Халықаралық құқықта Әлемдік мұхит минералды ресурстарын игеру
Кіріспе
Жаңа мемлекеттердің қалыптасуымен және Каспий бассейні төңірегінде
жағдайдың өзгеруімен Каспий мәселесінің құқықтық сұрақтары қазіргі кезде
маңызды орындардың бірін алып отыр. Бұл Каспий мәртебесінің
анықталмағандығымен, мұнаймен байланысты жаңа мүмкіндіктердің ашылуымен,
мүдделердің өсуімен, сондай-ақ, осы аймақтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету
қажеттілігімен түсіндіріледі.
Каспий теңізінің минералды ресурстарын игерудің құқықтық мәселелері
астарында оның мәртебесін анықтау мәселесі жатыр. Дәлірек айтсақ,
мәртебесін көл немесе теңіз ретінде анықтау емес, жағалау мемлекеттің
теңіздің бай көмірсутегі ресурстарына юрисдикциясының сипатын анықтауға
саяды, яғни теңізді ұлттық секторларға бөлу немесе кондоминиум режимін
бекіту. Қазақстан Республикасының ұстанымы 19 шілде 1994 жылы алғаш рет
жарияланды. Қазақстан тарабы Каспийге теңіз мәртебесін беруді жөн деп
тапты. Бұл Каспий теңізіне қатысты 1982 жылғы теңіз құқы туралы БҰҰ
Конвенциясының қолданылуын білдіріп, автоматты түрде теңіз бен оның пайдалы
қазбаларын пайдалану бойынша көптеген мәселелерді шешер еді. Ал көл
мәртебесін беру көлдерді делимитациялау мен жағалау мемлекеттердің қызметін
реттеу тәжірибесінің жеткіліксіздігі себебінен пайда болуы мүмкін
мәселелерді шешуде қосымша ережелер қабылдауды қажет етеді, бұл жағалау
мемлекеттерге үлкен жүк артады.
Минералды ресурстарды игерудің бірден-бір мәселесі - шикізатты әлем
рыноктарына тасымалдау. Ашық теңізге қол жетпей және мұнайды әлем
рыноктарында сатпай, бұл аймақтың болашақта дамуы мүмкін емес. Қазақстанда
әлем рыноктарына жолы мүлдем жоқ деп айтуға болмайды. Магистралды жолдар
бар, бірақ олардың барлығы Ресей территориясымен өтеді. Бұл Қазақстанды
Ресейге тәуелді етеді. Қазақстанға мұнай тасымалдаудың әртүрлі бағыттағы
баламалы жолдар қажет. Сондай-ақ, ол жолдардың қауіпсіздігін қамтамасыз
ету бойынша шаралар қабылдау қажет.
Каспийді тек жағалау мемлекеттердің ғана емес, АҚШ, Қытай, Ресей, Иран
сияқты ірі мемлекеттердің стратегиялық мүдделері түйіскен жер деп жариялап
қойды. Табылған және болжанатын мұнайдың ірі қоры бұл аймақты екінші Парсы
шығанағына айналдыруы мүмкін. Каспий теңізінің тәжірибесінде мұнай кен
орындарына қатысты өз мүдделерін қорғап қалу мақсатында мемлекеттер “кез
келген әдістерді” қолданатынын да жариялаған еді. КСРО ыдырағаннан кейін
әлем картасында пайда болған жаңа мемлекеттердің экономикалары құлдыраған
еді. Ал Каспий бассейнімен байланысты ашылған жаңа мүмкіндіктер экономиканы
дағдарыстан шығарудың негізгі тірегі еді. Қазақстан үшін де Каспийдің
маңыздылығы – экономикасын демеуде, басқа саладағы инфрақұрылымды қолдауда.
Сейсмикалық зерттеулердің нәтижесінде Каспий теңізінің қазақстандық
бөлігінде қор 10 млрд. тонна мұнай мен 2 трлн. метр3 газдан тұратыны
белгілі болды. салыстыратын болсақ, егер тек Теңіз кен орнында 1 млрд.тонна
мұнай табылса, осы көлемдегі он кен орны барын айтуға болады. Мұнай қоры
бойынша Каспий теңізі Парсы шығанағынан кейін тұр, бірақ Солтүстік теңіздің
қорынан екі есе асып түседі.
Халықаралық құқықта Әлемдік мұхит минералды ресурстарын игеру
Құрлықтық шельфті құрайтын теңіз түбінің құқықтық режимі мемлекеттердің
құрлықтық шельфте қызметін реттеуде негізін құрайтын әртүрлі құжаттарда
анықталған. Теңіз түбінің құқықтық режимі ғылыми техниканың дамуымен соңғы
кезде өзекті сұрақ ретінде БҰҰ қарауына алынды. 1966 жылдан бастап БҰҰ
теңіз түбі мен оның ресурстарын жан-жақты зерделеп келеді. 1966 жылдың
наурызында БҰҰ Экономикалық және Әлеуметтік Кеңесінің сессиясында БҰҰ Бас
Хатшысына теңіз ресурстары және оларды өндіру әдістері туралы жалпы
мәліметке шолу жасау тапсырылды. БҰҰ Бас Ассамблеясының жиырма бірінші
сессиясында бұл сұрақ талқыланып, теңіз ресурстары әлем халықтарының
экономикалық дамуына септігін тигізетіні ерекше белгіленіп ғана қоймай,
табиғи ресурстар туралы білімді кеңейту қажеттігі айтылды. 1967 жылы БҰҰ
жанындағы Мальта тұрақты өкілдігі 17 тамыз 1967 жылы Бас Хатшы атына
меморандум жіберді.
Тұжырымдаманың бірі бойынша, теңіз түбі жағалау мемлекеттердің арасында
бөліну керек.
Халықаралық тәжірибені Каспий теңізін бөлуде ескеруге болады. Бірақ
Каспий теңізін бұл айтылған су бассейндерімен салыстыруға болмайтынын
айтқан да жөн. Каспий теңізі біріншіден, көлемі жағынан ірі және көл деп
атауға келмейді. Екіншіден, өзге су айдындарынан айырмашылығы – пайдалы
қазбалар қорының байлығында. Жағалау мемлекеттердің мүдделері артуынан оны
делимитациялау және мәртебесін анықтау ұзаққа созылып отыр. Үшіншіден,
байқайтын болсақ, Каспийдің жағалау мемлекеттер саны екіден көп, бұл ортақ
шешімге келу процесін күрделендіретіні анық. Оған қоса, Каспий теңізі
құқықтық тарихындағы айқынсыздықтар дауға түрткі болады және де қазіргі
геосаяси маңызын ескеру қажет.
Каспий құқықтық мәртебесін анықтау қажеттігі
Каспийдің мәртебесін анықтауға қатысты бұл аймақтағы мемлекеттердің
тәжірибесін талқыламастан бұрын су бассейндерін көл немесе теңіз ретінде
танудың халықаралық доктринасы мен тәжірибесін келтірген жөн.
Халықаралық құқықтың негізгі субъектісі - мемлекеттің өмір сүруінің
материалдық негізі болып, егемендігі мен ерекше билігі таралатын
мемлекеттік территорияға халықаралық құқықтың қатынасы - қазіргі заң
ғылымының өзекті мәселелерінің бірі. Территория кеңестігінің халықаралық
құқықтық реттелуінің маңызы зор. Ол территориялық, әсіресе мемлекеттік
территориялық мәселелердің планетаның әр түрлі континенттеріндегі халықтар
өмірінде үлкен рөл ойнайтындығымен себептеледі.
Кең мағынада мемлекеттік территорияның құрамдас бөлігіне: шекаралық,
ішкі сулар енетіндігі белгілі. Бұл сулар тек мемлекеттерді байланыстырушы
жол ғана емес, минералды және тірі ресурстардың ірі қоры ретінде де тек
саяси ғана емес, экономикалық жағынан да маңызға ие.
Шекаралық аймақтарда орналасқан су айдындарына белгілі бір мәртебені
бекіту он бесінші ғасырлардан бастау алады. Шекаралық көлдерге байланысты
алғашқы шарт 1426 жылы швейцар контоны мен милан герцогтігі арасында
соңғысына Лугано көлін беру туралы болды. Мұндай көлдердің категориясына
Ұлы көлдер, Леман мен Каспий көлі кіргізілді.
Көлдерді бөлу тәжірибесінде "халықаралық" және “шекаралық” деген
түсініктер бар.
Каспий теңізін халықаралық құқық тұрғысынан алғаш сипаттаған
ғалымдардың бірі орыс заңгері - Ф. Мартенс. Ол Каспийді белгілі бір
мемлекеттің территориясымен қоршалып ғана қоймай, халықаралық мұхитпен
байланысы жоқ тұйық теңіз ретінде таниды. Ол Персия мен Ресейдің
жағалауларын жуғанмен Ресейдікі деп танылуы керек. Бұл ойды
Л.А.Комаровский, Л.А.Ульянский де ұстанады: ашық теңізге қарама-қарсы
мұхитпен байланысы жоқ жабық теңіздер бар. Құрамы бойынша олар көл емес
теңіз. Соның бірі - Каспий теңізі.
Дегенмен, қалыптасқан ғылыми зерттеулер мен аздаған орыс-парсы
шарттардың болуына қарамастан Ұлы Қазан Кеңес Социалистік төңкерістің
жеңісіне дейін Каспий теңізінің халықаралық құқықтық мәртебесі әлі де
ресми бекітілмеген еді. Төңкерістен Ресей біржақты тәртіпте тең құқылы емес
шарттардың күшін жойып, Иранмен бейбіт және тең құқылы қатынастарды
бекітті. Бұл Каспий теңізінің халықаралық құқықтық режимінің ережелерін
бекіту сұрағында көрініс тауып, өзара тең және мүдделі негізде 28 ақпан
1921 жылы Совет-Иран шартының қол қойылуымен ресімделді. Шарттың ережелері
Каспийдің қазіргі мәртебесіне негіз қалаған нормаларды да қамтиды.
Дегенмен, мазмұнынан автордың оны теңіз не көл деп анықтағандығын ажырату
қиын. Бірақ шарттан кейінгі тәжірибені байқайтын болсақ, Капсийді тұйық
теңіз деп бағалағанын көруге болады.
Солайша, шарттардың тәжірибесін жалғастырған ғылым мен басылым жабық
теңіз мәртебесін бекіте түсті. Оның нәтижесінде Каспийде делимитациялық
сызықтар болған жоқ, 10 мильдік балық аулау аймағы бекітіліп, одан басқа
аймақтарда екі жағалау мемлекетке балық аулау және кеме қатынасының
еркіндігі жарияланды, яғни халықаралық теңіз құқының нормалары өз күшін
таратты. Ол жағалау мемлекеттердің белгілі бір қызмет тәртібін бекітетін
көптеген ережелерінің тәжірибеде енгізілмегендігінің себебі болады.
Дегенмен, жағалау мемлекеттердің және ғалымдардың тарапынан Каспийді
жабық теңіз деп табудың бірнеше себебі болды. Біріншіден, бұл тек
географиялық ғылымның Қазақстанның қазіргі жағдайы ғана емес, өткен
ғасырдың да мағлұматына сүйенген негіздемелері. К.К.Гюль сипаттағандай:
"Каспий теңізі - әлемдегі ең ірі көл. Көлем мен суларының тұздығы
себебінен, ол ерте заманнан бері теңіз деп аталып келеді". Нгуэн Нгок Мина
да ірі көлді теңіз деп қарастыру қалыптасқандығын айтады. Екішіден, бұл 30-
40-жылдары жиырмасыншы ғасырда билік еткен әскери стратегияға сәйкес бұл
айдынды тұйық теңіз деп табу ұлттық қауіпсіздіктің мүдделерінен туындады.
Мұны С.В.Молодцов та жақтап, бұл тұжырымдама Қара және Балтық теңізіне
тарағанын айтады. Үшіншіден, КСРО заң ғылымында шекаралық көлдер туралы
білімнің жетіспеушілігі, мемлекеттің тәжірибесінің аздығы да өз әсерін
тигізді. 60-жылдарға дейін халықаралық құқықтың батыс доктринасында да
шекаралық көлдердің мәселесі жеткіліксіз зерттелді. В.Ф.Мешердің ойы
бойынша Каспийге тарихи теңіз атауы бекітілсе де, географикалық жағынан ол
қалыпты шекаралық көл.
Сол кездерден-ақ А.К.Жудро Каспий мәртебесін қайта қарап, көл ретінде
тануды ұсынды. Оның ойынша бірнеше мемлекеттің территорияларымен қоршалып,
ашық теңізге жолы жоқ теңіз теңіз емес, шекаралық көл болып танылу керек.
Оның мысалы ретінде Каспий теңізі танылуы мүмкін еді. Бұл тұжырымды
В.С.Верещатин, А.А.Волкова, К.А.Бекмиева, Г.А.Глазунова, С.А.Малинина,
А.М.Муртазалиева қостайды.
Каспий тәжірибесінде 1954 жылы "Сиях-Лаврентьева комиссиясы" құрылды.
Оның жұмысының нәтижесінде 14 сәуір 1957 жылы КСРО-Иран шекарасының режимі
және шекаралық қақтығыстар мен инциденттерді реттеу тәртібі туралы шарт
жасалды. Бұл комиссия фактілі түрде Астара -Гаса-Кули шартты шекарасын
танығанмен, ол туралы ережені шартқа енгізе алмады. Бұған қатысты
Броунлиннің ескертуі әділетті: демаркация немесе шешілмеген территория
дауының болмауы себебінен шекараларды de facto тану кейбір мақсаттар үшін
егемендіктің таралуының юридикалық шегі болып танылуы мүмкін. Иран кемелері
солтүстіктегі бұл сызықтарды кесуге құқытары болған жоқ еді. Кеңес Одағы
Каспийді делимитациялаудың жақтасы болған еді. Бұл оның жабық теңіз
тұжытымдамасын қолдауын білдіретін.
Иран үкіметінің шахтық режімі кезінде делимитациялауды қажет етпеді,
яғни Астара - Гасан-Кули de facto шекарасы оны қанағаттандырған еді, бірақ
кейін билікке Аяттола Хамейни келуімен Иран делимитация туралы ұсынысты
қабылдамай қойды, оған қоса 1940 жылы сауда мен кеме қатынасы туралы шарт
нормаларының негізінде кеме мен балық аулау еркіндігі қағидаларын ұстануды
талап етті.
Каспийді делимитациялауды жақтаудың алдында айтылған себептермен қоса
(мемлекеттік территория мен егемендіктің таралу шегін анықтау, кеме
қатынасы, балық аулау, су үстіндегі әуе қатынасын реттеу), мемлекеттердің
теңізде оның қойнауы мен минералды ресурстарын игерумен байланысты қызметті
де Каспийдегі шекараны анықтауды қажет етеді. Кеңестер Одағы Каспийде мұнай
мен газ игеруді 1953 жылдары бастаған.
Кеңес заң ғылымында ұзақ ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz