Қазақстан-Германия қарым-қатынастары


ЖОСПАР
Кіріспе1
Қазақстан-Германия қарым-қатынастары3
Қорытынды13
Қолданылған әдебиеттер тізімі14
Кіріспе
Германия, Германия Федеративтік Республикасы - Орталық Еуропада орналасқан мемлекет. Кейбір түркі тілдерінде Алмания болып та аталады. Жер аум. 356, 96 мың км 2 . Халқы 81, 7 млн. Астанасы 1991 жылдан Берлин қ. (3, 46 млн. ) . Халқының 94%-і немістер (1998) . Ресми тілі - неміс тілі. Халқының көпшілігі христиан дінінің протестант және католик тармағын ұстанады. Германия 16 аймақтан (жерден) құралған федеративті республика. Әр аймақтың өз конституциясы, парламенті және үкіметі бар. Федеральдік президент арнайы шақырылған, бундестаг және ландтагтар (әр аймақтың парламенттері) мүшелерінің бірдей санынан құралған федеральдік жиналыста 5 жыл мерзімге сайланып отырады. Президент мемлекет басшысы ретінде халықаралық жиындарға қатысады, шет елдермен келісімшарттарға қол қояды, елшілерді, федеральдік соттарды тағайындайды, т. б. Елдегі атқарушы билікті федеральдік канцлер жүргізеді. Жоғ. заң шығарушы органы - қос палаталы (бундестаг және бундесрат) парламент. Бундесрат аймақ өкілдерінен құралған. Ақшасы - неміс маркасы. Ұлттық мерекесі - Герман бірлігі күні (3 қазан, 1990 ж., Германия Демократиялық Республикасының Германия Федеративтік Республикасына қосылған күні) . Федеральдік Конституциясы 1949 ж. қабылданған. Ірі қалалары Бонн (297 мың адам), Гамбург (1, 6 млн. ), Мюнхен (1, 2 млн. ), Кельн (1 млн-ға жуық), т. б.
Өзінің экономикалық қуаты жөнінен ГФР тек АҚШ пен Жапонияға (2000 жылы герман ІЖӨ-сінің көлемі 3976 млрд. маркаға жетті, бұл шамамен 1875 млрд. долларға сай келеді), сыртқы сауда көлемі бойынша тек Құрама Штаттарға ғана жол береді. Бұл ретте елдің ІЖӨ-сі халықтың жан басына шаққанда әлемдегі ең жоғары көрсеткіштерінің бірін құрайды: 46, 8 мың марка (22 мың доллардан астам) .
Германия "үлкен сегіздік" құрамына кіреді. Ал Еуропа Одағында Франциямен қатар құрлықта ықпалдасу процесінің негізгі қозғаушысы болып табылады.
1990 жылдардың басынан бастап Герман басшылығы Қазақстанмен және бұрынғы КСРО-ның басқа мемлекеттерімен олардың егемендігін және тәуелсіздігін қамтамасыз ету мақсатында екі жақты байланыстарды дамытуды қолдады. ГФР Қазақстанды Орталық Азиядағы маңызды серіктес деп есептейді.
Қазақстан-Германия қарым-қатынастары
КСРО-ның тарауымен, Германияның бірігуімен, Шығыспен Батыс арасындағы әскери-саяси текетірестің тоқталуымен Еуразия құрылығындағы жағдай түбегейлі өзгерді. Еуропадағы стратегиялық тепе-теңдік ендігі жерде НАТО-Варшава шарты ұйымы тепе-теңдігіне негізделмейді. Бірақ, Еуропа блоктық қағидатпен болмаса да экономикалық даму деңгейі бойынша әлі де мемлекеттердің екі тобына бөлінген күйі қалып отыр. Бұл Еуропа Одағына мүше мемлекеттер, олардың бір бөлігі НАТО-ға және Батыс Еуропа одағына (БЕО) кіреді және таяу уақытта қауымдасу туралы Еуропалық келісім және НАТО-ның "Бейбітшілік жолындағы әріптестік" бағдарламасы арқылы Еуропалық құрылымдарға кіруге ұмтылып отырған қалған мемлекеттер.
Транзиттік мемлекеттердің, оның ішінде Қазақстанның да Батыс Еуропа елдерімен байланыстары үшін еуропалық елдер арасында жасалған саяси шарттар белгілі бір қиындық туғызады. Бұл құжаттар көбінесе мәлімдемелік сипатта болғанымен, олар еуропалық қоғамдастықпен белсенді байланыс жасауға үміткер кез келген елдің орындауы үшін міндетті нормаларды қамтиды. Өтпелі экономикасы бар мемлекеттерге, саяси сипаттағы алдын ала шарттарды қоса алғанда, қойылатын көтеріңкі талаптар ТМД мен Еуропа елдері арасындағы толыққанды сұхбатқа жәрдемін тигізбеді.
Бір жағынан, жаңа тәуелсіз мемлекеттер құрылғаннан кейін олардың тең құқылы сұхбатқа қабілетсіздігі көрінді. Еуропа елдерінің рыноктары жолдың бастапқы кезінде ойлағандай соншалықты ашық болмай шықты. Соған қарамастан, кейінгі жылдары бірте-бірте өзара байланыстардың жандануы байқалады. Бастамашылықты ГФР жасады.
Германияның Еуропаның қуатты экономикалық державасына айналуы оның Орталық және Шығыс Еуропа мемлекеттерімен, ТМД елдерімен өзара қатынастарын толық қайта қарауды көздейтін жаңа сыртқы саяси тұжырымдаманы қалыптастыру туралы мәселені күн тәртібіне қоюына байланысты Еуропа елдерінің ішінде Германия бірінші болып жаңа геосаяси ақиқатты бара-бар қабылдады және өзінің халықаралық саясатына тиісінше түзетулер енгізді.
Германия көбіне жалпы еурпалық сыртқы саясатты қалыптастыратын және жүзеге асыратын нақты көшбасшы. Неміс дипломаттары ГФР-дің сыртқы саясаты, оның ішінде Орталық Азия бағытында да аймақта қауіпсіздікке қол жеткізуге бағытталған, басқаша айтқанда ГФР саясаты Германия жетекші орындарға үміт артатын Еуропа одағының стратегиясына табиғи үйлеседі, жалпы еуропалық саясат аясында жүзеге асырылатынын атап айтады.
Өзінің экономикалық қуаты жөнінен ГФР тек АҚШ пен Жапонияға (2000 жылы герман ІЖӨ-сінің көлемі 3976 млрд. маркаға жетті, бұл шамамен 1875 млрд. долларға сай келеді), сыртқы сауда көлемі бойынша тек Құрама Штаттарға ғана жол береді. Бұл ретте елдің ІЖӨ-сі халықтың жан басына шаққанда әлемдегі ең жоғары көрсеткіштерінің бірін құрайды 46, 8 мың марка (22 мың доллардан астам) .
Германия "үлкен сегіздік" құрамына кіреді. Ал Еуропа Одағында Франциямен қатар құрлықта ықпалдасу процесінің негізгі қозғаушысы болып табылады.
1990 жылдардың басынан бастап Герман басшылығы Қазақстанмен және бұрынғы КСРО-ның басқа мемлекеттерімен олардың егемендігін және тәуелсіздігін қамтамасыз ету мақсатында екі жақты байланыстарды дамытуды қолдады. ГФР Қазақстанды Орталық Азиядағы маңызды серіктес деп есептейді. Неміс дипломатиясының Қазақстан жөніндегі мақсаты мейлінше анық көрінеді. Саяси салада бұл Астанамен тұрақты сұхбат арқылы Орталық Азия аймағына мейлінше терең тартылу. Экономика саласында Германияның Қазақстан рыногына жаппай қатысуы.
Екі ел арасындағы ұзақ мерзімді ынтымақтастықтың негізі 1992 жылғы қыркүйекте Президент Н. Назарбаевтың ГФР-ға алғашқы сапары барысында қаланды, сонда өзара қарым-қатынастардың негіздері туралы бірлескен мәлімдемеге қол қойылды. Осы кезден бастап жоғары деңгейдегі саяси байланыстар тұрақты сипат алды: 1995 жылғы сәуірде біздің елімізге Германияның Федералдық Президенті Р. Херцог, 1996 жылғы мамырда Вице-канцлер, Сыртқы істер министрі К. Кинкель келді. Өз кезегінде Қазақстанның сыртқы саяси ведомствосының басшысы (1996 жылғы қазан), басқа да министрліктер мен ведомстволардың басшылары ГФР-ға барып қайтты.
1997 жылғы қарашада Н. Назарбаевтың ГФР-ға ресми сапары болды, оның барысында өзара тиімді ынтымақтастықты, бірінші кезекте экономика саласында тереңдетуге бағытталған маңызды халықаралық келісімдер топтамасына қол қойылды. Берлиннің екіжақты байланыстарды жандандыруға ұдайы ұмтылысының белгісі біздің елімізге 2001 жылдың көктемінде Вице-канцлер, Сыртқы істер министрі Й. Фишердің келуі.
Екі жақты қатынастардың маңызды факторы бұл Қазақстандағы неміс диаспорасы. Герман ішкі істер министрлігінің деректері бойынша 1992-1999 жылдары Қазақстан Республикасынан Германияға 700 мыңнан астам адам көшкен. Сондықтан Федералдық Үкімет саяси тұрғыдан Германия шекарасы отандастар үшін ашық деп мәлімдеуге мәжбүр болғанымен қазақстандық немістердің қазіргі тұрып жатқан жерлерінде қалуына аз мүдделі емес. Берлин олардың әлеуметтік-экономикалық және мәдени жағдайларын жақсарту жөнінде қаржылай көмекті қоса алғанда, барлық мүмкін жәрдемді жасауға әзірлігін мәлімдеді.
Қазақстан да сырт қалып отырған жоқ. Қазақстан Республикасының ұлты неміс азаматтарын қолдау жөніндегі ынтымақтастық туралы, мәдени ынтымақтастық туралы үкіметаралық келісімдерге қол қойылып, Қазақстанда тұратын немістер мәселелері бойынша үкіметаралық комиссия құрылған. Қазақстан Республикасының Үкіметі "Қазақстан Республикасында тұратын немістердің этникалық қайта өрлеуі кешенді бағдарламасы туралы" қаулы қабылдады. Қазақстан немістерінің екі съезі өтті. Қазіргі кезде Германияда айтып кеткеніміздей 700 мың Қазақстаннан шыққан неміс тұрып жатса, 300 мыңы Қазақстанда қалды. Бұл жалпы алғанда біздің елдеріміз арасындағы желіні байланыстыруға тікелей немесе жанама қызмет ететін 1 млн. адам деген сөз.
ГФР мен Қазақстан арасында экономикалық ынтымақтастықты кеңейту үшін зор әлеует бар. Бұл бір жағынан Германия және Қазақстан экономикалық жүйелерінің бірін-бірі құрылымдық толықтыра алатындығымен түсіндіріледі. ГФР Қазақстанмен сауда-экономикалық қатынастары жеткілікті тұрақты дамыған бірден-бір еуропалық мемлекет болып отыр. 2000 жылы екі ел арасындағы сауда айналымы екі жақты қатынастардың бүкіл тарихы ішінде рекордты деңгейге 2, 7 млрд. маркаға жетті (Ресейден кейінгі екінші орын) . Біздің экономикамызға герман капиталын салудың көлемі тікелей инвестицияларды, кредит желісін, қаржылық және техникалық ынтымақтастықты қоса алғанда, 2000 жылдың соңына 1, 8 млрд, марканы құрады. Қазақстанға неміс көмегінің жалпы көлемі 190 млн. Маркаға жетті, оның 133 млн. маркасы қаржылай көмек бағдарламасына және 56 млн. техникалық көмекке жатады.
Сонымен бірге, тартылған инвестициялардың көлемі неміс компанияларының инвестициялық әлеуетімен салыстырғанда соншалықты қомақты емес небәрі 250 млн. марка ғана. Қазақстан экономикасына герман инвестициясының басым бөлігі ГФР Үкіметі сақтандырған қаражатпен берілген. Қазақстанда 60-қа жуық неміс фирмасы мен банкісі жұмыс істейді. Олардың ішінде "Мерседес Бенц", "Сименс", Дойчебанк, Дрезденбанк, Коммерцбанк бар, 163 кәсіпорын тіркелген (бұл көрсеткіш бойынша Германия тек Қытай мен Түркияға жол береді), олар негізінен экономиканың мұнай мен газ, минерал шикізат кешені, көлік пен коммуникация, құрылыс, қаржы мен полиграфия сияқты секторларында жұмыс істейді.
Екі ел арасында шаруашылық байланыстар соңғы уақытта күрделі кезеңді бастан кешіруде. Герман капиталы белсенділігінің төмендеуін неміс мамандары ГФР Үкіметі "Гермес" желісі бойынша кредит қаражаты жөнінде енгізген елеулі шектеулермен түсіндіреді. Бұл кредит желісінің мақсатты нысанасы Герман экспортер кәсіпорындарына қолдау көрсету болып табылады. Бірақ, мұндай қарыз алу алдын ала міндетті түрде 15 пайызын төлеу, үкіметтік және банкілік кепілдіктер беру қажеттігі, бірқатар тұтас бюрократиялық рәсімдерді орындаумен байланысты. Көрсетілген себептер Қазақстан өзіне Германияның федералды үкіметі белгілеген кредит ресурстарының көлемін игере алмауға әкеліп соқтырды. Нәтижесінде, егер 1994 жылы Қазақстанға осы кредиттер бойынша берілген квота 400 млн. марканы құраса, 1996 жылы тек 100 млн. марка болды.
Сауда-экономикалық ынтымақтастық қарқынын тежеп отырған себептердің қатарына неміс сарапшылары қол қойған кредиттік келісімдер бойынша қарыздарды өтеу проблемаларын, Қазақстан-Герман кооперациялық кеңесі қызметінің тиімсіздігін, оңтайлы көлік коммуникацияларының жоқтығын да жатқызады.
ГФР-дің Қазақстанға өскелең назар аударуының негізінде тек экономикалық ғана емес, саяси мүдделер де бар екендігін айта кету керек.
Біріншіден, герман үкіметі ЕҚЫҰ шеңберінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі саясаттың ойдағыдай жүруіне мүдделі (Ислам фундаментализмінің Ауғанстаннан Тәжікстан арқылы Батысқа Кавказға, Волга бойына дейін, сондай-ақ Шығысқа ҚХР-дың Солтүстік Батысына дейін таралуына, есірткілер мен қару-жарақтың Орталық Азия елдері арқылы Ресейге және одан әрі Еуропаға заңсыз тасымалдануына қарсы тұру) . Германияда Каспий аймағында еуропалық қауіпсіздік тұтқаларын нығайту келешекте Еуропа Одағының саясатында негізгі багыттардың бірі болуы мүмкін деп орынды есептейді.
Екіншіден, ГФР-дің Орталық Азия аймағын Еуропаны Ислам әлемінің тұрақсыз аймақтарынан бөліп тұрған өзіндік "тұрақтылық белдеуі" аймағына айналдыру ниеті. Бұл Герман сыртқы саясатында геостратегиялық ойлаудың басым түсіп жатқаны туралы айтады. Осы көрсетілген шарттарда Орталық Азия аймағында зайырлы да демократиялық мемлекеттерді қолдау Германия үшін бірінші дәрежелі маңызды міндет болып табылады.
Үшіншіден, Германияда Каспий аймағында оны әлемнің жетекші державаларының саяси және экономикалық мүдделерінің текетіресу аймағына айналдыратын "үлкен ойын" айла шарғысының шиеленісуіне алаңдаушылық бар.
Герман саясатының Орталық Азиядағы мақсаттары былай тұжырымдалады: аймақ елдеріне құрылымдық экономикалық реформалар жүргізуге қолдау көрсету, Орталық Азия елдерін "стратегиялық одақтастардың" ықпалынан қорғау, оларды ЕҚЫҰ арқылы Еуропалық құндылықтарға, Энергетика хартиясына, ЕО мен НАТО-ның түрлі бағдарламаларына бағыттау қажет деп есептейді. Сондықтан да, Қазақстан жөніндегі герман саясаты оны көне құрлықтың қаржылық және саяси тұтқаларын нығайтуға негізделген жалпы еуропалық процесс арнасына бірте-бірте тартуға, қоғамдық тұтқаларды демократияландыруда ЕҚЫҰ-ның рөлін күшейтуге, сондай-ақ экономикалық және экологиялық проблемаларды тиісінше шешуге ұмтылуға құрылған.
Қазақстанға келсек оның ГФР-ға қатысты саясаты мынадай жағдаяттарды ескереді:
Біріншіден, ішкі саяси тұрақтылықты сақтау және Қазақстан қоғамын одан әрі топтастыру, бұл ГФР мүдделеріне сай келеді әрі екі ел арасындағы ынтымақтастықты кеңейтудің маңызды алғышарты болып табылады.
Екіншіден, ГФР тарабынан Қазақстан Үкіметінің нарықтық экономикалық жағдайында тұрақты экономикалық өсуді қамтамасыз етуге бағытталған саясатын қолдауы. Бұл Қазақстан мен Германия арасындағы ұзақ мерзімді ынтымақтастықтың маңызды факторы болып табылады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz