Конфуцийдің еңбегіндегі тұрақтылық мәселесі



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР
КІРІСПЕ 2
1. Конфуцийдің еңбегіндегі тұрақтылық мәселесі 4
2. Конфуций және қазіргі Қытайдың модернизация процесіне бейімделуі 5
ҚОРЫТЫНДЫ 9
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 11

КІРІСПЕ

Біздің елімізде көрші Қытай халқының өміріне деген қызығушылықтың тамыры
тереңге тартып жатыр. Ежелден бері Аспан асты империясының салт – жырларын
бейнелейтін әдебиетке, қытайлардың өмір философиясының ерекшеліктеріне көп
көңіл бөлінуде. Көрші мемлекетте болып жатқан күнделікті оқиғаларға деген
зор ықылас, сөзсіз Ежелгі Қытайдың идеологиясы мен мәдениетіне деген
қызығушылыққа, Ұлы Қытай халқының өткеніне көз жүгіртер болсақ, оның бай
мәдениетіне, оның ұлы ойшылдары, саяси – философиясының негізін салушылар
Конфуций, Сао – цзы, Мао – цзының көзқарастарымен танысатын болсақ, біздің
қытай өркениетінің жасырын жақтарына терең енуімізге көмектеседі, олардың
Қытай қоғамының тарихына, психологиясына, қытай халқының ойлауы мен жүріс –
тұрыс нормаларына әсері ұзаққа созылған әрі тұрақты болған ілімдерімен
танысамыз. Бүгінгі біздің бітіру жұмысымызда қарастырылып отырған осындай
ілімнің бірі – Конфуций ілімі. Қоғамдағы жеке тұлғаның мән – маңызы Батыс
пен Шығыста біздің дәуірімізге дейін мыңдаған жылдар бұрын зерттеле
бастаған. Қытайдың рухани мәдениетінде бұндай рөлді Конфуций ілімі алды.
Конфуцийлік доктрина қытай жерінде күшті мемлекеттің құрылуына,
әлеуметті тәртіп тұрғысынан ұйымшылдықпен сақтауға үлкен септігін тигізді.
Бұл доктрина қытай өмірін қилы - қилы заманда мемлекет деңгейінде реттеді.
Қытайдағы инвестицияның көп бөлігін шетелдердегі байқуатты қандастары
құйған. Басқа жерден табыс табады да, ақшасын Қытайға алып келеді. Бұл
дәстүрлі құндылықтардың негізінде туған ілім мен сенімнің жемісі. Қытайдың
рухани дүниесінен үйренуіміз керек деудің себебі де осы. Қытай атомдық
технологияны, ғарыштық технологияны игерді, артық болмаса, ешкімнен кем
емес. Қалай болғанда да біз басқа мемлекетке барып келгенде, дипломатиялық
қатынас жасағанда таң қалу үшін емес, олардың осындай ішкі тұңғиық
сырларынан үйренуіміз керек. Отбасылық борыш мемлекеттік борышқа айналса
ғана, ұтамыз.
Қазіргі кезде көңіл аударарлық жәйт бұл Қытайдағы әлеуметтік –
экономикалық жағдай. Аз ғана салыстырмалы уақыттың ішінде мемлекет
экономикалық дағдарыстан шығып, жаңа сапалы саяси экономикалық дамуға
түсті.
1949 жылға дейін Қытайда Конфуций ілімі ресми идеология болды. 50-ші
жылдардан бастап көптеген жылдар бойы Конфуцийшілдік қатаң қадағаланып
отырды. Бірақ уақыт өте келе мемлекет өзінің дағдарысын шешуге мәжбүр
болған жағдайда Қытай қоғамы Конфуций ілімі мен олардың жалғастырушыларына
көңіл аудара бастады.
Соңғы жылдарда Конфуцийшілдік өзінің ықпалын шығыс аймақтарында
жоғалтпай, керісінше өзінің деңгейін әрдайым күшейтіп жатыр.

1. Конфуцийдің еңбегіндегі тұрақтылық мәселесі

Қытайдағы саяси және философиялық iлiм тарихында конфуцизм iлiмi
маңызды роль атқарады. Оның негiзiн қалаған б.з.д. 551-479 жылдары өмiр
сүрген ұлы Қытай ойшылы Конфуций болды. Оның көзқарастары оның шәкiрттерi
құрастырған Лунь юй (Әңгiмелер мен пiкiрлер) кiтабында жинақталған. Бұл
кiтап ғасырлар бойы Қытай халқының өмiрi мен көзқарасына, тәлiм-тәрбиесiне
едәуiр ықпал еттi. Оны балалар жатқа айтты, отбасылық және саяси iстерде
үлкендер беделге ие болды. Оның даналық туралы өсиеттерi әлi күнге дейiн
мәнiн жойған жоқ. Ол даналыққа бiз үш түрлi жолмен жетемiз, ең iзгi жол –
санамен саралау, ең оңай жол – елiктеу, ең қиын жол – тәжiрибеден тәлiм
алу дедi.

Цзюнь - цзы туралы Конфуций ілімі бүкіл Қытай жерінде бірден - бір
тұрмыстық норма есебінде қолданған қатаң тәртіп Ұлы Қытай мемлекетін құрды.

Дәстүрлi көзқарастарға сүйенген Конфуций мемлекеттiң патриархалды-
патерналистiк концепциясын дамытты. Оның айтуы бойынша, мемлекет - үлкен
жанұя. Патшаның қол астындағыларға билiгi әкенiң балаға билiгi ретiнде
көрсетiледi. Патшаның билiгi отбасындағы жасы кiшiлердiң ересектерге
бағыныштылығымен теңестiрiледi. Конфуций суреттеген әлеуметтiк-саяси
жүйедегi адамдар теңсiздiгi, қараңғы адамдар , төменгi адамдар,
құрметтi адамдар, жоғары шендi адамдар, лауазымды адамдар ретiнде
көрсетiледi.
Әлеуметтiк теңсiздiктi қалыпты жағдай ретiнде қарастырған Конфуций
аристократиялық билiк концепциясын, яғни ақсүйектер тобының билiгiн
жақтады. Билiктiң зорлықсыз тәсiлiн жақтаған Конфуций билеушiлердi өз
бағыныштыларына қайырымды болуға шақырды. Билеушi қайырымды болса, төменгi
адам да қайырымды болады. Билiктiң осы ережесiн жақтаған Конфуцийден Шөп
жел соққан жаққа қисаяды деген нақыл сөз қалған. Iшкi және сыртқы
соғыстарға қарсы болған Конфуций Қытай жерiнен алыс тұратын басқа
халықтарды бiлiмдiлiкпен және ақылмен жаулап алуды ұсынды.
Конфуций барлық нәрсе үнемi өзгерiсте болады, уақыт тоқтамайды, әрбiр
нәрсенiң басталуы мен аяқталуы болады дейдi. Адамның iсi де солай, бас-
аяғынсыз бiрде-бiр iс жоқ. Оның басталуы мен аяқталуын анық түсiнген адам
ақиқатқа жақын тұрады .
Конфуцийдiң этикалық-құқықтық және мiнез-құлық нормалары мен
принциптерi адам өмiрi мен тұрмысының барлық жағын қамтыған. Бұған дәстүр
ережелерi (ли), ата-аналар мен үлкендерге құрмет (сяо), адамдық қасиет
(жэнь), адамдар қамқорлығы (шу), билеушiге адалдық (чжун), парыз (и) және
т.б. жатады.

2. Конфуций және қазіргі Қытайдың модернизация процесіне бейімделуі

Қазіргі зерттеулер конфуцийлік қондырғының қазіргі Қытайдың экономикалық
стратегиясының дамуына мәнді әсерін жиі тіркейді. Қондырғы мен
принциптердің бұндай түрі елдің өндірістік күшінің құрылуына, оның сыртқы
әлеммен байланысына, урбандалу процесіне және тағыда басқа көптеген
нәрселерге әсері өте күшті. Елдің басшылығының саяси қарулануына
конфуцийшілдіктің негізгі принциптері алынған. Олардың біріншісі – Қытайдың
реттік және стабилді дамуынан көрінетін жеке күшке сүйеніш принципі. Бұл
жерден – тұтыну нарығының барлық секторынан бақыланатын, ұлттық
өндірушілердің шексіз біріншілігі көрінеді; екіншісі – қарама – қарсылықсыз
бірліктің сиымдылығы. Сыйғызу принципінің түрлері болып „жіберу - қысу”
немесе „жандандыру – тәртіптеу” басқару алгоритмі болып табылады. Қазіргі
Қытай үшін „қарама - қайшылықты” шеттен бақылау сияқты қарапайым өлшем
пакеттерін енгізу болып табылады, бірақ істе олар біраз анықталған; келесі
принцип – „ортаншылық”. Шаруашылық менталитетте және саясатта „ортаншылық”
принциптік мінезі бірнеше аспектіде туындайды. Техникалық – экономикалық
курс және шетел инвестициасын игеру практикасы қызыл жіп арқылы, мысалы,
елдің орта шаруалық жағдайы технологиясына сәйкес алынған идея, орта кіріс,
тұрғындардың шеңберде орта классты құру курсы алынған болатын. „Ортаншылық”
сонымен бірге аймақтық астаналарға бағыну қатынасына негізделген,
шаруашылықты басқарудың біртұтас орталығын көрсетеді.
Бұл адамдар арасында бөліну әрі жоғары сатыға көтерілу жолында ценз
(тыйым) салынды. Төменгі сатыдағыларға білімнің, әдет - ғүрыптың қажеті жоқ
деген тәртіп орнату немесе жоғары сатыдағылардың денесіне таяқпен ұру
жазасы қолданбауы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Конфуцишілдіктің Кореяның басқару жүйесіне ықпалы
Конфуций философиясындағы цзюнь-цзы қайырымды адам ілімі
Мемлекет туралы мәлімет
Конфуцийдің пікірінше, адамгершілік туа біткен қасиет
Педагогика тарихы курсының мазмұны
Конфуцийдің саяси жəне құқықтық ілімдер
Қытай халқы мәдениеті
САЯСИ ОЙЛАРДЫҢ ҚЫТАЙ ҚОҒАМЫНА ЫҚПАЛЫ
Қытай Халық Республикасы
Діни наным-сенімдердің бастауы
Пәндер