Ақпарат және ақпараттық технологиялар
1.1 Ақпарат және информатика
1.2 Ақпарат түрлері
1.3 Ақпараттық процестер
1.2 Ақпарат түрлері
1.3 Ақпараттық процестер
Пән: Информатика, Программалау, Мәліметтер қоры
Жұмыс түрі: Материал
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 18 бет
Таңдаулыға:
Жұмыс түрі: Материал
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 18 бет
Таңдаулыға:
№1 дәріс. АҚПАРАТ ЖӘНЕ АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР
1.1 Ақпарат және информатика
1.2 Ақпарат түрлері
1.3 Ақпараттық процестер
1.1 Ақпарат және информатика
"Ақпарат" сөзі латын тіліне аударғанда түсіндіру, баяндау, түсінік
деген ұғымды береді. Ақпарат -адамнан да ерте тұған құбылыс.Адам өзінің
алғашқы қадамынан бастап–ақ ақпатартты беру мен сақтаудың жаңа құралдарын
іздейді және табады. Қазіргі кезде ақпарат адам өміріне, ғылымның әртүрлі
салаларына кеңінен енді. Әсіресе ақпарат философия, экономика, физика,
математика, информатика және т.б. ғылым салаларында кеңінен қолданылуда.
Бірақ ақпарат ұғымы әр ғылым саласында әр түрлі мағынада қолданылып жүр.
Жалпы тұрғыдан алғанда, ақпарат әр түрлі заттар мен қоршаған ортаның әсері
болып табылады. Яғни ол қандай түрде берілсе де, ақпарат өзімізді қоршаған
ортамыздың нақтылы немесе қиялдағы бейнесі болып табылады. Ақпарат адамның
өзінің басында алынған мәліметтердің өңделуі нәтижесінде тууы мүмкін.
Ақпарат тек сыртқы әсерлерден ғана алынып қоймай, адам миы қабылдаған
деректерін өңдеуден де алынадыСондықтан да ақпарат ұғымына бір мәнді
анықтама беруге болмайды. Бірақта күнделікті өмірден алынатынына және
пайдаланылатындығына сүйене отырып, мынандай жуық анықтама беруге болады:
Ақпарат алу дегеніміз - бізді қоршаған дүниенің құбылыстары мен
объектілерінің қасиеттері, құрылымы немесе олардың бір-біріне қатысуы
жөнінде нақты мәліметтер мен деректер алу.
Ақпарат - белгілі бір нәрсе (адам, жануар, зат, құбылыс және т.б.)
туралы таңбалар мен сигналдар түрінде берілетін мәліметтер тобы.
Философиялық түсінік бойынша ақпарат дегеніміз нақты әлемді (өмірді ,
қоршаған ортаны) мәліметтер және хабарламалардың көмегімен көрсету.
Бұл хабарламалар тіл(сөзбен айту),бейнелеу, цифрлық мәліметтер,
таблицалар,графиктер,т.б. түрінде болады.
Ақпарат материя және энергиялармен қатар бізді қоршаған ортаның
фундаментальды негізі болып табылады.
Бүкіл қоғамды ақпараттандыруға ынталандырған есептеуіш
техникасының дамуына байланысты ақпаратпен жұмыс атқарудын әртүрлі
аспектілері туралы ғылымдар комплексі – информатика пайда болды.
Информатика- ақпаратты алудың, сақтаудың, жаңартудың, тарату мен
пайдаланудың барлық аспектілерін зерттейтін ғылым.
Информатика ақпаратты сақтау мен өзгертуге бағдарланған арнайы
компьютерлер шыққанда , яғни біздің ғасырымыздың ортасында пайда
болды,бұл құбылыспен бірге компьютерлік революция басталы.
Информатика әрекеттің сегіз негізгі бағыттарын қамтитын ғылыми-
техникалық пәндердің комплексінен тұрады.
1 сурет- Информатиканың бағыттары
Информатиканың негізгі мәселелері :
-кез-келген табиғаттағы ақпараттық процестерді зерттеу;
-ақпараттық техниканы жасау және ақпараттық процестерді зерттеу
нәтижелерінің базасында ақпараттарды өңдеудің жаңаша технологиясын
жасау;
-компьютерлік техника мен технологияны жасау мен ендіру және
қоғамдық өмірдің барлық саласында тиәмді пайдаланудың ғылыми және
инженерлік проблемаларын шешу.
1.2 АҚПАРАТ ТҮРЛЕРІ
Ақпараттың мынадай түрлерін немесе типтерін бөліп көрсетуге болады:
Біріншіден, ақпаратты қабылдау тәсілі бойынша.
Адамзатта бес сезім мүшесі бар:
· көз; көз көмегімен адамдар түстерді ажырата алады, мәтіндік, сандық және
графиктік түрге жататын ақпараттарды қабылдай алады;
· есту; құлақ арқылы дыбыстық ақпарат – сөзді, әуенді, дыбыстық
сигналдарды, шуды қабылдай алады;
· иіс сезу; адамдар танау көмегімен қоршаған ортадағы иістерді сезе
алады;
· дәм сезу; тілдің дәм сезу рецепторлары заттардың дәмі - ащы, қышқыл,
тәтті, тұзды екендігі жайлы ақпарат алу мүмкіндігін береді;
· саусақпен (немесе жай терімен) сипау арқылы заттың температурасы - оның
ыстық немесе суық, сапасы жағынан жұмсақ немесе бүдір екендігін сезіне
алады.
Адам сыртқы орта жайлы ақпараттарды өзінің сезім мүшелері арқылы алады.
Практика жүзінде адам ақпараттың 90%-ын көзбен (визуалды), шамамен 9%-дайын
құлақпен (аудиальный) және тек 1% шамасын басқа сезім мүшелері (иіс сезу,
дәм сезу, ) арқылы қабылдайды.
Осы сезім мүшелері арқылы ақпарат миға барып түсетін болғандықтан, сезім
мүшелері талдаушы анализатор деп аталады.
Компьютер адамға мәтіндік, сандық, графикалық ақпараттарды сақтау
және өңдеу мүмкіндігін береді.
Екіншіден, ақпараттың берілу түрі бойынша.
Біз тек техникалық құрылғылар (жекелікте, компьютер) "түсінетін"
ақпараттарды қарастырайық.
Мәтіндік ақпарат, мысалы, кітаптағы мәтін, дәптердегі шығарма,
спектакльдегі актер репликасы, радио арқылы берілген ауа райы. Ауызша
қарым-қатынаста (жеке дидарласу, телефон арқылы сөйлесу, спектакльдің
радио арқылы берілуі) ақпарат тек сөз түрінде, яғни мәтіндік түрде
берілетінін байқаймыз.
Сандық ақпарат, мысалы, көбейту кестесі, арифметикалық мысал,
хоккей матчының есебі, поездің келу уақыты және т.б. Дәл сандық ақпарат
сирек кездеседі. Көбінесе ақпараттың ұсынылуы аралас түрде қолданылады.
Графикалық ақпарат: суреттер, схемалар, сызбалар, фотобейнелер.
Ақпараттың мұндай түрде берілуі ыңғайлы, себебі қажетті образды бірден
жібереді, ал сандық немесе сөз арқылы берілген ақпараттан кейін оның образы
ойлау арқылы жасалады. Сонымен бірге ақпараттың графикалық түрде
берілуі берілген ақпарат туралы толық түсінік бере алмайды. Сондықтан
ақпараттың мәтіндік, сандық және графикалық түрде бірігіп берілуі тиімді.
Мысалы, геометриядағы есепті шешу барысында біз сызбаны
(графика)+түсіндірме мәтінді (мәтін)+сандық есептеулерді (сан) қолданамыз.
Музыкалық (дыбыстық) ақпарат.
Қазіргі уақытта есептеу техникасында ақпараттың (көпорталы, аралас)
мультимедиалық түрде берілуі негізгі болып табылады. Бұл жүйеде түрлі-
түсті графика дыбыспен, мәтінмен, қозғалмалы видеобейнелермен және үш
өлшемді бейнемен бірігеді.
Үшіншіден, ақпараттың қоғамдағы мәні бойынша.
Ақпараттың түрлері:
· Жеке - бұл нақты адамның білімі, тәжірибесі, интуициясы, білу,
эмоциясы болуы мүмкін ;
· Қоғамдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-жариялық, яғни біз ақпараттарды жалпы
ақпарат құрамынан аламыз. Сонымен қатар, бұл бүкіл адамзаттың
тәжірибесі, тарихтық, мәдени және ұлттық салт-дәстүрлері және тағы
басқалары;
· Күнделікті - біз қарым-қатынас барысында бір-бірімізбен алмастырылатын
ақпараттар;
· Эстетикалық - бұл көркем өнер, музыка, театр және сол сияқтылар;
· Арнайы - ғылыми, өндірістік, техникалық, басқарушы.
Ақпараттың жіктелуі
Қабылдау Берілу түрі бойынша Қоғамдағы мәні бойынша
бойынша
Визуалды Мәтіндік Жалпы:
Аудиалды Сандық күнделікті;
Иіс сезу; Графикалық қоғамдығ – саяси;
Сипап сезу Музыкалық эстетикалық
Дәм сезу Аралас Арнайы:
ғылыми;
қндірістік;
техникалық;
басқарушы
Жеке:
білім;
білу;
интуиция
2 сурет - Ақпараттың жіктелуі
1.3 Ақпараттық процестер
Біріншіден, адам ақпараттарды caқтaй алады. Біз кітап, газет,
журналдар оқығанда, өзіміздің миымызға мәлімет жинаймыз. Демек, адам миы
ақпараттарды тек қабылдап ғана қоймай, оны сақтай да алады. Адам миына әсер
ететін ақпарат көлемі өте үлкен, сондықтан оларды дәлме-дәл сақтау мүмкін
емес, яғни қабылданған ақпаратты біреуге қайта айтқаныңызда, ол дәлме-дәл
болмайды. Сондықтан да ақпараттарды сақтап тұру үшін сыртқы ақпарат
сақтаушылар пайдаланылады. Олардың қатарына қағаз, папирус, пергамент,
фотопленка, таспалар, дискілер және т.б. енеді.
Екіншіден, адам ақпараттарды қайта тарата алады.
Адам өз миында сақталған ақпараттарды біреуге айтып бере алады.
Әңгіме кезінде бір адам айтушы (ақпарат жолдаушы), ал екінші адам
тыңдаушы (ақпарат қабылдаушы) болады. Кітап оқыған кезде сіз қабылдаушы
боласыз да, aл автор жолдаушы болып табылады. Ал, оқыған кітабыңыздың
мазмұнын біреуге айтсаңыз, сіз ақпарат жолдаушы боласыз да, ал екінші адам
қабылдаушы болады.
Ақпарат алмасу - екі жақты процесс, ол үшін жолдаушы және қабылдаушы
болуы керек. Хабар беруге пайдаланылатын құралды ақпарат беру арнасы деп
атайды. Оған теледидар, радио, компьютерлік желі, басылған құжаттар және
т.б. жатады.
Үшіншіден, адам ақпараттарды өңдей алады.
Ақпараттарды өңдеу деп бір ақпарат негізінде жаңа ақпарат алуды айтады.
Ақпараттар өнделгенде, оның берілу түрі, алу жолдары өзгереді, бірақ оның
мағынасы өзгермейді.
Ақпараттарды өңдеу үздіксіз процесс, тіпті сіз ұйықтап жатқанда да
ақпараттарды өңдеу процесі жалғаса береді.
Алынған деректерді өңдей отырып, математикалық есептерді шеше отырып,
адам бұрын өзінде болмаған жаңа ақпарат ала алады.
Адам өзі қоршаған ортадан ақпарат қабылдайды, оларды реттейді,
салыстырады, талдайды, соның нәтижесінде жаңа ақпарат құра алады.
Сонымен, адам ақпараттарды сақтай алады, өңдейді және тарата алады. Бүл
жағдайда адам қандай да бір амалдар орындайды, оны ақпараттық процесс
дейді. Ақпараттық процесті әр түрлі құрылғыларды пайдалана отырып, өзі
ұйымдастыра алады. Ол құрылғылар қатарына: қағаз, магниттік таспа, дискі,
калькулятор, компьютер және тағы басқалар жатады.
Ақпараттар жинақталады, беріледі, сақталады және өңделеді.
Ақпараттар арқылы орындалатын әрекеттер ақпараттық процестер деп аталады.
Адам қабылдайтын ақпараттар таңба және образды түрде болуы мүмкін.
Образды ақпарат деп дәм, иіс, сезім сияқты табиғи ақпарат көздерінен
алынатын ақпараттарды айтады.
Таңба түріндегі ақпараттарға сөз, жазу және тағы басқа ақпараттар
жатады.
Жазба мәтін әртүрлі белгілерден (а, в, ".", "-" ...) тұрады. Сөздер
дыбыстық белгілерден - фонемалардан тұрады. Фонемадан сөз және сөйлемдер
құрастырылады. Сөз және жазу бір-біріне ұқсайды. Олар әріптердің сөз
буындарының комбинацияларынан құрастырылады.
Таңба түрінде қатысуды қатынасу mілі дейді. Қатынасу тілдері табиғи
және жасанды болып бөлінеді.
Табиғи тілге кәдімгі ұлттардың жазба және сөйлесу тілдері жатады. Мысал
ретінде, қазақ, орыс, ағылшын және де басқа тілдерді атауға болады.
Жасанды тілдерге формальды, математика, физика, музыка, компьютер
тілдері жатады.
Әр тілдің өзіне сәйкес алфавиттері, сөз құрастыратын белгілері
(символдары) болады. Мысалы, қазақ тілінің 42 символы, орыс тілінің 33
символы, ағылшын тілінің 28 символы бар, ал морзе тілі екі-ақ белгіден:
".", "-" тұрады.
Сандарды құрастыратын алфавиттер көп. Мысалы: екілік, сегіздік, ондық
және оналтылық. Жүйенің негізі қанша болса, ол жүйеге сонша символ енеді.
Мысалы, екілік жүйеге тек екі символ: 0 және 1 енеді.
Адам өзінің сезім мүшелері арқылы ақпараттарды өз бейнесінде (образды)
және таңба түрінде қабылдайды.
№2 дәріс. ЕСЕПТЕУ ЖҮЙЕСІНІҢ НЕГІЗДЕРІ. САНАУ ЖҮЙЕСІ
2.1 Ақпараттарды кодтау (таңбалау)
2.2 Компьютердің арифметикалық негіздері.Санау жүйесі
2.3 Екілік сандармен орындалатын арифметикалық әрекеттер.
2.4 Компьютердің логикалық негізі логикалық пікірлердің негізгі
түсініктері
2.1 Ақпараттарды кодтау (таңбалау)
Ақпарат өзінен-өзі өмір сүрмейді. Ол іздеу, жинау, сақтау, тарату,
өңдеу және қолдану барысында белгілі болады. Ақпараттық процесстерді
зерттеумен информатика ғылымы айналысады. Ақпараттық процесстерді іске
асырушы негізгі құрал - компьютер. Компьютер ақпаратты автоматты өңдеуге
арналған аппараттық және бағдарламалық құралдар жүйесінен тұрады.
Ақпаратты автоматты өңдеу - ақпаратты адам қатысынсыз өңдеу, яғни
алдын-ала берілген бағдарлама көмегімен ақпаратты алғашқы берілген
мәліметтен бастап нәтиже алғанға дейінгі өңдеуі. Берілген мәліметтер келесі
түрде болуы мүмкін: мәтіндік, сандық, графикалық, музыкалық (дыбыстық)
немесе видеоақпараттар.
Компьютердің аппараттық құралдары еңгізу қондырғылары, компьютер
жады, процессор, шығару құрылғылары мен ақпараттық магистральдан тұрады.
Мәліметтер бағдарлама көмегімен өңделеді. Бағдарлама дегеніміз
мәліметтерді өңдеуге арналған белгілі әрекеттерді немесе қойылған есепті
шешу үшін компьютерге арналған нұсқаулар тізбегі.
Компьютер тек қана сандық түрдегі ақпараттарды ғана өңдей алады.
Басқа барлық ақпарат (мысалы, дыбыс, сурет және басқалар) компьютерде
өңделу үшін сандық түрге түрленуі тиіс.
Осы сияқты компьютерде мәтіндік ақпаратты да өңдеуге болады. Компьютерге
енгізілу барысында әр әріп белгілі бір санмен кодталады, ал сырқа шығару
қондырғыларында (экранға немесе қағазға басып шығару) адам қабылдауы үшін
осы санға сәйкес бейнелер қайта қалпына келеді. Әріптер мен сандар
арасындағы осы сәйкестік таңбаларды кодтау деп аталады.
Қандайда бір алфавитті пайдаланып ақпарат жазуды кодтау (таңбалау) деп
атайды.
Бір ғана ақпаратты әртүрлі жолда жазуға болады. Бір белгі тобынан екінші
белгі тобына көшіру жолын код деп атайды. Мысалы, мектепте оқитын оқушылар
саны - тоғыз жүз aлпыс жеті дегенді әр түрлі жүйеде кодтап, былай жазуға
болады: 96710, 1707,, ЗС76, 11110001112. Бұл жазу түрінде оқушылар саны
жөніндегі ақпарат өзгермейді, бірақ оның жазылу түрі өзгереді.
Ақпараттардың сақталу, қабылдану, берілу және өңделу жолдары
ақпараттардың жазылу (кодталу) түріне көп тәуелді болады.
Ақпараттардың кодталуы (кейде оны шифрлау деп те атайды) оның кері
кодталуына (декодталуына - декодирование) қолайлы болатындай етіліп жасалуы
қажет.
Кодталғанда қанша аз алфавит пайдаланылса, кері кодтау сонша жеңіл
болады. Практика жүзінде ақпараттарды кодтау үшін Морзе алфавиті немесе
екілік алфавит пайдаланылады.
Мысалы, баяғыда жасалған телеграф аппаратын пайдаланғанда, қосқышты
өшіріп және жағып отыру арқылы ақпарат берілген. Ақпаратты пайдаланушының
кағазында қосқышты басып тұру уақытына байланысты сызықша және нүкте
жазылып отырған. Ондай хабарларды беруге Морзе әрпі пайдаланылған.
а.- n-. 1.----
b-... o--- 2..---
c-.-. p.--. 3...--
d-.. q--.- 4 ... -
e. r.-. 5 ... .
f..-. ә... 6- ...
g--. t- 7--...
h ... u..- 8---..
i.. v...- 9----.
j.---- w.-- 0-----
k-.- x-..-
l.-.. y-.--
m-- z--..
3 cурет - Морзе коды
Екілік алфавитте 0 және 1 белгілері пайдаланылған, оларды ондық
алфавиттен ажырату үшін екілік код деп атаймыз. Ағылшын тілінде екілік
белгі, Binary digit сөзінен қысқартылып, бит деп аталған. Бұдан кейін ол
екілік белгінің бірін (0 немесе 1-ді) бит деп атайтын боламыз.
Ақпараттарды бұлайша екі белгімен белгілеу оларды сақтауға, беруге,
өңдеуге арналған кұрылғылардың конструкциясын жеңілдетеді. Екілік сандар
алфавитінің карапайымдылығы оның есептеу техникасында кең таралуына себеп
болды. 0 және 1 мәндері ЭЕМ-дерде "магниттелген-1, магниттелмеген-0",
"заряды бар-1, заряды жоқ-0", "iскe косылған-1, өшірілген-0" сияқты және
басқа да физикалық күйлермен көрсетіледі. Екілік алфавит тек физикалық
құрылғыны қарапайым етіп қоймай, орнықтылық және тиімділік қасиетке де ие.
Екілік алфавит көмегімен кез-келген алфавиттің символдары кодтар түрінде
таңбаланады, яғни бұл кез-келген тілде жазылған мәлімет екілік кодтар
түрінде бейнеленеді. Екілік алфавит өте қажет екені белгілі болды, ендеше,
символ түріндегі ақпараттарды олар арқылы қалай жазуға болады? 0 және 1
белгілері арқылы төрт символды ғана белгілеуге болады, олар: 00, 01, 10, 11
- бүл өте аз. Тек орыс тілін кодтауға арнайы белгілерден (?,! және т.б.)
өзге 33 символ қажет болады. Кез-келген мәтіндік ақпараттарды кодтау үшін
жоқ дегенде 200-ден астам таңба қажет. Сондықтан таңбаларды кодтау үшін 8
биттің комбинацияларын қолдану (нөл мен бірлерден тұратын 8 белгі)
қабылданған. 8 биттен тұратын кодты байт деп атайды.
Нөл мен бірлерден тұратын 8 бит, яғни 1 байт арқылы 256 символды кодтауға
болады: 00000000, 00000001, 00000010, ..., 11111111.
Енді бұл арқылы орыс әріптерін ғана кодтап қоймай, латын, қазақ
әріптерін де, цифрларды да, тіпті арнайы белгілерді де (графиктік,
псевдографиктік) кодтауға болады. Кодталатын символдардың тобын кодтау
кестесі деп атайды.
Ақпараттық процестің әр түрлі сатыларында ақпараттар бірнеше рет қайта
кодталады , яғни ол өзінің жазылу түрін өзгертеді.
2.2 КОМПЬЮТЕРДІҢ АРИФМЕТИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ.САНАУ ЖҮЙЕСІ
Ақпаратты кодтау барысында санау жүйесі түсінігімен кездескенбіз. Бұл
бөлімде біз, сан ұғымының, компьютердегі атқаратын кызметі маңызды
болғандықтан санау жүйесін жан-жақты карастырамыз.
Сан түсінігі - математикадағы сияқты информатикада да негізгі ұғым.
Бірақ, егер математикада сандарды өңдеу әдістеріне көп көңіл бөлінетін
болса, онда информатикада сандарды ұсыну әдістерін айналып өтуге болмайды,
өйткені тек осы арқылы ғана жадының қажетті көлемі, есептелу жылдамдығы мен
жіберетін қатесі анықталады.
Санау жүйесі туралы түсінік
Сандарды цифр деп аталатын арнайы символдардың көмегімен бейнелеу
қабылданған.
Сандардың аталу және жазылу тәсілін санау жүйесі деп атайды.
Санау жүйесі екі топқа бөлінеді: позициялық және позициялық емес.
Позициялық емес санау жүйесінде әрбір цифрдың мәні оның алатын орнына
байланысты емес. Мұндай санау жүйесінің мысалы ретінде римдік жүйені алуға
болады. Осы жүйеде жазылған XXX санында X цифры кез келген позицияда 10-ды
(онды) білдіреді.
Позициялық емес санау жүйесінде арифметикалық әрекеттерді орындау біраз
қиын болғандықтан, бүкіл дүние жүзі біртіндеп позициялық санау жүйесіне
ауысты.
Позициялық санау жүйесінде цифрдың мәні оның орнына (позициясына)
байланысты болды. Позициялық санау жүйесінің негізі деп жүйедегі
пайдаланылатын цифрлар санын айтады.
Ондық санау жүйесі
Біз сандармен жұмыс істегенде тек қана бір ондық санау жүйесін
қолдануға дағдыландық. "Ондық" деп аталуы былай түсіндіріледі: бұл жүйенің
негізінде он негізі жатыр. Бұл жүйеде санды жазу үшін он цифр қолданылады:
- 0, 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9.
Ондық жүйе позициялық болып табылады, өйткені ондық санды жазуда
цифрдың мәні оның позициясына немесе санда орналасқан орнына байланысты.
Санның цифрына бөлінетін позицияны разряд деп атайды.
Мысалы, 425 жазуы 4 жүздіктен, 2 ондықтан және 5 бірліктен тұратын сан
екенін білдіреді. 5 цифры - бірліктер разрядында, 2 - ондықтар разрядында,
4 - жүздіктер разрядында тұрады.
Егер осы цифрларды басқа ретте жазатын болсақ, мысалы, 524, онда сан 5
жүздіктен, 2 ондықтан және 4 бірліктен тұрады.
Бұл кезде 5 үлкен болады және санның үлкен цифры деп аталады, ал 4 цифры
кіші болады да, осы санның кіші цифры деп аталады. Егер 524 санын қосынды
түрінде жазатын болсақ:
5*102+2*101 +4*10°
оның цифрлары салмағының айырмашылығы айқын болады, бұл жазудағы 10 саны
санау жүйесінің негізі. Санның әрбір цифры үшін 10 негізі цифрдың орнына
байланысты дәрежеленеді және осы цифрға көбейтіледі. Бірліктер үшін
дәрежелеу негізі – нөлге, ондықтар үшін - бірге, жүздіктер үшін екіге тең
және т.с.с.
Егер ондық сан бөлшек болса, онда ол да қосынды түрінде оңай
жазылады. Әрбір цифрдың бөлшек бөлігі үшін дәреже негізі теріс және - 1-ге
тең - бұл бөлшек бөліктің үлкен цифры үшін, ал бөлшек бөліктің келесі цифры
үшін -2 тең және т.с.с.
Мысалы, 384,9506 ондық, саны мынадай қосындымен белгіленеді:
384,9506=3*102 +8*101 +4*10°+9*10-1 +5*10-2+0*10-3+6*10-4
Осылайша, ондық санның кез келген цифры - онның белгілі бір бүтін
дәрежесі, ал дәреженің мәнін сәйкес цифрдың позициясы көрсетеді.
Екілік санау жүйесі
Компьютерде, әдетте, ондық емес, позициялық екілік санау жүйесі, яғни
негізі 2 болатын санау жүйесі қолданылады.
Екілік жүйеде кез келген сан екі 0 және 1 цифрларының, көмегімен
жазылады және екілік сан деп аталады. Тек қана 0 және 1
цифрларынан тұратын екілік санды ондық саннан ажырату үшін екілік санды
жазуда екілік санау жүйесінің индексіне белгі қосылады, мысалы, 110101,1112
.
Екілік санның әрбір разрядын (цифрын) бит деп атайды. Екілік жүйенің
маңызды құндылығы - цифрларды физикалық берудің қолайлылығы (мысалы, 1
цифрына электр кернеуінің бар болуы, ал 0 цифрына электр кернеуінің жоқ
болуы сәйкес келуі мүмкін) және екілік сандармен арифметикалық және
логикалық операцияларды орындауға арналған компьютер аппаратурасының,
дәлірек ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz