Буш бастаған консерваторлардың билiк басына келуi



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

Кiрiспе. Алғы сөз. 2
Негiзгi бөлiм. 2
АҚШ-та Дж.Буш бастаған консерваторлардың билiк басына келуi, осыған
байланысты “Таяу Шығыс” мәселесiнiң ушығуы. 2
Соғысқа дейiнгi және соғыстан кейiнгi Ирак. 6

Кiрiспе. Алғы сөз.

Ақша, билiк, манап билеп-төстеген капиталистiк заманда азаттық аңсаған
таяу Шығыстағы Ирак пен Палестина халықтарының бастан кешiрiп отырған
зардаптары АҚШ-тың әкiмшiлiгiн алаңдатса да, бүкiл әлемдiк қауымдастықты
ойландырады.
Соғыстар не үшiн болады? Бiз бiлетiндей, әрбiр соғыс жер, ақша, табиғи
шикiзаттар сияқты материалдық байлықтар үшiн болады. Әрине, соғысты әскери
жағынан мықты, өз жеңiсiне сенiмдi мемлекет ашады. Қазiргi таңдағы мұндай
мемлекет –АҚШ.
АҚШ-тың Таяу Шығыста өз саясатын жүргiзуге ұмтылуының басты себебi: өз
елiндегi экономикалық дағдарысты Таяу Шығыс халықтарына тиесiлi мұнай
арқылы шешкiсi келедi. Сонымен қатар АҚШ-тың болашақта мұнай қорларына ие
мемлекет, бүкiл әлемдi билейтiн, яғни басқа елдерге өз ықпалын жүргiзе
алатындығына көзi жетiп отыр. Сондықтан АҚШ бұл байлықтарға қол жеткiзу
үшiн бәрiне, тiптi соғыс ашуға да дайын.
Кез-келген соғыс балаларынан айырылған ананың көз жасын ақтай алады ма?
Ал әке-шешесiнен айырылған кiшкене бүлдiршiннiң шырылдап-жылағанын ше?
Сонда АҚШ пен Батыс елдерi үшiн материалдық байлық жоғарыда айтылғандардың
барлығынан жоғары болғаны ма?
Ау бастан-ақ шығыс өзiнiң руханилылығымен Батыс пен АҚШ-тан
ерекшеленетiн. АҚШ Таяу Шығыс елдерiн ислам фундаменталистерi мен
терроризмнiң ошағы деп атап, осы себептен бұл елдердегi саяси, әлеуметтiк,
экономикалық жағдайға әсер етуде.

Негiзгi бөлiм.

АҚШ-та Дж.Буш бастаған консерваторлардың билiк басына келуi, осыған
байланысты “Таяу Шығыс” мәселесiнiң ушығуы.

Қазiргi таңда АҚШ өзiнiң ашық агрессорлық саясатымен бүкiл әлемге өз
ықпалын тигiзуде. Дж.Буштың билiк басына келгенге дейiн АҚШ әкiмшiлiгi
белгiлi бiр шектеулермен шектелген жасырын түрдегi агрессорлық саясатты
ұстанған. Бұл саясаттың күрт өзгеруiне себеп болған жағдайлар:
1. АҚШ-тың агрессорлық саясатын тежеп отырған супердержава Кеңес
Үкiметiнiң құлауы.
2. Тұрақтылыққа негiзделген саясатты жүргiзушi демократ
Б.Клинтонның орнына неоконсерватор Дж.Буштың келуi.
Дж.Буш бастаған консерваторлар билiк басына келе салысымен, АҚШ-тың
сыртқы саясатында үлкен өзгерiстер белең алды. Олар сыртқы саясаттағы
шектеулердi бұзып, ашық агрессорлық саясатты алға тартты.
Дәстүрлi консерваторлар АҚШ-тың халықаралық аренада беделiн көтерiп,
әлемдегi супердержаваға айналуын көздеген болса, неоконсерваторлар әлемдi
бағындыруды, яғни оны өз бақылауының астында ұстауға ұмтылуда.
Қазiргi кезде неоконсерваторлардың ықпалы АҚШ-тың сыртқы әскери
саясатында күшейе түстi. Олар АҚШ-тың пайдасына негiзделген идеяларды
әскери интервенция күштерi арқылы, әсiресе Таяу Шығыста жүзеге асыруды
көздеп отыр.
Неоконсерваторлар 1980ж. Рейганның әкiмшiлiгiнде басты позицияларды
иелендi. Сол кездiң ең атақты неоконсерваторы Джин Киркпатрик болды.
Неоконсерватизм 1997ж. “Американың жаңа ғасыры проектiсi” негiзiнде толық
қалыптасты. Бұл топқа республикалық әкiмшiлiктiң бұрынғы қызметкерлерi
Рамсфельд, Чейни, П.Вульфовиц, сонымен қатар Дж.Буштың ағасы Джеб Буш
кiрдi.
2000 жылы қыркүйек айында жарық көрген “АҚШ-тың қорғаныс саясаты”
атты докладында бұл топ өз стратегиясын ұсынды.
Онда: “Болашақтағы әлемнiң бiрполярлық жүйесi АҚШ-тан әскери
басымдылықты талап етедi. АҚШ бүкiл әлемде жалғыз супердержава болып қалуы
керек. Басқа елдер өз қауiпсiздiк жүйелерiн АҚШ-тың мүддесi мен
принциптерiне сай құруы қажет. АҚШ өзiнiң осы саясатын жүзеге асыру үшiн
бәрiне дайын” деп жазылған. Ал Вульфовиц болса, тiптi шектен шығып: “АҚШ өз
әскери базаларын барлық континенттерге орналастыруға құқығы бар”, деп ашық
айтты.
1998 жылдың өзiнде бұл топ президент Клинтонға Иракқа қарсы әскери
әрекеттер жасау туралы ашық хат жолдады. Клинтон бұл ұсыныстан бас тартады.
Бiрақ Дж.Буш билiк басына келгенде жағдай өзгердi, осы хатқа қол қойған 18
неоконсерваторлардың 10-ы Буш әкiмшiлiгiнде басты орындарды иемдендi. Бұл,
әрине, АҚШ-тың агрессорлық саясатының басы едi. 2001 жылдың 11 қыркүйек
айында орын алған лаңкестiк әрекеттерден кейiн теория практика жүзiнде iске
асырылатын саясатқа айналды.
Супердержава АҚШ-тың арнайы топтары (спецслужбалары) бұл лаңкестiк
әрекеттердi болдырмау түгiлi, алдын ала болжай алған жоқ. АҚШ-тың
қауiпсiздiк пен қорғаныс саясатындағы кемшiлiктерi ақ қағазға қара сия
тамғандай анық көрiндi. Болған лаңкестiк әрекеттер АҚШ-тың экономикасына,
саясатына, сонымен қатар беделiне үлкен нұқсан келтiрдi. Әлемдiк
қауымдастықты “АҚШ бұл тығырықтан шыға ала ма?, Жаңа лаңкестiк әрекеттерге
төтеп бере алады ма?, Лаңкестiк әрекеттер басқа елдерде де орын алуы мүмкiн
бе?” деген орынды сұрақтар алаңдатты. Түсiп кеткен беделiн көтерiп, әлемдiк
қауымдастыққа өз күш-қуатын көрсету үшiн АҚШ Ауғанстандағы Талибан
қозғалысын басып жаныштады. Бiрақ бұған қарамастан Ауғанстандағы жағдай
бұрынғыдан көп өзгере қойған жоқ. Ауғанстандағы операцияларды әлi де толық
аяқтай алмай жатып, өзiнiң пайдасын көздеген АҚШ терроризмге қарсы
бағытталған саясатты жамылып, Иракты зұлымдықтың ошағы деп атап, оған қарсы
әскери операцияларын бастаған болатын.
Неоконсерваторлар өз стратегиялық бағдарламасы бойынша, Ирак, Иран,
Сирия, Иордания, Ливан, тiптi Сауд Аравиясын да өз бақылауында ұстауды
көздедi. Осы кезде АҚШ “Лейден доктринасы” леп аталған тәсiлдi жүзеге асыра
бастады. Бұл доктринаның мәнi неде? Әрбiр 10 жыл сайын АҚШ кiшкентай, өзiн-
өзi қорғай алмайтын мемлекеттi алып, оның күл-талқанын шығаруда. Не үшiн
дейсiз ғой? Басқа елдерге өзiнiң күш-қуатын көрсетiп, оларды үрейлендiру
үшiн. Бұл жерде доктринадағы мына пункт неоконсерваторлардың негiзгi
ұстанған позицияларын ашуға мүмкiндiк бередi. Онда: “Тұрақтылық АҚШ-тың
миссиясы болуына лайық емес, бiзге Иракта, Иранда, Сирияда, Ливанда, тiптi
Сауд Аравиясындағы тұрақтылық қажет емес. Басты мәселе- тұрақтылық керек
пе, керек емес пе деген сұрақ та емес, бұл елдердегi жағдайды қалай
тұрақтандыру керек дегенде” деп айтылған.
Иракқа басып кiруге қарсы болғандарға “палео-консерваторлар” деген
ярлык тағылды. Қазiр осындай оң қанаттағылардың арасындағы жағдай ушыға
түсуде. Негiзiнен олар өсiп бара жатқан шығындар мен проблемаларға
байланысты туындаған едi. Иракқа жұмсалуы керек қаржының мөлшерi 87 млрд.
долларды құрау керек болатын. Бiрақ проблеманың шешiлмеуiне байланысты АҚШ
бюджетiнiң шығыны 400 млрд.долларға жеттi. Соншама ақша-қаражат жұмсаудағы
көздеген мақсаты: Ирактағы саясат жүзеге асқан жағдайда өз қолына арзан
мұнай қорларын шоғырландырып алып, дағдарысқа ұшырап бара жатқан
экономикасын көтеру, сонымен қатар әлемдiк қауымдастықты мұнай арқылы өзiне
бағынышты етiп қоюда.
Батыс Европа елдерi АҚШ-тың бұл саясаттын ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ұлыбританияның сыртқы саясаты
Британдық неоконсервативтік әлеуметтік модельдің қалыптасуы мен дамуы. М. Тэтчердің консервативтік үкіметі және жүргізген реформалары
АҚШ пен КСРО
Маргарет Тэтчер
Тэтчердің сыртқы саясаты
Ұлыбританияның ішкі және сыртқы саясатын зерделеу
Маргарет Тэтчер - Билікке жету жолы
Тайвань мәселесі туралы ақпарат
Араб монархтарының басқа араб мемлекеттерімен қарым-қатынасы. АҚШ-тың араб әлеміне ықпалының даму тенденциясы
Тэтчердің ішкі саясаты
Пәндер