террористік шабуыл терроризм
туралы кәдімгі көзқарасты мүлде өзгертті. Осы жағдай ХХІ ғасырдың басында
нағыз бұқаралық сипат алып, осының нәтижесінде адамзат бірте–бірте локальді
терроризмге көндіге бастады. Тіпті Ирландиядағы, Испаниядағы, Израильдегі
және Палестинадағы ондаған жылдарға созылған терроризм осы елдер мен
аймақтардың локальді мәселелері ретінде қаралды. Қазіргі әлем үшін басты
факті болып, жоғарыда айтылған локальді жөргектен өсіп шыққан терроризмнің
халықаралық сипаты мойындалуы табылады. Басты қажеттілік осы феноменді тез
арада түсіну болса, негізгі проблема - күнделікті өмірден терроризмді
шеттету мүмкіндігі.
Глобализация Қазақстан Республикасына біршама мүмкіндіктер беретіні де
белгілі. Мысалы, даму үшін экономикаға инвестициялар тартуға, өзіміздегі
көмірсутек шикізаттарын саудалау арқылы әлемдік экономикаға белгілі түрде
ықпал ете алуға, сыртқы саяси бағытта балансты қамтамасыз етуге,
қауіпсіздік саласында ынтымақтастықты нығайтуға, экономикамызды жаңа сатыға
көтеру барысында жаңа технологияларды белсенді түрде тартуға, өзімізден
жылдар бойы жинақталған күрделі әлеуметтік мәселелер түйінін шешуге әлемдік
қауымдастықтан көмек алуға және біздің ел азаматтары үшін қай елде тұруды
өзіміз шешуімізге, қандай БАҚ көріп оқуымыздың еркіндігіне осы глобализация
итермелейтінін айтқанымыз жөн.
Сонымен қатар дамып келе жатқан елдер қатарына кіретін біздің
Қазақстан үшін глобализацияның қойнауында қауіп-қатерлері бар екендігі де
шындық.
Бірінші. Тар шикізаттық бағытта дамуымыз бірқатар шетел мемлекеттері
үшін өте пайдалы.
Екінші. Ұлттық мәдениеттің глобализация дәуірінде мәңгүрттене түсуі,
өйткені жеткілікті түрде қызмет атқара алмай шетке ысырылып шығарылуы.
Үшінші. Глобализацияда мемлекет ролі төмендеп, халықаралық
құрылымдардың ТҰК-дың маңызы арта түседі. Біздің тәуелсіздігіміз нығая
қойған жоқ, сондықтан мемлекеттілігімізге, яғни соның ішінде ұлттық
қауіпсізідігімізге нұқсан келетіндігі тағы бар.
Төртінші. Глобализация біздің елдің азаматтық потенциалының сапасына
да қауіп төндіреді.
Бесінші. ТҰК-мен бәсекелестікке ұлттық бизнесіміздің төтеп бере
алмауы мүмкін.
Алтыншы. Сыртқы күштердің ішкі саяси жағдайға әсерінің өсуі, тіпті
сыртқы күштердің үстемдік жүргізуі ұлғаяды.
Енді, міне төл байрағымызды желбіретіп, еңсемізді көтерген XXI-шы
ғасыр тұсында қазақ халқының алдына өте күрделі әлемдік тәртіп интеграция –
глобализация процессі шықты. Бұл процестің бір құйтырқылығы оны толығымен
қолдап еніп кетсең, ұлттық мүдде, салт-сана деген құндылықтар бірте–бірте
жойылып жоқ болып кетуі де ғажап емес. Ал, енді оны мойындамай өзің өз
алдыңа бағыт алып кетуіңе де болмайды. Өйткені, қазір бір мемлекет басқа
мемлекеттермен мейлі экономикалық жағынан болсын, мейлі ақпарат алмасу
саласында болсын қоян-қолтық араласып өмір сүруі қазіргі күннің басты
талабы әрі заңдылығы. Сонымен, тәуелсіз мемлекеттер арасындағы қарым-
қатынастар соның ішінде ақпарат алмасу байланыстар аталмыш үрдістің тез
жүзеге асуына үлес қосатын бірден-бір фактор деп айта аламыз. Себебі,
әлемнің түкпір–түкпірінде болып жатқан оқиғалар жер бетіндегі
мемлекеттердің барлығына дерлік әсерін тигізеді. Мәселен: сонау Африка
құрлығындағы Ирак пен АҚШ соғысы және Палестинадағы қақтығыстарға, тіпті
Мексика жерінде болып жатқан жағдайлар, бүкіл әлем жұртшылығының назарынан
тыс қалып отырған жоқ.
Глобализация процесіне қарсы бас көтеруші антиглобалистер пайда болды.
Бұл туралы біз қысқа жұмыста сөз етуді жөн көрмедік. Бірақ мұндай
құбылыстың белең алғандығын біздер күнделікті әлем жаңалықтарынан естіп-
біліп жүрміз, сондықтан атап өтуді дұрыс деп таптық.
Сонымен глобализация барлық елдер мен халықтар үшін жалпы әрі қауіпті
процесс емес. Кейбір елдер глобализация процесіне қызығушылық таныта
қоймаса, онда оларға соншалықты әсер ете қоймасы да анық. Яғни,
глобализация процесіне табиғи түрде бейімделе алу немесе оны мейлінше
жақтырмау әлемнің көптеген елдері үшін өздерінің сыртқы және ішкі
саясаттарына тәуелді деп түйіндеуге болады.
2 Жаһандану кезеңіндегі халықаралық қатынастар
Мемлекет пен қауымдастықтардың әр түрлі даму кезеңіне тән өзіндік әр
деңгейлі қауіп-қатері болатыны сияқты, кейінгі кезеңнің де ғаламдық және
аймақтық қауіпсіздігінің өзіндік ерекшеліктері бар. Бұл тұрғыдан
мемлекеттердің тәртіп жүйесі мен өзара қарым-қатынастарының ерекшелігінен
туындайтын қауіпсіздік құрылымдары қалыптасуының тарихи аспектілерін
назарға алу артықтық етпейді.
Тарихқа көз жүгіртсек, 1945 жылы Гитлерлік Германия талқандалды.
Муссолини Римдегі Гүлдер алаңында өлім жазасына қиылды. Императорлық
Жапония толық және сөзсіз жеңілгендігі туралы актіге қол қойды. Екінші
дүниежүзілік соғыстың біржола аяқталуы жаңа геосаяси құрылым ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz