Б. Клинтон әкімшілігі мен саясаты


Жоспары
Кіріспе3
Б. Клинтон әкімшілігі мен саясаты4
Президенттік биліктің екінші мерзімінде4
Жаңа халықаралық қатынастар жүйесінің қалыптасуы кезеңіндегі АҚШ әкімшілігінің саясаты7
Қорытынды12
Пайдаланылған әдебиеттер14
Кіріспе
Қазіргі әлемнің аса ірі державасы Америка Құрама Штаттарымен жан-жақты қатынастарды дамыту сыртқы саясатта басым орын алады. Біздің мемлекетіміз үшін Америкамен ынтымақтастық әлемдік қоғамдастықта халықаралық орынды нығайту және ұлттық мүдделерді ілгерілетумен тікелей байланысты.
АҚШ-тың жалпы әлемдік процестерге ықпалы сөзсіз. Бұл орасан зор әскери-саяси ресурстарға және экономикалық қуатқа иелік ететін көбінесе ғаламдық процестердің дамуына шешуші ықпал ететін, әлемде стратегиялық тұрақтылықтың жай-күйін көбінесе анықтап беретін мемлекет. АҚШ дербес күш ретінде, сондай-ақ халықаралық ұйымдар туы астында әрекет ете отырып, іс жүзінде планетаның көптеген аймақтарында жанжалдарды реттеуге белсене қатысады. Американың осы заманғы әлемдік экономикаға ықпалы оның ұлтттық экономикасының мөлшері және күш-қуатымен ғана емес, Халықаралық Валюта Қоры, Халықаралық қайта құру және даму банкі сияқты халықаралық институттар, басқа да ұжымдық қаржы және сауда-экономикалық ұйымдар американ қағидаттары мен құндылықтарына сәйкес жұмыс істеуімен де айқындалады. Американың ішкі рыногы осы заманғы елдердің көпшілігінің экспорты бағдарланған экономикалық дамуының маңызды шарты болып табылады. Аса ірі трансұлттық корпорациялардың 40 пайызының АҚШ-та штаб-пәтері бар.
Әрине КСРО мемлекетінің ыдырауы Д. Буштың президенттік ету кезеңіне дөп келгенімен бұл процеске септігін тигізген тарихи тұлғаның бірі осы Р. Рейган болатын. Сондықтан да жұмыстың өзектілігі біздер үшін айқын бола түседі.
Б. Клинтон әкімшілігі мен саясаты
Президенттік биліктің екінші мерзімінде
Сайлаудан кейін Клинтон әкімшілігінің негізгі проблемасы сайлаушыларға уәде еткен әлеуметтік бағдарламаларды жүзеге асыру мен қатар балансты бюджетіне жету болды. 2002 жылға дайындаған балалар мен мүгедектеріне медициналық көмек колледж студенттеріне субсидиялар, яғни жәрдемақы беру туралы балансты бюджет бағдарлама - жоспарына Клинтон Конгресс келісіміне қол жеткізді.
Президенттігінің екінші мерзімі басталғанда халықаралық қатынастардағы ірі жеңіске 1997 жылы мамыр айында кейбір Шығыс Европа елдерін НАТО мүшелігіне алу жөнінде шешім қабылдануына жетті.
Сенат арқылы өткізіп ҚХР-на «қалыпты сауда мен қатынастары» мәртебесін беру шешімін қабылдайды.
1999 жылы наурыз-маусым айларында АҚШ Сербияның Косово бойынша бейбіт келісімге қол қоюға бас тартқаннан кейін, НАТО күштерімен Югославиядағы әскери бомбылауларға қатысты. 1999 жылдың қазанында Клинтон сенатта ядролық қаруды тыйым салу жөніндегі келісімді ратификациялауға қол жеткізе алмады.
Ішкі жағдайды 1998 жылы Конгресске белгіленген мерзіміне дейін 3 жыл ішінде балансты бюджет бағдарламасын ұсынды. Экономикасын біршама қалпына келтіру мақсатында, кейін АҚШ сыртқы саясатта жеке басының жарқырап қатысуынан тартынып, ішкі саясатының басымдылығын өтеді. Оның бұл талпынысы Құрама Штаттарының экономикалық проблемаларында шоғырлануына бағыт алғаны, өзінің айқын көрінісін сыртқы саясатта табады, себебі оның тартылу орталығы қауіпсіздік саясатынан ашық түрде сыртқы экономикалыққа көшті.
1999 жылдың жазынан кейін Вашингтон мен Пхеньян арасындағы қатынас Солтүстік Кореяның ядролық амбицияларынан шиеленісті ел жеңілдіктерге жол берді және болашақта атом бағдарламасына уәде етті. Алайда Ирак, Иран, Ливия сияқты елдердің өздерінің еліне атом бомбасын иеленуге ұмтылғандықтан Клинтонның бұл елдерге бақылау орнату шараларын алға қоюы бірінші орынға шықты.
Осы жылдары қашқындардың көптеп ағылуын тоқтату жөніңдегі Кубамен жүргізген келіссөздер сәтті болды.
Бұл сыртқы саясаттағы табыстарға қарамастан Клинтонға талай рет жемқорлық айыбы тағылды. Президенттігінің бірінші мерзімінде-ақ прокурор Кеннет Стерр Уайт Уотер Клинтонға қарсы іс бастап, Клинтон мен Хиллариді жер жөнінде айыптады. Сонымен қатар оған көптеген федеративті заңдардың бұзылуында негізгі себепкер ретінде айып тағылды.
1998 жылдың қаңтарында Стерр президенттік билікті асыра пайдалану, әділеттік жолдарындағы кедергілер мен жалғандығы бойынша кінәләді. Тек 1999 жылы сенаттағы ұзақ жұмыстар, зерттеулер және қызу пікір-таластардың нәтижесінде Клинтоннан барлық айыптар алынды.
Жалпы көптеген ғалымдардың, саясаттанушылардың айтуы бойынша адам құқықтарын елде және шетелде қамтамасыз ете алу бұл Клинтон әкімшілігінің орталық саяси мақсаты деп атап көрсетеді. Клинтон призидентінің билігі демократия мен адам құқықтарының бүкіл әлемде бекуіне әсер етті дейді.
Клинтон әкімшілігі адам құқықтары келісімдердің қатаң түрде орындалмауын бақылауды күшейту мақсатында әкімшілік бұйрығын шығарды, зорлық-зомбылық құрбандарына, көмек көрсету туралы заңға қол қойды. Осыған сәйкес мемлекеттердің БҰҰ фондына осындай көмек көрсету үшін жыл сайынғы жарна көлемін көтерді. Адам құқықтарын қорғау жөнінде іс жүргізу барысында, АҚШ көптеген мемлекеттердің саясатына араласып кетті. Мәселен, Қазақстанда азаматтық және саяси құқықты жөніндегі бірқатар халықаралық факттердің қол қоюына зор ықпал етті. Яғни, өзіне қарсы шыға алатын державаларды өз бағыты мен ағысы бойында жүргізгісі келді. Куба, Ресей, Судан, Ирак, Иран және Югославияның бұрынғы елдерін адам құқықтарына байланысты жағдайды жақсартуға шақырған БҰҰ жанындағы комиссияға басқа елдермен қоса адам құқықтары бойынша резолюциялар енгізді. Сонымен қатар басқа елдердегі болып жатқан дау-жанжалдарға араласпай қоймады. Босниядағы соғысты тоқтату үшін жасалған Оситон келісіміне басшылық етті. Осы уақытта көптеген мемлекеттерде билікке талас, өзара тартыс, азамат соғыстарда болып жатқан еді. Бұл мәселелерді шешу үшін АҚШ өз үлесін қосты. Косовада этникалық тазалауды тоқтату үшін белсенді еңбек етті. Клинтон және оның әкімшілігі демократиялық партияның өкілдері болғандықтан, ол барлық жерде демократия орнатуға тырысты. Осыған орай орай олар Слободан Милошевич режимін биліктен тайдыруға серб демократиялық қозғалысына көмектесті. Индонезияның демократиясы құрылымын қолдап отырды, сондай-ақ Шығыс Тимордың тәуелсіз болу жолындағы тарихи қадамдарына әсер етті. Барлығы әділетті және тең болу керек деді Клинтон. Сондықтан екі американдық құрлықтарда сайлаулардың еркін және шынайы өтуін қамтамасыз етті. АҚШ қолдауымен және олардың үгіт-насихаты арқасында бұл құрлықтарда Кубадан басқа барлық елдер демократиялық жолды таңдап алды. Қазірдің өзінде АҚШ демократиялық қоғам, мемлекет құруға көмектесіп авторитарлы режимге қатты қысым жасауда. Демократиялық мемлекеттердің әлемдік ұйымы «демократия әрекеттестігінің» құрылтайшысы болып табылады. Бұрынғы Югославия мен Руанда елдеріндегі нәсілшілдік сакясатты жүргізген билік басындағыларды соттау үшін халықаралық трибуналдың құрылуына Клинтон әкімшілігі жетекшілік жасап және олардың қызметіне өз үлесін қосуда. Мұнда әскери қылмыс пен байланысты мәселелерімен айналысатын бірінші арнайы өкілді тағайындады. Геноцид немесе басқа да бұқаралық қаталдыққа потенциалды түрде алып келетін әр түрлі жағдайлар туралы саясаткерлерге алдын-ала хабар етуге және барлаушы ресурстардың жұмылдыруына мүмкіндік беретін арнайы органдарды құрды. Ауыр жағдайларда өндірілген тауарлардың импортын болдырмау үшін әр түрлі этникалық кодекстер жасалды. Сондай-ақ бір қатар дамушы елдерде бүгінгі күнге дейін балалар күші қолданылуда, бұл әрекеттерге шек қою жағынан күресті. Күрес барысында балалар еңбегін жою жөніндегі Халықаралық еңбек ұйымы дайындаған халықаралық бағдарламаның іске асырылуына жыл сайын 30 млн. доллар қаражатын шығарған болатын.
Дін бостандығы Клинтон саясатының айнымас бір бөлігі болды. Алғашқы рет еркін діни наным жөнінде консультативті комитет тағайындалды.
Халықаралық еркін діни нанымы туралы заңға қол қойды. Дін бостандығы туралы баяндамасының дайындық әр елде, Ауғанстан, Бирма, Қытай, Иран, Ирак, Судан, Сербия, қоса дін бостандығы туралы баяндамалар оқыды. Аталмыш елдердің қоса алу себебі бүл мемлекеттерде белгілі бір дінге жан-тәнімен сенушілікке ұмтылған құбылыстар, дін бостандығын бұзған жағдайлар байқалды.
Әртүрлі мемлекеттік ағылған босқындарға көмектесті. Оларға баспаналарды ұсыну үрдісінің заңды түрде орындалуын қамтамасыз ететін соттық келісімді реформаларды шешуде арнайы жеңілдіктер әйелдер мен балаларға берілді. Бұл босқындардың ішінде көбісі иммигранттар болды. АҚШ енді иммиграциялау шаралары жөнінде заң қабылдады. Иммиграция заңды және қолдау көрсетуі тиіс құбылыс ретінде қарады. Никарагуа мен Орталық Америкаға көмектесу туралы заң 1998 жылы қабылданды. Ал одан кейін 1998 жылы Гайти босқындарының иммиграциясы атты заң қабылданды. Яғни Клинтон және оның әкімшілігінің басты мәселелерінің бірі халықаралық туризм жағдайын жақсарту. Әлеуметтік қамсыздану мен қорғауды жүзеге асырды. 1997 жылы әйелдерге күш қолдануға қарсы күрес туралы заң қабылданды. Азамат құқығын қамтамасыз ету қызметін қаржыландыруды 47 млн. долларға көбейту арқылы, барлық американдықтардың құқықтарын қорғауға ұмтылды. Американ халқын қорғау барысында, осы халықтық құндылықтарына көңіл бөлді. Жергілікті шіркеулерді өртеу жайттары кең жайылғаннан кейін, 1995 жылы бұған күрес жүргізу үшін арнайы ұлттық топ құрылды. Олардың қызметі бұл қылмыстарға тергеу жүргізу, айыптарды сот жауапкершілігіне тарту және әділеттілік орнатуды қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды жүзеге асырды. 1997 жылы және 1998 жылы осы иммигранттардың тамақпен қамтамасыз етілуі мен емденуіне, мүгедектерге жәрдемақылары беруді енгізді. Бұның барлығы адам құқықтарын қорғау жүргізген әкімшіліктің қызметі болып табылады. Адам құқығын қорғау мен демократияны орнату Клинтон және оның әкімшілігінің негізгі принципі, өзекті мәселесі болды. Клинтон өзі орта әлеуметтік топтан шығып, бұл өмірдің бар қиыншылықтарын көргендіктен қарапайым халықтың жағдайын жақсартуға бар күшін жұмсады.
Клинтон және оның әкімшілігі БҰҰ-ның қауіпсіздік кеңесінің мүшелігіне «супердержавалар» Германия мен Японияны қосуға мүдделі болды. Себебі бүл екі елдің АҚШ-қа әлемдегі аймақтық жауапкершілік пен тұрақгылықты бақылауға көмегі болатынына сенді. Яғни, АҚШ-ты «әлемдегі жандарм» ролінен босату көзделді. Бұған дәлел Босния-Герцоговинадағы жанжалдарда Американың ұстанымдылығы болды.
Халықаралық жағдай 1994 жылы шиеленіске түседі. Гаити, Босния-Герцоговина, Израиль-Палестина, Сомалидегі жағдайлар АҚШ-ты аландатты.
Гаитидегі жағдай 1994 жылы шиеленісінде Клинтон БҰҰ келісімімен осы елге демократиялық басшылық орнату үшін басып кіргеннен кейін өзгерді. Бұл мәселені шешуде Клинтонға тәжіриебелі Джимми Картер көмектесті. Оның АҚШ табысындағы бір үлесі осы Гаитиде генерал Роуль Седрас режимін тайдырып, оның орнын президент Жан Бертран Аристидті қалыптастырды. Қыркүйек айының ортасында Вестенция Республикасына енуге АҚШ әскері дайын тұрды, бірақ әскери жанжалды болдырмай мәселені бейбіт түрде Картер, Штаб бастықтарының біріккен комитетінің төрағасы болған Колин Пауэлл мен сенатор Сэм Нанн шешті.
Клинтон басшылығымен АҚШ Босниядағы жанжалдардың аяқталуына әсер еткен бейбіт келіссөздерінде елеулі табыстарға жетті.
1994 жылы Клинтон сыртқы саяси жағдайға көңіл аударуға мәжбүр болды. Себебі қазан айында басшысы Саддам Хусейн Кувейт шекараларына 50 мыңдық әскери топқа өзінің бетке ұстарлы республикалық гвардияның құрамасын жіберді, ол АҚШ Парсы шығанағына мыңдаған әскер мен жүздеген ұшақ жіберіп, Иракты Кувейт шекарсынан өздерінің әскерлерін әкетуге мәжбүр қылды. Бұған қоса Американдық барлаушылар Солтүстік Корея өзінің ядролық бағдарламасын күшейтіп жатқанын және бұл ол өз арсеналында мүмкін кем дегенде бір атом бомбасы бар екенін байқады. Алғашқы дипломаттық әрекеттер мен экономикалық санкция шаралары еш нәтиже бермегендікген Корей порты түбегінде әскери жанжалының өршу қауіпі тұрды. Бұл қауіп 1994 жылдың шілдесінде бұрын президент болған Дж. Картер сол Кореяға сапарынан кейін жойылды.
Жаңа халықаралық қатынастар жүйесінің қалыптасуы кезеңіндегі АҚШ әкімшілігінің саясаты
Буш Клинтонға өте ауыр мұра қалдырған болатын. Бұл үлкен мемлекеттік қарыздар, дағдарыс қаупі төнген экономикалық құлдырау, әлеуметтік жағдайының нашарлауы, жұмыссыздықтың өсуі.
Клинтон әкімшілігі сыртқы және ішкі саясатта көптеген назар аударарлық табыстарға жетті. Жалпы ішкі өнімінің қарқынды өсу темпі арқылы американдық тарихына бұрын кездеспеген ұзақ, 7 жылға созылған экономикалық гүлдену процесіне қол жеткізді. Клинтон президенттігі кезінде жалпы ішкі өнім өсімі 3%-тен асты, ал бұл көрсеткіш басқа дамыған елдерден аса жоғары болды. Инфляция деңгейі жылына 2%-ке дейін төмендеп отырды. Клинтон өзі 1994 жылдың желтоқсанында жарияланғандай АҚШ үлесіне жалпы тұрғындардың 4% келеді, ал әлемдік табыстың 22%. Бұл американдықтарға әлемдегі ең жоғарғы өмір сүру деңгейінің бірін қамтамасыз етеді. Жапониядағы өмір сүру деңгейінен 27%-ке, ал Германиядағы деңгейінен 41%-ке жоғары болып табылады. АҚШ-ғы кедейшілік өте төменгі деңгейге дейін қысқарды, жұмыссыздық көрсеткіші төмендеді: 1992 жылы 7, 5 болса, 1998 жылы 4, 5%-ін құрады. Бұл дамыған елдердің көрсеткіштерін түгел алғандағы көрсеткіштен 1, 5 есе кем. Клинтон әрқашанда жұмыссыздықты болдырмаумен немесе оны қысқарту мақсатында түрлі саладағы компаниялар ашып, халықты жұмыспен қамтамасыз етуге ұмтылды. Мәселен, барлығын бірге алғанда 7 жыл бойы АҚШ-та 20 млн астам жаңа жұмыс орындары пайда болды, олардың 3/1 - бөлігі ақпарат секторында орын алған еді.
Америкадағы осындай экономикалық өсу темпінің Клинтон кезінде ерекше дамуының бір себебі осы кезде әлемде өте тез қарқынмен ақпарат технологияларының жаңалықтары қанат жайған болатын. Интернет қолданушылардың 50% астамы АҚШ-та тұрады. өйткені Интернет оларға тек қарым-қатынастар құралы болып қоймай, сауда-саттықтың да негізгі көзіне айналды. Бұған дәлел ретінде мына мәліметтерді келтіруге болады: 1998 жылы Интернет бойынша жүргізілген сауда көлемі АҚШ-та 50 млрд. долларға жетті, ал келесі он жылдықта 30 есе ұлғаяды деп жоспарланған болатын.
42 жыл бойы ешбір президенттің қолынан келмеген федералды бюджет тапшылығын жою шараларын Клинтон бірінші болып 1997 жылы жүзеге асырды. 10 жылдық тапшылықты жалпы ішкі өкімнің 3% құрғанда, бұл проблема шешілмейтін болып көрінді. Алайда жоғарғы және тұрақты экономикалық қарқындары Клинтонға негізгі әлеуметтік бағдарламаларды сақтай отырып, жалпы ішкі өнімдегі федералды бюджет үлесін 20%-ке дейін қысқартуға мүмкіндік берді. 1998 жылғы кірістің шығыстан асуының жалпы ішкі өнімінің 1, 3%-ін құрады, ал 2000 жылғы бағалау бойынша 2%-ке дейін өсті. Мұндай табыспен ешбір әлемдік державалардың біреуі мақтана алмайды. Нәтижесінде келесі ұрпаққа қаупі төндірген мемлекеттік қарыз мәселесі шешілді. Егер 1993 жылғы жалпы ішкі өнім қарызы 68%-ін құраса, 1999 жылы ол 57%-ке қысқарды, ал 2000 жылы 35%-ке қысқарды деп қазіргі Америка жоспарлап отыр.
Экономика саласынан басқа Клинтон әкімшілігінің тағы бір жетістігі, ол АҚШ-тың әскери беделінің абсолютті болуын қамтамасыз ете отырып, әлемдегі ең қуатты әскери машинасын нығайты, сақтады. Бірақ Пентагонның (тұрақты бағалар жағдайында) әскери күштерімен бюджетінің құрамы 3 есе қысқарған, ал Европа, Тынық мұхиттағы, Парсы шығанағындағы американдық солдаттардың алдыңғы қатарлы базаларын қоса алғанда әскери инфрақұрылымның қалыпты жағдайын сақтап қалды.
Американдық әскери шығындары елдің жалпы ішкі өкімінің 3%-ін қамтиды, ал орташа әлемдік көрсеткіш 2%-ке қысқарды. Қорғанысқа жұмсаған қаржы көлемінің нәтижесінде АҚШ Жапония, Қытай, Германия, Франция, Англия мен Ресей мемлекеттерін қоса алғандағы шығындарынан асып түседі. Бұл шамалы антикалық Рим кезінен әлемде осылай бір державаның басқалардан тым қатты ерекшеленуі болған жоқ. АҚШ үлесіне әлемдік әскери шығындарының 35% және НИОКР қорғанысының 75% тиеді. Бұл Вашингтонға еш қарсыластарсыз жаңа қарулану жарысына түсуге жол ашты. Сонымен қатар, АҚШ әскери мәселеде революцияға көңіл аударды. Клинтон революция қарулану күштерінің және бүкіл әскери құрылыстық жабдықталуы сапалы түрде өзгеру үшін соңғы жаңа ақпарат, технологияларына негізделуі тиіс деп атап өтті. Ақпараттарды жинау және оны өңдеу жаңа технологиялары жер шарының кез келген нүктесінде, кез келген мақсатқа жетуді қамтамасыз ету керек және бұл технологиялар арқылы кез келген соғыста шешуші мезетте басты рольге айнала алады деп көзделеді. Сондай-ақ Пентагон кез келген қарсыластың АҚШ-пен дауға түскен жағдайларында «шабуылдан және шабуылға еркіндікті» қамтамасыз ету мәселесін алға қойды. Осыған байланысты қарсылас өзінің жаппай жою қаруын қолданған жағдайда АҚШ территориясында, сондай-ақ шетелде де американдық әскерлерінің қорғанысын қамтамасыз ету үшін тактикалық және ұлттық программаны дамыту жоспарларына көп көңіл аударды. Ал келесі онжылдықта американдық әскерді толығымен соңғы қаруларының жүйелерімен қайта жабдықтау жұмыстарын жоспарлады. Бұл әскери бюджеттің сатып алу бөлімінің 2 реттен кем емес ұлғаюын талап етеді. Алайда Вашингтон Федералды бюджетінің өте үлкен көлемі, сондай-ақ табыстың шығыстан артық болуы осы мәселенің шешілуі мен жүзеге асуына мүмкіндік береді. 1999 жылдың өзінде АҚШ-тың әскери шығындарының бірінші рет елеулі дәрежеде өсуі кездейсоқ емес. Сонымен қатар, АҚШ-тың жалғыз супердержава роліне талабы олардың алып экономикалық және әскери күштілігімен ғана емес, сонымен қатар әскери саяси одақтар жүйесімен (бұларды қырғи-қабақ соғысының аяқталуына қарамастан Клинтон әкімшілігі сақтап, нығайта білді) қамтамасыз етіледі. Ортақ жау - Кеңес Одағының ыдырауынан кейін АҚШ-тың Оңтүстік Қореямен, Жапониямен, т. б. бірқатар елдерімен жасасқан екі жақты келісімдерінің НАТО қызметінің мақсаттары мен формалары жөнінде сұрақтар туындатты. Индустриалды дамыған державалардың халықаралық аренадағы тәртібін американдық бақылаудан шығармай, батыс қоғамының әскери және сыртқы саясатын үйлестіру механизмін модернизациялауын қамтамасыз ете отырып Клинтон дағдарысқа төтеп бере алды.
Өте маңызды әскери-саяси бірлестік - НАТО - АҚШ бастамасымен ұжымдық қорғаныс функцияларына жаңа міндеттер қосты. Іс жүзінде Солтүстік Атлант одағы өзіне Европадағы ұжымдық қауіпсіздік функцияларын жүктеді, Европа Кеңесінің Қауіпсіздік ұйымын екінші орынға ығыстырып жіберді. Сонымен қатар, 1999 жылдың сәуірінде болған Вашингтон саммитінде НАТО-ның стратегиялық концепциясы батыс мемлекеттерінің «ортақ мүдделерінің» қамтамасыз етілуін басшылыққа қойды. Бұл концепция 1999 жылдың наурыз-маусымында болған Югославияға қарсы соғыста қолданылды, өткенде орын алған бұл жағдай Солтүстік Атлант бірлестігімен 1999 ж (НАТО-ны құру) Вашингтон келісімі мен БҰҰ жарғысын қоса алғанда, халықаралық құқыққа қайшы келетін мақсаттарға әскери күштерді қолданылды. БҰҰ-ның қауіпсіздік кеңесін және Европа Кеңесінің қауіпсіздік ұйымын құрастырып, НАТО агрессияға қарсы, өзін-өзі қорғау мүддесінде емес, әлемдік полицейлік қызметінде әрекет етуге тырысты. Мәселен, 2000 жылы НАТО тұрақты негіздегі Балкандағы-Босния, Косова, Албания, Македонияда 100 мыңдық топтарымен енді. Бір уақытта НАТО блогының көлемі кеңейді, оның құрамына Польша, Чехия, Венгрия елдері қосылды. Бірлестіктің әлеуетті мүшелерінің тізіміне тағы шығыс европалық мемлекеттерінің оны кірді. 25 мемлекет «Бейбітшілік үшін әріптестік» бағдарламасына қатысады, ал 50 мемлекет Европа-Атлантикалық әріптестік кеңесіне кіреді, мұның барлығын НАТО бақылап отырады. АҚЩ-тың Жапония, Оңтүстік Кореямен одақтастығында жаңа функциялар пайда болды. Бұл функциялар КХДР-на қарсы тұрумен қатар, Қытайдың латентті ұстануын қамтамасыз етті. АҚШ әскери саласындағы негізгі жүкті өзіне алса, Германия, Оңтүстік Корея, Жапония елдеріне оны қолдау және қаржыландыру міндетін жүктелді. АҚШ және оның одақтастарының үлесіне әлемдік әскери шығындарының 60% тиеді. Яғни Клинтон әскери салада да өз үстемділігін орната отырып, Батыс пен Шығысты НАТО-ға тартып, дау-жанжалдарды болдырмай немесе оны шешуге тырысты.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz